Status praesens communis.
Anamnesis morbi
Науқас өзін 10 жылдан бері гипертония ауруымен ауырамын деп есептейді. Алғаш рет қан қысымы 2000 жылы көтерілгені байқалған, АҚҚ 150/95 мм с.б. болған. Амбулаторлы ем қабылдаған: Энап 5мг, Индап 2,5 мг, Валериана. Ем алғаннан кейін АҚҚ 130/90 мм с.б. дейін тұрақталған. Науқас тағайындалған гипотензивті дәрілерді тұрақты түрде қабылдамауына байланысты стресстен кейін және ауа райы өзгергенде АҚҚ 170/100 мм с.б. көтерілген.Соған байланысты жылына 2 рет стационарда ем алып тұрған. Науқасқа амбулаторлы түрде Энап Н 10мг, Конкор 10мг, Вальсартан 10мг тағайындалған,бірақ науқас бұл дәрілерді қан қысымы 150-ден жоғары болғанда ғана қабылдап, тұрақты түрде қабылдамаған. Күн тәртібін, диета сақтамаған. 2010 жылы қазан айында корпоративті кештен кейін жүрек тұсында қысып ауырғандық, ауа жетіспеуі байқалған. Соған байланысты жедел жәрдем шақырып, ЭКГ-да инфаркт белгісіне байланысты облыстық жедел жәрдем ауруханасында стационарда, кардиология бөлімшесінде ем алған. Стационардан шыққаннан кейін науқаста ентігу, кешке таман аяғының ісінуі пайда болған. Осыған байланысты науқас аптасына 2 рет Фуросемид қабылдап тұрған. Ем нәтижесіз болып, аяқтарындағы ісіну және ентігудің күшеюіне байланысты стационарда ем қабылдаған: Лизиноприл 10мг, Конкор 10мг, Вальсартан 10мг, ТромбоАС 50мг түнге қабылдағанда жағдайы ауруханадан жағдайы жақсарып шыққан. Тұрақты түрде Энап, Иднап қабылдаған. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған шағымдармен 12.02.2012ж. аймақтық дәрігерге көрінді. Өз жағдайының нашарлауын стресспен байланыстырады.
Anamnesis vitae
Науқас 1957 ж. Ақтөбе облысы, Мартук ауданында дүниеге келген. Бала кезінде балабақшаға барған, жұқпалы аурулармен ауырғаны есінде жоқ. Мектепке 7 жасында барған, дене шынықтыруға қатысқан. Армияда Молдавияда болған. Келген соң Орал қаласындағы ауыл-шаруашылық институтында малдәрігерлік факультетін бітірген. Кейін мамандығы бойынша 10 жылдай Мартук ауданында жұмыс жасаған, одан кейін автобус жүргізушісі болып жұмысқа орналасқан. Өзі 4 баланың кенжесі. 2010 жылы қазан айында миокард инфарктісімен облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатып шыққан. Әлеуметтік жағдайы қанағаттанарлық, жолдасы бар, 5 баласы бар.
Тұқымқуалаушылық анамнезі: Анасы ЖИА, гипертониялық аурумен ауырып қайтыс болған.
Эпидемиологиялық анамнезі: Туберкулезбен, Боткин ауруы, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған, контактіде болмаған. Зиянды әдеттері: темекі шегеді 20 жасынан бастап. Ішімдік мейрамдарда қолданады.
Аллергоанамнезі: Ерекшеліксіз.
Status praesens communis.
Науқас жағдайы орташа ауыр, санасы ашық, төсектегі қалпы активті. Сөйлеуі дұрыс. Көздері қызарған. Тері жамылғысының түсі бозғылт, бөртпелер пен қасыған іздер анықталмайды. Кілегей қабықтарының түсі қалыпты, тілі ақ жабындымен жабылған. Шеткі лимфа түйіндері қалыпты, мойнында патологиялық пульсация анықталмайды. Конституциясы-гиперстеник. ИМТ-38.
Мүшелеп қарау
Тыныс алу жүйесі
Тыныс алу мұрын арқылы, кеуде клеткасы симметриялы, дұрыс пішінді, тынысқа кеуденің екі жағы да қатысып тұр.
Пальпацияда: Кеуде аумағында ауырсыну анықталған жоқ. Дауыс дірілі екі жақта да бірдей, қалыпты.
Перкуссияда: Салыстырмалы перкуссияда өкпеде ашық дыбыс. Топографиялық перкуссияда өкпе шектері қалыпты.
Аускультацияда: Өкпеде везикулярлы тыныс. Сырылдар мен плевра үйкеліс шуы естілмейді.
Жүрек-тамыр жүйесі
Қарағанда мойын аймағында, эпигастрий аймағында патологиялық пульсация анықталмайды.
Пальпацияда: жүрек ұшында "бөдене ырғағы", "мысық пырылы" феномені анықталмайды.Пульс-110 р/мин, екі жағында да бірдей.
Перкуссияда: жүректің сол жақ шекарасы бұғанадан 1 см ығысқан.
Қалыпты жүрек шекаралары қалыпты.
Аускультацияда: жүрек тондары ырғақты, тынықталған. АҚҚ-180/110 мм с.б. ЖСЖ-110 р/мин.
Асқорыту жүйесі
Қарағанда эпигастрий пульсациясы, ішінде операциялық тыртықтар, қасыған іздер, «медуза басы» феномені анықталмайды.
Пальпацияда: Іші жұмсақ ауырсынусыз, жұмсақ.
Перкуссияда: Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Бауырдың Курлов бойынша өлшемі 9*8*7
Аускультацияда: ішек перистальтикасы естіледі. Үлкен дәрет күніне 1 рет, еркін.
Зәр шығару жүйесі
Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Қарағанда ісінулер байқалмайды. Бүйректер пальпацияланбайды. Екі жақта да қағу сиптомы теріс мәнді.
Нерв жүйесі
Санасы ашық, сөйлеуі дұрыс, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп отыр. Қарашық рефлекстері қалыпты. Менингеальды симптомдар анықталмайды.
Алғашқы диагнозды негіздеу.
Гипертониялық синдром: басының ауруы, желкесінің тартуы, көзінің қарауытуы. Кардиалгиялық синдром: жүрек тұсының ауырсынуы, ауырсынудың сол қолға таралуы.
Диспепсиялық синдром: жүрек айну, құсу
Астено-вегетативті синдром: жалпы әлсіздік
Тексеру жоспары:
А. Лабораториялық:
1. Жалпы қан талдауы.
2. Жалпы зәр талдамасы, Нечипоренко бойынша зәр талдамасы.
3. Биохимиялық қан талдауы: жалпы белок, липидтер, тригдицеридтер, креатинин, мочевина деңгейін анықтау.
Б. Инструментальды:
1. Электрокардиограмма.
2. ЭхоКГ.
3. Коронарография.
4. Кеуде қуысының жалпы шолу рентгенограммасы.
6. УДЗ: бүйректер.
7. Окулист консультациясы.
8. Невролог консультациясы.
Лабораториялық тексеру нәтижелері:
Жалпы қан анализі
Гемоглобин
| 145 г/л
| Эритроциттер
| 5,5*1012л
| Түстік көрсеткіш
| 0,9
| Гематокрит
| 40%
| ЭТЖ
| 5 мм/сағ
| Лейкоциттер
| 4*109л
| Нейтрофилдер
| Сегмент ядорлы
| 68%
| Таяқша ядролы
| 5%
| Моноциттер
| 5%
| Эозинофилдер
| 2%
| Базофилдер
| 0%
| Лимфоциттер
| 20%
|
Қорытынды: Жалпы қан анализі өзгеріссіз.
Жалпы зәр анализі
Түсі
| Ақшыл сары
| Мөлдірлігі
| Мөлдір
| Салыстырмалы тығыздығы
|
| Лейкоциттер
| 1-2 к/а
| Цилиндрлер
| 3-4 к/а
| Белок
| Анықталған жоқ
| Глюкоза
| Анықталған жоқ
| Реакция
| Қышқыл
|
Қорытынды: Ерекшеліксіз.
Нечипоренко бойынша зәр талдауы:
Емі:
1.Медикаментозды емес ем:
А.Зиянды әрекеттерден арылту(Темекі шегуден бас тарту,алкоголь ішуден бас тарту)
Б.Дене массасын азайту(Айына 3кг лақтыру)
В.Еңбек және демалыс тәртібін сақтау.
Г.Аәробты типті дене шынықтырулар
Д.Релаксация әдістері,аутогенді жаттығулар,стресс жағдайында өз өзін қалай ұстауға үйрету.
Е.Диета №1 ас тұзын тәулігіне 5-6гр дейін азайту, қоректік тағамды калий,магний,кальций байыту,тағамның калориялығын азайту,майлы тағамдарды шектеу,көмірсуларды азайту,тәулік бойы сұйықтық көлемін 1-1,5литрге дейін азайту.
2.Медикаментті ем:
Энап Н 10мг
Канкор 10мг
Нитроглицерин 0,5мг тіл астына ұстама кезінде қабылдау
Еңбекке жарамсыздықты аңықтау:
Науқас ІІІ-топ мүгедектігі анықталады.МӘСК бойынша берілген 2011жылы.
Қолданылған әдебиеттер
1)Қ.А. Жаманқұлов Ішкі аурулар
2)К.А.Святкина
Е.В.Белогарская
Н.П.Кудрявцева Внутренние болезни
3) А.И.Воробьева Справочник практического врача.
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 489 | Нарушение авторских прав
|