DAI индексі
|
Белгі
|
Бағалау принципі
|
Ескерту
| DAI индексін есептеу үшін көрсеткішті өңдеу
|
| Күлкі зонасында тістердің болмауы
| Жоқ күрек тістердің, ит тістердің және премолярлардың санын есептеу
| Тіс жоқ болып саналмайды, егер оның орны алдындағы уақытша тіспен, басқа тіспен немесе протезбен
| х6
|
| Фронтальды бөлімде тістердің тығыз орналасуы
| 0 – тығыз орналасу жоқ;
1 – бір жақтың күрек тістерінің тығыз орналасуы;
2 – екі жақтың күрек тістерінің тығыз орналасуы
| Тығыз орналасу кезінде күрек тістер бұрылған немесе доғадан тыс орналасқан болуы мүмкін; күдік болғанда кіші кодты тіркейді
| -
|
| Фронтальды бөлімде тістер арасында кеңістіктер
| 0 – кеңістік жоқ;
1 – бір жақтың күрек тістері арасында кеңістіктер;
2 – екі жақтың күрек тістері арасында кеңістіктер
| Күдік болғанда кіші кодты тіркейді
| -
|
| Диастема
| Екі орталық күрек тістердің медиальды беткейлері арасындағы ара қашықтық (мм, бүтін сандар)
| Өлшеуді күрек тістер сауытының кез келген деңгейінде жүргізеді
| х3
|
| Доғада жоғарғы жақ күрек тістерінің қалыпты жағдайдан ең үлкен ауытқуы
| Ауытқыған күрек тіс пен көрші күрек тістің вестибулярлы беткейлері арасындағы ара қашықтық (мм, бүтін сандар)
| Өлшеуді периодонтальды зонд көмегімен күрек тістердің бұрылуы немесе олардың доғадан тыс орналасуы жағдайында жүргізеді
| -
|
| Доғада төменгі жақ күрек тістерінің қалыпты жағдайдан ең үлкен ауытқуы
| Ауытқыған күрек тіс пен көрші күрек тістің вестибулярлы беткейлері арасындағы ара қашықтық (мм, бүтін сандар)
| Өлшеуді периодонтальды зонд көмегімен күрек тістердің бұрылуы немесе олардың доғадан тыс орналасуы жағдайында жүргізеді
| -
|
| Алдыңғы жоғарғы жақтық жабылу
| Ең шығыңқы жоғарғы күрек тістің еріндік-кескіш жиегінен антагонист-төменгі күрек тістің еріндік беткейіне дейінгі ара қашықтық (мм, бүтін сандар)
|
| Өлшеу орталық окклюзия жағдайында периодонтальды зонд көмегімен жүргізіледі
| х2
|
| Алдыңғы төменгі жақтық жабылу
| Ең шығыңқы жоғарғы күрек тістің еріндік-кескіш жиегінен антагонист-төменгі күрек тістің еріндік беткейіне дейінгі ара қашықтық (мм, бүтін сандар)
|
| Өлшеу күрек тістердің кері жабылуы жағдайында, периодонтальды зонд көмегімен орталық окклюзия жағдайында жүргізіледі
| х4
|
| Вертикальды алдыңғы саңылау
| Жоғарғы және төменгі жақ күрек тістерінің кескіш жиектері арасындағы ара қашықтық (мм, бүтін сандар)
|
| Өлшеуді ашық тістесу кезінде периодонтальды зонд көмегімен орталық окклюзия жағдайында жүргізеді
| х4
|
| Молярлардың алдыңғы артқы қатынасы
| 0 – қалыпты
1 – қалыптыдан төмпешіктің ½-не ығысуы
2 – толық төмпешікке ығысуы
| Жақтардың қатынасын зерттеуді орталық окклюзия жағдайында жүргізеді
| х3
|
Тістесу патологиясының этиологиясы мен патогенезінің негіздері. Тістесу патологиясын алдын-алудың негізгі бағыттары
Қалыпты тістесу патологиялыққа қарағанда өкінішке орай сирек кездеседі, тұрғындардың 30%-нан жоғары анықталады, мәдениеттіліктің жетістіктері статистиканы жақсартпайды. Тістесудің жағдайы олардың қалыптасуының әр түрлі кезеңдерінде жақ-бет аймағының әр түрлі тіндеріне әсер ететін факторлардың күрделі жиынтығымен анықталады (сур. 7.1).
Жақ-бет аймағының тіндері
Сызбаның өзегі жақ-бет аймағының тіндері болып табылады, олар қандай да бір жағымсыз әсерлерге ұшырайды және тістесу қалыпты жағдайдан ауытқиды. Патологиялық өзгерген тіндер мен мүшелер басқа түзілістерге жағымсыз әсер етеді және патологияның одан әрі күшеюіне «ішкі» себепші фактор болып табылады.
Тістер тістесудің функциональды және эстетикалық сипаттамаларын анықтайтын негізгі элементтер болып табылады. Патология кезінде келесі ауытқулар болуы мүмкін:
1) мөлшерінің өзгеруі: асакомплектті тістер, олигодонтия, адентия;
2) тіс сауыттары түрлерінің (анатомиялық белгі бойынша тісті ерекшелейтін кез келген) және оның габаритті мөлшерлерінің (микродентия, макродентия) өзгеруі;
3) доғада тістер орналасуының өзгеруі: дұрыс орналасудан жоғары немесе төмен (супра- немесе инфраорналасу), оральды немесе вестибулярлы, осі бойынша айналу (тортоаномалия) немесе осьтен ауытқуымен.
| | | | | | | | | Себептер мен жағдайлар:
-тұқымқуалаушылық
-белгісіз тұқымды даму ақаулары
-аурулар
-жарақат
-басқа сыртқы және ішкі
-механикалық әсерлер
(қызметтер, жағымсыз әдеттер)
| | | | | | | | | Фактордың әсер ету уақыты:
-пре- немесе постнатальды
-жедел немесе созылмалы
-үздікті немесе тұрақты
| | | | | | | |
Сур. 7.1. Тістесу патологиясы қалыптасуының негізгі сызбасы.
Шеміршектер мен сүйектер. Негізінде жақ-бет аймағы сүйектері қалыптасатын шеміршектер екі әр түрлі түрге жатады, олар сыртқы әсерлерден әр түрлі байланысты. Біріншілік шеміршектер матрица негізінде дамиды және бұл үрдісте тек генетикалық және нейрогуморальды факторларға бағынады. Осындай мұрын пердесінің шеміршектері, қанат тәрізді сүйектің денесі мен қанаттары арасындағы шеміршек, қанат тәрізді-шүйде синхондроз және т.б. Екіншілік шеміршектер матрицасыз дамиды және жергілікті факторлармен, соның ішінде механикалық қысым мен күшпен «қайта мүсінделген» болуы мүмкін. Сондықтан төменгі жақтың буын бүртікті және тәжді өсінділерінің, оның бұрыштық шеміршегінің, ортаңғы таңдай шеміршегінің, бассүйек-бет тігісетрінің және екіншілік шеміршектердің басқа зоналарының қалыптасуы жақ-бет аймағы қызметтернің сапасымен, жағымсыз әдеттермен және т.б. анықталады. Біріншілік және екіншілік шеміршектердің патологиялық қалыптасуы нәтижесінде сүйектердің тығыздығы, мөлшерлері, формасы өзгеруі мүмкін, бұл тістесу бұзылысына әкеледі.
Шайнау аппаратының дамуы мен қызмет етуіне қатынасы бар нейробұлшықеттік жиынтығына шайнау және мимикалық мускуратура, тілдің сыртқы және жеке бұлшықеттері кіреді. Бұл бұлшықеттердің сезімтал және қозғалтқыш нервтелуін үшкіл, бет, аралық, тілжұтқыншақ, кезеген және тіласты нервтері қамтамасыз етеді. Нейробұлшықеттік жиынтық сүйектің әр түрлі бөліктеріне күш немесе қысымды қамтамасыз етеді және осылайша екіншілік шеміршектер мен сүйекті тіндердің дамуына әсер етеді, жақтардың өзара орналасуын анықтайды. Бұлшықеттер тонусының (гипертонус, гипотония, атония) және олардың массаларының (гипертрофия, атрофия) патологиялық өзгерісі кезінде жақ-бет аймағы қызметтерінің – жұтыну, тыныс алу, сөйлеу, шайнау, мимика орындалуы өзгереді. Бұл кезде жақ сүйектеріне қалыптасушы антагонистік қысым көрсететін бұлшықеттердің өзара әрекетінде тепе-теңдік бұзылады (мысалы, тілдің бұлшықеттері жақ сүйектерінің дамуын ынталандырады, ал мимикалық бұлшықеттер олардың өсуін кідіртеді), жақтар бөліктерінің деформациясы пайда болады.
Тістесудің қалыптасуына қатысатын бұлшықеттік емес жұмсақ тіндер, - байланыстырушы аппарат және самай-төменгі жақ буыны мен периодонттың синовиальды тіні, еріндер мен тілдің үзбелері, ұрттық тәждер. Қалыпты жағдайда бұл түзілістер «тістесу» түсінігіне жататын тіндер жиынтығының қызметтері мен тұтастығын қамтамасыз етеді. Буын тіндерінің патологиясы кезінде жоғарғы және төменгі жақ қатынасы өзегереді, осылай тістесу бұзылады. Периодонт тіндерінің аурулары кезінде бөлек тістердің орналасуы және тұрақтылығы өзгереді, бұлшықеттік қызметтер бұзылады, бұл тістесудің көптеген сипаттамаларына әсер етеді. Еріннің, тілдің үзбелері және ұрттық тәждері сүйектысына қосылған және тығыз қатарға жымдасуға мүмкіндік бермей, көрші тістерді бөлетін болса тістесудің қалыптасуына жағымсыз роль атқарады (мұндай үзбелерді кесу туралы шешім көбінесе ит тістер ауысқаннан кейін қабылданады, хирургиялық кірісуді диастеманы ортодонтиялық емдеумен қоса).
Патологиялық тістесудің қалыптасу себептері және жағдайлары
Патологиялық тістесудің қалыптасуын анықтайтын себептер мен жағдайлардың тізімін тіс-жақ ауытқуларымен ерекшеленген тұқымқуалаушылық ашады. Генетикалық патологияға тістесу бұзылыстарының 30-70% жағдайлары жатады, оларды шын өмірде біріншілік алдын-алу шараларымен бодыртпау қиын.
Басқарылмайтын жағымсыз факторлардың басқа тобы құрсақішілік даму кезеңінде әсер етеді және белгісіз табиғаттағы ақаулардың дамуына әкеледі: сүйектердің бітіспеуі, бұлшықеттердің толық дамымауы, микрогнатия, олигодентия және т.б.
Жүйелі аурулар бала өмірінің антенатальды және постнатальды кезеңдерінде тістесу қалыптасуының қарқынын бәсеңдетуі және кейбір жағдайларда оның сапасын өзгертуі мүмкін. Тістесудің бұзылыстары нейропатия, нейробұлшықеттік бұзылыстар, сколиоз, спинальды патология нәтижесі болуы мүмкін. Ұрықтың эндокринді патологиясы сүйекті тігістердің бітісу және тістердің шарып шығу мерзімдеріне әсер етуі мүмкін. Тістесудің қалыптасу кезеңінде ЛОР-аймағы аурулары жақ-бет аймағының бірқатар қызметтерінің бұзылыстарымен қолайсыз (тыныс алу, жұтыну, сөйлеу және т.б.), бұл тістесудің сапасына қатты әсер етуі мүмкін. Сондықтан тістесу бұзылыстарының біріншілік алдын-алу шараларына отбасының салауатты өмір салтын қалыптастыру, жүктіліктің жоспарлануы және курациясы, баланы шынықтыру, соматикалық және ЛОР-патологияны ерте анықтау және сапалы емдеу.
Жақ-бет аймағының аурулары тістесу патологиясын қалыптастырудың басқарылатын қауіп-қатер факторларының үлкен тобын құрайды, олар стоматологтың көмегімен алдын-алуы немесе жойылуы мүмкін және қажет.
Сүйектің патологиясы (ісіктер, қабынулы гематогенді және одонтогенді үрдістер, сынықтар) жиі оның деформациясына, ал балаларда өсу зоналарында патологиялық ошақтардың орналасуы кезінде – сүйек дамуының уақытынан бұрын тоқтауына әкеледі.
Периодонттың патологиясы кезінде тістесу тістердің орналасуының өзгеруіне (ең болмағанда – олардың жоғалуымен) және жақ-бет аймағы тіндеріне функциональды күштің төмендеуіне байланысты бұзылады.
Тіс жегісі қызметтердің қалыпты орындалуын қиындатуына байланысты тістесудің қалыптасуына маңызды: ауру тісті аяйды, бір жақта шайнайды, қатты тағамнан бас тартады және т.б. Тұрақты тістесуде тіс доғаларының қалыптасуы үшін күрделі нәтижелер уақытша молярлардың контактты беткейлерінің тіс жегісі болады, өйткені сауыттардың осы өте «кең» аймақтарының бұзылысы және толық қалпына келтірілмеуі кезінде көрші тістер бос орынға (1-2 мм) ығысады, нәтижесінде премолярдың келесі орналасуы үшін аймақ қысқарады. Орынның жетіспеушілігі тұрақты тістердің ұрықтарын ығысуға мәжбүр етеді, тістердің шарып шығуының бұзылысына әкеледі (доғадан тыс тістердің жарып шығуы, импактты және ретенирленген тістер).
Дұрыс тіс қатарлары мен жақтардың қатынасын қалыптастыру үшін уақытша тістердің жоғалу мерзімдері (түсу немесе жұлу) мен олардың орнына тұрақты тістердің жарып шығу мерзімдері арасында сәйкестік өте маңызды. Уақытша тістің уақытынан бұрын жұлынуы кезінде көрші тістер біртіндеп ығысады, осыған байланысты тұрақты тістің орналасуына арналған кеңістік қысқарады, және ол доғадан тыс жарып шығады. Бұл жағдайларда алдын-алу шаралары, біріншіден, уақытша тістің уақытынан бұрын жұлынуына себепті жою (тіс жегісін алдын-алу және оны адекватты емдеу), екіншіден, күрделі емес аппараттар-тірегіштің («орынды бақылау» деп аталатын) көмегімен тістердің ығысуын болдыртпау немесе протездеу. Уақытша тіс түбірлерінің баяу резорбциясы жиі түсініксіз (күрек тістерге қатысты), бірақ кейбір жағдайларда эндодонтиялық емдеудің нәтижесі болуы мүмкін (молярлар). Бұл жағдайларда тұрақты тіс оральды немесе вестибулярлы орналаса отырып, аттас уақытшаның жанында жарып шығады (рис. 7.4, см. Вкл.).
Қандай да бір тістердің ауысуы жасындағы балаларды стоматологиялық тексеру кезінде алдын-алу мақсатында альвеолярлы өсіндіні мұқият қарау және тұрақты тістердің жарып шығуының бірінші белгілері пайда болған кезде кідіртіп тұрған уақытша тістерді жұлу қажет.
Ортодонтияда маңызды проблема тұрақты тістердің тіс қатарында ұзақ (тұрақты) болмауы болып табылады. Бұдан басқа жартылай адентия тіс қатарлары тұтастығының бұзылысына әкеледі және сондықтан тістесу патологиясы ретінде бағаланады, бұл жағдайларда жоқ тістермен көрші тістердің ығысуы, ақау зонасына антагонист-тіс жылжиды. Нәтижесінде артикуляция мен окклюзия бұзылады, қызметтер зардап шегеді - тістесу патологиясы күшейеді. Біріншілік адентия әр түрлі себептердің нәтижесі болады:
· генетикатикалық табиғаты болуы мүмкін (ұрықтың басынан болмауы);
· жарақат, ісіктер, одонтогенді қабынулы үрдіс нәтижесінде тұрақты тіс ұрығының өлуі нәтижесі болуы мүмкін;
· жарақаттан, асакомплектті тістердің болуынан, одонтогенді уланудан және т.б. фолликуланың ығысуымен негізделген тістің ретенциясымен байланысты.
Жас адамдарда екіншілік адентия жиі тістердің асқынған жегісімен, ересек жаста – тіс жегісімен, периодонттың патологиясымен байланысты.
Осылайша, уақытша және тұрақты тістердің жегісін және периодонттың ауруларын біріншілік және екіншілік алдын-алу шаралары тістесу патологиясының біріншілік алдын-алумен
Механикалық жарақат маңызды, көптеген жағдайда ауытқулы тістесудің қалыптасуының басқарылатын қауіп-қатер факторы болып табылады. Антенатальды кезеңде жақтардың деформациясы ұрыққа амниотикалық сұйықтық артық болғанда, жоғары физикалық күш орындағанда (спорт, жұмыс), тығыз киім кигенде, артық тамақтанғанда (ұрықтың қолдары бетіне, иегі кеудеге қысылғанын еске түсірейік) жоғарылайтын ұзақ қысымға байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда төменгі жақтың толық дамымауы, беттің асимметриясы және т.б. мүмкін. Ұрықтың басына қойылатын қысқыштар көмегімен құралмен босандыру кезінде самай-төменгі жақ буыны аймағының зақымдану және анкилоздардың кейінгі қалыптасу, төменгі жақтың толық дамымау, «құс беті» мүмкіндігі жоғары. Ерте жастағы балалардың жақ-бет аймағының жедел жарақаты жиі өздігінен жүру әрекетінде, балалар алаңында ойындар кезінде (әсіресе әткеншек пен төбешік қауіпті) ересек адамдардың дұрыс қарамауымен байланысты, мектепке дейінгі және мектеп жасында спорттық және тұрмыстық жарақат өзекті болып табылады.
Қалыптасушы тістесудің тіндеріне созылмалы механикалық әсерді бұлшықеттің әр түрлі топтарының функциональды белсенділігі көрсетеді.
Біріншіден, бұлшықеттер жоғарғы және төменгі жақтың өзара орналасуының сипатын анықтайды. Жоғарғы жақтың орналасуы омыртқа жотасына қатысты бассүйектің иілуімен анықталады, өз кезегінде мойын мен арқаның бұлшықеттер антагонистік топтарының күштері қатынасына, яғни келбетке байланысты. Төменгі жақтың позициясы оған түсірілетін әр түрлі күштердің өзара әрекеті нәтижесі болып табылады: төменгі жақтың салмағы, трахеяның күштері, шайнау мускулатурасы, ауыз қуысы түбі және мойынның бұлшықеттері.
Екіншіден, қызмет кезінде жақ-бет аймағының бұлшықеттері қысым немесе күш көрсете отыра сүйектің әр түрлі аймақтарына әсер етеді, тістесудің қалыптасу сипатына зор ықпалын тигізеді. Әсердің бір бағытты, жоғары емес қарқындылықпен, үздікті тәртіпте жүзеге асуы екіншілік шеміршекті және сүйекті құрылымдардың дамуына басқа тұрақты емес әсер ететін айқын күштерге қарағанда айқын ынталандыратын әсер тигізеді. Жақ-бет аймағының қызметтері тістесудің қалыптасуына әсер ететін бірқатар постнатальды факторлардың ішінде ең маңызды болып табылады. Сондықтан жақ-бет аймағы қызметтері мен келбеттің бұзылыстары, сонымен қатар олармен байланысты жағымсыз әдеттер ортодонтиялық патологияның дамуының маңызды қауіп-қатер факторлары болып табылады. Қызметтер мен парафункциональды әдеттердің дамуы генетикалық алдын-ала анықталған. Кейбір қызметтер туа пайда болған рефлекстер болып табылады (тыныс алу, жұтыну, сору), басқалары тәрбиеленеді (шайну, сөйлеу), бірақ олардың барлығы баланы тәрбиелеу үрдісінде физиологиялық және патологиялық өзгерістерге ұшырайды, сондықтан басқарылатын қауіп-қатер факторлары ретінде қарастырылады. ЖБА қызметтерінің қалыптасу, анықтау және дұрыстау сұрақтары аса стоматологиялық (жиі – ортодонтиялық) болып табылғандықтан, оларды толық талқылау қажет.
Келбет
Қалыпты келбет кезінде тұрған адам вертикальды жазықтықпен бес нүктеде жанасады (табанмен, сирақпен, бөксемен, жауырынмен және шүйдемен), бұл кезде омыртқа жотасы мен бас вертикальды осьтен ауытқымайды. Позотониялық келбеттік рефлекстерге отырған және жатқан адамның әдеттегі орналасуы жатады. Тамақтану немесе столдың алдында жұмыс кезінде табан еденде тұруы қажет, арқа тіке, бастың еңкеюі 300-тан аспайды, басты қолмен жинап алу қажет емес. Ұйқы кезінде келбет үшін оптимальды орналасу – арқада немесе бүйірде, омыртқа жотасының деформациясын болдыртпайтын серпімді қатты матрацта, жоғарғы емес жастықта жату. Ауырлық күшін, бұлшықеттік күшті және қысымды осылайша тарату кезінде төменгі жақ қалыпты тістесуге сәйкес келетін жағдайды алады, жақ-бет аймағының қалыптасушы сүйектері оптимальды күштерді бастан кешіреді.
Патологиялық келбет (сколиоз, патологиялық лордоз немесе кифоз) кезінде төменгі жақ ығысуы мүмкін, ауыр жағдайларда – кеудеге қысылған және т.б. Тістесудің қалыптасуына жағымсыз әсер жоғары жастықта немесе жұмсақ мамық төсекте ұйқы, «ұрттың астына қолды» салып қою, баланың столдың басында жасына сәйкес келмейтін амалсыз қалпы.
Келбет пен басқа позотоникалық рефлекстердің қалыптасуы ата-аналар бақылауында болуы қажет. Олардың міндеті баланы ұйқыға ыңғайлы жабдықпен қамтамасыз ету және сергіту, бұлшықеттерді нығайтатын және оларды тұруға, отыруға, еңбектеуге және жүруге дайындайтын гимнастика мен массаж өткізу, ұйқы, тамақ және столдың басында қимыл кезінде баланың дұрыс қалпын бақылау болып табылады.
Келбеттің бұзылысын педиатрлар анықтайды, емдеуді емдік дене шынықтыру бойынша мамандар өткізеді. Стоматологтың міндеті балалардың дұрыс келбетін қалыптастыру жағдайларына және оның тіс-жақ ауытқуларын алдын-алуда маңызына қатысты ата-аналарды санитарлы ағарту.
Тыныс алу қызметі
Барлық жас кезеңдерінде қалыпты мұрынмен тыныс алу болып табылады. Бұл кезде тістесудің қалыптасуы үшін бірқатар жағымды жағдайлар жасалады:
· жымдасқан еріндер жаққа тілдің бұлшықеттерімен көрсетілген қысымды теңестіреді;
· ауыз жабық және төменгі жақ қалыпты тістесуге сәйкес жағдайда бекітіледі;
· мұрын жұтқыншақ арқылы өтетін ауа ағымы өзімен бірге ауыз қуысынан ауаны әкетеді, нәтижесінде мұнда теріс қысым жасалады, ол альвеолярлы өсінділердің барлық бөліктеріне және таңдайға біркелкі ынталандыратын әсер көрсетеді;
· тіл таңдайға тіреледі және оған мұрын жолдары арқылы өтетін ауа ағынымен көрсетілген қысымды теңестіреді.
Ауыз арқылы тыныс алу кезінде ауа мұрын қуысының тазарған, жылытылған және ылғалданған «фильтрлері» арқылы өтпейтіндіктен, бассүйек саңылауларын желдетпейтіндіктен патологиялық болып табылады. Стоматологтың көзқарасы бойынша ауыз арқылы тыныс алу зиянды болып та табылады, өйткені өсуші сүйектерге күшті кенет өзгертеді және жақ-бет аймағының күрделі деформацияларына әкеледі. Үйреншікті ауыз арқылы тыныс алу кезінде ауыз сәл ашық қалады, төменгі жақ төменге және артқа ығысады, ауыз қуысы түбі диафрагмасы босаңсиды, осыдан эстетика зардап шегеді (беттің төменгі үштен бір бөлігі үлкейеді, «екінші иек» пайда болады) және жақтардың қатынасы өзгереді (төменгі жақ дистальды орналасады). Жымдаспаған еріндер фронтальды тістерге тілмен көрсетілген қысымды теңестіре алмайды, сондықтан тістер алға жылжиды және протрузиясы қалыптасады.
Ауыз арқылы тыныс алу кезінде тіл ауыз жұтқыншаққа ауа ағымына жолды босата отырып, алға жылжиды және ауыз қуысы түбінде орналасады. Жақтар өсудің қажетті механикалық стимулдарын алмайды, бұл тіс қатары деформациясына әкеледі. Ауа ағымы ауыз арқылы өте отырып, негізінен қатты таңдайға оң қысым көрсетеді және сондықтан оны қалыптастырушы сүйектердің артық өсуін ынталандырады. Мұндай таңдай мұрын қуысына бүгіледі және жоғары, жоғарыға тарылған күмбез түріне ие, сондықтан «готикалық» деп аталады. Ауа ағымының оң қысымы альвеолярлы доғаларға әсер еткендіктен, олар дамымай қалады, ал тіс қатарлары – тарылған, тістердің тығыз орналасуымен.
Ауыз арқылы тыныс алудың себептері әр түрлі болуы мүмкін. Біріншіден, ауыз арқылы тыныс алу уақытша қиындауы мүмкін, жедел ринит және басқа жедел респираторлы аурулары нәтижесінде. Егер ЖРА оқиғалары жиі қайталанбаса, онда тістесудің қалыптасуы бұзылмайды. Созылмалы ауыз арқылы тыныс алу жиі мұрын жолдары өткізгіштігінің бұзылысымен (мұрын пердесінің қисаюы, созылмалы ринит, полиптер және т.б.) және мұрын жұтқыншақтың патологиясымен (аденоидтардың гиперплазиясы) байланыста.Үйреншікті ауыз арқылы тыныс алудың тағы бір себебі төменгі жақты көтеретін және ауыз саңылауын тұйықтаушы бұлшықеттер тонусының төмендеуі болып табылады, яғни ЛОР-патологиясы фонында қалыптасатын және жиі мұрын жолдары өткізгіштігін қалпына келтіргеннен кейін сақталатын немесе өздігінен пайда болатын ашық ауыздың нейробұлшықеттік стереотипі.
Ауыз арқылы тыныс алудың патологиялық стереотипін қалыптастыруды алдын-алу үшін ата-аналар ерте жастан бастап баланың тыныс алу сипатын бақылауы және қамтамасыз етуі қажет. Мұрын жолдары әрқашан бос болуы қажет, сондықтан оларды кілегейден үнемі тазарту қажет. Нәрестенің аузы ұйқы кезінде соынмен қатар сергіту кезеңінде жабық болуы қажет. Ұйқы кезінде баланың басы еңкейген болмауын қадағалау қажет. Егер ұйықтап жатқан балада аузын жабтын бұлшықеттер босаңсыса, онда баланың иегіне сәл тиіп және оның ұйқысын мазаламай аузын жабу қажет; төменгі жақты орамалмен байлауға болады.
Мұрын жолдары өткізгіштігі бұзылысының бірінші белгілері кезінде баланы ЛОР-дәрігерге көрсету қажет.
Тыныс алу қызметі патологиясын анықтау клиникалық стоматологиялық тексеру барысында жүргізіледі. Сәл ашық ауыз және еріннің құрғақ қызыл жиегі ауыз арқылы тыныс алу туралы дәлелдейді. Анамнезінен бұл қызметтің бұзылысы қандай сипатта – жедел немесе созылмалы екенін анықтау қажет. Тыныс алу қызметі бұзылысының ұзақтығы туралы науқастың тістесу жағдайы және кейбір беттік белгілер бойынша объективті талқылауға болады. Ерте жастан қалыптасқан ұзақ, көп жылдық ауыз арқылы тыныс алу кезінде танаулары «өңделмеген», жазық, саңылау тәрізді кіреберістері бар болып қалады, ал кеңсірік кеңейеді (оны ауыз арқылы тыныс алу кезінде жеткіліксіз желдетілетін маңдай қуысы мөлшерінің компенсаторлы үлкеюімен түсіндіреді).
Емдеу стратегиясын анықтау үшін мұрын арқылы тыныс алу үшін объективті мүмкіншіліктер бар ма соны анықтайды. Науқасты аузын 10-15 с тығыз жабуын (немес аузына су толтыруын) және бұл кезде тыныс алып көруін сұрайды; ауа қимылын бақылау үшін науқастың танауларына борпылдақ мақталы білтені немесе құрғақ стоматологиялық айнаны жақындатады. Егер мұрын арқылы тыныс алу мүмкін болса, онда үйреншікті ауыз арқылы тыныс алудың жалғыз себебін аузын жабатын бұлшықеттер тонусының төмендеуі деп есептейді, оны арнайы миогимнастика немесе бақылаушы шаралар көмегімен емдеу қажет. Егер мұрын жолдарының өтпейтіндігі анықталса, онда науқасты терапевтке, педиатрға (ЖРА жағдайында) немесе оториноларингологқа(созылмалы патология кезінде) жібереді. ЛОР-сауықтырудан кейін науқасты қайта тексеруге шақырады, егер тыныс алу қызметі қалпына келтірілсе, оған миогимнастика курсын ұйымдастырады.
Жұтыну қызметі
Жұтыну қызметі күрделі қимыл болып табылады, ол көптеген бұлшықеттер жұмысының жақсы координациясы кезінде мүмкін болады. Тістесудің қалыптасуына ықпал көзқарасы бойынша, бұл жиынтықта ең маңызды орынды тіл алады.
Тілдің мөлшерлерінің елеулі маңызы бар. Макроглоссия кезінде тіл барлық ауыз қуысын алады, жақын зоналарға жылжиды және онда мүшелер мен тіндерді деформациялайды: тістер арасына салынады және ашық тістесуді қалыптастырады, көмей қақпашығы мөлшерлерін төмендетеді. Үлкейген тілдің контурлары көбінесе тегіс емес, тістердің таңбалары бар, оның шығуы кезінде тілдің ұшы иекке жеңіл жетеді, бұл макроглоссияның клиникалық анықталуын көмектеседі. Бұл ауытқу жиі микседема, кретинезм, гипофизарлы нанизм, Даун ауруы кезінде орын алады. Цефалометрия мәліметтерімен дәлелденген шынайы макроглоссия жағдайында ашық тістесуді алдын-алу (емдеу) үшін тілдің резекциясы операциясы жүргізіледі. Микроглассия кезінде тіл ауыз қуысының үлкен емес бөлігін алады, тыныштық кезінде тістерге жанаспайды, шыққан кезде төменгі күрек тістерге қиындықпен жетеді. Ауыз қуысы түбі көтеріңкі, оның бос бөліктері тілдің екі жағынан көрінеді. Тіс доғасы тілдің центрден тепкіш қысымын сезбейді және сондықтан қалыпты мөлшерлерге жетпейді. Нәтижесінде премолярлар тығыз жарып шығады, үшінші молярлар төменгі жақ бұрыштарында орналасады, бүйір сегменттердің тістері орталық сызыққа ығысады және еңкейеді, төменгі күрек тістер оральды, жоғарғы күрек тістер – лабиальды бағытта еңкейеді. Балада гипоглоссияның болуы оның ортодонтта тұрақты бақылау қажеттілігін ұсынады.
Жұтыну кезінде тірек зоналарына тілдің бұлшықеттерімен көрсетілетін қысым 300-800 г/см2 жетеді, сондықтан жұтыну патологиясы өте маңызды басқарылатын қауіп-қатер факторы ретінде қарастырылады. Жұтыну туа пайда болған қызмет болып табылады, бірақ жас келе жұтыну нормасы ауыз қуысында өзгеретін жағдайларға сәйкес өзгеруі қажет және осылайша тістесудің дұрыс қалыптасуына жағдай жасайды. Бала тіссіз жақтарға және алты айлық жасқа дейін баланың тағамды табудың негізгі тәсіліне – соруға бейімделген жұтынудың қалыптасқан инфантильді түрімен дүниеге келеді. Қалыпты даму кезінде тістер жарып шыққаннан кейін тіл функциональды және позиционды қайта құруға ұшырайды: ол біртіндеп артқа ығысады, жұтыну кезінде фронтальды тістермен (қалыпты тыныс алудың аралас түрі), кейін – таңдайлық-альвеолярлы зонамен қатынасуға үйренеді (соматикалық түрі). Аралас жұтынудың соматикалық деңгейіне дейін «жетілуінің» өтпелі кезеңі қалыпты жағдайда бала өмірінің 4-5 жасына таман аяқталады.
Соматикалық жұтынудың циклі төрт фазадан тұрады.
І фаза. Тілдің жоғарғы беткейінің алдыңғы үштен бір бөлігі жазық немесе ойыс. Тағамдық түйір тілдің алдыңғы үштен бір бөлігі жазықтығында немесе тіласты зонада, артқа ығысқан тілдің алдында жиналады. Тіл арқасының артқы бөлігі иілген, жұмсақ таңдаймен тығыз байланысады (тағам жұтылмайды!). Бұл фазада еріндер мен тістер жиі жымдаспаған.
ІІ фаза. Тілдің арқасы кішкентай науа түрінде бүктеледі немесе ортаңғы үштен бір бөлігінде майысады. Тілдің ұшы жоғарыға қимылдайды. Жұмсақ таңдай көтеріледі және артқа ығысады, бұл кезде екі саңылаулар: таңдайлық-тілдік және таңдайлық-жұтқыншақтық түзіледі. Тағамдық түйір артқа жылжиды. Еріндер мен алдыңғы тістердің жеңіл жымдасуы байқалады.
ІІІ фаза. Тілдің алдыңғы бөлігі қатты таңдайға қысылады. Тілдың арқасының артқы үштен бір бөлігі тағамдық түйірге жұтқыншаққа кіруді аша отырып, төмендейді. Жоғарғы жұтқыншақтық констриктор жиырыла бастайды, жұмсақ таңдай иіледі – таңдайлық-жұтқыншақтық жымдасу қалыптасады, яғни мұрынжұтқыншақ пен ауызжұтқыншақтың ажыратуы. Тістер мен еріндер жымдасқан.
ІV фаза. Тілдің арқасы жоғарыға иіледі және артқа жылжиды. Жұтқыншақ пен жұмсақ таңдайдың тіндері төменге және артқа ығысады. Нәтижесінде тағамдық түйір тіс сықпасы тубадан сығылғандай ауыз жұтқыншақ деңгейінен кетеді.
Дегенмен, жұтыну қызметінің дер кезінде жетілуі барлық жағдайларда бола бермейді: инфантильді жұтыну үш жастағы балалардың 90%-ында және он екі жастағылардың 3%-ында сақталады. Патологиялық инфантильді жұтыну соматикалықтан екінші және үшінші фазада ерекшеленеді: тіл артқа ығыспайды, керісінше, алдыға тартылады, тістер арасына салынады және өзімен бірге ерін саңылауын тұйықтайды (бұл кезде еріндер мен тістердің қалыпты байланысы болмайды). Тіл еріннен итеріледі, периоральды бұлшықеттер – ауыздың айналма бұлшықеті, ұрттық, иектік - ширыққан. Патологиялық инфантильді жұтыну кезінде жиі оймақ немесе гольф үшін доп симптомы байқалады: егер теріге иектік бұлшықеттің талшықтары қосылса, онда оның жиырылуы кезінде иекте тартылулар, шұңқырлар түзіледі. Мұндай жұтыну кезінде тіл жоғарғы және төменгі жақ тіс доғаларының фронтальды бөліктеріне вертикальды қысым көрсетеді, нәтижесінде альвеолярлы өсінділер вертикальды саңылауды түзе және ашық тістесуді қалыптастыра отырып жоғары және төмен иіледі. Жұтыну қызметіне қатысатын бұлшықеттердің дискоординациясынан тіс доғаларының дистальды бөліктері дамуға қажетті стимулдарды алмайды және тарылған болып қалады.
Патологиялық инфантильді жұтынудың себебі тілдің алдыңғы қалпы болуы мүмкін: ауыз арқылы тыныс алу кезінде ауаның өтуі үшін кеңістік үлкейеді, жұтқыншақ бадамшаларының гипертрофиясы кезінде – тағамдық түйірдің жұтқыншаққа жылжуы жеңілдейді. Жұтыну қызметінің толық дамымауының басқа себептері ішінде макроглоссияны, тіл бұлшықеттері тонусының бұзылысын, бөтелкеден ұзақ қоректендіруін, тілді үйреншікті соруын, қатты тағамға бейімділігінің болмауын, тістесудің ауытқуларын, ОЖЖ патологиясын атайды.
Инфантильді жұтынуды анықтау клиникалық зерттеу кезінде жұтыну уақытында тіл ұшының алдыңғы қалпын анықтауға негізделеді. Дәрігер қолдарымен баланың еріндерін тартып және ұстап тұрады, оған сілекейді жұтынуын сұрайды, бұл кезде бала тілін тістер арасына салмай ма соны бақылайды. Жұтыну патологиясының басқа маңызды белгісі оймақ сиптомы болып табылады. Ең анық ақпаратты миография, палатография (таңдайда бояумен немесе қалыптық материалмен жабылған тілдің таңбаларын алу), рентгенография және т.б. әдістерін қолдана отырып алуға болады.
Аралас патологиялық жұтыну кезінде қызметтің бұзылысы мен олардың себептері инфантильді жұтыну кезіндегімен сәйкес келеді, өзгешелігі ІІІ фазада тіл тістер арасына салынбайды, оларға тіреледі. Тістерге тұрақты қысымның нәтижесінде жақтардың фронтальды бөліктерінің артық өсуі, тістердің вестибулярлы иілуі, олардың арасында тремалардың болады. Клиникалық зерттеу кезінде жұтынудың ІІІ және IV фазаларында жоғарғы және төменгі жақ тістері тығыз қысылған, ал тіл кең тісаралық кеңістіктерге енеді.
Стоматолог ата-аналарды сау балада жұтынудың қалыптасуы көбінесе оны қоректендіруді ұйымдастыруға байланысты екеніне сендіру қажет. Ата-аналар баланың рационына азықтың консистенциясы бойынша қатты түрлерін дер кезінде (өмірінің 4-5 айларында) енгізуі қажет, баланың аузына қасықты салмай, бірақ оны қасықтан тағамды еріндерімен алуын үйрету, тағамды сумен ішуіне рұқсат етпеу, қатты және сұйық тағамға баланың таңдамалы қатынасын тоқтату және т.б.
Жұтынуды қалпына келтіру үшін бұл қызметтің толық дамымауының барлық объективті алғы шарттарын анықтау және мүмкіншілігінше жою қажет: тыныс алуды қалпына келтіру, миогиимнастиканың арнайы жиынтықтары көмегімен бар тіс-жақ ауытқуларын жою, тіл бұлшықеттері тонусын жоғарылату және осылайша дұрыс жұтыну стереотипін жасау. Кейбір жағдайларда жұтынуды дұрыстау үшін тілдің алға жылжуына кедергі жасайтын арнайы ортодонтиялық аппараттарды қолдану қажет.
Сору қызметі және онымен байланысты оральды әдеттер
Сору рефлексі туа пайда болған болып табылады: ультрадыбыстық зерттеу анасының құрсағында дамудың 18-ші аптасынан бастап ұрық қолының бас бармағын соратынын көрсетеді. Туылғаннан кейін сору қызметі дамиды, өзінің максимумына өмірінің 3-6 айына таман жетеді, ал 6-айлық жастан бастап жоғала бастайды және 1 жасқа таман толық жойылу қажет.
Сору қызметінің негізгі физиологиялық ролі – нәрестенің табиғи (емшекпен) немесе жасанды (мүйізді) қоректендіруді қамтамасыз ететін тағамдық. Бұдан басқа, сору көмегімен бірқатар басқа міндеттер шешіледі. Сорудың айқын седативті әсері белгілі: ол балаға тыныштануға, ішкі және сыртқы проблемаларға бейімделуіне көмектеседі, рақаттылық береді. Психологтар бұл рефлекстің танымдық ролін атап көрсетеді: бір жасқа дейін оральды зона рецепторларға ең бай болып табылады деп есептейді, сондықтан бұл жастағы балалар жиі зерттелетін заттарды аузына салады. Қалыпты сору жақ-бет аймағы мускулатурасының дамуына септігін тигізеді, балалық ретрогения жағдайынан төменгі жақты шығаруға көмектеседі және тістесудің қалыпты дамуын анықтайды.
Сору қызметі кейбір маңызды жағдайларды орындау кезінде аталған міндеттерді тиімді шешеді. Бала емшек сүтін тиімді сору үшін оның мұрынмен тыныс алуын қамтамасыз ету қажет: алдын-ала мұрын жолдарын тазалау, қоректендіру кезінде сүт безін баланың мұрнын жаппау үшін ұстап тұру қажет. Жасанды қоректендіру кезінде тағамы бар бөтелкені баланың иегін баспайтындай ұстау қажет. Тістесуге сорудың жағымды әсері және оның седативті әсері сүтті алушы бала жеткілікті ұзақ уақыт мерзімінде (10-15 мин) айқын қолдан келетін қиыншылықтарды жеңу жағдайында жұзеге асырылады. Сондықтан, егер табиғи қоректендіру кезінде сүт бездің жолдарынан жеңіл ақса, бірінші, ең «бағалы» порцияларды ағызып алу қажет, қажет жағдайда қоректендірудің соңында оларды балаға бөтелкеден выпоить беру суару. Жасанды қоректендіру кезінде баланың сору қимылдарының қарқындылығы емізіктегі тесіктің санымен және мөлшерімен анықталады: 4-6 нүктелі тесіктері бар емізікті қолдану ұсынылады (егер олар үй жағдайында жасалса, онда ол үшін жұқа тігін қатты қыздырылған инені қолдану қажет).
Егер емшектегі бала сорудың седативті әсері басталғаннан бұрын тойса, онда «жетпейтін» 5-10 минутқа оған бос резеңке емізікті береді. Ортодонттардың белсенді қатысуымен бірнеше маңызды талаптарға сәйкес келетін «физиологиялық» бос резеңке емізіктің үлкен ассортименті шығарылды:
· емізіктер баланың жасына сәйкес мөлшері бойынша ажыратылады: «мини»-емізіктер жаңа туған нәрестелерге есептелген, орташалары 4 айдан 1 жасқа дейінгі балаларға арналған;
· мүйіз қоректендіру кезінде емшектің ұшының түріне сәйкес келеді және сондықтан шиеге немесе қиылған тамшыға ұқсас (соңғылары әсіресе жасанды қоректендірудегі және балалық ретрогения жағдайынан баяу шығатын балаларға жақсы, өйткені бала төменгі жақты алға жылжытуға мәжбүр);
· мүйіз иілгіш және серпінді (бірақ қатты емес!) болуы қажет, ол үшін оны латекстен немесе жұмсақ резинадан дайындайды, ал негізінде ауаны шығарушы клапан жасайды;
· арматураның пластмассалық бөліктері – бос резеңке емізіктің бекіткіштері мүйіздің ішіне шығып тұрмау қажет;
· бос резеңке емізіктің қалқаны баланың ауызмаңы аймағының контурларына сәйкес келуі қажет, яғни мүйіздің айналасында С-тәрізді қисайған болуы қажет.
Бірқатар жағдайда сору рефлексінің негізінде патологиялық оральды әдеттер (парафункциялар) пайда болады, олар тістесудің қалыптасуы кезінде жағымсыз роль атқаруы мүмкін. Ең кең таралған «бос резеңке емізікті» ұзақ сору, бірақ жиі олардың ролін тіл, еріндер, ұрт, қол мен аяқтың әр түрлі саусақтары, карандаш, қалам және т.б. атқарады. Бос резеңке емізікті немесе қолдың үлкен (жазылған) саусағын сору кезінде қалыптасушы сүйектерге ауытқулы факторлардың толық қатары әсер етеді:
· қатты таңдайдың аймағы тікелей қарқынды механикалық ынталандыруға ұшырайды, оның нәтижесі жақаралық сүйектің артық дамуы, жоғарғы жақ альвеолярлы доғасының кеңеюі және жоғарғы күрек тістердің протрузиясы болып табылады;
· еріндердің тонусы өзгереді: жоғарғы ерін босаңсиды, ал төменгі артық қатаяды, жоғарғы тістердің протрузиясына және төменгі күрек тістердің ретрузиясына әкеледі;
· жұтынудың ІІІ және фазаларында тіл үйреншікті тірегін таппайды және алға жылжиды, нәтижесінде патологиялық инфантильді жұтыну қалыптасады;
· ұрттың тонусы жоғарылаған, бұл альвеолярлы доғалардың бөлек бөліктеріне теріс қысым жасайды және олардың қалыпты дамуын тежейді – тіс доғаларының тарылуы байқалады;
· мұрын қуысы түбінің қалыпты төмендеуіне механикалық кедергілер жасалады, оның нәтижесі «готикалық» таңдайдың қалыптасуы болып табылады.
Бүгілген саусақтарды, карандаштарды және т.б. сору кезінде тістесу патологиясы жақтардың нақты бөліктеріне бұлшықеттермен, затпен көрсетілген механикалық қысымның сипатына байланысты қалыптасады. Осылайша, төменгі ерінді тістеу және сору төменгі доғаның алдыңғы бөлігінің ұлғаюына әкеледі (және күрек тістердің тығыз орналасуына) және жоғарғы күрек тістердің алға жылжуына. Жоғарғы ерінді сору жоғарғы жақ күрек тістерінің таңдайлық иілуіне септігін тигізеді. Ұртты сору тіс доғаларының бүйір бөліктерінде тарылуына әкеледі. Тілді сору және оны тістер арасына салу вертикальды жазықтықта бұзылыстарды тудыруы мүмкін, ашық тістесудің қалыптасу себебі болуы мүмкін. Тістесу бұзылысының айқындылық дәрежесі парафункция қайда (біріншілік немесе екіншілік шеміршектер зонасында), қашан (тістесу қалыптасуының қай кезеңінде), қашаннан және қандай қарқындылықта әсер етеді.
Патологиялық оральды әдеттер баланы ұзақ бақылаған кезде жеңіл анықталады, оған үйреншікті жағдайда, сондықтан балада парафункцияның болуы туралы ақпаратты стоматолог оның ата-анасынан, тәрбиешіден және т.б. сұрай алады. Балада оральды парафункцияның болуын стоматологиялық тексеру барысында кейбір ерекше (бірақ патогномониялық емес!) белгілер анықталғанда күдіктенуге болады: қысым жағына тістердің ығысуы немесе ауытқуы, тіс қатарларының қисаюы, тістер арасында саңылаулар болуы, төменгі жақтың ығысуы, қабыршықтары болумен еріннің құрғақтығы, саусақтар мен тырнақтар түрінің өзгеруі және т.б. Диагнозды дәлелдеуге қабылдау кезінде үзілістерде баланы жасырын бақылау көмектеседі, оған аузын жабуға және демалуға мүмкіндік беріледі.
Әр түрлі жас кезеңдерінде оральды парафункциялардың қалыптасу себептері ішінде ең мүмкіні келесілер:
· ашығу (ad libidum қоректендіру кезінде патология дамымайды деп есептейді);
· рефлекстің қанағаттанбауы (аса тез тою);
· Фрейдтың теориясына сәйкес эрогенді оральды зонаның қалыптасуына септігін тигізетін туа пайда болған сексуальды қажеттіліктер;
· қорқыныш, жабырқау, қауіп-қатер сезімі;
· ата-анасы көңілінің жетіспеушілігі (бала оны өзіне тыйым салатын мінез-құлық көрсетумен аударуға тырысады).
Жағымсыз оральды әдеттердің пайда болуын алдын-алу үшін қажетті жағдайлар баланы тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыру болып табылады: ата-аналар емшекпен қоректендіру бойынша ұсыныстарды орындау қажет, қасықтан прикомды дер кезінде беру, баланы шыны аяқтан ішуге үйрету.
Баланың психикалық және физикалық дамуы үшін қалыпты жағдайлар жасау өте маңызды, сергек бала үнемі өзінің жасына сәйкес қызықты іспен айналысады. Ата-аналар мен педагогтар баланың ішінде және айналасында психологиялық комфортты жасау туралы ойлау қажет, оған тыныштануды парафункцияларда іздемеу үшін. Мысалы, кешкі немесе түнгі емізіксіз өтуге сергітуден ұйқыға біртіндеп «салттық» өтуді ұйымдастыру көмектеседі: соңғы коректендіруді ұйқыдан бір сағат бұрын өткізіп, қоректендіруден кейін баланы тыныш ойындармен алдандыру немесе онымен бірге жай серуенге шығу, ал содан кейін сүйікті ойыншықтарымен бірге ұйықтауға жатқызу, кешкі дәретхананы орындау, балаға бесін жырын айту кеңес береді. Мектепке дейінгі жаста балада қорқыныш, өзіне сенбеушілік сезімі және т.б. пайда болуының бірінші белгілерін дер кезінде байқау қажет және балаға олардан құтылуға көмектесу қажет.
Қалыптасқан жағымсыз әдеттерден баланы емдеу де этиотропты болуы қажет және сондықтан негізінен педагогикалық және психологиялық көмек шараларына. Бұрын танылған тыйым салатын шаралар (емізікті алу, қолына резиналы тікенектері бар қолғап кигізу, лангета көмегімен шынтақ буыны қимылсыз ету және т.б.), баланы оның әдеттерінен сирек құтқарды. Тасталған емізіктің немесе саусақтың орнына көрпенің бұрышы, тіл және т.б. келді, ата-ананың «жеңісі» жағдайында бала ауыр күйзелістік жағдайда түседі. Бүгін стоматологтардың көпшілігі өз науқастарының психологиялық проблемларына құрметпен қарайды, сондықтан баланы оральды әдеттері «бейбітшілік» жолмен жойылмаған жағдайда балалардың жағымсыз әдеттерден қатаң құтылу мерзімдері мектепке дейінгі жасқа шегіндіріледі. 5-7 жастағы бала түсіндіруді дұрыс қабылдауға қабілетті, оны өзін бақылауға жұмылдыруға болады (соның ішінде – күнделік жүргізу көмегімен), оған мадақтаудың қолайлы жүйесін жасау (жаза емес!) және т.б. Қажет жағдайда арнайы ортодонтиялық аппараттар қолданылуы мүмкін.
Шайнау қызметі
Бұл қызмет туа пайда болған болып саналмайды, ол біртіндеп баланы қоректендіру сипатымен тығыз байланыста қалыптасады.
Шайнау кезінде сүйектерге жұмсалатын шайнау бұлшықеттерінің күші мен қысымы тістесудің сапасын анықтайды. Мысалы, m.masseter әсерінен төменгі жақтың бұрышы біртіндеп өзгеретіні; m.temporalis төмендеген қызметі кезінде төменгі жақтың тәжді өсіндісінің қалыптасуы бұзылатыны, ал екіншілік адентия кезінде жақтардың тіссіз бөліктерінде альвеолярлы өсінділер атрофияланатыны белгілі. Шайнау жақ-бет аймағы тіндерінің қанмен қамтамасыз теілуне әсер етеді.
Педиатрлар мен стоматологтардың ұсыныстарына сәйкес өмірінің 3-4 айларынан бастап бала сұйық ботқа тәрізді азық (жемісті пюре, ірімшікті немесе желтковая қоспа), тістердің жарып шығуына байланысты – қаттылау тағам (қара наннан кептірілген нан) қабылдауы қажет, оны тістеу, ауыз қуысында біркелкі тарату, шайнау қажет. Бұл кезде балаға тағамды сумен ішуін ұсынуға болмайды. Бала тағамды еріндерін жымдастырып шайнауын қадағалау қажет.
Осы қарапайым ережелердің сақталмауы кезінде бала тағамды бөтелкеден 3-5 жасқа дейін талап етеді, онда патологиялық шайнаудың әлсіз түрі қалыптасады, бұл кезде шайнау (және жұтыну) фазалары бұзылады, шайнау қысымы біркелкі емес таралады, шайнау қимылдарының саны жоғарылайды, ал шайнау тұтас алғанда тиімсіз. Сирек патологиялық асығыс шайнау кездеседі: бала тез шайнайды, ерін мен ұрттың кілегей қабығын тістеп алады, тағамды жеткіліксіз шайнайды және ірі кесектерді жұтады. Тістердің бұзылысы кезінде әдеттегі патологиялық бір жақты шайнау және алдыңғы тістермен шайнау қалыптасуы мүмкін. Шайнаудың парафункциясы бруксизм немесе тістермен қайрау болып табылады – тағам қабылдағаннан тыс артық шайнау күші, жиі ұйқы кезінде.
Шайнау мускулатурасының функциональды белсенділігінің төмендеуі және дисбалансы кезінде жақтар қажетті дамымайды, тіс доғалары тарылған болып қалады, тістер тығыз орналасады. Шайнау патологиясының басқа нәтижесі уақытша тістердің табиғи қажалуының кідіруі (бруксизм кезінде – жылдамдауы) болып табылады, патологиялық тістесудің қалыптасуы мүмкін болады: дистальды, терең, айқасқан.
Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 992 | Нарушение авторских прав
|