АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Нерв тіні
Нерв тінінің организмге өте қажеттілігін нерв жасушаларының негізгі қасиеттері анықтайды, олар сыртқы ортаның тітіргендіргіштерін қабылдауға бейімделген және қозуды өткізетін ерекше мамандарға тіндік элементтер. Нерв тіні организмдегі барлық тіндер мен органдардың әрекеттерін реттеп сыртқы ортамен байланысуын қамтамасыз етеді. Нерв тіні арнайы қызмет атқаратын нейрондар мен нейроглиядан тұрады. Нейроглия нерв жасушаларының қоректік, тіректік, шекаралық, секреторлық және қорғаныс қызметтерін атқарады. Нерв тіні эктодерманың қалыңдаған дорсальды бетінен дамиды, бұл аймақ нерв пластинкасы (табақшасы) деп аталады. Пластинкалардың жиегі қалыңдап, нерв төмпешектері сияқты көтеріледі. Бұлардың арасында нерв байланысы пайда болады. Нерв пластинкасның көтерілген жиектері бірте-бірте жақындасып бірігіп кетеді. Біріккен нерв пластинкасы нерв түтігіне айналады және үстінде жатқан эпидермалды эктодермадан бөлектенеді. Нерв пластинкасындағы жасушалардың бір бөлігі эпидермалды эктодерманың де, нерв түтікшесінің де құрамына кірмей, олардың ортасында нерв жотасы ретінде жасушалары сирек түрде жинақталады. Жота жасушалары латералды және вентральді бағытта көше бастайды. Бас бөлігінде жота жасушалары ми сауыты нервтерінің ядроларының пайда болуына қатысады, бұлардың екінші даму көздері болып нейтралды плакодалар табылады. Көкірек бөлігіндегі жота жасушалары екі ағынға бөлінеді. Біріншісі, жоғары ағын жасушалары эктодермамен мезодерманың арасына орналасып, терінің пигментті жасушаларына бастама береді. Екіншісі, төменгі ағын жасушалары терең және вентральді бағытталып, сомитпен нерв түтікшесінің, сомиттен көшіп шыққан мезенхима жасушаларының арасынан өтеді. Бұл жасушалардан спиналдық (арқа жақ) ганглиі мен автономдық нерв жүйесінің ганглийлерінің нейрондары, нейроглия, леммоцит жасушалары қалыптасады. Нейтралды плакодалар мен қалыптасу кезіндегі бастың екі жанында орналасқан эктодерманың қалыңдауын айтады. Жоғары омыртқалыларда бұлар анық шектелмеген, бірақ экспериментте осы қалыңдаған жерлерден көшкен жасушалар V, VІІ, ІХ және Х бас ми сауыты нервтерінің дамуына қатысатындары дәлелденген. Эмбриогенздің алғашқы сатыларында нерв түтігі вентрикулярлы және нейроэпителиалды жасушалардан тұратын көп қатарлы нейроэпителий көрінісіне ие. Вентрикулярлы жасушалар цилиндр пішінді болады, олардың апикальді өсінділері нерв түтігінің ішкі қуысымен шектесіп саңылау сияқты байланыстармен байланысады. Базалды ұштары субпиальдік шектеуші мембранамен жанасады. Вентрикулярлы жасушалардың ядроларына уақтылы мерзімге байланысты қозғалып орнын өзгертіп тұру тән: премитотикалық жасушалардың ядролары терең орналасады, профаза кезінде ядролары жоғарғы бетіне қарай жақындап бөлінеді, жаңадан пайда болған апалы-сіңлілі жасушалардың ядролары тереңірек орналасуға батып кетеді. Эмбрионалдық даму кезінде вентрикулярлы жасушалардың көбею қабілеттері төмендейді, ал туылғаннан кейін тіпті байқалмайды. Морфологиясы бойынша ұқсас вентрикулярлы жасушалардың жетілген нерв тіндеріндегі түрлі жасушаларға дифференциялану қабілеттері біркелкі емес. Бұлардың жартылары нейроциттерге бастама берсе, басқалары глиальді жасушаларға: эпендимоциттерге, астроциттерге және олигодендроглиоциттерге береді. Гистогенез мидың кейбір аймақтарында жылдам өтеді, сондықтан вентрикулярлы жасушалары цилиндр сияқты пішіндері мен жылжыту қабілеттерін жоғалтады бірақ көбею белсенділігі жоғары түрде сақталынады. Бұл жасушаларды субвентрикулярлық және экстравентрикулярлық пейрогерминативтік (камбиальді) жасушалар деп атайды. Келешекте олар нейроциттердің кейбір түрлері мен глиальді жасушаларға бастама береді. Туылғаннан кейін суб- және экстравентрикулярлы жасушалар біраз уақыт тіршілік етеді, мысалы адам мишығындағы экстравентрикулярлы камбиальді аймақ, постнаталдық онтогенездің 20-шы айында жойылады. Бас миындағы вентрикулярлы, суб- және экстравентрикулярлы көбеюші аймақтардан көшіп шыққан жас нейрондар бөліну қабілеттерін тез жояды, ал жетілмеген глиальді жасушалар (глибласттар) көшіп шыққаннан кейін де белсенді түрде қабілеттерін жоғары түрде сақтайды. Жетілген астроциттер мен олигодендроглиоциттер де осы қабілеттерін толық жоймайды. Нейробласттың дифференциялануына сәйкес ядросы мен цитоплазмасының құрылысы өзгереді. Ядросында түрлі электронды тығыздыққа ие, көріністері бойынша дәндер және жіпшелер сияқты аймақтар пайда болады. Цитоплазмасында көп мөлшерде эндоплазмалық тордың каналшалары мен цистерналары байқалады, еркін рибосомалар мен полисомалар саны азаяды. Гольджи комплексі жақсы дамиды. Маманданған нерв жасушаларының арнайы қасиеті болып, цитоплазмаларындағы жіңішке фибриллалардың пайда болуы саналады. Мамандану кезінде нейрофиламенттердің саны көбейе бастайды, нейробласт денесі бірте-бірте алмұрт пішінді болып келеді, ал оның бұрыш секілді соңғы ұшынан нейрит өсіндісі дамиды. Кешіректе басқа өсінділері дендриттер дифференцияланады. Нейробласттар жетілген нерв жасушаларына нейрондарға айналады. Нейрондар арасында синапс байланыстары түзіледі. Макроглия жасушалары эпендимоциттер, астроциттер және олигодендроциттер нейроэктодермадан дамиды, ал микрология туралы, сүйек кемігіндегі промоноциттерден дамиды деген көзқарас бар.
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1679 | Нарушение авторских прав
|