БЛОК №4. Босану физиологиясы
Сабақ 13. Босануды ауырсыздандыру. Акушерлік көмек көрсету. Босануды ауырсыздандыру әдістері. Ауырсыздандыру заттарының нәрестеге әсері. Қауіпсіз босанулар. Қауіпсіз жүктілік пен қауіпсіз босануды қамтамасыз ету. Қан кетудің алдын-алу
Қорытынды білім деңгейінің сұрақтары
1. «Ана қауіпсіздігі бойынша босану» Халықаралық бағдарламасы Қазақстан Республикасына қай жылы енгізіле бастады:
А) 1990
Б) 1998
В) 2000
Г) 2003
Д) 2008
2. Эпизио -және перинеоррафияда қандай жансыздандыру әдістері қолданылады:
А) жергілікті инфильтрациялық анестезия
Б) спинальды анестезия
В) перидуральды анестезия
Г) ине шаншу
Д) жалпы наркоз
3. Аралық жыртылуының III дәрежесінде қандай жансыздандыру қолданаылады:
А) жергілікті инфильтрациялық анестезия
Б) спинальды анестезия
В) перидуральды анестезия
Г) ине шаншу
Д) жалпы наркоз
4. Жұпты босануға кім қатыса алады:
А) босанушы әйелдің тек ғана анасы
Б) босанушы әйелдің тек ғана әпкесі
В) босанушы әйелдің тек ғана жолдасы
Г) тек ғана стационардың акушеркасы
Д) босанушы әйелдің кез келген жақын адамы
5. «Ана қауіпсіздігі бойынша босану» бағдарламасының элементін көрсетіңіз:
А) жүктілік пен босану кезінде медикаментозды заттарды қолдануды шектеу
Б) босану кезінде жақын туысқандарының белсенді қатысуы
В) босану кезінде мәжбүрлі позада болу(арқасына жату)
Г) босану ағымында дәрігердің араласуын шектейді
Д) босанудың II кезеңін тек ғана босану залында өткізу
6. Бала жолдасын бөлу кезеңін активті жүргізу үшін келесі әдәістер қолданылады:
А) 2,0 мл метилэргометринді бұлшықетке енгізу, ерте кіндікті қысу және кесу, кіндікті бақылау тракциясы
Б)10 бірлік окситоцинді бұлшықетке енгізу, бала жолдасы түсуінің үш әдісін күту
В) 10 бірлік окситоцинді бұлшықетке енгізу, ерте кіндікті қысу және кесу, кіндікті бақылау тракциясы
Г) 10 бірлік окситоцинді көктамырға енгізу, ерте кіндікті қысу және кесу, кіндікті бақылау тракциясы
Д) 2,0 мл метилэргометринді бұлшықетке енгізу, бала жолдасы түсуінің үш әдісін күту
7. Босанушы әйел мерзімі жеткен жүктілік ішінің ауруына шағымданады: толғағы 3-4 минут, 50 секундтан. Босанудың бірінші кезеңінде 6 сағат. Р.V.: жатыр мойны жайылған,ашылуы 4 см. Жансыздандырудың қолайлы әдісін таңдаңыз:
А) жыныс нервін блокадалау
Б) жұлынмилық жансыздандыру
В) морфинді бұлшықетке енгізу
Г) эпидуральды жансыздандыру
Д) медикаментозды емес әдісті қолдану
8. Қан ағудың алдын алу шараларына кіреді:
А) Бала жолдасын бөлу кезеңін активті жүргізу
Б) окситоцинді көктамырға енгізу
В) простагландиндер қолдану
Г) метилэргометринді бала басы шығып келе жатқанда көктамырға енгізу
Д) босанған кейінгі ерте кезеңде суық мұз басу
9.Бала жолдасының бөліну кезеңінде физиологиялық қан шығыны босанған әйел дене салмағын құрайды (%)
А) 0,1%
Б) 0,3%
В) 0,5%
Г) 0,8%
Д) 1%
10.Эпидуральды анестезиядан кейін жүкті әйелде болатын жағдайлар:
А) гипертензия, анафилактикалық шок, венозды қайтарымның төмендеуі
Б) анафилактикалық шок, венозды қайтарымның төмендеуі,венелардың қанға толуы
В) венозды қайтарымның төмендеуі, веналардың қанға толуының артуы, дерматит
Г) анемия, анафилактикалық шок, веналардың қанға толуының артуы
Д) жүрек лақтырысынң күшеюі, анафилактикалық шок, венозды қайтарымның төмендеуі
Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 1066 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
|