АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Жеделдетiлген нормалау . 4 страница

Прочитайте:
  1. B)новокаинмен жансыздандыру 1 страница
  2. B)новокаинмен жансыздандыру 2 страница
  3. B)новокаинмен жансыздандыру 3 страница
  4. B)новокаинмен жансыздандыру 4 страница
  5. B)новокаинмен жансыздандыру 5 страница
  6. B)новокаинмен жансыздандыру 6 страница
  7. B)новокаинмен жансыздандыру 7 страница
  8. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 1 страница
  9. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 10 страница
  10. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 2 страница

Аурулардың алдын алуда халықтың салтын, әдет-ғұрыптарын, жөн-жосықтарын орындаудың маңызы зор болды. Мысалы, ұл балалар сүндетке отырғызылды, ер адамдарға әйелінің етек кірі келген кездерде жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат етілмеді, дәретке барғаннан кейін дәрет алу міңдетті түрде болды, туыстардың арасында жеті атаға дейін некелесуге рұқсат етілмеді. «Өлген малдың етін, қанды, доңыздың етін, буынып өлген, соққыдан, биіктен құлап өлген, мүйізбен сүзіп өлтірген малдың етін» тағамға қолдануға тиым салынды. Жылына бірнеше рет ораза ұстап отырды.

Босануына 40 күн қалғанда, жүкті әйелді ауыр жұмыстан, ораза ұстаудан босатқан. Жаңа туылған баланы тұзды суға шомылдырған, одан кейін ұнтақталған қалампыр, зімбір, калғанқосылған ерітілген қойдың майынан тұратын жақпа маймен майлаған, уқалап отырған. Шала туылған жас балаларды, температура тұрақты сақталатын, түлкі тұмаққа салып жылытқан. Жаңа туған баланы бесікке салған. Бесіктің сүйектен жасалған арнайы зәрді өткізетін түтігі болған, соның арқасында баздану болмаған. Жаңа, жас туылған баланы қырық күнге дейін бөтен адамдарға көрсетпеген, бұл әр түрлі жұқпалы аурулар жұғуының алдын алуға ықпал етті.

Алдын алу жөнінде дұрыс кеңестерді көбінесе молдалар беріп отырды, себебі, олар сауаттылау болды және талай емдеу, шөппен емдеу мәтіндерінің мазмұнын білді.

Бірақ шешектін, обаның, тырысқақтың, алапестің және басқа да жұқпалы аурулардың жаппай эпидемиялары пайда болған кезде, халық мұндай аурулардың алдында дәрменсіз болып қалатын. Халық емшілері аурудың ауа арқылы, ауру адаммен және оның заттарымен жанасқанда жұғатынын білген. Сондықтан, шешек және обамен ауырған адамдарды оқшаулаған, олар үшін жеке ыдыстар бөлген. Қажет болған жағдайда, барлық тұрғындар бос жерлерге көшетін, ал науқастарды осы аурумен бұрын ауырып жазылған туыстарымен бірге сол жерде қалдыратын. Өлген адамдардың сүйектері мен заттары сол орнында өртеліп отырған. Егер ауру барлық жанұяларға жайылған болса, ауыл шетіне, адамдардың келуіне тыйым салатын, қара мата байланған биік сырық қойылады. Шешектің дамуының және оның ауыр ағымының алдын алу үшін шешектен сауығып келе жатқан адамның көйлегін кигізген. Иммундаудың бұл өзінше бір әдісі көмектесетін, бірақ барлық уақытта да емес.

Орта ғасырларда Қазақстанда талай гүлденген қалалар пайда болды. Ертедегі жібек жолында Отырар, Тараз, Жаркент, Түркістан, Созақ және т.б. қазақ қалалары тұрды. Қазақстан қалаларының санитарлық тұрғыдан жоғары абаттандырылғандығы туралы археологиялық қазбалар дәлелдейді. Мысалы, Отырар мен Тараз қалаларында саздан жасалған су тасымалдайтын құбырлар жүйесі, моншалар, канализация су ағарлары болған.

Қазақстанның мәдени орталықтарының бірі Отырарда (бұрын Фараб болған) атақты ойшыл, ғалым-энциклопедист, философ және дәрігер, қыпшақ жауынгерінің ұлы Әбу Насыр Әль –Фараби (870-950 жж.) дүниеге келді және бастапқы білімін алды. Әль-Фарабидің мұрасы 160 трактаттарды құрады, олардың бір бөлігі медицинаға арналған. Әль-Фараби жеке бас гигиенасын сақтауды, тұрғын үйді таза ұстауды, қызуы көтерілген науқастардың ыдыстарын бөлек ұстауды ұсынды.

18 ғасырда Қазақстанда, тек әскер бөлімдеріне ғана қызмет көрсеткен бірінші медициналық қызметкерлер пайда бола бастады. 19 ғасырдың ортаңғы үштен бірінің аяғына дейін Қазақстан аумағында қазақ халқын емдейтін және санитарлық шаралар жүргізетін дипломы бар дәрігерлер болған жоқ. Тек 1825-1826 жылдары Әбілқайырдың шөбересі, сауатты, білімді Жәңгір хан өз хандығында дәрігер лауазымын орнатуға және дәріхана ашуға Николай 1 патшадан рұқсат алды, әскери госпитальда тұрғындарға Халыққа медициналық қызмет көрсету үшін Орынбордың әскери госпитальында қазақ балаларына арналған 4 стипендия ұйымдастырылды және орыс-қырғыз мектептерінен ұл балалар оқуға жіберілді. 19 ғасырдың 60-шы жылдарында аумақтарды губернияларға, уездерге және болыстарға бөлгеннен кейін, дәрігерлердің, фельдшерлердің, әйелдердің босануына жәрдем беретін әйел лауазымдары енгізілді. 70-ші жылдары әрбір ауданда дәрігерлік және фельдшерлік пункттер ашылды, ал 90-шы жылдары тек қана Степной генерал-губернаторлығында земстволық (учаскелік) медицина енгізілді.

Бірақ, уездік дәрігерлердің аздығы, медицинаның нашар қамтамасыз етілуі терең, батыл шаралар жүргізуге мүмкіндік бермеді, осыған байланысты 20 ғасырдың басында да халықтың ауыр әлеуметтік жағдайымен байланысты шешектің, обаның, тырысқақтың, дифтерияның, дизентерияның және басқа да аурулардың жаппай эпидемиясы қаһарын тігуін жалғастара берді.

Ол кезеңде санитарлық ұйымдар және санитарлық дәрігерлер Қазақстанда жоқ болды, ал санитария және гигиена сұрақтарымен саны көп емес практикалық дәрігелер мен фельдшерлер айналысты.

19 ғасырдың аяғында және 20 жүзжылдықтың басында Қазақстанда Ресей университеттерінде жоғары медициналық білім алған, бірінші қазақ дәрігерлері пайда болды, себебі, өзінің оқу орны болмады. Олардың арасында Садуақас Шалымбеков, Нұрғали Ипмағамбетов, Әбубәкір Алдияpoв, Мұхамеджан Қарабаев, Халел Досмұхамедов, Мәжит Чумбалов, Әміре Айтбақин, Санжар Асфендияров, Есенғали Қасаболатов және басқалар болды. Олардың бәрі де емдеу дәрігерлері болса да, ауыр санитарлық-гигиеналық мәселелерді шешуіне тура келді.

5.2.Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру және оның соғысқа дейінгі кезеңде дамуы.

Қазақстан аумағында біртұтас денсаулық сақтау және санитарлық эпидемиологиялық қызметті құру бастамасын 1917 жылғы Қазан Социалистік Революциясы бастады. 1920 жылы 26 тамызда Бүкіл одақтық орталық атқару комитетінің және Халық комиссарлары кеңесінің (ХКК) Декретімен Автономиялық Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Ал, 1921 жылы 20 мамырда бірінші Бүкіл қырғыздық (қазақ) денсаулық сақтау қайраткерлері кеңесінің шешімімен Республиканың денсаулық сақтау Халық комиссариатының құрылымына бірінші рет санитарлық-эпидемиологиялық бөлім енгізілді. Оның құрамына 4 бөлімшелер: санитарлық, эпидемиялық, санитарлық-статистикалық және медициналық-санитарлық ағарту бөлімшелері кірді. Республикадағы барлық санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды жалпы басқару санитарлық-эпидемиогиялық бөлімге жүктелді. Санитарлық-эпидемиологиялық бөлімнің бірінші меңгерушісі болып дәрігер Ю.Я. Геращенков тағайындалды, ал 1923 жылы оның орнына М.М. Чумбалов тұрды.

Санэпидқызметтің міндеттерін, құрылымын, оның құқықтарын бірінші рет анықтаған, сонымен қатар, мамандандырылған санитарлық-профилактикалық мекемелерді құрудың бастамасын бастаған 15.09.1922 жылы шыққан, тарихи маңызды құжат «Республиканың санитарлық органдары туралы» деп аталатын Ресейдің Кеңестік Федеративтік Социалистик республикасының Халық комиссарлары кеңесінің декреті болды. Қазан революциясының және жиырмасыншы жылдардың бастапқы кезеңі автономиялық республикада санитарлық-эпидемиологиялық жағдай ауыр болуымен сипатталды. Бұл азаматтық соғыспен және сол уақыттағы күрделі шаруашылық-экономикалық жағдайлармен байланысты еді. Ол жылдары тырысқақтың, іш және бөртпе сүзектерінің, шешектің, обаның, дифтерияның, безгектің эпидемияларымен, қотырмен, туберкулезбен, ауыр санитарлық жағдайлармен күресу ең маңызды мәселе болды. Әлі жабдықталмаған, материалдық қамтамасыз етілуі нашар, жана дамып келе жатқан санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының барлық жұмысы осы мәселеге бағындырды. 1921 жылдары бүкіл республикада тек 22 санитарлық дәрігер және 3 санитарлық-бактериологиялық зертхана – Орынборда, Ақмолада, Орал қалаларында болды. Губернияларда дезинфекциялық жұмыстар нашар жүргізілді. Дезинфекциялық камералар және дезинфекциялаушы заттар жетіспеді. Губерниялық атқару комитеттері және губерниялық революциялық комитеттері жанынан ауыр эпидемиялық жағдайға байланысты, өте жұқпалы аурулардың эпидемиясымен күресуге арналған, республиканың барлық күштері мен құралдарын жұмылдырған, төтенше санитарлық комиссиялар құрылды.

Жиырмасыншы жылдардың басындағы эпидемиямен және ашаршылықтың салдарымен күресе жүріп, қалыптасуының бірінші ауыр қадамдарын жеңіп шықаннан кейін, республикадағы санитарлық қызмет әрі қарай дами бастады. 1927 жылы ХКК қаулысымен санитарлық мекемелерде дәрігерлік лауазымдардың нормативтері белгіленді, сонымен қатар, санитарлық органдардың қызметі мен құқықтары кеңейтілді. Атап айтқанда, суды, ауаны, топырақты, елді мекендерді, тұрғын үйлерді, көпшілікке арналған орындарды санитарлық қорғау, тағамдық азықтардың және басқалардың сапасын тексеру соларға жүктелді. Халықтың тұрмысын сауықтыру және халықты гигиеналық дағдыларға әдеттендіру үшін, ауылдық және селолық санитарлық комиссиялар құрылды, орыс және қазақ тілдерінде брошюралар басылды, санитарлық ағарту үйлері ашылды. Ақтөбе, Сырдария губернияларында, сонымен бірге, Қарақалпақ автономиялық облысында және Адай уезінде санитарлық-эпидемиологиялық бөлімнің бөлімшелері ұ йымдастырылды.

Жаңа құрылыстың салынуымен байланысты, елді мекендерді жоспарлау мен абаттандыру жөнінде сұрақтар туды. Аз қуатты су құбырлары Семей, Петропавлда болды, ал қалған қалалар мен ауылдық елді мекендерде тұрғындар суаттардың және құдықтың суын пайдаланды. Канализация мүлде болмады, ассенизациялық арбалар тек Ақтөбеде, Алматыда, Cемейде және Оралда қолданылды. Қоғамдық кір жуатын орындар мен моншалар, іс жүзінде болмады. Елді мекендерден шақырым жерде орналастырылатын қоқыс төгілген жерлерге бақылау жүргізілмеді.

Коммуналдық жабдықталуын жақсарту үшін, бірінші бес жылдықтың жоспарында Алматыда, Ақтөбеде, Оралда, Шымкентте, жаңа өнеркәсіп орталықтарында - Қарағандыда, Ембіде, Лениногорда су тасымалдау құбырларының құрылысын салу белгіленді, сондай-ақ Петропавлдағы су тасымалдау жүйесін кеңейту, республиканың 22 қаласында ассенизациялық арбаларды ұйымдастыру және Қарағандының металлургиялық зауытында канализация салу, кір жуатын орындар мен қоғамдық моншалар салу белгіленді.

1932-1933 жж. республиканың қайтадан астықсыздыққа және ашаршылыққа ұшырауы аса жұқпалы ауралармен аурушаңдықтың жаңадан төтенше өсуіне себеп болды. Олармен күресу үшін 100 аса медициналық бригадалар жұмылдырылды, жаңа дезинфекциялық пункттер, моншалар, биттерді жоятын орындар, жұқпалы аурулар ауруханалары ашылды, іш сүзегіне, шешекке, дифтерияға, скарлатинаға қарсы жаппай вакцина егу жүргізілді. Осы аталған шараларды жүргізгеннен кейін, 1940 жылға қарай шешек, тырысқақ, оба аурулары жойылды, дизентерия, іш сүзегі, бөртпе сүзегі, малярия мен аурушаңдық та, елеулі дәрежеде төмендеді. Осы жылдарда туберкулезбен, жыныстық қатынастан жұғатын аурулармен (мерезбен зақымдануы 12% жететін), трахомамен ауқымды күрес жүргізілді. Кезек күттірмейтін медициналық мәселелерді шешу жөніндегі белсенді жұмыстарға республикада бірінші рет ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу институттары: 17.09.1925 жылы Қызыл-Ордада құрылған, Қазақ Орталық атқару комитеті атындағы Өлкелік санитарлық-бактериологиялық институты (1934 жылдан бастап - ҚССР Денсаулық сақтау халық комиссариатының эпидемиология, микробиология және гигиена институты), Ана мен баланы қорғау институты, Қазақ мемлекеттік туберкулез институты, Өлкелік венерологиялық институты (1931 ж), Өлкелік социалистік денсаулық сақтау және гигиена институттары кірісті.

Санитарлық-бактериологиялық институт - республикадағы бірінші ғылыми зерттеу институты болды, Қазақстанда санитарлық эпидемияға қарсы қызметтің нығаюы мен дамуында және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруда үлкен роль атқарды. Институт ашылғаннан кейінгі бірінші жылдардың өзінде –ақ, сол жылдары соншалықты қажетті шешек детритін, емдік сарысулар, вакциналар өндірумен айналысты, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық, клиникалық-диагностикалық зертханалық зерттеулер жүргізді, губерниялық санитарлық-бактериологиялық зертханаларға, безгек және пастер станцияларына ғылыми жетекшілік етті. Институт жанынан ұйымдастырылған курстарда санитарлық дәрігерлер, санитарлық дәрігерлердің көмекшілері, дезинфекторлар, облыстық санитарлық-бактериологиялық зертханалар үшін зертхана қызметкерлері және дәрігерлер дайындалды. Жыл сайынғы экспедицияларда санитарлық-гигиеналық мәселелер бойынша, денсаулық сақтау органдарына практикалық көмектер көрсетілді.

1930 жылы Алматы қаласында бірінші медицина институты ашылады, оған ректор болып профессор С.Д. Асфендияров тағайындалды. Кадрлардың, бірінші кезекте, тұрғылықты халықтан шыққан кадрлардың да, өте үлкен жеткіліксіздігі жағдайында медициналық жоғары оқу орындарын құру, аса керек шешім болды. 1931 жылы күз айында 1 курсқа 289 адам қабылданды, оның ішінде 51,9%- қазақтар болды.

Дәрігерлер дайындаудан басқа, институттың кафедраларында гигиеналық тұрғыда ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Гигиена кафедрасы қоршаған орта нысандарының ластануын зерттеумен, Қазақстанның қалалары мен ауылдарын гигиеналық тұрғыдан сауықтыру сұрақтарын жете зерттеп, дайындаумен айналысты. Ол кафедраны 1932 жылдан бастап 1948 жылға дейін көрнекті ғалым, гигиена маманы, профессор Н.Н. Попов басқарды. Николай Николайұлы Попов – Қазақстандағы санитарлық қызметті ұйымдастырушылардың бірі. Оның «Алматы қаласын қайта құруды санитарлық негіздеу» (1940 ж.) атты докторлық диссертациясы елді мекендерді абаттандыру жөніндегі іс жүзіндегі шараларда жүзеге асырылды. КСРО-ны мемлекеттік реформалаудан және Қазақ КСР құрғаннан кейін, 1936 жылы желтоқсан айында автономиялық республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариаты негізінде Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариаты құрылды. Осы кезеңнен бастап, Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің тұтас жүйесінің негізі қалыптаса басталды.

5.3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ халықтың денсаулығын қорғау ісіндегі ерекше ауыртпалық Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне жүктелді. 1941-1942 жж. республикаға бірнеше жүздеген мың адам көшірілді, 361 мың немістер Қазақстанға жер аударылды, 220-ға жуық өнеркәсіп кәсіпорындары көшірілді, 1944 жылы Солтүстік Кавказдан 617 мың адам жер аударылды. Бұл республикамызда санитарлық жағдайды айтарлықтай қиындатты.

Эпидемиялар болдырмау үшін үлкен күш салынды. Осы ауыр кезеңде КСРО Денсаулық сақтау халық комиссариатының бұйрығымен 1943 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институтында (ҚазММИ) санитарлық-гигиеналық факультет ашылды. Оның алдына соғыс уақытында және соғыс аяқталғаннан кейінгі жақын кезеңдерде отанды санитарлық қорғау үшін жоғары мамандандырылған эпидемиологтар мен санитарлық дәрігерлерді дайындау міндеті қойылды.

Соғыс уақытында пайда болған мұқтаждықтар Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің тармақтарын кеңейтуді қажет етті. Мысалы, егер 1941 жылы 43 санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, 137,5 мемлекеттік санитарлық инспекторлардың штаттық дәрігерлердің лауазымдары, 4 эпидемияға қарсы отряд, 783 дезинфекциялық камералар, 3907 моншалар болса, ал 1945 жылы СЭС саны 100 дейін, санинспекторлар штаты - 274,5 дейін, эпидемияға қарсы отрядтар – 45 дейін, дезинфекциялық камералар -1438 дейін көбейді, 3332 моншалар салынды.

ҚазММИ-дегі ғылыми зерттеулердің барлық тақырыптары соғыс уақытындағы қатаң талаптарға сәйкес болды. Бомбадан қорғанатын баспаналардың ауасын тазарту, әскери бөлімдерге санитарлық қызмет көрсету, соғыс уақыттарындағы жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы, тұрғындарға вакцина егу жөніндегі сұрақтары зерттелді.

Түгелдей соғыстың қажеттіліктеріне бағытталған ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыстармен эпидемиология, микробиология және гигиена өлкелік институты айналысты. Олар 20 жуық бактериялық препараттарды: бөртпе сүзегіне қарсы вакцина, сүзек - парасүзек вакциналарын, дизентерия бактериофагын, тырысқақ монофагын, тырысқаққа қарсы моновакцинаны өндірді.

1944 жылы шілде айында республикада Тропикалық аурулар институты ашылады, ол 1945 жылы Өлкелік патология институты деп аты өзгертіледі және өлкелік медициналық мәселелерді жете зерттейтін Қазақ КСР Ғылым академиясының негізгі ғылыми-зерттеу орталығы болды.

5.4. 1946-1991 жылдардағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен гигиена ғылымы.

Соғыстан кейінгі бірінші жылдарда санэпидқызметтің ең басты бағыттарының бірі белсенді эпидемияға қарсы жұмысы болды. Нәтижесінде бөртпе сүзегімен, іш сүзегімен, дизентериямен аурушаңдық төмендеді, оңтүстік аудандарда пайда болған тырысқақ ауруының таралуына жол берілмеді.

50-ші жылдардың басында елдегі санитарлық-эпидемияға қарсы қызметті қайта ұйымдастыру жүргізілді. Ол мемлекеттік санитарлық инспекциялар мен санитарлық эпидемиологиялық қызметтің атқаратын қызметтерін айқындап берді және санитарлық эпидемиологиялық мекемелердің жаңа штаттарын белгіледі. Атқаратын қызметтерін айқындап беру, Қазақстанда сақтық санитарлық бақылаудың дамуына оң әсерін тигізді. Сақтық санитарлық бақылаудың қажеттілігі коммуналдық құрылыстарды, өнеркәсіп кәсіпорындарын масштабты түрде қайта құрумен, жаңа елді мекендерді салумен байланысты болды.

Қайта ұйымдастыру нәтижесінде санитарлық эпидемияға қарсы қызмет мекемелерінің тармақталған жүйесі құрылды. 1953 жылдың басына қарай республикадағы санэпидмекемелердің саны 276 -ға, оның ішінде қалалар мен аудандарда – 264-ке, облыс орталықтарында – 11-ге жетті. 1952 жылы Алматы қаласында Республикалық СЭС ашылды. Бірақ, зертханалар СЭС -тердің бәрінде де емес, кейбіреулерінде ғана болды, ал аудандық СЭС штаттында, әзірше тек бір ғана санитарлық дәрігерден болды.

1948 жылдың көктемінде ҚазММИ-дің санитарлық-гигиеналық факульттетінен бірінші бітірушілері шықты. 27 жас мамандар диплом алды, оның ішінде 2 қазақ болды. Ал, 1950 жылы Қарағанды қаласында жаңа медициналық жоғары оқу орны ашылды. Онда, 1964 жылдан бастап, ҚазММИ-ден санитарлық-гигиеналық факультетті ауыстырғаннан кейін, дәрігер-гигиена мамандарын дайындай бастады.

Осы кезеңде Қазақстан қалалары мен ауылдарын сауықтыру және санитарлық тұрғыдан абаттандыру мәселелері өте өзекті болды. Бұл мәселелерді жете зерттеуге белгілі ғалым, денсаулық сақтау ісінің ірі ұйымдастырушысы, профессор И.С. Корякин айрықша үлес қосты. Аудандық санитарлық дәрігерден ҚазКСР-дің мемлекеттік бас инспекторына дейінгі қызметтерді атқарып, ол 1946 жылдан 1968 жылға дейін ҚазММИ-дің коммуналдық гигиена кафедрасын, кейіннен жалпы гигиена кафедрасын басқарды. И.С.Корякиннің шығарған монографиялары: «Қазақстанның елді мекендерін көгалдандыру», «Сыртқы ортаның нысандарын зерттеудің негізгі әдістері», «Қазақстандағы ауыз сумен қамтамасыз ететін су көздерін тексерудің әдістемелік нұсқаулары мен схемалары» республиканың жаңа өндірістік орталықтарын жоспарлау және абаттандыру мәселелеріншешу кезіндегі маңызды нұсқау болып табылды.

60-шы жылдарда қайта ұйымдастыру жүргізілді. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің ісі оңтайлануына мүмкіндік туғызды: ауылдық санитарлық-эпидемиологиялық бөлімдері дербестік алды, ал СЭС штаттарының саны қызмет көрсететін халықтық санына байланысты анықтала бастады. Дегенмен, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту маңызды болып қала берді, осыған байланысты 20 ғасырдың 70-80 жылдары республикада Ертіс, Жайық өзендерінің, Каспий теңізінің және Қапшағай бөгенінің су алаптарын санитарлық қорғау жоспарлары, республика қалаларының атмосфералық ауасын қорғау жөнінде шаралар дайындалды, 161 канализациялық және тазартқыш құрылыстар кешені, атмосфераға ұшатын өндірістік шығарындыларды тазартатын 395 құрылыс салынды, сумен қамтамасыз етудің, канализациялардың, қалалар мен кенттерді абаттандырудың жүздеген жобалары қаралды.

Осы кезеңде гигиена ғылымы кеңінен дамыды. Республикада гигиена саласындағы жетекші мекемеге айналған Өлкелік патология ғылыми зерттеу институтында көп жылдар бойына республиканың кен орындарында, қорғасын зауыттарында, титан және магний, мыс және мырыш, фосфор, өндірістерінде, мұнай өнеркәсібі кәсіпорындарында, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің еңбек жағдайы мен аурушаңдығы зерттелді. Эксперименталдық зерттеулерде, фосфордың, қорғасынның, кадмийдің, мышьяктың, ванадийдің, фторидтердің, мырыштың, сынаптың токсикологиясы зерттелді, көптеген интоксикацияларда сульфат-ионының қорғайтын әсері дәлелденді. Фосфор және оның бейорганикалық қосылыстарын өндіретін өндірістерге, қорғасын өндіру мен пайдалану өндірістеріне, мұнай өнеркәсібіне арналған санитарлық ережелер, жұмыс зонасының ауасы мен атмосфералық ауадағы бірқатар қосылыстарға гигиеналық регламенттер дайындалды. Сонымен қатар, қышқыл газдардан тыныс мүшелерін қорғауға арналған респираторлар, сыртқы орта мен тағамдық азықтарда пестицидтердің мөлшерін анықтау әдістері, қоршаған орта нысандарындағы ауыр металдарды атомдық-абсорбциялық әдіспен анықтауға арналған әдістер мен аспаптар дайындалды және өндіріске енгізілді.


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 608 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.008 сек.)