АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Алматы 2015 жыл 6 страница

Прочитайте:
  1. A. дисфагия 1 страница
  2. A. дисфагия 1 страница
  3. A. дисфагия 2 страница
  4. A. дисфагия 2 страница
  5. A. дисфагия 3 страница
  6. A. дисфагия 3 страница
  7. A. дисфагия 4 страница
  8. A. дисфагия 4 страница
  9. A. дисфагия 5 страница
  10. A. дисфагия 5 страница

5) Оң жақтан жедел торакоскопия жасау

 

Тест 00220

Науқас Р., 56 жаста хирургиялық бөлімшеге кысылған кіндік және эпигастрии аймағындағы ауру сезімімен шағымданды. Қосалқы патология 2-дәрежелі семіздік.тексергенен кейін дәрігер қысылған кіндік ойық жарасын болжамдады. Жедел түрде науқасқа жергілікті жансыздандырумен операция жасалдыү Операция кезінде жарық қабының ішінде серозды-фибринозды экссудат анықталды. Осы жағдайда хирург қандай қысылуды анықтап отыр?

1) Литре жарығы;

2)+ Жалған қысылу;

3) Нәжістік қысылу;

4) Ретроградты қысылу;

5) Қабырғалық қысылу;

 

Тест 00221

Науқас К., 72 жаста хирургиялық бөлімшеге іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш кебуге, газ бен нәжістің жүрмеуіне шағымданып түсті. Ауырғанына 3 тәулік болған. Соңғы кезде іш қатулар мазалаған жіне салмақ жоғалтқанын байқаған. Қаралмаған. Осы шағымдармен стационарға түскен. Қарап тексергенде: іші кепкен, ассиметриялы, шылпыл шуылы, іштің барлық бөлімінде тимпанит анықталады, перистальтика естілмейді. Төмендегңлердің қайсысы науқасқа диагноз қою үшін бірінші кезекте жасалуы тиіс?

1) Диагностикалық лапароскопия;

2) Ирригоскопия;

3) Қан және зәр талдауы;

4) Құрсақ қуысының УДЗ;

5)+ Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

 

Тест 00222

Науқас М., 64 жаста қабылдау бөлімінің хирургына іштегі ауру сезіміне, әлсіздікке, қайталама құсуға шағымданып түскен. Анамнезінде ауырғанына 1 апта болған. Қарап тексергенде: интоксикация және су-электролит бұзылыстарының себебінен жалпы жағдайы ауыр. Ішін қарап тексергенде Вааль, Шланге, Скляров, Спасокукоцкий симптомдары оң. Бұл симптоматика қандай ауруға сәйкес келеді?

1) Жедел панкреатитке

2) Жедел холециститке

3) Асқазанның тесілген ойық жарасына

4) Жатырдан тыс жүктілікке;

5)+ Жедел ішек өтімсіздігіне

 

Тест 00223

Науқас Ж., 63 жаста хирургиялық бөлімшеге іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш кебуге, газ бен нәжістің жүрмеуіне шағымданып түсті. Ауырғанына 4 тәулік болған. Анамнезінде 12 елі ішектің тесілген ойық жарасын тіккен. Қарап тексергенде: іші кепкен, ассиметриялы, шылпыл шуылы, іштің барлық бөлімінде тимпанит анықталады, перистальтика естілмейді. Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясында аздаған Клойбер табақшалары анықталады. Консервативті емнен кейін рентген көрінісі өзгермеген. Науқасқа қосымша қандай зерттеу әдісі көрсетілген?

1)+ Ішектін рентгенконтрастты зерттеуі;

2) Құрсақ қуысының компьютерлі томографиясы;

3) Полипозициондырентгенография;

4) Рентгенография латеропозициясында;

5) Құрсақ қуыс УДЗ;

 

Тест 00224

Науқас П., 25 жаста хирургиялық бөлімшеге іштегі ауру сезіміне, әлсіздікк шағымданып түсті. Түсер алдында 3 сағат бұрын жарақат: іш аймағына соққы алған. Ауру сезімі динамикада күшейген. Науқас зерттелген: диафрагманың сол күмбезінің астында бос ауаның кең сызығы анықталады. Науқаста қандай мүшенің зақымы анағұрлым ықтимал?

1) Бауыр;

2)+ Асқазан;

3) Көкбауыр;

4) Үлкен шарбымай;

5) Ұйқы безі;

 

Тест 00225

Науқас П., 25 жаста хирургиялық бөлімшеге іштегі ауру сезіміне, әлсіздікк шағымданып түсті. Түсер алдында 3 сағат бұрын жарақат: іш аймағына соққы алған. Ауру сезімі динамикада күшейген. Науқас зерттелген: диафрагманың сол күмбезінің астында бос ауаның жіңішке сызығы анықталады. Кезекші хирург қуыс мүшенің зақымына күмәнданып тұр. Осы жағдайда сіздің әрі қарайғы қандай іс әрекетіңіз?

1) Лапароцентез жасау;

2) Құрсақ қуысының УДЗ;

3) Бақылау үшін жатқызу;

4)+ Жедел лапаротомия жасау;

5) Бариймен рентген зерттеуін жасау

 

Тест 0226

Науқас Л., 34 жаста, хирургиялық бөлімшеге ішінің ауру сезіміне, басының айналуына, әлсіздігіне шағымданып түсті. Қаралудан 2 сағат бұрын артқы жағынан бел аймағында қатты соққы алған. Қарау кезінде: іші жұмсақ, белінің сол жақ бөлігі қатты ауырады, аздаған ішікепкендігі байқалады, бұлшық етінің кернелуі жоқ, АҚҚ 100/70, тамыр соғысының жиілігі минутына 98. Қан талдауында: лейкоциттер 12,0х109, гемоглобин 90 г/л, эритроциттер 3,0х1012, гематокрит 29%. Зәр талдауында лекоциты 10-15 в п/зр, эритроциты 25-30, кей жерлерде көптеп топтасқан, осы жағдайда қандай зақымдалу тән болып табылады?

1) Ұйқы безінің жаралануы;

2) Бел аймағының жаралануы;

3) Жиек ішегінің жыртылуы;

4)+ Сол жақ бүйректің жарылуы;

5) Көк бауырдың жарылуы;

 

Тест 00227

Науқас Л., 37 жаста хирургиялық бөлімшеге іштегі ауру сезіміне, ілсіздікке шағымданып түсті. 3 күн бұрын жаттығу кезінде сол бүйірін соғып алған. Ауру сезімі өздігінше қайтып, аурухана бармаған. Таңертең қатты әлсіреп, басы айналған, суық тер шыққан. Ұарап тексергенде: іші қатайған жіне ауру сезімді. Науқасұа құрсақ қуысының УДЗ жасалған, құрсақ қуысында 7Тест 00 мл дейін бос сұйықтық анықталған. Науқастағы осы жағдайдың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

1) Сол бүйректтің соғылуы

2)+ Көкбауырдың жыртылуы

3) Ішектің жыртылуы

4) Құрсақ арты гематома;

5) Алдыңғы құрсақ қабырғасының соғылуы

 

Тест 00228

Науқас Н., 64 жаста хирургиялық бөлімшеге кіндік аймағындағы қатты ауру сезіміне және ауру сезімдң ісік тәрізді түзіліске шағымданып келді. Ауырғанына 3 сағат болған, ауыр зат көттергеннен кейін осы түзіліс пайда болған. Өзі қайта салуға тырысқан, бірақ нәтиже жоқ. Жергілікті: кіндік аймағында жарық шығып тұр, консистенциясы тығыз, қатты ауру сезімді, жөтел түрткісі симптомы теріс. Науқас жедел түрде қысылған кіндік жарығы себебінен операция алынған. Осы жағдайда қандай пластика түрі көрсетілген?

1) Греков бойынша;

2) Бассини бойынша;

3)+ Сапежко бойынша;

4) Мартынов бойынша;

5) Напалков бойынша

 

Тест 00229

Науқас М., 42 жаста алкогольді көп ішкеннен кейінгі жедел панкреатит клиникасымен хирургия бөлімшесінде стационарлық ем қабылдауда. Интенсивті консервативті терапия өткізілуде. Науқас зерттелген. Стационарлық емнің 5-тәулігінде қанның биохимиялық талдауында және зәр талдауында амилаза деңгейінің төмендеуі және жалпы жағдайының нашарлауы байқалып отыр. Осы жағдайда клинико-лабораториялық көрініске төмендегілердің қайсысы анағұрлым сәйкес?

1)+ Ұйқы безінің таралған некрозы дамыды;

2) Ұйқы безінің жалған торсылдағы түзілуде;

3) Қабыну үрдісі регресске бет бұрған;

4) Парапанкреатикалық инфильтрат түзілген;

5) Шарбымай қалтасының абсцессі түзілген;

Тест 00230

Науқас Ч. 47 жаста қабылдау бөліміне хирургқа жалпы әлсіздікке, бас айналуға, қан аралас нәжіске шағымданып түсті. Ауырғанына 1 апта боды. Анамнезінде: 3 ай бұрын науқаста жуан ішектің дивертикулы бар.Тексергенде: келбеті сұр, жүрек соғысы минутына 88 рет, АД 110/80, per rectum: нәжісі – қара түсті. Анализінде: эритроциттер 3,1х1012, гемоглобин 103 г/л, гематокрит 33%. Диагностикалық және емдік мақсатта ирригоскопияны өткізуге не көрсеткіш болып тұр?

1) Дивертикулдың жабық қуысында абсцесстің дамуы;

2) Ішек өтімсіздігінің дамуы;

3) Ішкі жыланкөздің дамуы;

4)+ Қан кету;

5) Перфорация;

 

Тест 00231

Науқас 27 жаста, қабылдау бөлмесіне хирургқа құрсақ қуысының жаншылып-кесілген жарақатымен түсті. ПХО тексерген кезде жарақаттын құрсақ қуысына өткені байқалды. Науқасқа лапаротомия жасалды. Операция кезінде диафрагманың 3,0×1,5 см өлшемінде ақауы анықталды. Осы жағдайда диафрагма жарақатын тігуге қандай тігіс түрі анағұрлым орынды?

1) Үздіксіз айналмалы тігіс;

2) Шетін шетіне түйістірген түйінді тігіс;

3)+ П-тәрізді тігіс;

4) Z-тәрізді тігіс;

5) Шмиден тігісі

 

Тест 00232

Науқас С., 29 жаста қысылған тік шап жарығы себебінен операция жасалуда. Хирург шап өзегінің артқы қабырғасын қатайтуды шешті. Төменде көрсетілген қай әдісті қолданылуы тиіс?

1) Жирар;

2) Бобров;

3) Напалков;

4)+ Бассини;

5) Спасокукоцкий

 

Тест 0233

Ер адам 30 жаста, хирургиялық бөлімшеге жедел панкреатит белгілерімен ауруханаға 7 күннен кейін ғана түсті. Үнемі аздаған ауру сезімдері мазасыздандырады, дене температурасы 37,5-37,8,Тест 00С. Қарау кезінде: эпигастральды аймақта шегі айқын емес тығыз түзілістің бар екендігі анықталды. Науқасты тексергеннен кейін парапанкреатты инфильтрат анықталды. Осы жағдайда сіздің емдеу тәсіліңіз қандай?

1) Операцияға дайындағаннан кейін лапаротомияға алу;

2)+ УДЗ жасай отырып, консервативті терпия тағайындау;

3) Инфильтратқа пункция жасау керек, антибиотик енгізу қажет;

4) Ультрадыбыстық бақылау арқылы инфильтратты дренаждау;

5) Инфильтратты лапароскопиялық дренаждау;

 

Тест 0234

Ер адам 44 жаста, 12 елі ішектің ойықжарасы тігілген. Операциядан соң науқас өзін жақсы сезінген. 3 тәуліктен соң іштіңкенеттен қатты ауру сезімі, перитонит белгілері байқалды. Осы жағдайда қандай себеп болуы мүмкін?

1) Ішектің жабысқан тарылуы;

2) Всқазан қабырғасының зондпен зақымдалуы;

3) Операциядан кейінгі панкреатит;

4) Бауыр асты іріңдіктің жарылуы;

5)+ Тігілген жараның тігісі нашар болғандықтан;

 

Тест 0235

Ер адам 36 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа асқазан ішек жолынан қан кету белгісімен түсті. Анамнезінде бауыр циррозы 5 жыл бойы болған. Эндоскопиялық зерттеу кезінде өңештің төменгі жағының үштен бір бөлігінде қан кету анықталды. Науқасқа Сенстакен-Блейкмор зонды қойылды, қан кету тоқталды, бірақ қауіптілік әлі төніп тұрды. Төменде аталғандардың қайсысын қан кету рецидивінің алдын алу үшін науқасқа тағайындау қажет?

1)+ Өңеш тамырын эндоскопиялық түрде тығындау;

2) Гемостатикалық және алмастырылатын терапияны күшейту;

3) Торакотомия жасау өңеш тамырын тігу;

4) Сенстакен-Блейкмор зондын тез арада алып тастау қажет;

5) Портокавальды анастомозды тез арада қою қажет;

 

Тест 0236

Ер адам А., 67 жаста, қабылдау бөлімшесіне хирургқа оң жақ шат аумағында ауру сезімінің бар екендігіне, әлсіздікке, және дене температурасының жоғары екендігіне шағымданып түсті. 3 тәулік бойына ауырған. Анамнезінен: жарық 12 жыл бойына бар. Қарау барысында оң жақ шат аймағында жарықтың сыртқа шығып тұрған жері бар, ауырады, кернелген, айналасы ісініп қызарған. Мынадай диагноз қойылды: жарық мүшегінің флегмонасы бар шат жарығының қысылуы. Науқасқа жедел түрде операцция тағайындалды. Осы жағдайда жасалынатын операция түрін атаңыз:

1) Ішектің көп бөлігін кесіп алып тастау;

2)+ Операцияны таза және лас кезеңдеріне бөлу қажет;

3) Ілмектік энтеростома салу қажет;

4) Ішектік анастомозды тек бүйірден ғана қалыптастыру қажет;

5) Бастапқыда жарық мүшегінің флегмонасын тілу қажет;

 

Тест 0238

Ер адам 35 жаста, хирургиялық бөлімшеге іштің қатты ауру сезіміне, құсқандығына, нәжісі мен жел жүрмегендігін шағымданып ауруханаға түсті. Анамнезінде: аппендэктомия. Қарау барысында: науқас мазасызданып тұр, өңі бозғылт, суық тер шығады. АҚҚ 90/60. Іші қатты, ауырады. Шолулық рентгенографияда іш қуысында көптеген Клойбер тостағаншалары мен ішек аркасы бар. Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін?

1) 12 елі ішектің тесілген жарасы;

2)+ Ішектің жедел тарылуы;

3) Паренхиматозды мүшенің жарылуы;

4) Жедел деструктивті панкреатит;

5) Мезентериальды тамырлардың тромбозы

 

Тест 00239

Жедел гастродуоденальді қан кетудің шарықтау кезеңінде науқастарда ауру сезімінің азаюы қалай аталады?

1)+ Бергман симптомы;

2) Ровзинг симптомы;

3) Ортнер симптомы;

4) Керте симптомы;

5) Мюсси симптомы

 

Тест 00240

Науқасты зерттеп тексергенде Грегерсен сынамасы тағайындалды. Бұл зерттеу әдісі қандай мақсатпен тағайындалды?

1)+ Нәжістегң жасырын қанды анықтау;

2) Иммунодефицитті жағдайды анықтау;

3) Зәрде атипті клеткалардың барын анықтау;

4) Қан кету кезінде сұйықтық жеткіліксіздігін анықтау;

5) Қан кету кезінде қышқыл-сілті тепе-теңдігін анықтау

 

Тест 00241

12 елі ішек ойық жарасының ұйқы безі басына пенетрациясы себебінен болған асқазан резекциясы операциясы кезінде анағұрлым қиын операция кезеңі қандай?

1) Асқазан мобилизациясы;

2) Сол асқазан артериясын байлау;

3) Мезоколон терезесінде анастомозды бекіту;

4) Гастроэнтероанастомозды түзу;

5)+ 12 елі ішектің тұқылын түзу

 

Тест 0242

Әйел адам, К., 79 жаста, қабылдау бөлімшесіне хирургқа уланудың айқын белгілерімен түсті. Шағымдары мен анамнезін анықтау мүмкін болмады. Қарау кезінде:терісі құрғақ, тері тургоры төмендеген, тамыр соғысы минутына 100, АҚҚ 90/60. Іші жұмсақ, сол жақ төсінің астында ауру сезімі бар. Қан талдауында: лейкоциттер 18,6х109, эритроциттер 3,4х1012, гемоглобин 109 г/л, гематокрит 32%, креатинин 260 ммол/л., амилаза 140 ммоль/л, билирубин 47 ммоль/л. Науқасқа диагностикалық лапароскопия жасалынды, осы кезде аздаған мөлшерде геморрагиялық сұйықтық анықталды. Аш ішектің серозы сұр түсті, кей жерлерде қып-қызыл. Осы клиникалық көрініс қандай ауру түріне тән болып табылады?

1) Майлы панкреонекрозға;

2) Геморрагиялық панкреонекроз;

3)+ Мезентериальды тамыр тромбозы;

4) Крон ауруы, терминалды илеит;

5) Бейспецификалық жаралық колит;

 

Тест 00243

Қабылдау бөліміне асқазанның ойық жарасының жабылып қалған тесілуіне күмін тудырып тұрған науқас түсті. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қандай қосымша зерттеу әдісі жасалуы тиіс?

1) Лапароцентез;

2)+ Пневмогастрография;

3) Құрсақ қуысыны УДЗ;

4) Компьютерлі томография

5) Магнитті-резонансты томография

 

Тест 00244

Еркек С., 56 жаста қабылдау бөліміне хирургқа эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы белдемелі қатты ауру сезіміне, жүрек айнуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданып түсті. Объективті қарап тексергенде Турнер симптомы анықталады. Төмендегілердің қайсысы бұл симптомға тән?

1) Алақандағы малина түстес дақтар;

2) Іштің жатық жерлерінде тұйықталу;

3)+ Іштің бүйір беткейлерінің цианозы;

4) Бөксе мен сандарында петехиальді бөртпе

5) Эпигастрий аймағында перкуссия кезіндегі ауру сезімі

 

Тест 00245

Қабылдау бөліміне хирургқа 26 жастағы С. ер адам ауруына 16 сағаттан кейін эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы белдемелі қатты ауру сезіміне, жүрек айнуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданып түсті. Анамнезінде: ішек- қарын ауруы бар. Объективті қарап тексергенде дәрігер оң Мейо-Робсон симптомы анықталды. Төмендегілердің қайсысы бұл симптомға сәйкес?

1) Оң қабырға доғасын соққылағанда ауру сезімі;

2) Бұғана үсті аймақты басқанда ауру сезімнің күшеюі;

3) Іштің бүйір беткейлерінде күлгін дақтар;

4)+ Сол қабырға-омыртқа бұрышында ауру сезім;

5) Мезогастрий аймағының терісінін цианозы

 

Тест 00246

Қабылдау бөліміне хирургқа 54 жастағы Я., ер адам ауруына 12 сағаттан кейін эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы белдемелі қатты ауру сезіміне, жүрек айнуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданып түсті. Анамнезінде: майлы тамақ ішкен.Объективті қарап тексергенде дәрігер науқаста оң Керте симптомы анықтады. Төмендегілердің қайсысы бұл симптомға сәйкес?

1) Беттегі эритематозды бөртпе;

2) Іштің сол бөлігінің ісінуі;

3) Эпигастрий аймағының аускультациясы кезінде шылпыл шуылы;

4)+ Көлденең тоқ ішек бойымен жергілікті ісіну;

5) Ию бұлшықеті аяқшаларының арасын пальпациялағанда ауру сезімі

 

 

Тест 00247

Қабылдау бөліміне 34 жастағы Б., ер адам ауырғанына 18 сағаттан кейін эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы белдемелі қатты ауру сезіміне, жүрек айнуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданып түсті. Объективті қарап тексергенде дәрігер науқаста оң Френкель симптомы анықталды. Төмендегілердің қайсысы бұл симптомға сәйкес?

1) Сол қабырға доғасын соққылағанда ауру сезімі;

2)+ Семсер тәрізді өсіндіні соққылағанда арқадағы ауру сезімі;

3) Перкуссия кезінде бауыр тұйықтығының жоғалуы;

4) Сол қабырға-омыртқа бұрышында ауру сезім;

5) Іштің бүйір беткейлерінде күлгін дақтар;

 

Тест 00248

55 жасар ер адам В., жедел панкреатитке күмән туып тұр. Төмендегілердің қайсы анализді болжамды диагноз қою үшін жасау анағұрлым орынды?

1) Трипсинді анықтау;

2)+ Амилазаны анықтау;

3) Қантты анықтау;

4) Лейкоциттерді анықтау;

5) Билирубинді анықтау;

 

Тест 00249

Хирургия бөлімшесіне жедел панкреатит клиникасымен 36 жастағы науқас жатқызылды. Жүргізілген кешенді интенсивті ем фонында динамикада науқастың жағдайы жақсарған жоқ. Интоксикация симптомдары өсті: шөлдеу, әлсіздік, тахикардия. Асқазандағы ауру сезімі ұлғайды, бұлшықеттің тырысуы, терінің сарғаю байқала бастады.Төмендегі асқынулардың қайсысы жедел оперативті емге көрсеткіш бола алады?

1) Парапанкреатикалық инфильтрат;

2)+ Іріңді перитонит клиникасының үдеуі;

3) Бауыр-бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы;

4) Панкреатогенді делирийдің дамуы;

5) Гепато- ренальды синдромның қосылуы;

 

Тест 00250

Жоғарғы дәлелдеу негізі бар детоксикацияның қай әдісі ауыр панкреонекоз фонында жайылған іріңді перитониті бар науқасқа көрсетілген?

1) Перитониальді диализ;

2) Форсирленген диурез;

3) Спленосорбция;

4) Плазмаферез;

5)+ Гемосорбция

 

Тест 00251

Операциядан кейін науқасқа жедел геморрагиялық панкреонекроз диагнозы қойылды. Операция үстіндегі қандай белгілер бұны дәлелдейді?

1) Шарбымай қалтасында іріңді экссудаттың болуы;

2) Париетальді ішастардың жасылға боялуы;

3)+ Ұйқы безінің қою қара түсі мен ісінуі;

4) Көлденең тоқ ішек шажырқайының ісінуі;

5) Серозды сүйықтық және бздегі стеатонекроздар

 

Тест 00252

Қабылдау бөліміне хирургқа 53 жастағы ер адам В., эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы белдемелі қатты ауру сезіміне, жүрек айнуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданып түсті. Объективті қарап тексергенде Баос симптомы анықталды. Төмендегілердің қайсысы бұл симптомға сәйкес?

1)+ Сол жақтан омыртқа тұсында 9-10 қабырғааралықта ауру сезімі;

2) Алдыңғы құрсақ қабырғасының венозды суретінің күшеюі;

3) Мезогастрийде құрсақ қабырғасының ригидтілігі;

4) Іштің жоғарғы бөлігіндегі ісіну;

5) Кіндіктің цианотикалық дақтары;

 

Тест 00253

76 жастағы У., әйел адам хирургиялық бөлімшеге ауру басталғаннан 6 тәуліктен кейін обтурациялық ішек өтімсіздігі көрінісімен науқас түсті. Операция алды дайындау мақсатында науқасқа қандай емдік шаралар жасалуы тиіс?

1) Пpомедол енгізу және новокаинді блокада;

2) Ақуыз препараттары мен спазмолитиктер енгізу;

3) Аналгетиктер енгізу және сифонды клизма жасау;

4)+ Су-электролит бұзылыстарын коppекциялау;

5) Ішек моторикасын күшейтетін препараттар енгізу

 

Тест 00254

Науқасқа жайылған перитонит себебінен операция жасалған. Операциядан кейінгі кезеңде науқасқа энтеральді тамақтандыруды қашан бастау керек?

1)+ Ішек қызметі қалпына келгенде;

2) Науқасқа белсенді тәртіп рұқсат етілгенде;

3) Дене температурасы қалпына келгенде;

4) Қан көрсеткіштері қалпына келгенде;

5) Дене температурасы қалпына келгенде;

 

Тест 00255

Аппендикулярлы перитониті бар науқасқа операция жасау барысында құрсақ қуысы тампондау және дренаждау керек деген шешім қабылданды. Бұл тактика қандай перитонит кезінде көрсетілген?

1) Шіріген перитонитте;

2) Жайылмалы іріңді перитонитте;

3) Жайылмалы нәжісті перитонитте;

4) Шектелмеген сеpозды перитонитте;

5)+ Жергілікті шектелген іріңді пеpитонитте;

 

Тест 00256

Хирургиялық бөлімшеге науқас С., 39 жаста шап-ұма аймағындағы ісік тәрізді түзіліске, түзіліс аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып түсті. Бұл шағымдар ауыр көтергеннен кейін пайда болған. Жергілікті: оң шап аймағында ұмаға таралатын түзіліс пальпацияланады, ұма көлемі үлкейген, қатты ауру сезімді. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

1) Қысылған тік шап жарығы;

2) Жедел орхоэпидидимит;

3) Аталық без қабықтарының іріңді қабынуы;

4)+ Қысылған шап жарығы;

5) Орнына түспейтің шап жарығы;

 

Тест 00257

Қабылдау бөліміне науқас әлсіздікке, бас айналуға, ауырғанына 3 сағаттан кейін кофе түстес құсуға, мелена нәжіске шағымданып түсті. Науқасқа диагнозды нақтылау үшін төмендегілердің қайсысын бірінші кезекте жасау тиіс?

1) Жедел колоноскопия;

2)+ Фиброэзофагогастроскопия;

3) Нәжістегі жасырын қан анализіне;

4) Асқазанның контрастты рентгеноскопиясы;

5) Гемоглобин мен гематокритті анықтау;

 

Тест 00258

41 жастағы Т., ер адам өабылдау бөлімінің хирургына ауырғанына 15 сағаттан кейін іштегі, әсіресе кіндік аймағындағы ауру сезіміне, көп реттік құсуға, ішектің ісінуіне, нәжіс пен газ жүрмеуіне шағымданып түсті. Объективті қарау және қосымша зерттеу әдістерінің нәтижесінде жедел ішек өтімсіздігі өтімсіздігі диагнозы қойылды. Науқаста ішек өтімсіздігінің қай деңгейі анағұрлым ықтимал?


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 791 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.035 сек.)