CPI коммунальды периодонтальды индексі (1995)
CPI индексі (Community Periodontal Index) эпидемиологиялық зерттеулер кезінде периодонт жағдайын анықтауға арналған. Жағдай келесі белгілер бойынша бағаланады: қызылиекасты тастың болуы бойынша, жай зондтағаннан кейін қызылиектің қанағыштығы, қалталардың болуы және тереңдігі бойынша. Индексті анықтау үшін эпидемиологиялық тексеруді жеңілдететін және бірыңғайлататын арнайы зондтар болуы қажет. CPI анықтау үшін зондтың стандартты параметрлері бар: диагностикалық зондтаудың агрессивтілігін төмендету үшін азғантай масса (25 г), қызылиекасты кеңістіктің тереңдігін анықтау үшін шкала және бір уақытта тісқызылиек байланысының эпителийін жарақаттан қорғаушы және шкала элементі ретінде қызмет ететін ұшында түймелі қалыңдау. Зондтың шкаласы келесідей жасалған: «түйменің» диаметрі 0,5 мм тең, 3,5 мм-ден 5,5-ге дейінгі қашықтықта қара таңба, 8,5 және 11,5 мм қашықтықта – екі сақина орналасады (сур. 6.3).
Сур. 6.3. Периодонтальды түймелі зонд.
CPI индексі бойынша тістің периодонтының жағдайын анықтау үшін келесі әрекеттер орындайды.
1. Зондтың жұмысшы бөлігін тістің ұзын осіне параллельді төрт локустардың бірінде орналастырады: вестибулярлы және оральды беткейдің дистальды және медиальды бөліктерінде.
2. Зондтың түймесін минимальды қысыммен (20 г дейін) тіс пен жұмсақ тіндер арасындағы кеңістікке кедергі сезіміне, яғни тісқызылиектік байланысқа дейін енгізеді. Қысымды шектеу тісэпителиальды байланысының бұзылуын болдыртпау үшін қажет. Бұл жағдайда қысымды объективті өлшеу мүмкін емес болғандықтан, зерттеушінің бұлшықеттік күшін проприоцептивті бақылауды жаттықтыру қалады. Ол үшін зерттеуші түймелі зондты өз тырнағына қоюы және бұлшықеттік есте тырнақ алаңының ишемизациясы үшін жеткілікті, бірақ ауырсынбайтын күшті тіркейді.
3. Зондтың ену тереңдігін белгілейді: егер қызылиек жиегі тек «түймені» және «түйме» мен қара таңба арасында шкаланың ашық кеңістігінің азғантай бөлігін жапса – қызылиек науасының қалыпты тереңдігі бар, егер қызылиектің астына қара таңбаның қандай да бір бөлігі енсе – патологиялық қалтаның 4-5 мм тереңдігі бар. Егер зондтың түгел қара бөлігі енсе – қалтаның 6 мм-ден жоғары тереңдігі бар.
4. Шығару кезінде онда қызылиекасты тас бар ма анықтау үшін зондты тіске қысады.
5. Зондты тістің медиальды беткейіне жылжыта отырып, қозғалыстарды қайталайды.
6. Зерттеуді тістің оральды беткейінде жүргізеді.
7. Зондтауды аяқтағаннан кейін 30-40 с күтеді және қанағыштықты анықтау үшін қызылиекті бақылайды.
Индекс мәліметтерін тіркеу келесі кодтар бойынша жүргізіледі:
0 – сау қызылиек, патология белгілері жоқ;
1 – 3 мм-ден төмен қалта тереңдігі кезінде зондтағаннан 30-40 с-тан кейін қанағыштық;
2 – қызылиекасты тіс тасы;
3 – патологиялық қалта 4-5 мм тереңдікте
4 – патологиялық қалта 6 мм және одан жоғары тереңдікте.
Патологияның бірнеше симптомдары болған кезде олардан ең ауырын тіркейді.
Тұтас периодонт жағдайын бағалау үшін зерттеуді екі жақта үш секстанттардың әрқайсысында (дистальды және фронтальды секстант арасындағы шекара ит тіс пен премоляр арасында өтеді) жүргізу қажет. Ересек адамдарда (20 жастан жоғары) 10 тістің: 11, 16 және 17, 21, 26 және 27, 31, 36 және 37, 46 және 47 периодонт жағдайын зерттейді, бірақ әрбір секстантта периодонттың ең ауыр клиникалық жағдайы бар тісті белгілей отырып, тек бір тістің периодонт жағдайын тіркейді. Гипердиагностикадан құтылу үшін зерттеуден жақында жарып шыққан екінші молярлардың периодонтын шығарады: 15-тен 20 жасқа дейінгі адамдарда 11, 16, 26, 36, 31, 46 тістердің CPI зерттейді. Осы себеп бойынша балаларды қараған кезде (15 жастан төмен) қызылиек науасының тереңдігін зерттемейд, тек қызылиектің қанағыштығы мен тастың болуын есепке алады.
Талдау кезінде 0, 1, 2, 3, 4 кодтары бар секстанттардың санын есепке алады (орташа көрсеткішті есептеусіз). Эпидемиологиялық зерттеулер кезінде қандай да бір кодпен қандай да бір секстанттың саны бар адамдардың бөлігін есептейді.
Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 789 | Нарушение авторских прав
|