АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Лекция №17

Прочитайте:
  1. Вводная лекция.
  2. Лекция 1 :Произвольные движения.
  3. ЛЕКЦИЯ 10. СОЕДИНЕНИЯ ДЕТАЛЕЙ И УЗЛОВ МАШИН
  4. ЛЕКЦИЯ 11. КОРПУСНЫЕ ДЕТАЛИ
  5. Лекция 14. Принципы нормирования параметров окружающей среды
  6. Лекция 2. Раздел 1. Механические передачи
  7. Лекция 2: Непроизвольные движения
  8. Лекция 4: Строение, функции и симптомы поражения черепных нервов(ЧН)
  9. Лекция 5. Зубчатые передачи
  10. Лекция 5: Высшие корковые свойства и их расстройства

Тақырып: Несеп шығару жүйесi.

 

 

 

 

 

 

2005 ж

Лекцияның жоспары:

І Кіріспе.

1. Тақырыптың маңызы

2. Ағзалардың жалпы сипаттамасы

ІІ Негізгі бөлім

38. Жүйе ағзаларының дамуы

39. Жіктелуі

40. Қызметтері

41. Құрылысы

42. Қан мен қамтамасыз етілуі

43. Нервпен қамтамасыз етілуі

ІІІ Қорытынды бөлімі

47. Жас ерекшеліктері

48. Регенерациясы (қайта қалпына келуі)

 

Несеп жүйесі несеп түзуші /бүйрек/ және несеп шығарушы органдардан /несеп ағар, қуық, несеп шығару каналы/ тұрады. Зат алмасуда пайда болған қалдық заттардың 80 % -ті сонымен қатар, су және электролиттер несеп арқылы организмнен шығып кетеді. Бүйрек, несеп бөлуші орган ретінде ішкі ортаны қалыпты сақтауда үлкен маңызға ие. Бүйрек науқастанған кезде гомеостаз бұзылады: тіндерде су жиналады- іседі, зат алмасудың қалдық заттарымен өз-өзімен улануы байқалады. Дұрыс диагностикалау және емдеу үшін лаборатория анализдері клиникалық пробалар, гистологиялық тексеруге органнан материал алу /биопсия/ қолданады. Бұл тексерулердің барлығы несеп шығару ағзалары гистофизиологиясы туралы білім негізінде өтеді.

 

Несеп шығару жүйесі.

Несеп шығару жүйе ағзаларына: бүйрек, несеп ағу түтігі, қуық, несеп шығару каналы,жыныс мүшелері.

Бүйрек несеп құраушы ағза, жұпты орган. Ол омыртқа жотасының екі жағында, бел аймағында XII кеуде-II бел омыртқалар деңгейінде орналасқан. Ол адамның жынысына, жасына, тамақтануына байланысты болады. Нәрестелерде және кеуде жасындағы балаларда үлкен және төмен орналасқан. Кәрілік жаста бүйрек төмен орналасқан. Себебі, бүйрек маңы май тканьдерінің көлемінің азаюы болып табылады. Ер адамдарға қарағанда әйелдерде төмен орналасқан. Несеп құрай отырып, бүйрек шығынды улы заттарды (зәрлі қосылыстар, несеп т.б) организмнен шығарады. Сондай –ақ су- тұз метаболизмі реакциясын реттейді, артерияда қысымның бірқалыпты болуында, қышқыл-негізді теңдікті сақтауда және эндокринді қызмет атқарады. Соңғы бүйрек ұрықтың екі айлығында қалыптасады, бірақ толық қалыптасуы нәрестенің туылғаннан кейін бітеді. Бүйрек қызметі эмбрионалды кезеңнің екінші жартысында басталады. Бұл бүйрек екі бастамадан дамиды – мезонефралды түтіктен және нефрогенді ұлпадан. Мезодермалды түтік несеп ағар түтікке, бүйрек қақпасына, бүйрек тостағаншаларына, емізіктәрізді каналдарға және жинағыш түтікше лерге бастама береді. Нефрогенді ұлпадан бүйрек каналшалары дифференциаланады. Б ір басында тамырлы шоғырды қамтитын капсула түзеді. Ал екінші басында жинағыш түтікшелермен жалғасады.

Құрылысы. Бүйрек дәнекер тоқымалы капсуламен, алдыңғы жағы сіре қабықпен қоршалған, ұзына бойы кесінді өткерсек, екі аймақты қыртысты және милы затты анықтауға болады. Қыртысты зат – қоңыр- қызғыш түсті, ірі, милы зат – солғын түсті, 8-12- ге дейін пирамидалы бөліктері бар. Қыртысты зат милы затқа колонка құрап кіріп тұрады, милы зат қыртысты затта милы сәуле пішінінде орналасады.

Нефрон – бүйректің құрылымдық функционалдық бірлігі, нефрон және несеп түтігі арасында дәнекер тоқыманың жұқа қатпарлары бар, оларда қан тамырлары мен нервтер жатады, дәнекер тоқыма мөлшері эпителийден аз (соның үшін эпителиалды ағза деп аталады).

Бүйректегі нефрондардың саны 1 млн-дай, ұз. 18-50 мм-ге дейін барады. Сүт қоректілер мен адам нефроны құрамындағы бөлімдер: тамырлар түтамы және оны ораған капсуласы бар бүйрек добы (шеңбері); проксималды бөлім (ирек каналшалары); проксималды түзу каналша; жұқа каналша; төменге және жоғарыға бағытталған бөлімі; дисталды түзу каналша, дисталды ирек каналша. Жұқа каналша мен дистаады түзу каналша нефрон түйінің (Генли түйінің) құрайды, олар бүйрек кесесіне ашылады.

Нефрондар 2 (екі) түрлі көріністе: қыртысты затта - қыртысты және милы затта – юкстамедуляр (милы сөзінең) нефрондар деп аталады (бүйрек денешіктері қыртыс зат ішіндегі милы затта орналасады, олар ұзын бүйрек сорғышына дейін жанасып жатады).

Қыртысты нефрондар мөлшері өте көп 800.000-дай. Бүйректің жинауышы түтікшелеріне нефрондар ашылады (ми сәулелерінен шығушы қыртысты нефрондар), одан милы заттың пирамидаларының жоғарғы ұшында емізікшелі каналшаларға құйылады.

Бүйрек денешігі – капиллярлар шеңберінен (добы) және Боумен капсуласының жапырақтарынан (париеталды, висцералды) құралған болады. Капиллярлар шеңберіне артериолдар: еніп және шығып тұрады. Капиллярлардың қабырғасы эндотелиоциттерден және оның астында орналасқан базалды мембранадан құралған. Эндотелиоциттерде фенестрлер жаңа ұсақ саңаулар көп, (7 нм-ге дейін), олар арқылы, әртүрлі заттар фильтрацияланады (қаннан капсула қуыстығына қарай).

Базалды мембрана 3 (үш) қабатты және үздіксіз (үзілмейді), қалындығы әртүрлі, әсіресе патологиялық жағдайларда қалындайды.

Базалды мембрананың эндотелийі мен капсуласы висцералды жапырақ хұжайраларында синтезделеді.

Боумен капсуласы құрамында: висцералды, париеталды жапырақжәне капсула кеңестігі болады. Висцералды жапырақ жалпақ эпителиоциттермен (подоциттер) қапталған, солзылыңқы, пішінсіздеу. Одан ұзынөсінділер цитотрабекулдар шығып (2-3-ден), капиллярға жақындасқанда, ұсақ өсінділерге – цитопедикулдарға бөлініп кетеді, олар базалды мембранаға жанасып тұрушы цилиндірлер көрінісінде болады. Цитоподийлар (педикула) аралығында тар саңлау болады, олар капсула кеңістінгімен байланысқан болады.

Бұл аталған құрылымдар: капилярлық тордың эндотелиоциттері, Боумен капсуласы ішкі жапырағының подоциттері мен олардың арасындағы базалды мембрана фильтрациялық барьер (тосқауыл) құрайды, олардан капсула кеңістігіне қан плазмасының құрамдық бөліктері өтіп алғашқы несеп құрайды. Барьерден-қанның пішінді элементтері, ірілеу белоктар, иммунді денешіктер, фиброноген, т. б. өте алмайды (өтетін зат мөлшері 7 нм-ден ұсақ болуы керек), патологиялық жағдайларда ғана, олар өте алады. Мысалы гломерулярлық нефридте, липоидты және амилоидты нефрозда т. б. (науқастарда), висцералды жапырақтарың эпителиоцит өсінділері қысқа болады немесе қосылып кетедіг.

Тамырлы шеңбер (доп) капиллярлары арасында – мезангиалды хұжайралар болады, олардың негізгі бөлігі хұжайралық заттар құрайды, ал, кейбірі – макрофагтық қызмет атқарады.

Боумен капсуласының париеталды жапырағы эпителиоциттері жалпақ, ядроға жақын жерде денесі қалың болады, эпителиоциттер бір-бірінің үстіне қисық орналасады. Капсуланың сыртқы қабаты эпителийі проксималды бөлім эпителийіне дейін созылады.

Нефронның проксималды бөлімі – ұзын болады, құрамында: қисық және өзі қысқа, бірақ түзу түтікшелерден құралған (дм-і 60 мкм-ге дейін). Олардың Боумен капсуласына жалғасқан жерде – хұжайра куб тәріздес, қисық бөлімінде – цилиндірдлі пішінді болады. Хұжайралары жиекті (ернеулі) құрылымға еге (микроворсинкалардан құралған). Микроворсинкаларда негізді фосфотаза көп, олар глюкозаның реабсорбциясында қатысады. Проксималды бөлімде: алғашқы несептен қанға-белоктар, глюкоза, ерітіндлер, су, т. б. реабсорция етіледі. Хұжайралар цитоплазмасында протиолитикалық ферменттерге бай, лизосомалар бар, белоктарды аминоқышқылдарға ыдыратады, олар қанға сорылады. Хұжайралардың базалды плазматикалық мембранасында қатпарлары болады, аралықтарында митохондриялар көп. Қатпарлар мен мембрана әртүлі заттардың қанға өтуінде және қаннан хұжайраға өту құбылыстарында қатысады. Мұндай реакцияларда – реабсорция нәтижесінде алғашқы несеп құрамы өзгереді: қантты қосындылар мен белок жоғалады (олар патологиялық жағдайда ғана 2-ші реттегі несеп құрамында болады.

Нефронның дисталды бөлімі – түзу бөлімі және қисық сегментті бөлімі болдады. Түзу бөліміхұжайралары куб тәріздес, апикалды бетінде қысқа өсінділері бар (микроворсинкаларға ұқсас), латералды жағында өзара тұтасқан көптеген өсінділер орналасқан. Базалды мембраналары қыртыстар құрайды,олардың аралығында мито-хондриялар көп. Дисталды бөлімде №а ионының активтітасымалдануы өтеді (осмостық және электрохимиялық градиентке қарсы бағытта).

Бүйректің эндрокринді қызметі – олардың 2 (екі) түрлі гормон: ренин және простагландин өндіруіне байланысты.

Ренин югстагломеру лярлық аппаратында (ЮГА) құралып, организімде ангиотензин құралуын қамтамасыз етеді, ЮГА сондай-ақ, эритропиэтин синтезінде де маңызға еге.

ЮГА құрамында: юкстагломерулярлық хұжайра; дисталды түтіктің артериялар арасында – «тығыз дақ» болады; сондай-ақ, олардың құрамында юкставаскулярлық (Гурмагтиг) хұжайрасы бар; капиллярлар аралық хұжайлалар – мезенгиумдардан құралған.

Дамуы: Бүйрек дамуында алдынғы бөлім pronehor, алғашқы бүйрек mesonephros және соңғы бөлімі metanephros кезеңдерінен өтеді.

Pronephros – алдыңғы бөлім 8-10шы сегмент аяқшасынан дамиды, протонефрит түтікшелер құрайды, екінші ұшы мезонефральды түтікшеге ашылады. Олар адам эмбрионында бүйрек құрауға қатыспайды.

Mesonephros – алғашқы бүйрек 25-ке жақын сегмент аяқшаларынан құралады. Олар метанефридий қурайды, целом жағындағы ұшы аорта жаққа өсінді шығарады, олар капиллярларторын құраушы қантамыры келеді, алғашқы бүйрек оралымын құрайды. Алғашқы бүйрек негізі несеп шығарушы орган болып табылады. ЯҒни ол 4тен-8ге дейінгі аптада өз қызметін атқарады. Осы период кезінде размері үлкейеді, 30-34 каналшылардан құралады, 6-7 мойын сегменттерінен басталып, 3-4ші бел сегментеріне жетеді. Алғашқы бүйректің гломеруласы аортаның артерияльді тармағынан болатын тамырлы оралымынан құралады. Адамда мезонефрос өте белсенді және фильтрация қызметің атқарады. Онымен қоса зәрдің гипотоникалық зат алмасуында азотты заттардың бөлінуін, тұздардың реабсорбциясын қадағалайды.

3-ші айдан бастап каналшалардың өзгеруімен мезонефростың регрессиясы басталады. Оның кейбір элементтері жыныс жүйесінің құралуына қатысады. Эмбриональді дамудың 5-ші айынан бастап, mesonephros өз дамуын тоқтатады.

Metanephros – соңғы бүйрек ұрықтың 2-ші айында құралады, бірақта оның аяқталуы туылған соң тоқталады. Соңғы бүйрек екі көзден: мезонефральді түтіктен және нефрогенді тканнан дамиды. Мезонефральді түтікшеден несепағар, бүйрек лоханка, бүйрек чашка, емізікше канал және жинау түтігі дамиды.

Жастық ерекшелігі: Бүйрек құрылысының жастық ерекшелігі несеп бөлу жүйесі постэмбриональді кезеңдеде өз дамуын тоқтатпайды. Нәрестеде қыртысты зат пен милы заттың қалыңдығы 1/4- 1/5, ал үлкендерде 1/2- 1/3 құрайды. Нәресте бүйрегінде көп мөлшерде нефрон кездеседі. Нәрестеде нефронның каналшасының қалыңдығы 18-36 мкм, ал үлкен адамда 40-60 мкм болады. Жасы ұлғайған нефронның ұзындығы өзгереді.

Нәрестеде бүйрек тканінің салмағында 50-ден астам шоғыр (клубочек), 8-10 айлық балада 18-20 шоғыр, ал үлкендерде 4-6 шоғыр болады.

Та º ырыпты тере» о º у ¹ а арнал ¹ ан ¸ дебиеттер:

1. Гистология оºулы¹ы. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина.

2. Гистология, цитология ж¸не эмбриологиядан лабороториялыº сабаºтар¹а арнал¹ан практикум. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина.

3. Гистология, цитология ж¸не эмбриология атласы. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н., Горячкина В.Л.

4. Гистология. Юрина Н.А., Радостина А.И. М.Медицина, 1995.

5. Гистология. М. Рысулы, Омаров.

6. Гистология, цитология ж¸не эмбриологиядан лабороториялыº сабаºтар¹а арнал¹ан практикум. М. Рысулы, Омаров.

7. Лекциялыº материал

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

ГИСТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КУРСЫ

 

 


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 3813 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.007 сек.)