АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Минералды заттар. 33 страница

Прочитайте:
  1. A. дисфагия 1 страница
  2. A. дисфагия 1 страница
  3. A. дисфагия 2 страница
  4. A. дисфагия 2 страница
  5. A. дисфагия 3 страница
  6. A. дисфагия 3 страница
  7. A. дисфагия 4 страница
  8. A. дисфагия 4 страница
  9. A. дисфагия 5 страница
  10. A. дисфагия 5 страница

Еңбек үрдісі факторлары әсерімен байланысты өндірістік қажу мен аурулардың алдын алу ең бірінші кезекте жұмыс үрдістерін механикаландырудан, қол еңбегін машина жұмысымен ауыстырудан тұрады.

Жұмыс істеу кезінде қолайлы дене қалпын таңдау, дене қалпын өз қалауынша өзгерте алу мүмкіншілігі, жұмысты отырып та, тұрып та істеу маңызды болып табылады. Егер жұмыс тек тұрып істелетін болса, онда отырып демалатын, қысқа мерзімді үзілістер ұйымдастырылуы тиіс. Жұмыс кезіндегі дене қалпының қалыптасуы, көбінде жұмыс орнының ұйымдастырылуына, жиһаздар мен жабдықтардың құрылысына байланысты. Мысалы, жұмыс істейтін заттың беті өте төмен не жоғары орналасса, дененің ыңғайсыз жұмыс қалпын туғызады. Орындықтың құрастырылымы жұмысшының бойына және ол жұмыс істейтін станоктың ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Орындықтың арқалығы, отырғышы, шынтақ және аяқ қоятындары болуы керек, олардың негізгі параметрлері жұмысшының антропометрлік көрсеткіштеріне және орындайтын жұмысына сәйкестендіріп реттелінетін болуы тиіс.

Жұмыс орнын жобалап келесідей зоналарға бөлу керек: дәл және жиі қимылдарды орындау үшін ең ыңғайлы зонаға, мұнда жиі қолданылатын басқару органдары орналасуы тиіс; жеңіл қол жетерлік зонаға - бұл зонада жеткілікті дәрежедегі дәл және жиі қимылдар орындалады және жиі қолданылатын басқару органдары орналасады; қол жетерлік зонаға - бұл зонадағы жұмыс үлкен қимыл амплитудасын қажет етеді, және мұнда сирек қолданылатын басқару механизмдерін орналастыру керек. Қолайлы зонада істелетін жұмыс, бұлшықеттің зорлануын және дамып келе жатқан қажуды едәуір азайтады. Жұмысшылардың анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, еңбек үрдістері мен жұмыс орындарын ұтымды етіп ұйымдастыру мәселелерін шешумен еңбек физиологиясының қолданбалы бөлімі – эргономика айналысады.

Қажуды болдырмауға және жоғары жұмыс қабілеттілігіне, сондай-ақ өндірістік оқу үрдісінде тұрақты түрде жаттығу және машықтану арқылы дағдылар алып қол жеткізеді. Соның нәтижесінде динамикалық өндірістік стереотип (ІХ бөлімнің 6.1 тарауынан қара) қалыптасады, бұл автоматты түрде қимылдар жасауға, оларды көп күш салмай жоғары дәлдікпен орындауға мүмкіндік береді.

Қажудың және кәсібіне байланысты патологияның алдын алуда ауысым ішілік жұмыс режимі мен демалу режимін дұрыс ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Әдетте, түскі үзіліс, сонымен қатар регламенттелген қысқа мерзімдік үзілістер енгізіледі. Регламенттелген үзілістер аса қысқа (5 минуттан кем) болмауы керек, себебі еңбекке қабілеттілігінің қалпына келуіне жеткіліксіз болады. Олар ұзақ та болмауы керек, себебі динамикалық стереотип бұзылады. Еңбекке қабілеттіліктің қандай болса да бір кезеңінде ұйымдастырылған үзіліс, оны осы кезеңнің алдындағысына қайта алып келеді. Үлкен жүйке зорлануын және зейін қоюды, қолдың тез және дәл қимылдарын қажет ететін жұмыстарда жиі, бірақ қысқа - 5-10 минуттық үзілістер жасау орынды деп саналады. 10-12 минуттық ұзағырақ үзілістер көп күш салынатын және ірі бұлшықеттердің қатысуымен жүретін жұмыс түрлерін орындағанда берілуі керек. Регламенттелген үзілістерден басқа, жұмыста тағы қолайлы жұмыс қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік туғызатын, жұмыс операциялары мен әрекеттері арасында өздігінен пайда болатын микропаузалар – үзілістер де болады.

Ауысым ішілік дем алу белсенді түрде, яғни гипокинезия және гиподинамиямен сипатталатын жұмыс кезінде дене қимылына жаттығулардың (өндірістік гимнастика) кешені орындалуы керек, дене жұмысының жүктемесі едәуір жұмыс түрлерінде - пассивті демалу жақсырақ деп саналады. Күніне бірнеше рет 5-10 минуттық физкультпаузалар және 2-3 минут бойына физкультураминуттары жүргізілуі керек, ол кезде мойын, арқа, қол, аяқтарға арналған жаттығулар, тыныс алу жаттығулары жасалынады.

Өндірістік ортаның қолайлы жағдайлары да: ортаның зиянды факторларының деңгейі рұқсат етілген шамасынан аспайтын қолайлы микроклиматтық жағдайлары жұмыс қабілеттілігінің жоғары болуына мүмкіндік туғызады.

4. Өндірістік микроклимат, қолайсыз микроклиматтық жағдайларымен байланысты аурулардың алдын алу.

Өндірістік микроклимат ауа ортасының физикалық факторларының – ауа температурасының, ылғалдылығының, қозғалу жылдамдығының және инфрақызыл сәулелердің жиынтығы болып табылады. Өндірістік микроклимат бұл факторлардың едәуір дәрежеде әр түрлі болып қалыптасуымен ерекшеленеді және ол өндіріс үрдісінің сипатына, сыртқы метеорологиялық жағдайларға, ауа алмасуының ұйымдастырылуына, т.с.с. байланысты болады. Көптеген өндірістерде (ыстық цехтар) технологиялық үрдіс барысында қызған қондырғылардан, балқыған және барынша қызған металдардан, шыныдан, ауаға өткен ыстық булар мен газдардан бөлінетін жылу есебінен ауа мен қоршаған нысандардың ысып кетуіне алып келетін жағдайлар туындайды. Мұндай цехтарға металлургия зауыттарындағы мартен, прокат, домна цехтары, тоқыма өнеркәсібіндегі бояу, кептіру бөлімдері, тері илеу, қант зауыттары, қағаз өндірісі жатады. Жаз күндері ыстық цехтардағы ауа температурасы 35-40ºС дейін және одан да жоғары көтерілуі мүмкін. Әдетте, мұндай цехтарда едәуір мөлшерде жылу сәулелендіретін көздері де (қызған болат балқытатын пештер, химиялық қондырғылар және т.б.) болады. Ыстық ауа ағымдары жоғары көтеріледі, төменгі жағына оның орнына сырттан суық ауа келіп түседі,бұл ауаның қозғалу қарқындылығын біршама күшейтеді және әсіресе қысқы күндері өтпе желдердің пайда болуына себепші болады.

Бірқатар өндірістер (суық цехтар) арнайы қалыптастырылатын ауаның төмен температураларымен сипатталады (тоңазытқыштар, кеме жасау өнеркәсібі, сыра қайнату зауыттарының ашыту бөлімі, тез бұзылатын тағам сақтайтын қоймалар және басқалар). Бұл цехтардағы ауа температурасы 0ºС жақын болуы мүмкін.

Буланатын беттері үлкен және суды көп мөлшерде пайдаланатын өндірістік жайларда (бояу, тері илеу, қант зауыттары, батпақ және сумен емдейтін бөлмелер) ауаның жоғары ылғалдығы байқалуы мүмкін (70% жоғары).

Өндірістік үрдіске байланысты бір өндірістерде тек ауаның температурасының өзгерістері басым болуы мүмкін, басқаларында - ауа ылғалдылығы, үшіншілерінде – барлық факторлардың кешенінде өзгерістер едәуір болуы мүмкін.

Ыстық және суық цехтардағы қолайсыз микроклиматтың әсер етуі әр түрлі жылулық патологияның дамуына алып келуі мүмкін: жедел және созылмалы түрдегі дененің қатты қызуына немесе салдары қатар жүретін, ауырлық дәрежесі әр түрлі дененің қатты салқындауына (ІІІ бөлімнің 3.1 тарауын қара). Инфрақызыл сәулелену, жалпы термиялық әсерінен басқа кәсіптік катарактаның жиі себептерінің бірі болып табылады.

Микроклимат жағдайларының адам ағзасына әсер етуіне байланысты, оларды қолайлы, рұқсат етілген, зиянды және қауіпті микроклимат жағдайларына бөледі. Қолайлы жағдайлар жалпы және жергілікті қолайсыз сезімдер болмайтын, жылу реттелу механизмдерінің зорлануы минимальды болатын микроклимат көрсеткіштерімен анықталады, ол бүкіл жұмыс ауысымы бойына адам ағзасында қолайлы жылылық жағдай сақталуын қамтамасыз етеді. Рұқсат етілген жағдайлар денсаулықты бұзбай және жылылық жағдайды салыстырмалы түрде тұрақты сақтап, жылу реттейтін механизмдердің орташа дәрежеде зорлануын, болар болмас қолайсыз жылу сезінуін, еңбекке қабілеттіліктің біршама төмендеуін туғызады. Зиянды жағдайлар айқын қолайсыз жылу сезінуімен, жылу реттелу механизмдерінің едәуір зорлануымен, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуімен, ағза жылуының тұрақтылығы және адам денсаулығы бұзылуымен сипатталады. Экстремальды жағдайлар қысқа уақыт ішінде жылылық жағдайының күрт бұзылуын, денсаулық бұзылыстары мен өлім қаупін туындатады.

Тұрғын және қоғамдық үйлерге қарағанда өндірістік жайлардың микроклиматын гигиеналық нормалау кезінде энергия шығыны бойынша жұмыс категориясы ескеріледі (11.1 кесте).

Кесте

Өндірістік жайлардың жұмыс орындарындағы ықшамклиматтың қолайлы нормалары

 

Жыл мезгілі Жұмыс категориясы (энергия шығыны бойынша,Вт) Ауа темпера- турасы, ºС Беткей-лердің темпера- турасы,ºС Ауаның салыстырмалы ылғалдығы, % Ауаның қозғалу жылдамдығы, м/сек артық емес
Суық Іа (139 дейін) 22-24 21-25 60-40 0,1
  Іб (140-174) 21-23 20-24 60-40 0,1
  ІІа (175-232) 19-21 18-22 60-40 0,2
  ІІб (233-290) 17-19 16-20 60-40 0,2
  ІІІ (290 көп) 16-18 15-19 60-40 0,3
Жылы Іа (139 дейін) 23-25 22-26 60-40 0,1
  Іб (140-174) 22-24 21-25 60-40 0,1
  ІІа (175-232) 20-22 19-23 60-40 0,2
  ІІб (233-290) 19-21 18-22 60-40 0,2
  ІІІ (290 көп) 18-20 17-21 60-40 0,3

 

Қолайлы микроклимат параметрлерін қамтамсыз ету мүмкін болмаған жағдайда норматив ретінде рұқсат етілген микроклимат жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін мәндері алынады. Өндірістік микроклиматтың қолайсыз қолайсыз әсерлерінің алдын алу шаралары, сондай-ақ бірқатар техникалық, санитарлық-техникалық, емдеу-алдын алу шаралар есебінен іске асырылады (ІІІ бөлімнің 3.1.-тарауын қара).

5. Зиянды фактор ретіндегі, өндірістік шаңның қолайсыз әсерінің алдын алу.

Өндірістік шаң ең кең таралған зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың бірі. Шаң өте көп әр түрлі технологиялық үрдістер кезінде жұмыс зонасы ауасына бөлініп өндірістердің басым көпшілігінде кездеседі. Бұл өндірістер – пайдалы кен қазбаларын алу, машина жасау және металлургия өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және т.с.с.

Өндірістік шаң ауада қалқып жүретін, баяу қонатын өлшемі бірнеше ондаған мкм-ден жүздеген мкм дейін жететін қатты бөлшектер, яғни аэрозоль болып табылады, оның дисперсті фазасы қатты бөлшектер де, ал дисперсті ортасы ауа. Өндірістік шаңды шығу тегі, түзілу тәсілі мен бөлшектерінің өлшемі (дисперстілігі) бойынша жіктейді.

Шығу тегі бойынша шаңды бейорганикалық, органикалық және аралас деп бөледі. Органикалық шаң жануар немесе өсімдік текті табиғи (ағаш, мақта, сүйек, жүн шаңы және т.б.) және жасанды – пластикалық массалар, резеңке, шайыр, бояғыш заттардың және т.с.с. шаңдары болуы мүмкін. Бейорганикалық шаң минерал (кварц, силикат, асбест, цемент шаңы және т.с.с.), сонымен қатар метал (мырыш, темір, мыс, қорғасын, марганец және т,б,) шаңы болуы мүмкін. Металлургия өнеркәсібінде, химия және басқа өндірістерде әр түрлі органикалық және бейорганикалық шаңдардан тұратын аралас шаңдар түзілуі мүмкін.

Түзілу тәсіліне байланысты дезинтеграция және конденсация аэрозольдерін ажыратады. Дезинтеграция аэрозольдері (майдалау) механикалық жолмен ұсақтауда, бұрғылауда, қатты заттарды бұзғанда (бұрғылауда, жарылыс жұмыстарында, материалдарды ұнтақтағанда), бұйымдарды механикалық өңдеу кезінде (тазалау, құю, заттың беттерін тегістеу) түзіледі. Конденсация аэрозольдері қатты заттарды термиялық өңдеу үрдістерінде (металлдарды балқытқанда, электрлік дәнекерлеуде және т.б.) металдар мен метал еместердің буларын суыту және конденсациялау нәтижесінде түзіледі. Пластмассаларды өңдеу кезінде құрамы қатты және сұйық бөлшектер, күрделі химиялық құрамы газдардан, булардан тұратын шаңды газды аэрозольды қоспалар түзіледі.

Дисперстілігі - бөлшектердің өлшемі бойынша– бөлшектердің өлшемі 10 мкм артық болса көрінетін, –0,25 мкм-ден 10мкм дейінгі, микроскопиялық және 0,25 мкм кем ультрмикроскопиялық шаңдарға бөледі.

Шаңның адам ағзасына әсер етуі оның қасиеттеріне: химиялық құрамына, физико-химиялық қасиеттеріне, қаттылығына, адсорбциялық қасиетіне байланысты болады. Шаңның химиялық құрамы оның ағзаға әсер етуінің сан алуандығын анықтайды. Өкпеде дәнекер тіннің өсіп кетуіне алып келетін басым фиброгенді әсер ететін, және әсер ету сипаты басқа да – уландыратын, тітіркендіретін, сенсибилизациялаушы және т.с.с. шаңдарды ажыратады. Құрамында бос күйіндегі кремнийдің қос тотығы, силикаттар, металлдар мен олардың тотықтары және т.б. бар шаңдар ең айқын фиброгенді қасиетке ие. Улы емес шаңның ерігіштігі оның өкпеден бөлінуін тездетеді және фиброз дамуын бәсеңдетеді, ал нашар еритін фиброгенді шаңдар өкпеде жиналып, фиброздың дамуына алып келеді. Егер шаң улы болса, онда оның ерігіштігі ағзаға тез түсуіне және улы әсерінің эффектілері дамуына ықпал етеді. Нашар еритін улы шаң өкпеде ұсталынып, уландыратын әсері аз болады.

Шаңның ауада қалқып жүру ұзақтығы мен тыныс жолдарына ену тереңдігі оның дисперстілігіне байланысты болады. Көрінетін шаң тез қонады, тыныс алғанда жоғары тыныс жолдарында ұсталынып қалады және түшкіргенде және жөтелгенде сыртқа шығады. Көрінетін шаң жиі терең дем алумен жүретін ауыр жұмыстарды орындаған кезде фиброз дамуында елеулі рол атқаруы мүмкін. Микроскопиялық бөлшектер ауада қалқыған күйінде ұзақ уақыт болады және өкпеге терең енеді. Фиброгендік үрдістер дамуында оларға негізгі рол беріледі. Ультромикроскопиялық бөлшектер де альвеолаларға түседі, бірақ олардың жиынтық массасы аз болғандықтан спецификалық аурулардың дамуында айтарлықтай маңызды емес.

Шаңның электрлік зарядтылығы олардың ауада болу уақытына және тыныс жолдарында ұсталынып қалу дәрежесіне әсерін тигізеді. Егер аэрозольде оң және теріс зарядталған бөлшектер болса, онда ол олардың агломерациялануына және шаң бөлшектерінің қонуына ықпал жасайды. Электрлік зарядталған шаң тыныс жолдарында және альвеолаларда қарқындырақ ұсталынады.

Бөлшектердің пішіні мен құрылымы да айтарлықтай маңызды. Дөңгелек пішінді бөлшектер өкпеге тезірек енеді, қырлары үшкір бөлшектер тіндердің механикалық зақымдалуына алып келеді. Кремний қос тотығының кристаллды құрылымы аморфты түріндегі шаңына қарағанда үлкен биологиялық белсенділікке ие. Шаңның қаттылығы оның фиброгенді қасиетіне аз әсер етеді.

Меншікті бетінің үлкендігіне байланысты шаң көптеген улы газдарды сіңіріп алады, бұл улылық әсері жағынан оны потенциалды қауіпті етеді. Оттегін сіңіре отырып, шаң тез тұтанады және жарылу тұрғысынан қаупті болады. Шаң ауаның микробтармен және саңырауқұлақтармен ластануын күшейтеді, себебі әр түрлі микрофлораны тасымалдаушы болып табылады.

Шығу тегіне, химиялық құрамына, ерігіштігіне, дисперстілігіне, шаңдардың пішініне байланысты фиброгенді шаң адамда әр түрлі шаңнан пайда болатын аурулардың себебі болуы мүмкін. Мұндай ауруларды спецификалық (пневмокониоздар, аллергиялық аурулар) және спецификалық емес (бронхиттер, ларингиттер, трахеиттер, пневмония, конъюктивиттер, кератиттер, дерматиттер, пиодермия) деп бөледі.

Шаңның әсерінен пайда болатын кәсіби спецификалық аурулардың ішінде пневмокониоздар аса маңызды. Пневмокониоздар – бұл өндіріс жағдайында белгілі бір құрамды өнеркәсіптік шаңның ұзақ уақыт әсер етуі нәтижесінде пайда болатын және өкпеде фиброз (дәнекер тінінің өсуі) дамуымен сипатталатын өкпенің созылмалы ауруы. Пневмокониоздардың бес тобын ажыратады:

I. Минералды шаңнан пайда болатын: силикоздар; силикатоздар (асбестоз, талькоз, коалиноз, оливиоз, мулитоз, цементоз және т.б.).

II. Металл шаңынан пайда болатын: сидероз; охроз; алюминоз; бериллиоз; баритоз; манганокониоз және басқалар.

III. Құрамында көмірі бар шаңнан пайда болатын: антракоз; графитоз және т.б.

IV. Органикалық шаңнан пайда болатын: биссиниоз («мақта мен зығыр шаңынан), багассоз (қант құрағының шаңынан), фермер өкпесі (құрамында саңырауқұлақтары бар ауыл шаруашылық шаңнан).

V. Аралас құрамды шаңнан пайда болатын пневмокониоздарды: силико-асбестоз; антракосиликоз және басқалары.

Шаңның фиброгендігіне байланысты пневмокониоздарды 3 топқа бөледі:

· Жоғары фиброгенді және аз фиброгенді шаңның әсерінен (кремниий қос тотығының мөлшері 10% көп – силикоз, антракосиликоз, силикосидероз және т.б.) пайда болған пневмокониоздарға

· Әлсіз фиброгенді шаңның әсерінен (кремниий қос тотығының мөлшері 10% аз немесе ол болмайтын шаңдар– силикатоздар, карбоканиоздар, тегістеушілердің пневмокониоздары, сидероз және басқалары) пайда болған пневмокониоздарға

· Токсигенді улы-аллергенді әсер ететін аэрозольдердің әсерінен (металл-аллергендердің, пластмассалардың шаңы, басқа да органикалық шаңдар және басқалары) пайда болған пневмокониоздарға бөледі.

Өкпеде фиброз үрдісі 3 түрде өтуі мүмкін:

· түйінді, ең кең таралған, құрамында SiO2 немесе басқа шаң бөлшектері бар склероздық түйіндердің көп болуымен сипатталатын түрі. Мұндай түрінде силикоздың, 2 және 3 кезеңі, сонымен қатар жиі кремнийдің байланысқан күйдегі қос тотығы туғызатын силикатоздар асбестоз, талькоз және коалиноз өтеді.

· Дәнекер тіндері таралған (диффузды-склероздық) түрі, ағымы қатерсіздеу (жиі фарфор-фаянс, мыс кені тақтатас өнеркәсіптерінде, жұмыс істейтіндерде кездеседі), бұл түрінің ағымында көп жағдайларда аурудың белгілері байқалмайды, дәнекер тіндері (склероз) қарқынды дамуымен және түйіндерінің саны аз болуымен сипатталады. Мұндай түрі силикатоздарға, сидерозға, антракозға, бисииниозға тән.

· ісік тәрізді түрі, түйіндердің бір-бірімен қосылуымен және ісік тәрізді ірі шеміршекті түйіндердің түзілуімен сипатталады. Силикоздың, бериллиоздың ауыр түрлерінде кездеседі.

Пневмокониоздардың ішіндегі ең қауіптісіне, бос күйіндегі SiO2 әсерінен туындайтын силикоз жатады. Ол жұмыс зонасы ауасында бос күйіндегі SiO2 болатын өнеркәсіптің әр түрлі салаларындағы жұмысшыларда кездеседі. SiO2 , кремнозем, кремний қышқылының ангидриді жер қыртысының 28%-ын және тау жыныстарының 60% құрайды. Химиялық тұрғыдан таза кремнозем тау хрусталы деп аталады, ол түссіз және мөлдір. Жиі SiO2 құрамында оған әр түрлі түс беретін қоспалар болады. Силикоздың дамуында шаңның концентрациясы мен дисперстілігі маңызды болады. Бөлшектерінің өлшемі 1-2 мкм, құрамындағы бос күйіндегі SiO2 мөлшері 5-10% болатын шаң ең қауіпті болып саналады.

Силикоз шаңы, көп кәсіп түрінде 5-10 жыл жұмыс істегеннен кейін дамиды. Дегенмен, туннелдер қазған кезде жұмыс басталғаннан 1-2 ай өткеннен кейін силикоз дамыған жағдайлар да жазылған. Силикоз, сондай ақ онымен қатынас жасауды үзгеннен кейін көп жылдар өткеннен соң да дамуы мүмкін. Аурудың алғашқы кезеңдеріндегі белгілері мардымсыз: жөтел, кеуде торында ауыратын сезім, ентігу байқалады. Олар патологиялық үрдістің дамуына қарай күшейе түседі. Силикоздың ағымы үдемелі және қайтымсыз, айқын өкпе және жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі дамуы себебінен науқастардың өліміне әкеп соғады. Силикоз өте жиі өкпе туберкулезімен асқынады, оны емдеудің тиімділігі көбінесе аз болады, себебі өкпедегі склероздық өзгерістерге байланысты туберкулезге қарсы дәрі – дәрмектердің патологиялық ошаққа келіп түсуі қиындайды.

Силикоздың даму жөніндегі көптеген теорияларының ішінде иммунологиялық теорияға маңызды орын беріледі. Оның мәні келесіде: бастапқы буынында SiO2 шаңы макрофагтармен фагацитозға ұшырайды, сөйтіп шаң жасушаларына айналады. Әрі қарай SiO2 әсерінен макрофагтар өледі. Макрофагтар ыдыраған кезде күрделі белоктар – муко- және липопротеиндер түзіледі, олар ретикуло-эндотелиалды жүйеде қарсы денелердің (антитела) түзілуін туғызатын антигендер, яғни аутоантигендер болып табылады. Бұл кезде пайда болған гиалин түріндегі преципитат (аутоантиген+қарсыдене) түзіліп жатқан силикозды түйіннің жаңа түзілген ретикулин талшығына жиналады, гиалин түріндегі преципитаттың әдеттегі тыртық дәнекер тініндегі гиалиннен айырмашылығы құрамында β- және γ- глобулиндердің көп мөлшерде болуында. Босап шыққан SiO2 бөлшектері қайтадан фагоциттеледі де үрдіс қайталанады. Бір мезгілде силикоз түйіншектері мен лимфа түйіндерінде қарсы денелердің түзілуінде үлкен рол атқаратын плазмалық жасушалардың түзілуі күшейеді. Силикоз кезіндегі склероздың негізінде қабыну үрдісі емес, склероздық үрдіс жатыр.

Силикатоздарды кремний қос тотығы басқа элементтермен: магниймен, кальциймен, темірмен, алюминиймен және басқалармен байланысқан күйінде болатын шаң туғызады. Силикаттарға асбест, тальк, каолин, цемент, слюда және басқа да қосылыстар жатады.Силикатоздар силикозға қарағанда кешірек дамиды. Олардың көбісі диффузды-склероздық түрде өтеді, үдемелілігі төмен болады. Әйтсе де, асбестоз, каолиноз, талькоз сияқты силикатоздар кезінде фиброздың түйіншекті түрі де кездеседі, ал оның ағымы біртіндеп ауырлай береді. Асбестозға жиі өкпе обыры қосылады, ал басқа силикатоздар жиі туберкулезбен асқынады.


Дата добавления: 2014-12-11 | Просмотры: 1630 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.008 сек.)