АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тіс жегісіне резистенттілік 4 страница

Прочитайте:
  1. DRAGON AGE: THE CALLING 1 страница
  2. DRAGON AGE: THE CALLING 10 страница
  3. DRAGON AGE: THE CALLING 11 страница
  4. DRAGON AGE: THE CALLING 12 страница
  5. DRAGON AGE: THE CALLING 13 страница
  6. DRAGON AGE: THE CALLING 14 страница
  7. DRAGON AGE: THE CALLING 15 страница
  8. DRAGON AGE: THE CALLING 16 страница
  9. DRAGON AGE: THE CALLING 17 страница
  10. DRAGON AGE: THE CALLING 18 страница

Тіс эмалінің тіс жегісіне тұрақтылығын анықтау әдістерін зерттеу барысында тесттер бағасына дұрыс бағдарлау қажет:

· тіс жегісіне тұрақтылықтың төмендеуі ТЭР, ТЭРИ сандық мағынасының жоғарылауын дәлелдейді;

· CRT-дағы түсті реакция уақытының көбеюі, тіс жегімне тұрақтылық жоғарлауы туралы дәлелдейді;

· рефлектометрия кезіндегі диффузды компоненттің көбеюі тіс жегісіне тұрақтылықтың төмендеуі туралы ақпарат береді.

Параклиникалық зерттеулерді талдау мен жоспарлау кезінде жақында жарып шыққан тістің кез келген жағдайда жетілген тіске қарағанда тіс жегісіне тұрақтылық көрсеткіші нашар болатынын есепке алу қажет.

Таблица 5.22

Тіс эмалінің тіс жегісіне тұрақтылығын зерттеу әдістері

 

CRT(colour reaction time) - түсті реакция уақыты (Уолтер, 1958; Мэйволд, Джейжер, 1978)  
Логикалық негіздеме Мақсаты: қышқылда эмальдың еру жылдамдығын зерттеу. Тәсілі: қышқылдың стандартты мөлшерін эмаль апатиттерінен белсенді шығатын, осы қышқылмен еритін иондармен бейтараптау үшін қажет уақытты зерттейді. Қышқыл ортадан бейтарап ортаға өтуін қышқылды-негізгі индикатор көмегімен анықтайды.
Материал мен құралдар 1Н тұз қышқылы ерітіндісі. Микропипетка 30 секундта 0,02% кристалл-виалет сулы ерітіндісіне сіңірілген диаметрі 3мм сүзілген қағазды диск, ол қышқылды рН-та сары түске, бейтарап ортада күлгін түске боялады. Секундомер
Әдістеме 12 тісті сілекейден ажыратады, тіс қағынан щеткамен тазартады және құрғатады. Тістің вестибулярлы беткейіне қағаз дискті орнатады, оған микропипетканың көмегімен 1,5 мкл 1Н НCl ерітіндісін тамызады (тест нәтижесінен кейін реминализациялық заттарды жағады!)
Нәтижені тіркеу Дисктің сары түстен күлгін түске өзгеру уақытын белгілейді
Нәтижені интерпретациялау CRT>60 сек - еруі төмен, тіс жегісі тұрақтылығы жоғары; CRT<60 сек - еруі жоғары, тіс жегісі тұрақтылығы төмен
ТЭР (эмальды тұрақтылықтың тесті) (Окушко В.Р., 1984)
Логикалық негіздеме Мақсаты: қышқыл әсерінен эмальдың беткей қабаттарының бұзылу дәрежесін анықтау Тәсілі: бояғыш көмегімен стандартты жағдайда стандартты қышқылдың стандартты ерітіндісін қолдану нәтижесінде алынған эмаль ақауын визуальды бағалау.
Материал мен құралдар 1Н тұз қышқыл ерітіндісі Микропипетка немесе шыны таяқша 1% метилен көгі ерітіндісі 10 баллдық көк түсінің шкаласы (1:2-100-ден 0,18% дейін стандартты немесе негізгі ерітіндіні араластыру нәтижесінде алынады)
Әдістеме 12 тісті сілекейден ажыратады, тіс қағын щеткамен тазалайды және құрғатады. Тістің вестибулярлы беткейіне 1,5-2 мм қышқылды тамызады. 5 секундтан кейін бір қозғалыспен құрғақ тампонмен сүртеді. Бұзылған және сау эмальға 5 секундтқа бояғыш тамызады. Содан кейін сау эмальды құрғақ тампонмен өзінің бірінші түсіне жеткенге дейін сүртеді.
Нәтижені тіркеу Эмальдың қышқылмен өңделген бөлігінің боялу қарқындылығын шкаламен салыстырады
Нәтижені интерпретациялау Бозғылт түс 1-3 балл (0,18-0,75%) – тіс жегісі тұрақтылығы жоғары; 4-5 балл (1,5-3,1%) – тіс жегісі тұрақтылығы біркелкі; 6-7 балл (6,2-12,5%)- тіс жегісі тұрақтылығы төмен; 8 балл және одан жоғары (25-100%) – тіс жегісі тұрақтылығы өте төмен
Лазерлік рефлектометрия (Грисимов В.П., 1991)
Логикалық негіздеме Мақсаты: эмаль беткейі кристалл торының тығыздығын анықтау. Тәсіл тұрақты және тұрақсыз эмальдың оптикалық қасиеттерінде айырмашылықтарына негізделген: жақсы минерализацияланған, тығыз эмаль борпылдақ тіс жегісіне тұрақсыз эмальға қарағанда күн сәулесін жақсы жарқыратады, аз сіңіреді
Материал мен құралдар Гелий-неондық лазер ЛГН-105 0,63 мкм толқын ұзындығымен. Эмальдың жарқыратқан сәуле түсіретін фотоаппарат. Жарқыраған күн сәулесінің сипаттамаларын өлшегіш
Әдістеме Тісті тазартады, құрғатады, лазер сәулесін тіске бағыттайды. Эмальмен жарқыраған сәулені суретке түсіреді.
Нәтижені тіркеу Жарқыраған сәуленің бейнесін стандартты шкаламен салыстырады, қайтарылмаған сәуленің бөлігін есептейді.
Нәтижені интерпретациялау Диффуздық компоненті 0,24-тен төмен – эмаль тіс жегісіне тұрақты, 0,30-дан жоғары болса – тіс жегісіне тұрақсыз
Электрометрия(Иванова Г.Г., 1984, Жорова И.А., 1989)
Логикалық негіздеме Мақсаты: тіс эмалі кристалл торының тығыздығын анықтау. Тәсіл тығыз кристаллды құрылымы бар жетілген сау эмаль тұрақты ток үшін диэлектрик болып табылатындығына негізделген. Эмаль құрылымы борпылдақ болған сайын тоқ өткізгіштігі жоғарылай түседі.
Материал мен құралдар Белсенді және пассивті электроды бар 0,11х106 А, бөле алатын гальванометр ауыз қуысы кіреберісінде орналасады. Электродтарда 3 вольт ток болады. Эмаль және белсенді электрод арасында электр өткізгішті кантактты қамтамасыз ететін 10% NaCl электролит ерітіндісі
Әдістеме Зерттелетін беткейді тазартады, кептіреді, сілекейден ажыратады. Белсенді электрод капиллярын электролитпен толтырады.
Нәтижені тіркеу Гальванометр көмегімен тұрақты токтың күшін және эмальға өтуін анықтайды.
Нәтижені интерпретациялау Эмальдың электр өткізгіштігі 3-5мА дейін және одан жоғары болуы оның аяқталмаған минерализациясын, сәйкес төмен тіс жегісіне тұрақтылықты немесе эмальдың жегіленген деминерализациясын дәлелдейді
Эмальдың күлінде калций мен фосфордың санын анықтау
Логикалық негіздеме Мақсаты: эмальдың құрамында Са мен Р-дың сандық құрамын in vitro эмальдың химиялық сандық талдауы әдістерімен анықтау
Материал мен құралдар Муфельді пеш. Сандық талдау үшін реактивтер жиынтығы. Лабораториялық ыдыс
Әдістеме Эмальды пештің ішінде t=5000 қыздырады. Алынған 10 мг күлді 0,5мл концентрацияланған HCL ерітіндісіне араластырады, химиялық талдау үшін дистиллденген су құяды
Нәтижені тіркеу Нәтижені комплексонометриялық, фотоколориметриялық, спектрофотометриялық әдіс арқылы сандық анализді алады
Нәтижені интерпретациялау Нәтиже салыстыру аспектісінде ақпаратты
Эмаль биопсиясы(эмальдың өмірлік еруін анықтау); (Леонтьев В.К., Дистель В.А., 1974)
Логикалық негіздеме Мақсаты: эмальдың (Ca, P) минералды құрамының сандық талдауы, соның ішінде қышқылмен реакцияға түсетін апатиттердің бөлігі. Тәсіл негізделеді: тіс жегісіне тұрақсыз эмальға қарағанда кальцийге қаныққан эмаль бұл элементтің ионын қышқыл бейтараптауына көп мөлшерде бөледі.
Материал мен құралдар Қышқыл тұзды буферлі ерітіндіні (97мл 1H және 50мл KCl) араластырады және 200 мл дистелденген сумен толтырады, қоймалжың болу үшін 1:1 глицерин қосады. Буферлі ерітіндіні аппликациялау және эмальдың қышқылды биоаптат аспирациялау үшін микрошприц.
Әдістеме Тісті сілекейден ажырату, тазарту, құрғату. Тіс беткейіне 1мкл буферлі ерітіндісін тамызады. 1 мин өткеннен кейін барлығын микрошприцпен жинайды. Бұл биоптатты 1мл дистелденген сумен пробиркаға ауыстырады. Химиялық талдау алу үшін.
Нәтижені тіркеу Нәтижені комплексонометриялық, фотоколориметриялық, спектрофотометриялық әдіс арқылы сандық талдауды алады.
Нәтижені интерпритациялау Бұл әдіс эмаль қалпын анықтауға көмектеседі. Сондықтан минерализациялау алдын-алуы үшін кариесогенді факторының дамуында қауіп төніп тұрған адамдар арасында жүргізеді.
Спектрометрия
Логикалық негіздеме Мақсаты: спектральды талдау көмегімен жұлынған тістер эмалінің минералды құрамын нақты сандық анықтау
Материал мен құралдар Эмаль үлгісін дайындау үшін алмазды диск. 10% формалин. Спектрометрі бар сканерлік электронды микроскоп, құрамында көмірсуы бар желім
Әдістеме Жұлынған тістерді дистиллденген сумен шаяды, формалинге бекітеді, вестибуло-оральды бағытта кеседі, майсыздандырады, жұмыс үстеліне ток өткізгіш желіммен жабыстырады, вакуумды постқа ауыстырады. Бұл жерде үлгілерге көмірлі пленканы себеді, ток өткізгіш қабатты алу үшін себеді.
Нәтижені тіркеу Эмальда кальцийдің, фосфордың, темірдің, көмірсудың, натрийдің, кремнийдің, хлордың, хромның, фтордың, магнийдің, алюминийдің, мырыштың, титанның сандық құрамын зерттейді
Нәтижені интерпритациялау Нәтижелер салыстыру аспектісінде ақпаратты

5.4.5. Тіс жегісіне тұрақтылықты ұстап тұру және қалыптастыру үшін жергілікті алдын-алу заттарын қолдану

 

Макро- және микроэлементтер көмегімен тіс жарып шыққаннан кейін эмальдің минеральды құрылымдарына әсер ету мүмкіншіліктері

Жергілікті қолдану кезінде тістің минерализациясына әсер ететін заттары шартты түрде бірнеше топтарға бөлінеді:

1) апатиттерге енгізілген және олардың жетілуі мен реминерализациясын қамтамасыз ететін макроэлементтер (кальций, фосфор);

2) қышқылға төзімді түрлерді түзумен апатиттерге изоморфты кіруге қабілетті макро - және микроэлементтер (фтор гидроксильді топты, стронцийді, темірді, қалайы - кальцийді, ванадий - фосфат - ионды ауыстырады);

3) де - және реминерализация реакцияларының кинетикасына әсер ететін заттар (фторид апатиттің минерализациясын 3-5 есе жылдамдатады, молибден мен алюминий қышқылдардың әсері кезінде кальцийдің апатиттен шығуын төмендетеді, фторидтің апатитке қосылуын ынталандырады);

4) кристалл қырларын бекітетін және оны еруден қорғайтын минерализаторлар (фторид, гидроксил-ион, азот- және көміртегі құрамды катиондар).

Қазіргі кезде тіс жегісін жергілікті минерализациялық алдын-алу заттарының құрамына фтордың, кальцийдің және фосфордың қосылыстары кіреді.

 

Фторидтердің тіс тіндерімен жергілікті өзара әсерінің механизмдері

Тістің эмалін сақтау үшін фторидтерді жергілікті қолдану тәжірибесі мен теориялық алғышарттары туралы бірінші хабарлау 1930-1940 жылдарға жатады және Макклюр, Уолкер, Бибби, И.Г. Лукомский аттарымен байланысты. Қазіргі кезде фторидтердің оральды препараттарының кең қолданысы бар және барлық жерлерді қолдануға ұсынылған.

Фторидтің эмальдың сапасына жергілікті әсерінің механизмдері әлі күнге дейін мұқият зерттеу заты болып табылады. Қазіргі кезде кеңінен таралған концепцияға сәйкес фтордың иондары апатитті қоршаған ортада бола отырып (ауыз сұйықтығында, тіс қағының сұйық және тығыз сатысында, пелликулада, кристалларалық сұйықтықта, апатит кристаллдарының гидратты қабығында және ақырында олардың беткейлерінде) тіс тіндерінің жағдайына келесі әсер көрсетеді:

1) қышқыл ортада апатиттің еру кинетикасын өзгертеді: еруіне қарсы тұрады және апатитпен арнайы химиялық байланысқы түспей, преципитацияға жағдай жасайды;

2) олардың бұзылуынан кейін қышқылға төзімді карбонат- және гидроксиапатиттерді ауыстыратын гидроксифторапатиттер мен фторапатиттерді құруға қатысады.

Фторид сілекей муциндеріне (ауыз сұйықтығының тұтқырлығы төмендейді, МПС жоғарылайды), тіс жұғындыларының қалыптасуына және олардың қышқыл түзу белсенділігіне әсерімен байланысты, басқа тіс жегісіне қарсы қасиеттерге ие, дегенмен фторидтің маңызды әсері оның апатиттің тағдырына қатысуын санайды.

Эмальдың табиғи минерализациясы және реминерализациясы (жалаңаштанған түбірдің цементі мен дентин сияқты) тіндерді қоршаған орта апатит түзетін иондармен қаныққан жағдайда мүмкін: Ca2+, OH-. Бұл орталарда кальций мен фосфат иондарының концентрациясы салыстырмалы тұрақты, бірақ сілекей мен тіс буылтығының буферлі жүйелерімен тоқтатылмайтын [OH-] және қышқылды шабуыл жағдайында он және жүз есе төмендей алады (H+-пен әрекет ете отырып, бұл иондар H2O, HPO түзеді). Осылайша pH<5,5 кезінде орта гидроксиапатит бойынша қанықпаған болады, сондықтан гидроксиапатиттің табиғи қалпына келу үрдістері мүмкін емес болады. Жегіленген жағдайдағы жеткіліксіз гидроксил-иондары басқа аниондармен – соның ішінде, фтор иондарымен құрылымды ауыстырылуы мүмкін. Сондықтан фторидтердің қатысуында апатиттер үшін критикалық рН деңгейі төмендейді, гидроксиапатит төзімділігі жоғарылайды – қышқылды шабуыл жағдайында да эмаль тұрақты болып қалуына мүмкіншілік алады.

Гидроксиапатит ерігіштігі балансына көрсетілген түрде қатыса отырып, фтор иондары алдын-алып қана қоймайды, еруін тоқтатады, сонымен қатар гидроксиапатиттердің реминерализациясы мен рекристаллизациясына (яғни, қалпына келтіру) жағдай жасайды.

Фторидтер оральды ортада аз болғанымен тіс тіндерінің ерігіштігін төмендетеді, сонымен оның кеуекті беткей қабатында «тұрақты» фторидтер деп аталатын – гидроксифторапатиттер және фторапатиттер түзеді. Егер фтор ионының аз ғана мөлшері (мысалы судан [F]=1 мг/л) тістің беткейінде немесе эмаль саңылауының тереңінде карбокси- және гидроксиапатит қышқылдарына тұрақтылығы төмен жерде орналасса, фтор ионы бөлінген кальций және фосфор иондарымен байланысады, ол фторапатит тәрізді кристаллды массаның өсуімен және преципитациямен қатар жүреді (4,5<рН<5,5 диапазонда орта гидроксипатит үшін қаныққан, бірақ фторапатит үшін қанықпаған күйде болады). Төменде жергілікті фторидтердің төменгі дозасын қолдану арқылы тіс жегісін алдын-алудың классикалық сызбасы көрсетілген:

Са8(РО4)6(ОН)2 + 2Ғ- → Са8(РО4)6ОНҒ+F-+ ОН- → Са8(РО4)6Ғ2+2(ОН)-

Фторапатитті «жабындысы» бар эмальды призмалар тіс жегісіне салыстырмалы түрде тұрақты болып келеді (сур. 5.36). Фторопатиттің еруіне жеткілікті қышқылдың төмендеуінде фтор ионы апатиттерді сақтау үшін ортаның жағдайын өзгертеді.

 

Сур. 5.36. Эмаль призмалары фторапатиті мен гидроксиапатиттің ерігіштігі.

 

Фторидтердің көп мөлшерде болуы кальций фторидтерінің СаҒ2 түзілуімен жүреді, «тұрақсыз фторид». Бұл қосылыстар тіс жұғындыларында, эмаль беткейінде, беткей саңылауларда шөгеді және апатиттерге қарағанда 10-12 есе ерігіштігі жоғары, рН төмендегенде баяу ериді, тіс беткейінің минералдарына әсері зор фтор иондарын бөліп шығарады (сур. 5.37):

Са10(РО4)(ОН)2+ 20Ғ- + 11Н + → 10СаҒ2 + 3НРО4 +3НРО42- + 2Н2 О-

Фторидтерді ерте, беткей емес жегіленген зақымдалу болған кезде реминерализация үшін қолданады. Фторидтердің жоғары және төменгі мөлшерлері әсерлерінің айырмашылығы анықталған: аз доза фторид ионының жегіленген зақымдалу денесіне біртіндеп диффузиялануын және жиі тіндер тұтастығын толық қалпына келтіруді қамтамасыз етеді (мұндай әсер рН≈7 кезінде эмальды төменгі концентрациялы кальций және фосфат иондарымен өңдегенде байқалады), фторидтердің жоғары дозасын қолдану эмаль беткейіндегі микросаңылаулардың блокадасына және беткей емес ақаудың реминерализациясына әкеледі.

 


 

Сур. 5.37. Фторидтердің жоғары мөлшерлерімен өңдегеннен кейін эмаль (Кейт бойынша, 1981): а – эмальда фосфаттар мен ақуыздар қабатында кальций фторидінің түзілуі; б – жегіленген шабуыл: 4,5<рН<5,5 ортада кальций фториді мен гидроксиапатит ериді; в – ортаны бейтараптағаннан кейін кальций фториді сілекейден преципитацияланады, призмааралық микроақауларға кіру фторапатиттермен жабық (FA), беткей реминерализацияланған.

Фторлы алдын-алуды ұйымдастыру үшін оның тәртібін негіздеу керек. Минерал алмасуы жоғары немесе төменгі қарқындылықта тістің өмір бойына жүзеге асатын болғандықтан, эмаль беткейінде де, кристаларалық сұйықтықта да фтор ионының тұрақты түрде болуын қамтамасыз ететін тәртіпті қажет етеді. Фторидтің реминерализациялық әсері ауыз қуысы сұйықтығында фторидтердің мөлшері [F]≥0,1 мгҒ/л болғанда байқалады, ал қалыпты жағдайда фтор жетіспеушілік суы бар аймақтардың тұрғындарында ауыз қуысы сұйықтығының [F]=0,01-0,05 мгҒ/л тең болады. Фторид мөлшері аз препараттарды бір реттік қолдану қажетті әсерді береді, бірақ аз ғана уақытқа созылады (оральды субстраттармен әсерлеспеген препараттың бір бөлігі сілекеймен араласады, ал эмальдың қайтадан түзілген қосылысы ауыз сұйықтығымен тасымалданып, өзінің тұрақтылығын жоғалтып, тамақ қабылдағанда және тіс тазалағанда жойылып кетеді), сондықтан [F] тұрақты түрде сақталуы үшін мұндай препараттардың жиі аппликациясын жүргізу керек. Фторидтердің жоғары мөлшерін қолдану кальций фторидінің оральды депосын қамтамасыз етеді, фтор-ионының аз ғана мөлшері күнделікті ай бойына бөлініп отырады, нәтижесінде оральды ортада [F] қажетті деңгейін сақтап тұрады, бірақ жегіленген беткей емес ақауының реминерализациясын шектейді. Тіс жегісі бар адамдарда СаҒ2 қоры тіс жегісіне тұрақты адамдарға қарағанда тез таусылады. Сондықтан фтормен алдын-алу жалпы сызбасы фторидтердің төменгі мөлшерін күнделікті жергілікті қолданылатын препараттармен бірге жоғары мөлшерлі фториді бар жергілікті препараттарды қолдану болып табылады.

Құрамында фториді бар дәрілік түрлер және оларды қолдану әдістері

Жергілікті фтормен алдын-алудың тиімділігі бірнеше факторларға тәуелді:

· фтордың химиялық байланыс түріне;

· фторид мөлшеріне;

· препараттың (фторид-ион) эмальмен жанасу ұзақтығына;

· препараттың дәрілік түріне;

· препараттың қолдану жиілігіне;

· ауыз қуысының кейбір ерекшеліктеріне (эмальдың, ауыз қуысы сұйықтығының сапасы, ауыз қуысы гигиенасы және т.б.).

Оральды препараттар құрамына кіретін фторидтердің сипаттамасы

Жергілікті алдын-алуда органикалық және органикалық емес фторидтер қолданылады.

Органикалық емес фторидтер жеңіл және баяу диссоциацияланатын болып бөлінеді. Сулы фазада жеңіл диссоциацияланатын органикалық емес фторидтерге жатады:

· натрий фториді: ХІХ ғасырдың аяғынан бастап белгілі және бүгінгі күні танымал алдын-алу реагент, сілекейге, тіс қағына, кристаларалық буылтық F¯-ті баяу береді, сондықтан минерализация үрдісіне белсенді түрде қатысады, натрий фторидінің жоғары концентрациясы СаҒ2 түзілуіне жағдай жасайды;

· қалайы фториді: 1950 жылдан бастап алдын-алу құралдар құрамында қолданылып келеді; белсенді микробқа қарсы әсерімен ерекшеленеді (қалайы ионының көмегімен), бірақ эмальдің құрамындағы кальцийдің мөлшерін төмендетеді және тіндерді сұр түске бояйды;

· натрий фторгерманаты;

· калий фториді;

· аммоний фториді;

· титан тетрафториді.

Бұл қосылыстар Ғ--ті оңай бөліп алып, нәтижесінде эмаль беткейінде кальций фосфатының кристаллдарының тез түзілуіне алып келеді, бұның өзі кейіннен эмальда гидроксифторапатит және фторапатит түзілуін қамтамасыз етеді. Фтордың оңай еритін қосындыларын қолдану кезінде СаҒ2 түзілуін «ынталандыратынын» көрсететін тәжірибелер бар. Егер NaF апликациясынан бұрын эмальды фосфор қышқылымен өңдесек, осы әсерге ие болуға болады: қышқылдың әсерінен эмальдың беткейінде СаНРО4∙2Н2О түзіледі, кейін ол фтор ионымен әсерлесіп Са5(РО4)3Ғ немесе СаҒ2 түзілуі мүмкін. Фторид ковалентті байланыстан тұрады. Қиын еритін органикалық емес қосылыстарға жатады:

· бейтарап натрий монофторфосфаты: бұл қосылыс басқа препараттарддың компоненттерімен комбинациясында тұрақты болып келеді; қышқыл ортада фторид және фосфаттың мөлшерін жоғарылата отырып гидролизденеді; лаурисульфат натрийдің болуы гидролиз жылдамдығын азайтады;

· қышқыл натрий монофторфосфаты: эмальды «өңдеп», Са+ шығуын қамтамасыз етеді, нәтижесінде көп мөлшерде СаҒ2 түзіледі; фосфат топтың болуы қосылыстың минерализациялық потенциалын жоғарылатады;

· кальций фториді: қышқыл ортада немесе тіс қағының бактерияларының көмегімен баяу гидролизденеді.

Жергілікті алдын-алу мақсатында қолданылатын препараттардың ішінде фтордың ең белгілі органикалық қосылысы аминофторид болып табылады(N-окта-децилтриметилен-диамин-NNN-три-2-этанол-дигидрофторид). Полярлы зарядталған аминофторид молекуласы фтордың екі атомымен қосылған көмірсулы гидрофобты «құйрығынан» және гидрофильді белокты «басынан» тұрады (қара сур. 5.38). Мұндай құрылым аминофторидтің ерекше қасиетін көрсетеді: а) аминофторид тістің шөгінділері компоненттерінің адгезиясына кедергі бола отырып, тістің беткейінің қасиетін өзгертеді; б) микробқа қарсы жоғары әсерді қамтамасыз етеді; в) қышқыл ортада белсенді түрде F¯-ті бөліп шығарады; г) молекулалық беткей–белсенді қасиеттері оған тіс қағының терең қабаттарына енуіне және эмальда ұзақ уақытқа СаҒ2 қорын сақтауға мүмкіндік береді. Аминофторидтің теріс қасиеттеріне ауыз қуысы тіндерін бояу мүмкіндігін және кейбір жағдайларда дисбактериоз дамуын жатқызады.

 


Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 1360 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.01 сек.)