АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Минералды заттар. 26 страница

Прочитайте:
  1. A. дисфагия 1 страница
  2. A. дисфагия 1 страница
  3. A. дисфагия 2 страница
  4. A. дисфагия 2 страница
  5. A. дисфагия 3 страница
  6. A. дисфагия 3 страница
  7. A. дисфагия 4 страница
  8. A. дисфагия 4 страница
  9. A. дисфагия 5 страница
  10. A. дисфагия 5 страница

Рентген-диагностикалық бөлімнің құрамына орталық бөлім және кейбір бөлімдердегі (қабылдау, жұқпалы аурулар, туберкулездік, тері-венерологиялық) өз алдына бөлек рентген кабинеттері кіреді. Орталық бөлімшені, барлық қорғаныс шараларын сақтай отырып, аурухана қабаттарының бірінде орналастырады (XII тарау ). Қызметкерлер мен науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі осындай шаралар, рентген кабинеті орналастырылған жоғарыда атап өткен кабинеттерде де жүргізіледі.

Ірі ауруханаларда анестезиология және реанимация бөлімі екі бөлімшеден тұрады. Біреуі қабылдау бөлімінде, екіншісі операциялық блок пен емдеу-диагностикалық бөлімдеріне жақын жерде. Бөлімде реанимация залы, реанимация залының алдындағы бөлме, қарқынды емдеу палаталары, жедел анализ жасау зертханасы, емдеу және диагностикалық аппараттарға арналған бөлме болады. Бөлімді жоспарлауда және керек-жарақпен жабдықтауда, науқастардың жағдайын үнемі қадағалап тұру мүмкіншілігі, әрбір төсекке оттегі берілуі, әр палатаға арналған медицина қызметкерінің посты, әр төсектің қасына емдеу үрдісіне және реанимациялық шараларға қажетті жабдықтарды орналастыру мүмкіншілігі қарастырылады.

Емдеу-диагностикалық бөлімінің құрамына және операциялық блок кіреді. Операциялық блокты орналастыру, жоспарлау және жабдықтау, операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу және аурухана ішілік инфекцияны болдырмауға бағытталған асептика талаптарын максималды түрде сақтауды қамтамасыз етуі керек. («Хирургиялық бөлім» тарауы).

Қалпына келтіріп-емдеу (физиотерапевтік) бөлімі, физиотерапевтік процедуралар, емдік физкультура, массаж жасауға арналған. Бөлімнің құрамында электрмен, жарықпен, сумен, микротолқынды және ультражоғары жиілікті толқынмен емдеу кабинеттері, ингаляция жүргізетін кабинет, жылу процедураларына, балшықпен емдеуге арналған және басқа да кабинеттер болады.

Клиникалық-диагностикалық зертханалар, ауруханалардың ең маңызды бөлімшелері болып табылады, өйткені қазіргі кезде сырқаттардың диагнозын анықтау зертханалық зерттеулер нәтижесіне байланысты. Зертханаларда қарапайым да зерттеулер және күрделі техникалар мен жабдықтарды, дәрігер зертханашылардың жоғары мамандығын қажет ететін, күрделі де, сезімтал зерттеулер жүргізіледі. Әрбір клиникалық-диагностикалық зертханалардың құрамында мамандандырылған бөлімшелері болады: қанды, нәжісті, зәрді, қақырықты, асқазан сөлін зерттеуге арналған клиникалық бөлімше, биохимиялық, микробиологиялық, цитологиялық т.б. бөлімшелер. Зертханаларды аурухананың жоғарғы қабатында, жеке бөлігінде орналастырады. Онда стационардағы немесе емханадағы аурулардан алынған анализдерді қабылдауға және тіркеуге арналған бөлмелер, анализ жасауға, фотометрия, анализаторларда жұмыс жүргізуге, препараттарды бояуға арналған бөлмелер болады. Микробиологиялық бөлімшесін зертхананың басқа бөлмелерінен оқшау орналастырады. Бұл бөлімшеде, міндетті түрде бактериологиялық зерттеулер жүргізетін бокстар, микробтардың қоректік ортасын қайнататын, жуатын бөлмелер және қызметкерлерге арналған душ кабиналары болуы керек. Бұл бөлімшедегі желдету және санитарлық тәртіп, инфекцияның басқа бөлімшелерге таралуының алдын алуы тиіс.

3.3. Стационардың негізгі функционалдық элементі ретіндегі -палата бөлімі.

Палаталық бөлімінде науқастардың сырқатының түрін анықтау, емдеу және күтім жасау жүргізіледі. Санитарлық нормаларға сәйкес, палата бөлімдерін келесі түрлерге бөледі:

· Үлкен адамдарға арналған, жұқпалы емес аурулардың (оның ішінде психиатриялық та);

· Аурулары жұқпалы емес балаларға арналған;

· Жұқпалы ауруларға арналған;

· Радиологиялық;

Жұқпалы аурулар және радиологиялық бөлімдері аурухананың мамандандырылған бөлімдері, себебі, жұқпалы аурулар бөлімінде тек жұқпалы аурулары бар адамдар, ал, радиологиялық бөлімде – сырқаттарын емдеуде иондағыш сәулелер қолданылатын науқастар емделеді. Жұқпалы емес аурулар бөлімдері әр түрлі мамандандырылған бөлімдерге бөлінеді: терапевтік, хирургиялық, акушерлік, гинекологиялық, балалар бөлімдеріне. Мүңдай бөлімдердің әр біреуінің өзі жеке мамандық салаларына бөлінуі мүмкін. Мысалы, хирургиялық бөлімдердін ішінен нейрохирургия, кеуде және іш хирургиясы, травматология және басқада бөлімдерге бөлінуі мүмкін.

Стационардың негізгі функционалдық элементі болып табылатын палата бөлімі, әдетте, 60 төсекке есептелді және палата секцияларынан тұрады. Төсек саны аз (30) бөлімдер де, болуы мүмкін. Палаталық секция деп, сырқаттары бір түрдегі25-30науқасты емдеуге арналған палаталардың, емдеу- қосалқы және көмекші бөлмелердің кешенін айтады. Бұл, стационардың негізгі функционалдық элементі болып есептеледі.

Үлкен адамдарға арналған палаталық секцияларда келесі бөлмелерді бөледі:

1. Ауруларға арналған – палаталар, күндізгі уақытта болатын бөлмелер, холлдар және верандалар;

2. Емдік-қосалқы: меңгерушінің кабинеті, дәрігерлердің кабинеті, ем-шара бөлмесі, жара таңу (хирургиялық бөлімде), кезекші медбике посты, клизма жасау бөлмесі;

3. Шаруашылық: буфет, асхана, аға медбике және шаруашылық бике бөлмесі;

4. Санитарлық жүйе: ванна бөлмесі, қызметкерлер мен науқастарға арналған дәретхана, жуынатын бөлме, ластанған киім-кешек сақтайтын, дәрет ыдыстарын жуатын және стерильдейтін, клеенкаларды жуатын және бөлмелерді жуып-жинайтын заттарды сақтайтын бөлмелер;

5. Палата дәлізі.

Бөлім 2 секциядан тұратын жағдайларда, кейбір бөлмелерді қос-қостан етпей, жалпы - емдеу және диагностикалық кабинеттер, асхана, буфет және қызмет бөлмелері ретінде пайдаланады.

Бөлім өтпелі болмауы керек, себебі, бактериялармен ластану деңгейін, шу деңгейін және аурухана ішілік инфекция таралуын жоғарылатады.Науқастар уақытының негізгі бөлігін өткізетін орны - палаталар, олар 4 төсектен артыққа есептелмеуі тиіс. Бір палатадағы төсек саны, бұрынғыдай, 10-15 болған жағдайда, аурухана ішілік инфекция даму қаупін жоғарылатады, науқастар үшін психологиялық дискомфорт жағдайын тудырады, әсіресе, егер палатада сырқаты ауыр науқастар болса. Одан басқа, микроклимат және тұрмыстық жағдайлары едәуір нашарлайды.

Әрбір палата секциясында 60%, 4-төсектік палаталар және - 20%-дан, ауыр сырқаттанған немесе тұрақты түрде күтім қажет ететін науқастарға арналған 1 немесе 2 төсектік палаталар қарастырылады.

Үлкен адамдарға арналған жалпы соматикалық бөлімдердегі палатада 1 науқасқа есептелген, ауданы 7м2, туберкулездік және жұқпалы аурулар палаталарында – 7,5м2, балалар бөлімдеріндегі жұқпалы емес аурулар палатасында - 6 м2 және жұқпалы аурулар палатасында - 6,5 м2, қарқынды емдеу палатасында - 13 м2 болуы тиіс (10.1.-кесте). Төсектердің ара қашықтығы 0,8-1 м кем болмауы керек. Сыртқы қабырғадан қашықтығы 0,9-1 м кем болмауы тиіс.

Кезекші медбикенің қызмет орнын орналастыруда, барлық қызмет көрсету палаталары, дәліз, санитарлық жүйелер және басқа да науқастар баратын бөлмелер көрініп тұратындай жерде болуы керек. Қызмет орнынан палаталарға дейінгі қашықтық 15 м аспауы керек. Қызмет орнында қажетті жабдықтар: стол, шкаф, стерильдеуші, тоңазытқыш, қол жуғыш, телефон, палатадан медбикені шақыруға арналған және медбике мен науқас бір-бірімен сөйлесу (немесе бейнелесіп сөйлесу) аппараттарынан тұратын дабыл блогы болуы керек.

Кесте

2 немесе одан артық төсектік палаталардың ауданы

 

Бөлімдер 1 төсекке есептелген ауданы, м2
Үлкен адамдарға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары бөлімдерінде 7,5
Балаларға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары бөлімдерінде 6,5
Аналары күндізгі уақытта болатын балаларға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары бөлімдерінде 8,0
Аналары тәулік бойы болатын балаларға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары бөлімдерінде 10,0
1 төсекке есептелген бокстарда мен жартылай бокстарда 22,0
2 төсекке есептелген бокстарда мен жартылай бокстарда 2 төсекке - 27
Ортопедиялық-травматологиялық, нейрохирургиялық, қайта қалпына келтіріп емдеу, күйген аурларға арналған, радиологиялық: Үлкен адамдарға және аналары күндізгі уақытта болатын, балаларға арналған палаталарда- Аналары тәулік бойы болатын балаларға арналған     10,0   13,0
Қарқынды-емдеу, операциядан кейінгі палаталар 13,0
Балаларға арналған жұқпалы емес аурулар бөлімдерінде: аналар үшін орын бөлінбегенде аналары күндізгі уақытта болатын кезде аналары тәулік бойы болатын кезде   6,0 7,5 9,5

 

Анестезиология және реанимация бөлімі, науқастардың ағзасының өмірлік маңызды функцияларының жағдайын үздіксіз алыстан бақылауға арналған аспаптармен (кардиомонитор, кардиокомплекс, т.б.) жабдықталады. Мұндай жағдайларда кезекші медбикенің қызмет орнында жүрек соғуының ырғағын және қауіп-қатерді білдіретін дабыл қаққыш қойылады.

Секцияның гигиеналық жағдайы мен науқастарға қызмет көрсету қолайлығы, көбінесе палата дәліздің салыну түріне байланысты. Дәліз құрылысын салудың бірнеше түрлері бар: бір дәліздік (бір жақты, екі жақты тігіс тәрізді ), екі дәліздік, периметралдық (10.2.-сурет). Бірдәліздік, біржақты құрылыста барлық бөлмелер дәліздің бір жағында, екінші жағында тек қана терезелер орналасады.

 

10.2.-сурет. Палаталық бөлімшелердің құрылысын салудың нұсқалары.

1- бір дәлізді, екі жақты; 2 –екі дәлізді; 3 – периметралды квадратты; 4 – периметралды дөңгелек;

Мұндай құрылыс, гигиеналық жағынан оптималды, өйткені құрылыс салу кезінде палаталарда қолайлы инсоляциялық тәртіп және микроклимат жағдайын қамтамасыз ететін палата терезелерінің қажетті жаққа бағытталуын таңдауға мүмкіншілік береді. Және палаталарды дәліз терезелері арқылы өтпелі желдетуге жақсы жағдайлар жасалады, дәліздің екінші жағында палаталар болмағандықтан, ауаның айқас ластануы болмайды. Салыстырмалы түрдегі кемшілігі - бөлімнің ұзын болуы, бұл науқастарға қызмет көрсетуді қиындатады.

Бір дәлізді екіжақты құрылыста палаталар, дәліздің екі жағында да орналасады. Ауруханалардың осындай құрылысын салу, экономикалық жағынан тиімді. Бірақ, бұл табиғи жарықты, инсоляцияны және бөлмелердің желдетілуін төмендетіп, аурухана ішілік инфекцияның даму қаупін жоғарылатады. Екi жақты құрылысты салудың өзгертілген түрінің бірі, тігіс түріндегі құрылысы, бұл кезде дәліздің бір жағындағы құрылысы тұтас емес, жарық түсетін жерлермен бөлініп тұрады. Жарық түсетін жерлерді, аурулардың күндізгі уақытта болуына арналған холлдар ретінде және палаталарды өтпелі желдету үшін қолданады.

Екі дәлізді секцияларда, палаталар екі дәліздің сырт жағында орналасады, ал дәліздердің ортасында қосалқы бөлмелер мен санитарлық жүйе орналасады. Периметрлік құрылыста, палаталар бүкіл секцияның периметрі бойынша орналасады, бөлменің ішкі блогынан палаталарға параллелді дәліздер арқылы бөлінеді. Екі дәлізді және периметрлік құрылыстың артықшылығы, палата секциялары тұтасқан, дәліздерінің ұзындығы қысқа және құрылысы арзан. Бірақ, кемшіліктері де бар. Мысалы, табиғи жарық палаталар мен кейбір қосымша бөлмелерде болады, бірақ, барлық палаталарда да қолайлы инсоляциялық және ауа-жылу тәртібін қамтамасыз ете алмайды, өйткені терезелерінің бағытталуы әр түрлі. Дәліздердің ортасында орналасқан бөлмелерде, бұлар әдетте, санитарлық жүйелер, қосалқы кабинеттер, оларда тек жасанды жарық болады. Мұндай жүйелерде бөлмелерді өтпелі желдету қиындайды, бұл ауа ортасының сапасын төмендетеді және аурухана ішілік инфекцияның таралу мүмкіншілігін жоғарлатады.

Палаталық секцияларының барлық құрылыс жүйелерінде, палата дәлізінің ені 2,4 м кем болмауы керек, өйткені, науқастарға арналған зембілдерді, науқастарды жатқызып таситын дөңгелекті зембілдерді еркін алып жүруге, айналдыруға ыңғайлы болуы керек. Емдеу мекемелерінде аурулар болуы кезінде, қолайлы гигиеналық жағдай жасау тек жоспарлау шараларымен ғана емес, сонымен қатар, аурухана мекемелерінің ішкі ортасын дұрыс ұйымдастырумен де жасалады. Қолайлы гигиеналық жағдай деп, қолайлы микроклимат жағдайын, бөлмеге жеткілікті күн сәулесі мен жарық түсуін қамтамасыз ету, ауа ластануын болдырмау, шуды және басқа тітіркендіргіштерді жою, эстетикалық жағынан жағымды, тыныш жағдай жасау сияқты, аурухана ортасының сапасын аурулар үшін қолайлы етіп жасауды түсінеді. Қолайсыз микроклимат жағдайлары, сау адамдарға қарағанда, науқастарға айқындау әсер етеді, бұл сырқаттың салдарынан ағзаның бейімделу мүмкіншіліктерінің төмендеуімен, жылу реттейтін үрдістерге және басқаларға қатысатын негізгі жүйелердің патологиялық үрдіске тартылуымен және функционалдық жағдайының бұзылуымен түсіндіріледі.

Жайлы ауа-жылу режимі, сырқаттардың қолайлырақ өтуіне, науқас адамның көңіл-күйінің жақсаруына ықпал етеді. Бірақ, жылдың, тәуліктің әр түрлі мезгілдерінде, әр түрлі жастағы, сырқаттары, жағдайының ауырлығы, әр түрлі науқас адамдарға жайлылық диапазоны бірдей емес. Сондықтан, аурухана микроклиматының параметрлерін осы факторларды ескере отырып, нормалайды. Қыста және жыл мезгілдерінің өтпелі уақыттарында, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 40-60% және ауа қозғалысы 0,05-0,15 м/с болған кезде, көпшілік үлкен науқас адамдар үшін, температура 19-22° С аралығында (жоба есебіндегі температура - 20° С) қолайлы болып табылады. 22°С дейінгі, жоғарылау температура, балаларға арналған, әйелдер босанғаннан кейінгі, операциядан кейінгі, реанимация бөлімдеріндегі палаталарда, операция жасайтын бөлмелерде және қарайтын-қабылдайтын бокстарда сақталуы тиіс. Манипуляциялық бөлмеде, жарақаттанған ауруларға және шала туған балаларға арналған палаталарда ауаның температурасы 25°С болуы қажет, өйткені олардың жылу реттеуші үрдістері жетілмеген, денесінің тез қызуы да, салқындап кетуі де мүмкін. Ауыр дәрежеде күйген ауруларға арналған палаталарда ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55% кезінде 22-25°С температурасы қолайлы болып табылады. Тиреотоксикозбен ауыратын аурулар, бөлмеде төменірек, 15-18°С температура кезінде жақсырақ сезінеді, ал, гипотиреозбен ауыратын аурулар үшін жоғарырақ температура - 24°С қолайлы.

Науқастарды таза ауамен қамтамасыз ету үшін, палаталардың ауданы мен көлемі жеткілікті және желдетілуі тиімді болуы қажет.

1 төсекке есептегендегі ауданы 7-7,5 м2 болған кезде, палаталардың биіктігі 3 м кем болмауы керек. Осы жағдайда 1 науқасқа келетін бөлменің көлемі, нормативтегі деңгейге - шамамен 21-25 м3 жетеді. Палаталарда, міндетті түрде табиғи желдету түрі болуы тиіс, сондай-ақ, жасанды енбелі-сормалы желдету түрімен де жабдықталуы мүмкін. Палатада бір ауруға есептегендегі желдетудің қажетті көлемі 80м3 кем болмауы тиіс (10.2-кесте). Осы жағдайда, жасанды желдету түрі болған кезде, бөлмеде 1 сағат ішінде үш еседен кем емес ауа алмасуы қамтамасыз етіледі. Табиғи желдету есебінен, палатадағы ауа 1 сағатта, кем дегенде, екі есе алмасуы керек, ол үшін күн бойына бөлмелерді көп қайталап өтпе желмен желдетіп отырады. Операция жасайтын, наркоз беретін бөлмелерде, әйелдердің босануы алдындағы, операциядан кейінгі палаталарда, реанимация залдарында, қарқынды емдеу палаталарында, күйген ауруларға арналған бір және екі төсектік палаталарда, емшек еметін, жаңа туған, шала туған жарақаттанған балаларға арналған палаталарда, барокамераларда ауаны кондиционерлеу қарастырылуы қажет.

Күн радиациясы, аурухана ортасын оңтайландыруға, науқастардың жағдайын жақсартуға, ағзаның қарсы тұру мүмкіншілігін арттыруға қажетті фактор болып табылады. (III тарауды). Ультракүлгін сәулесіне түсіру ағзаның иммунобиологиялық реактивтілігін арттырады, жаралардың жазылуын тездетеді, операциядан кейінгі кезеңін қысқартады. Күн сәулесі науқастардың көңілін көтереді, жағдайын және көңіл күйін жақсартады.

Күн сәулесінің бактерицидтік эффектісі де маңызды, оның арқасында бөлмелердің микробтармен ластану деңгейі елеулі дәрежеде төмендейді. Тіпті, кәдімгі айнектен өткен ультракүлгін сәуленің өзі де, 2-3 сағаттың ішінде ауадағы, палатаның еденінде немесе жиһазында жиналған шаңның құрамындағы микроағзаларды өлтіреді немесе тіршілік әрекетін едәуір төмендетеді. Сондықтан, палаталарда жақсы инсоляция мен жеткілікті табиғи жарықты қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, ауруханадағы науқастардың сырқатының түрін және жағдайының ауырлығын ескеру қажет, өйткені, жоғары инсоляция беретін режим барлық науқастарға бірдей қолайлы емес. Мысалы, дерті жұқпалы және хирургиялық аурулар үшін палаталардың терезелері оңтүстікке және шығысқа бағытталған, орташа инсоляциялық режим жақсы болып есептеледі (10.3- кесте), себебі, қарқынды инсоляция, бөлменің қызып кетуіне мүмкіндік туғызады. Бөлмеде температураның жоғарылауы, ауадағы және жарадағы микрофлораның өніп-өсуіне, дене қызуы көтерілген аурулардың жағдайы нашарлауына әкеп соғады. Күйік аурулары, онкологиялық, реанимация бөлімдерінде ауруларға ыстықтан және жарық тітіркендіргіштерінен түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін минималды инсоляциялық режим, тәуірлеу деп есептеледі. Максималды инсоляциялық режимді балалар мен үлкендерге арналған терапия бөлімдерінде, туберкулез диспансерлерінің, сауығып келе жатқан науқастардың палаталарында қамтамасыз еткені жөн.

Кесте.

ЕАМ бөлмелеріндегі температураның және ауа алмасуының нормативтері.

 

  Бөлмелер   t Еселігі Табиғи желдету кезіндегі сорып әкету еселігі Тазалығы бойынша бөлмелердің санаттары  
енуі сорып әкетуі
Үлкендерге арналған палаталар   1 төсекке есепте-генде сағатына 80 м ³ кем емес қажетті желдету көлемін қамтамасыз етуі тиіс     таза
туберкулезбен ауратын -"-   -«-«-   лас  
гипотиреозбен ауыратын -"-   -«-«-   таза
тиреотоксикозбен ауыратын-"-   -«-«-   таза
Операциядан кейінгі, реани-мация, операция жасайтын бөлмелер, күйік аурулары, әйелдер босанатын, босанғаннан кейінгі, наркоз беретін, қарқымды емдеу бөлмелері   Жобадағы есептеу бойынша, бірақ ауа алмасуы 10 еседен кем емес (бактери-цидтік фильтрлерде тазартылған ауа беріледі.). Рұқсат етілмейді   өте таза, таза
Шала туған, емшек еметін жастағы, жарақаттанған балаларға арналған палаталар   1 төсекке есепте-генде сағатына 80 м ³ кем емес қажетті желдету көлемін қамтамасыз етуі тиіс   Рұқсат етілмейді өте таза  
Жұқпалы аурулар бөлімшесінің палаталық секциялары   1 төсекке есептегенде, сағатына қажетті желдету көлемі төмендегідей қамта-масыз етілуі тиіс - лас
80м3 80м3
Бокстар, жартылай бокстар, фильтр-бокстар, бокс алдыңдағы бөлмелер   2,5 Дәлізге беріледі 2,5 2,5 лас
Босану алдындағы фильтрлер, қарау-қабылдау, жара таңу, ем-шара.         таза

 

Инсоляция үшін терезелері қолайсыз бағытталған жағына қосалқы бөлмелерді орналастырады.

Жарық жақсы түсуі үшін, палаталардың тереңдігі 6 м артық болмауы тиіс, ал тереңдігінің еніне қатынасы 2 –ден артық болмауы керек. (ені 2,9 м кем емес); палатаның биіктігі 3-3,2 м.

Палаталардағы және науқастар күндізгі уақытта болатын бөлмелердегі жарық коэффициенті 1:6-1:7, дәрігерлер кабинетінде және ем-шара бөлмелерінде - 1:5-1:6, операция жасайтын, әйелдер босанатын, жара таңатын бөлмелерде - 1:4-1:5 қатынастарындай болуы тиіс. Табиғи жарықталу коэффициенті (ТЖК) 1% кем болмауы керек.

 

Кесте

Емдеу-алдын алу мекемелері бөлмелерінің терезелері дүниенің бұрыштарына қарай бағытталуы.

Бөлмелер Географиялық ендіктер
  С. ендіктін 45º-наң оңтүстікке қарай С. ендіктін 45º-55º аралығында С. ендіктін 55º-наң солтүстікке қарай
Операция жасайтын, реанимациия, өлікті сойып көретін, әйелдер босанатын С, СШ, СБ С, СШ, СБ С, СШ, СБ, Ш
Туберкулезбен және жұқпалы аурулармен ауыратындардың палаталары О, ОШ, Ш   СШ*, СБ* О, ОШ, Ш   СШ*, СБ* О, ОШ, ОБ   СШ*, СБ*
Қарқынды емдеу, 3 жасқа дейінгі балалар бөлімінің палаталары, балалар бөлі-міндегі ойнайтын бөлмелер Батысқа бағыттауға, қарқынды емдеу палаталарын батысқа және оңтүстік батысқа қарай бағыттауға рұқсат етілмейді.

* Бөлімдегі жалпы төсек санының 10% аспайтын бөлігіне рұқсат етіледі.


Дата добавления: 2014-12-11 | Просмотры: 1034 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.011 сек.)