АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Минералды заттар. 49 страница

Прочитайте:
  1. A. дисфагия 1 страница
  2. A. дисфагия 1 страница
  3. A. дисфагия 2 страница
  4. A. дисфагия 2 страница
  5. A. дисфагия 3 страница
  6. A. дисфагия 3 страница
  7. A. дисфагия 4 страница
  8. A. дисфагия 4 страница
  9. A. дисфагия 5 страница
  10. A. дисфагия 5 страница

Әрбір процедуралық бөлмеде бір рентген аппараты орналастырылуы тиіс. Бір бөлмеде бір-бірімен функционалдық байланысы жоқ екі рентген аппаратын орнатуға тыйым салынады. Бұған дентальдық рентген аппараттары жатпайды, оларды диагностикалық аппаратпен бірге орналастыруға рұқсат етіледі.

Фотозертхана, әдетте, сәулелік диагностика кабинетіне көршілес бөлмеде орналасуы керек және оған процедуралық немесе пульт орнатылған бөлмеден кіретін есігі болуы тиіс.

Басқару (пульт тұрған) бөлмесі процедуралық бөлмемен сөйлесетін құрылғымен, сондай-ақ, есікпен және пациентті бақылау үшін қорғайтын шынымен жабдықталған қарайтын терезе арқылы байланысқан болу керек.

Терезенің орналасуы мен өлшемі, пациентті бақылау ыңғайлы болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Сәулелік диагностика кабинетін арнайы комиссияның пайдалануға қабылдау актісінің негізінде, мемлекеттік санитарлық бақылау органдары оны пайдалануға құқықты екеніне 2 жылға дейінгі мерзімге санитарлық төлқұжат береді. Актіге дозиметрлік бақылаудың хаттамасы, желдету тиімділігін және жерге қосу кедергілерін өлшеудің хаттамалары, рентген аппаратын орналастыру схемасы тіркеледі Аталған құжаттар сәулелік диагностика кабинетінде сақталады.

Сәулелік диагностика кабинетін пайдалануға құқық беретін санитарлық төлқұжатты алғанға дейін және оның іс жүзіндегі мерзімі өткеннен кейін медициналық процедураларды жүргізуге тыйым салынады.

Сәулелік диагностика кабинеті бөлмелерінің биіктігі 3 м-ден, есіктерінің ені – 0,9 м кем болмауы тиіс. Бұл бөлмелер орталықтан жылытумен (пештен жылытуға тыйым салынады), орталықтандырылған ауыз сумен және канализациямен жабдықталуы қажет. Бөлмелердегі ауаның температурасы 20 градустан төмен болмауы қерек.

Барлық бөлмелері ауа енуі бойынша, сағатына 3 есе және ауаны сорып әкетуі бойынша сағатына 4 есе ауа алмасуын қамтамасыз ету үшін, механикалық қозғаушы көмегімен істейтін енбелі-сормалы желдетумен жабдықталуы керек. Ауаны соратын желдету- калоферлермен және ауаны тазартатын сүзгілермен іске асыру керек. Енбелі желдету жүйесі ауаны жылытқыштармен және тазартатын сүзгілермен қамтамасыз етілуі тиіс. Ауаны сорып әкетуі бөлменің жоғарғы және төменгі зоналарынан, ал ауа енуі - жоғарғы зонасынан жүргізілу керек.

Процедуралық және пульт орнатылған бөлмелерде табиғи және жасанды жарық болуы тиіс, ал фотозертханада табиғи жарықтың болуы міндетті емес. Процедуралық бөлмедегі жасанды жарық тұрақты жұмыс істейтін және бейімделуге арналған болуы тиіс.

Рентген сәулесіне түсіріп қарайтын (рентгеноскопия) режимінен басқа, барлық рентгенологиялық процедуралар күндізгі уақытта табиғи жарық жағдайында жүргізілуі қажет. Терезелер ауданының еден ауданына қатынасы 1:10 кем болмауы тиісті

Сәулелік диагностика кабинеттерінің бөлмелеріндегі едені оқшаулағышқасиеті бар материалдардан: бетон табанының үстіне салынған ағаш паркеттен, боялған ағаштан, төселген ағаштың үстіне жабылған линолеумнан немесе поливинилхлоридтік материалдардан болуы тиіс. Едені оқшаулаушы қасиеті жоқ материалдан жасалған бөлмелерде тасымалданатын аппаратты пайдалану кезінде жұмыс орындарында еденге резенкеден жасалған оқшаулайтын кілемше төселу керек. Фотозертхана бөлмелерінің және әжетханалардың едені керамика тақтадан жасалған болу керек

Сәулелік диагностика кабинеттерінің қабырғалары мен төбесі ашық түске боялған болуы тиіс (әкпен ақтауға немесе су-эмульсиялық сырмен сырлауға рұқсат етіледі ). Қабырғалардың панелі майлы сырмен боялған болу керек. Фотозертхана және санитарлық жүйесінің бөлмелерінің панельдері қаптайтын плиткалармен жабылуы қажет.

Рентген процедураларын жүргізу кезінде медицина қызметкері, пациенттер және басқа да адамдар тікелей және шашыранды рентген сәулесінің, сонымен бірге радиациялық емес факторлардың (қорғасын, ацетон, толуол, озон, азот тотықтарының, жоғары кернеудің, шудың) әсеріне ұшырауы мүмкін. Осыған байланысты, аталған факторлардың зиянды әсерлерінің алдын алу жөніндегі талаптарды сақтау қажет

Мекеменің әкімшілігі радиациялық қауіпсіздік жөнінде нұсқау дайындауға және оған мемлекеттік санитарлық бақылау органдарының келісімін алуға міндетті. Бұл нұсқау әрбір сәулелік диагностика кабинетінің көрінетін жерінде болуы тиіс.

Рентген аппараттарымен жұмыс істеуге жасы 18-ден кем емес, иондағыш сәулеленулермен жұмыс істеуге медициналық тұрғыдан қарсы көрсетілімі жоқ, қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқау алған адамға рұқсат етіледі.

Сәулелік диагностика кабинеттерінде кабинеттегі қызметкерге және кабинетке көршілес бөлмелердегі адамдарға түсетін сәулелік жүктемелерге бақылау жүргізілуі тиіс.

Қызметкерге түсетін сәулелік жүктемені бақылау жұмыс орнындағы экспозициялық доза қуатын өлшеуді және жеке адам алған дозасын өлшеуді қамтиды. Жұмыс орындарындағы доза қуатын өлшеу кезінде стационарлық қорғаныс құралдарына да дозиметрлік бақылау жүргізіледі. Сәулелік диагностика кабинетіне көршілес бөлмелерде жұмыс істейтін адамдарға түсетін сәулелік жүктемені бақылауға рентген аппаратының жұмыс істеуі кезіндегі көршілес бөлмелердегі экспозициялық доза қуатын өлшеу кіреді.

Қызметкердің жұмыс орнындағы және көршілес бөлмелердегі экспозициялық доза қуатын өлшеу мерзімі екі жылда бір рет.

А тобындағы қызметкердің жеке басы алған дозаларын өлшеуді тұрақты түрде жүргізеді, нәтижелерін әрбір тоқсан сайын (мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің органдарымен келіскен кезде - жарты жылда бір рет) тіркеп отырады.

Арнайы жүргізілетін рентгенологиялық зерттеулерге әлсін-әлсін қатысатын адамдарға (хирургтар, анестезиологтар) жеке адамдық дозиметрлік бақылау, А тобындағы қызметкерге жүргізілетін бақылауға ұқсас жүргізіледі.

Рентгендік сәулеленудің экспозициялық дозасының қуатын өлшеу кезінде рентгендік сәулелену энергиясын пациенттің денесі тәрізді жұтып алатын, оны шашыратқыш дене – су немесе парафинді фантом міндетті түрде болуы керек. Фантом – мөлшері 250 х 250 х 150 мм болатын тегіс параллельді қабырғалары бар түтік.

Рентген сәулесінің экспозициялық доза қуатын өлшеуді міндетті түрде шашыртатын дене – рентген сәулесінің энергиясын сіңіруі пациенттің денесінің сіңіруіне эквивалентті судан немесе парафиннен жасалған фантом болуы кезінде жүргізілуі керек. Фантом - өлшемі 250•250•150 мм, қабырғалары жайпақ бір-біріне паралелді ыдыс.

Қызметкердің жұмыс орнындағы доза қуатын өлшеуді бас, жамбас, аяқ деңгейінде (1,5 м; 0,7 м; 0,3 м), ал көршілес бөлмелерде рентген сәулесі шоғырының ең қолайсыз болатын бағытында, 0,7 м биіктікте жүргізеді. Экспозициялық доза қуатын өлшеу нәтижелері жөнінде 2 дана хаттама жазылады. Бір данасы рентген кабинетінде, екіншісі – дозиметрияны жүргізген мекемеде сақталады.

Қызметкердің жұмыс орнындағы және көршілес бөлмелердегі рұқсат етілген доза қуаты 12.7- кестеде келтірілген. Көрсетілген мәндер тасымалданатын рентген қондырғыларына да таралады (5-баған – тасымалданатын қондырғының сыртқы бетінде).

Кесте

Рентген сәулесінің рұқсат етілген экспозициялық дозасының қуаты

 

Сәулелік диагностика кабинетінің түрі (типі) Иондағыш сәулелену әсер ететін уақыты Рұқсат етілген доза қуаты мкр/сек
А санаты Б санаты Ғимараттың сыртқы беті
Диагностикалық 15 сағ/апта (700 сағ/жыл)   0,2 0,06
Флюрографиялық 1,5 сағ/апта (70 сағ/жыл)     0,06
Терапиялық 25 сағ/апта (1175 сағ/жыл) 1,2 0,12 0,06
Дентальдық 1 сағ/апта (47 сағ жыл)     0,06
Палаталық 1 сағ/апта (47 сағ/жыл)     0,06

 

Рентген сәулесінен қорғануды есептеу кезінде рұқсат етілген деңгейлерге қатысты 2 тең қор коэффициентін енгізу қажет, яғни есептеу жолымен алған доза қуаты рұқсат етілген деңгейлерден 2 есе аз болуы тиіс.

Жоғарыда айтылғандай, рентгенологиялық зерттеулер жүргізу кезінде қорғасынның және басқа да радиациялық емес факторлардың әсерінен қорғану шаралары қолданылуы керек, сонымен қатар қажетті көлемде эпидемияға қарсы шаралар жүргізу де қамтамасыз етілуі керек. Мысалы, рентген пленкалары, рентгенограммалар қақпағы (есігі) нығыз жабылатын, металдан жасалған жәшіктерде немесе шкафтарда сақталуы қажет. Сәулелік диагностика кабинетінде 2 кг аспайтын ғана рентген пленкалары мен рентгенограммаларды сақтауға рұқсат етіледі. Сәулелік диагностика кабинетінің және жабдықтардың қорғасынмен ластану деңгейі 0,09·10-4 мг/см2 аспауы керек. Қызметкердің ластануына жол берілмейді.

Сәулелік диагностика кабинеті қызметкерінің ағзасына қорғасынның түсуінің алдын алу үшін келесі шараларды жүргізу керек:

· қорғасыннан, қорғасын араластырған резеңкеден жасалған жеке басты қорғайтын заттарды үлдір (пленка) материалдардан немесе клеенкадан жасалған қаптың ішіне салу керек;

· техникалық шартында көрсетілген пайдалану мерзімі өткен жеке басты қорғайтын заттарды пайдаланбау (қолданбау);

· қорғасыннан жасалған стационарлық қорғайтын құрылғылар мен бейімделген заттардың беттерін екі қайтара майлы немесе эмаль сырмен сырлау керек;

· қорғасын араластырған резеңкеден жасалған қолғаптың ішінен мақта-матадан жасалған жұқа қолғап кию керек;

· қорғасын араластырған резеңкеден жасалған жеке басты қорғайтын заттарды қолданып істеген жұмысты бітірген соң, сабынды немесе «Защита» деген препаратты қолданып, қолды жылы сумен мұқият жуу керек;

· сәулелік диагностика кабинетінің процедура бөлмесінде тамақ ішуге, темекі тартуға, косметика пайдалануға тыйым салу керек.

Сәулелік диагностика кабинетінде жұмысты бітіргеннен соң ылғалдап тазалау, еденін жуу және зерттеу кезінде пациент пен дәрігер ұстаған рентген аппаратының элементтері мен жабдықтарын мұқият дезинфекциялау керек. Айына кем дегенде 1 рет сірке қышқылының 1-2% ерітіндісін қолданып, ылғалдап тазалау жүргізілуі тиіс. Сәулелік диагностика кабинетінің процедура бөлмесінде рентгенологиялық зерттеу жүргізер алдында немесе зерттеуді жүргізу кезінде ылғалдап тазалауға тыйым салынады.

Сәулелік диагностика кабинеттері бөлмесінің ауасында азот тотықтарының концентрациясы 0,085 мг/м3, озонның – 0,005 мг/м3, қорғасынның – 0,0007 мг/м3 аспауы керек.

Иондаушы сәулеленулер медицинада бірқатар ауруларды емдеуде де қолданылады. Ағзаның терең немесе беткі бөліктерін қашықтан басқарып (дистанциялық) сәулемен емдеу үшін рентген - сәулесімен емдейтін, гамма-сәулесімен емдейтін қондырғылар және зарядталған бөлшектерді үдеткіштер қолданылады. Мысалы, тері зақымдануларын емдеу, рентген - сәулесімен емдейтін қондырғының көмегімен жүргізіледі, ал статикалых немесе қозғалмалы (ротациялық, не ротациялық-конвергенттік) сәулеленуге түсіру үшін гамма- сәулесімен емдейтін қондырғы қолданылады.

Қызметкер үшін мұндай қондырғылармен жұмыс істеу кезінде сыртқы сәулеленуге ұшырау қаупі болады. Сәулелену көздерінің белсенділігі қоңдырғыларда улкен мөлшерге дейін жететіндіктен, жұмыс орындарын стационарлық қорғау сапасына, жұмыс аусымы бойына қондырғылардың жұмыс істеу уақытының ұзақтығына; авария жағдайларын алдын алу жөніндегі жүйенің сенімділігіне айрықша көңіл аударылу керек.

Қондырғылардың құрылымдық ерекшелектіріне, олардың кабинеттерде орналастырылуына және пайдаланылуына жоғары талаптар қойылады. Мысалы, гамма – қоңдырғысы көмегімен терең және жақын фокусты емдеу жүргізу кезінде бөлмелердің келесі кешені қолданылады: пульт орнатылған – пациенттерді бақылайтын, ұзын фокусты емдеуге арналған процедура залы, қысқа фокусты емдеуге арналған процедура залы, желдету камерасы, күту бөлмесі, гамма-аппаратына арналған, басқару пультіне арналған бөлмелер.

Процедура бөлмелерінің өлшемдері қондырғының түріне байланысты. Статикалық сәулеленуге түсіру кезінде процедура бөлмесінің ауданы 20-дан 36 м2 дейін, ал қозғалмалы сәулеленуге түсіру кезінде ол 36-45 м2 дейін үлкейеді. Сәулеленуден қорғау тікелей де және шашырап түскен де сәулеленудің рұқсат етілген мөлшерге дейін әлсізденуін қамтамасыз етуі тиіс. Процедуралық бөлме мен басқару бөлмесінің арасында қорғанудың бірнеше әдістерін бірге жиі қолданады, мысалы, лабиринт түріндегі дәлізді және қорғайтын есікті. Есік міндетті түрде ашылмайтын етіп, жабылуы тиіс, яғни, ауруды сәулеге түсіру кезінде есік автоматты түрде жабылады және оны сыртынан өз бетінше ашуға мүмкіншілік болмайды.

Рентген сәулесімен емдеу процедураларын жүргізу кезінде санитарлық талаптарға сәйкес аппаратты басқару үшін де жеке бөлме бөлінуі тиіс. Бөлмелер кешеніне, қорғалған қарайтын терезесі және басқару бөлмесі мен процедура бөлмесінің арасында қорғайтын есігі бар, процедура бөлмесі кіреді. Оның ауданы, рентген сәулесімен емдейтін қондырғының түріне байланысты 24-тен 40 м2 дейін болады. Сыртқы сәулеленудің доза қуаты кез келген нүктесінде аптасына 0,4 мЗв аспауы керек, бұл қызметкердің қорғалуын қамтамасыз етеді.

Көршілес бөлмелерді сәулеленуден қорғау үшін қабырғалары, едені, төбесі қорғасынмен күшейтілуі тиіс. Ғимараттың сыртқы беттерінде және ойықтарында доза қуаты 3 мкЗв/сағ. аспауы керек.

Медицинада қолданылатын үдеткіштерден шығатын сәулеленуден қорғану жоғарыда айтылған қағида бойынша жүргізіледі, бірақ бұл кезде процедура бөлмесінің ауданы 45 м2 дейін және инженерлік басқару пульті бөлмесінің ауданы 20 м2 дейін ұлғаяды. Себебі, үдеткіштерден шығатын сәулеленудің енгіштік қабілеті үлкен, қорғану лабиринт түріндегі жоспарлау жүйесімен күшейтіледі, ал ауруларды бақылау теледидар қондырғылары көмегімен жүргізеді.

Гамма-сәулесімен емдеу бөліміндегі қызметкердің сәулеленуге шалдығу деңгейі гигиеналық нормадан аспайды, жылына ол 15мЗв құрайды, ал сәулеленуге түсіретін аса қуатты қондырғылар мен сызықтық үдеткіштер толық жүктеме бойынша жұмыс істеу кезінде – жылына 3,6 мЗв аспайды.

Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу жағдайына санитарлық-дозиметрлік бақылау жүргізу кезінде, сыртқы сәулеленуге ұшыраудан алатын дозаны анықтау және қорғануды бақылау үшін, аспаптардың көмегімен өлшеулерден басқа, теориялық есептеу де жүргізілуі мүмкін.Алдын алу жөніндегі санитарлық бақылауды жүргізу кезінде есептеу әдістерінің ерекше маңызы бар.

Гигиена практикасында γ- және рентген сәулеленулері мен нейтрондардан алатын дозаларын есептеп табу және қорғануды бақылау әдістері, бәрінен де жиі қолданылады.

Есептеу әдістерінің негізіне иондаушы сәулеленудің кеңістікте таралуының кейбір заңдылықтары, олардың түрлі заттармен өзара әрекеттесуі және басқалар қойылған, ол туралы бұрын айтылған.

Өндіріс технологиясына байланысты, белсенді заттарды ашық түрінде, яғни олардың ашық көздерін пайдаланатын көптеген зертханалар, мекемелер және кәсіпорындар адам мен қоршаған ортаға потенциалды қауіп тудыруы мүмкін. Мұндай нысандарды шартты түрде екі топқа бөледі.

Бірінші топқа белсенді заттарды ашық түрінде қолдану, өндірістің өз технологиясымен қарастырылған нысандар жатады.

Мысалы, ашық сәулелену көздері медицина мекемелерінде бірқатар ауруларды емдеу және диагнозын анықтау үшін кеңінен қолданылады; ауылшаруашылық саласындағы зертханаларда - топыраққа берілген тыңайтқыштардың өсімдіктерге сіңу үрдістерін зерттеу үшін, өсімдіктердің қоректенуіндегі микроэлементтердің ролін анықтау және басқа да ғылыми-зерттеу мәселелерін шешуде; өнеркәсіп саласындағы зертханаларда - машина жасауда әр түрлі қондырғылардың тетіктерінің ескіруін зерттеуде, шлак пайда болуы үрдісін және мартен пештерінде металл ломдарын балқыту динамикасын бағалау және т.б. қолданылады.

Екінші тобына, белсенді заттар ашық түрінде технологиялық үрдістің болмай қалмайтын өнімі ретінде, ал жеке жағдайларда керексіз жанама өнімі ретінде пайда болатын нысандар жатады. Бұлар - белсенді кен өндіретін кеніштер және оларды өңдейтін зауыттар, атом электр станциялары, экспериментальдық реакторлар, зарядталған бөлшектердің қуатты үдеткіштері, т.б.

РҚН-99-ға сәйкес барлық радионуклидтер минимальды мәнді жиынтық белсенділігіне байланысты 4 радиациялық қауіптілік тобына (А,Б,В,Г) бөлінеді:

А-1·103 Бк;

Б-1·104 Бк

В-1·106 Бк;

Г-1·108 және 1х109 Бк, сондай ақ Кr- 83m, Kr-85m және Хе-135m

Радиациялық тұрғыдан, қауіптілігі ең жоғары А тобына радий-226, калифорний-252, плутоний-240, Б-тобына -. йод-131, кобальт-60 жатады. Медицина практикасында қолданылатын радионуклитдердің ең көп саны радиациялық қауіптілігі бойынша В тобына жатады.

Радияциялық гигиенада иондаушы сәулеленудің ашық көздерін пайдалану кезінде, «жұмыс класы» деген түсінік енгізілген. Орындалатын жұмыстың класы неғұрлым жоғары болса, қызметкерді ішкі сәулеленуден қорғауға қойылатын талаптар соғұрлым жоғары болады. Ашық белсенді көздермен жұмыс істеу класы жұмыс орнындағы белсенді заттардың мөлшеріне, яғни, радиациялық қауіптілігі бойынша есептеу жолымен А тобына келтірілген радионуклидтің жиынтық белсенділігіне байланысты анықталады. Осы параметрлерді ескеріп, 3 класқа бөледі (12.8-кесте).

Радионуклидтердің біреуінің (монофакторлық) ағзаға стандартты түсуі жағдайларында, радионуклидтердің тыныс алу мүшелері арқылы жылдық түсуі және тыныс алатын ауада олардың орташа жылдық көлемдік белсенділігі, 12.9 және 12.10- кестелерде келтірілген, ЖТШ және РЕКБ сандық мәнінен аспауы керек.

Кесте

Иондаушы сәулеленудің ашық көздерімен істелетін жұмыс кластары (СанЕмН-2003)

Жұмыс кластары А тобына келтірілген, жұмыс орнындағы жиынтық белсенділігі, Бк
I класс 108 жоғары
II класс 105 –нен 108- ге дейін
III класс 103 –нен 105 ге дейін

 

12.9-кесте. Жеке радионуклидтердің доза коэффициенттерінің, ауамен жылдық түсу шегінің және ауадағы рұқсат етілген орташа жылдық көлемдік белсенділігінің (РҚН-99) «Қызметкер»санатына арналған мәндері

 

Радио- нуклид Жартылай ыдырау кезеңі, Т1/2 Ингаляция кезіндегі қосылыс-тардың түрі [1] Доза коэффициенті Зв/Бк Жылдық түсу шегі, ЖТШ қызметкер, Бк/жыл Рұқсат етілген орташа жылдық көлемдік белсенділігі, РЕКБ қызметкер, Бк/м3
14С 5,73+03 жыл Г1 5,8-10 3,4+07 1,4+04
24Na 15,0 жыл Т 2,9-10 6,9+07 2,8+04
60Со 5,27 жыл А 9,6-0,9 2,1+06 8,3+02
90Sr 29,1 жыл Т 2,4-08 8,3+05 3,3+02
131I 8,04 тәул Т 7,6-09 2,6+06 1,1+03
137Cs 30,0 жыл Т 4,8-09 4,2+06 1,7+03

 

Бұл кестелерде доза шектері, қызметкер үшін жылына 20 мЗв, ал халық үшін - 1 мЗв тең деп алынған. 12.9.- және 12.10 -кестедегі 1,6-12 түріндегі жазба 1,6 10-12 білдіреді, ал 1,6+12 түріндегі жазба - 1,6 10+12 білдіреді. Сәулеленуге ұшыраудын барлық жолдары үшін стандартты жағдайда рұқсат етілген деңгейлерінің мәні төмендегі параметрлер бойынша сипатталады:

· күнтізбелік жыл бойына ағзаға радионуклид түсетін, тыныс алуда жұтылатын ауаның көлемімен (V);

· күнтізбелік жыл бойына сәулеленуге шалдығу уақытымен (t);

· күнтізбелік жыл бойына ағзаға радионуклид түсетін ауыз судың массасымен (М);

· иондаушы сәулелену ағындарынан сыртқы сәулеленуге шалдығудың геометриясымен.

Тыныс алу мүшелері арқылы радионуклидтердің белсенді аэрозольдер түрінде ағзаға енуін нормалау мақсатында, олардың химиялық қосылыстары


Кесте

Тыныс алатын ауадағы рұқсат етілген көлемдік белсенділігінің ауа және тағаммен жылдық түсу шегінің дозалық коэффициенттерінің маңызы және «тұрғындар» категориясы үшін сумен түсетін жекелеген радионуклидтердің түсуі кезіндегі араласу деңгейі (РҚН-99)

  Радио-нуклид   Жартылай ыдырау кезеңі, Т1/2 Ауамен түсу Сумен және тағаммен түсу
Күйзеліс тобы, КТ [5] Дозалық коэффи-циент, Зв/Бк Жылдық ену шегі ЖЕШ, Бк/жыл Рұқсат етілген орта жылдық көлемдік белсенділік, РКБ, Бк/м3 Күйзеліс тобы, КТ [5] Дозалық коэффициент ДК, Зв/Бк Жылдық ену шегі ЖЕШ, Бк/жыл Араласу деңгейі АДсу, Бк/кг
14С   5,73+3 жыл #5 2,5-9 4,0+5 5,5+1 #2 1,6-9 6,3+5 2,4+2
24Na   2,60 жыл #2 7,3-9 1,4+5 7,2+1 #2 1,5-8 6,7+4 4,3+1
60Со   5,27 жыл #5 1,2-8 8,3+4 1,1+1 #2 2,7-8 3,7+4 4,1+1
90Sr   29,1 жыл #5 5,0-8 2,0+4 2,7 #5 8,0-8 1,3+4 5,0
131I   8,04 тәул #2 7,2-8 1,4+4 7,3 #2 1,8-7 5,6+3 6,3
137Cs   30,0 жыл #6 4,6-9 2,2+5 2,7+1 #6 1,3-8 7,7+4 1,1+1

Ескерту: [5] КТ белгісі: #1 – 1 жасқа дейінгі жаңа туылған сәбилер; #2 –1-2 жастағы сәбилер; #3 – 2-7 жастағы балалар; #4 –7-12 жастағы балалар; #5 –12-17жастағы балалар; #6 – ересектер (17 жастан жоғары).


Дата добавления: 2014-12-11 | Просмотры: 1001 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.013 сек.)