ГН – гломерулонефрит
ІШКІ АУРУЛАР
Оқулық жоғарғы медициналық оқу орындарындағы студенттерге арналады.
Ақтөбе, 2007
УДК 616.
БКК 54.1. Я. 73
ISBN 9965-819-13.0
Жаманқұлов Қыдырқожа Абдолкәрімұлы
Ішкі аурулар
(оқулық)
Рецензенттер:
1. Сейсембеков Т.З. – Қазақ мемлекеттік медицина академиясының дәрігерлердің білімін жетілдіру факультетінің ішкі аурулар кафедрасының профессоры. ҚР МҒА академигі.
2. Ахметов Қ.Ж. – Марат Оспанов атындағы мемлекеттік медицина академиясының ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
Білім берудің мемлекеттік жалпылай міндетті стандартына сүйене құрастырылған ішкі аурулардың типті бағдарламасына (мамандық 051101 – «емдеу ісі») сәйкес жазылған оқулық; ішкі мүшелердің (тыныс алу, жүрек-тамыр, асқорыту, дәнекер тіндері, несеп бөлу және қан жүйелері) ауруларын сипаттайтын 6 тараудан, оқулық ішінде келтірілген қысқартулардың түсініктемесінен, тестілік сұрақтар мен олардың жауаптарынан тұрады. Оқулық кестелер және суреттермен көрнектелген.
ҚЫСҚАРТУЛАР
АА – апластикалық анемия
ААТ – ашық артериялық түтік
ААФ – ангиотензин айналдырушы фермент
ААФИ – ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторы
АВ– атриовентрикулярлық
АГ – артериалық гипертензия (гипертония)
АДГ – антидиуретикалық гормон
АЖТУ – активтенген жартылай тромбопластин уақыты
АИК– айналымдағы иммундық комплекс
АИЖВ – адамның иммунитет жетіспеушілігінің вирусы
АҚК– айналымдағы қан көлемі
АҚҚ– артериялық қан қысымы
АҚФ – айдалма қан фракциясы
АЛТ – аланинаминотрансфераза
Анти-Jo-1 – аминоацетил синтетазаға қарсы антиденелер
Анти-РМ (Sd) – ядроға қарсы антиденелер
Анти-SRP – антисинтетазалық емес плазматикалық антиденелер
АНЦА – антинейтрофильдік цитоплазматикалық антиденелер
АПК – айналымдағы плазма көлемі
АПО – аполипопротеидтер
АС – анкилоздаушы спондилит
АСТ – аспартатаминотрансфераза
АТ1-блокатор – ангиотензиннің бірінші типті рецепторларының блокаторлары
АТ-ІІ – ангиотензин-ІІ
АІЖ– асқазан-ішек жолы
БАА – бейспецификалық аортоартериит
БЖК – бейспецификалық жаралы колит
БСҚҚ – бейстероидтық қабынуға қарсы дәрілер
БФЖ – буындардың функциональдық жетіспеушілігі
БЭ – бауырлық энцефалопатия
БЭА – бронхоэктазия ауруы
ВГ – Вегенер гранулематозы
В12ЖА – витамин-12-жетіспеушілік анемия
ГА – гипертония ауруы
ГАн – гемолитикалық анемия
ГБИ – гистологиялық белсенділік индексі
ГГТП – гаммаглютамилтранспептидаза
ГДГ– глютаматдегидрогеназа
ГКМП – гипертрофиялық кардиомиопатия
ГКС – глюкокортикостероидтар
ГЛС – гепато-лиенальді синдром
ГН – гломерулонефрит
Г-6-ФД – глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа
HBV – В гепатитінің вирусы
HBV – ДНҚ – В гепатиті вирусының геномі
HBcor Ag – В гепатиті вирусының ядролық антигені
HBe Ag – В гепатиті вирусының ядроалды антигені
HBs Ag – В гепатиті вирусының беткей антигені
HCV – С гепатитінің вирусы
HДV – Д гепатитінің вирусы
НР – Helicobacter pylori
ДАҚҚ – диастолалық АҚҚ
ДКМП – дилатациялық кардиомиопатия
ДМ – дерматомиозит
ДТЖА – дәнекер тінінің жайылмалы аурулары
ЕДТ – емдік дене тәрбиесі
ЕРДС – ересектердің респираторлық дистресс – синдромы
ЖА – жыбыр аритмиясы
ЖАПК – жүрекшелераралық перде кемістігі
ЖӘ - жүрек әлсіздігі
ЖБ – жедел бронхит
ЖБЖ – жедел бүйрек жетіспеушілігі
ЖВ – жедел васкулиттер
ЖЕЛ3 – жедел екшеленбеген лейкоз
ЖЖӘ - жедел жүрек әлсіздігі
ЖЖС (Ж) – жүректің жиырылу саны (жиілігі)
ЖИ – жүрек индексі
ЖИА – жүректің ишемия ауруы
ЖИЖС – жүре пайда болған иммунитет жетіспеушілігі синдромы
ЖҚЖ – жүйелі қызыл жегі
ЖЛ – жедел лейкоз
ЖЛЛ – жедел лимфобласттық лейкоз
ЖМЛ – жедел миелобласттық лейкоз
ЖММоЛ – жедел миеломонобласттық лейкоз
ЖМоЛ – жедел монобласттық лейкоз
ЖПрЛ – жедел промиелоцитарлық лейкоз
ЖРА – жедел респираторлық ауру
ЖСАГ – жекеленген систолалық АГ
ЖСД – жүйелі склеродермия
ЖТА – жүректің туа болған ақаулары
ЖТЖ – жоғарғы тыныс жолдары
ЖТЛП – жоғарғы тығыздықтағы липопротеидтер
ЖФ – жүрекшелер фибрилляциясы
ЖШТК – жалпы шеткі тамыр кедергісі
ЖЭМ – жедел эритромиелоз
ЖЭФ – жайылмалы эозинофильді фасцит
ИКД – имплантацияланатын кардиовертер – дефибриллятор
ИТП – идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
ИФА – идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
КА – Крон ауруы
КҚ – кілегей қабық
17-КС – 17-кетостероидтар
ҚАПК – қарыншааралық перде кемістігі
ҚД – қарыншалар дірілі
ҚК – қос көбейтінді
ҚМК – қанның минуттік көлемі
ҚТ – қарыншалық тахикардия
ҚФ – қарыншалар фибрилляциясы
ҚЭ – қарыншалық экстрасистолия
ЛДГ – лактатдегидрогеназа
LE-клеткалар – қызыл жегі клеткалары
МӘСК – медициналық - әлеуметтік сараптау комиссиясы
МИ – миокард инфарктісі
МКД – миокардиодистрофия
МҚК – минуттік қан көлемі
МҚП – митральдық қақпақтың пролапсы
НС – нефроз синдромы
НЦД – нейроциркуляторлық дистония
ОА – остеоартроз
17-ОКС – 17-оксикетостероидтар
ОНЖ – орталық нерв жүйесі
ОТА – облитерациялы тромбангиит
ӨАТҚ - өкпе артериясының тығындалу қысымы
ӨАТЭ - өкпе артериясының тромбоэмболиясы
ӨАЭС - өңеш арқылы электрлік стимуляция
ӨЖД - өт жолдарының дискинезиясы
ӨЖЖ - өкпені жасанды желдендіру
ӨЖС - өкпенің жалпы сиымдылығы
ӨҚК - өкпенің қалдық көлемі
ӨМЖ - өкпенің максимальды желденуі
ӨССА - өкпенің созылмалы себінді аурулары
ӨТС - өкпенің тіршілік сиымдылығы
ӨТТЛП - өте төменгі тығыздықтағы липопротеидтер
ӨЭ - өкпе эмфиземасы
ПМ – полимиозит
ПТ – пароксизмальды тахикардия
ПТМ – пневмотахометрия
ПУ – протромбин уақыты
РА – ревматоидтық артрит
РАЖ – ренин-ангиотензин жүйесі
РВАГ – реноваскулярлық АГ
РКМП – рестрикциялы кардиомиопатия
РФ – ревматоидтық фактор
САБ – синоатриальдық блокада
САГ – симптоматикалық АГ
САЖ – симпатикалы-адренал жүйесі
САҚҚ – систолалық АҚҚ
СБ – созылмалы бронхит
СБЖ – созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
СБК – салалы бұлшық ет клеткасы
СВГ-В – созылмалы вирустық В гепатиті
СВГ-Д – созылмалы вирустық Д гепатиті
СВГ-С – созылмалы вирустық С гепатиті
СГ – созылмалы гепатит
СГН – созылмалы гломерулонефрит
СДЖӘ - созылмалы диастолалық жүрек әлсіздігі
СДК – соңғы диастолалық көлем
СДҚ – соңғы диастолалық қысым
СЖӘ - созылмалы жүрек әлсіздігі
СК – созылмалы колит
СҚК – систолалық қан көлемі
СМБ – симпато-миметикалық белсенділік
So-1-антиденелер – миозитспецификалық антисинтетазалық антиденелер
СӨЖ – созылмалы өкпе-текті жүрек
СП – созылмалы панкреатит
ССЖӘ - созылмалы систолалық жүрек әлсіздігі
ССК – соңғы систолалық көлем
СТӘС – синус түйінінің әлсіздік синдромы
СТЖЖ – сыртқа тыныстаудың жоғарғы жылдамдығы
СТК – сыртқа тыныстау көрсеткіші
СТ3Х – созылмалы тассыз холецистит
СТФ – сыртқы тыныс функциясы
СЭ – созылмалы энтерит
Т3 – трийодтиронин
Т4 – тироксин
ТЖ – тыныс жетіспеушілігі
ТЖА – теміржетіспеушілік анемия
ТМК – тыныстың минуттік көлемі
ТӨТС – тездетілген ӨТС
ТП – түйінді периартериит
ТПГ – түнгі пароксизмальді гемоглобинурия
ТСҚҰ – синдромы – тамыріші себінді қан ұю синдромы
ТСТ1 – тездетіп сыртқа тыныстаудың 1 сек. көлемі
ТТ – тыныс тұншықпасы
ТТЛП – төменгі тығыздықтағы липопротеидтер
УДЗ – ультрадыбысты зерттеу
ФК – функциональдық класс
ХҚҚ – халықаралық қалыптастырылған қатынас
ХС – холестерин
цАМФ – циклдік аденозинмонофосфат
ЦИД – цитостатикалық иммунодепрессанттар
ШИ – шок индексі
ІСМБ (ӨСМБ) – іштей (өзіндік) симпатомиметикалық белсенділік
ЭИТ – электроимпульсті терапия
ЭКС – электрокардиостимуляция, электрокардиостимулятор
ЭС – экстрасистолия
ЭФЗ – электрофизиологиялық зерттеу
ЭхоКГ – эхокардиография
Т Ы Н Ы С М Ү Ш Е Л Е Р І Н І Ң А У Р У Л А Р Ы
Жедел бронхит және бронхиолит
Жедел бронхит (ЖБ) – бронхтың кілегей қабығының жедел жайылмалы қабынуы (жедел эндобронхит), сирек жағдайда – бронх қабырғасының басқа қабаттарының да бірге түгел қабынуы (панбронхит).
Жедел бронхиолит – қуысының диаметрі 2 мм-ге дейінгі ұсақ тыныс жолдарының қабынуы.
Жедел бронхит жиі кездесетін ауру, ол барлық аурулардың 1,5% қамтиды, ал тыныс мүшелерінің жедел бейспецификалық ауруларының ішінде жедел бронхиттің үлесіне олардың 30-35% тиеді.
Этиологиясы және патогенезі. ЖБ көп себепті ауруларға жатады. Оның себептеріне жататындар:
- инфекциялар (вирустар, бактериялар және басқа микроорганизмдер);
- физикалық факторлар (шамадан тыс құрғақ, ыссы немесе салқын ауа);
- химиялық факторлар (қышқылдар мен сілтілердің, күкірттің қостотығының, аммиактың булары, азот тотықтары, кремний, тұншықпа әсерлі улы заттар және басқалары);
- аллергиялық факторлар (органикалық шаң, өсімдік тозаңдары және басқалар).
Барлық себеп факторлардың ішіндегі ең жиілері – вирустар (А және В грипінің вирустары, парагрипп вирустары, риновирустар, респираторлы – синцитиальдық вирус). Бактериялық инфекцияның ішінде жедел бронхит дамуы үшін ең маңыздылары – Mycoplasma pneumoniae, Chlamiydia pneumoniae, Bordatella pertusis. 90% жағдайында ЖБ-ң себептері – вирустар мен микоплазма. Бірнеше себептің бірігіп кездесуі де мүмкін.
Жедел бронхиттің дамуында қатерлі факторлардың да маңызы болады, олар организмнің жалпы және жергілікті төзімділігін азайтып, ЖБ бой көрсетуіне жағдай жасайды. Ондай қатерлі факторларға жататындар – организмге салқын тию, мұрын арқылы тыныстаудың бұзылуы, шылым шегу, маскүнемдік, қоршаған ортаның ыластануы, жүрек әлсіздігінде өкпеде болатын қан іркілісі және басқалар.
ЖБ дамуының бастапқы сатысында себеп факторлар (әдетте вирустар) бронхтар мен бронхиолдардың кілегей қабығының эпителиальды клеткаларының үстіне келіп шөгеді (адгезия), кейін олар кілегей қабық ішіне енеді. Бұл процестің дамуына организм қорғанысының физикалық факторларының тиімділігінің әлсіреуі (ішке алатын ауаның сүзілуінің және оның ірі механикалық бөлшектерден тазаруының бұзылуы, ауаның температурасы мен ылғалдылығының өзгеруі, жөтел және түшкіру рефлексінің, мукоцилиарлық тасымалдың өзгеруі) жағдай жасайды.
Себеп факторлардың (вирустың) әсері бронхтың кілегей қабығының эпителий клеткаларын зақымдап, олардың ыдырауын тудырады, оның өзі тыныс жолдарының вирустармен зақымдануына 2-3 күннен кейін қосылатын бактериялық флораның бронх тінінің ішіне енуіне қолайлы жағдай туғызады. Бұл процестердің нәтижесінде бронх кілегей қабығы қызарып (гиперемия), ісінеді, цилиндрлік эпителий сылынып түседі, кілегейлі, кілегейлі-іріңді экссудат пайда болады, мукоцилиарлық клиренс бұзылады.
Эпителий клеткаларының сылынуының нәтижесінде ирритативті рецепторлар жалаңаш-танып, жөтел пайда болады.
Эпителий клеткаларының жойылуымен қатар бокал тәрізді клеткалар көбейеді және олардың көлемі ұлғаяды, бұлардың өзі кілегей өндіруді көбейтеді.
Аллергиялық қабынуда пайда болатын биологиялық активті заттар (гистамин, цитокиндер, лейкотриендер) тамыр қабырғасының өткізгіштігі мен бронхоспазмды күшейтеді. Бронх қабырғасының ісінуі, бронх ішіндегі экссудаттың көбеюі және бронхоспазм бронх ішінің өткізгіштігін бұзады. Бронхтың кілегей қабығындағы қабыну процесінің дамуына микроциркуляторлық бұзылыстар және нерв клеткалары мен рецепторлардың зақымдануы да өздерінің әсерін тигізеді. Қабыну өзгерістеріне кейін нервті – трофикалық және функциональдық өзгерістер қосылады.
ЖБ-та бронхтың кілегей қабығы әдетте 2-3 аптадан кейін қалпына келеді. Бірақ онымен қатар, кейде бірнеше айға (3 айға дейін) созылатын ұзарған бронхит та кездесуі мүмкін. Кейде процесс созылмалы сипат алады. ЖБ-ің ұзара дамуына және оның созылмалы бронхитке көшуіне бронх обструкциясы мен ұсақ бронхтар мен бронхиолдардың патологиялық процеске қосылуы әсерін тигізеді.
Патоморфологиясы. Эндобронхит белгілері анықталады. Оларға жататындар – бронхтың кілегей қабығының гиперемиясы мен ісінуі, цилиндрлік эпителийдің сылынуы, кілегейлі – іріңді экссудаттың пайда болуы, бокал тәрізді клеткалардың көбеюі. Бронхтың кілегей қабығы зақымданғанда регенерация 2-3 апта ішінде аяқталады, бронх қабырғасының басқа қабаттары зақымданғанда регенерация 3 айға дейін созылады.
Дата добавления: 2015-11-26 | Просмотры: 886 | Нарушение авторских прав
|