АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Алматы 2015 жыл 5 страница

Прочитайте:
  1. A. дисфагия 1 страница
  2. A. дисфагия 1 страница
  3. A. дисфагия 2 страница
  4. A. дисфагия 2 страница
  5. A. дисфагия 3 страница
  6. A. дисфагия 3 страница
  7. A. дисфагия 4 страница
  8. A. дисфагия 4 страница
  9. A. дисфагия 5 страница
  10. A. дисфагия 5 страница

5) Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

 

Тест 00180

Науқас А. 46 жаста, жайылмалы іріңді перитонитпен асқынған гангренозды-перфоративті аппендицит себебінен операция жасалған. Хирург перитонит көзін алып тастап, құрсақ қуысының санациясы мен дренаждауынан кейін, жіңішке ішектің назоинтестинальді интубациясын жасады. Осы жағдайда осы манипуляция қандай мақсатта жасалды?

1) Асқазан-ішек жолы арқылы жоғалтқан сұйықтық монитроингі үшін

2)+ Ішек парезін емдеу және өршуінің алдын алу үшін

3) Науқасты зонд арқылы үнемі тамақтандыру үшін

4) Асқазан-ішек жолын ағынды жуу үшін

5) Дәрілік заттарды тікелей енгізу үшін

 

Тест 00181

Науқас 29 жаста, 2 сағат бұрын аяқ асты кеуде торының сол бөлігінде қатты ауру сезімі, ауа жетпеу сезімі пайда болған. Жарақат алмаған, өкпе ауруларын өзі жоққа шығарады. Дене температурасы қалыпты. Сол өкпе тұсында тынысы естілмейді. Перкуссия кезінде сол жақтан қорап тәрізді дыбыс және өкпеаралықтың солға ығысуы анықталады. Науқаста қандай зақым анағұрлым ықтимал?

A) Жедел миокард инфаркты;

2)+ Спонтанды пневмоторакс;

3) Фибринозды плеврит;

4) Қысылған көкет жарығы;

5) Сол жақтағы пневмония.

 

Тест 00182

Науқаста алкоголь қабылдағаннан кейін көп реттік құсу пайда болған, соңғысы алқызыл қан аралас болған. Осы жағдайда қанда болжам диагноз анағұрлым ықтимал?

1)+ Мэллори-Вейсс синдромы;

2) Асқазанның ойық жара ауруы;

3) Жедел эрозивті эзофагит;

4) Өңеш тамырларының варикозы;

5) Жедел эрозивті гастрит

 

Тест 00183

Науқас 66 жаста, жедел жуан ішек өтімсіздігімен жедел операцияға алынды. Лапаротомия кезінде сигма тәрізді ішектің циркулярлы стеноздаушы ісігі, үлкейген парааортальді лимфа түйіндері, бауырдағы метастаздар анықталды. Гартман операциясы жасалды. Төмендегілердің қайсысы көрсетілген операция қай топқа жатады.

1) Симультанды;

2)+ Паллиативті;

3) Радикальді;

4) Қосарланған

5) Кеңейтілген.

 

Тест 0184

Науқас 70 жаста, өабылдау бөліміне хирургқа ішінің кепкендігіне, ұстамалы ауру сезіміне, құсуына шағымданып түсті. УДЗ өт қапшығында 3 см мөлшерінде тастың бар екендігі анықталынды. Шолулық рентгенограммада Клойбер остағаншасы мен ішек аркасы бар екендігі көрінді, сонымен бірге өт қапшығы мен өт өзектерінде газдың жиналғандығы байқалды. Бауырдан тыс өт өзегінде анықталынған ауаның себебі қандай болуы мүмкін?

1) Ішектің тарылуы аясында ауаның тасталуы;

2) Биллиарлы жүйеде гипертензияның болуы себепті;

3) Ішек қабырғасының кенеттен кеңейуі;

4)+ Үрмелі –ішек жылан көзінің болуы;

5) Ішперде қысымының жоғарылауы;

 

Тест 00185

36 жасар науқасқа жайылмалы перитонит себебінен тесілген ойық жараны тігу операциясы жасалған. Бесінші тәулікте іштегі толғақ тәрізді ауру сезімі, жүрек айну, қайталамалы құсу пайда болған. Дәрілік емнен кейін аз мөлшерде жел шығарған, бірақ аз уақыттан кейін ауру сезімі қайта пайда болған, өтпен құсқан. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, пульс 100, тілі құрғақ. Іші орташа кепкен, барлық бөлімдері жұмсақ, сирек, бірақ күшейген ішек перистальтикасы анықталады, «шылпыл шуылы». Науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал?

1)+ Жедел жабысқақтық ішек өтімсіздігі;

2) Диафрагма асты абсцесс;

3) Ішек аралық абсцесс;

4) Жедел операциядан кейінгі панкреатит;

5) Тігілген ойық жарасының тұрақсыз тігісі

 

Тест 00186

Ер адам 30 жаста, кеуде торының сол бөлігінің қолтықтың орта сызығымен орналасқан пышақ жарақатымен түсті. АҚ 90/60 мм. с.б.б., пульс 120 рет мин., ТЖ 30 рет 1 мин, жүрек дыбысы тұйық. Көктамыр ішіне 2л тұз ерітінділерін құйғаннан кейін ОҚТҚ 30 см су б.б, дейін өсті, гипотензия сақталуда. Плевра қуысы таза және тыныстың аускультативті көрінісі қалыпты. Төмендегілердің қайсысы науқаста анағұрлым ықтимал?

1) Плевраішкілік қанкету

2) Клапанды пневмоторакс

3) Өкпе артериясының жыртылуы

4) Өкпе зақымы

5)+ Жүрек тампонадасы

 

Тест 00187

32 жастағы науқас М., жедел панкреатиті бар ауру басталғаннан 15 тәулік өткенде эпигастрий аймағында тығыз түзіліс пальпацияланады. Бұл кезде дене температурасы 37,20С, лейкоциттер 9,0х1012, ЭТЖ 23 мм/сағ. Осы жағдайда әрі қарайғы емдік тактика қандай?

1) Лапароскопия жасау;

2) Жедел лапароскопия көрсетілген;

3) Құрсақ қуысының КТ жасау

4)+ Консервативті терапияны жалғастыру;

5) УДЗ бақылауында инфильтратты дренаждау

 

Тест 00188

24 жасар әйелде жедел аппендицит себебінен жасалған операция кезінде құрсақ қуысын ашқанда қою қара қан бөлінген, құрттәрізді өсіндінің тамырлары аздап ұлғайған. Гемоперитонеум себебі аналық без апоплексиясы болып шықты. Осы жағдайда әрі қарайғы хирургиялық тактика қандай?

1) Аппендэктомия жасау және құрсақ қуысын дренаждау

2) Құрсақ қуысын құрғату және дренаждау

3) Кольпотомия жасау және аналық безді тігу

4)+ Тек аналық без резекциясын жасау

5) Аналық бездің жыртылған жерін тігу

 

Тест 00189

Науқас А. 39 жаста, қабылдау бөліміндегі хирургқа іштегі ауру сезіміне, жүрек айнуға, ішінің кебуіне шағымданып келді. Ауырғанына 8 сағат болған. Қарап тексергенде іші орташа кепкен,іш кебуі байқалады, пальпация кезінде қатты ауырсынады, әсіресе мезогастрийде айқын, бұлшықеттері қатайған, дене температурасы 37,80С, пульс 90 рет 1 мин., АҚ 110/70, лейкоцитоз 12,0х109. Дәрігер жедел аппендицитке күмәнданды. Құрт тәрізді өсіндінің қандай орналасуына мұндай көрініс тән?

1) Жамбастық орналасуға;

2)+ Медиальді орналасуға;

3) Құрсақ арты орналасуға;

4) Бауыр асты орналасуға;

5) Ретроцекальді орналасуға

 

Тест 00190

37 жасар науқаста тиреотоксикалық жемсау себебінен жасалған струмэктомиядан кейін 2-тәулікте келесі белгілер пайда болды: дене температурасының 39 градусқа дейін жоғарлауы, бет терісінің гиперемиясы, тахикардия 150 соғуға дейін мин., аритмия, тахипноэ, науқас мазасыз, үрейленген. Төмендегілердің қайсысына осы жағдай сәйкес келеді?

1) Трахеомаляция;

2) Ауалы эмболия;

3) Операциядан кейінгі тетания;

4)+ Операциядан кейінгі тиреотоксикалық криз;

5) Жараның операциядан кеінгі іріңді-қабыну асқынулары

 

Тест 0191

Науқас 26 ж, хирургиялық бөлімшеге аппендикулярлы инфильтрат белгілерімен түсті. Соңғы тәулікте ауру сезімі ұлғайған, қалтырау және дене температурасы 390С дейін көтерілген. Зерттеудің қандай түрін науқасқа тағайындау қажет?

1) Іш қуысына рентгенография жасау;

2)+ Іш қуысына УДЗ жасау;

3) Іш қуысына КТ жүргізу;

D Диагностикалық лапароскопия жасау;

5) Іш қуысына ЯМРТ жасау керек;

 

Тест 00192

29 жасар ер адам хирургиялық бөлімшеге айқын әлсіздікке, қара сұйық нәжіске шағымданып келді. Ойық жара анамнезі жоқ. Қарап тексергенде: боз, РS -110, АҚ - 90/60 мм с.б.б., ФГДС-да асқазанында жаңа қан бар, 12 елі ішектің буылтығының артқы қабырғасында өлшемі 0,8х0,6 см болатындай ойық жара анықталды, беті жұмсақ тромбпен жабылған - FIIa. Осы жағдайда гемостаздың жағдайы қандай?

1) Қанкетуі тоқтаған тұрақты гемостаз;

2) Рецидив қаупі жоқ тоқтаған қан кету;

3)+ Рецидив қаупі бар тұрақсыз гемостаз;

4) Жалғасып жатқан қан кету;

5) Біткен қан кету

 

Тест 00193

Науқас М. 34 жаста, 12 елі ішектің буылтығының алдыңғы қабырғасындағы ойық жараны тіккеннен 1 айдан кейін қан аралас құсу, 2 тәулік бойы қара нәжіс пайда болған. Науқаста қан кетудің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

A) Қайталама перфоративті ойық жарасы;

2) Ішімдік гастопатиясы;

3) Маллори-Вейсс синдромы;

4) Эрозивті гастрит;

5)+ 12 елі ішектің артқы қабырғасының ойық жарасы

 

Тест 00194

Төмендегілердің қайсысы қан кетумен, ойық жара пенетрациясымен және пилородуоденальді стенозбен (субкомпенсация сатысы) асқынған 12 елі ішектің ойық жара ауруы бар 47-жасар науқас үшін анағұрлым оңтайлы операция нұсқасы болады?

1) Артқы гастроеюноанастомоз;

2) Гастродуоденоанастомоз;

3) Бағаналы ваготомия;

4)+ Асқазан резекциясы;

5) Гастрэктомия

 

Тест 00195

67 жастағы науқас К., хирургиялық бөлімшеге аппендицит себебінен болған жайылмалы перитонит көрінісімен науқас түсті. Осы жағдайда қандай тілік анағұрлым оңтайлы?

1) Оң жақты параректальді тілік;

2) Волкович-Дьяконов бойынша тілік;

3)+ Орта-ортаңғы лапаротомия;

4) Жоғарғы-ортаңғы лапаротомия;

5) Жанама лапаротомия

 

Тест 00196

Науқас М., 75 жаста жедел миокард инфаркты себебінен кардиология бөлімшесінде 7 тәулік жатыр. Таңертең науқаста көп мөлшерде қан аралас құсу және сұйық қара нәжіс болған. Аз уақытқа есін жоғатқан. ФГДС-да өлшемі 1,5х1,0 см бекіген қызыл тромбы бар - FIIb асқазан денесінде ойық жара анықталды. Әрі қарайғы анағұрлым орынды тактика қандай?

1) Ішіне суық қою және кардиология бөлімшесінде бақылау;

2) Кардиологияның реанимация бөлімшесіне ауыстыру;

3) Эндоскопиялық гемостаз жасау және науқасты орнында қалтыру;

4)+ Хирургиялық реанимация бөлімшесіне ауыстыру;

5) Консервативті ем және ЭКГ мониторинглеуді ұсыну

 

Тест 00197

50 жасар науқас қабылдау бөліміндегі хирургқа іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, жүрек айнуға, жиі құсуға, нәжіс пен газдың шықпауына шағымданады. Жедел ауырды. Ауруын көп мөлшерде тамақтануын себепші етеді.. 11 ай бүрын аппендэктомия жасалған. Қарап тексергенде науқас мазасыз, боз, ішінің кебуі және ассиметриясы анықталады, перитонеальді белгілері жоқ. Лейкоцитоз 6,7х109. Науқаста қандай болжамды диагноз анағұрлым ықтимал?

1) Жедел панкреатит;

2) Бүйрек шаншу ұстамасы;

3) Шажырқай тамырлардың тромбозы;

4) 12 елі ішектің тесілген ойық жарасы;

5)+ Жедел ішек өтімсіздігі

 

Тест 00198

26 жасар науқас хирургиялық бөлімшеге аппендикулярлы инфильтрата көрінісімен түсті. Соңғы тәулікте ауру сезімі күшейген, қалтырау және температурасының 390С дейін көтерілгенін айтады. Әрі қарайғы анағұрлым орынды тактика қандай?

1) Қосарланған антибиотикотерапия тағайындау;

2) Дезинтоксикациялық терапия жүргізу;

3) Ішіне суық қою және динамикада бақылау;

+D Жедел операция жасау

5) Физиоем тағайындау

 

Тест 00199

15 жасар науқас жедел аппендицит клиникасымен операцияға алынды. Құрттәрізді өсіндінің тұқылын өндеудің анағұрлым тиімді әдісі қандай?

1) Негізін жібек жіппен байлау және кисет тігісіне енгізу;

2) Байланбаған тұқылды кисет тігісіне енгізу;

3)+ Негізін кетгутпен байлау және кисет тігісіне енгізу;

4) Өсінді негізін жібек жіппен байлап енгізбей қалтыру

5) Өсінді негізін кетгутпен байлап енгізбей қалтыру

 

Тест 00200

34 жастағы науқас М., ауыр жедел панкреатит көрінісімен аурудың ерте кезеңінде түскен науқасқа хирург кешенді консервативті ем тағайындады, оған келесі дәрілік заттар кірді: атропин, промедол, реополюглюкин, аминопептид, 5% инсулинмен глюкоза ерітіндісі, тұзды ернітінділер, сандостатин, қосарланған антибактериальді терапия. Ферментті токсемия тоқтату мақсатында тағы қандай дәрілік зат тағайындау керек еді?

1) Аллопуринол;

2) Флуканозол;

3) Пропранолол;

4) Квамател;

5)+ Контрикал

 

Тест 00201

Науқаста струмэктомия операциясынан кейін тырысулар, Хвостек симптомы және Труссо симптомы пайда болған. Науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал?

1) Гипотиреоз;

2) Тиреотоксикалық криз;

3) Көмей жүйкелерінің жарақаты;

4)+ Гипопаратиреоз;

5) Тиреотоксикоздың қалдық көріністері

 

Тест 00202

Бауыр эхинококкозы бар науқаста кенет іштегі ауру сезімі, перитонеальді белгілер, дене температурасының жоғарлауы және тердік бөртпе пайда болған. Науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал?

1) Жедел холецистит;

2)+ Торсылдақтың жарылуы;

3) Жедел гепатит;

4) Торсылдақтың іріңдеуі;

5) Бауыр абсцессі

 

Тест 00203

46 жастағы науқаста симптомдар триадасы – төс артындағы күйдіретін ауру сезімі, ұзақ уақыт бойы кекіру мен қыжылдау мазалап жүр. Төмендегілердің қайсысының науқаста болуы анағұрлым ықтимал?

1) Диафрагманың қысылған өңеш жарығы;

2) Эпифренальді дивертикул;

3) Өңештің тыртықты стенозы

4)+ Рефлюкс-эзофагит;

5) Кардиа ахалазиясы;

 

Тест 0204

Ер адам 39 жас, хирургиялық бөлімшеге жаралық этиология нәтижесінде декомпенсацияланған пилородуоденальды тарылу клинкалық белгілерімен шағымданып ауруханаға түсті. Эндоскопиялық зерттеу барысында науқаста диаметрі 1,5х1,0 смсозылмалы жара бар екендігі анықталынды. Науқасқа операцияға дайындық жүргізілгеннен кейін операцияға алынды. Төменде аталғандардан қай операция түрі науқасқа жүргізілуі қажет?

1)+ Бильрот-2 бойынша асқазанды кесу

2) Антрумэктомия және бағандық ваготомия;

3)Асқазанжарасынкесіп алып тастау, Финне операциясы және бағандық ваготомия;

4) Оралған гастроэнтероанастомоз және бағандық ваготомия;

5) Джабуле операциясы және селективті проксималды ваготомия;

Тест 00205

Жедел аппендициті бар жүкті әйелді емдеу тактикасын таңдағанда Төменде аталған ағдайдың қайсысы анағұрлым қиындататын факторға жатады?

1) Жүктілікті үзу қаупі жоқ жедел аппендицит;

2)Алдыңғы операциядан кейінгі жатырдағы тыртық;

3) Босанғаннан кейінгі жедел аппендицит;

4)+ Жедел аппендицит босану периоды;

5) Жүктіліктің бірінші триместрі

 

Тест 00206

56 жастағы науқас М., жедел іш көрінісімен түскен науқасқа диагностикалық лапароскопия жасағанда бауыр асты аймағында, оң бүйір каналында геморрагиялық сұйықтық және ішастарда, ішектің сірлі қабатында және шарбымайда стеатонекроз ошақтары анықталды. Өт қабы ісінген, ішек ілмектері ісінген. Төменде аталған дерттердің қайсысына бұл интраоперациялық көрініс анағұрлым тән?

1) Жедел холецистит;

2)+ Жедел панкреатит;

3) Ішек өтімсіздігі;

4) Мезентериальді тромбоз;

5) Асқазанның тесілген ойық жарасы

 

Тест 00207

Науқас Ш., 48 жаста хирургия\лық бөлімшеге жуан ішектің бойымен мазалайтын ауру сезіміне, уақтылы пайда болатын іш қатуға, дефекация актісі кезінде көп мөлшерде қан бөлінетініне шағымданып түсті. Кезекші дәрігер жуан ішектің дивертикулезіне күмәнданды. Жуан ішектің дивертикулезі кезінде қандай зерттеу әдісі анағұрлым мәліметті?

1) Ректороманоскопия;

2)+ Колоноскопия;

3) Ирригоскопия;

4) Лапароскопия;

5) Аноскопия;

 

Тест 0208

Науқас А., 25 жаста, хирургиялық бөлімшеге жүктілігі 37-38 апталық, клиникаға жедел аппендицитпен 5 сағаттан кейін түсті. 1сағаттан кейін науқаста толғақ басталды. Осы жағдайда сіздің тәсіліңіз?

1) Туу үрдісін тоқтата тұрып, аппендэктомия жасау керек

2)+ Алдымен босандырып алып, содан соң ғана аппендэктомия жасау керек

3) Антибиотикті көк тамыр ішіне енгізіп, кесарь тілігін жасау қажет;

4) Босанғаннан кейін 2 тәулік өткеннен кейін аппендэктомия жасау керек;

5) Толғаққа қарамастан аппендэктомия жасау керек;

 

Тест 00209

28 жасар К. науқаста жедел флегмонозда аппендицит себебінен болған аппендэктомиядан кейін 6-тәулікте дугласс-абсцесс көрінісі пайда болды. Осы жағдайда абсцессті ашу үшін қандай тілік анағұрлым орынды?

1) Орта-ортаңғы лапаротомия;

2) Бел тілігі арқылы;

3) Параректальді тілік;

4) Төменгі лапаротомия;

5)+ Тік ішек арқылы

 

Тест 00210

Стационарға 37 жасар науқас Л. хирургиялық бөлімшеге жұтудың қиындауына, төс артындағы ауру сезіміне, жоғары температураға шағымданып түсті. Анамнезінде: 3 күн бұрын сүйек жұтып қойғанда осы шағымдар болған. Медициналық көмекке жүгінбеген. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі анағұрлым бірінші жасалуы тиіс?

1) Торакоскопия;

2) Кеуде аралық УДЗ;

3) Селективті ангиография;

4) Эндоскопиялық зерттеуі

5)+ Контрасттаумен рентгеноскопия

 

Тест 00211

47 жастағы Б. науқасқа ұйқы безінің керіліп тұрған торсылдағы себебінен жедел түрде операция жасалған. Хирург цистогастроанастомоз операциясын жасаған. Болашақта науқаста қандай асқынудың дамуы анағұрлым ықтимал?

1) Релюкс-эзофагит;

2)+ Торсылдақ рецидиві;

3) Қан кету;

4) Өңештің ойық жарасы;

5) Малигнизация

 

Тест 00212

Науқас К., 44 жаста хирургиялық бөлімшеге қысылған кіндік жарығы көрінісімен түскен. Жарықпен жүргеніне 2 жыл болған. Науқасқа жедел түрде операция жасалғаноперация кезінде жарық қақпасын кіндік сақинасының айналасына жібек жіппен кисетті тігіс салып жапқан. Төменде берілген операциялардың қайсысы осы әдістемеге сәйкес келеді?

1) Мейо бойынша;

2)+ Лекснер бойынша;

3) Сапежко бойынша;

4) Кина бойынша;

5) Терье – Черин бойынша.

 

Тест 00213

27 лет науқас С., хирургке қысылған сан жарығы деген жолдама диагнозымен жеткізілді. Хирург қарап тексергенде диагнозында күмәнданды, үлкен тері асты венаның варикозды кеңейгенін болжады. Төмендегілердің қайсысы сан жарығы мен санның улкен тері асты венасының варикозды түйіні арасында ажырату диагностикасын жүргізгенде көмектесе алады?

1) «Жөтел түрткісі» симптомын анықтау;

2) Троянов – Тренделенбург сынамасы;

3) “Марштық” сынаманы анықтау;

4)+ Астров симптомын анықтау;

5) Шығып тұрған аймақ үстін аускультациялау.

Тест 00214

Хирургиялық бөлімшеге науқас В., 32 жаста шап-ұма аймағындағы ісіск тәрізді түзіліске, соның аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып келді. Осы шағымдар жөтелден кейін байқайды. Жергілікті: оң шап аймағында ұмаға қарай таралатын түзіліс пальпацияланады, ұма көлемінің үлкейгені, айқын ауру сезімі анықталады. Төмендегілердің қайсысы қысылған шап-ұма жарығы мен аталық без қабықтарының шемені арасында ажырату диагностикасын жүргізгенде көмектесе алады?

1) Тік ішекті саусақпен тексеру

2)+ Трансиллюминация және пальпация;

3) Түзіліс аускультациясы;

4) Түзіліс перкуссиясы;

5) Түзіліс пункциясы;

 

Тест 00216

Науқас Р., 45 жаста хирургиялық бөлімшеге іштегі қатты ауру сезіміне, жүрек айнуға, асқазан ішіндегісімен құсуға, әлсіздікке шағымданып түсті. Кенет ауырған, емдәмді бұзүмен байланыстырады. Науқастың жағдайы ауыр. Науқасқа құрсақ қуысының рентгенографиясы жасалған, патология анықталған жоқ. Жасалып жатқан терапияға қарамастан, жағдайы жақсарған жоқ. Науқасқа диагностикалық лапароскопия жасалды. Бұл кезде құрсақ қуысының барлық бөлімдерінде серозды сұйықтық, шарбымайда стеатонекроздар анықталды. Гепатодуоденальді байлам, 12 елі ішек ісінген, сарғыш түске боялған. Науқаста қандай диагноз анағұрлыс ықтимал?

1) 12 елі ішек ойық жарасының перфорациясы

2) Геморрагиялық панкреонекроз;

3) Деструктивті холецистит;

4)+ Майлы панкреонекроз;

5) Ісінген панкреатит

 

Тест 00217

Науқас Ч., 26 хирургиялық бөлімшеге жаста кеуде торының оң жақ бөлігіндегі ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып келді.тосы шағымдар физикалық жүктемеден кейін пайда болған. Жалпы жағдайы ауыр. Ортопное, тері жамылғыларының цианозы. Перкуссия кезінде кеуде торының оң жақ бөлігінде қорап тәрізді дыбыс анықталады, аускультация кезінде оң өкпе үстінде тыныс естілмейді. ТАЖ 28 - 30 рет минутына. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі анағұрлым бірінші кезекте жасалуы тиіс?

1) Кеуде торының Ультрадыбыстық зерттеуі;

2)+ Кеуде торының шолу рентгенографиясы;

3) Кеуде торының компьютерлі томографиясы;

4) Жедел бронхоскопия;

5) Жедел торокоскопия

 

Тест 00218

Науқас Ч., 26 жаста хирургиялық бөлімшеге кеуде торының оң жақ бөлігіндегі ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып келді.тосы шағымдар физикалық жүктемеден кейін пайда болған. Жалпы жағдайы ауыр. Ортопное, тері жамылғыларының цианозы. Перкуссия кезінде кеуде торының оң жақ бөлігінде қорап тәрізді дыбыс анықталады, аускультация кезінде оң өкпе үстінде тыныс естілмейді. ТАЖ 28 - 30 рет минутына. Кеуде торының шолу рентгенографиясында оң өкпе түбіріне қарай қысылған, плевра қуысында ауа. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

1) Гемопневмоторакс;

2) Пиопневмоторакс оң жақтан;

3)+ Спонтанды пневмоторакс;

4) Он жақты ұйыған гематома;

5) Оң жақты абсцесстеуші пневмония

 

Тест 00219

Науқас Ч., 26 жаста хирургиялық бөлімшеге кеуде торының оң жақ бөлігіндегі ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып келді.тосы шағымдар физикалық жүктемеден кейін пайда болған. Жалпы жағдайы ауыр. Ортопное, тері жамылғыларының цианозы. Перкуссия кезінде кеуде торының оң жақ бөлігінде қорап тәрізді дыбыс анықталады, аускультация кезінде оң өкпе үстінде тыныс естілмейді. ТАЖ 28 - 30 рет минутына. Кеуде торының шолу рентгенографиясында оң өкпе түбіріне қарай қысылған, плевра қуысында ауа. Науқасқа оң жақты үлкен спонтанды пневмоторакс диагнозы қойылды. Төмендегілердің қайсысы науқасқа жасалуы тиіс?

1) Оң жақтан 2 және7 қабырғааралықта дренаж қою;

2)+ Оң жақтан 2 қабырғааралықта дренаж қою;

3) Оң жақтан 7 қабырғааралықта дренаж қою;

4) Оң жақтан жедел торакотомия жасау;


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 661 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.035 сек.)