АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Онкогинекология негіздері 3 страница

· Объективті зерттеу: жалпы қарап тексеру, жүйелер және ағзалар бойынша зерттеу. Гинекологиялық науқастарды зерттегенде дене бітімін анықтау және тері жабындыларын бағалау маңызды орын алады. Дене бітімінің негізгі 4 түрін ажыратады: пикнотикалық, инфантильді, астеникалық, интерсексуальді. Қарап тексергенде түктелу(оволосение) түріне назар аударады. Қалыпты түктелу шап аймағында және қолтық ойысында байқалады. Гирсутизм – түктердің еркек типі бойынша өсуі(іштің ақ сызығы бойымен, бетте, сүт бездерінде, санның ішкі бетінде), жиі ол әйел ағзасында андрогеннің артық өндірілуімен байланысты. Гирсутизм дәрежесін Ферриман-Галвей шкаласы бойынша бағалайды. Сүт бездерін зерттегенде, көлеміне, гипотрофия немесе гипертрофия болуына, терідегі трофикалық өзгерістерге назар аударады және науқастың тұрған және жатқан қалпында жүйелі пальпациясын жүргізеді.

· Арнайы гинекологиялық тексеру: сыртқы жыныс мүшелерін қарап тексеру, айналарда(на зеркалах) қарап тексеру, бимануальді қынаптық тексеру, ректальді тексеру, комбинирленген тік ішек-қынап-құрсақ қабырғалық зерттеу.

· Гинекологиядағы қосымша зерттеу әдістері: бактериоскопиялық, бактериологиялық зерттеу, функциональді диагностика әдістері, гистологиялық зерттеу, цитологиялық әдіс, эндоскопиялық, УДЗ, ретнтгенологиялық, радиоиммунологиялық әдістер.

· Гинекологиялық аурулар құрылымы: әйел жыныс ағзаларының қабынулық аурулар тобы, етеккір циклінің бұзылуы, жаңа түзілімдер, эндометриоз, нейроэндокринді синдромдар, әйел жыныс ағзаларының дұрыс емес қалпы және даму ақаулары.

· Гинекологиялық науқастың патологиялық мәліметтер жинағы,болжама диагноз, алдын-ала диагноз, қорытынды диагнозі.

Иллюстрациялық материал: мультимедиялық презентация кесте және суреттерімен бірге.

Әдебиеттер:

Орыс тілінде:

негізгі:

1.Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.,

С.- 1- 23.

қосымша:

Гинекология: учебное пособие по клинической практике для студентов медицинских

колледжей/ под.ред. К.А.Аяпова – Алматы, 2005., С.-5-7

Қазақ тілінде:

негізгі:

Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж.

қосымша:

Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

· Гинекологиялық науқастарды зерттеу әдістері?

· Гинекологиялық зерттеуге не кіреді?

· Гинекологиялық аурулардың семиотикасы?

· Гинекологиялық аурулардың құрылымы?

· Жатыр мойнын айнамен қарап тексергенде нені бағалайды?

· Қынаптың бимануальді зерттелуінде нені анықтайды?

 

Дәріс №2

Тақырыбы: Менструальді циклдің бұзылуы. ДЖҚК(Дисфункциональді жатырлық қан кету).

Мақсаты: қалыпты менструальді циклі, оның реттелуі және менструальді қызмет бұзылуымен жалпы таныстыру; этиология, клиника, диагностика және цикл бұзылысы кезіндегі емдеу принциптерімен таныстыру.

· Дәріс тезистері

· Менструальді цикл (МЦ) – әйел организміндегі күрделі биологиялық процесс. Ол әйелдің жыныс ағзаларындағы белгілі заңдылықтарға бағынатын циклдік өзгерістермен және басқа жүйелердің функциональді жағдайының ауытқуымен сипатталады. Қалыпты менструальді цикл негізгі үш компоненттен тұрады:

· -әйел жыныс безіндегі – аналық без, дәлірек – гипоталамус-гипофиз-аналық без жүйесіндегі(аналық бездік цикл) циклдік өзгерістер;

· -Жатыр, көбінесе эндометрийдегі циклдік өзгерістер (жатырлық цикл);

· -организмнің әр түрлі функцияларының физиологиялық ауытқуы (менструальді толқын).

· Репродуктивті жүйенің 5 түрі бар:

· I -деңгей: тін–нысана – гормондар нүктесі.

· II- деңгей: эндокриндік без – аналық без.

· III- деңгей: гипофиз

· IV -деңгей: гипоталамус

· V -деңгей: ОЖЖ-ң экстрагипоталамикалық құрылымы.

· Менструальді цикл бұзылысы әйелдердің әр түрлі жастық кезеңдерінде кездесуі мүмкін: жыныстық жетілу кезінде, репродуктивті кезінде және пременопаузада.

· Клиникалық көріністеріне байланысты 3 негізгі тобы бар:

· Аменорея және гипоменструальді синдром;

· Қан кетуге байланысты, менструальді цикл бұзылыстары

· Ауыру сезімімен өтетін менструация – альгодисменорея.

· Менструальді цикл бұзылыс себептері.

· Стресс, психикалық және жүйкелік аурулар;

· Тамақтану бұзылыстары, семіру, авитаминоз, кахексия;

· Кәсіби зияндар;

· Инфекциялық, септикалық аурулар;

· Жүрек-қантамыр, қан жасау жүйелері және бауыр аурулары;

· Гинекологиялық операциялар;

· Зәр шығару жолдарының жарақаттары;

· Жыныстық жетілу кезеңіндегі гипоталамоө-гипофизарлы жүйенің жасқа байланысты даму бұзылыстары;

· Пременопаузадағы гипоталамустық орталықтардың инволюциялық қайта құрылуы.

· ДЖҚК. Дисфункциональді жатырлық қан кету(ДЖҚК) – гипоталамус-гипофиз-аналық без-жатыр жүйесінде, репродуктивті органдар патологиясі және қан аурулары болмаған жағдайдағы функциональді бұзылыстар.

· ДЖҚК классификациясы: овуляторлы, ановуляторлық. ДЖҚК: ювенильді, репродуктивті кезеңдік, климактерикалық.

· Әйел жасына байланысты емдеу принциптері: хирургиялық гемостаз(цервикальді өзек, жатыр қуысын бөлек емдеу-диагностикалық қыру), гормональді гемостаз, реттейтін гормонотерапия.

· Менструальді циклдің бұзылыстарының профилактикасі.

· Иллюстрациялық материал: мультимедиялық презентация(кесте және суреттерімен бірге).

·

· 6. Әдебиет:

· Орысша негізгі:

· 1. Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

· қосымша:

· 1. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

· ●В.П. Сметник, Л.Г. Тумилович. Неоперативная гинекология.Сотик.- Санкт-Петербург, 1995.

· ● А.Н. Стрижаков, А.И. Давыдов и др. Избранные лекции по акушерству и гинекологии.-Ростов на Дону, 2000.

· ●Қазақша

· негізгі:

· 1. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж.

· 2. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж

· қосымша:

· 1.Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

· 2. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.

· Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

· Менструальді циклдің реттелуінің қанша деңгейі бар?

· Менструальді цикл бұзылыстарының жіктелуі?

· Менструальді цикл бұзылыстарының себептері?

 

Дәріс №3

Тақырыбы: Аменорея, гипоменструальді синдром

Мақсаты: аменорея жайлы, оның жіктелуі,этиологиясі, клиника, диагностика және

терапия принциптерімен таныстыру.

Дәріс тезистері.

Аменорея – етеккірдің 6 ай және одан көп уақыт бойы болмауымен сипатталатын менструальді функциянің патологиясінің ең ауырлардың бірі. Аменорея – жеке ауру емес, бұл тек қана репродуктивті жүйенің ғана симптомы емес, басқа да нейроэндокринді және қатерлі, қатерсіз ісіктердің симптомы. Репродуктивті жастағы әйелдер арасында жиілік – 1,8-3,5%студенттер арасында 3,5-5%, менструальді және генеративті құрылым ішінде 10-15%. Біріншілік аменорея екіншілікке қарағанда өте сирек кездеседі, аменорея құрылымында 10% алады.

Аменорея жіктелуі: біріншілік, екіншілік..

Біріншілік аменорея – 16 жастан асқанда менархе болмауы.

Екіншілік аменорея – бұрын менструациясы болған әйелдерде етеккірдің 6 айдан аса болмауы.

Аменорея жіктелуі: жалған, нағыз(патологиялық, физиологиялық).

Зақымдалу дәрежесіне қарай аменореяның жіктелуі:

Орталық генезді (гипоталамикалық, гипофизарлы);

Перифериялық генезді (аналық безді, жатырлық, бүйрекүсті без, қалқанша без

қызметінің бұзылуы.

Жалған аменорея – Гипоталамус-гипофиз-аналық без-жатыр жүйесіндегі циклдік процесстер дұрыс өтеді, бірақ менструальді қан сыртқа шықпайды: қынап, жатыр мойнының өзегінің атрезиясі,

Нағыз аменорея –аналық без, жатыр, гипоталамус-гипофиз жүйесіндегі циклдік өзгерістер, менструация жоқ.

Физиологиялық аменорея - менструация болмауы:

- жыныстық жетілуге дейін

- жүктілік кезінде,

- лактация кезінде,

- постменопаузада

Патологиялық аменорея – гинекологиялық, не экстрагенитальдік аурулар симптомы.

Біріншілік аменорея – менархенің 16 жастан кейін болмауы.:

- Гонадалар қызметі бұзылғаны салдарынан пайда болады(гонадалар дисгенезиясі, тестикулярды феминизация)

Экстрагонадты себептер(ГГ жүйесінде функциональді және органикалық өзгеріс, қынап және жатырдың даму ақаулары)

Екіншілік аменорея: Нормогонадотропты, Гипергонадотропты, Гипогонадотропты.

Нейроэндокринді жүйе зақымдалуына қарай:

Аменорея:

Гипоталамикалық,

Гипофизарлы,

Аналық безді,

Жатырлық

Бүйрек үсті безі, қалқанша без патологиясімен сипатталатын.

Гипоталамо-гипофизарлы жүйе бұзылыстары: функциональді(дене салмақ төмендеуі, психогенді, гиперпролактинемия), органикалық(краниофарингиома).

Жыныс мүшелерінің даму ақаулары: гинатрезия, қынап бөлігінің атрезиясы, жатыр аплавзиясы(Майер-Рокитанский-Кюстнер синдромы).

 

Жатыр патологиясы: цервикальді өзек атрезиясы, жатырішілік синехиялар (Ашерман синдромы).

Екіншілік аменореяның аналық безді түрлері: резистентті аналық без синдромы, әлсіреген аналық без синдромы, аналық бездің гипертежелу.

Аменорея диагностикасы:

Анамнез

Жалпы қарап тексеру және арнайы гинекологиялық тексеру мәліметтері

Функциональді диагностика тесті (ФДТ)

Гормондар деңгейін зерттеу

Генетикалық тексеру (кариотип және жыныстық хроматинді анықтау).

Гормональді сынамалар: прогестеронді, эстроген-прогестеронді, дексаметазонды

Краниография

Кіші жамбас ағзаларының УДЗ

Лапароскопия

Иллюстрациялық материал: мультимедиялық презентация(кесте және суреттерімен бірге).

Орыс тілінде негізгі:

1. Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

Қосымша:

1. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

●В.П. Сметник, Л.Г. Тумилович Неоперативная гинекология.Сотик.- Санкт-Петербург, 1995.

● А.Н. Стрижаков, А.И. Давыдов и др. Избранные лекции по акушерству и гинекологии.- Ростов на Дону, 2000.

Қазақ тіліндегі негізгі:

1. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж

қосымша:

1.Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

2. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар. - Алматы, 2006ж.

 

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

Аменорея жіктелуі?

Физиологиялық аменореялардың жіктелуі?

Аменорея диагностикасының әдістері?

Біріншілік аменореяну анықтау?

Екіншілік аменореяны анықтау?

 

Дәріс №4

Тақырып: «Жанұяны жоспарлау. Бедеулі неке.»

Мақсаты: жанұя жоспарлау принциптерімен, бедеулі неке себептерімен таныстыру.

Дәріс тезистері.

Жанұяны жоспарлау контрацепция көмегімен жүзеге асырылады. Жанұя жоспарлау тапсырмалары: жоспарланбаған жүктілікті алдын-алу, тек қана аяулы балалар туу; әке-шеше жасына байланысты баланың туу уақытын бақылау; жүктілік арасындағы интервалды реттеу; жанұядағы балалар санын тиянақтау. Жанұя жоспарлауының бес принципі:

18 жасқа дейінгі жүктілікті алдын-алу

35 жастан асқан әйелдердің жүктілігін алдын-алу

Интергенетикалық интервал – 2 жыл

Көп туған әйелдерді тәуекел тобына бөліп, алдын-алу шараларын жүргізу.

ЭГЗ бар әйелдерді сауықтыру, қарсы көрсетілім бар болса(жалғыз бүйрек, созылмалы пиелонефрит, қантты диабет, т.б.), жүктілікті алдын-алу.

Контрацепция әдістері: гормональді, жатырішілік контрацептивтер; барьерлік(немесе механикалық), химиялық, табиғи жанұяны жоспарлау әдістері(биологиялық, үзілген жыныс акті, лактациялық аменорея әдісі). Тұрақты: өз еркімен хирургиялық стерилизация.

Бедеулі неке – репродуктивті жастағы жұбайылардың контрацепциялық заттарды қолданбай тұрақты жыныс қатынастардың 12 айдан артық болуына қарамай, жүктіліктің болмауы. Жиілігі: 10-15%-дан 18-20%-ке дейін. Ерлер және әйел бедеулігі. Әйелдер бедеулігінің себебі. Әйелдер бедеулігінің біріншілік және екіншілік түрі.

Иллюстрациялық материал: мультимедиялық презентация(кесте және суреттерімен бірге).

 

Әдебиет:

Орыс тілінде

негізгі:

1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008. С.24-30

2. Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006., С.- 367-404.

қосымша:

1.Гинекология: учебное пособие по клинической практике для студентов медицинских колледжей/ под.ред. К.А.Аяпова – Алматы, 2005., С.-14-29

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж., 61-73 б.

2.Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж.

Қосымша:

1.Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

2. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.

 

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

Жанұяны жоспарлау принциптері

Бедеулі неке дегеніміз не?

Бедеуліктің жіктелуі

Бедеулі жұбайыларды зерттеу алгоритмі.

 

 

Дәріс №5

Тақырыбы: «Әйел жыныс ағзалардың қабынулық аурулары»

Мақсат: Әйел жыныс ағзалардың қабынулық ауруларының этиологиясі,

диагностика, диф.диагностика, емдеу принциптері және алдын-алуымен таныстыру.

Дәріс тезистері.

ҚА гинекологиялық аурулар арасында ең көп тараған ауру. Әйел кеңесіне келетін гинекологиялық науқастардың 60-65% әйел жыныс ағзалардың қабынулық ауруларымен ауырады. ҚА госпитализацияға мәжбүр науқастардың 20-30% құрайды. Сау әйелдің жыныс ағзаларын қорғайтын және инфекцияның тарауын алдын-алатын биологиялық тосқауылдар. Әйел жыныс ағзалардың қабынулық ауруларының қазіргі замандағы ағым ерекшеліктері. Қоздырғышына қарай арнайы емес(стафилло-, стрептококктар, ішек таяқшалары, көк-ірің таяқшалары) және арнайы(гонококк, трихомонада, хламидиялар, кандидалар, микоплазмалар, вирустар, туберкулез микобактериялары.

Жыныс аппаратының төменгі бөлігінің ҚА(сыртқы жыныс мүшелерінің, қынаптың, жатыр мойнының ҚА), диагностика, емдеу принциптері. Жыныс аппаратының жоғарғы бөлігінің ҚА(эндометрит, метроэндометрит, сальпингит, сальпингоофорит, параметрит, пельвиоперитонит, перитонит), диагностика, емдеу принциптері. Әйелдің әр түрлі жастық кезеңдеріндегі ҚА-ң клиникалық көріністер ерекшеліктері. ҚА алдын-алу. ҚА-ң таралуының әлеуметтік-гигиеналық аспекттері.

 

Иллюстрациялық материал: мультимедиялық презентация(кесте және суреттерімен бірге).

Әдебиет:

Орыс тілінде

негізгі:

1.Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006., С.- 108-168.

қосымша:

1.Гинекология: учебное пособие по клинической практике для студентов медицинских колледжей/ под.ред. К.А.Аяпова – Алматы, 2005., С.-33-34.

Қазақ тілінде

негізгі

1.Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж.

Қоымша;

1.Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

Бақылау сұрақтары(кері байланыс):

Әйел жыныс ағза қабыну ауруларының жиілігі

Арнайы емес қабынулық ауру қоздырғыштары

Арнайы қабынулық ауру қоздырғыштары

Әйел жыныс ағза қабыну ауруларының орналасуына байланысты жіктелуі

Әйел жыныс ағза қабыну ауруларының негізгі емдеу принциптері

 

Дәріс №6

Тақырыбы: «Гинекологияда «жедел» іш. Шұғыл көмек»

Мақсаты: гинекологиядағы жедел жағдайлар, жатырдан тыс жүктілік, аналық без ісігің аяқшасы бұралуы, аналық без апоплексиясі кезіндегі жедел жәрдем көрсету.

Дәріс тезистері.

«Өткір» іш деп, этиологиясі және клиникалық ағымы әр түрлі, құрсақ қуысында пайда болатын патологиялық процесстер. Әр түрлі себептерге байланысты, гинекологияда «өткір» іш симптоматикасі көп жалпы көріністері бар:

- Толық саулық кезінде ауру сезімінің кенеттен пайда болуы. Ауру, жиі іштің төменгі жағында басталады, ақырын күшейеді және бүкіл іш аймағына тарайды, кейде соншалықты күшті, естен тану шақыруы мүмкін.

- лоқсу, құсу;

- ішекте газдар мен нәжістің шығуының бұзылысы (балаларда жиі диарея);

- ішастар тітіркену симптомдары.

Гинекологиядағы «Өткір іш» себептерін 3 топқа бөлуге болады:

Жедел құрсақішілік қан кету(жатырдан тыс жүктілік асқынуы, аналық без апоплексиясы);

Ішкі жыныс мүшелердегі қан айналым бұзылыстары(аналық бездің ісігінің аяқшасының және бездің ісік тәрізді түзілістердің бұралуы, миоматозды түйін бұралуы және некроз);

Әйел ішкі жыныс мүшелерінің жедел қабыну аурулары, патологиялық процесске ішастардың қатысуы.

Жатырдан тыс (эктопиялық) жүктілік – ұрықтық жұмыртқаның имплантациясі және дамуы жатырда өтпейтін жүктілік. Орналасуы бойынша жіктелу. Прогрессивті, үзілген жатырдан тыс жүктілік(түтікті аборт, түтік жарылуы).

Аналық без апоплексия дегеніміз, фолликул, аналық без стромасы, фолликулярлы киста немесе сары дене тамырының жарылып, без бүтінділігінің бұзылуы және құрсақ қуысына қаңсыраумен бірге өтетін, аналық безге қаңсырау. Апоплексия кез-келген жаста(45-50) кездеседі. Жиілігі 1-3%. Ауру рецидиві 42-69% жағдайда болады. Аналық без апоплексиясының аурулық және анемиялық формасы.

Жатыр қосымшаларының ісік аяқщаларының бұралуы 15-25% жағдайда байқалады, бірақ субсерозды бұрыш аяқшасы, жатыр түтігі, өзгермеген аналық бездің және тұтас жатыр және оның қосымшалардың бұралуы байқалады.

Әйел ішкі жыныс мүшелерінің жедел қабыну аурулары: пиосальпинкс, пиоовар, тубоовариальді түзілістер, гинекологиялық перитонит.

Гинекология және хирургиядағы «Өткір іштің» диф.диагностикасы.

«Өткір іш» симптоматикасі бар науқастардың барлығы шұғыл түрде ауруханаға жатқызылуы, дұрыс, әрі уақытылы диагнозбен және жедел жәрдем көрсетілуі керек. Жедел гинекологиялық жағдайлардағы жәрдем көрсету алгоритмі.

Иллюстрациялық материал: мультимедиялық презентация(кесте және суреттерімен бірге..

Әдебиет:

Орысша негізгі:

1.Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006., С.- 317-342

қосымша:

Гинекология: учебное пособие по клинической практике для студентов медицинских колледжей/ под.ред. К.А.Аяпова – Алматы, 2005., С.-41

На казахском языке

негізгі:

Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж.

қосымша:

Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

2. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.

 

Бақылау сұрақтары(кері байланыс):

 

· «жедел іш» симптомдары қандай?

· Гинекологиядағы «Өткір іш» себептері?

· Орналасуы бойынша жатырдан тыс жүктілік жіктелуі.

· Аналық без апоплексиясі дегеніміз не?

· Жатыр қосымшаларының іріңді түзілімдері қалай аталады?

 

Дәріс №7

Тақырыбы: Нейроэндокринді синдромдар. Климактерлік, посткастрациялық, менструация

Алды синдромы.

Мақсаты: нейроэндокринді синдром жайлы жалпы түсінік беру, жіктелу, этиология,

клиника, диагностика, терапия принциптерімен таныстыру.

Дәрістің тезисі

Пременструальды синдром (ПМС) немесе предменструальді керілу синдромы –

патологиялық симптомокомплекс, менструальды циклдың екінші фазасында

нейропсихикалық, вегето-тамырлық және алмасу-эндокриндік бұзылыстармен сипатталады.

ПМС жиілігі өзгеріп тұрады және әйел жасына байланысты: 30-ға дейін – 20%, 30-дан

кейін – 50%-ке дейін.

ПМС пайда болуына әкелетін факторлар: стресс, нейроинфекция, асқынған босану

және аборттар, әр түрлі жарақаттар және оперативті ену.

ПМС даму теориялары: гормональді, «сулы интоксикация, психосоматикалық

бұзылыс, аллергиялық және т.б.

ПМС клиникалық түрлері: нейропсихикалық, ісінулік, цефалгиялық, криздік.

Симптомдар санына, олардың ұзақтығына және айқындылығына байланысты ПМС-тің

жеңіл және ауыр түрін бөледі.

ПМС стадиялары: компенсирленген, субкомпенсирленген, декомпенсирленген.

Диагностика: психикалық ауру жоқ екендігін көрсететін психиатр шешімі;

симптоматиканың менструальді циклмен тығыз байланысы – клиниканың менструация

алдында 7-10 күн бұрын және менструациядан кейін тоқтауы.

Диагностика: циклдің екінші фазасында пролактин, прогестерон, эстрадиол деңгейін

анықтау, КТ, МРТ, ЭЭГ, диурезді өлшеу, маммография, невропатолог, психиатр,

терапевт, эндокринолог кеңесі.

Емі: психотерапия, КОК, седативті, психотропті, антигистаминді препараттар. ПМС-тің ауыр ағымында – агонист Гн-РГ 6 ай.

Климактерикалық синдром (КС) – әйелдерде климактерикалық кезеңде пайда болатын, нерв-психикалық, вегето-тамырлық және алмасу-трофикалық бұзылыстармен сипатталатын патологиялық жағдай.

Менопауза орташа 50 жаста келеді. 45 жасқа дейін етеккірдің тоқтауын ерте менопауза дейді. 40 жасқа дейін тоқтау – мезгілсіз менопауза(аналық бездің мезгілсіз жеткіліксіздігі). 60-80% әйелдерде пери немесе ерте постменопаузада әр түрлі айқындылықты климактерикалық синдром басталады.

Жіктелуі:

Климактерияда келесі фазалар бар: пременопауза, менопауза, перименопауза, постменопауза.

Пременопауза – бірінші климактерикалық симптомдардан соңғы менструацияға дейінгі уақыт;

Менопауза – соңғы өзіндік менструация, аналық бездермен серттелген(мерзімді ретроспективті анықтайды, дәлірек соңғы менструациядан кейін 12 ай)кезең.

Перименопауза – пременопауза мен менопаузадан кейінгі жылды қосатын кезең.

Постменопауза - менопаузадан басталады,65-69-да бітеді. Ерте(5 жылға дейін), кеш(5-тен 10-ға дейін.)

Этиология және патогенез:

Климактерикалық периоданалық без қызметінің бірте-бірте төмендеуімен, одан кейін оның «өшуімен» сипатталады(менопаузаның 1-3 жылдары жалғыз фолликулдар байқалады, тек кішкене көрінеді, олар келешекте жоқ болады). Нәтижесінде пайда болған жағдай – гипергонадотропты гипергонадизм(эстрогенді жетіспеушілік), лимбикалық система, нейрогормондар бөлінуінің бұзылыстарымен бірге жүреді.

Клиника:

Пайда болған уақытына қарай:

Ерте;

мәулетті (менопаузадан кейін 1-2 жыл);

кеш (2-5 жыл менопаузы).

Климактерикалық синдромның ерте симптомдары:

● вазомоторлы – тер басу, қалтырау,, артериальді гипотензия приливы ысу, қалтырау, жоғарылаған тер бөлінісі,артериальді гипотензия және гипертензия, жүрек жиі соғады;


Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 1757 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.039 сек.)