АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Авторлары: Баймагамбетова К.М.

 

Бұл оқулық медицина колледждерінің оқушыларына арналып, стандарттық оқу бағдарламасына сүйене келе құрастырылған басылым. Оқулықта мейірбике үрдісі туралы түсінік, яғни, мейірбикенің жаңа көз қараспен жұмыс істеу ережелері көрсетілген, сонымен бірге ішкі ағзалардың аурулары, олардың клиникалық көріністері, ем қағидалары және мейірбикелік күтім ерекшеліктері берілген.

Алғы сөз

 

Ішкі ауруларды зерттеу, емдеу дәрісіне қатысу, күтім мен бақылау шараларын жүргізуде мейірбикелердің ролі өте маңызды. Бұл жұмысты дұрыс орындау үшін, мейірбике ішкі аурулардың негізін білу қажет.

Осыған байланысты медицина мамандарының ішіндегі орта буынды медицина қызметкерлерін даярлап шығару үшін “Терапиядағы мейірбике ісі” атты оқулық шығарылып отыр. Бұл оқулық мейірбикеге теория ережелерін, қағида, бағыттарын, қолдану тәсілдерін жетік меңгеріп, оны практикада тәжірибелі қызмет атқара білуге арналған.

Оқулық жалпы он бір тараудан тұрады. Біріншіден мейірбике үрдісі туралы түсінік берілген. Оның кезеңдері, мейірбикенің тәуелсіз және тәуелді кірісулері туралы мәліметтер жазылған. Тараудың барысында оқушылар ішкі ағзалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен және арнайы жүйелердің ауруларындағы негізгі симптомдармен танысады.

Оқулықта сырқаттардың этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, ем қағидалары берілген. Пациентті зертханалық және құрал - жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері, мейірбикенің осы тексеріс әдістеріне қатысуы анықталған. Әр тараудың соңында мейірбикенің үйде немесе медицина мекемелерінде қызмет еткенде өз мамандығының қыр-сырын жетік меңгеруге, орындауға бағыттар берілген. Нақты түрде әр патологиялық жағдайларға байланысты мейірбикенің кірісулері көрсетілген.

Сонымен бірге медицина қызметкерінің педагогикалы санаттағы жұмыс ережелері анықталған, яғни тұрғындардың өз денсаулығын сақтауға, шұғыл жағдайларда өзіне-өзі көмек көрсете білуіне, салауатты - өмір салтын сақтау сұрақтарына негізгі бағыттар берілген.

Оқулықтың әр бөлімінен кейін тақырыптарға сәйкес ішкі ағзаның сырқаттарында жиі кездесетін шұғыл жағдайлардың белгілері және дәрігерге дейінгі көрсететін көмектің анықтамалары берілген. Мейірбикелік кірісулерінің үлгілері анықталған.

Оқулықтың соңында арнайы жүйелердің кейбір ауруларына бағытталған науқастардың авторлық суреттері бар.

Әр жүйеге арналған тест тапсырмалары жауап эталондарымен берілген.

Оқулықта бейнемелер, суреттер келтірілген. Бұл қосымшалық нұсқаулар әр тақырыптағы маңызды деген мәліметтерді тереңірек танып білу және меңгеруге қолайлы жағдай тудырады.

Оқулықтың мазмұны мемлекеттік стандарт бағдарламасының талабына сәйкес жасалынып отыр

 

 

Кіріспе

 

Терапия - ішкі ағзалар ауруларын талдайтын жайлы ілім, сондықтан ол клиникалық пәндердің негізі болып табылады.Ішкі ауруларды емдейтін маман терапевт деп аталады.Терапиялық қызмет жүйесі халыққа терапиялық көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру мен оның әдістерін жетілдіру мәселерімен шұғылданатын денсаулық сақтау мекемелерін және ағза ауруларын емдеп, олардың алдын алуға қажетті шараларды жүзеге асыруды терапия мамандары қамтиды.

Терапия басқа да клиника пәндерімен тығыз байланысты, соңғы жылдары дербестенумен қатар интеграциялану дәрісі де жанданды. Сөйтіп терапия басқа білім салаларының деректерін кең пайдаланады.

Терапия ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті ғалым дәрігерлердің сыны көп. М.Я.Мудров - науқасты тексеру әдісін және ауру тарихын құрды, тамақтану тәртібінің негізін шығарды, алдын алу шараларын қолданды. Г.А.Захарьин – науқасты сұрау әдісін, туберкулездің дерт анықтамасын және оның түрлерін дәлелдеді. С.П.Боткин – сары аурудың жұқпалы екенін, оның белгілерін анықтады, тегін аурухана, мейіркеш дайындау қоғамдар ашты. В.П.Образцов – тексеру тәсілдерін жоғары сатыға көтерді, жылжып терең сипау әдісімен құрсақ аймағын тексеруді қазірде қолданамыз. Көрнекті ғалым дәрігерлердің ішінде Е.И.Чазов, А.С.Сметнев, В.Г.Кукес, В.И.Маколкин, С.И.Овчаренко, Ф.И.Комаров сынды Ресей терапевтерін ерекше атаған жөн.

Қазақстан медицинасының тарихы Қазақ елі Ресейге қосылған кезден ғана басталады деген пікір қалыптасқан. ХІХ ғ. 60-шы жылдарына дейін отаршылар біздің елімізге небәрі екі-ақ дәрігер жіберіп, олар ашқан ауруханаларда 16 ғана орын болған. 1867-68ж. бастап әр уезге уездік дәрігер мен фельдшерлік және акушерлік орын бөлініп,олар жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетуге міндеттелген. 1867ж бөлімдік дәрігердің міндеті жөніндегі нұсқау бекітілген. Ол нұсқау бойынша, дәрігерлерге бөлім тұрғындарына медициналық көмек көрсетумен қатар, эпидемиялы ауруларға қарсы шаралар қолдану, елді қоныстарда сауықтыру ісін ұйымдастыру, сот дәрігерінің қызметін атқару және шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу, фельдшер мен акушерлердің жұмысын тексеру міндеті жүктелген. Кеңес үкіметі дәуірінде біздің республикамызда көрсетілетін жалпы медициналық көмек пен оның терапиялық саласы басқа республикалардағыдан қалыспай, солармен бір бағытта дамып отырды.

Қазақстанда болашақ терапевт дәрігерлерін Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Семей медицина институттары даярлады. Республикамызға терапия ғылымын дамыту ісіне профессорлар Н.И.Альбертон, М.І.Дәулетбақова, К.А.Жаманқұлов, В.М.Карлинский, В.А.Полосухина, Б. Ш.Шәкімова лайықты үлестерін қосты.

Қазір республикадағы медициналық білім беретін жоғарғы оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үшін оқу құралдары қажет. Қысқа мерзім ішінде бұл салада еңбек етіп жүрген мамандар терапияның бірқатар бөлімдерінен оқу құралдарын жазып, баспадан шығарды. Олардың ішінде проф. Қ.А.Жаманқұловтың “Ішкі аурулар пропедевтикасы” атты клиникалық дәрістер жинағы (Ақтөбе, 1992 ж), проф. Б.Н.Әйтембетовтың “Ішкі аурулар диагностикасы” (Алматы, 1992 ж), проф. Т.З.Сейсембековтың, доцент М.М.Мустаеваның, доцент М.Т.Айтқұловтың бірлесіп жазған “Ішкі аурулар диагностикасының негізгі тәсілдері” (Қарағанды, 1993 ж), проф. Т.З.Сейсембековтың, доцент А.Ә.Тәменовтың, доцент М.Т.Айтқұловтың “Ішкі аурулар” (Қарағанды, 1997 ж), Б.Калимурзинаның “Ішкі аурулар” оқу құралдары бар.

Қазіргі кезде денсаулық сақтау мекемелерінің тұрғындарға көрсететін қызметтерінің негізгі салаларының өзгерістеріне байланысты алғашқы медициналық-санитарлық көмекті тұрғындар арасында жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау болып табылады.

Тұрғындарға медициналық көмек көрсетудегі мейірбикенің рөлі өте маңызды, себебі, науқастарға көрсетілетін емдік шаралар және мейірбике күтімінің ерекше жетістіктерге жету мақсатында ұсынылған.

Осы мақсатты жүзеге асырып отырған мейірбике мамандарын оқытып, дайындап шығаратын, ежелден келе жатқан білім ордасына айналған Қарағанды медицина колледжі. Аталған білім ордасысының білікті, жоғары санатты түрде мамандандырылған оқытушылары студенттерге мемлекеттік тілде осы оқулықты ұсынып отыр.

Оқулық олардың білім алу сапасын одан әрі жетілдіре, шыңдай түсуіне, көптеген мәліметтер алуларына көмек болмақ, яғни бұл дегеніміз білімді, жоғарғы санатты медицина қызметкерлер даярлау, оларды жұмыс жүргізіп, толық қанды қызмет ете білуіне жол көрсетеді.

 

 

І – ТАРАУ

МЕЙІРБИКЕЛІК ҮРДІС

Мейірбикелік үрдіс туралы түсінік, оның мақсаты және мақсатқа жету жолдары

Қазіргі заманда мейірбикелік үрдіс мейірбикелік білім берудегі өзегі болып табылады және Қазақстандағы мейірбикелік күтімінің теориялық ғылыми базасын құрайды.

Мейірбикелік үрдіс – мейірбике мен пациент қарым-қатынасында күтім көрсету мақсатында туындайтын мәселелер жағдайын анықтайтын жүйелі жолы болып табылатын мейірбикелік машықтанудың ғылыми әдісі.

Мейірбикелік үрдістің мақсаты пациент ағзасының негізгі қажеттілігін қанағаттандырудағы тәуелсіздігін қолдау және қалпына келтіру болып табылады.

Мейірбикелік үрдістің мақсатына жету келесі мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:

- Пациент туралы ақпараттар базасын құру

- Мейірбикелік күтім көрсетудегі пациенттің қажеттілігін анықтау

- Мейірбикелік қызмет көрсетудегі маңыздылығын көрсету

- Күтім жоспарын құру, яғни мейірбикелік күтімді тікелей және жанама

көрсетіп отыру

- Пациентті күту және күтім көрсетудегі мақсатқа жетудегі нәтижесін

бағалау.

 

 

Мейірбикелік үрдістің кезеңдері, оның өзара байланыстығы

және әрбір кезеңнің мазмұны

Мейірбикелік үрдістің негізгі бес кезеңі бар:

I кезең - мейірбикелік тексеріс немесе пациенттің қажеттілігін анықтау үшін және мейірбикелік күтімге керекті ресурстар жағдайларын бағалау.

II кезең - пациенттің мәселелерін анықтау. Бұл кезеңді пациент жағдайын мейірбикелік диагностикалау деп атауға болады.

III кезең - пациентке қажетті көмектерді жоспарлау.

IV кезең – жоспарды жүзеге асыру

V кезең – мейірбикелік күтімінің қорытынды бағасын шығару.

Мейірбикелік үрдістің құжаттары пациенттің жағдайын бақылау картасында жүргізіледі.

Мейірбикелік технологияның жаңа жетістігі денсаулық сақтау практикасына кәсіби іс әрекетінің стандарттарын қолдану арқылы мейірбикелік қызметті енгізу болып табылады.

Стандарт - бұл бірыңғай және міндетті түрде қолданылатын үлгі, норма. Стандартты күту жоспары – пациенттің белгілі бір мәселелері бойынша сапалы күтімді қамтамасыз ететін мейірбикелік қызымет көрсетуінің базалық деңгейі. Жекелік күту жоспары – мейірбикенің іс-әрекетінің толығыменжазбаша тізімін алу. Сондықтан жекелік күту жоспарын орындау үшін, мейірбике арнайы күтім стандарттарын білуі қажет.

 

 

Мейірбикелік үрдісінің әрбір кезеңінің мазмұны

 

Мейірбикелік үрдістің I-ші кезеңі - пациенттің жағдайын бағалау. Ол үшін мейірбике тексеріс әдістерін қолдана отырып керекті ақпараттарды жинайды:

1. Субъективті мәліметтер - оның ішінде физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, сонымен қатар төлқұжаттық мәліметтер, дәрігер диагнозы, қазіргі уақыттағы шағымдары.

2. Объективтік мәліметтер - бойы, дене салмағы, жүзінің өзгерісі, сана-сезімі, жүрісінің өзгерісі, төсектегі жағдайы, тері қабығының жағдайы, дене қызуы, демі, тамыр соғысы, қан қысымы, табиғи қызмет атқаруы, т.б. мәліметтер.

3. Пациенттің психоәлеуметтік жағдайын бағалау: бақылудағы мінез құлқын сипаттау, эмоционалдық өрісінің динамикасы, әлеуметтік - экономикалық мәліметтерді жинау, қауіп-қатер мәнбірлерін, денсаулыққа әсер ететін айналадағы қоршаған ортаның мәліметтерін анықтау.

Мейірбикелік үрдістің IІ-ші кезеңі - диагностикалау немесе пациенттің

мәселесін анықтау, мейірбикелік диагноз қою.

1. Пациеттің негізгі және потенциалдық мәселерін анықтау

2. Күтудегі бірінші кезеңдегі мәселесін өңдеу.

3. Пациентпен оның анықталған мәселелерін талқылау.

Мейірбикелік үрдістің IІІ-ші кезеңі - керекті көмекті жоспарлау

1. Мақсаттарды қою (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді)

2. Пациентпен бірге күтім нәтижелерін анықтау

3. Пациентке қажетті мейірбикелік кірісу түрлерін анықтау

4. Мейірбикелік кірісулер жоспарын құру

5. Пациентпен күту жоспарын талқылау

6. Күту жоспарын, күтімді жүргізушілермен таныстыру.

Мейірбикелік үрдістің IҮ-ші кезеңі - күтім жоспарын енгізу

1. Мейірбикелік қызыметті жоспар сәйкестігі бойынша үйлестіру.

2. Жоспарланған күтімді үйлестіру.

Мейірбикелік үрдістің Ү-ші кезеңі - мейірбикелік күтімнің қорытынды

бағасын шығару.

1. Жетістікке жеткен қорытындысын жоспарланғанмен салыстыру

2. Жоспарланған кірісудің нәтижесіне тиімділік бағасын шығару.

3. Егер қажетті нәтижеге жетпеген жағдайда келешек бағасын және жоспарын қайта енгізеді.

4. Мейірбикелік үрдістің барлық кезеңдеріне сын қорытындысын жасау және қажетті түзетулерді енгізу.

Мейірбикелік үрдіс мейірбикелік бағалау картасында құжатталады.

 

 

Адамның негізгі қажеттіліктері

 

Адамның өмір сүруі көп факторлармен байланысты: экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, рухтық қажеттерден. Қажеттік деген психологиялық немесе физиологиялық ұғыну түрде бір нәрсенің жетіспеушілігі адамның түсінуіне тойтарыс етеді, өзінің өмір бойы бастан кешуі. Қажеттіктің пайда болуы адамды белсендікке шақырып, мінезінің себебі түрінде болады. Айналадағы қоршаған ортамен үйлесімді түрде өмір сүру үшін адамға үнемі өзінің қажеттігін қамтамасыз ету керек, салауатты өмір сүруін сақтау, әлеуметтік, мәдениеттік, айналамен үйлесімді өмір сүру, материалдық рухтың байлығын көтеру.

Қажетті әрекетіне ауысқанды адамның психоэмоцианалдық, психомоторлық өзгерістері пайда болады, олар адамның өмір жасына, білім денгейіне, қабілеттілігіне, жекелік қасиеттерімен байланысты болады. Қажетті адамның қасіретіне, ерігінен әсер етіп, жеке адамның бағытын құрады. Басымды болатын қажеттік басқа қажеттіліктерді басып, адамның іс әрекетінің негізгі бағытын анықтайды мысалы: шөлдеген адам судан басқа ештемені ойламайды. Басқа адам өнегелі қажеттікті бастан кешіреді, ол шөл түгелі өзінің өмірін қиюға бас тартады. Қажеттік ұғынулық аз ұғынулыққа бөлінеді. Аз ұғынушылар үнемі мазасы кетіп себепсіз жағдай жасайды. Адам өзінің сана сезімімен өзінің қажеттілігін реттейді, осымен жануарлардан айырмашылығы бар. Қажеттердің реттеген кезде мыналарды есепке алу керек: сыртқы факторларды, моральдық мінез құлқын, адамның жасын. Төртінші - адам өзінің қажеттілігін қамтамасыз етіп реттейді, басқа елдердің қажеттілігін, қоғамның сапасын есепке алады. Сыртқы факторларға кіретін қоршаған ортасы: өмір, қоршаған орта, әлеументтің, рухтың, материалдық жағдайлары. Өзгермейтін факторлар: жасы, жынысы, тұқым қуалаушылығы. Қажеттіліктің іске жєне әрекетке көшуі эмоциямен сақталады. Эмоция дегеніміз қажеттіліктің индикаторлары. Қажеттілікті қамтамасыз ету үшін эмоция жағымды, жағымсыз болады.

Барлық қажеттік үш топқа бөлінеді:

І топ - виталдық (өмір сүру қажеттілігі, өзінің өмірін қамтамасыз ету)

ІІ топ - әлеуметтік (қоғамда өзінің орнын табу)

ІІІ топ- танымдық (ішкі және сыртқы әлемді танып білу)

Американдық психофизиолог А. Маслоу 1956 ж адамның 14 негізгі қажеттілігін анықтап, оларды бес сатыға бөлген:

Физиологиялық қажеттілігі - демалысы, тағамдық, жыныстық, өз-өзін қорғау.

Сенімділік қажеттілігі - материалды сенімділікке, денсаулыққа, қартаюды қамтамасыз етуін ыңғайлау.

Әлеуметтік қажеттілігі - қоғамдық қарым - қатынастар.

Өзінің адамгершілігін, өзіне деген құрметті сезіну

Жекелік даму қажеттілігі, өз-өзін өмірде бағыттап, өз ой-пікірі.

Сондықтан мейірбике пациенттің қамтамасыз етілмеген қажеттілігін анықтап отыруы керек және мейірбикелік үрдісті қолданып, көмек көрсетуі тиіс.

 

Мейірбикенің мақсаттары:

1. Жағдайын бағалау, пациенттің психоэмоциалдық жағдайының өзгеру себебін анықтау.

1. Пациенттің мәселесін табу немесе мейірбикелік тексеріс жүргізу.

2. Керекті көмекті жоспарлау.

 

 

Мейірбикелік үрдістің бірінші кезеңі -

пациенттің жағдайын бағалау

 

Пациенттің жағдайдын бағалау үшін ақпараттар жинау маңызды. Пациенттер туралы мәліметтер толық және анық болуы керек. Пациенттің денсаулық жағдайының хабарлығын әр түрлі әдіспен және әр түрлі қайнар көздері арқылы жинауға болады: пациенттерден, жанұя мүшелерінен, кезекшілер мүшелерінен, медициналық құжаттардан, физикалық тексерістен, диагностика тестілерінен т.б. Мейірбикелік тексеріс пациенттен сұрау арқылы басталады, бұл кезде мейірбике пациенттің физикалық денсаулығы туралы, психологиялық, әлеуметтік, эмоцияналдық, рухтың, ойын мәлімдеп алады, пациенттің ерекшелігін, негізін, бет әлпетін, оның пікірін біледі. Субъективтік, объективтік әдістер қолдана отырып, керекті ақпаратар алғаннан кейін, мейірбике оны талдайды:

1. Күтім жоспарын құрмастан бұрын пациент туралы толық мәлімет алу.

2. Адамның қалыпты жағдайын, жағымды жақтарын анықтау.

3. Күтім көрсетудегі адамның қамтамасыз етілмеген қажеттіліктерін анықтау.

4. Пациенттпен нәтижелі қатынас жасау және ынтамақтастыққа шақыру

5. Пациентпен күтім ерекшілігін және күту нәтижесін талқылау

6. Пациенттің қажеттілігін есепке алып, оған ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ету

7. Құжаттарды толтыру

8. Жаңа мәселенің пайда болуына жол бермеу

 

Мәліметтер жинауға немесе субъективтік тексерістерге кіреді:

- пациенттің толық құжаттық мәліметтері

- дәрігер диагнозы

- қазіргі уақыттағы шағымдары

- ауру тарихы: әлеуметтік жағдайы, өмір баяны, аллергологиялық анамнезі,

гинекологиялық және эпидемиологиялық анамнезі.

- ауруын сипаттау, оның қалай, қай жерге әсер ететінін анықтау

Объективтік тексеру немесе ауруханаға келген пациенттің

жағдайын бағалау:

- Физиологиялық мәліметтер: бойы, салмағы, ісіктер.

- Бет жүзінің өзгерісі: ауырсынған, домаланған, қайғылы, өзгеріссіз, салмақты, немқұрайсыз.

- Сана сезімі: есі дұрыс, есін білмейді, анық сана сезімі, ступор, сопор, кома.

- Төсектегі жағдайы: белсенді, енжарлы, ыңғайлы.

- Терісінің және көрінетін шырышты қабаттарының жағдайы: түсі, дымқылдығы, әр түрлі бөртпелер, қатаюлар, ісіктер, қансыраулар, терінің қызаруы, бозаруы, сарғаюы, құрғақтығы, терінің түсуі

- Сүйек-бұлшық ет жүйесі: омыртқаның, буындардың қисаюы, бұлшық ет жұмысының бұзылуы

- Дене қызуы: норма бойынша, субфебрильді, фебрильді.

- Дем алу жүйесі: демнің көлемі, оның қасиеттері (ырғақтығы, тереңдігі) дем алу бөлінеді (сыртқы, терең дем), іштік, аралас дем, тахипное (жиі, ырғақты, сыртқы) норма бойынша минутына 16-18 рет.

- Қан қысымы: гипотония, нормотония, гипертония

- Тамыр соғысы: минутына соғу көлемі, ырғақтығы, толуы, толықсуы, норма бойынша минутына 60-80 рет

- Табиғи қызмет атқарулары: зәр шығуы (жиілігі, көлемі, зәрді ұстамау, катетер арқылы, өз бетінше, зәр жинағыш) ішектің жұмысы (өз бетінше, ретті, дәретін ұстамау, колостома арқылы),.

- Сезім мүшелері (есту, көру, сезім түсінігі, иіс сезімі, сөйлеу)

- Ес: сақталынған, бұзылған

- Қорларды қолдану: линзалар, көзілдірік, есту аппараты, алып-салымалы тіс протездері

- Ұйқы: күндіз ұйықтау қажеттілігі

- Қозғалуға қабілеттілігі: өз бетінше, біреу арқылы және т.б.

- Тамақтану, тағам қабылдау қабілеті, тәбеті, шайнауының бұзылуы, жүрегінің айнуы, құсу, қорлар.

- Пациенттің психоәлеуметтік жағдайын бағалау

 

Мейірбике істей білу керек:

- сөйлеу үлгісін суреттеу, мінезін бақылау, эмоциалдық жағдайын, психомоторлық өзгерістерін, сезімін байқау

- пациенттен әлеуметтік-экономикалық мәліметтерін жинау

- қауіп - қатер факторларын анықтау

- пациенттің қажеттілігін бағалау, қамтамасыз етілмеген қажеттігін анықтау.

 

Пациенттің жағдайын бақылағанда мейірбикелік іс-әрекеттері:

- пациенттің жағдайындағы барлық өзгерістерді бақылау

- уақытымен дәрігерге өзгерістерді хабарлау

- шұғыл жағдайларда пациенттке дәрігерге дейін көмек көрсету.

 

Пациентті бақылау кезінде мейірбике назар аудару керек:

- сана сезіміне, төсектегі жағдайына

- бет жүзінің өзгерістеріне

- терінің, көрінетін шырышты қабаттарының түсіне

- қан айналу, дем алу мүшелерінің қызыметіне

- зәр шығару жолдарының қызыметтеріне, үлкен дәретіне.

Сана сезім жағдайы

 

1. Сана сезімі ашық - пациент сұрақтарға тез, анық жауап береді.

2. Шатасқан сезім - пациент сұрақтарға дұрыс, бірақ кеш жауап береді.

3. Сопор - патологиялық, терең ұйқы, пациент ессіз, рефлекстер сақталған, қатты дауыспен оятуға болады, бірақ ол қайтадан қатты ұйқыға кетеді.

4. Кома - орталық жүйке жүйесінің толық жұмысының қаналуы. Сана сезімі болмайды, босаңсыған, рефлекстердің және сезімінің жойылуы.

5. Сандырақ және елестеу - әр түрлі улануларда (жұқпалы аурулар, түберкулезде, өкпе қабынуында) болады.

 

Бет жүзінің өзгерістері

Бет жүз өзгерістері аурудың өту кезеңіне сәйкесті болады, сондықтан оған аса көңіл аударылады. Мейірбике пациенттің бет жүзінің өзгерістері туралы дәрігерге дер кезінде хабарлауға тиісті. Жүзі: қорқыныш, қайғылы, немқұрайлы және т.б.

1. Дене қызуы жоғары болғанда көз жанары жылтырап, беті қызарады.

2. Бүйрек ауруларында беті домбыған, өңсіз.

3. Митральдық «беттің шырайы» - өңсіз, беті көгерген.

4. Кірпігінің дірілдеуі, бадырақ көз - тиреотоксикоз ауруында байқалады.

 

Тері және көрінетін шырышты қабаттары

Тері қабаты өңсіз, қызарған, сарғайған, көгерген, акроцианоз болады, терісіндегі бөртпелерге, терісінің қызаруына, дақтардың, ісіктердің пайда болуына назар аудару керек.

Пациенттің жағдайын бағалау: 1.Қанағаттандырарлық - пациент белсенді, жүзінде өзгерістер жоқ, сана сезімі ашық, патологиялық симптомдардың баршылығы осы жағдайына әсер етпейді.2.Орташа жағдай - шағымдарын білдіреді, өзіне ыңғайлы жағдай іздейді, жүзі қайғылы, патологиялық симптомдары көрініп тұр, тері қабатының түсі өзгерген.3.Ауыр жағдай - төсекте жағдайы енжарлы, белсенді әрекеттерді әзер атқарады, сана сезімі, жүзі өзгеруі мүмкін. Орталық жүйке жүйесі, жүрек, дем алу мүшелерінің қызыметтері өзгерген.

 

Қажеттілігі бойынша пациенттің жағдайына баға беру

1. Демалу.

2. Тамақ ішу.

3. Су ішу.

4. Шығару.

5. Ұйықтау, дем алу.

6. Таза болу.

7. Шешіну, киіну.

8. Дене қызуын біркелкі ұстау.

9. Дені сау болу.

10. Қауіпті жағдайлардан алшақ тұру.

11. Қозғалу.

12. Қарым-қатынас жасау.

13. Өмірлік байлық болу керек (материалдық рухтық).

14. Ойнау, оқу, жұмыс атқару.

Пациенттің өз бетінше күтінуін бағалау

 

Пациенттің күтіміндегі тәуелсіздік деңгейін анықтаймыз. Мейірбике пациенттің мәселелерін туындайтын қайнар көздерін біліуі тиіс.

Болатын мәселелер:

1. Қоршаған орта және қауып-қатер мәнбірлері

2. Пациенттің медициналық диагнозы, немесе дәрігерлік диагнозы. Дәрігерлік диагностиканың мақсаты пациентке дұрыс ем тағайындау.

3. Ем жүргізгенде жағымсыз әсер болуы мүмкін, мысалы, жүрегі айну, құсу осының өзі мәселе болып саналады.

4. Ауруханадағы жағдай қауіпке әкеліп соғуы мүмкін (пациентке ішкі ауруханалық жұқпаның жұғуы)

5. Пациенттің жекелік жағдайы (төмен жағдайлы пациент) толық тамақтанбауы, оның келешекте денсаулығына зиян келтіруі. Пациенттің денсаулығына баға бергеннен кейін мейірбике пациент мәселелерін жинақтап немесе мейірбикелік диагностика жүргізуі керек.

 

 

Мейірбикелік үрдістің екінші кезеңі -

диагностикалау немесе пациенттің мәселелерін анықтау

Пациентің мәселелерін және осы мәселелерді тудыратын факторларын диагностикалау болып табылады. Пациенттің айқын (қазіргі уақыттағы) және потенциалдық (кейін болып қалу мүмкін) мәнбірлері мейірбике күту жоспарына енгізіледі. Бұл мәселелерді мейірбикелік диагнозы деп атайды, сондықтан бұл мейірбикелік үрдісінің екінші кезеңі болып саналады.

Мейірбикелік диагноз дегеніміз - ол мейірбикенің клиникалық пікірі, мұнда анық немесе потенциалдық мәселелер беріледі, мұндай мәселелерді мейірбике өздігімен шеше алады.

Мейірбикелік диагноз - бұл пациенттің (қазіргі, потенциалдық) мейірбикелік тексерістің нәтижесінде анықталған жағдайы, мұндай жағдайларда мейірбикелік кірісуді талап етеді.

Мейірбикенің қызыметін анықтау мақсатында мейірбикелік диагноздардың жіктелуі бойынша 1973 жылы АҚШ-да І-ғылыми конференция өткізілген. 1991жылы мейірбикелік диагноздардың жіктелуі бойынша 114 негізгі мәселелер берілген, оның ішіне гипертермия, стресс, әлеуметтік өзін қорғау, мазасыздық т.б. енгізілген.

Мейірбикелік диагноздың дәрігерлік диагноздан мынандай айырмашылықтары бар:

- дәрігерлік диагноз бойынша ауру анықталады, ал мейірбикелік диагноз ағзаның ауруға деген серпілісін білуге бағытталған;

- дәрігерлік диагноз пациент ауырғанша өзгермейді, ал мейірбикелік диагноз әрбір сағат сайын өзгеріп отыруы мүмкін;

- дәрігерлік диагнозында дәрігер тағайындауы бойынша ем қолданады, мейірбикелік диагнозында мейірбикелік кірісуі қажет;

- дәрігерлік диагноз ағзадағы патофизиологиялық өзгерістермен байланысты болса, мейірбикелік диагноз пациенттің өз жағдайының өзгеруіне байланысты болады;

- мейірбикелік диагноз бірнеше болуы мүмкін, ал дәрігерлік тек қана біреу болады.

Қазіргі уақытта мейірбикелік диагноздар ағзаның бұзылуына байланысты 14 топқа бөлінеді:

- қозғалыс (қозғалыс белсенділігінің төмендеуі)

- дем (демнің қиындауы, жөтелу, тұншығу)

- қан айналу (ісіктер, аритмия т.б.)

- ас қорыту (жұтынудың бұзылуы, құсу, жүрегі айну, дәретінің жүрмеуі)

- зәр жолдарының өзгерістері (зәрдің тұрып қалуы, жиі шығуы)

- гомеостаз (гипертермия, гипотермия, иммунитеттің төмендеуі)

- мінезі (дәрілерді қабылдамау, әлеуметтік қорғаныш, суицид т.б.)

- зеректік, түйсін сезімі (құлағының естімеуі, көзінің көрмеуі, дәм сезуінің бұзылуы)

- назарлық (өз бетінше, еріксіз)

- ес (гипоамнезия, амнезия, гиперамнезия)

- ойлау (ақыл-есінің төмендеуі)

- эмоционалдық, сезімдік өрісінің өзгеруі (қорқыныш, мазасыздық, апатия, эйфория т.б.)

- гигиеналық қажеттілігінің өзгеруі (гигиеналық білімнің, дағдының аздығы, медициналық қызымет көрсетуіндегі мәселелер және т.б.)

- организмнің негізгі өмірлік процессінің өзгеруі адам өмірінде анатомо-

физиологиялық, психоәлеуметтік рухани өзгерістерінің пайда болуы.

Мейірбикелік диагностикада негізгі пациентпен әңгіме құру және бақылау болып табылады. Мейірбике пациенттпен қарым-қатынас жасау арқылы пациенттің жанұяда немесе жұмыс орнында психологиялық қысымның болу немесе болмауын анықтап отырады (өз-өзіне қанағаттанбаушылығы, ұялшақтығы және т.б.). Пациенттің жүріс-тұрысы, мимикасы, дауысы, киімі, мінезі жағдайы туралы көп мәлімет береді. Пациент өзінің психологиялық ұстамдылығын жоғалтып, уайым, қорқыныш сезімі, шыдамсыздық, ұятшылдық, депрессия пайда болуы мүмкін, сондықтан мейірбике пациенттің психологиялық диагнозын білуге тиіс. Мысалы: тазарту клизмасын жасар алдында пациент қызара бастап ұялады немесе өзін күте алмағандықтан уайым пайда болады. Мейірбике пациент туралы барлық мағұлматтарды дәрігерге айтып, кейін өзінің мейірбикелік картасына тіркеп отырады. Психологиялық әңгіме жүргізгенде пациенттің жекелік қасиеттерін силауға тырысу керек, оның мәселесін айқын қабылдап көмек көрсету керек. Осы мәселелерді шешкеннен кейін мейірбике қандай көмек көрсетуін жоспарлауға тиісті.

Мейірбикелік үрдістің үшінші кезеңі -

пациентке қажетті көмекті жоспарлау

Мейірбикелік кірісудің мақсатының түрлері және элементтері.

Күту мақсаттарын екі себеп бойынша қою керек:

1. Жекелік мейірбикелік кірісудің бағыты анықталады.

2. Кірісудің тиімділігік дәрежесі анықталады.

Пациент жоспарлау процессіне белсенді қатынасады. Әрбір доминанттық қажеттіктер немесе мейірбикелік диагноздары мейірбикелік күту жоспарында жекелік мақсат ретінде жазылып отырады, ол қажет деп табылған нәтиженің алуын көздейді.

Әрбір мақсат міндетті түрде 3 компоненттен құрылады:

1. Орындау (етістік, іс-әрекет)

2. Критерий (белгі) (күні, уақыты, арақашықтығы)

3. Жағдай (біреу немесе бір нәрсенің көмегі арқылы)

Мақсат қоюдағы қойылатын талаптар:

1. Мақсаттар нақты да, жетістікке жетімді болулары керек.

2. Әрбір мақсаттың орындалуының нақты мерзімін қою керек.

3. Пациент әрбір мақсаттың талқылануына қатысуы керек.

Мерзіміне қарай мақсаттың екі түрі болады:

1. Қысқа мерзімге бағытталған, бір апта ішінде орындалуы тиіс.

2. Ұзақ мерзімге бағытталған - ұзақ уақытқа созылады, кейде пациенттің ауруханадан шыққанынан кейнде жалғаса береді.

 

 

Мейірбикелік кірісудің көлемі

 

Мейірбикелік кірісудің көлемін анықтаудағы қойылатын талаптар:

1. Мейірбикелік кірісу түрлерін анықтау керек (тәуелді, тәуелсіз, өзара тәуелді іс-әрекеттер)

2. Мейірбикелік кірісуді пациенттің қанағаттанбаған қажеттілік негізіне жоспарлануы керек.

Мейірбикелік кірісудң 3 түрі бар: тәуелді, тәуелсіз, өзара тәуелді іс-әрекеттер.

Тәуелді деп мейірбикенің дәрігер нұсқауы бойынша анықталатын іс-әрекеттерін айтады.

Тәуелсіз іс-әркеттерді мейірбике өзі орындайды. Мысалы: пациенттің еміне серпіліс беру, ауруына үйрену, көмек көрсету, жекелік гигиена шараларын орындау, ішкі ауруханалық жұқпаны алдын-алу, пациентті үйрету.

Өзара тәуелді іс-әрекеттер деп мейірбикенің басқада қызыметкерлермен бірігіп көмек және күтім көрсетуге бағытталған іс-әректтерін айтады. Мысалы: аспаптық, зертханалық тексерістерде қатысулары және т.б.

Мейірбикелік кірісу әдістері

Мейірбикелік кірісулер әдісі болып қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдері де болуы мүмкін.

Келесі әдістері қолдау ұсынылады:

1. Алғашқы жәрдем көрсету

2. Дәрігердің нұсқауларын орындау

3. Пациентке оның негізгі қажеттіліктерін қанағатандыру мақсатында жайлы жағдай жасау

4. Пациентке және оның жанұясына психологиялық көмек жасау

5. Техникалық манипуляциялар мен процедураларды орындау

6. Денсаулықты нығайту, асқынулардың алдын-алу шараларын орындау

7. Пациенттермен және оның жанұя мүшелерімен кеңес және әңгіме өткізуді ұйымдастыру.

 

 

Мейірбикелік үрдістің төртінші кезеңі –


Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 4171 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.052 сек.)