АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Жеделдетiлген нормалау . 7 страница

Прочитайте:
  1. B)новокаинмен жансыздандыру 1 страница
  2. B)новокаинмен жансыздандыру 2 страница
  3. B)новокаинмен жансыздандыру 3 страница
  4. B)новокаинмен жансыздандыру 4 страница
  5. B)новокаинмен жансыздандыру 5 страница
  6. B)новокаинмен жансыздандыру 6 страница
  7. B)новокаинмен жансыздандыру 7 страница
  8. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 1 страница
  9. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 10 страница
  10. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 2 страница

3. Ауа ортасының физикалық факторлары және олардың гигиеналық маңызы.

Жоғарыда біз ауа ортасының гигиеналық маңызын жалпы алынған түрінде қысқаша сипаттап өттік. Осы және келесі тарауларда ауа ортасының физикалық, химиялық және биологиялық факторларының гигиеналық маңызын толығырақ қарастырамыз.

Ауаның физикалық қасиеттеріне температурасы, ылғалдылығы, ауаның қозғалу жылдамдығы, барометрлік қысымы, атмосфераның электрлік жағдайы жатады.

3.1. Ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалу жылдамдығы және олардың гигиеналық маңызы.

Атмосфералық ауаның температура с ы негізінен күн сәулесінің әсерінен қызған жер бетінен берілетін жылуымен және аз дәрежеде атмосфераның өзінің тікелей жылуымен қамтамасыз етіледі.

Ауа температурасының тәуліктік және жылдық ауытқуларына әр түрлі факторлар әсер етеді: географиялық ендік және осыған байланысты күн радиациясының қарқындылығы, жердің теңіз деңгейінен тұрған биіктігі, жергілікті жердің бедері мен сипаты, теңіздердің, теңіз және мұхит ағындарының жақындығы, жер беті жабындылырының сипаты және т.б. Географиялық ендік неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым күн сәулелері жердің бетіне үлкен еңкею бұрышымен түседі, осыған байланысты жерді аз қыздырады.

Өсімдікпен жабылған топырақ, тасты, құмды немесе асфальтпен жабылған топыраққа қарағанда, жылуды аз береді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын, ауаның температурасы төмендейді. Биіктіктің белгілі бір мөлшерге дейін өсуі кезіндегі ауа температурасының өзгеру шамасы атмосфераның температуралық градиенті деп аталады. Желсіз, суық ауа райы кезінде температуралық градиенттің бұрмалануы - инверсия байқалуы мүмкін. Инверсия кезінде, жер бетінде жылы ауаның орнына, керісінше, ауаның суығырақ қабаттары жиналады. Ауырлау болғандықтан, олар өздеріне ластаушыларды жинап, олардың сейілуіне кедергі жасайды.

Ауа температурасының әсеріне адам ашық жерлерде де, жабық бөлмелерде де үнемі ұшырап отырады. Климаттық ауданға, ауа райы жағдайларына, өндірістік жұмысының сипатына, бөлмелердегі температуралық режиміне және т.б. байланысты адам ағзасына тек қолайлы ғана емес, сонымен бірге, қолайсыз, өте жоғары немесе өте төмен температуралар әсер етуі мүмкін. Температураның кең аралықтағы өзгеруінде ағзаның жылу тепе-теңдігінің сақталуы химиялық және физикалық жылу ретттеу үрдісімен қамтамасыз етіледі. Химиялық реттелу арқылы зат алмасу үрдістері қарқындылығының өзгеруі есебінен ағзада жылу өндірілуі өзгереді. Мысалы, ауаның температурасы жоғары болғанда, зат алмасу үрдістерінің қарқындылығы төмендейді, бұл жылу өндірілуінің азайуына әкеп соғады, ал төмен температура кезінде, керісінше, жылу өндірілуі жоғарылайды. Физикалық жолмен жылу реттелуі қоршаған ортаға жылу берілуінің өзгеруімен іске асырылады. Жылу берілуінің негізгі жолдары сәулелену (инфрақызыл), конвекция, өткізу (кондукция) және булану болып табылады. Жылу и нфрақызыл сәулелену түрінде кез келген қызған нысаннан, сонын ішінде, адамнан да шығады Оның қарқындылығы ауа температурасына емес, қызу дәрежесіне байланысты болады. Адам ағзасы мен қоршаған орта нысандарының арасында сәулелік жылудың үздіксіз алмасуы жүріп отырады. Сәулелік жылудың түсуі мен оның берілуі арасында радиациялық балансы нөлдік, теріс және оң болуы мүмкін. Нөлдік баланс кезінде, адам денесі жылуды қаншалықты алса, соншалықты сәулелендіріп отырады. Егер, адам терісінің температурасы қоршаған заттардың орташа температурасынан жоғары болса, онда адам сәулелік жылуды, алғанына қарағанда, көбірек береді, ал радиациялық баланс теріс болады.

Теріс радиациялық баланс ауаның қолайлы температурасы кезінде де болуы мүмкін, егер, бөлмелердің қабырғалары суық немесе ылғалды болса, себебі мұндай жағдайда жылудын сәулеленуі аз қызған беттерге қарай қарқынды жүреді.

Қоршаған заттар мен қоршаулардың температурасы адамның терісінің температурасынан жоғарырақ болған кезде, адам өзі жылу беруге қарағанда, жылуды көбірек алады, яғни оң радиациялық баланс пайда болады. Оң радиациялық баланс ағзаныңқызынуына, ал теріс баланс – салқындауына әкеп соғады.

Жылу берудің конвекциялық жолында жылу адам денесінің бетіне тиіп тұратын ауа массасына, ал кондукция жолында – денеге жанасқан салқын заттарды жылытуға беріледі. Булану арқылы жылудың берілуі тері бетінен, өкпе және тыныс жолдарынан ылғалдың булануы арқылы жүреді. Ағзаның тыныштығы жағдайында және қолайлы жылылық жағдайда жылудың негізгі массасы - 55%-ға дейін сәулелену арқылы, 29% - булану арқылы, 15% жуығы - конвекция арқылы беріледі.

15-25ºС температура диапазононында жылу реттейтін механизмдер қызметіне айтарлықтай күш түспейді. 25-35ºС температурада жылу өндірілуі азайып, жылу берілуі күшейеді, ал дене температурасынан асатын ауа температурасы кезінде, жылу өндірілуі қайтадан жоғарылайды, сәулелену және өткізу жолдары арқылы мүмкіндігі болмайды, сондықтан, жылу берілуі тек бір ғана жолмен - булану арқылы жолы жүреді. Жоғары температураның ағзаға әсері ауырлық дәрежесі әр түрлі ағзаның қызынуына әкеледі. Ол жоғары температураның жедел және созылмалы әсері кезінде дамуы мүмкін. Жедел гипертермияның жеңіл түрінде дене температурасы 38 ºС дейін және одан да жоғары көтеріледі, бас ауруы, бас айналу, әлсіздік, жүрек айнуы, құсу пайда болады. Ауыр дәрежедегі дененің қызуы ыстық өту түрінде (гиперпиретикалық түрі) өтеді, бұл кезде дене температурасы 39-41ºС дейін көтеріледі, артериялық қан қысымы бірден төмендейді, психомоторлық қозу және комалық жағдай дамиды. Балаларда, сонымен бірге, ыстық цехтарда жұмыс істейтін адамдарда су-тұз тепе-теңдігінің бұзылуы нәтижесінде жедел гипертермияның сіңір тартылатын түрі дамиды. Жоғары температураның созылмалы әсері әр түрлі мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайының, су-тұз тепең-теңдігінің бұзылуына әкеп соғады, бұрынан бар созылмалы аурулардың ағымын ауырлатады, ағзаның қарсы тұру қабілетін төмендетеді. Мысалы, қанның тұтқырлығының жоғарылауы, сонымен бірге, қан тамырларының кеңейуі салдарынан шеткі қан тамырларында айналымдағы қанның көлемінің ұлғаюына байланысты, жүрекке түсетін жүктеме жоғарылайды, бұл миокардта дистрофия мен гипертрофия дамуына әкеледі. Орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы бұзылады, бұл назар аударудың төмендеумен, қозғалу реакциясының баяулауымен, қимыл-қозғалыс координациясының бұзылуымен, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуімен сипатталады. Тер арқылы сұйықтықтың көп мөлшерде бөлінуі, зәрдің қоюлануына және зәр шығаратын жолдарда тастар түзілуіне себеп болады. Сұйықтықты көп мөлшерде қабылдау және тер арқылы хлор иондарын жоғалту асқазан сөлінің бактерицидтігінің төмендеуіне және гастриттердің дамуына әкеледі.

Тердің бөлінуі күшейуінен ағзадан тұздардың (хлорлы натрийдің - 30-40 г дейін), суда еритін дәрумендердің және көп мөлшерде сұйықтықтардың (тердің бөлінуі - 10л-ге дейін және одан жоғары) жоғалуы сіңір тартылулардың себебі болады.

Қоршаған ортаның температурасы 15ºС төмен болған кезде, жылу өндірілуі күшейеді, ағза тері тамырларыныың тарылуы, қанның ішкі мүшелерге ығысуы есебінен жылу берілуін азайтуға тырысса да, радиация және конвекция жолдары арқылы жылу берілуі жоғарылайды.

Төменгі температураның жедел және созылмалы әсері ағзаның салқындауына әкеп соғады. Ол суық фактордың жергілікті де, жалпы да әсер етуі кезінде пайда болады. Суық тиюден болатын рефлекторлық аурулар, ішкі мүшелердің қабыну аурулары (пневмония, нефриттер, отиттер және т.б.), бұрыннан бар созылмалы аурулардың асқынулары, дененің тоңған бөліктерінде жергілікті қабыну үрдістерінің дамуы (нервтің, бұлшық еттердің, буындардың, артериялық қан тамырларының қабынулары және т.б.), үсу, аллергиялық реакциялар дамиды, жедел жалпы таралғангипотермияның ең ауыр жағдайларында үсіну нәтижесінде өлім де пайда болуы мүмкін. Жұмысқа қабілеттілік төмендеуі және ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуі де тән.

Ауа температурасы адамның қоршаған ортамен жылу алмасу үрдістеріне едәуір әсер етеді, бірақ, оны ылғалдылықтың, ауа қозғалысының және қызған беттердің жылу сәулелендіріуінің әсерлерінен жекелеп қарастыруға болмайды. Ауаның ылғалдылығы суаттардың, топырақтың, өсімдіктердің беттерінен судың булануымен қамтамасыз етіледі және ол ауаның температурасы мен қозғалу жылдамдығының өзгеруіне байланысты. Ауа ылғалдылығының жиі қолданылатын көрсеткіштерінің бірі салыстырмалы ылғалдылық болып табылады, бұл ауаның су буларымен қанығу пайызы. Ауаның жоғары ылғалдылығы (80% және одан жоғары) жоғары да, төмен де температура кезінде қолайсыз әсер етеді. Жоғары температура кезінде ол осы жағдайдағы жалғыз жылу беру жолына – булануға - кедергі жасап, ағзаның қызынуына әкеледі. Төмен температура кезінде, ауаның жоғары ылғалдылығы, судың жоғары жылу сыйымдылығының салдарынан ағзадан жылу берілуінің жоғарылауына және тез ағзаның салқындауына әкеп соғады. Сондықтан төмен және орташа (30-70%) салыстырмалы ылғалдылық ағзаға жоғары және төмен температуралардың әсерін жеңілдетеді.

Салыстырмалы ылғалдылығы 20% аспайтын, құрғақ ауа да адам ағзасына қолайсыз әсер етеді. Бұндай ауа мұрын-жұтқыншақтың кілегейлі қабығын құрғатады, жоғарғы тыныс жолдарының қабыну ауруларының дамуына әкеледі және бронх демікпесімен, жүрек қан-тамыр ауруларымен ауыратын науқастардың жағдайын нашарлатуы мүмкін. Бірақ, құрғақ ауа кейбір ауруларда, мысалы, бүйрек аурулары кезінде, курорттық ем түрінде қолданылады. Тері арқылы булануды күшейтіп, ол зәрдің бөлінуін төмендетеді және қабыну үрдісінің азайуына мүмкіндік береді.

Адам ағзасындағы жылу алмасу үрдістеріне ауа массаларының қозғалуы да үлкен әсер етеді. Оның әсер ету сипаты ауаның қозғалу жылдамдығына, температурасына және ылғалдылығына байланысты. Ауаның температурасы төмен болғанда, ауа қозғалысы конвекция жолы арқылы жылу беруді күшейтеді, себебі ол суық ауаның жаңа ағындарын үнемі теріге жанастырып отырады. Бұл кезде орташа (6-7 м/сек) желдің өзі де дененің салқындануына, ал өте күшті жел (9 м/сек асатын) үсуге әкелуі мүмкін. Сондықтан қыс кезінде желсіз ауа райы қолайлы болып табылады. Ауаның температурасы жоғары және ылғалдылығы төмен кезінде, әлсіз (1-5 м/сек) соққан жел, тердің бөлінуін жылдамдатып, жылу берілуін күшейтеді. Егер де, температурасы жоғары кезде, ауа су буларымен қаныққан болса, онда ауаның әлсіз қозғалысының, буланудың қиындауы салдарынан, салқындататын әсері болмайды. Жел жоқ кезде, ауаның жоғары температурасы, әсіресе, ол жоғары ылғалдылықпен бірге әсер еткен кезде, ыстық өтуіне әкеп соғуы мүмкін. Температурасы дене температурасынан асатын, күшті ыстық жел ауаның кез-келген ылғалдылығы кезінде қыздыратын әсер береді. Бұл әсері, булану арқылы жылу берілуінің күшейуінен салқындататын эффектісі қызған ауаның қарқынды ағындарымен жойылуына байланысты. Ауаның қозғалысы адамның жылылық жағдайына ғана әсер етіп қоймайды. Үзіліссіз, күшті соққан жел, тыныс алуды қиындатып, оның қалыпты ырғағын бұзады, жүрек қан тамырларының аурулары мен тыныс алу жолдарының аурулары бар науқастардың жағдайын нашарлатады. Адам ағзасының жүйкелік-психикалық сферасына да желдің әсері едәуір болуы мүмкін. Орташа, термиялық бейтарап жел, сергітетін әсер етеді, ал өте күшті соққан жел депрессиялық жағдайлардың дамуына әкелуі мүмкін.

Ауа қозғалысының гигиеналық маңызы адамның қоршаған ортамен жылу алмасуы үрдістеріне қатысуымен ғана анықталмайды. Ауаның қозғалысы атмосфералық ауаға түскен ластаушы заттарды жоюда, елді мекендерді аэрациялауда және бөлмелерді табиғи желдетуде үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, ауаның қозғалысы ластаушы заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына да мүмкіндік түғызады.

Сондықтан елді мекендерді, ауруханаларды, мектептерді және бала бақшаларды, өндірістік мекемелер мен басқа да нысандарды жоспарлау және салу кезінде, берілген жергілікті жерлердегі желдің басым соғатын, жиі қайталанатын бағыттарын білуі өте маңызды. Ол желдің қай бағыттан соғатындығымен анықталады. Осы мақсатта, әрбір жергілікті жерлер үшін «жел раушаны» деп аталатын (3.1.-сүрет) әр түрлі бағыттар (румбалар) бойынша жыл бойына желдің туру жиілігінің графигі құрастырылады.

 

3.1.-сұрет. «Жел раушаны». Тұрғын үй ауаны ластайтын өнеркәсіп нысанының жел ең жиі соғатын жағынан орналастырылған

Жел раушаны жергілікті жердегі желдердің басым бағыттары туралы көрнекі мағлұмат береді. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды ауаны ластайтын көздердің жел басым соғатын жағынан орналастыру қажет, бұл ластаушылардың таралуын шектеуге немесе оның алдын алуға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандардан белгілі, адам ағзасы тіршілік үрдісінде ауаның температурасының, ылғалдылығының, қозғалысының, жылу радиациясының әр қайсысынын жеке әсеріне емес, бірлескен әсеріне ұшырайды. Адам ағзасының қоршаған ортамен жылу алмасуы үрдістеріне әсер етіп, адам ағзасының жылылық жағдайы мен ортаның жылылық жағдайын анықтайтын, осы факторлардың кешені микроклимат деп аталады.

Микроклимат көрсеткіштеріне ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалу жылдамдығы, қоршаған заттардың беттерінен берілетін жылу радиациясы жатады.

Микроклимат, қалыптасатын жеріне байланысты, жабық бөлмелердегі (тұрғын, қоғамдық, өндірістік, арнайы қондырғылардың, әскери техниканың, көліктің) және жеке аумақтардың (елді мекендердің, жердің, ықшам аудандардың және т.б.) микроклиматы деп бөлінеді. Адамның жылу тепе-теңдігіне әсер ету дәрежесі бойынша микроклиматты комфортты және дискомфортты - салқындататын және қыздыратын деп бөледі.

Комфортты микроклимат жылу реттейтін механизмдердің зорлануын тудырмайды. Жылу сезінуі жақсы және орталық жүйке жүйесінің жұмысы да оңтайлы, дене және ой жұмысына қабілеттілігі, сонымен қатар, қолайсыз факторлардың әсеріне төзімділігі де жоғары болады.

Дискомфортты микроклимат, керісінше, жылу реттейтін үрдістердің зорлануымен, жүйке жүйесі мен анализаторлардың жұмыс көрсеткіштерінің нашарлауымен, әр түрлі мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайының бұзылуымен, ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуімен сипатталады, сонымен қатар, әр түрлі жедел және созылмалы аурулардың дамуына себепші болуы мүмкін. Қыздыратын дискомфортты микроклимат жедел және созылмалы гипертермиялардың әр түрлі белгілерінің дамуына (жоғарыдан қараңыз), ал салқындататын дискомфортты микроклимат – жергілікті және жалпы гипотермияларға және олармен байланысты ауруларға және ағзаның функционалдық жағдайының бұзылуларына әкеледі.

Микроклимат факторларының кешенді түрде әсер ететінін ескеріп, өте жоғары да емес және тым төмен де емес температуралар ауаның ылғалдылығы мен қозғалысының қолайсыз шамаларымен бірге әсер еткенде, ағзаның қатты қызыуна және қатты салқындауына әкелуі мүмкін екендігі есте болуы керек. Созылмалы дененің қатты қызуы тіпті, ауа температурасы 26-28ºС кезінде де, бірақ ылғалдылығы 80% жоғары және ауа қозғалысы 0,3 м/сек төмен микроклимат жағдайында ұзақ уақыт болған кезде, пайда болуы мүмкін. Созылмалы дененің салқындауы ауаның температурасы 12-14ºС және одан төмен, салыстырмалы ылғалдылығы 60% және одан да жоғары болған кезде байқалуы мүмкін. Жедел суықтан болатын патология 0ºС төмен температура кезінде жиі дамиды, бірақ ауның жоғары ылғалдылығы мен ауаның жоғары қозғалу жылдамдығы бірге әсер еткенде, плюс температура кезінде де дамуы мүмкін.

Бөлме микроклиматын гигиеналық бағалау үшін, субьективті және обьективті көрсеткіштерді қолданады. Субьективті бағалау адамның жылу сезіну бойынша жүргізіледі, оның келесі 7 сипаттамасы болуы мүмкін: өте суық, суық, салқын, комфортты, жылы, ыстық және өте ыстық.

Обьективті бағалау адамның жылылық жағдайы мен микроклимат көрсеткіштеріне жүргізілген аспаптық зерттеулердің нәтижелері негізінде беріледі. Адамның жылылық жағдайын зерттеу үшін, дененің әр түрлі бөліктеріндегі тері бетінің температурасы мен тер бөлінуінің қарқындылығы жиі анықталады.

Микроклиматтық жағдайлардың адам ағзасына қолайсыз әсерлерінің алдын алу үшін, біртұтас шаралар кешені жүргізіледі. Бұл шаралардың ішінде микроклимат параметрлерін гигиеналық нормалау ерекше орын алады. Оны, климаттық жағдайларын, жыл мезгілін, тәулік уақытын, бөлменің сипаты мен қолданылуын, оның ішіндегі жұмыс істейтін адамдардың атқаратын жұмыстарының түрлерін, адамдардың денсаулық жағдайы мен жасын ескеріп, дифференциалды түрде жүргізеді (VII, IX, X, XI тарауларды қараңыз). Микроклиматтың қолайсыз әсерінің алдын алуда гигиеналық нормативтер мен талаптарға сай микроклиматтық жағдайларды жасауға бағытталған шаралар маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта жылыту, желдету, ауаны кондиционерлеу, бөлменің қызуын немесе салқындатуын төмендетуге мүмкіншілік беретін терезелердің дұрыс бағытталуы, ғимараттардың қабырғаларын қалыңдату, күннен қорғайтын құрылыстарды орнату, жалюзилерді, перделерді пайдалану және т.б. қолданылады.

Өндірісте өндірістік үрдістердің технологиясын жетілдіреді немесе өзгертеді, жылу шығаратын көздерді оқшаулайды, жұмыс орындарын экрандайды, салқын ауаның ағынын немесе су бүркіндісін ыстықты төмендететін перде ретінде қолданады.

Шаралардың келесі тобы рационалды киімдерді таңдау және еңбек пен демалудың, тамақтанудың, су ішудің қолайлы режимдерін, сонымен қатар, шынықтыруды ұйымдастыру жолымен адамның жылылық жағдайын жақсартуға және ағзаның қарсы тұру қабілетін жоғарылатуға бағытталған.

Өндірістегі микроклимат жағдайларының қолайсыз әсері салдарының алдын алуға, емдеу - алдын алу шараларын жүргізіп те, қол жеткізеді. Мысалы, жұмысқа орналасатын адамдарды алдын ала жүргізілетін медициналық тексеруден өткізіп, денсаулық жағдайында қарсы көрсетілімдері болса, жұмысқа алмайды. Жұмыс істейтіндердің ағзасының қатты қызынуына немесе салқындауына байланысты денсаулықтарындағы бұзылыстарын анықтау мақсатында, кезеңдік медициналық тексерулер, профилакторияларда, санаторияларда емдеу, цехтің денсаулық пунктінде әр түрлі сауықтыру шараларын және басқаларды жүргізеді.

3.2. Барометрлік қысым және оның гигиеналық маңызы.

Жердің гравитациялық күші атмосфераның төменгі қабаттарында оның негізгі массасы жиналуына ықпал етеді, сондықтан, дәл осы қабаттарда атмосфералық қысым мен ауаның тығыздығы жоғарылау болады. Ауаның ен жоғары қысымытеңіз деңгейінде байқалады. 45ºС ендікте, ауаның температурасы 0 ºС кезінде, ол с.б 760 мм, немесе 101,3 кПа (1 атмосфера), ал оттегінің парциалды қысымы - с.б 100 мм болады. Теңіз деңгейінен биіктік жоғарылаған сайын, атмосфералық қысым мен ауаның тығыздығы, сондай-ақ, оттегінің парциалдық қысымы төмендейді. Мысалы, 2000 м биіктікте атмосфералық қысым с.б 560 мм, ал оттегінің парциалдық қысымы - с.б 70 мм болады. 4000-4500 м биіктікте оттегінің қысымы, теңіз деңгейіндегі қысымымен салыстырғанда, екі есеге төмендейді.

Атмосфералық қысымның аздаған тәуліктік ауытқуы дені сау адамның ағзасына әдетте көп әсер етпейді. Бірақ, биіктікке көтерілген кезде, қысымның айқын төмендеуі немесе кейбір жұмыс түрлерін (кессондық, сүңгуірлік) орындау және су астына түскен кезіндегі қысымның жоғарылауы қолайсыз әсер етуі мүмкін.

2700 м үлкен биіктікке және тез көтерілгенде (1 күннен аз), биіктік немесе тау ауру деп аталатын симптомдар кешені дамиды. Ол альпинистер, ұшқыштар, биік тау жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларда, әуе шарында ұшу кезінде, декомпрессиялық камераларда және т.б. кездеседі.

Ауадағы оттегінің парциалды қысымының төмендеуі адамда оттегінің жеткіліксіздігіне әкеледі. Оның алғашқы белгілері: бас ауруы, әлсіздік, жүрек айну, ентігу, ұйқының бұзылуы, тахикардия - 2000 м биіктікке көтерілгеннің өзінде байқала бастайды. Одан да жоғары биіктікке көтерілген кезде, айқын гипоксия дамиды, биіктікке тән өкпенің, мидың сулы ісігі, көздің торлы қабығына қан құйылу, мұрыннан және асқазан-ішек жолынан қан кету пайда болады. Бірнеше сағат ішінде өлімге әкеп соғатын, кома дамуы мүмкін. Ұшқыштарда пайда болатын биіктік ауруы, тау ауруына қарағанда, биіктікке тез көтерілуіне байланысты жедел дамиды және ауыр түрде өтеді. Тау ауруына көбінесе балалар және етеккір алдындағы кезеңінде әйелдер жиі ұшырайды.


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 1365 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.008 сек.)