Тапсырма №15: Тар жамбас.
Қорытынды тест сұрақтары
1. Анатомиялық тар жамбас деп – қалыпты жамбас өлшемдерінен барлық не бір өлшемі неше см-ге кем болса, айтамыз:
А) 0,2-0,3 см
Б) 0,5-0,9 см
В) 1,0-1,3 см
Г) 1,5-2,0 см
Д) 2,0-2,5 см
2. Анатомиялық тар жамбас тарылуының II дәрежесінде шынайы конъюгата:
А) 11 см-ден кем және 9 см-ден артық
Б) 9 см-ден кем және 7,5 см-ден артық
В) 8,5 см-ден кем және 7,5 см-ден артық
Г) 8 см-ден кем және 7,5 см-ден артық
Д) 7,5 см-ден кем және 6,5 см-ден артық
3. Егер жамбастың барлық тура өлшемдері қысқа болса, ол тар жамбастың қай түрі:
А) қиғаш тарылған
Б) жай жалпақ
В) көлденең тарылған
Г) жалпақ рахиттік
Д) жалпы тарылған
4. Мына суретте қай өлшем?:
А) кіші жамбас кіреберісінің тура өлшемі
Б) бүйірлік конъюгата
В) шынайы конъюгата
Г) сыртқы конъюгата
Д) диагоналды конъюгата
5.Тар жамбас кезінде босанудың бірінші кезеңіндегі асқынуға жатады:
А) жұмсақ тіндердің езілуі
Б) жатыр жыртылуы
В) кіндік бауының түсуі
Г) клиникалық тар жамбас
Д) зәр-жыныс тесіктерінің пайда болуы
6. Көлденең тарылған жамбас кезінде босанудың екінші кезеңінде Вастен симптомы оң. Диагноз:
А) клиникалық тар жамбас
Б) күшену әлсіздігі
В) жатыр жыртылу қаупі
Г) жатыр жыртылуының бастамасы
Д) жатырдың жыртылуы
7. Тарылған жамбас кезінде босану механизмінің қай түрі суретте көрсетілген:
А) бастың шалқаюы
Б) максималды бастың иілуі
В) бастың асинклитикалық қондырылуы
Г) бастың жоғары тік тұруы
Д) жебе тәрізді жіктің төмен көлденең тұруы
8. Сыртқы пельиометрияда келесі өлшемдер көрсетілген: D.spinarum 23 см, D.cristarum 26 см, D.trohanterica 28 см, C.externa 18 см, C.diag.–11 см. Жамбас тарылу түрін көрсет:
А) қиғаш тарылған
Б) жай жалпақ
В) көлденең тарылған
Г) жалпақ рахиттік
Д) жалпы тарылған
9. Клиникалық тар жамбас белгісі:
А) Цангмейстер және Вастен симптомдарының оң болуы
Б) нәресте басының орныққан кезіндегі толғақтар
В) жатыр ернеуінің толық ашылуын кезіндегі күшенулер
Г) жатыр ернеуінің толық ашылуы және жақсы босану әрекеті кезіндегі нәресте басының жылжуы
Д) жатыр ернеуінің толық ашылуы және әлсіз босану әрекеті кезіндегі нәресте басының жылжымауы
10. Клиникалық тар жамбас кезінде босандыру әдісі:
А) эпизиотомиямен қынаптық босану
Б) акушерлік қысқыштарды пайдаланып қынаптық босандыру
В) окситоцинмен босануды ынталандыру арқылы қынаптық босандыру
Г) жедел кесар тілігі
Д) жоспарлы кесар тілігі
БЛОК №5. Босану патологиясы
Тапсырма №15: Тар жамбас.
Қорытынды тест сұрақтарының жауаптары:
1. Г
- Б
- Б
- Д
- В
- А
- В
- Д
- А
- Г
Тапсырма № 16
1. Тақырып: Босану әрекетінің ауытқулары
2. Пән мақсаты: студенттерді босану әрекетінің ауытқуларын диагностикалауға, алдын алуға және емдеуге үйрету.
3. Пәннің міндеттері:
1)Босану кезінде жатырдың жиырылу әрекетінің бұзылыстарын диагностика жасаудағы негізгі әдістерді білу.
2)Босану кезінде жатырдың жиырылу әрекетінің бұзылыстарының негізгі түрлерін білу.
3) Босану әрекетінің аномалиясын емдеудің негізгі әдістерін білу.
4)Босану әрекетінің аномалиясы дамуындағы қауіп қатер факторын және рациоаналды босандыру әдісін анықтай алу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1) Босану әрекеті аномалиясының себептері. Жіктелуі. Диагностика әдістері.
2) Прелиминарлы кезең. Клиникасы, диагностикасы, емі.
3) Босану әрекетінің әлсіздігі. Клиникасы, диагностикасы, емі.
Кесар тілігі операциясына көрсеткіштер.
4) Дискоординациялық босану әрекеті. Клиникасы, диагностикасы, емі.
Кесар тілігі операциясына көрсеткіштер.
5) Шамадан тыс босану әрекеті. Клиникасы, диагностикасы, емі.
5. Оқыту және оқу әдістері:
1) Бастапқы білім деңгейін бақылау (бастапқы тест сұрақтары).
2) Оқытушымен жұмыс жасау. Таблицаларды, фантомдарды қолдану арқылы теориалық материалдарды талдау.
3) Кіші топтарда жұмыс жасау(2-3 студент): патология және босану бөлімінде тар жамбаспен жүктілерді жүргізу.
4) Оқытушымен жұмыс жасау. Курация кезіндегі түсініксіз сұрақтарды талдау
5) Алған білімді қорытындылау (қорытынды тест сұрақтары).
6. Әдебиет:
Негізгі:
1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.541-554.
2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.
Қосымша:
1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 272-281.
2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Руководство для врачей. 3-е издание переработанное, исправленное и дополненное – М., «Триада-Х», 2005. – с. 208-243
7. Қорытынды (бастапқы және қорытынды тест сұрақтарын талдау):
СОӨЖ
Тапсырма № 16
1. Тақырып: Босану әрекетінің аномалиясы
2. Пән мақсаты: студенттерді босану әрекетінің аномалиясын диагностикалаудағы және жатырдың жиырылу әрекетінің бұзылысы кезінде босандыруды жүргізудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
3. Пән талаптары:
1) Босану кезінде жатырдың жиырылу әрекетінің бұзылыстарын диагностика жасаудағы дағдыларын қалыптастыру.
2) Пратограммаларды талдаудағы дағдыларын қалыптастыру.
3) Босану әрекетінің аномалиясы кезінде рациоаналды босандыру әдісін анықтаудағы дағдыларын қалыптастыру.
4. Өткізу әдісі:
Кіші топтарда жұмыс жасау (2-3 студент): ситуационды есптерді шешу, партограммаларды талдау.
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
1) Ситуационды есептерді шешу
2) Партограммаларды талдау
3) Босануды жүргізу жоспарын анықтау
6. Берілетін мәліметтер:
Кестелер, суреттер, ситуационды есептер
7. Әдебиет:
Негізгі:
1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.541-554.
2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.
Қосымша:
1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 272-281.
2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Руководство для врачей. 3-е издание переработанное, исправленное и дополненное – М., «Триада-Х», 2005. – с. 208-243
8. Қорытынды (тесттер)
№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.
Тапсырма № 16. Босану әрекетінің аномалиясы
Бастапқы тест сұрақтары
1. Босану әрекетінің әлсіздігінде үштік төмендеуші градиент бұзылған:
Иә
Жоқ
2. Патологиялық прелиминарлы кезең ауырсынулы, қалыпсыз толғақтармен және жатыр мойнының құрылымдық өзгерістерінің болмауымен суреттеледі:
Иә
Жоқ
3. Қайта босанушы әйелдің босануы «ұмтылмалы-жедел» деп аталады, егер оның ұзақтығы 2 сағаттан кем болса:
Иә
Жоқ
4. Дискоординациялық босану әрекетінде «үштік төмендеуші градиент» сақталған:
Иә
Жоқ
5. Босану әрекетінің әлсіздігінде 10 минутта 5 толғақ байқалады:
Иә
Жоқ
6. Дискоординациялық босану әрекетінде жатыр мойнының ашылу жылдамдығы жоғарылайды:
Иә
Жоқ
7. Физиологиялық прелиминарлы кезең 10сағатға созылады:
Иә
Жоқ
8. Екіншілік босану әрекетінің әлсіздігінде толғақтар босанудың басынан-ақ әлсіз, әрі монотонды болады:
Иә
Жоқ
9. Дискоординациялық босану әрекетінде толғақтар сирек, әрі әлсіз болады:
Иә
Жоқ
10. Біріншілік босану әрекетінің әлсіздігі босанудың бірінші кезеңінің латентті кезеңінде диагностикаланады:
Иә
Жоқ
№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.
Тапсырма № 16. Босану әрекетінің аномалиясы
Бастапқы тест сұрақтары
1. Жоқ
2. Жоқ
3. Иә
4. Жоқ
5. Жоқ
6. Жоқ
7. Жоқ
8. Жоқ
9. Жоқ
10. Иә
№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.
Тапсырма № 16. Босану әрекетінің аномалиясы
Қорытынды тест сұрақтары
1. Алғаш босанушы әйелде босанудың бірінші кезеңі 10 сағатқа жетіп, толғағы әр 3-4 минут сайын, ұзақтығы 45 сек, күші жақсы, ауырсынумен өтуде. PV: Жатыр мойны жайылған, шекарасы ригидті, ашылуы 2 см. Диагнозыңыз:
А) прелиминарлы кезең
Б) біріншілік босану әлсіздігі
В) екіншілік босану әлсіздігі
Г) патологиялық прелиминарлы кезең
Д) дискоординациялық босану әрекеті
2. Қайта босанушы әйел босану үйіне түскенде толғаы әрбір 3-4 минут сайын, ұзақтығы 45 сек. P.V.: Жатыр мойны жайылған, шекарасы жұқа, ашылуы 5 см. Келесі 4 сағатта толғағы әрбір 6-7 минут сайын,, ұзақтығы 25 сек. P.V.: Жатыр мойны жайылған, шекарасы жұқа, ашылуы 6 см. Диагнозыңыз:
А) прелиминарлы кезең
Б) біріншілік босану әлсіздігі
В) екіншілік босану әлсіздігі
Г) патологиялық прелиминарлы кезең
Д) дискоординациялық босану әрекеті
3. Алғаш рет босанушы әйелдің босану уақыты неше сағаттан кем болса, онда ол «ұмтылмалы-жедел» деп аталады:
А) 4 сағат
Б) 5 сағат
В) 6 сағат
Г) 7 сағат
Д) 8 сағат
4. Қайта босанушы әйелдің босану уақыты неше сағаттан кем болса, онда ол «ұмтылмалы-жедел» деп аталады:
А) 4 сағат
Б) 5 сағат
В) 6 сағат
Г) 7 сағат
Д) 8 сағат
5. Екіншілік босану әлсіздігі, жедел құрсақ ішілік ұрық гипоксиясында және ұрық басының жамбас түбінде орналасуында дәрігер әрекеті қандай болуы тиіс:
А) окситоцинмен босануды ынталандыруды бастау
Б) простагландиндермен босануды ынталандыруды бастау
В) кесар тілігі операциясын жасау
Г) акушерлік қысқыш салу
Д) құрсақ ішілік ұрық гипоксиясын емдеуді бастау
6. Біріншілік босану әлсіздігінде және қағанақ суы бүтін болғанда дәрігер әрекеті қандай болуы тиіс:
А) окситоцин енгңзу
Б) амниотомия жасау
В) перидуралды анестезия жасау
Г) кесарев тілігі операциясын жасау
Д) амниотомия жасаған соң, утеротониктерді енгізу
7.. Екіншілік босану әлсіздігінде, босанушы әйелдің шаршап қалуында және ұрықтың жағдайының қанағаттанарлық кезінде дәрігер әрекеті қандай болуы тиіс:
А) медикаментозды ұйқымен дем алғызу
Б) акушерлік қысқыш салу
В) перидуралды анестезия жасау
Г) кесарев тілігі операциясын жасау
Д) окситоцинмен босануды ынталандыруды бастау
8. Утеротониктерді аса көп қолдану қандай патологиялық жағдайларға әкелуі мүмкін:
А) Созылған босану
Б) патологиялық прелиминарлы кезең
В) біріншілік босану әлсіздігі
Г) екіншілік босану әлсіздігі
Д) дискоординациялық босану әрекеті
9. Утеротониктерді қолдануға қарсы көрсетілімдер:
А) азсулық, ұрықтың тігінен жатуы, жатыр миомасы
Б) көп туған әйел, ұрықтың көлденең жатуы, жатыр тыртығы
В) азсулық, ұрықтың жамбаспен жатуы, асқынған акушерлік анамнез
Г) үлкен жастағы алғаш босанушы әйел, азсулық, жатыр тыртығы
Д) созылмалы плацентарлы жетіспеушілік, ұрықтың жамбаспен жатуы
10. Босану әрекетінің аномалиясының қай түрі мына партограммада II санымен белгіленген:
А) патологиялық прелиминарлы кезең
Б) босанудың I кезеңінің біріншілік босану әлсіздігі
В) босанудың I кезеңінің екіншілік босану әлсіздігі
Г) босанудың II кезеңінің біріншілік босану әлсіздігі
Д) босанудың II кезеңінің екіншілік босану әлсіздігі
№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.
Тапсырма № 16. Босану әрекетінің аномалиясы
Қорытынды тест сұрақтары жауаптары:
1. Д
2. В
3. А
4. А
5. Г
6. Д
7. А
8. Д
9. Б
10. Б
№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.
Тапсырма № 16. Босану әрекетінің аномалиясы
Бастапқы тест сұрақтары
1. Толғақ дегеніміз ол – бірдей белгілі бір уақыт сайын қайталанатын тұрақты жатырдың ритмді жиырылуы
Иә
Жоқ
2. Алғаш рет босанушы әйелдің босану уақыты 6 сағаттан кем болса, онда ол «ұмтылмалы-жедел» деп аталады
Иә
Жоқ
3. Қайта босанушы әйелдің босану уақыты 2 сағаттан кем болса, онда ол «ұмтылмалы-жедел» деп аталады
Иә
Жоқ
4. Дискоординациялық босану әрекетінде үштік төмендеген градиент заңының бұзылуы болады
Иә
Жоқ
5. Босану әрекетінің әлсіздігінде 10 минутта 5 толғақ қана байқалады
Иә
Жоқ
6. Дискоординациялық босану әрекетінде жатыр мойнының ашылу жылдамдығы артады
Иә
Жоқ
7. Қалыпты прелиминарлы кезең ұзақтығы 10 сағатқа созылады
Иә
Жоқ
8. Патологиялық прелиминарлы кезең және бүтін қағанақ суы кезінде негізгі ем ол - «акушерлік ұйқымен дем алдыру»
Иә
Жоқ
9. Босану әрекетінің әлсіздігінде толғақтар жиі және қанағаттанарлық күшпен болады
Иә
Жоқ
10. Босану әрекетінің екіншілік әлсіздігі кезінде қалыпты жатыр тонусында толғақтар біртіндеп әлсірейді де, сиректеніп, қысқарады.
Иә
Жоқ
№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.
Тапсырма № 16. Босану әрекетінің аномалиясы
Бастапқы тест сұрақтарының жауаптары
1. Иә
2. Иә
3. Жоқ
4. Иә
5. Жоқ
6. Жоқ
7. Жоқ
8. Иә
9. Жоқ
10. Иә
№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.
Тапсырма № 16. Босану әрекетінің ауытқулары
Қорытынды тест сұрақтары
1. Босану әрекетін сипаттайтын жалпы көрсеткіштері қандай:
А) ұрық басының қондырылуы
Б) жатыр ернеуінің ашылу жылдамдығы
В) қағанағ суының кету уақыты
Г) шырышты тығынның кетуі
Д) босану ұзақтығы
2. Патологиялық прелиминарлы кезеңдегі толғақтардың сипаты қандай:
А) қалыпты емес, 3 сағат бойы аздап ауырады, жатыр мойнының жайылуына және ашылуына әкелмейді
Б) қалыпты емес, 24 сағат бойы аздап ауырады, жатыр мойнының жайылуына және ашылуына әкелмейді
В) қалыпты, әлсіз, 4 сағат бойы әжептеуір ауырады, жатыр мойнының жайылуына және ашылуына әкеледі
Г) қалыпты емес, 6 сағат бойы аздап ауырады, жатыр мойнының жайылуына және ашылуына әкелмейді
Д) қалыпты емес, 6 сағат бойы әжептеуір ауырады, жатыр мойнының жайылуына және ашылуына әкелмейді
3. Алғаш рет босанушы әйелдің босану уақыты неше сағаттан кем болса, онда ол «ұмтылмалы-жедел» деп аталады
А) 4 сағат
Б) 5 сағат
В) 6 сағат
Г) 7 сағат
Д) 8 сағат
4. Қайта босанушы әйелдің босану уақыты неше сағаттан кем болса, онда ол тез деп аталады
А) 8 сағат
Б) 7 сағат
В) 6 сағат
Г) 4 сағат
Д) 2 сағат
5. Аса күті босану әрекетінің емінде қолданған дұрыс:
А) спазмолитиктерді
Б) медикаментозды ұйқыны
В) бета-адреномиметиктерді
Г) перидуралды анестезияны
Д) психопрофилактикалық әңгіме жүргізу
6. Босану әрекетінің аномалиясының қай түрі мына партограммада (1-суретте) II санымен белгіленген:
А) патологиялық прелиминарлы кезең
Б) босанудың I кезеңінің біріншілік босану әлсіздігі
В) босанудың I кезеңінің екіншілік босану әлсіздігі
Г) босанудың II кезеңінің біріншілік босану әлсіздігі
Д) босанудың II кезеңінің екіншілік босану әлсіздігі
7. Босану әрекетінің аномалиясының қай түрі мына партограммада (1-суретте) III санымен белгіленген:
А) патологиялық прелиминарлы кезең
Б) босанудың I кезеңінің біріншілік босану әлсіздігі
В) босанудың I кезеңінің екіншілік босану әлсіздігі
Г) босанудың II кезеңінің біріншілік босану әлсіздігі
Д) босанудың II кезеңінің екіншілік босану әлсіздігі
8. Екіншілік босану әлсіздігі, жедел құрсақ ішілік ұрық гипоксиясында және ұрық басының жамбас түбінде орналасуында дәрігер әрекеті қандай болуы тиіс:
А) босануды ынталандыруды бастау
Б) босану әрекетін қоздыру
В) кесарев тілігі операциясын жасау
Г) акушерлік қысқыш салу
Д) құрсақ ішілік ұрық гипоксиясын емдеуді бастау
9. Біріншілік босану әлсіздігі бар босанушы әйел шаршамаса және қағанақ суы бүтін болса, дәрігер әрекеті қандай болуы тиіс:
А) окситоцин енгңзу
Б) амниотомия жасау
В) перидуральды анестезия жасау
Г) кесар тілігі операциясын жасау
Д) амниотомия жасаған соң, утеротониктерді енгізу
10. Қайта босанушы әйелдің мезгілі жеткен жүктілігінде 3 сағаттан соң күшенуі басталды, P.V: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ суы жоқ. Диагнозыңыз:
А) ұмтылмалы-жедел босану, босанудың II кезеңі
Б) дискоординациялық босану әрекеті, босанудың I кезеңі
В) босану әлсіздігі, босанудың II кезеңі
Г) тез босану, босанудың II кезеңі
Д) уақытымен босану, босанудың I кезеңі
№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.
Тапсырма № 16. Босану әрекетінің аномалиясы
Қорытынды тест сұрақтарының жауаптары
- Б
- Д
- А
- Г
- В
- Б
- В
- Г
- Б
- Г
Тапсырма № 17.
1.Тақырып: Ұрықтың дұрыс орналаспауы.
2. Пән мақсаты: Студенттерді ұрықтың дұрыс орналаспауын диагностика жасауға және жүктілік пен босануды жүргізу жоспарын құруды үйрету.
3. Пәннің міндеттері:
1) Ұрықтың дұрыс орналаспауының себептерін білу.
2) Ұрықтың дұрыс орналаспауын диагностика жасау әдістерін білу.
3) Босанудың болжамын жасауды және ұрықтың дұрыс орналаспауы кезінде кесар тілігі операциясына көрсеткіштерді нақтылай білу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1) Ұрықтың дұрыс орналаспауының себептері.
2) Ұрықтың дұрыс орналаспауын диагностика жасау әдістері.
3) Жүктілікті жүргізудің және ағымының ерекшеліктері.
4) Ұрықтың дұрыс орналаспауы кезінде босану болжамы.
Асқынған ұрықтың көлденең орналасуы туралы түсінік.
5) Ұрықтың дұрыс орналаспауын дұрыс орналаспауы кезінде кесар тілігі операциясына көрсеткіштер.
5. Оқыту және оқу әдістері:
1) Бастапқы білім деңгейін тексеру.
2) Оқытушымен жұмыс жасау. Таблицаларды, фантомдарды, бейнематериалдарды қолдану арқылы теориалық материалдарды талдау.
3) Кіші топтарда жұмыс жасау(2-3 студент): Ұрықтың дұрыс орналаспауы кезінде босану тарихын талдау, ситуационды есептерді шешу.
4) Оқытушымен жұмыс жасау. Түсініксіз сұрақтарды талдау
5) Алған білімді қорытындылау (қорытынды тест сұрақтары).
6. Әдебиет:
Негізгі:
1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.219-239.
2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.
Қосымша:
1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 155-174
2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Руководство для врачей. 3-е издание переработанное, исправленное и дополненное – М., «Триада-Х», 2005. – с. 173-181, 182-207, 254-278.
7. Қорытынды (бастапқы және қорытынды тест сұрақтарын талдау):
СОӨЖ Тапсырма № 17.
1.Тақырып: Ұрықтың дұрыс орналаспауы.
2. Пән мақсаты: Студенттерді ұрықтың дұрыс орналаспауын диагностика жасауда және жүктілік пен босануды жүргізу жоспарын құруда тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.
3. Пән талаптары:
1) Ұрықтың дұрыс орналаспауын диагностика жасауда тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.
2) Ұрықтың дұрыс орналаспауы кезінде кесар тілігі операциясына көрсеткіштерді нақтылай білу.
4. Өткізу әдісі:
Кіші топтарда фантомда жұмыс жасау (2-3 студент)
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
1) Фантомда студенттер ұрықтың дұрыс орналаспауын диагностика жасайды.
2) Фантомда ұрықтың көлденең орналасуын көрсетеді.
3) Ұрықтың дұрыс орналаспауы кезінде кесар тілігі операциясына көрсеткіштерді ситуационды есептер арқылы нақтылайды.
6. Берелетін мәліметтер:
Кестелер, суреттер
7. Әдебиет:
Негізгі:
1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.219-239.
2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.
Қосымша:
1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 155-174
2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Руководство для врачей. 3-е издание переработанное, исправленное и дополненное – М., «Триада-Х», 2005. – с. 173-181, 182-207, 254-278.
8. Қорытынды (тесттер)
№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.
Тапсырма № 17. Ұрықтың дұрыс орналаспауы.
Бастапқы тест сұрақтары
1. Ұрықтың дұрыс орналаспауы кездесу жиілігі 0,5-0,7% құрайды:
Иә
Жоқ
2. Ұрықтың көлденең орналасуында ұрықтың жүрек соғысы кіндік деңгейінде естіледі:
Иә
Жоқ
3. Ұрықтың дұрыс орналаспауы көбінесе өте жас алғаш босанушыда кездеседі:
Иә
Жоқ
4. Ұрықтың көлденең орналасуы кесар тілігі операциясына көрсеткіш болып табылады:
Иә
Жоқ
5. Ұрықтың дұрыс орналаспауында көбінесе асқынуларының бірі қан ағу болып табылады:
Иә
Жоқ
6. Ұрықтың көлденең орналасуы деп, егер ұрықтың ұзына бойы өсі жатырдың ұзына бойы өсімен тік бұрыш жасайтын болса, айтамыз:
Иә
Жоқ
7. Асқынған ұрықтың көлденең орналасуы қағанақ суы кеткен соң 2 сағаттан соң қалыптасады:
Иә
Жоқ
8. Ұрықтың көлденең орналасуының негізгі себебі ол - көпсулық:
Иә
Жоқ
9. Ұрықтың дұрыс орналаспауында әйелдің өзі босануы мүмкін:
Иә
Жоқ
10. Ұрықтың көлденең орналасуын арқа жотасымен анықталады:
Иә
Жоқ
Тапсырма № 17. Ұрықтың дұрыс орналаспауы.
Бастапқы тест сұрақтарының жауаптары
1. Иә
2. Иә
3. Жоқ
4. Иә
5. Жоқ
6. Жоқ
7. Жоқ
8. Иә
9. Жоқ
10. Жоқ
№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.
Тапсырма № 17. Ұрықтың дұрыс орналаспауы.
Қорытынды тест сұрақтары:
1. Ұрықтың көлденең орналасуында кездесетін асқыну:
А) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі
Б) жүкті әйелдердің ісігі
В) құрсақ ішілік гипоксия
Г) антенаталды ұрықтың шетінеуі
Д) нәрестенің туа пайда болған ақаулары
2. Ұрықтың көлденең орналасуында босанудың бірінші кезеңіне тән:
А) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі, кіндік бауының түсіп қалуы
Б) аса күшті босану толғағы
В) кіндік бауының түсіп қалуы
Г) нәресте қолдарының қайырылып қалуы
Д) жатыр жыртылуы
3. Мезгілі жеткен жүктілікте қайта босанушы әйелді сыртқы акушерлік тексеру барысында: ІӨ- 105 см, ЖТБ – 36 см, пальпацияда сол жақтан ұрық басы, оң жақтан жамбас анықталады, кіші жамбасқа жатқан бөлігі анықталмайды. Диагнозыңыз:
А) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың жамбаспен жатуы. Бірінші позиция.
Б) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың көлденең жатуы. Бірінші позиция.
В) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың жамбаспен жатуы. Екінші позиция.
Г) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың көлденең жатуы. Екінші позиция.
Д) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың қиғаш жатуы. Екінші позиция.
4. Мезгілі жеткен жүкті әйелде ұрықтың көлденең жатуы анықталды. Босандыру жоспарының тиімді әдісін табыңыз:
А) кесар тілігін жоспарлы түрде жасау
Б) кесар тілігін жедел түрде жасау
В) босану әрекетінің басталғанына дейін ұрық басымен келуі үшін сыртқы бұруды жасау
Г) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау
Д) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрық басымен келуі үшін сыртқы – ішкі бұруды жасау.
5. Асқынған ұрықтың көлденең орналасуына тән:
А) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылсыз болуы, қолының түсуі
Б) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылсыз болуы, аяғының түсуі
В) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылсыз болуы, қолының қайырылып қалуы
Г) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылсыз болуы, қолының түсуі
Д) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылдай алуы, қолының түсуі
6. Мезгілі жеткен жүктілікте қайта босанушы әйелде көпсулық анықталды. Пальпацияда сол жақтан жатыр түбінде басы, ал оң жақта шат аймағында жамбасы анықталады. Диагнозыңыз:
А) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың жамбаспен орналасуы. Бірінші позиция.
Б) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың көлденең орналасуы. Бірінші позиция.
В) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың қиғаш орналасуы. Бірінші позиция.
Г) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың көлденең орналасуы. Екінші позиция.
Д) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың қиғаш орналасуы. Екінші позиция.
7. 25 жастағы мезгілі жеткен жүктілікпен алғаш босанушы әйелде ұрықтың орналасуы қиғаш, толық емес бала жолдасының жатуы және болжама нәресте салмағы 3200,0г. екендігі анықталды. Босану жоспарын құрыңыз:
А) кесар тілігін жоспарлы түрде жасау
Б) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау
В) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрықты жамбасынан экстракция жасау.
Г) босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде Цовьянов әдісін қолдану Д босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде қолмен жасалатын классикалық әдісті қолдану
8. Мезгілі жеткен жүктіліктегі және қалыпты жамбас өлшемдерімен қайта босанушы әйел босану әрекеті басталғаннан 3 сағаттан соң босану үйіне түсті. Қарап тексергенде ұрықтың көлденең орналасуы анықталды. Болжама нәресте салмағы 3200,0г. Босану жоспарын құрыңыз:
А) кесар тілігін жасау
Б) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау
В) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрықтың аяқпен келуі үшін сыртқы-ішкі бұруды жасап, жамбасынан экстракция жасау.
Г) баспен келуі үшін профилактикалық бұруды жасау.
Д) босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде қолмен жасалатын классикалық әдісті қолдану
9. Мезгілі жеткен жүктіліктегі және қалыпты жамбас өлшемдерімен алғаш босанушы әйел босану әрекеті басталғаннан 7 сағаттан және қағанақ суы кеткеніне 3 сағаттан соң босану үйіне түсті. Қарап тексергенде ұрықтың қиғаш орналасуы, ұрықтың жүрек қағысы анық, ырғақты екендігі анықталды. Болжама нәресте салмағы 3400,0г. Босану жоспарын құрыңыз:
А) кесар тілігін жасау
Б) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау
В) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрықтың аяқпен келуі үшін сыртқы-ішкі бұруды жасап, жамбасынан экстракция жасау.
Г) баспен келуі үшін профилактикалық бұруды жасау.
Д) босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде қолмен жасалатын классикалық әдісті қолдану
10. Мезгілі жеткен жүктіліктегі және қалыпты жамбас өлшемдерімен алғаш босанушы әйелде көпсулық, ұрықтың қиғаш орналасуы, ұрық басы оң жақ шат аймағында жатқандығы анықталды. Болжама нәресте салмағы 3400,0г. Босану жоспарын құрыңыз:
А) окситоцин ді көктамырға енгізу
Б) кесар тілігін жасау
В) амниотомия, қағанақ суын жаймен жіберу, ұрықтың ұзыннан орналасуы анықталғанда, босануды консервативті жүргізу
Г) қолмен жасалатын классикалық әдіс
Д) жамбасынан экстракция жасау.
№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.
Тапсырма № 17. Ұрықтың дұрыс орналаспауы.
Қорытынды тест сұрақтарының жауаптары:
- А
- А
- Б
- А
- А
- В
- А
- А
- А
- В
Тапсырма № 18.
1.Тақырып: Ұрықтың жамбаспен орналасуы.
2. Пән мақсаты: студенттерді ұрықтың жамбаспен орналасуын диагностика жасауда және босануды жүргізу жоспарын құруды үйрету.
3. Пән талаптары:
1) Ұрықтың жамбаспен орналасудың классификациясын білу.
2) Ұрықтың жамбаспен орналасуының диагностика әдістерін білу.
3) Ұрықтың жамбаспен орналасуында босануды жүргізу жоспарын құруды және болжам жасауды білу.
4) Ұрықтың жамбаспен орналасуында кесар тілігі операциясына көрсеткіштерді білу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1) Ұрықтың жамбаспен орналасуының классификациясы, себептері, диагностика әдістері, босану биомеханизмі.
2) Ұрықтың жамбаспен орналасуында жүктілікті жүргізу және ағымының ерекшеліктері.
3) Ұрықтың жамбаспен орналасуының босану ерекшеліктері.
4) Ұрықтың жамбаспен орналасуында кесар тілігі операциясына көрсеткіштер
5. Оқыту және оқу әдістері:
1) Бастапқы білім деңгейін тексеру.
2) Оқытушымен жұмыс жасау. Таблицаларды, фантомдарды, бейнематериалдарды қолдану арқылы теориалық материалдарды талдау.
3) Кіші топтарда жұмыс жасау(2-3 студент): Ұрықтың жамбаспен орналасуы кезінде босану тарихын талдау, ситуационды есептерді шешу.
4) Оқытушымен жұмыс жасау. Түсініксіз сұрақтарды талдау
5) Алған білімді қорытындылау (қорытынды тест сұрақтары).
6. Әдебиет:
Негізгі:
1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.219-239.
2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.
Дополнительная:
1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 155-174
2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Руководство для врачей. 3-е издание переработанное, исправленное и дополненное – М., «Триада-Х», 2005. – с. 173-181, 182-207, 254-278.
7. Қорытынды (бастапқы және қорытынды тест сұрақтарын талдау:
СОӨЖ Тапсырма № 18.
1.Тақырып: Ұрықтың жамбаспен орналасуы.
2. Пән мақсаты: Ұрықтың жамбаспен орналасуын диагностика жасауда және босануды жүргізу жоспарын құруда тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.
3. Пән талаптары:
1) Ұрықтың жамбаспен орналасуын диагностика жасауда тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.
2) Фантомда ұрықтың жамбаспен орналасуында босану биомеханизмін көрсете алу.
3) Ұрықтың таза жамбаспен және аяқпен жатуында Н.А. Цовьянов бойынша дағдыларды қалыптастыру.
4) Қолмен жасалатын классикалық әдіс дағдыларын қалыптастыру.
4. Өткізу әдісі:
Кіші топтарда фантомда жұмыс жасау (2-3 студент)
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
1) Фантомда студенттер ұрықтың жамбаспен орналасуын диагностика жасайды.
2) Фантомда ұрықтың жамбаспен орналасуында босану биомеханизмін көрсетеді.
3) Ұрықтың таза жамбаспен және аяқпен жатуында Н.А. Цовьянов бойынша дағдыларды жетілдіреді, қолмен жасалатын классикалық әдіс дағдыларын қалыптастырады.
6. Берелетін мәліметтер:
Кестелер, суреттер
7. Әдебиет:
Негізгі:
1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.219-239.
2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.
Қосымша:
1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 155-174
2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Руководство для врачей. 3-е издание переработанное, исправленное и дополненное – М., «Триада-Х», 2005. – с. 173-181, 182-207, 254-278.
8. Қорытынды (тесттер)
Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 2560 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
|