БЛОК №5. Босану патологиясы 1 страница
№19 сабақ. Бала жолдасы және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағу.
БАСТАПҚЫ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНІҢ ТестТЕРІ
1. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағуға босанғаннан кейінгі алғашқы 24 сағатта кететін қан ағу жатады:
Иә
Жоқ
2. Босанғаннан кейінгі қан ағу –табиғи жолмен босану кезінде 500 мл және одан артық мөлшерде, ал кесар тілігі кезінде 1000 мл және одан артық мөлшерде қан жоғалту:
Иә
Жоқ
3. Төрт базалық этиологиялық үрдістің біреуінің бұзылысын білдіретін босанғаннан кейінгі қан ағудың себебі «4 Т»: тонус, тін, травма, тромбин:
Иә
Жоқ
4. Гипотония -миометрийдің толық жиырылу қабілетін жоғалтқан жатырдың жағдайын білдіретін термин:
Иә
Жоқ
5. Жатыр қуысында бала жолдасы қалдығының қалуы бала жодасы кезеңіндегі қан ағудың болып табылады:
Иә
Жоқ
6. Жатырдың гипотониясы және атониясы босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағудың себебі:
Иә
Жоқ
7. Жатыр қуысында бала жолдасы қалдықтарының қалуы жатырды қолмен тексеру және оны шығаруға көрсеткіш болып табылады:
Иә
жоқ
8. Құрсақ қолқасын басу қан ағуды уақытша тоқтату әдісі болады:
Иә
Жоқ
9. Рlacenta increta – бұл хорион бүрлерінің жатырдың бұлшықет қабатына түгел және сірлі қабатына өтіп өсуі
Иә
Жоқ
10. Тығыздалған,жақсы жиырылған жатырдан қан ағу-жатырдың гипотониясын білдіреді
Иә
Жоқ
БЛОК №5. Босану патологиясы
№19 сабақ. Бала жолдасы және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағу.
Бастапқы білім деңгейінің тест жауаптары
1. Иә
2. Иә
3. Иә
4. Жоқ
5. Жоқ
6. Иә
7. Иә
8. Иә
9. Жоқ
10. Жоқ
Босану патологиясы
. Бала жолдасы және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағу.
Қорытынды білім денгейінің тесттері
- Босанған әйелде босанғаннан кейінгі ерте кезеңде жатыры жұмсақ, қан шығыны 900 мл, АҚҚ 90/50 мм.с.б.б., пульсі минутына 100 ретті, Нв-90 г/л, гематокрит - 30%, дене салмағы- 70 кг. Сіздің диагнозыңыз:
А) Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шок, I сатысы
Б) Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шок, II сатысы
В) Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шок, III сатысы
Г) Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Гипотониялық қан ағу. Геморрагиялық шок, I сатысы.
Д)Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Коагулопатиялық қан ағу. Геморрагиялық шок, II сатысы
- Босанушы әйелде босанғаннан 30 минуттан кейін бала жолдасының бөліну белгілері болмады. Плацентаны қолмен бөлу кезінде плацентаның толық бітісіп өсуі байқалды.
Дәрігердің тактикасы:
А) жатырдың экстирпациясы
Б) жатырдың қынапүстілік ампутациясы
В)1 сағаттың ішінде күту әдісі
Г) окситоцинді көктамырішілік енгізу
Д) метилэргометринді көктамырішілік енгізу
- Босанудан кейінгі кеш кезеңдегі қан ағудың негізгі себебі:
А) ТІШҚҰ-синдромы
Б) жатырдың атониясы
В) жатыр мойнының жыртылуы
Г) плацента тінінің қалдығы
Д) қынаптың жыртылуы
- Ірі нәресте босанған әйелде жыныс жолдарынан қою ұйындыларымен қан ағу басталды,жатыр кейде босаңсиды, кейде жиырылады. Қан шығыны 700,0 және жалғасып жатыр. Болжамды диагноз:
А) ТІШҚҰ синдромы
Б) жатыр гипотониясы
В) жатыр атониясы
Г) қынаптың жыртылуы
Д) аралықтың жыртылуы
- Ірі нәресте босанған әйелде босанғаннан кейінгі ерте кезеңде үздіксіз қан ағу басталды. Жатыры тығыз, бала жолдасы бүтін. Болжамды диагноз:
А) ТІШҚҰ синдромы
Б) жатыр гипотониясы
В) жатыр атониясы
Г) босану жолдарының жарақаты
Д) плацентаның шынайы бітісіп өсуі
- Гемоглобиннің мына деңгейден төмен болуы гемотрансфузия жасау үшін көрсеткіші болады:
А) 90г/л
Б) 80 г/л
В) 70 г/л
Г) 60 г/л
Д) 50 г/л
- Босанған әйелде босанғаннан кейінгі ерте кезеңде жатыры жұмсақ,утеротониктерді және бимануальді компрессияны жүргізгенде де жиырылмайды.Қан шығыны 900 мл және жалғасып жатыр. Болжамды диагноз:
А) ТІШҚҰ - синдром
Б) жатыр атониясы
В) жатыр мойының жыртылуы
Г) қынаптың жыртылуы
Д) аралықтың жыртылуы
- Босанған әйелде босанғаннан кейінгі ерте кезеңде жатырдың атониясы диагностикаланды,қан шығыны 900 мл және жалғасып жатыр. Дәрігерлік тактика:
А) жатыр қуысын диагностикалық қыру
Б) лапаротомия, гистерэктомия
В) 1000 мг мизопростолды тік ішекке енгізу
Г) ішкі мықын артериясын байлау
Д) жатырды қолмен тексеру
- Плацентаның шынайы толық бітісіп өсуіне күдік туғанда дәрігердің тактикасы қандай:
А) бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару
Б) Абуладзе бойынша бөліп шығару
В) Креде-Лазаревич бойынша бөліп шығару
Г) лапаротомия, компрессионді гемостатикалық тігіс салу
Д) операциялық бөлме дайын тұрғанда бала жолдасын қолмен бөліп шығару, сәтсіз болған жағдайда - лапаротомия, жатыр ампутациясын жасау
- Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде қан ағудың негізгі себебі:
А) ТІШҚҰ-синдром
Б) жатыр гипотониясы
В) жатыр мойнының жыртылуы
Г) плацентарлық тіннің қалдығының қалуы
Д) қынаптың жыртылуы
Босану патологиясы
Бала жолдасы және ерте босану кезеңіндегі қан ағу
Қорытынды білім деңгейі тесттерінің жауаптары
- Г
- Б
- Г
- Б
- Г
- В
- Б
- Б
- Г Д
- Б
1. Тақырыбы: Акушерлік жарақат. Рубежді бақылау.
2. Мақсаты: ананың босану жолдарының жарақаттараның негізгі себептерін диагностикалауды және жедел көмекті көрсетуді студенттердің біліміне сүйене отырып үйрету.
3. Оқыту міндеті:
● Босану жолдарындағы жұмсақ тіндерінің зақымдалуын диагностикалауды студенттерге үйрету.
● Жатырдың және жатыр мойнының жыртылуын диагностикалауды студенттерге үйрету.
●Қан ағу кезінде жедел көмек көрсетуді студенттерге үйрету.
●Жатыр мойнының және босану жолдарындағы жұмсақ тіндердің зақымдалуы кезінде тігіс салумен студенттерді таныстыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
· Вульваның, қынаптың және аралықтың жыртылуы. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Емі.
· Жатыр мойнының жыртылуы. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Емі.
· Жатырдың жыртылуы. Жіктелуі. Этиологиясы және патогенезі. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Емі.
· Босануадан кейінгі жыланкөздер. Себебі. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Емі.
· Қасаға буынының ажырауы және жыртылуы. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Емі.
5.Сабақ жүргізу мен оқыту әдісі:
1. Студенттердің бастапқы білім деңгейін бақылау.
2. Кіріспе.
3. Кіші топта жұмыс жасау.
4. Кіші топтағы жұмыстың қорытындысын талқылаудағы студенттердің интерактивті презентациясы.
5. Қортындысы.
6. Алған білімдерін қортынды бақылау (сұрақтар, тесттар, ситуациялық есептер).
6. Әдебиеттер:
1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.
Қосымша:
3. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
4.Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.-С 79-89.
Қосымша:
1.Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.
2. Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР. - М, 1997.
:
1. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж.
2. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж
қосымша:
3. Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.
4. Ошибаев Н.Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006 ж.
7. Бақылау (сұрақтар, тесттар, ситуациялық есептер)
Сұрақтар.
1. Босану жолдарындағы жұмсақ тіндерінің жарақатының себептері.
2. Жатыр мойнының жыртылуына әкелетін факторлар.
3. Жатырдың жыртылуының этиологиясы мен патогенезі.
4. Жатырдың жыртылуының «типтік» классикалық клиникасы.
5. Миометридің гистопатиялық өзгерісіндегі жатыр жыртылуының ерекшеліктері.
6. Қасаға буынының жыртылуы мен ажырауының клиникалық көрінісі.
7. Ананың босану жарақатының емі.
1. Тақырыбы: Акушерлік жарақат
2. Мақсаты: ананың босану жолдарының жарақаттараның негізгі себептерін диагностикалауды және жедел көмекті көрсетуді студенттердің біліміне сүйене отырып үйрету.
2. міндеті:
· Босану жолдарындағы жұмсақ тіндерінің зақымдалуын диагностикалауды студенттерге үйрету.
· Жатырдың және жатыр мойнының жыртылуын диагностикалауды студенттерге үйрету.
· Қан ағу кезінде жедел көмек көрсетуді студенттерге үйрету.
· Жатыр мойнының және босану жолдарындағы жұмсақ тіндердің зақымдалуы кезінде тігіс салуды студенттерге таныстыру.
4. Сабақ жүргізу түрі: босану залында жұмыс, акушерлік жарақат бойынша қауіп тобын бөлу, фантоммен жұмыс жасау.
5. Тақырып бойыншы тапсырмалар:
1. Босану залында жұмыс жасау, акушерлік жарақат бойынша қауіп тобын бөлу,.
2. Босану залында жұмыс жасау, жатыр мойнын айнамен карау;
3. Босану залында жұмыс жасау, қынапты қарау;
4. Босану залында жұмыс жасау, жатыр мойнын, қынапты, аралықты тігу кезінде ассистент болу;
5. Қан тобын және резус факторын анықтау;
6. Босану залында жұмыс жасау, босанғаннан кейінгі ерте кезеңде босанған әйелді бақылау;
7. Әр түрлі әдіспен қан шығынының көлемін анықтау;
8. Босанған әйелдің артериялық қан қысымын, пульсін өлшеу;
9. Жатыр түбі биіктігін өлшеу;
10. Фантомда жұмыс жасау, босанғаннан кейінгі ерте кезеңде жатыр қуысын қолмен тексеру;
11. Босанғаннан кейінгі бөлімшеде жұмыс жасау, қасаға буыны ажырап босанған әйелді курациялау, жүргізу әдісі.
1. Үлестіру материалдары: Акушерия және неонатология бойынша негізгі клиникалық хаттамалар мен ҚР ДСМ бұйрықтары.
7. Әдебиеттер:
Орыс тілінде
Негізгі:
1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.
қосымша:
3. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
4.Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.-С 79-89.
Қосымша:
1.Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.
2. Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР. - М, 1997.
Қазақ тілінде
негізгі:
1. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж.
2. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж
қосымша:
3. Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.
4. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.
7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, ситуациялық есептер)
Сұрақтар.
1. Босану жолдарының жұмсақ тіндерінің жарақатының себептері.
2. Жатыр мойнының жыртылуына әкелетін факторлар.
3. Жатырдың жыртылуының этиологиясы мен патогенезі.
4. Жатырдың жыртылуының «типтік» классикалық клиникасы.
5. Миометрийдің гистопатиялық өзгерісіндегі жатыр жыртылуының ерекшеліктері.
6. Қасаға буынының жыртылуы мен ажырауының клиникалық көрінісі.
7. Ананың босану жарақатының емі.
8. Жарақат кезіндегі қан ағудың ерекшеліктері
Босану патологиясы
. Акушерлік жарақат
Бастапқы білім деңгейінің тесттері
1. Босану жолындағы жұмсақ тіндердің жарақаты алғаш босанушыларда жиі кездеседі:
Иә
Жоқ
2. Аралықтың жарылуының I сатысында - артқы жабысқақтың, қынаптың төменгі үштен бірі және де жамбас түбі бұлшықеттерінің бүтіндігі бұзылады
Иә
Жоқ
3. Жатырдың жыртылуы клиникалық ағымына байланысты жыртылу қаупі, басталған, жыртылған деп бөлінеді:
Иә
Жоқ
4. Аралықтың жыртылуының II сатысына аралықтың 2 см-ден жоғары, бірақ 1 см қынап күмбезіне жетпей жыртылуы жатады:
Иә
Жоқ
5.Нәрестенің туылуына механикалық кедергінің болуы жатыр жыртылуының патогенезінде басты фактор болып табылады:
Иә
Жоқ
6. Жатырдың босаңсуы және шамадан тыс жоғарыдан қысымның түсуінің бірігіп кездесуі, сол сияқты бөлінбеген бала жолдасын кіндіктен күшпен тартужЖатырдың айналуына алып келеді:
Иә
Жоқ
7. Әсіресе, қалыпты жамбас өлшемдерімен әйелде физиологиялық босану кезінде қасаға буынының ажырауы немесе жыртылуы болуы мүмкін:
Иә
Жоқ
8. Өздігінен пайда болған зәр –жыныс жыланкөздері жаншылу, өліеттену және де зәр шығыру жолдары мен қынап тіндерінің сылынуы салдарынан түзіледі:
Иә
Жоқ
9. Көбінесе жыртылу жатырдың төмегі сегменті аймағында кездеседі:
Иә
Жоқ
10. Жатыр денесінің жиырылғандығына қарамастан қынаптан қанағу жатыр мойнының жыртылуына тән:
Иә
Жоқ
Босану патологиясы
Акушерлік жарақат
Бастапқы білім деңгейінің тесттерінің жауаптары
- Иә
- Жоқ
- Иә
- Иә
- Иә
- Иә
- Жоқ
- Иә
- Иә
- Иә
Босану патологиясы
Акушерлік жарақат
Қорытынды білім деңгейінің тесттері
1. Ірі нәрестені босанған әйелде босану жолдарын айнамен қарау кезінде жатыр мойнының 3см-ге дейін, бірақ қынап күмбезіне жетпей жыртылуы байқалды. Диагноз қойыңыз:
А) жатыр мойнының жыртылуы, І дәрежесі
Б) жатыр мойнының жыртылуы, ІІ дәрежесі
В) жатыр мойнының жыртылуы, III дәрежесі
Г) жатыр мойнының жыртылуы, IV дәрежесі
Д) жатыр мойнының жыртылуы, V дәрежесі
2. Салмағы 4300,0 грамм нәресте босанған әйелде жатыр мойнын айнамен қарағанда жатыр мойнында қынап күмбезіне дейін жеткен қанталаған жыртылу байқалды. Диагноз қойыңыз:
А) жатыр мойнының жыртылуы, I дәрежесі
Б) жатыр мойнының жыртылуы, II дәрежесі
В) жатыр мойнының жыртылуы, III дәрежесі
Г) жатыр мойнының жыртылуы, IV дәрежесі
Д) жатыр мойнының жыртылуы, V дәрежесі
3. Ірі нәресте босанған әйелде қасаға буынының ажырауы диагностикаланды. Дәрігерлік тактика:
А) қасаға сүйегінің буындасуын операциялық жолмен қосу, сосын травматологта емделу
Б) төсектік тәртіп, жамбасты тығыз дәкемен байлау, травматологта емделу (ортопедиялық гамак)
В) жартылай төсектік тәртіп, жамбасты тығыз дәкемен байлау, травматологта емделу (ортопедиялық гамак)
Г) дәрілік ем: аурусыздандыратын препараттар, кальций препараты, витаминдер
Д) жамбасты тығыз дәкемен байлау, травматологта емделу (ортопедиялық гамак)
4.Босанудың бірінші кезеңінде жыныс жолдарынан қан ағуға алып келетін жиі себептер болып табылады:
А) жатыр мойнының жыртылуы
Б) жатырдың жыртылуы
В) босану әрекетінің әлсіздігі
Г) қынаптың жыртылуы
Д) аралықтың жыртылуы
5. Босанғаннан кейінгі жыланкөздің пайда болу себебі:
А) жатыр мойыны мен қынаптың жыртылуы
Б) шапшаң және қарқынды босану
В) кіші жамбастың бір жазықтығында нәресте басының ұзақ тұруы
Г) қуық пен тік ішекті уақытынан бұрын босату
Д) жүктілік кезінде ұзақ уақыт кольпит болса
6. Аралықтын жыртылуының III дәрежесін тігуде аурусыздандырудың қандай тәсілі қолданылады:
А)жергілікті инфильтрациялық анестезия
Б) спиналды анестезия
В) перидуралды анестезия
Г) инемен емдеу
Д) жалпы наркоз
7. Ортаңғы сызық бойымен аралықты кесу аталады:
А) эпизиотомия
Б) перинеотомия
В) лапаротомия
Г) амниотомия
Д) симфизиотомия
8.Қайта босанушы жүкті әйел мерзімі жеткен жүктілікпен босану әрекеті басталғанына 2 сағат болғанда келіп түсті. Бірінші жүктілігі кесар тілігімен аяқталған. Операциядан кейінгі кезең тігістің іріндеуімен асқынды. Тері жабындылары бозғылт, пульс 110 рет минутына. АҚҚ 100/80 мм.с.б.б. Ішін пальпациялаған кезде жатыр контуры анық емес, қасаға үстінде аурушылдық байқалады, құрсақтың сол жақ бүйірінде нәрестенің ұсақ мүшелері анықталады. Нәрестенің жүрек соғысы естілмейді.
PV: жатыр мойыны жайылған, жатыр ернеуінің ашылу 2 см, қағанақ қуығы бүтін, нәресте басы кіші жамбас кіреберісіне бекітілген. Диагноз қойыңыз:
А) Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңінің әлсіздігі. Нәрестенің интранаталдық өлімі
Б) Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың II кезеңі. Жатырдың тігіс бойымен жыртылуы. Нәрестенің интранаталдық өлімі.
В) Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңі. Жатырдың тігіс бойымен жыртылуы. Нәрестенің интранаталдық өлімі.
Г) Мерзімі жеткен жүктілік. Жатырдың тігіс бойымен жыртылуы. Нәрестенің интранаталдық өлімі.
9. Қалыпқа келмеген жатыр мойнының жыртылуы алып келеді:
А) цервикалды каналдың полипына
Б) қайталанып отыратын кольпитке
В) истмика-цервикалды жетіспеушілікке
Г) жатыр мойының полипына
Д) бартолин бездерінің кистасына
10. Жатырдың жыртылуының гистопатикалық себептеріне жатады:
А) тар жамбас
Б) бастың асинклитикалық бекуі
В) ірі нәресте
Г) нәрестенің көлденең жатуы
Д) жатыр тыртығы
Босану патологиясы
. Акушерлік жарақаттар
Қорытынды білім деңгейінің тесттерінің жауаптары
- Б
- В
- Б
- А
- В
- Д
- Б
- В
- В
- Д
Босанғаннан кейінгі кезең физиологиясы
1. Тақырыбы:Босанғаннан кейінгі кезең физиологиясы. Емшекпен емізу.
2. Сабақтың мақсаты: Қалыпты босанғаннан кейінгі кезеңді негіздей отырып (бастапқы деңгей) студенттерге босанғаннан кейінгі кезең ағымын тексеруді және бағалауды, босанған әйелге емшекпен емізу және жеке бас гигиенасы жайында кеңес бере білуге үйрету.
3. Оқыту міндеті:
1) Босанғаннан кейінгі кезен ағымында тексеру мен бағалауға студенттерді үйрету;
2) Босанған әйелге жеке бас гигиенасы мен тамақтану жайында кеңес беруге студенттерді үйрету.
3) Босанған әйелге емшекпен емізу жайында (уыздың құрамы, жетілген сүт, емшекпен емізудің ана мен жаңа туылған бала үшін пайдасы, емшекпен емізуге қарсы көрсеткіш) кеңес беруге студенттерді үйрету.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1) Босанғаннан кейінгі ерте және кеш кезең туралы түсінік.
2) Босанған әйел диетасы мен гигиенасы.
3) Босанған әйелді бақылау.
4) Лактация.
5) Емшекпен емізу. Емізудің 10 қадамы.
6) Босанғаннан кейінгі кезеңнің асептикасы мен антисептикасы.
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.240-248.
2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.
Қосымша:
1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 175-184.
2. Жаңа туылған баланы емшекпен емізу. http://neonatology.narod.ru/neonatology/feeding.html, http://www.lactase.ru/library/breast-feeding.html.
3. Giorgio Tamburlini, Fabio Uxa, Gian Paolo Chiaffoni. Основы ухода за новорожденными и грудное вскармливание. Учебный семинар.ВОЗ, 2002 г. – 22-24 с.
7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, ситуациялық есептер)
Сұрақтар.
1. Босанғаннан кейінгі кезеңнің ұзақтығы.
2. Босанған әйелдің барлық мүшелері мен жүйелерінде, жыныс жүйесінде, сүт бездерінде болатын өзгерістер.
3. Қалыпты босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу.
4. Босанған әйел гигиенасы.
5. Босанған әйел емдәмі.
6. Уыз бен жетілген сүттің құрамы мен қасиеті.
7. Емшекпен емізудің сәтті он принципі.
8. Ана мен бала үшін емшекпен емізудің артықшылықтары.
1. Тақырыбы: Босанғаннан кейінгі кезең физиологиясы.
2. Мақсаты: Қалыпты босанғаннан кейінгі кезеңді негіздей отырып (бастапқы деңгей) студенттерге босанғаннан кейінгі кезең ағымын тексеруді және бағалауды, босанған әйелге емшекпен емізу және жеке бас гигиенасы жайында кеңес бере білуге үйрету.
3. Оқыту міндеті:
1) Босанғаннан кейінгі кезен ағымында тексеру мен бағалауға студенттерді үйрету;
2) Босанған әйелге жеке бас гигиенасы мен тамақтану жайында кеңес беруге студенттерді үйрету.
3) Босанған әйелге емшекпен емізу жайында (уыздың құрамы, жетілген сүт, емшекпен емізудің ана мен жаңа туылған бала үшін пайдасы, емшекпен емізуге қарсы көрсеткіш) кеңес беруге студенттерді үйрету.
4. Өткізу түрі: босанғаннан кейінгі бөлімшеде жұмыс істеу,, құжаттармен жұмыс жасау.
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
1. Босанғаннан кейінгі бөлімшеде босанған әйелді курациялау («Ана мен бала» бөлімі)
2. Босанған әйелдерге емшекпен емізу бойынша кеңес беру
3. Босанған әйкелдердің қан қысымын, пульсін өлшеу
4. Жатыр түбінің тұру деңгейін және оның босанғаннан кейінгі күнмен сәйкестігін анықтау
Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 2660 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
|