АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Жайылмалы эутиреоидты жемсау
Этиологиясы
ҚБ ұлғаюына (жемсау) әкелетін бірден-бір себеп - йод тапшылығы. Йод жетіспейтін аймақтарда дамитын жемсау - эндемиялық, ал қалыпты мөлшерде йод қабылдайтын аймақта дамитын жемсау - спорадикалық деп аталады. Сирек жағдайда ғана эндемиялық жемсау йод тапшылығымен байланысты болмай, басқа зобогенді түрткілер әсерінен дамиды (флавоноидтар, тиоцианаттер). Спорадикалық жемсаудың этиологиясы белгісіз, яғни гетерогенді. Бірқатар жағдайларда ол тиреоидты гормондардың синтезіне қатысатын ферменттер жүйесінің туа біткен ақауларымен байланысты көрініс береді.
3.27 сурет. Йод тапшылық жемсаудың патогенезі
3.27 сурет
Стимуляция- Стимуляция
Подавление- Басу
Гиперплазия тироциов, увеличение щитовидной железы- Тироциттер гиперплазиясы, қалқанша бездің үлкеюі
Аутокринные местные тканевые факторы роста ИРФ-1, ЭРФ, ФРФ - Аутокринді жергілікті тіндік өсу факторлары ИӨФ-1, ЭӨФ, ФӨФ
Йод- Йод
Йодированные липиды (йодлактон)- Йодталған липидтер (йодлактон)
ТТГ- ТТГ
Синтез тиреоидных гормонов, гипертрофия тироцитов- Тиреоидты гормондардың синтезі, тироциттердің гипертрофиясы
|
Патогенезі
Йод тапшылығынан дамыған жемсаудың патогенезі жақсы зерттелген (3.27 сурет). ҚД жасушаларында йод мөлшері азайғанда, йодлактон секілді йодталған липидтердің мөлшері төмендейді (3.26 кесте).
Бұл қосылыстар жергілікті тіндік өсу факторларының өндірілуіне тосқауылдаушы әсер көрсетеді (эпидермальді және инсулинтәрізді өсу факторы 1, фибробластардың өсу факторы). Йод тапшылығы нәтижесінде осы заттардың тироциттермен өндірілуі қарқынды жүреді де, нәтижесінде гиперплазия дамиды. Қосымша ҚБ-дің ұлғаюына ТТГ-ның ынталандырушы әсері ықпал етеді, бұл өз кезегінде қан құрамыіндік өсунда тиреоидты гормондар мөлшері төмендегенде біршама артады.
Кіші көлемді жайылмалы эутиреоидты жемсауды барлық жағдайда нағыз патология немесе агрессивті емдік әрекетті қажет ететін жағдай деп қарастыруға болмайды. Бұл әсіресе жас балалардағ ҚБ көлемі өлшемдерінің, әлі де талқылау үстінде екендігімен байланысты.
Эпидемиологиясы
Таралуы йод тапшылығының айқындылығына тәуелді. Мысалы, жеңіл дәрежедегі йод тапшылығы орнаған аймақтарда эутиреоидты жемсаудың халық арасында таралу жиілігі 10% болса, ал ауыр дәрежедегі йод тапшылығы көрініс берген аймақтарда бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді. Кейбір аймақтарда жанама түрде бірқатар зобогенді түрткілер айтарлықтай маңыздылыққа ие болады (африка мемлекеттерінде тағамға қосу мақсатында пайдаланатын құрамында тапиока және маниока бар тиоционаттар).
Клиникалық көрінісі
Сирек дамиды, тек ұлғайған ҚБ-і әсерінен дамыған компрессиялы синдроммен көрінеді. Кейде науқастар мойнын аймағындағы жағымсыз сезімге шағымданады, бір жағынан мұндай шағымдар ҚБ-дің патологиясымен сирек жағдайларда ғана байланысты болады. Көзге көрінетін жемсау косметикалық мәселеге айналуына байланысты, науқастар жиі эндокринологқа қаралады.
Диагностикасы
Пальпациялағанда жемсау анықталған науқастарға ҚБ көлемін анықтау мақсатында УДЗ, сонымен қатар ҚБ қызметінің бұзылысын жоққа шығару мақсатында ТТГ деңгейін анықтау тағайындалады. Қалыпты жағдайда әйел адамдарда ҚБ көлемі 18 мл-ден аспайды, ал ер адамдарда— 25 мл. Жайылмалы эутиреоидты жемсауда без екі жақ бөлігінің ұлғаюы есебінен үлкейеді, бірақ науқаста ТТГ мөлшері қалыпты болады.
3.26 кесте. Жайылмалы эутиреоидты жемсау
Этиологиясы
| Жиі себебі — йод тапшылығы, сирек басқадай сыртқы ортадағы зобогенді түрткілер (флавоноидтар, тиоцианаттар)
| Патогенезі
| Йодтың интратиреоидты қосылыстарының тежеуші әсерінің төмендеуі нәтижесінде тіндік өсу факторлары синтезінің қарқындауы әсерінен дамитын тироциттер гиперплазиясы
| Эпидемиологиясы
| Таралу жиілігі йод тапшылығының айқындылығына тәуелді: жеңіл йод тапшылығы дамыған аймақтарда халықтың 5–10%-да, ауыр йод тапшылығында 100%
| Басты клиникалық көрінісі
| Көрініс бермейді, сирек жағдайда без көлемінің ұлғаюы нәтижесінде компрессиялы синдром болады
| Диагностикасы
| ҚБ пальпациясы, УДЗ-сі, ТТГ деңгейін анықтау.
| Салыстырмалы диагностикасы
| Аутоиммунды тиреоидит (ТПО-АД деңгейінің жоғарылауы, УДЗ мәліметтері бойынша ҚБ гипоэхогенділігі, гипотиреоз); Грейвс ауруы (тиреотоксикоз, ЭОП); зобогенді түрткілердің әсері (тиреостатиктер, литий препараттарын қабылдау)
| Емі
| Йод препараттары (100–200 мкг калий йодиді), левотироксин препараттарымен супрессивті терапия, калий йодидпен және левотироксинмен кешенді терапия
| Болжамы
| Қолайлы, көптүйінді жемсау және ҚБ-дің функционалды автономиясы дамуы мүмкін (3.9.2.2 бөлімді қараңыз).
|
Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 3100 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 |
|