АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Жеделдетiлген нормалау . 5 страница

Прочитайте:
  1. B)новокаинмен жансыздандыру 1 страница
  2. B)новокаинмен жансыздандыру 2 страница
  3. B)новокаинмен жансыздандыру 3 страница
  4. B)новокаинмен жансыздандыру 4 страница
  5. B)новокаинмен жансыздандыру 5 страница
  6. B)новокаинмен жансыздандыру 6 страница
  7. B)новокаинмен жансыздандыру 7 страница
  8. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 1 страница
  9. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 10 страница
  10. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 2 страница

Институт зерттеп келе жатқан еңбек гигиенасы мен кәсіптік патология мәселелерін шешуге көрнекті ғалымдар: көп жылдар бойына өлкелік патология ҒЗИ басқарған профессор Б.А.Атшабаров, профессорлар А.А.Лукашев, К.К.Макашев, А.Т.Алданазаров, В.З.Хамитова, М.К.Қайрақбаев, Г.И.Белоскурская, В.Л.Резник, В.А.Козловский, Е.Ж.Жарқынов, медицина ғылымдарының кандидаттары М.Т.Бердыходжин, Б.Г.Фейгин, Г.Д. Лях және басқалар үлкен үлес қосты. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері Б.А. Атшабаровтың «Қорғасын интоксикация кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдануы», А.Т.Алданазаровтың «Сатурнизм кезіндегі қан жүйесінің өзгерістері», К.К.Макашевтың «Техникалық прогресс және қорғасын өндірісіндегі еңбек физиологиясының мәселелері», Г.И. Белоскурскаяның бірлескен авторлармен жазған "Шаң әсерінен пайда болатын пневмокониоздар және созылмалы бронхиттер", В.А.Козловский, А.А.Лукашев, А.Г.Дардик, А.Г.Полонскийдің «Фосфорлы тыңайтқыштар өндірісіндегі жабдықтарды гигиеналық бағалау», Т.Ш.Шармановтың, А.А.Мамырбаевтың «Фосфор, фтор және олардың бейорганикалық қосылыстарының токсикологиясы», Е.Ж.Жарқыновтың бірлескен авторлармен жазған «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі еңбек гигиенасы» деп аталатын іргелі еңбектерінде қамтып, көрсетілді. Е.Ж.Жарқыновтың бірлескен авторлықтағы жоғарыда аталған еңбегі Ф.Ф. Эрисман атындағы жүлдеге ие болды. Г.Ф.Поллак пен Э.И.Грановскийдің редакциясымен шығарылған «Сыртқы орта мен тағамдық азықтардағы пестицидтердің мөлшерін анықтау әдістері» деп аталатын нұсқауы, пестицидтер гигиенасы жөніндегі мамандардың ен жиі қолданатын құралдарының біріне айналды. Институт, қоршаған орта гигиенасы, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру сияқты, басқа да гигиеналық бағыттар бойынша жұмыс істеді. Зерттеу материалдары бойынша «Ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету гигиенасы» (Г.И. Сидоренкомен бірлескен авторлықта), «Ауыз судағы металдардың улылығы» (Г.Н. Красовский, В.Г.Надеенко, Ү.И.Кенесариев), «Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері» (П.П.Петров және Т.К.Қалжеков),«Ғылыми-техникалық прогресс, қоршаған орта және халық денсаулығы» (Г.А.Попов, П.П.Петров, Ж.Т.Тұрлыбеков), «Қазіргі кездегі өндірістік қала тұрғындарының денсаулығы» (Р.Х. Кадырова, П.П. Петров, Н.Ж. Жақашов) деп аталатын монографиялар басылып шықты.

1958 жылы Қарағанды қаласында Қазақ еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырылды. Оның бірінші басшысы З.К. Төлегенов болды. Бұл институтта құрамы әр түрлі өндірістік шаңдардың патогендік қасиеттері және ағзаға әсер ету механизмі зерттелді, шу мен дірілдің жұмыс істеушілердің ағзасына әсерінің алдын алу жөніндегі алдын алу шаралары дайындалды, бір типті кокс-химия өндірісінің барлық маңызды учаскелеріндегі еңбек жағдайларына баға берілді, өнеркәсіптен шыққан ағынды суларының Орталық Қазақстандағы суаттардың санитарлық жағдайына әсері бағаланды. Бұл сұрақтарды ғылыми тұрғыдан жете зерттеп, дайындауға белгілі ғалымдар, гигиена мамандары Б.Е.Алтынбеков, Қ.Р.Әмрин, А.И.Бурханов, М.И. Салехов, А.П.Филин және басқалар үлкен үлес қосты.

Еңбек гигиенасы мен кәсіби патология жөнінде жүргізілген зерттеулер, Қарағанды мемлекеттік медицина институтында да негізгі зерттеулердің бірі болды. Мұнда көмір, полиметалл кендерін шығару кезіндегі, қара металлургиядағы еңбек гигиенасы мен физиологиясының сұрақтары, жұмыс істейтін жасөспірімдердің еңбек гигиенасының сұрақтары жете дайындалды. Бұл бағыттағы жұмыстардың іске асуына көрнекті гигиена мамандары Б.Е Алтынбеков, Е.Н Сраубаев, А.П Филин, В.А Ли., С.П Терехин, А.Г Швецов және басқалар маңызды роль атқарды. Зерттеу нәтижелері көмір өнеркәсібі кәсіпорындарына, ұсақ рудалық және рудалық емес пайдалы кендерді шығару және байыту кәсіпорындарына арналған Санитарлық нормалар мен ережелерде, «Ұсақ рудалық және рудалық емес пайдалы қазбалардың кен орындарынаң кен шығару кезінде қолданылатын машиналар мен механизмдері» деп аталатын мемлекеттік стандартта қолданылды.

Осы кезеңде АММИ-де, 1968 жылдан 1980 жылға дейін жалпы гигиена кафедрасын басқарған ірі ғалым, профессор Ф.А. Дауылбаевтың басшылығымен, Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындарының өнеркәсіптік ағынды суларын залалсыздандыру және пайдалану жолдарын іздестіру, сумен қамтамасыз етуді сауықтыру жөнінде, сондай-ақ, асқазан-ішек ауруларының, тісжегінің, флюороздың алдын алу жөнінде, әсіресе, ауыл тұрғындарының арасында алдын алу жөнінде, жан жақты зерттеулер жүргізілді.

1980-1994 жылдары АММИ-дің жалпы гигиена кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған, көрнекті ғалым, гигиена маманы профессор Қ.Р. Әмрин қоршаған ортаны қорғау, адамның өмір сүретін ортасын болжау, Қазақстанның биогеохимиялық аймақтарындағы медициналық-экологиялық мәселелерінеқатысты, жаңа ғылыми бағытты дамытты. Профессор Қ.Р. Әмринді Қазақстандағы қоршаған орта гигиенасының негізін қалаушы деп айтуға болады.

1960-1991 жылдар тағам тану гигиенасының қарқынды дамуы кезеңі болды. Қазақстанда оның мектебін құрудағы баға жетпес рөл академик Т.Ш. Шармановқа тиесілі. 1962 жылы Өлкелік патология ғылыми зерттеу институтында тағам тану бөлімі құрылды, бұл 1973 жылы Т.Ш. Шармановтың ынтасымен КСРО Медицина ғылым академиясының Тағам тану ғылыми зерттеу институтының (ҒЗИ) Қазақ филиалының ашылуына негіз болды. 1988 жылы филиал өз алдына дербес «Тағамтанудың аймақтық мәселелері» деп аталатын ғылыми зерттеу институты болды. Осы жылдары республика халқының тамақтанудың құрылымы, ең көп қолданылатын азық-түліктердің тамақтық және биологиялық құндылығы, олардың әр түрлі ксенобиотиктермен ластану дәрежесі, алиментарлық дисбаланстардың әр түрлі түрлерінің қаншалықты таралғандығы зерттелді. Биологиялық құндылығы жоғары, балалардың тамақтануы үшін, әр түрлі ауруларды емдеу және алдын алу үшін арнайы тағайындалатын азықтар дайындалды. 1988 жылдан бастап нутрициологияның іргелік бағыттары жөнінде зерттеулер жүргізіле бастады.

5.5. Қазақстан Республикасында гигиенаның 1991 жылдан кейін дамуы. 1991 жылдың аяғында егемендік алысымен Қазақстан тәуелсіз мемлекеттер достастығы ішіндегі біріншілердің бірі болып «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы» Заң (1994 ж.) қабылдады. Бұл заң, осы кезеңде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің іс әрекетін дамыту мен жетілдірудің басты бағыттарын анықтады және бақылау ісіндегі бір жұмыс түрін бірнеше органдарда қайталап орындауды және паралелльдікті жойды.

Республика экономикасының нарықтық қатынасқа өтуіне байланасты 2002 жылы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы» деп аталатын жаңа Заң қабылданды.

Қазақстандағы гигиена ғылымы дамуының негізгі бағыттары да реформаға түсті. 2005 жылға қарай ғылыми іздеулермен Республикада 4 ғылыми-зерттеу институттары, сонымен бірге, медициналық жоғарғы оқу орындарының және дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының гигиена саласындағы кафедралары айналысты. 1998 жылы Өлкелік патология ҒЗИ мен КЭМИ-ді біріктіру жолымен құрылған, Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының зерттеулерінде Шығыс-Қазақстан облысында, Арал өңірінде, Тенгиз мұнай газ кешені аймағында экологиялық қауіп-қатер, дағдарыс, апат зоналарын болу мәселелері маңызды орын алды.

Сонымен қатар, құрамында фосфоры бар қосылыстардың, Қазақстанның кен орындарынан алынған көмір күлдерінің зақымдайтын әсері бағаланды және қоршаған ортаның әр түрлі нысандары үшін олардың нормативтері дайындалды. Әскер қатарына шақырылғандардың дәрігерлік комиссиялардан өтуі кезінде жасөспірімдердің денсаулығын бағалайтын критерийлер дайындалды.

Тағам тану институтында бірінші рет Қазақстанға және Орталық Азия республикаларына (1996 ж.) арналған тамақтанудың ұлттық саясаты жөніндегі концепция дайындалды. Жалпы ұлттық деңгейде халықтың жеке топтарының тамақтану статусы зерттелді, ұлттық өнімдер мен әдетте қолданылмайтын жаңа шикізат көздері негізінде емдік диеталар мен тағам рациондары дайындалды, жаңа биологиялық белсенді қоспалар әзірленді, емшек емізіп қоректендіруді қолдау жөніндегі бағдарламалар орындалды. Осы өзекті мәселелердің дамуына зор үлес қосқан Т.Ш. Шарманов, А.А. Алдашев, И.Г. Цой, Ю.А. Синявский, Ш.С. Тәжібаев, Л.И. Каламкарова және т.б. болды.

Институт темір тапшылықты анемиямен және йод тапшылық жағдайлармен күресу жобасы бойынша, ЮНИСЕФ-тің жауапты орындаушысы. Оның базасында тағам өнімдері мен өндірістік шикізаттарды сертификаттау және стандарттау жүрізіледі.

1994 жылы денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық мәселелері Ғылыми орталығы ұйымдастырылды. Оның құрылуына және дамуына денсаулық сақтаудың көрнекті ұйымдастырушылары О.Т.Жүзжанов П.П.Петров, Ж.Т.Тұрлыбеков, Т.К.Қалжеков, Д.С. Исаев және т.б. елеулі үлес қосты. Ғылыми орталық республикада денсаулық сақтау ісінің 2030 жылға дейінгі дамуының медициналық-демографиялық стратегиясын негіздеумен айналысты, денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторының даму концепциясын, Қазақстан жағдайында бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсетудің даму бағдарламасын дайындады. Орталықтың қатысуымен нарықтық экономика жағдайында денсаулық сақтауды ұйымдастыруға және реформалауға қатысты республиканың заңдары дайындалды.

Қазақ ұлттық медицина университетінің (бұрынгы - АММИ) гигиена кафедралары жүргізген ғылыми зерттеулердің сферасы едәуір кеңейді. Жалпы гигиена кафедрасы «Медициналық экология» ғылыми мәселелік зертханамен біріктірілгеннен кейін, 1995 жылы республиканың экологиялық-гигиеналық мәселелері жөніндегі ірі ғылыми және оқу орталығы болды, оны профессор Ү.И. Кенесариев басқарды.

«Халық денсаулығы» деген ұлттық бағдарламаға сәйкес, кафедрада мұнай газ аймақтары мен республиканың ракеталық-ядролық сынақ полигондары аймағындағы қоршаған орта жағдайы мен халық денсаулығы бойынша зерттеулер жүргізіледі, өзекті халықаралық бағдарламаларды іске асыруға да белсенді қатысады. Республикада бірінші рет қазақ және орыс тілдерінде «Экология және халық денсаулығы», «Радиациялық гигиена» оқулықтары дайындалды және баспадан шығарылды. Бұл оқулықтарда республикадағы экологиялық-гигиеналық жағдайлардың сұрақтары да қамтылып көрсетілді.

1991 жылы АММИ-де санитарлық-гигиеналық факультет қайтадан ашылғаннан кейін, республиканың көрнекті ғалымы, профессор Б.А. Неменко басқарған коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасында қоршаған орта факторлары мен генетикалық факторлардың балалар мен жасөспірімдерде аурулар дамуы мен денсаулығы қалыптасуындағы ролін зерттеу, Қазақстан қалалары мен ауылдарының жоспарланауы мен санитарлық абаттандырылуын қолайлы ету мәселелерін зерттеу әрі қарай дами бастады.

Қазақ тілінде «Коммуналдық гигиена» (Б.А.Неменко, Ү.И.Кенесариев) және «Балалар және жасөспірімдер гигиенасы» оқулықтары басылып шығарылды, коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы жөніндегі тәуелсіз мемлекеттің санитарлық заңнамасының негізгі құжаттары жаңадан дайындалды.

Сонымен, ғылым және практикалық іс- әрекет саласы ретіндегі гигиена Қазақстанда ұзақ даму жолынан өтті. Басты бағыты сақтық бақылау болып табылатын пәрменді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі құрылды. Кадрлардың әлеуеті шексіз өсті. Гигиена ғылымының көптеген салалары бойынша, проблемаларды шешу жолдарын дайындайтын ғылыми -зерттеу мекемелерінің қуатты жүйесі құрылды. Қазіргі кездегі, XXI ғасырдағы, алдын алу жөніндегі медицинаның даму кезеңіне экологиялық контекст және гигиена ғылыми мен клиникалық медицинадағы жеке мамандық салаларының бағыттарын интеграциялау идеясын іске асырылуы тән. Оған, мысал ретінде, осы саладағы көп түрлі мәселелердің бәрін қамтуға мүмкіндік беретін, еңбек медицинасы және қоршаған ортаның медицинасы деп аталатын пәндерді айтуға болады.

 

 

ІІ - ТАРАУ. ҚОРШАҒАН ОРТА ФАКТОРЛАРЫН ГИГИЕНАЛЫҚ НОРМАЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

1. Жалпы жағдайлар.

Адамның денсаулығына және оның өмiрiндегi саниттарлық жағдайына қолайсыз әсер ететiн қоршаған ортаның факторларын гигиеналық тұрғыда нормалау алдын алу шаралар жүйесiндегi негiзгi буыны болып табылады.

Табигаты әр турлi (химиялык, физикалык, биологиялық) факторларды регламенттеудiң гигиеналық концепциясын даярлауда отандьқ гигиена ғылымы алдыңғы қатарда екенiне ешқандай күмән жоқ. Бұл концепцияны іс жүзiнде дүние жүзiндегi барлық елдерi қабылдады деп айтуға болады.

Гигиеналық норматив - бұл адамның бүкіл өмiрi бойына күнделiктi әсер еткенде оның денсаулығына және келешектегi ұрпақтарына тiкелей немесе баска орта арқылы қолайсыз әсер етпейтінi заттар мен факторлардың концентрациялары, дозалары, деңгейлерi. Ортаның объектiлерiндегi химиялық заттар үшiн мұндай норматив ШРЕК (ПДК), физикалық факторлар үшiн - ШРЕД (ПДУ) болып табылады. Сондай-ақ, химиялық заттардьң уақытша шамамен алынған нормативтерi бар: ӘШАҚД - әсерінің шамамен алынған қауіпсіз деңгейі атмосфералык ауа және жұмыс зонасындағы ауа үшiн, ШАРЕД - судағы заттардың шамамен алынған рұқсат етiлген деңгейі, ШАРЕК- топырактағы заттардың шамамен алынған руқсат етiлген концентрациясы.

Көрсетiлген регламенттердi шамамен алынған деп айтады, себебi олар қысқа мерзiмдi эксперимент негiзiнде немесе есптеу әдiсiмен болжау негiзiнде орнатылады. Бұл нормативтер, әдетте, даярланған ШРЕК жоқ кезде, сақтық санитарлық бақылауды жүргiзу кезеңіңде қолданылады. Әдетте, олардың іс жүзiндегi күшi 2 жылдан аспайды.

Қазiргі кезде көптеген нормативтер ғылыми тұрғыда негiзделген: жұмыс зонасыньң ауасындағы химиялық заттар үшiн - 1800 артық нормативтер бар; суат суларында - 1500 ден астам, атмосфера ауасында - 700 ден астам, тағамдық азықтарда - 100-ден астам, топырақта - 100-ге жуық нормативтер бар.

Сондай-ак, негiзгі физикалық факторлардың (шу, вибрация, электромагниттiк өрiс т. б.) ШРЕД-те ғылыми тұрғыдан негiзделген. Қоршаған ортадағы биологиялық ластандырушы заттар үшін де нормативтер даярлануда.

2. Нормалаудың бiрiншi кезектiлiгi.

Ғылыми техникальқ прогрестiң жедел қарқынмен дамуы, жылсайын өндiрiсте қоршаған ортаны ластайтын ондаған жүз жаңа химиялық қосылыстардьң пайда болуына әкеп соғуда. Бұл заттардың биологиялық белсенділігі белгiсiз деп айтуға болады, ал ғылым қарамағындағы зерттеу мекемелерi мұндай мәлiметтердi алу үшiн жеткiлiксiз. Сондыктан да гигиена ғылымы практика алдында қарыздар.

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, гигиеналық нормалауды жүргiзу кезiнде, қай факторды бiрiншi кезекте нормалау керек екендiгiн анықтау қажет. Оны анықтауда негізге алатын критерийлер:

1. Нормалауға алатын фактордың көп тарағандығы және оның әсерiне ұшырайтын (адамдардың) халыктың саны. Қоршаған ортада көп тараған факторлар бiрiншi кезекте нормалануы тиiс.

2. Фактордың биологиялық әсер сипаты. Салдары әсерінен бiраз уақыт өткеннен кейiн пайда болатын (мутагендiк, канцерогендiк, эмбриотоксикалык) факторлар алдымен нормаланауы тиіс.

З. Фактордың көзі болып табылатын ө ндiрiстiң келешектегi дамуын ескерiп, оның әсер ету кеңдiгiнің болжау. Бiрiншi кезекте нормалауға алынатын факторлар өндiрiстiң кеңейу дәрежесiмен аньқталады.

4. Фактордың коршаған ортада тұрақтылығы. Бiрiншi кезекте ең тұрақты факторлар нормалануы қажет.

5. Биологиялық белсенділігінің күрт жоғарлауына әкеп соғатын, заттың қоршаган ортада трансформациялануы. Осындай заттарға норматив бiрiншi кезекте орнатылуы қажет (мысалы, сынап металы микроорганизмдердiң әсерiмен, ұыттылығы сынаптан жоғары, метилсынапқа айналады).

6. Нормалауға алынатын фактордың денсаулыққа зиянды әсерiн одан әрi күшейтетiн басқа факторлармен өзара әсерлесеуі (аралас, кешенді, қабаттасқан).

7. Фактор жөнiнде мәлiметтер болуы және гигиеналық зерттеу жургiзу үшін мүмкіндік болуы. Бiрiншi кезек осы бөлiм бойынша қорытындыға байланысты берiледi.

3. Нормалау қағидалары.

Орта факторларын нормалау теориясы, нормалау саласында жаңа білімдерді алған сайын, үнемі жетiлдiрiлiп және толықтырылып отырады. Дегенмен нормалау келесi қағидалар негiзiнде жүргiзiледi:

1. Медициналық көрсетуi жағынан бірінші орында болу қағидасы. Бұл қағиданың негiзiнде, адамның денсаулығы мен оның өмiрiндегi санитарлық жағдайына, фактор әсерiнiң бiрiншi дәрежелiк маңыздылығы туралы жағдайлар жатыр. Бұл кез келген фактор үшiн гигиеналық норматив орнатудың негiзгi қағидасы және ешқандай мүлтiксiз орындалуы қажет. Бұл қағида бойынша:

1. Іс жүзiндегi концентрацияны төмендету жөнiнде тиiмдi шаралардың жоқтығы және қоршаған ортаға түсетiн су немесе ауаға ұшатын шаңдарды, газдарды тазартатын әдiстiң жоқтығы жөнiндегi ешқандай себептер бекітілетін норматив деңгейiне әсерiн тигiзбеуi қажет.

2. Гигиеналық регламент орнатқанға дейiн заттар өндiрiске енгзiлмейдi, осыған байланысты ғылыми зерттеулер алдымен жургізiлуі қажет.

3. Бекітілген норматив, қазiргi ғылымның ең соңғы жетiстiктерiн ескерген кезде, адам үшiн абсолюттiк қауiпсiздік кепiлдiгiн беруi қажет.

2. Ағзаның биологиялық жауаптарын дифференциялау қағидасы. Ағзаның химиялық заттардың әсерiне реакциясы үш көрсеткiштерге байланысты:

· заттың биологиялық белсенділігіне;

· заттың дозасына:

· ағзаның қарсылық күшiне

Неғурлым заттың биологиялық белсенділігі және оның концентрациясы (дозасы) жоғары болса, сондай-ақ, ағзаның қарсылық күшi төмен болса, солғұрлым ағзаның биологиялық жауабы күштiрекболады. Ағзаның биологиялық жауабын келесi түрлерге бөледi: өлiм-жітім, аурушандық, аурудың физиологиялық белгiлерi, ағзадағы табиғаты белгісіз өзгерістер, заттардың ағзада жиналуы.

Бұл кезде келесі заңдылықтарды айырып көрсетуге болады:

1. Биологиялық жауаптың ең үлкен күшiне (өлiм -жітім) ең аз жауап жиiлiгi сәйкес келедi, яғни ағзаның жауабы қолайсыз әсерге ұшыраған халыктың ең аз бөлiгiн қамтиды.

2. Биологиялық жауаптың ең аз күшiне (заттың ағзада жиналуы) жауаптың ең үлкен жиiлiгi сәйкес келедi, яғни жауап реакциясы қолайсыз әсерге ұшыраған халықтың бәрін де қамтиды.

3. Ағзаның қарсылық күші ауыспалы мөлшер болып табылады, себебi ол қолайсыз фактор әсер еткен кездегi генетикалық кодқа және функционалдық, жағдайына байланысты. Бiрдей жағдайларда бiр адамның ауырып калуы мүмкiн, екiншiсi ауырмайды. Ең сезiмтал контингенттерге балалар мен қарт адамдар жатады.

Осы айтылғаннан гигиеналық нормалаудың маңызды екi шарты шығады:

1. Нормативтер биологиялық жауаптың бiрiншi төрт деңгейiн (өлiм-жітімді, аурушандықты, аурудың физиологиялық белгiлерiн, ағзадағы, табигаты белгiсiз, өзгерiстердi) болдырмауы қажет. Биологиялық. жауаптың бесiншi деңгейiн болдырмауға (заттың ағзада жиналуын) бүгiнгi күнi мүмкiншiлiк жоқ.

2. Нормативтер халықтың ең сезiмтал топтарын ескеруi қажет.

3. Қоршаған ортаның нысандарын бөлу қағидасы. Химиялық заттардың бiр түрiнің ортаның әр түрлi нысандарында (жұмыс зонасының ауасында, атмосферада. суда, топырақта, азықтарда) адам денсаулығына тигiзетiн қауiптiлiгi бiрдей емес. Оған келесi 3 себептер ықпал етедi:

1. Әр түрлi ортада заттың физикалық-химиялық қасиеттерiнiң өзгеруiне байланысты биологиялық белсенділігінің бiрдей еместігі. Мысалы, қорғасын атмосферада 1- қауiптiлiк класына, суда – 2- класына жатады т.т.;

2. Адаммен байланыста болу дәрежесi әр түрлi. Зат ауада. суда, тағамда болуы кезiнде адамға тiкелей, ал топырақта болған кезде, көбiнде, ортаның басқа нысандары арқылы әсер етедi.

3. Әсер ету уакытының әр түрлілігі. Атмосферадағы заттар адам ағзасына үнемі әсер етедi, ал жұмыс зонасының ауасындағы - жұмыс ауысымы бойында ғана әсер етедi.

Сондықтан, бiр заттың гигиеналық нормативтерi қоршаған ортаның әрбiр нысаны үшiн: атмосфералық ауада, суда, топырақта. жұмыс зонасының ауасында, тағамдық азықтарда – жеке-жеке орнатылады.

 

4. Барлық қолайсыз әсерлерiн ескеру қағидасы. Қандай да бiр орта нысанында (ау. су, топырақ) затқа орнатылатын норматив адам ағзасына тигiзетiн әсерiн ескерiп қоймай, ортаның өзiне де тигізетін әсерiн ескеруi қажет. Қолайсыз әсер дәрежесiне байланысты химиялық заттардың зияндылықтарын әр турлi көрсеткiштерге бөледi:

· Органолептикалық -бөгде иiс, дәм пайда болуымен, тусi мен реңінің өзгеруi мен байқалатын орта нысандары сапасының өзгеруi. Мысалы, ауа мен судың иiсi өзгеруi. химиялық заттармен ластануы кезiндегi судың дәмiнiң, түстiлiгiнiң өзгеруi т. б.

· Жалпы санитарлық - өздiгiнен тазару үрдістеріне әсер ететiн. сапрофит микроағзалардың санының, түр құрамының, белсенділігінің өзгеруi (мысалы, суаттардың өздiгiнен тазару үрдістері).

· Санитарлық-тұрмыстық - жергiлiктi климаттын, ауаның мөлдiрлiгiнiң, өсiмдiктердiң, тұрмыс жағдайының өзгеруi. Мысалы, ауаның ластануы заттың көрінуі дәрежесінің, УК сәулеленуінің төмендеуіне, киiмнің ластануына әкеп соғады т.т.


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 1032 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.016 сек.)