Салыстырмалы диагностикасы. Басқа генезді табанда дамитын жаралар, қантамырлардың басқа окклюзиялы аурулары
Басқа генезді табанда дамитын жаралар, қантамырлардың басқа окклюзиялы аурулары, табан буынының басқа патологиялары, ДТС клиникалық түрлері арасында жүргізіледі (7.22 кесте).
Емі
ДТС-ның нейропатиялық-инфицирленген түрін емдеу келесі шаралардың кешенінен құралады:
— ҚД компенсациясын оңтайландыру, яғни инсулин мөлшерін жоғарылату, ал ҚД-2 кезінде— инсулинге ауыстыру;
— жүйелік антибиотикотерапия;
— табанға түсетін жүктемені азайту (бұл бірнеше апта ішінде ұзақ жылдар бойы сақталған ойық жараның жазылуына әкелуі мүмкін);
—гиперкератоз аймақтарын алып тастау мен жараны жергілікті өңдеу;
— аяқ күтімі, аяқ киімді таңдай білу және арнайы аяқ киімді кию.
Уақытында жүргізілген консервативті терапия 95% жағдайда оперативті араласусыз емдеуге мүмкіндік береді.
7.22 кесте. ДТС-ның клиникалық түрлерінің салыстырмалы диагностикасы
Белгісі
| Нейропатикалық түрі
| Ишемиялық түрі
| Орташа жасы
| Кез-келген, жиі 40 жаста
| 55 жастан жоғары
| ҚД ұзақтығы
| 5 жылдан астам
| Кез-келген, жиі 1-3 жыл
| Басқадай кеш асқынулар
| Жиі
| Айқын көрініс бермеуі мүмкін.
| Қантамырлық патология
| Макроангиопатия дамымауы мүмкін
| Артериялық гипертензия, гиперхолестринемия, ЖИА
| Анамнезіндегі табан ойық жаралары
| Жиі
| Сирек
| Зақымданған аймақ жағдайы
| Әдетте ауырсынусыз. Түнде қатты ауыру сезімі мен парестезия мазалауы мүмкін («мазасыз аяқ» синдромы)
| Ауырсынумен. Аяқтың артериялық қанмен қамтамасыз етілуіне тест оң. Қосымша нейропатияның дамуы кезінле ауыспалы ақсақтық көрініс бермеуі мүмкін
| Аяқ жағдайы
| Аяқтары жылы, қызғылт реңді. Терісі құрғақ, қамыр тәрізді, жырған. Пульс анықталады, көктамырлары толыққанды
| Аяқтары ылғалды, суық, көгерген. Пульс әлсіреген немес пальпацияланбайды. Түктену жоқ
| Ойық жара локализациясы
| Басым жағдайда табанда, башпай аралықтарында.
| Жиі башпайда, өкшеде (акральді некроздар)
| Сезімталдылығы
| Вибрациялық, ауыру және температуралық сезімталдылықтың бұзылуы («шұлық» және «қолғап» типті бойынша),
сонымен қатар тізе және өкше рефлекстерінің әлсіреуі, бұлшықет атрофиясы
| Сезімталдылықтың айқын бұзылыстары әдеттер болмайды
| Табан өзгерісі
| Жиі табан деформациясы мен остеоартропатия дамиды.
| Сүйек өзгерістері сирек дамиды
| Рентгенография
| Остеопения, остеолиз, табан буындарының спонтанды фрактурасы, табан күмбезі құрылымының өзгерісі
| Тізе мен тобық қантамырларының медиасклерозы (tunica media қантамырларының кальцификациясы)
|
ДТС-ның ишемиялық түрінің емі негізделеді:
• ҚД компенсациясын оңтайландыру, яғни инсулин мөлшерін жоғарылату, ал ҚД-2 кезінде— инсулинге көшіру;
• ойық жара-некроздық зақымданулардың болмауы кезінде эрготерапия (коллатеральді айналымның қалыптасуы үшін тәулігіне 1–2-сағат жаяу жүру);
• зақымданған қантамырларға реваскуляризациялық операциялар;
• консервативті терапия: антикоагулянттар, қажет болғанда аспирин (100 мг/тәу) — фибринолитиктер, простагландин E1 және простациклин препараттары.
ДТС барлық түрінде кең таралған іріңді-некротикалық үрдіс кезінде ампутация жөнінде сұрақ қойылады.
Болжамы
Барлық орындалған аяқ ампутацияларының 50-70%-ы ҚД-не тиесілі. ҚД-мен сырқаттанған науқастарда аяқ ампутациясы диабетпен ауырмайтындармен салыстырғанда 20–40 есе жиі орындалады.
7.9. ҚАНТТЫ ДИАБЕТ ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК
Гестацилық қант диабеті (ГҚД) — алғаш рет жүктілік кезінде анықталған глюкозаға деген толеранттылықтың өзгерісі (7.23кесте). Бұл анықтама жүктілікке дейін де көмірсу алмасуының патологиясының болу мүмкіндігін жоққа шығара алмайды. ГҚД-ін бұрын диабетпен ауыратын әйелде (жасына қарай, жиі ҚД-1) жүктіліктің даму жағдайынан ажырата білу қажет.
Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 3604 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 |
|