АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Т.В.Честнова, А.С.Игнатькова, Л.В.Мухин

Прочитайте:
  1. Т.В.Честнова, А.С.Игнатькова, Л.В.Мухин

Жеке бас гигиенасы гигиеналық ғылымның ерекше бөлігі болып табылады, себебі, ол,қоғамдық гигиенадағы сияқты орындауға міндетті түрде мәжбүр ететін мемлекеттік механизмдерсіз, адамның өз еркімен өзінің жеке өмірі мен әрекеттері үрдісіндегигиеналық нормалар мен ережелерді сақтау арқылы өзінің денсаулығын сақтауы мен нығайтуы жөніндегі, мәселелерді зерттейді.

«Өмірді ұзарту өнері - оны қысқарту емес» деген ертеде. Қазіргі кездегі адамның аурулары, ең алдымен, оның қалыптасқан өмір сүру сипаты мен мінез-құлқына байланысты.Өркениет адамға қолайлы жағдайлар тудырып қана қоймай, сонымен бірге, қоршаған ортаға түсетін техногенді жүктемелерінің ұлғайуына, адамға түсетін ақпараттық жүктемелерінің жоғарлауына, шектен артық психоэмоционалдық зорлануына, қозғалыс белсенділігінің азайуына, артық немесе жеткіліксіз тамақтануына, маскүнемдіктің, темекі шегудің, нашақорлықтың, соз аурулары, ЖИТС өсуіне және т.б жағымсыз құбылыстардың туындауына себеп болды. Бұл факторлардың көпшілігі, таралуы бойынша, халықтың еңбекке қабілеттілігінің нашарлауы мен өлім-жітімі жағынан алдыңғы орындардың бірін алатын, жүрек-қан тамырлары аурулар дамуының қауіп-қатер факторлары болып табылады.

Олардың басқа да кең таралған аурулардың: бауыр, ас қорыту мүшелері, ұйқы асты безі ауруларының, семіздік, сусамыр ауруы, қатерлі ісіктер, невроздар, т.б. дамуында рөлі аз емес. Ішімдікке салыну мен есірткі заттарды пайдалану, бұдан басқа, жеке тұлғаның деградациясына, суицидқа, өмір сүру ұзақтығының едәуір қысқаруына, денсаулығында ақаулары бар ұрпақтың дүниеге келуіне, АИВ (ВИЧ), соз аурулары, С гепатитін, т.б. ауруларды жұқтыру деңгейінің өсуіне әкеп соғады.

Мұндай жағдайда, жеке бас гигиенасының негізі болып табылатын салауатты өмір салты жеке бас адамның денсаулығын қалыптастыру үшін өмір сүрудің негізгі стилі болып табылады. Академик Н.М. Амосов: «Дені сау болу үшін, адам едәуір және үнемі өз күшін салу тиіс. Оларды ешнәрсемен алмастыруға болмайды» деген. Салауатты өмір салты бір-бірімен өзара байланысты бірнеше элементтерден құралады: тамақтану мәдениетінен, қозғалыс мәдениетінен және эмоция мәдениетінен.. Жеке бас гигиенасы салауатты өмір салтының барлық аспектілерін қамтитын кең ауқымды сұрақтарды қарастырады. Оның сферасына дене және ауыз қуысы гигиенасы, дене шынықтыру және шынығу, киім және аяқ киім гигиенасы, жыныстық гигиенасы, жеке тамақтанудың гигиенасы, зиянды әдеттердің алдын алу, психогигиена, еңбек және демалу гигиенасы, тұрғын үй гигиенасы кіреді.Жеке бас гигиенасы ұсынатын ережелер мен нормативтері, оларды адам ұғынып қолданған кезде, гипокинезиямен, артық тамақтанумен, семіздікпен, жүйке-психикалық және ақыл-ой жүктемелерінің шамадан тыс болуымен тиімді күресуге; сондай-ақ, аутоагрессивті әсерлердің және көптеген аурулардың дамуының алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау жеке алғандағы адамның өзі үшін ғана емес, оның айналасындағы адамдар мен бүкіл қоғам үшін де маңызды болып табылады. Мысалы, жеке бас гигиена ережелерін орындамау, жұқпалы және паразиттік аурулардың, соның ішінде, соз ауруы мен ЖИТС-тің таралуына себеп болатын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Темекі шегу темекі шеккен адамның ғана емес, көбінесе оның жанында болған, бірақ темекі шекпейтін адамдардың өкпесінде қатерлі ісіктердің даму қаупін тудырады.

Салауатты өмір салтын ұстаудағы мотивация, жеке бас гигиенасын білу және оған дағдылану адамның жас кезінен бастап қалыптасуы тиіс және әр түрлі тіршілік жағдайларға байланысты болмай, бүкіл өмірі бойына сақталып тұру қажет. Тек осы жағдайда ғана олар, аурулардың тиімді түрде бірінші және екінші реттік алдын алудың, өз денсаулығын нығайтудың, ағзаның пайдаланылмаған мүмкіншіліктерін жетілдірудің иінтірегі (рычагы) болады.

Жеке бас гигиенасының жекелеген аспектілері оқулықтың басқа да тарауларында келтірілген. Бұл тарауда тек, тері және ауыз қуыс гигиенасы, киім мен аяқ киім гигиенасы сияқты, жеке бас гигиенасының негізгі сұрақтары қарастырылады.

1. Тері және ауыз қуысының гигиенасы.

1.1. Тері гигиенасы. Тері көптеген қызмет атқарады. Оның бірі - қорғаныш қызметі. Зақымдалмаған тері белгілі бір дәрежеде ағзаны көптеген химиялық ластаушы заттардан, микроағзалардан, ыстық пен суықтан, ультракүлгін сәулелердің радиациясынан және басқа да физикалық факторлардан, механикалық зақымдалулардан қорғайды. Қорғаныш функциясының іске асуы барысында, эпителийдің табақшалы құрылымының, суда ерімейтін және ферменттердің әсеріне тұрақты сыртқы мүйізді қабаттың, тер және май бездерінен бөлінетін заттар мен терінің рН ортасы маңызды рөл атқарады. Терінің, қолтық асты, маңдай, мұрын-ерін тері қабаты және мойыннан басқа, көп бөліктерінде, бөлінген тердің реакциясы өте қышқыл болып, оның бактерияларға қарсы әсерін қамтамасыз етеді. Май бездерінен бөлінетін тері майы да, бактерицидтік қасиетке ие болып, қорғаныш қызмет атқарады. Терінің жоғары иілгіш қасиеті және серпінді тері астылық май қабатының болуы түрлі механикалық әсерлерді төмендетеді.

Терінің коллагенді, серпімді және аргирофильді талшықтары, сонымен қатар тығыз мүйізді қабаты, оның беріктік қасиетін қамтамасыз етеді. Терінің үнемі физиологиялық жаңарып отыруы тері беттерінің ағза үшін зиянды заттар мен микроағзалардан тазарып отыруына ықпал етеді, ал меланин пигментінің болуы ультракүлгін сәулелерінің зиянды әсерін азайтады. Тері, ағзаның жылу беру үрдістеріне қатыса отырып, жылу реттегіш құралдардың бірі болып табылады.

Тері арқылы жылу беру жолдарының ішінде тер бөлінуінің маңызы ерекше болып табылады. Ауаның температурасы жоғары болған кезде, тер бөлінуі, ағзаның қызып кетуіне мүмкіндік бермей, 10-12 есе өсуі мүмкін. Терінің маңызды қызметі - заттарды ағзадан сыртқа шығару болып табылады. Тер және май бездерінің сөлімен бірге зат алмасудың соңғы өнімдері және ағзаға түскен көптеген ксенобиотиктер бөлініп шығарылады. Бүйректің шығару қызметі бұзылған кезде, тер бездері арқылы азотты шлактардың едәуір бөлігі шығарылады.

Теріде, ағзаға әсер ететін факторлар жөнінде мәліметтерді орталық жүйке жүйесінің қабылдауын жүзеге асыратын, өте көп рецепторлар – жылулық, суықтық, тактильді, ауыру, т.б. жинақталған. Тері қоршаған ортамен ағзаның газ алмасу қызметіне қатысады. Терінің тыныс алу қызметінің нәтижесінде, ол тәулік бойына көмірқышқылының 7-9 г шығарып, оттегінің 3-4 г сіңіреді, бұл ағзаның барлық газ алмасуының 2% құрайды. Терінің беткі қабаттарында Д дәруменінің синтезі жүреді.

Осы барлық алуан түрлі қызметтердің іске асуы, едәуір дәрежеде терінің тазалығына байланысты. Терінің күтімі нашар болғанда, теріде шаңның бөлшектері, кір, микроағзалар, тер және май бездерінен бөлінетін зат алмасу өнімдері жинақталады, нәтижесінде осы бездердің шығару түтіктері бітеледі, терінің тыныс алу және заттарды шығару қызметтері бұзылады, бактерицидтілігі күрт төмендейді.

Теріден сыртқа шығарылған органикалық заттар жағымсыз иісті, ұшқыш қосылыстар түзе отырып, ыдырайды. Бактериялар, вирустар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, дамуына қолайлы жағдай тауып, өсіп-өне бастайды, бұл дерматиттердің, іріңді, саңырауқұлақтар тудыратын және басқа да тері ауруларының дамуына әкеп соғады. Қол терісі және артқы өтіс аймағы мен шат аймағының терісі микроағзалармен ең көп ластанады. Тағам өнімдерінің, ыдыстың және басқа да тұрмыстық керек-жарақтарының бактерияларымен және гельминт жұмыртқыларымен негізгі ластаушы көзі жиі қол болып табылады.

Сондықтан, денені үнемі таза ұстап отыру керек және тері мен шаштарға жақсы күтім жасау қажет. Бұл үшін, теріні және шашты әр түрлі жуғыш заттардың көмегімен үнемі шайып, жуып отыру қажет. Күнделікті ұйықтар алдында және таңертең бет, қол, мойынды, сонымен қатар, қолтық астын, артқы өтіс аймағы мен шат аймақтарын міндетті түрде жуу қажет. Күнделікті ұйықтар алдында міндетті түрде аяқты сабынмен жуу және шұлықты уақтылы ауыстырып отыру қажет. Күнделікті таңертең және кешкісін душ қабылдау өте қолайлы болып табылады. Аптасына бір рет барлық денені душ астында немесе моншада, губка не жөке және сабын немесе қазіргі кездегі пайдаланатын жуғыш заттарын (сусабын, әр түрлі гель, т.б) қолдана отырып, тазарту қажет.

Сабын - майларды сілтілермен өңдеу арқылы алынған жоғарғы май қышқылдарының тұздары болып табылады. Сабынның құрамында болатын сілтінің әсерінен, терідегі майлар ерігіш болып, сабынғаайналады. Сілті, сол сияқты белоктармен суда жеңіл еритін, су арқылы жақсы жуылатын, альбуминаттар түзетіндіктен, олардың да ерігіштігін жоғарылатады. Терінің тазаруына жөкенің механикалық әсері, сонымен қатар, кірді өзіне сіңіріп алатын көпіршіктер де жағдай жасайды. Дегенмен, сабынды жиі қолдану, әсіресе, құрғақ терінің майсыздануына әкеп соғады, терінің қышынуына, шашта қайызғақтың пайда болуы мен шаштың түсуіне әкеледі. Сондықтан, дене мен қол терісін жуу үшін, құрамында бос сілті аз мөлшерде қосылған сабындарды пайдалану қажет. Ондай сабындарға бейтарап және маймен асқын қаныққан сабындар жатады. Ең жұмсақ әсер ететін қасиеті бар «Балалар сабыны», «Глицеринді», «Ланолинді» сабындар болып саналады. Олардың құрамында бос сілті мөлшері 0,05%-дан аспайды. Сілтілі сабындарға жататын шаруашылық сабында бос сілтінің мөлшері 2% дейін жетуі мүмкін.

Дене гигиенасы үшін қазіргі кезде жуғыш және косметикалық заттардың кең ауқымы қолданылады. Иіс сабындар мен монша сабындарына әр түрлі иістендіргіш заттар, өсімдік қоспалар, емдік - профилактикалық және зарарсыздандыратын заттар қосылады. Алайда, қатты сабындар сілтілі өнімдер болатындықтан, тері сыртындағы гидролипидті қабықты бұзады, нәтижесінде, эпидермистің өткізгіштігі жоғарылап, әр түрлі зиянды әсерлерге әлсіз келеді. Сондықтан, жуыну үшін сұйық сабындар мен душқа арналған гельдер тиімді болып келеді, олардың құрамындағы жуғыш және тазартқыш негізі ретінде амфотерлі беттік-белсенді заттар (ББЗ) қолданылады. Бұндай жуғыш заттар терінің липидтік балансын бұзбайды және тері бетінде әлсіз қышқылды орта түзеді. Микробтарға қарсы заттар қосылған сабындарды жиі қолдануға болмайды, себебі олардың әсерінен патогенді микрофлора ғана емес, сонымен қатар, терінің өзіндік микрофлорасы да жойылып, оның қорғаныш қызметі нашарлайды.

Шаш та, тері сияқты, сыртқы ортаның көптеген - лас атмосфера, ыстық немесе суық, күннің зиянды сәулелері, хлорланған су тәрізді қолайсыз факторлар әсеріне ұшырап отырады. Шаштың құрғауы мен түсуінің себебі, көбінесе шашты дұрыс күтпеу, яғни, сілтілі сабынды жиі қолдану, ыстық фен, көпіргіштерді, шаш қатырғыштарды, бояуларды жиі пайдалану болып табылады. Шашты жуу үшін, құрамында амфотерлі және иондалмаған ББЗ бар, жұмсақ су сабындарды пайдалану керек. Олар теріге және шашқа қорғаныш әсер береді. Жұмсақ су сабындарды қолдану, шашты ластану кезінде ғана емес, тіпті, күн сайын жууға да мүмкіндік береді, ал бұрын, майлы шаштарды 5-7 күнде 1 реттен жиі емес және құрғақ шаштарды - 10-12 күннен кейін жуу ұсынылған болатын.

Дененің гигиеналық күтімінде өте күшті сауықтыратын әсері бар, ең жақсы құралдардың бірі монша болып табылады. Моншалардың көптеген түрлері бар, алайда, олардың ішінде ең көп таралғаны, орыстың булы және финнің құрғақ ыстық (сауналар) моншалары. Бұл моншалардың ерекшелігі - ондағы бу бөлмесінің болуы. Булы моншалардың бу бөлмесінде ауаның температурасы 40-50ºС дейін, ал салыстырмалы ылғалдылығы - 75-80% дейін жетеді. Құрғақ ыстық моншаларда ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, керісінше, төмен - 15-20% болады, ал температурасы, әсіресе, жоғарғы сөрелерде, булы моншаға қарағанда, анағұрлым жоғарғы деңгейге жетеді. Бу бөлмесінде болу адамға өте күшті әсер етеді. Қан тамырлары және тері саңылаулары кеңейеді, тердің көп бөлінуі байқалады. Дене температурасы 38-39ºС дейін көтеріледі. Тамыр соғысы және тыныс алу жиілеп, артериялық қан қысымы төмендейді. Термен әр түрлі шлактар, микроағзалар кетіріледі. Монша бүйрек үсті бездерінің, орталық жүйке жүйесінің қызметін ынталандырады, терінің тыныс алуын жақсартады, ағзадағы зат алмасу үрдістерін күшейтеді, психоэмоционалдық тонусты жоғарылатады.

Бу бөлмесінде болғаннан кейін, ертеде жасалғандай, денеге суық су құю немесе «қарға шомылу» жүргізіледі, бұл тамырларды жаттықтырып, ағзаның шынығуына ықпал етеді. Сонымен қатар, бу бөлмесінде болу, ағзаның жүйелеріне, әсіресе, жүрек-қан тамырларының және орталық жүйке жүйелеріне үлкен жүктеме түсіреді. Мұнда жоғарғы температураның ғана емес, сонымен қатар, жоғары тау басындағы қысымымен бірдей болатын, ауадағы оттегінің парциалды қысымының төмендеуінің де үлкен маңызы бар. Нәтижесінде, айқын гипоксиялық эффект дамиды, оған ағзаның қызу салдарынан пайда болатын қан қысымының төмендеуі де өз үлесін қосады. Сондықтан, гипертониялық және журектің ишемиялық аурулары, жүрек кемістіктері, вегетативті-тамырлы дистония бар ауруларға, реконвалесценттерге, әлсіреген адамдарға бу бөлмесінде болуға болмайды. Ауа ылғалдылығы саунада аз болғандықтан, тердің бөлінуіне анағұрлым қолайлы жағдайлар қалыптасады, бұл бүйрекке түсетін қысымды азайтады. Саунадағы әсер ететін факторлардың деңгейін біртіндеп жоғарылатқанда, саунаның әсері, орыс моншасына қарағанда, біршама жұмсақ болады. Бірақ, құрғақ, температурасы өте жоғары, ауамен тыныс алу, тыныс алу мүшелеріне қолайсыз әсер ету мүмкін, сонымен бірге, кейбір зерттеулердің мәліметтері бойынша, тіпті, онкологиялық аурулардың да даму қаупін жоғарылату мүмкін.

Моншалар тек күшті емдеу-профилактикалық құралдарының бірі емес, сонымен бірге саңырауқұлақ, соз, тері ауруларының, сол сияқты насекомдар да берілетін фактор болуы мүмкін, сондықтан моншаларда жүйелі түрде күнделікті тазарту жұмыстары және зарарсыздандыру жүргізіліп отыру тиіс. Моншаға жұқпалы аурулары бар келушілер мен қызметкер жіберілмеуі керек. Саңырауқұлақ ауруларының алдын алу үшін аяққа резеңке немес пластик аяқ киімдер кию қажет. Шешінетін жер аяққа арналған душпен қамтамасыз етілуі қажет. Қазіргі кезде көптеген моншаларда хауыздар болады. Оларда шомылуға, тері, көз және де су арқылы берілетін, басқа да аурулары жоқ, дені сау адамдар ғана жіберіледі. Хауызға шомылар алдында келушілер, жуғыш заттарды пайдалана отырып, душқа түсу және хаузға түсер алдында, 0,1% хлорлы әк ерітіндісімен толтырылған кішкене ор арқылы өту тиіс. Хауыз суы зарарсыздандырылуы тиіс және үнемі жаңартылып отыруы керек.

1.2. Ауыз қуысы гигиенасы. А дамныңауыз қуысы жеке гигиенасының негізгі мақсаты, тіс пен ауыздың шырышты қабығын жұмсақ қақтарынан және ас қалдықтарынан тазарту жолмен, сол сияқты, ауыз қуысын үнемі таза ұстау арқылы, стоматологиялық аурулардың және ағзаның ішкі мүшелерінің әр түрлі ауруларының дамуын және күшеюін алдын алу болып табылады. Жеке адамның ауыз қуысының гигиенасы ауыз қуысының тиісті иммунологиялық статусын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, соған байланысты, мүшелер мен жүйелердің жедел және созылмалы ауруларын, сондай-ақ, кариесті және парадонттағы қабыну үрдістерді тудыратын, әр түрлі микроағзалардың ауыз қуысы арқылы ағзаға түсуіне қарсы тұратын қуатты барьер туындайды. Қорғаныш қызметі сілекей мен ауыз қуысы сұйықтығының тиісті құрамының, қасиеттері мен қызметтерінің сақталып тұру есебінен жүзеге асырылады; бұл олардың құрамында микробтарға қарсы әсер ететін заттардың - лизоцим, лактоферрин, ферменттер және иммуноглобулиндердің болуына байланысты. Ауыз қуысындағы қолайсыз гигиеналық жағдайлар патогенді микрофлораның қарқынды дамуына қолайлы орта болып табылады. Қышқылдың артық түзілуі ортаның рН деңгейінің қышқыл жаққа ауытқуына әкеледі, нәтижесінде, тістердің қатты тіндерінің минералсыздану үрдістері күшейеді, тіс тасының түзілуі мен таралуы белсенді жүреді, бұл урдістерге пародонттың микробтық ластануы, тіс пен қызыл иектің арасында қалталардың түзілуі, грануляциялардың өсуі, қабыну үрдістерінің пайда болуы, қызыл иектің қанағыштығы, тіс аралығындағы және тіс түбірлері аралығындағы қалқалардың бұзылуы тән.

Ауыз қуысының гигиеналық күтімін жүзеге асыру үшін көптеген құралдар қолданылады. Қазіргі кездегі технологиялар, бұрын пайдаланған құралдарға қарағанда, жаңа, анағұрлым тиімді ауыз қуысының гигиеналық күтіміне арналған құралдар дайындауға мүмкіндік берді. Ауыз қуысы гигиенасының негізгі құралдарына мануальды тіс щеткалары, тіс пасталары, сұйық заттар, тіс ұнтағы, сағыздар, ауыз қуысының жеке тіс аралығының гигиена құралдары, тісті ағартатын заттар, электрлік тіс щеткалары жатады. Тіс щеткаларында ерте кезден табиғи шошқа немесе жылқы қылтаны пайдаланылған. Синтеталық талшықтың кең таралуы табиғи қылтаны қолданыстан ысырып шығарды және физиология мен тазарту қабілеттерін есепке ала отырып жасалатын, тіс щеткаларының шығарылуына үлкен мүмкіншілік берді. Қазіргі кездегі барлық тіс щеткалары гигиеналық, профилактикалық (парадонтологиялық) және арнайы болып бөлінеді. Гигиеналық тіс щеткалары тісті әдеттегідей күнделікті тазарту үшін қолданылады, олардың түрлері тік және бұрылатын, ал тазартқыш қылы - бір деңгейлі болады. Профилактикалық тіс щеткалары ретромолярлық аймақ сияқты қиын тазартылатын жерлерді тіс қақтарынан және ас қалдықтарынан тиімді тазартуға мүмкіндік береді. Оларға, қылы көп деңгейлі, қылында күш салатын шығыңқысы бар, қылының ортасы тереңдетілген (қылдың биігірек шоқтары тіспен қызыл иек аралығына оңайырақ еніп,оны жақсы тазартады) қылдарында микротекстурасы бар (жұмыс атқаратын қылдың ұшы ғана емес, оның бүйір беттері де болып табылады) щеткалар жатады.

Арнайы щеткалар ортодонтияда пайдалануға арналған. Күнделікті тұрмыста профилактикалық тіс щеткаларын пайдалану ең қолайлы болып табылады. Дегенмен, үлкен адамдарға арналған тіс щеткаларын балалар мен жасөспірімдерге пайдалануға болмайды, себебі бұл щеткалардың өлшемі үлкен болады және олардың қатты қылдары ауыз қуысының нәзік тіндерін жаралайды. Сондықтан, балалар және жасөспірімдер үшін жеке тіс щеткалары шығарылады. Қызыл иектердің қабынуы кезінде, алдымен жұмсақтау қылды щетканы пайдалану керек, кейін, қызыл иектің жағдайы жақсарғанда, жұмсақ тіс щеткасын қаттырақ түріне алмастырады. Балаларға қатты щеткалар жарамсыз болып табылады.

Тіс, қызыл иек, тіс аралығын, тілді ас қалдықтарынан, тістің жұмсақ қақтарынан, шырыштан тазарту, тас дақтарын кетіру және микробтардың көбеюіне бөгет жасау үшін, әр түрлі құралдар қолданылады, бірақ олардың ішінде ең кең таралғаны - тіс пасталары. Қазіргі пасталардың құрамына, олардың 20-40% құрайтын, түрпілі (абразивті) әсері бар заттар (бор, натрий бикарбонаты, натрий хлориді, алюминийдің гидрооксиді және т.б.), сонымен бірге, әр түрлі байланыстыратын, көпіршік түзетін, микробқа қарсы түратын, дәмдеуіштер, емдік – алдын алу қасиеті бар қоспалар, ферменттер, дәрумендер, беттік-белсенді заттар және т.б. кіреді. Түрпілі заттар тісті тазарту үшін қолданылады, бірақ оларды пайдаланғанда, тіс беті тек ысылып жылтыратылып қана коймай, жұқарады және қызыл иектің эпидермисі де бұзылады. Абразивтің әсері оның пастадағы түріне байланысты. Абразивтің ірілеу түрлерінің ауыз қуысы тіндерін зақымдауға қабілеті жоғары болып келеді. Smokers пастасының құрамына агрессивтілігі жоғары абразив, ал Sensitive пастасына - өте жұмсақ абразив кіреді. Мысалы, құрамында жұмсақ абразивтер - кальций карбонаты мен кремний тотығы болуына байланысты, фторланған фин тіс пастасы - «Финндент» тістерді жақсы тазартады, ал фторланған «Глистер» (АҚШ) тіс пастасы, құрамына қатты абразив - алюминий силикаты кіретіндіктен, агрессивтілігі жоғары паста болып табылады. Үлкен адамдар үшін жасалатын тыс пасталарының көбінде агрессивтілігі орташа абразивтер, ал балалар үшін, олардың тіс эмалі жетілу кезеңінде болғандықтан – тек аз агрессивті абразивтер қолданылады. Сол себептен үлкен адамдарғае арналған тіс пастасын балаларға пайдалануға болмайды. Соңғы кездері сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне тістің сезімталдылығын төмендететін Sensitive тіс пасталары шығарылуда. Пастадардың аллергиялық, жергілікті-тітіркендіргіш және уытты әсері болмауы керек, сонымен қатар, олар микроағзалармен ластанбаған болуы қажет.

Тіс пасталарын гигиеналық және емдеу-профилактикалық деп бөледі. Гигиеналығы тісті тіс қақтарынан тазартады және ауыз қуысына жағымды иіс береді. Емдеу-профилактикалық тіс пасталарының құрамында, тіс жегісіне, қабынуға қарсы, сезімталдылығын төмендететін, саңырауқұлаққа, микробқа қарсы және басқа да әсерлерін қамтамасыз ететін,әртүрлі қоспалары болады. Емдеу-профилактикалық тіс пасталарының арасында жеке адам (тұрмыстық) пайдаланатын да және кәсіби мақсатта пайдаланылатын тіс пасталары болады.,

Кәсіби мақсатта пайдаланылатын тіс пасталарын тек дәрігердің нұсқауымен пайдалану қажет, себебі әр түрлі жағымсыз салдары болуы мүмкін. Мысалы, абразивті қасиеттері жоғары тіс пасталарын немесе тісті ағартатын Smokers тіс пасталарын пайдаланғанда, тіс эмалінің күрт жұқаруына және тістің жоғарғы сезімталдылығы дамуына әкеп соғуы мүмкін. Жеке адамның ауыз қуысы гигиенасына арналған емдеу-профилактикалық тіс пасталары, гигиеналық тіс пасталарына қарағанда, жақсырырақ және тиімді болып саналады. Алайда, тіс пастасының бір түрін ұзақ уақыт пайдалануға болмайды, оларды ай сайын ауыстырып отыру қажет.

Құрамында хлоргексидин, триклозан сияқты микробқа қарсы компоненттері бар тіс пасталарын іріңді қабыну үрдістері пайда болғанда ғана, бірақ қысқа уақыт (2-3 апта) қолдану қажет. Көбінесе абразивті қасиеттері орташа және шөп экстрактылары қосылған тіс пасталарын пайдаланған дұрыс.

Сонымен бірге, жеке адамның ауыз қуысы гигиенасына арналған сұйық заттар да қолданылады: табиғи (шөп, содалы, шырынды және т.б.) және жасанды (шайғыштар, тіс эликсирлері, дезодоранттар, спрейлер). Тіс эликсирлерінің құрамында әдетте, 60% дейін алкоголь болатындықтан, оны сұйылту қажет, сондықтан олардың қолдануы орынсыз болып саналады. Ең жақсысы - шөп экстрактылары қосылған алкогольсіз шайғыштарды қолдану. Күшті антисептиктері бар шайғыштарды, құрамында антисептиктері бар тіс пасталары сияқты, қысқа уақыт ғана және тек көрсетілімі болған кезде пайдалану керек.

Тіс ұнтақтары ұзақ уақыттан бері қолданылып келеді. Олар абразивті материалдар мен иіс беретін заттардың қоспасы болып табылады, мұнда абразивті материал ұнтақтың 98-99% құрайды. Тіс пастасының пайда болуына байланысты, тіс ұнтақтары аз қолданыла бастады. Оған себеп болған, тіс ұнтақтарының абразивті қасиеттерінің біршама күшті болуы, сол сияқты олардың тазартқыш қасиетінен басқа емдеу-профилактикалық маңызының болмауы.

Ауыз қуысын тазартатын зат ретінде сағыз резеңке кең таралуы алды. Алғашқы сағыздардың құрамында қанттың көп мөлшерде болуына байланысты, олар тісті жұмсақ қақтардаң тазарта отырып, бір уақытта - тіс жегісінің дамуына әкелді. Қазіргі сағыздардың 30% - шайнайтын негізі (шайыр, парафин), 60% тәттілендіргіштер - қантты алмастырушылар, сол сияқты, тістің жұмсақ қақтарын тиімді тазартатын, дезодорациялайтын, қабынуға қарсы және т.б. қасиеттері бар кұрамдас бөліктерден тұрады. Алайда, барлық сағыз резеңкелердің жағымсыз қасиеттері бар. Аш қарынға сағыз резеңкені шайнағанда, ас қорыту бездерінің сөлі қарқынды бөлініп, гастриттер, асқазанда ойық жара және эрозия үрдістердің дамуына себеп болады. Шайнау үрдісі сілекей бездерінің үздіксіз жұмыс істеуіне әкеледі де, ауыз қуысының кілегейлі қабығының паталогиялық құрғақтануына, оның барьерлік және қорғаныш қызметінің төмендеуіне, ауыз қуысындағы ас қорытудың бұзылуына, дисбактериоз, езудің тілініп, қабынуы дамуына әкеп соғады.

Сағыздарды шайнау нәтижесінде аллергиялық реакциялар, сілекей бездерінің қатерлі ісіктері, балаларда тістердің үйлесуінін бұзылуына, шықшыт буынының дисфункциясына, парадонт тіндерінде қан іркілу салдарынан пайда болатын гиперемияға әкеледі. Сондықтан, сағыз резеңкелерді тек ас ішіп болған соң және қысқа уақыт ғана шайнау қажет. Сағыз резеңкелерінің қаптамаларында сағыздың қосымша жағымсыз әсерлері туралы мәліметтер көрсетілуі қажет.

Ауыз қуысының ауруларының алдын алуда ауыз қуысы гигиенасының құралдарын дұрыс таңдау ғана емес, сонымен бірге, тісті дұрыс тазарту да маңызды роль атқарады. Тісті күніне кем дегенде, 2 рет - таңертең және кешке тазалау қажет. Таңертең ұйқыдан соң ауызды сумен шайқап, ас қабылдаған соң тісті щеткамен тіс сықпасымен тазалайды. Осылай кешке де тісті ұйқыға жатар алдында тазалайды.

Тазарту уақыты 3-4 минуттан кем болмау керек, тіс щеткасының қозғалысы көлденең ғана емес, сонымен бірге сыпырып, дөңгелетіп тазарту қажет. Тістің қызыл иекке өтетін жерін тазарту үшін, тіс щеткасын тіске 45º бұрышпен ұстау керек. Гигиеналық мақсатта тісті таңертең және кешке ғана емес, сонымен бірге әрбір ас қабылдағаннан кейін тазартып отырған дұрыс. Дамыған елдерде тұрғындар екі тіс щеткасын пайдаланады: бірі үйде, ал екіншісі – жұмыс орнында. Әр тамақтанғаннан соң тістердің арасын флосстармен (арнайы шығарылған нейлон жібі), тіс тазартқыштармен немесе аз шоғырлары аз тіс щеткаларымен тазарту керек.

2. Киім және аяқ киім гигиенасы.

2.1. Киім гигиенасы. Киім әр түрлі қызметтерді атқарады. Ол адамды сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғайды, қолайлы жылылық жағдай қамтамасыз етеді, теріні ластанудан, механикалық зақымдалудан қорғайды. Пайдаланылуына қарай киімнің бірнеше түрлері болады: тұрмыстық, кәсіптік, спорт, балалар, әскери, ауруханалық киімдер. Киімдердің әрбір түріне өзіндік гигиеналық талаптар қойылады, бірақ олар үшін келесі гигиеналық талаптар жалпы болып табылады:

1. Жергілікті жердің белгілі климаты, ауа райы және жыл мезгілі жағдайында қолданылатын киімдердің осы жағдайларда ағзаның қолайлы жылулық жағдайын қамтамасыз ететін жылу сақтайтын қасиеті болу керек.

2. Киімнің ауа өткізгіштігі мен су өткізгіштігі адам жүрген орта жағдайыларына байланысты болуы керек.

3. Киімнің пішімі адамның еркін қимылдауын шектемеуі, тыныс алу мен қан айналымын қиындатпауы, дененің жеке бөліктерін қыспауы керек.

4. Ағзаға қосымша дене жүктемесін түсірмеу үшін, киім шектен тыс ауыр болмауы керек, оның салмағы адамның дене массасының 8-10% аспауы керек.

5. Синтетикалық материалдардан тігілген киім спецификалық иіс шығармайтын, денсаулыққа зиянды химиялық заттар бөлмейтін, сол сияқты, киімнің бетіне статикалық электрлікті жинамайтын болуы тиіс.

6.Киім берік және оңай тазартылатын болуы керек.

Қоршаған ортаның жағдайларына сәйкес киімнің қолайлылығы киім астылық микроклимат пен адамның жылу сезінуі көрсеткіштері бойынша анықталады. Киім астлық микроклимат деп, киім мен тері арасындағы ауа қабатының физико-химиялық сипаттамаларының (температура, ылғалдылығы, көмірқышқыл газының концентрациясы) жиынтығын атайды. Олардың шамасы мен динамикасы ағзаның жылу реттейтін үрдістерімен, метеожағдайлармен және киімнің қасиеттерімен анықталады.

Киімнің қасиеттері, негізінен киімнің пішімі мен киім тігуге қолданылған матаның қасиеттерімен анықталады. Киімді тігуге табиғи және химиялық талшықтардан жасалған маталар пайдаланылады. Табиғи талшықтардан жасалған мата бұрыннан қолданысқа ие, адамға гигиеналық жағынан қолайлы қасиеттері болғандықтан, басқа маталарға қарағанда, әлі күнге дейін артықшылығын сақтайды. Оларға өсімдік текті (мақта, зығыр, пенька, джут және т.б.) және жануар текті талшықтардан (жібек, жүн) жасалған маталар жатады. Химиялық талшықтарды жасанды және синтетикалық деп бөлінеді. Жасанды талшықтарды табиғи шикізатты - целлюлоза мен басқа материалдарды өңдеу урдісінде алады. Жасанды талшықтар тобына вискоза, ацетат, үшацетат, казеин талшықтары жатады. Синтетикалық талшықтарды көмірсутек шикізаттарынан (мұнай, газ, таскөмір) және басқа да органикалық қосылыстардан химиялық синтездеу реакциялары арқылы алады. Синтетикалық талшықтарды алу жолы мен қасиеттеріне байланысты біріктірлген бірнеше топтарға бөледі: полиамидтік (капрон, нейлон, перлон, ксилон және т.б.), полиэфирлік (лавсан, терилен, дакрон, т.б.), полиуретандык, поливинилхлоридтік (хлорин, винол), поливинилспирттік (винилон, куралон), полиакрилнитрильдік (нитрон, орлон, т.б.). Талшықтардан дайындалатын жіптер иерілген және тығыз немесе борпылдақ, жеңіл болады. Матаның құрылымы маталық және тоқылған (трикотажды) болады.

Маталарды сипаттайтын қасиеттеріне: ауа өткізгіштігі, бу өткізгіштігі, ылғал сыйымдылығы, гидрофильділігі (су сорғыштығы), гидрофобтылығы, жылу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы (ылғал кабылдағыштығы), липофильділілігі, газ сіңіргіштігі, күн энергиясына қатынасы жатады.

Ауа өткізгіштігі деп, өзінің саңылаулары арқылы маталардың ауаны өткізу қабілетін айтады. Жақсы ауа өткізгіштігі киім астылық кеңістікте ауаның қозғалуы мен алмасуын қамтамасыз етеді, бұл теріден бөлінетін және микроағзалардың тіршілігі нәтижесінде түзілетін су буларының және зат алмасуының ұшқыш өнімдерінің шығарылуына жағдай жасайды және ағзаны қызып кетуден сақтайды. Ауа өткізгіштігі мата талшықтарының тоқылуы сипатына, саңылаулардың мөлшері мен көлеміне, қалыңдығына, ылғалдану және ластану деңгейіне байланысты. Борпылдақ және саңылауы көп, жүннен жасалған, тоқылған және жібек маталардың ауа өткізгіштігі жеткілікті дәрежеде болады, ең нашар ауа өткізгіштік – тығыз драп, брезент, тығыз мақта маталарына тән. Егер, киім көп қабатты болса, қабаттарының ішінде біреу ауа өткізбейтін жағдайда, барлық киім ауа өткізбейтін болады. Киім суланған және ластанған кезде, ауа өткізгіштігі төмендейді, себебі матаның саңылаулары су мен кір бөлшектеріне толады. Өте қалың маталардың ауа өткізгіштігі төмен болады.

Бу өткізгіштігі деп, маталардың киім астылық кеңістікте түзілген су буларын өткізу қабілетін айтады. Матаның саңылаулары арқылы сүзіліп өтетін ауадан айырмашылығы, су булары талшықтар арқылы диффузия жолымен өтеді. Бу өткізгіштігінің, әсіресе, булану қарқынды жүретін ыстық микроклимат жағдайларында, қоршаған ортаға қалыпты жылу беруді қамтамасыз ету үшін маңызы зор. Жақсы бу өткізетіндерге - мақта матасы, аз бу өткізетіндерге - жүн маталары, одан да төмен өткізетіндерге - аң терілері, аса төмен өткізетіндерге - синтетикалық маталар жатады.

Маталардың ылғал қабылдағыштығы, олардың киім асты кеңістіктен де, сыртқы ортадан да, су буларын сіңіру қабілетін сипаттайды. Киімнің ішкі қабаттарының гигроскопиялылығы жеткілікті болуы керек, себебі тердің тері бетінен сіңірілуіне жағдай жасайды. Сыртқы киімнің гигроскопиялылығы, керісінше, төмен болуы керек, өйткені, ылғалдану нәтижесінде, киімнің жылу сақтайтын қызметі төмендейді. Гигроскопиялылығы жоғары маталарға жүннен жасалған матлар және замш жатады, олар суды өз массасының 1/4/- 1/3 бөлігіне дейінге мөлшерде сіңіре алады. Мақта маталары суды аз сіңіреді - құрғақ массасының 1/7-1/8 бөлігіне дейінгі мөлшерде, синтетикалық маталардың гигроскопиялылығы ең төмен, олар суды өте аз сіңіреді, сіңіретін мөлшері мата массасының тек 1/20-1/200 бөлігін құрайды.

Маталардың ылғал сыйымдылығы - мата ылғалданғанда, өзінің саңылауларында суды ұстап қалуы қабілеті. Ол пайызбен белгіленеді. Жоғары ылғал сыйымдылығы киімнің гигиеналық қасиеттерін едәуір төмендетеді. Саңылаулары сумен толуы нәтижесінде, матаның ауа өткізгіштігі төмендейді, жылу сақтайтын қасиеті нашарлайды, себебі, судың жылу өткізгіштігі ауаның жылу өткізгіштігінен 28-29 есе жоғары. Бұдан басқа, құрғақ матаға қарағанда, ылғал матадан сәулелену және булану нәтижесінде, жылудың көп берілуінен жылу жоғалтуы жоғарылайды. Маталардың ең жоғары ылғал сыйымдылығы әр түрлі болады. Мысалы, жүн маталарында ол - 45%, сәтенде - 13%, фланельде - 66% құрайды.

Маталардың ж ылу өткізгіштігі оның жылу сақтайтын қасиеттерін анықтайды. Жылу өткізгіштігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның жылу сақтайтын қасиеті аз болады. Жылу өткізгіштігі көптеген параметрліне: саңылауларының жалпы пайыздық көлеміне, матаның қалыңдығына, талшықтардың тоқылу сипатына, ауа өткізгіштігіне, ылғалмен қанығу дәрежесіне байланысты болады. Саңылаулары көп және оларда ауа көп мөлшерде болатын, борпылдақ маталардың жылу өткізгіштігі, жұқа, тегіс маталарға (зығыр, мақта) қарағанда, аз болады. Маталар, жылу өткізгіштігінің азаюына қарай, келесідей ретпен бөлінеді: капрон, жасанды жібек, зығыр, мақта, табиғи жібек, жүн. Маталар термен немесе сумен суланған кезінде, олардың жылу өткізгіштігі едәуір жоғарылайды. Ең айқын жылу жоғалтуы киімнің бетінен жоғары жылдамдықта су булануы кезінде байқалады. Жібек, шыт маталарының бетінен ылғал өте тез буланады, осыған байланысты салыстырмалы түрдегі жоғары температура кезінде, тоңу сезімі байқылады. Керісінше, жүннен жасалған киімдерден ылғал баяу буланатындықтан, қоршаған едәуір жылу берілуінің алдын алады.

Матаның липофильдігі деп маталардың тері бетінен майды сіңіру қабілетін айтады. Жоғарғы май сіңіргіштік қолайсыз, себебі, май матаның саңылауларын бітеп қалады да, ауа- және су өткізгіштігін нашарлатады, кір бөлшектерін өзіне сіңіреді, микроағзалардың әсерінен ыдырап, жағымсыз иістердің пайда болуына әкеледі. Синтетикалық маталардың көбіне жоғарғы май сіңіргіштік қасиет тән.

Маталардың күн энергиясына қатынасы, олардың күн радиациясының интегралды ағынын, сол сияқты оның жекелеген биологиялық белсенді бөліктері – инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерін шағылыстыру, сіңіру және өткізу қабілетімен сипатталады. Ақ және боялмаған маталардың, күңгірт маталарға қарағанда, шағылыстыру қасиеті жоғары және сіңіру қабілеті төмен болады. Ақ маталар күн сәулесінің 17-18 % ұстап қалса, ал күңгірт маталар - 50% дейін ұстайды. Сондай-ақ, атлас маталарының (сәтен, жібек-атлас) шағылыстыру қабілеті жоғары болып келеді, олар күн сәулесін 35-40 % дейін шағылыстырады.

Ультракүлгін сәулелерінің жеткіліксіздігінің алдын алу, сол сияқты артық сәулелердің зиянды әсеріне байланысты, маталардың ультракүлгін сәулелерді өткізгіштігі маңызды болып табылады.. Капрон мен нейлон маталары, ақ және ашық түсті жібек пен шыт, бәтес ультракүлгін сәулелерін жақсы (50-70% дейін) өткізеді. Тығыз және қалың, сонымен бірге күңгірт түсті боялған маталардың өткізгіштігі төмен болып келеді.

Сонымен, табиғи және химиялық талшықтардан жасалған маталардың қасиеттерінің айырмашылықтары бар, бұл айырмашылықтары киімнің белгілі бір түрлерін: іш киім, костюмдер, көйлектер, сыртқы киімдерді дайындау барысында, оларды саралап қолдануын анықтайды. Іш киім тер мен теріден бөлінетін басқа да заттарды сіңіріп, тері мен киімнің бірінші қабатының арасында жақсы желдетілуді қамтамасыз етуі, теріні тітіркендірмей, оны ластанудан қорғауы тиіс. Мұндай талаптарға, гигроскопиялылығы, гидрофильділігі жоғары, ауа- және су буларын жақсы өткізетін, мақта мен зығыр маталары сай келеді. Олардың жұмсақтығы мен серпімділігі матаның құрылымы трикотажды (тоқылған) болғанда жоғарылайды.

Синтетикалық маталардың бірқатар жақсы қасиеттері бар: иілімділігі жоғары, берік, жууға, пішінің өзгертетін әсерлерге, химиялық және биологиялық факторлардың әсеріне төзімді. Бірақ, бірқатар кемшіліктері де бар, соларға байланысты іш киімдерді дайындау үшін синтетикалық маталардың қолданылуы шұғыл шектеледі. Бұл кемшіліктеріне ең алдымен, төмен гигроскопиялылығы мен гидрофобтылығы жатады, нәтижесінде су булары мен басқа да бөлінген газ тәрізді заттарды матаның талшықтары сіңірмейтіндіктен, олар саңылауларда жиналып, киім асты кеңістіктің желдетілуіне кедергі жасайды, бұл ондағы ылғалдылықтың жоғарылауына және адам денесінің жаз уақытында тез қызуына, ал қыста - тез салқындауына әкеп соғады.

Бұнымен бірге, синтетикалық маталардың теріс қасиеттеріне статикалық электрлікті жинауға қабілеттілігі және жоғары липофильділігі жатады, осының нәтижесінде, олар жағымсыз иістерді өздеріне ұстап қалады және жуғанда жақсы тазармайды. Матаның бетінде статикалық электрліктің жиналуы адамда шаншу сезімдерін туғызады, қан тамырларының жиырылуы басым жүретінвегетативтік-қан тамырлары қызметінің бұзылуы, тез дамитын қажу, бас ауруын тудырады. «Электрленген» киім денеге жабысып қалады, өзіне шаң мен микроағзаларды тартады. Полимерлік маталардың химиялық тұрақтылығының төмендеуі, киім асты кеңістігінде бос мономерлердің де, сол сияқты мата дайындау үрдісінде қолданылған басқа да заттардың бөлінуіне әкеп соғады. Олар ағзаға тітіркендіретін, тері арқылы сіңетін және сенсибилизациялаушы әсер етуі мүмкін.

Синтетикалық маталардан жасалған іш киімдердің қолайсыз әсерлерін ескере отырып, 3 жасқа дейінгі және жаңа туған балаларға бұл маталардан іш киім тігуге рұқсат етілмейді. Бұл жастағы балалардың денесіне жанасатын киімдеріне (ползунки, колготки) 20% ғана синтетикалық ацетат талшықтарын қосуға, сонымен қатар, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған іш киімдеріне мақта-сиблонды матаны (70% мақта және 30% сиблон) қолдануға рұқсат етіледі.

Іш киімдерді дайындау үшін, сондай- ақ, табиғи жібек пен вискоза да қолданылады. Вискозадан жасалған маталар жоғары гигроскопиялылығымен, ылғал сыйымдылығымен сипатталады, бірақ, матаны ылғалдағанда, ылғалдың ұзақ уақыт булануы нәтижесінде теріден жылу берудің жоғарылауына және дискомфорттық құбылыстардың пайда болуына әкеп соғады. Ацетатты маталарды іш киімдерге қолдануға болмайды, өйткені, вискозаға қарағанда, гигроскопиялылығы мен ылғал сыйымдылығы төмен болады, олар және электрленеді.

Киімнің екінші пакеті болып табылатын, костюмдер мен көйлектерге қойылатын гигиеналық талаптар орындалатын жұмыстың түрі мен жылдың мезгіліне байланысты болады. Жаздық киімдерге арналған маталар жұмсақ, ауа- және бу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғал сыйымдылығы, гидрофильділігі және жылу өткізгіштігі жоғары болуы керек. Мұндай қасиеттер киім астылық кеңістіктің жақсы желдетілуіне және дененің қатты қызуын болдырмауға мүмкіндік береді. Табиғи маталарды (мақта қағазды, жібек, зығыр) басым қолданған орынды. Табиғи және жасанды аралас талшықтардан (вискоза, ацетат) жасалған маталарды да қолдануға болады.

Жылдың суық мезгілінде киетін киімнің 2- қабатының жылу сақтайтын қасиеті жоғары болуы керек. Киімнің мұндай түрлерін дайындау үшін, қоланылатын маталардың ішінде, басқаларға қарағанда, жүннен жасалған маталар жақсы деп саналады. Жүн матасының саңылаулылығы (саңылаулардың көлемі - 92%) мен гигроскопиялылығы жоғары, ауа-және бу өткізгішігі жеткілікті.

Жүннен жасалған маталарды ылғалдаған кездің өзінде де, іші ауаға толы, бос саңаулалары едәуір мөлшерде сақталады. Ылғалданған жүннің бетінен ылғалдың баяу шығуы нәтижесінде, жылуды жоғалтуы едәуір аз болады. Осы қасиеттерінің бәрі жүннен жасалған маталардың жылу өткізгіштігінің төмен және жылу сақтайтын қасиетінің жоғары болуына ықпал етеді. Борпылдақтығы, көлемді массасы аз болуы (0,07 г/см куб), жеңілдігі және суықтан жақсы қорғайтындығы жүннен тоқылған трикотажды айырқша көңіл тартарлық етеді.

Киім пакетінің 2- қабатын дайындау үшін, таза жүннен жасалған маталарымен қатар, аралас талшықтардан жасалған, табиғи және синтетикалық маталардың артышылықтары үйлестірілген, маталар да кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, химиялық талшықтардан жасалған маталар (орлон, нитрон, полихлорвинил, лавсан) жоғары жылу сақтайтын қасиетімен және аз мыжылатындығымен ерекшеленеді. Синетикалық талшықтарды табиғи талшықтармен араластырып қолдану, мысалы, лавсанды жүнмен, синтетикалық маталардың электрленуі, төмен гигроскопиялылығы және бу өткізгіштігі сияқты, теріс қасиеттерін азайтады, олардың жылу сақтайтын, ұзақ пайдалануға болатын қасиеттерін және матаның сырт көрінісін жақсартады.

Киім пакетінің үшінші қабаты - сыртқы киім (плащтар, пальто, күртелер, тондар) - суықтан, ылғал мен желден қорғауы керек. Әсіресе, солтүстік аудандарда ең жақсы жылу сақтайтын және желден қорғайтын қасиеттері бар киімдерге, табиғи аң терілерінен жасалған киемдер жатады. Оның жалғыз кемшілігі, салмағының едәуір ауыр болуы, кимылдар мен жұмыс істеу кезінде тудыратын кейбір ыңғайсыздықтары, тазарту қиындығы. Күртелер мен пальто тігу кезінде, киімді, әр түрлі маталарды қолданып, 3 қабатты етіп жасау ұтымды.

Сыртқы – жауып тұратын - қабаты, ауа өткізгіштік, бу өткізгіштік, гигроскопиялық және ылғал сыйымдылық көрсеткіштері төмен маталардан жасалуы тиіс, бұл атмосфералық ауаның киім астылық кеңістікке енуіне және киімнің су болуына кедергі жасайды Бұл үшін көбінесе, шұға, су сіңірмейтін табиғи талшықтардан жасалған тоқылған маталар, немесе синтетикалық маталар қолданылады. Екінші қабаты жылу сақтайтын қызмет атқарады, ол үшін табиғи жүні бар тері мен табиғи талшықтардан жасалған материалдар (мақта, ватин, жүн) да, жүні бар жасанды тері мен жасанды және синтетикалық талшықтардан (пенополиуретн, синдепон) жасалған материалдар да қолданылады.

Сырт киімнің ішкі қабаты, яғни, астары қолайлы киім астылық микроклиматты қамтамасыз етуі тиіс, соған байланысты олар дайындалатын маталардың ауа- бу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы және ылғал сыйымдылығы жеткіліткті болуы қажет.

Балалардың жылу реттейтін механизмдерінің жетілмегендігіне байланысты, оларға арналған киімдер қыста жылу сақтайтын қасиеттері, ал жазда - жылу беретін қасиеттері жоғарырақ болуы керек. Киім астылық кеңістікте ең аз ауа айналымын және қоршаған ортамен ең аз ауа алмасуын қысқы киімде киімді тігуге арналған материалмен ғана емес, сонымен қатар, киімнің құрылымдыгымен да қамтамасыз етеді. Киім астында, күләпара (капюшон), манжета, белбеу, белбеу биік шалбарларды қолдану, күртенің төменгі жағын резеңкемен қысып буу т.б. арқылы көп тұйық кеңістіктер жасайды.

Жазғы уақытта, киім астылық кеңістіктің ең жақсы желдетілуін қамтамасыз ететіндей, киім кеңірек пішілуі қажет. Балалардың жаздық киімдерін тігуге арналған ең жақсы маталар - батист, сәтен, табиғи жібек болып табылады. Жасанды және синтетикалық талшықтар да жарым-жартылай қолданылуы мүмкін, бірақ тек табиғи талшықтармен араласқан түрінде. Синтетикалық және жасанды талшықтардың матадағы пайыздық мөлшері гигиеналық нормативтермен бекітіледі.

Кәсіби, спорт, әскери және басқа да киімдердің арнайы түрлерін дайындау кезінде, қызмет сипаты мен олар орындалатын жағдайлар ескеріледі. Мысалы, спорттық киім созылғыш, гигроскопиялылығы мен ауа өткізгіштігі жоғары болуы тиіс және адамның денесіне ауа ағынының үйкелуін азайтатын болуы керек. Кәсіби киімдер жасауға арналған маталардың қасиеті мен киімнің құрылымы өндірістің қолайсыз әсерлеріне қарсы тұра алатындай, сол сияқты қызудан немесе қатты салқындаудан қорғайтындай болуы керек.

Аурухана киімі жеңіл, киім астылық кеңістікте қолайлы микроклимат жағдайларын қамтамасыз ететін, жақсы тазартылатын, дезинфекцияланатын болуы керек. Аурухана киімдерінің құрамына кіретін іш киім, пижама мен халат, негізінен қолайлы гигиеналық қасиеттері бар мақта-маталарынан тігілуі керек, бұл олардың гигиеналық қасиеттерінің жақсыболуымен түсіндіріледі. Ауруханаларда, химиялық талшықтардан тұратын маталардан тігілген миокробқа қарсы киімдер де қолданылады. Поливинилхлорид пен хлоринді штапельден жасалған маталар, ревматизммен, радикулитпен ауыратын науқастардың жағдайларын жақсартатын емдік трикотаждық іш киімдерді дайындау үшін қолданылады. Олар аурудың жағдайын материалдың бетінде жиналған электростатикалық заряд есебінен жақсартады

2.2. Аяқ киім гигиенасы. Киімнің алмастырылмайтын бір бөлігі - аяқ киім болып табылады, ол, суық пен жылу, ылғал, механикалық әсерлерден, ластанудан, жәндіктер мен жануарлардың шағуынан қорғайды. Аяқ киімнің көп түрлілігіне қарамастан, оның қасиеттері мен параметрлері төмендегідей гигиеналық талаптарға сай болуы қажет:

1. ауа райы мен жұмыс жағдайларына сәйкес, аяқ киім ішіндегі қолайлы ауа алмасу мен температуралық-ылғалдылық режимді қамтамасыз етуі керек;

2. аяқ ұшының анатомо-физиологиялық және жасының ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;

3. аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы керек, қозғалысты шектеп, аяқтың қан айналымын бұзбауы керек;

4. адамға қолайсыз әсер ететін зиянды химиялық заттар бөлінетін көзі болмауы керек;

5. жұмсақ, жеңіл, ыңғайлы, жеңіл тазартылатын болуы керек;

6. механикалық, химиялық және биологиялық әсерлерден қорғауы керек.

Аяқ киім үшін жоғарыда аталған барлық талаптарға сай келетін, ең жақсы материал - табиғи тері болып табылады. Ол төмен жылу өткізгіштік пен орташа ауа өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады, созылғыш болады, зиянды химиялық заттар бөлмейді. Тері, оны қорғайтын қабатын тұзетін, 2-24% дейін майдан тұратындықтан, оның саңылауларына су енбейді. Салқын уақытта теріден жасалған аяқ киімнің жылу сақтайтын қасиеттерін жүні бар терімен астарлау және жүнді тері мен киізден жасалған ұлтарақ қолдану арқылы, жоғарылатылады. Аяқ киімнің табанына, жылу сақтайтын қасиеті теріден кем емес, ұсақ саңылаулы резеңке қолданылады. Киізден жасалған пималардың жылу сақтайтын қасиеті теріден де жоғары болып табылады, бірақ олар тез су болады және жүруге ы


Дата добавления: 2014-12-11 | Просмотры: 1043 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.021 сек.)