АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Жеделдетiлген нормалау . 14 страница
Қолайсыз ауа райы кезінде науқас адамдарға аялайтын режим тағайындау керек, климаттық, физиотерапевттік және үлкен жүктеме беретін емдік диагностикалық ем-шараларды, операцияларды шектеу немесе мүлде тоқтату қажет. Метеоболжамның мәліметтерін пайдаланып, қолайсыз ауа райы болатыннан 1-2 күн бұрын медикаменттік алдын алу шараларын бастайды, ауа райы қолайлы болғаннан кейін де оларды 1-2 күнге дейін жалғастырады.
Климат адам ағзасына және оның өмір сүруінің барлық жақтарына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Ауа райына қарағанда, климат салыстырмалы түрде тұрақты, себебі климат түзуші факторлар әр аймақ үшін (географиялық ендік, теңіз деңгейінен биіктігі, жер бедері, жер бетінің жабындысы, ауа массаларының айналымы, мұхиттар мен теңіздерге жақындығы) көптеген жылдар бойына сол күйінде қала береді. Сондықтан, метеофакторлардың әр күндік өзгеруімен байланысты ауа райының құбылмалығына қарамастан, әр аймақ үшін өзіндік, заңды түрде өзгеріп отыратын, бір күнге, аптаға немесе айға емес, ұзақ жылдарға тән, ауа райы режимінің ерекшеліктері қалыптасады. Климатты сипаттайтын көрсеткіштер ұзақ мерзімдік үрдістерді көрсетеді. Сондықтан бұл көрсеткіштерге температураның орташа айлық және орташа жылдық шамалары, ауаның ылғалдылығы, атмосфералық қысым, ауаның қозғалу жылдамдығы, күн сәулесінің; ашық және бұлтты күндердің саны, жарық климаты, қыстың ұзақтығы, топырақтың қату тереңдігі және т.б. жатады.
Осы көрсеткіштерге байланысты және жергілікті жердің географиялық орналасуын ескеріп, жер шарында 7 негізгі климаттық белдеулерді ажыратады:
1. тропикалық - географиялық ендіктің 0-13º аралығында, орташа жылдық температурасы - 20-24º С.
2. ыстық - географиялық ендіктің 13-26º, 16-30º С
3. жылы - географиялық ендіктің 26-39º және 12-16º С
4. орта - географиялық ендіктің 39-52º және 8-12º С
5. суық - географиялық ендіктің 52-65º және 4-8º С
6. қатты суық - географиялық ендіктің 65-78º және 0...-4º С
7. полярлық - географиялық ендіктің 69-90º және.-4º С және одан да төмен
Климаттың басқа да жіктелулері бар. Л.С. Бергтің климатты ландшафтық-ботаникалық жіктеуі кеңінен қолданылады. Бұл жіктеуге, мәңгі аяздар, тундра, тайга, жапырақты ормандар, орта аймақ, дала, жер орта теңіздік климаттар сияқты, климаттар кіреді.
Практикада, атап айтқанда, елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде, үйлердің қабырғаларының қалыңдығын есептеу, ғимараттарды бағыттау, көгалдандыру кезінде және т.б. қаңтар мен шілде айының орташа температурасы бойынша климаттың жіктелуі қолданылады. Осы жіктеу бойынша суық, орташа, жылы және ыстық климаттық белдеулерді бөледі. Бұл белдеулердің бәрінде де теңіздік, далалық, таулық, шөлді және жартылай шөлді, субтропикалық және т.б. сияқты климаттың жергілікті түрлері ажыратылады.
Қазақстанның климаты ыстық, жылы, орта және суық климаттық белдеулерге жатады. Бұл Оңтүстікте - дала мен шөлдің ыстық климаты, биік таулы климат, Орталық және Батыс Қазақстанда - шөл, жартылай шөл, Шығыс Қазақстан мен солтүстікте – далалар және орманды далалар климаттары. Медициналық климатологияда климатты адамның денсаулығының әсерінебайланысты жұмсақ және тітіркендіретін деп бөледі. Жұмсақ климатқа, температураның амплитудасы және басқа метеофакторлардың жылдық, айлық және тәуліктік ауытқулары аз, жылы климат жатады.
Бұндай климаттық жағдайлар бейімделу механизімдеріне ең аз талаптарды қояды. Жұмсақ климатқа Бурабайдағы орманды климат, Қырымның оңтүстік жағалаулары жатады. Тітіркендіретін климатқа бейімделу механизмдеріне жоғары талаптар қоятын, метефакторлардың елеулі тәуліктік және мезгілдік амплитудалары тән. Басқа жағынан, бұндай климат ағзаның жаттығуына және оның шынығуына ықпал етеді. Осындай әсері бар климаттарға, көптеген жүйкелік және жүрек тамырлық ауруларды емдеу кезінде қолданылатын, емдік және шынықтырғыш қасиеті бар, тау, солтүстік теңіз жағалауындағы салқын климат және Қазақстанның Сібір бөлігінің континентальды климаттары жатады.
Ауасы таза, ылғалды орташа, ластаушылар мен аллергендері жоқ, ауа - жылу режимі параметрлерінің ауытқулары аз, жылу реттейтін механизмдердің зорлануын тудырмайтын, қатты желдер мен жиі жауындар болмайтын, жақсы инсоляцияланатын жерлер климатотерапия үшін қолайлы болып саналады. Басқа тітікендіргіш климаттар: солтүстіктің суық климаты, дала мен шөлдің ыстық климаты, биік тау климаттары - адам ағзасына өте қолайсыз әсер етеді.
Биік ендіктердегі суық климат солтүстік ендіктен 66º солтүстікке қарай (Заполярье, ҚиырСолтүстік, Арктика) жататын аумақтарда байқалады. Осы аумақтар үшін ауаның өте төмен температурасы, төмен абсолюттік ылғалдылық пен жоғары салыстырмалы ылғалдылық тән: жауындар өте аз - жылына 300-500 мм болады. Әр түрлі текті ауа массаларының өзара әсерлесуі және атмосфералық қысымның күрт ауытқуы салдарынан, жылына 120-122 күнге дейін дауылды желдер тұрады. Атмосфералық қысымның төмен болуына байланысты, ауадағы оттегінің тығыздығы өте төмен болады. Қысқы уақытта жарықтың болмауы (полярлық түн), ерте және ұзаққа созылатын қыс, қысқа суық жаз, адамға тұнжырататын әсер көрсететін ландшафтың біртүрлілігі, үн-түнсіз тыныштық осы климаттың өіне тән ерекшелігі болып табылады. Күннің көкжиектен тұру биіктігі осы ендіктерде 25 º аз, сондықтан УК сәулесінің ең биологиялық құнды - орта толқынды бөлігі - жер бетіне жетпейді, бұл, ұзақтығы 2-6 айға дейін болатын, УК сәулеге ашығудың дамуына әкеледі. Биік ендіктерге, сондай-ақ, полярлық жарқыраулар және тұрақты магниттік толқулар түрінде көрінетін, үнемі болып отыратын магниттік ауытқулар тән.
Қиыр Солтүстікке тән метеофакторлардың әсері әсіресе жаңадан келген адамдарда айқын көрінеді. Атмосфералық қысымның жиі және күрт ауытқуы, көбінесе циклон түріндегі ауа райы, ауадағы оттегінің тығыздығының төмендеуі, күн белсенділігінің және атмосфералық электрліктің күрт өзгеруі, созылмалы гипоксия синдромының дамуына әкеп соғады. Әдебиеттерде «полярлық ентігу» деп көрсетілетін, тыныс алудың қиындауына шағымдар өте жиі кездеседі. Оның даму патогенезінде жоғарыда аталған факторлардан басқа үлкен жылдамдықпен қозғалатын суық ауаның тыныс алуға жасайтын механикалық кедергісі де белгілі бір рөл атқарады.
Жүрек-қан тамыр жүйесінің бейімделу реакциялары қыл тамырлардың спазмымен, айналымдағы қанның көлемінің жоғарылауымен, артериялық гипертензияның дамуымен сипатталады. Жүрек тұсындағы ауру сезіміне, ентігу, жүректің қағуына шағымдануы байқалады. Бұндай өзгерістер «солтүстік кардиопатиясы» деп аталады. Сонымен бірге, осы мекеннің байырғы тұрғындарында артериялық қан қысымы әдетте қалыпты немесе төмен болады. Ауыр климаттық жағдайлар психикаға көңіл - күйін төмендетін әсер береді. Бұндай жағдайда дезадаптациялық невроз дамиды, оның негізгі көріністеріне әр түрлі дәрежедегі қорқу сезімдері, ұйқысыздық, бас ауруы, депрессия, ашушаңдық және т.б. жатады. Психологиялық бейімділу Солтүстікте жұмыс істеуге айқын себебі бар адамдарда жеңіл өтеді.
Төмен температуралардың әсері жылу алмасу үрдісінің өзгеруіне әкеледі. Жылу өндірілуі, негізгі алмасу жоғарылайды, қол терісінің суыққа реакциясы төмендейді. Суда еритін дәрумендердің жетіспеушулігі және гиперхолестеринемиямен жүретін липид алмасуының бұзылуы байқалады. Бұндай жағдайларда майлы тағамның қажеттілігі жоғарылайды. Айтпақшы, Солтүстік аборигендерінің тамағының құрамында көп мөлшерде май болады, бұл олардың энергияға қажеттілігін қанағаттандырады. Ал ағзаға дәрумендердің жеткілікті түрде түсіп отыруы, Солтүстік халқының арасында кеңінен таралған шикі азықпен қоректенуімен қамтамасыз етіледі.
Жаңадан келген адамдар арасында, суда фтордың жеткіліксіздігінен тіс жегімен аурушаңдық жоғары болады. Солтүстікте тұруының бірінші жылдары әйелдерде жүктілік ағымның бұзылуы, босанудың асқынулары байқалады.
Оңтүстіктің далалары мен шөл далалараның ыстық климаты ауаның температурасы (50ºС және одан жоғары) жоғары болуымен, температураның үлкен тәуліктік ауытқуларымен, күн сәулесінің артық түсуімен, салыстырмалы ылғалдылықтың төмен болуымен, шаңды құйындармен, қыс мезгілінің қысқа болуымен сипатталады. Бұл дененің қатты қызуына және соған байланысты, жылу реттелудің зорлануына, тер шығыуның жоғарылауына (тәулігіне 6-10 л дейін), тер арқылы минералды тұздар мен дәрумендердің жоғалуына, негізгі алмасудың төмендеуіне, қылтамырлардың кеңейуіне, артериялық қан қысымының төмендеуінене, тыныс алу мен жүрек соғуының жиіленуіне, асқазан-ішек жолының моторикасы мен секрециясының және тағамға тәбеттінің төмендеуіне ықпал етеді. Мұндай климат жүрек-қан тамырлары, эндокриндік, жүйке – психикалық, туберкулез, бүйрек - тас аурулары бар науқастар үшін қолайсыз болып табылады. Сонымен бірге, бұл климатты нефрозбен ауратын ауруларды емдеу кезінде қолданады. Қарқынды УК сәулесі тері обырының даму себептерінің бірі болып табылады.
Биік тау климаты 2000 м жоғары биіктікте байқалады. Оның негізгі факторларына төмен атмосфералық қысым мен оттегінің төмен парциалдық қысымы, төмен температуралар, құрғақ, аллергендері жоқ ауа, күшті желдер, қарқынды күн сәулесі, қардың жоғары шағылыстыратын қабілеті жатады. Оттегінің тығыздығы едәуір мөлшерде төмендеуі нәтижесінде биіктіктік гипоксиясы дамиды, ол жүрек – қан тамырлары, тыныс алу және орталық жүйке жүйелері қызметінің бұзылуына әкеп соғады. Жылу реттейтін механизмдердің зорлануы, эритропоэздің компенсаторлық стимуляциясы, жарық дискомфорты байқалады.
Қазіргі қоғамдағы өмірде адамдардың бір климаттық-географиялық аймақтан екіншісіне үнемі көшіп-қонуы жүріп жатады. Оның себептері әр түрлі: бұл жаңа климаттық-географиялық аймақтарды өнеркәсіптік ігеру, тұратын жерлерін ауыстыру, климаты басқа жергілікті жерлерде санаторлық-курорттық емделу немесе демалу, туристтік және қызметтік сапарлар, әскерде қызмет ету және т.б. Осы аталған барлық жағдайларда адамның жаңа климаттық жағдайларға бейімделуін - акклиматизация үрдістерін- ескеру қажет.
Акклиматизация бірден пайда болмай, белгілі бір кезең ішінде жүреді, осы уақытта берілген климаттық жағдайларға сәйкес жаңа динамикалық стереотип қалыптасады. Акклиматизация үрдістеріне физиологиялық аспектілер ғана емес, сонымен бірге, әлеуметтік және медициналық аспектілері де кіреді, себебі климаттық факторларының әсерін азайту және адекватты физиологиялық акклиматизацияны қамтамасыз ету, көбінесе осы мәселелрді шешіуімен байланысты. Акклиматизациялау бірнеше фазалардан өтеді. Бастапқы фазасында, әдетте, әр түрлі бейімдейтін физиологиялық реакциялар жүреді. Мұндай реакциялардың мысалы ретінде, жылу реттейтін механизмінің зорлануын, қылтамырлардың спазмын, гипертензиялық жағдайларды, айналымдағы қанның көлемінің үлкеюін, жаңа келген адамдарда липид алмасуы белсенділігінің жоғарлауын алуға болады.
2 фазасы кезінде динамикалық стереотип қайта құрылады. Егер, климаттық факторлардың ағзаға қоятын талаптары оның функционалдық мүмкіншіліктері мен компенсаторлық механизмдерінің шегінен аспайтын болса, онда жаңа динамикалық стереотип қалыптасады және жаңа жағдайларға бейімделу үрдісі тұрақты акклиматизация фазасымен аяқталады. Бұнда ағзаның тіршілік параметрлері «қалыпты» деңгейге оралады. Акклиматизацияның қолайсыз жүруі кезінде, айқындылығы әр түрлі, патологиялық сипат алатын, дезадаптациялық үрдістер дамиды. Мұндай жағдайда, тұрақты акклиматизация қалыптаспайды, сондықтан, адам бұрынғы климаттық жағдайына қайта оралуға мәжбүр болады. Акклиматизацияны жеңілдету және жылдамдату үшін, қолайсыз климаттық жағдайларда әлеуметтік, гигиеналық және емдеу-алдын алу шаралары жүргізіледі. Солтүстіктің суық климаты жағдайында елді мекендер мен тұрғын үй бөлмелерін жоспарлауға ерекше көңіл бөлінеді. Жоспарлау шаралары, суықтан, дауылды желдерден қорғануды, қолайлы ауа-жылу режимін, сондай-ақ, ұзақ уақыттық полярлық түндер кезінде ең маңызды болып табылатын, жеткілікті табиғи жарық пен инсоляцияны қамтамасыз ететін, қажетті жағдайлардың бірі болып табылады. Ғимараттарды бір біріне жақын етіп, бүйір жағын жел жаққа қаратып, орналастырады және бір бірімен жылы өтпе жолдармен байланыстырады. Терезелерді солтүстіктен басқа, барлық жаққа қарай бағыттайды. Бөлмелер кең, жайлы, қысқы бақшасы бар болуы керек, себебі бұл өңірде тұратын адамдар уақыттарының көп бөлігін үйде өткізуге мәжбүр болады. Бірінші қабаттағы еденді, мәнгі тоңның әсерінен пайда болатын ылғалдан және суықтан қорғау үшін, оның жылуын міндетті түрде оқшаулау кажет. Күн сәулесіне ашығудың алдын алу үшін, фотарийлерде, сонымен қатар, ұзақ уақыт әсер ететін жарық сәуле шығаратын қондырғылардағы эритемды шамдардан сәулеленуге түсіреді.
Энергия шығыны үлкен болғандықтан, алмасу үрдістерінде өзгерістердің болуына және дәрумендердің жеткіліксіздігінің дамуына байланысты рационда жануар текті белоктардың және майлардың мөлшерін арттыру қажет, сонымен бірге, міндетті түрде балауса көкөністерді, жемістерді, көк шөптерді, итмұрын қайнатпасын, қылқан жапырақтарды, жабайы көк шөпті пайдалану қажет. Еңбек пен демалыс режимін оңтайлы етіп ұйымдастыру маңызды, себебі полярлық күн мен түн ағзаның қалыпты биоырғағын бұзады. Қарсы тұру қабілетін жоғарылату үшін, күн тәртібіне міндетті түрде шынықтыру, дене шынықтыру тәрбиесі және спортты енгізу керек.
Суықтан және желден қорғану үшін құрғақ 2-3 қабатты киімді пайдаланады. Бұған ең жақсы материал табиғи тері мен жүн болып табылады. Тері киімнің сыртынан кең, еркін киілетін киім кию керек, себебі, бөлінген тер оның үстінде конденсацияланады да және қырауға айналады, ал, тері киім құрғақ болып қалады. Бас киім және аяқ киім аң терісінен тігіледі. Қосымша жүн шұлықты кию үшін, аяқ киім 2-3 өлшемге үлкен болу керек. Қардан болатын офтальмияның алдын алу үшін қорғайтын көзілдірікті қолданады. Акклиматизация барысын, ауыз қуысын санациялау, дегельминтизациялау, инфекцияның жергілікті ошақтарын емдеу, созылмалы аурулар бар науқатарды ауруының қайталануына қарсы емдеу, вакциналар егу сияқты емдеу-алдын алу шаралары да жеңілдетеді.
Оңтүстік далалардың, шөл далалардың, жартылай шөл жерлердің ыстық климаты Қазақстанның оңтүстік аймақтарына тән. Бұл жағдайларда, ең алдымен, бөлмені ысып кетуінен қорғау және елді мекендерде қолайлы микроклиматты жасау қажет. Жақсы желдетілуін қамтамасыз ету үшін, кварталдар қысылмай, еркін салынуы керек. Инсоляция орташа болуы үшін, ғимараттарды оңтүстікке, шығысқа, солтүстікке бағыттап салады. Батыс және оңтүстік-батысқа ғимараттарды бағыттамайды, себебі күн әсерінен олардың қатты қызуы байқалады, әсіресе, күннің екінші жартысында.
Үй қабырғаларының едәуір қалың болуы - 55-60 см дейін, бастырмаларды пайдалану, терезелерді бөлме ішіне қарай тереңдетіп орнату, әйнектелген верандаларды салу, шырмалып өсетін өсімдіктерді тігінен көлеңкелеу үшін қолдану және тағы басқа да шаралар бөлменің ысып кетуін азайтады. Бөлменің жоспарлануы өтпелі желдетуді қамтамасыз ету керек. Ауаны кондиционерлеу оптималды болып табылады. Бұл ыстық климатта төмендеу, комфортты температураны жасауға мүмкіндік береді. Ыстықтың қолайсыз әсерлерін төмендетуге елді мекендерді көгалдандыру, жасанды суаттар, фонтандар ұйымдастыру ықпал етеді. Тағам рационы ет, сүт, жұмыртқаның құнды белоктарымен қамтамасыздалған болуы, жануар және өсімдік текті өнімдер рационалды арақатынаста түсіп отыруын қамтамасыз ету қажет. Энергетикалық құндылығын көбінесе жануар текті майлардың есебінен төмендетеді, сонымен бірге, тердің көп бөлінуі салдарынан едәуір мөлшерде жоғалатынминералды тұздар мен суда еритін дәрумендердің ағзаға түсуін көбейтеді.
Рационда балауса жемістер, көкөністер, сүт өнімдері болуы керек. Тамақтану режимі де өзгертіледі. Тамақты негізгі қабылдау уақыты, ыстықтың қарқындылығы аса жоғары емес, таңертенгі және кешкі уақыттарға ауыстырылады. Оптималды су ішу режимін қамтамасыз ету де маңызды, себебі ыстық климат жағдайларында ағза сұйықты көп мөлшерде қажет етеді. Ағзадағы судың тепе-теңдігі ыстық шәйді, көк шәйді, көкөністердің қайнатпасын, тәтті емес шырындарды пайдаланған кезде сақталады. Көк шәй тек шөлді ғана қандырып қоймайды, сонымен бірге, бактерицидтік қасиеті бар, Р дәруменіне бай болып келеді. Еңбек пен демалыс режимі де өзгертілу қажет, ыстық уақытта жұмысты ерте бастап, үзіліс уақытын ұзарту керек.
Киімді рационалды киюдің үлкен маңызы бар, ол үшін ауаны жақсы өткізетін, ылғал сыйымдылығы мен гигроскопиялық қасиеті жақсы табиғи маталар - мақта - маталары, жүн, зығыр, жібек қолданылуы керек. Бұл қасиеттері терді жақсы сіңіріуің және булануын және киім астылық кеңістіктің жеткілікті желдетілуін қамтамасыз етеді. Шөл далада күннің артық сәулесінен және дененің қатты қызыунан қорғауды жеңіл киім емес, жүн мен мақтадан тігілген қалың киім қамтамасыз етеді. Міндетті түрде жалпақ жиекті қалпақтарды, табаны қалың аяқ киімді, күн сәулесінен қорғайтын көзілдірікті пайдалану қажет.
Өмір сүру, тамақтану, еңбек пен демалу жағдайларын рационалды ұйымдастыру, киімді климат жағдайына сәйкес қолдану, сондай-ақ, емдеу-алдын алу шаралары адам үшін жаңа климаттық-географиялық аймақта акклиматизациялауның қолайлы өтуін және ортаның жүктеме беретін факторларына толық бейімделуін қамтамасыз етеді.
IV-ТАРАУ. СУ ЖӘНЕ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ГИГИЕНАСЫ
«Су! Мөлдір су, сенде дәм де жоқ,
жоқ сенің түсің, исің де,
сипаттау да мүмкін емес, бірақ
сенсіз - өмір сүру, мүмкін бе!
Тіршілікке керексің деп айту мүмкін аз болар,
өйткені, сен –дәл өзісің сол тіршілік атаулының!
Сеніменен шөл қандырып, барлығы да мәз болар,
бұл сезімнің мүмкін емес, сөзбен айту рақатын....
Сен өзіңсің, әлемдегі ең үлкен байлық пен бақытым....»
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 735 | Нарушение авторских прав
|