Веналар
Веналар тамырлар жүйесінің ұзақтаушы (алып кетуші) бөлімі олып есептеледі,олардың қабырғаларының құрылысы орындайтын қызметтерімен байланысты.Артерияларға қарағанда қан қысымының төмендігі (15-20 мм сын.бағ.) және қан ағыны жылдамдығының баяулығынан (ағза веналарында 10 мм/сек шам асында),веналардың қабырғасы –жұқа және эластикалық элементтері аз болады.Дененің қайсы бөлігінде орналасқанына қарап,веналар қабырғасының құрылысы біг-бігінен өзгешеліктерге еге.Дененің төменгі бөлігіндегі веналарда қан өзінің ауырлық салмағы күшін жеңіп ағу қабілетіне еге,оның себебі:веналар қабырғасында бұлшық ет элементтерінің күшті дамығандығын және қақпақша-клапандар бар екенін білдіреді.Дененің жоғарғы бөлімдегі веналардың қабырғасы жұқа және бұлшық еттері аз болады,себебі қан ағынына қарсы күш керегі жоқ,төмен қарай,өз ауырлығы күшімен ағады.Кейбір ағзалардағы веналарда бұлшық ет болмайды.
Қабырғасындағы бұлшық ет элементтерінің дамуы түріне қарай веналар екі типке бөлінеді: бұлшық етті және бұлшық етсіз. Бұлшық етті веналар 3 (үш) топқа бөлінеді: а) бұлшық етті элементтері элсіз дамыған; б) бұлшық етті элементтері орташа дамыған және в) бұлшық етті элементтері күшті дамыған веналар.
1. Бұлшық етсіз (талшықты)- веналарға: қаты және жұмсақ ми қабықтары, көздің торлы қабығы, сүйек, талақ және жатырдағы веналарды айтуға болады. Бұл веналардың қабықтары, көздің торлы қабығы, сүйек, талақ және жатырдағы веналарды айтуға болады. Бұл веналардың қабырғасы базалды мембранадағы бір қабатты эндотелий жасушаларымен оралған.
2. Бұлшық етті веналар 3 (үш) топтан құралады, олардың қабырғасы 3 (үш) қабаттан құралған (ішкі, орта, сыртқы). Ішкі қабат эндотелий мен әлсіз дамыған субэндотелийден құралған. Орта қабатты- тегіс миоциттер бөліктері қоршаған болады. Сыртқы қабат- дәнекер ұлпадан құралған, оларда бірен- саран тегіс миоциттер кездеседі.
Олардың бірінші тобы бұлшық етті элементтері әлсіз дамыған веналар, оларда да үш қабат: ішкі қабат – эндотелий мен дәнекер ұлпадан құралған; орта қабат- эндотелий асты қабаты, оларды тегіс миоциттер бөліктері қоршайды; сыртқы қабат- дәнекер ұлпадан құралған, аралықтарында эластикалық және коллагенді талшықтар орналасқан.
Екінші топ - бұлшық еттері орташа дамыған веналарда (желке венасы) 3(үш) қабат: Ішкі қабат – эндотелийден, эндотелий асты қабатында бірен – саран бұлшық ет жасушалары болады. Орта қабат әлсіз дамыған, онда коллагенді талшықтар көп, оларды бұлшық ет бөліктері қоршайды. Эластикалық элементтер аз болады. Сыртқы қабат – күшті дамыған, оларда ұзына бойына орналасқан коллагенді талшықтар көбірек болады, бұлшық етті бөліктерде кездеседі.
Үшінші топ – бұлшық етті элементтері күшті дамыған веналарға дененің төменгі бөлігіндегі ірі веналар жатады. Оларда қан ағу жылдамдығы әлсіз, қан қысымы көрсеткіші төмен, соның үшін оларға қарама – қарсы әсер етуші күшті жеңу үшін қосымша талаптар керек. Олардың да 3 (үш) қабаты бар, барлығында бұлшық еттердің жақсы дамуы қақпақ – қалапандар құралуына себеші болған – (сандағы веналар).
Ішкі қабат – эндотелий мен субэндотелийден құралған, оларда тамырлардың ішіне бөрітіп шыққан қақпақ – қалапандары болады. Қақпақтардың негізгі дәнекер ұлпадан құралады, оның үстін эндотелий жасушалары жабады. Қақпақтар тамырдағы қанның кері қарай ағуына жол бермейді. Орта қабатты – тегіс миоцит бөліктері мен олардың арасында орналасқан дәнекер ұлпалардан құралған. Сыртқы қабат – дәнекер ұлпалардан құралған, оларда ұзына бойына жатқан тегіс миоциттер болады.
Лимфа тамырлары – жүйесі (ЛТЖ)
Лимфа жүйесі, алғашында омыртқалыларда пайда болып, сүт емізушілерде ең жоғарғы дәрежеге дейін дамыған ұпаларда лимфа тамырларының бір ұшы жабық түтікше күйінде басталып, одан соң өзара тұтасып лимфа капиллярлары торын құрайды.
Барлық ағзалардан шыққан лимфа тамырлары қосылып, екі ірі лимфа тамыры құралады, олар ірі веналарға ашылады. ЛТЖ – нің қызметі зат алмасу өнімдерін сақтайтын ұлпа сұйықтығын барлық ұлпалардан алып кетеді.
Лимфа капиллярлары – құрылысы бойынша қан капиллярларына ұқсас болғанымен, олардан кең және бір ұшы жабық түтікше көрінісінде басталады. Олардың қабырғалары бір қабатты эндотелиоциттерден құралған, қан капиллярындағы эндотелиоциттерден бірнеше есе үлкен, митохондриялары да үлкен және цитоплазмада бір тегіс орналасады, ЭПТ, микропиноцитоз көпіршіктері мөлшері аз болады. Эндотелиоциттер плазмолеммасының ішкі беті тегіс, өте аз цитоплазматикалық өсінділерге ие. Лимфа капиллярында базалды мембрана мен перициттер болмайды. Мөлшерлеріне қарай 3 (үш) түрлі болады: ұсақ, орта және ірі тамырлар.
Лимфа тамырлары мен венаның ұқсастығы; а) қан ағыны жағдайлары бірдей; б) лимфа тамырларыда бұлшық етті және бұлшық етсіз болады; в) орта және ірі тамырлары венадағыға ұқсас, қабырғасында 3 (үш) қабаты болады.
Ұсақ лимфа тамырлары (30-40 мкм), негізінен ағзалар ішінде болып, бұлшық еттері болмайды, қабырғасы эндотелий мен дәнекер ұлпасы бар қабықтан құралған.
Орта және ірі лимфа тамырлары қабығасы 3(үш) қабаттан құралған. Ішкі қабат – эндотелий мен эндотелий асты (эластикалық және коллагенді талшықтардан тұратын) қабаты және нәзік ішкі эластикалық менбраналардан құралған. Бұл қабатта қақпақ- қалпандар болады, олар дәнекер ұлпалардан құралған, оның беті бір қабатты эпителиоциттермен қапталған. Орта қабат – тегіс миоциттерден, сондай – ақ коллагенді және эластикалық талшықтардан құралған (дененің төменгі бөліміндегі лимфа тпмырларында жақсы дамыған).
Көкіркек – лимфа жолы- ірі лимфа тамыры болып саналады, оның қабырғасында 3 (үш) қабат болады, үшеуінде де тегіс миоциттер бар. Ішкі қабатта эндотелий мен асты қабаттары бар, эндотелий асты қабатты дәнекер ұлпалардан құралған, оларда миоциттер ұзына бойы бағытталған.Эластикалық мембрана орынында, жұқа эластикалық талшықтар торы орналасқан. Орта қабат - әлсіз дамыған, құрамында тегіс миоциттермен эластикалық талшық бөліктері бар. Сыртқы қабат – дәнекер ұлпадан құралған, одарда тегіс миоциттер ұзына бойы орналасқан, ең қалың қабат болып саналады.
Барлық тамыр қабырғалары тамырлардың тамыршалары – ұсақ тамырлар арқылы қоректенеді. Олар, ірі тамырлардың адвентициалдық қабатында орналасып, одан орта қабатқа өтеді. Ішкі қабат осы тамырдан ағатын қанмен қоректенеді. Тамырлардың тамыршалары тамыр айналасындағы дәнекер ұлпадан басталады,
Жүрек (Соr).
Жүрек – іші қуыс бұлшық етті ағза. Ол қан тамырлары жүйесіндегі қанды қозғалысқа келтіруші ағза.
Дамуы. Жүректің алғашқы бүршігі шақалақты бастама дамуының 3 – ші аптасында мезенхима жасушаларының жұптасып жиннақталу күйінде ұзындығы (1,5 мм) көрініс табады. Одан әрі қарай мезенхима жасушалары екі созылыңқы түтікше күйінде мезодерманың висцералды жапырағымен қосылып дененің целомикалық қуыстығына түседі. Одан әрі қарай мезенхима түтікшелері құйылып, олардың қабырғаларынан эндокард құралады.
Мезодерманың висцералды жапырағынан түтікшелерге құйылатын аймағы миоэпикардиалдық пластинка деп аталады. Олардан екі бөлім дамиды: біріншісі – ішкі, мезенхима түтікшесінде жатады, миокард бастамасына өзгереді, ал сыртқы бөлімнен эпикард дамиды. Миокард бастамасы жасушалары – кардиобласттар бөлінеді. Одан соң, көлемі ұлғаяды, шақалақты бастама дамуының 2– ші айында, оларда, жан – жаққа тараушы, көлденең сызықты миофибриллдер пайда болады.Жолақтары саркотубулярлық тордың және мембрана жасушаларының (Т- жүйесіндегі) көлденеңді батуы нәтижесінде құралады.Миобласттар жанасатын жерінде десмосома тәріздес құрылымдар кездеседі. Олар қондырғылы дискілерге өзгереді (жанасушы жасушалардың көмескі ирелеңді мембраналары).
Шақалақты бастама дамуының 2- ші айы соңында өткеруші жүйелер қалыптаса бастайды, 4- ші айда, барлық бөлімдері құралады.
Жүрек қақпақтарының (клапан) дамуы – жүрек алды – қарыншалы – тамырлы қақпақтар (клапан) эндокард көшірмесіндей болып дамиды. Сол жақ қақпақтары эндокардиалды өзекке ұқсас өнеді, одан соң, эпикардтың дәнекер ұлпасына өзгереді. Шақалақты бастама дамуының 4- ші айында эпикардтан қақпақ топсасына коллагенді талшық шоғырлары өнеді (олардан фиброзды пластинка құралады). Оң жақ қақпақтары бұлшық етті – эндокардиалды өзекке ұқсас өнеді, дамудың 3- ші айында оң атриовентрикулярлық қақпақтардың бұлшық еті орнын дәнекер ұлпалар ығыстырады (миокард пен эпикардтің дәнекер ұлпалары). Ересек адамдарда жүрек алды жағындағы қақпақ (клапан) негізінде бұлшық ет ұлпалары рудимент (қалдық) күйінде сақталады.
Жүрек алды – қарыншалы қақпақтар текке ғана эндокардтан емес, сондай- ақ миокард пен эпикардтің дәнекер ұлпаларынанда дамиды.
Аорталды қақпақтардың өнуі (дамуы) екі жақты өтеді: синус жағы – фиброзды сақинаның дәнекер ұлпаларынан құралған, эндотелиймен қапталған; ал қарыншалы жағы – эндокардтан дамиды.
Шақалақты бастама дамуының 7- ші аптасында адам жүрегінің интрамуралды нерв аппараттары қалыптасады (нейробласттардың құралуы кезеңі), 9- 10- аптада, олардың дифференцилануы өтеді, 12- ші аптада алғашқы синапстар құралады.
Жүректің ҚҰРЫЛЫСЫ: Жүрек қабырғасында 3 (үш) қабық болады: эндокрад, және эпикард. Эндокард (ішкі қабық) – жүрек камераларының ішкі жағынан қаптайды, сонымен қатар капиллярлардың бұлшық еттерін, сіңір жіпшелерін және жүрек қақпақ – (клапан) тарын қаптайды.
Жүректің жоғарғы қуыстығы жағында эндокард эндотелиймен қапталған. (эндотелиоциттер базалды мембранада орналасқан), одан соң эндотелий асты қабаты жатады, жасушалары аз мамандалған. Одан терең де бұлшық етті эластикалық қабат (оларда эластикалық талшықтар тегіс бұлшықет жасушаларымен оралған). Ең тереңдегі қабатында сыртқы дәнекер ұлпалары миокардпен шегараласып орналасады (дәнекер ұлпалар құрамында: эластикалық, коллагенді және ретикулярлық талшықтар болады).
Эндокард – жүрек бөлмесіндегі (камера) қанның диффузиялануы арқылы қоректенеді. Қан тамырлары эндокардтың сыртқы дәнекер ұлпалары қабатында болады.
Жүректің қақпақтары (клапандары)- жүректің жүрек алды бөлімі мен қарыншасы, сондай-ақ қарынша мен ірі тамырлар аралығында орналасады: а) жүрек алды- қарыншалы (атриовентрикулярлық) қақпақ (клапан) тар жүректіңсол жағында екі топсалы көріністе, ал, оң жағында 3 топсалы бөлімді болады. Олар эндотелиймен қапталған, тығыз талшықты дәнекер ұлпалардың пластинкаларынан құралған (жасушалары көп емес).
Қақпақты жабушыэндотелиоциттер бір- бірін бас сүйегіндегідей қаптайды, немесе бір жасуша мен екінші жасуша цитоплазмасының батыңқылығын құрайды.
Эндотелий асты қабатындағы жұқа коллагенді талшықтар қақпақ топсасының фиброзды пластинкасына өзгереді, екі және үш топсалықта қақпақ байланыстарында (жанасу)- фиброзды сақинаға өзгереді.
Қақпақ топсаларының жүрек алды және қарыншалы бөлімі құрылыстары ұқсас емес. Жүрек алды бөлімі жағынының беті тегіс, олардың эндотелий асты қабатында эластикалық талшықтар мен тегіс миоциттер шоғырларының оралымы болады. Қақпақ негізінде бұлшық ет шоғыры көп кездеседі. Қарыншалы жағының беті тегіс емес, оларда өсінділер болады, сол жерден сіңір жіптері басталады. Бұл аймақта эндотелий астында бірен – саран эластикалық талшықтар кездеседі.
Аорта доғасының көтерілуші бөлімі мен жүректің сол қарын – шекарасында аорталды қақпақтар (клапандар) болады. Қақпақ топсасының ұзына бойы кесіндісін қарасақ, 3 (үш) қабат көрінеді: ішкі, орта және сыртқы. Ішкі қабат – жүректің қарынша жағында, эндокардтің жалғасы. Бұл қабаттың эндотелийі субмикроскоптың филамент шоғырларына еге (қалыңдығы 5- 8нм) және пиноцитозды көпіршіктері көп. Эндотелий асты қабатында ұзын, жұқаөсінділі фибрилдері бола, олар эндотлий жасушаларын ұстап тұрады. Бұл қабатқа жақын тығыз коллагенді фибрилдер шоғырлары көлденеңінен және ұзына бойы, бір- біріне шырматылып орналасқан. Одан соң, аралас эластикалық – коллагенді қабат жатады. Орта қабық –жұқа болады сирек талшықты дәнекер ұлпалардан құралған, жасушалық элементтерге бай. Сыртқы қабық- аортаға қараған, құрамында: эндотелий коллагенді талшықтары (аортаның айналасындағы фиброзды сақинадан басталады) бар.
МИОКАРД- (жүректің бұлшық ет қабаты)- көлденеңжолақты бұлшық ет жасушаларының өзара тығыз байланысуынан құралған. Бұлшық ет элементтері аралығында: сирек дәнекер ұлпалар,ұлпалар, нервтер қабаттары орналасқан.
МИОКАРД жасушаларының екі түрлі типі бар: қысқарушы бұшықет жасушалары және өткеруші жүрек миоцитері.
1. Қысқарушы бұлшық ет жасушалары – ұзына бойына кесіндісінде – тік бұрышты пішіндес, ұзындығы 50-120 мкм, кендігі 15-20 мкм, орталығында 1-2 ядросы, сопақ немесе созылыңқы пішінді, миофибрилдері ұзына бойына орналасқан. Жүрек алды миоциттерінде: ьитахондрийалар, миофибрилдер, сакроплазматикаық торлары (СПТ) аз кездеседі. Қарыншалы кардиомиоциттер цилиндір пішіндес, жүрек алды бөлімі миоциттері өсінділі пішінге ие. Жүрекалды миоциттерінде сукцинатдегидрогеназа активтілігі төмен, гликого синтезі ферменттерінің (гликогенсинтетаза, фосфорилаза) активтілігі жоғары.
Белок синтезі СПТ – да өтеді, одан соң Гольджи комплексінде қалыптасады. Жүрек алды бөлімінің арнаулы түйіршіктерінде гликопротеиндер көп, олар қанға түсіп липопротеиндермен байланысады, антитромбикалық қызмет атқарады. Сонымен қатар, оларда натрийуретикалық факторлар бар, артериалды қан қысымына қатысады (тензосенсорлық қызмет).
Көптеген сүтқоректілердің жүрек алды кардиомиоциттерінде каналшалар, Т-жүйесі әлсіз дамыған. Сарколема астында көптеген пиноцитозды көпіршіктер мен ковеолалар орналасады, олар Т- жүйе қызметін орындаушы құрылымдар болып саналады.
Жүрек миоциттердің бір- бірінен шегараласушы жерінде қондырылғы дискілер бар, осы аймақта миоциттерді байланыстырушы көмескі дақтар – десмосомалар бар. Кардиомиоциттер қондырғылы дискілер арқылы бұлшық ет ұштарымен жалғасады, миоциттен миоциттерге қозу – нексус (жіңішке саңылау) арқылы өтеді. Бұлшық ет талшықтары аралығында анастомоздар бар. Кардиомиоциттер орталығында ядросы бар, миофибриллдері көп, цитоплазмлада: митохондрий, Гольджи комплексі бар. Миофибриллдер аралығындада митохондриялар бар, СПТ цистерна (құбыр) құрмадйы, олар мембрананың Т-түтікшесінде орналасады. Митохондриялардың көптігі жүректің үнемі істеп тұруы үшін керекті энергияны жеткереді.
Миоциттердің бұлшық ет талшықтары жүректің тірек сүлдемесінен жалғасады,тірек сүлдесі фиброзды сақиналардан құралған (жүрек алды бөлімі мен қарыншалардың және ірі тамырлар ұшындағы тығыз дәнекер ұлпалардың аралығында жатқан). Тірек сүлдесі құрамында тығыз коллагенді талшықтар шоғырынан басқа, көптеген эластикалық талшықтар, кейде шеміршіктерде болады. Интерстициалдық дәнекер ұлпаларда көптеген қан тамырлары мен лимфа капиллярлары болады. әрбір миоцит 2- 3 капиллярымен байланысады.
2. Жүректің өткеруші миоциттері- жүректің өткеруші жүйесін құрайды, оған: синусты- жүрек алды түйіні, жүрек алды – қарыншалы түйін, оның шоғыры (оң және сол аяғы өзегі – ірі Пуркинье талшығы) және олардың бұтақтары қысқарушы бұлшық ет жасушаларына импулстарды таратады. Бұл жүйегі бұлшық еттердің 3 (үш) типімен танысамыз: а) өткеруші жүйе түйіндері; б) атриовентрикулярлық түйіндер; в) өткеруші жүйенің шоғыр ұлпалары және оның аяқтары (Пуркинья талшығы).
1- ші тип, өткеруші жүйе түйіндері – синус түйінінде ритмді басқарушы импулстар пайда болады, олар 1- ші – тип жасушалар (Пейсмекер- р жас.) деп аталады, өз - өздігінен қысқара алады дм 8-10 мкм, миофибриллдері аз, а- дискілері көмескі білінеді. Митохондриялар ірі емес, домалақ – сопақ пішіндес, мөлшері аз. Цитолемманың өн бойында көптеген пиноцитозды көпіршіктер мен кавеллолар орналасқан. Олар жасуша мембранасының жүзін 2 есе ұлғайтады. Саркоплазматикалық тор әлсіз дамыған, болсада, цитоплазмасында еркін (бос) Са 2+ ионының көп болуы, синусты түйін жасушаларының бұлшық еттің қысқаруы үшін импулсты жинақтауына жағдай жасайды, Т- жүйесі жоқ. Р- жасушалары аралығында бірен – саран десмосома мен нексустері бар. Түйін перифериасында өтпелі жасушалары бар (атровентрикулярлық түйіндер жасушасындай).
2-ші тип атриовентрикуларлық түйіндерде – Р- жасушалары аз болады, оның көп бөлігін 2-ші типтегі өтпелі ұлпалар егелейді. Олар,жұқа, созылыңқы көріністегі жасушалар, миофибриллдері жақсы дамыған, кейбірінде қысқа Т- түтікшелері болады. Өтпелі жасушалар өзара жай жанасулармен, немесе күрделі байланысты қондырғылы дискілер арқылы жанасады. Өтпелі жасушалардың функционалдық маңызы – қозу импулсін Р – жасушалар арқылы жұмысшы миокардттарға және Пуркинье талшықтарына жеткізу.
3- ші тип өткеруші жүйенің шоғыр жасушалары және оның аяқтары (Пуркинье талшығы)- олардың функционалдық қызметі өтпелі жасушалардан қозуды карыншалардың жұмысшы миокард жасушаларына жеткізу болып саналады.
Бұл жүйенің жасушалары өзек және өзек аяқшаларында бұтақталып, шоғырланады, олар сирек дәнекер ұлпалар қатпарларымен қоршалған. Шоғыр аяқшалары эндокард астында және қарыншалар миокарды тереңінде бұтақталады, емізікшелі бұлшық ет қақпақтарының топсасын кереді (қарыншалардағы миокардтың қысқаруына дейін).
Шоғырлы жасушалары ірі, дм 15 мкм, Т- жүйесі жоқ, жұқа миофибриллдері бар. Ядросы орталықта емес. Бұл жасушалар жиынтығы жүрек алды – қарыншалы өзектеріне және шоғыр аяқшаларын (Пуркинья талшығы) құрайды.
Өткеруші жүйе – гликогендер бай, оларды амиглаза бөлшектейді. Рибонуклеопротейндтер мен липид мөлшері аз. Анаэробты гликолизде қатысушы ферменттер мөлшері көп (фосфорилаза, сүт қышқылы дегидрогеназасы). ҮКЦ (ЦТК)- нің аэробты ферменттерінің активтілігі (янтар қышқылы дегидрогеназасы, алма, кетоглутар және изолимон қышқылы) және электрон тасушы митохондрийді тізбектері ферменттері (цитохромосидазалар, т. б.) активтілігі төмен.
Қысқарушы кардиомиоциттерге қарағанда өткеруші талшықтарда: К+ деңгейі төмен, Са 2 + мен № а + мөлшері жоғары болады.
Миокардте афферентті және эфферентті нерв талшықтары көп, бірақ нерв – бұлшық синапстары болмайды. Өткеруші жүйелерді қоршаған нерв талшықтарын, сондай- ақ жүрекке жанасушы нервтердің тітіркенуі жүрек қысқаруы ритмдерінің өзгеруіне соқтырады. Бұл құбылыс жүрек ритмі қызметінде, өткеруші жүйелер арқылы импулстардың тарқалуында нерв жүйесінің шешуші маңызға ие екенін көрсетеді.
Эпикард және перикард
Эпикард- жүректің сыртқы қабығы, перикардтың висцералды жапырағы болып есептеледі. Эпикард- миокардпен тығыз жанасып өнетін дәнекер ұлпа пластинкаларынан құралған. Оның бос жағы мезотелиймен қапталған.
Эпикардпен перикард аралығында қуыстықты кеністік бар, оларда сұйықтық бар (қажалудан сақталу қызметін атқарады).
Перикардте- дәнекер ұлпалар күшті дамыған, оларда эластикалық талшықтар көп (әсіресе терең қабатында). Оның перикардиялды қуыстық жағы мезотелиймен қапталған. Қан тамырлары жолында май жасушаларының жинақталуы кездеседі. Эпикардпен перикардтың париеталды жапырағында көптеген нерв ұштары орналасады (көбінесе бос күйінде).
Та º ырыпты тере» о º у ¹ а арнал ¹ ан ¸ дебиеттер:
1. Гистология оºулы¹ы. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина.
2. Гистология, цитология ж¸не эмбриологиядан лабороториялыº сабаºтар¹а арнал¹ан практикум. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина.
3. Гистология, цитология ж¸не эмбриология атласы. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н., Горячкина В.Л.
4. Гистология. Юрина Н.А., Радостина А.И. М.Медицина, 1995.
5. Гистология. М. Рысулы, Омаров.
6. Гистология, цитология ж¸не эмбриологиядан лабороториялыº сабаºтар¹а арнал¹ан практикум. М. Рысулы, Омаров.
7. Лекциялыº материал.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
ГИСТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КУРСЫ
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 2320 | Нарушение авторских прав
|