АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Шиллер-Писарев сынамасы

Прочитайте:
  1. ТБ туберкулинді Манту сынамасы

Тіндердің витальды боялуы көмегімен қабынудың дәрежесі мен шекараларын анықтау үшін арналған. Қабыну кезінде тіндерде гликоген жиналады, оның артығын йодпен сапалы реакциямен анықтауға болады: йод құрамды препаратпен (жиі бұл Шиллер-Писарев ерітіндісі) аппликациядан бірнеше секундтан кейін қабынған қызылиектің тіндері өзінің түсін гликогеннің мөлшеріне, яғни қабынудың ауырлығына байланысты ақшыл-қоңырдан қара-қоңырға дейін өзгертеді. Сынама теріс (ақшыл-сары боялу), әлсіз оң (ақшыл-қоңыр боялу) немесе оң (қара-қоңыр боялу) ретінде бағалануы мүмкін.

Бұл сынама 6 жастан төмен балаларда периодонттың патологиясын анықтау үшін қолданылмайды, өйткені оларда сау қызылиегінде көп мөлшерде гликоген болады.

 

GI қызылиектік индексі (Лое, Силнес, 1963 ж.)

Индекс қызылиек қабынуының клиникалық белгілері бойынша – алты тіс аймағында: 16, 21, 24, 36, 41, 44 жарақаттық емес зондпен тиген кезде қанағыштық, гиперемия, ісінуі бойынша периодонт жағдайын бағалауды ұйғарады болжайды жорамалдайды. Әрбір тістің жанында қызылиектің төрт бөліктерінің жағдайын зерттейді: вестибулярлы жағынан медиальды және дистальды емізікше, вестибулярлы және тілдік жағынан қызылиектің жиегі. Қызылиектің әрбір бөлігінің жағдайы келесідей бағаланады:

0 – қабыну белгілері жоқ қызылиек;

1 – түсінің сәл өзгеруі, аздап ісінуі, зерттеу кезінде қанағыштық жоқ (жеңіл қабыну);

2 – қызару, ісіну, зерттеу кезінде қанағыштық (біркелкі қабыну);

3 – айқын гиперемия, ісіну, әктену, өздігінен қанағыштыққа тенденция (ауыр қабыну).

Бір тістің периодонты үшін GI қызылиектің әрбір бөлігінің жағдайы туралы мәліметтер бойынша есептелген орташа мөлшер ретінде:

 

Тістердің барлық мәндерін қосып және зерттелген тістердің санына бөлсек, онда тексерілген индивидуумның мәнін аламыз:

 

Интерпретация:

0,1-1,0 – жеңіл гингивит;

1,1-2,0 – орташа ауырлықтағы гингивит;

2,1 – 3,0 – ауыр гингивит.

 


Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 1922 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)