АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Лекция №16

Прочитайте:
  1. Вводная лекция.
  2. Лекция 1 :Произвольные движения.
  3. ЛЕКЦИЯ 10. СОЕДИНЕНИЯ ДЕТАЛЕЙ И УЗЛОВ МАШИН
  4. ЛЕКЦИЯ 11. КОРПУСНЫЕ ДЕТАЛИ
  5. Лекция 14. Принципы нормирования параметров окружающей среды
  6. Лекция 2. Раздел 1. Механические передачи
  7. Лекция 2: Непроизвольные движения
  8. Лекция 4: Строение, функции и симптомы поражения черепных нервов(ЧН)
  9. Лекция 5. Зубчатые передачи
  10. Лекция 5: Высшие корковые свойства и их расстройства

Тақырып: Тыныс жүйесi Жалпы жабынды

 

 

 

 

 

2005 ж

Лекцияның жоспары:

І Кіріспе.

1. Тақырыптың маңызы

2. Ағзалардың жалпы сипаттамасы

ІІ Негізгі бөлім

32. Жүйе ағзаларының дамуы

33. Жіктелуі

34. Қызметтері

35. Құрылысы

36. Қан мен қамтамасыз етілуі

37. Нервпен қамтамасыз етілуі

ІІІ Қорытынды бөлімі

45. Жас ерекшеліктері

46. Регенерациясы (қайта қалпына келуі)

 

Тыныс алу ағзалары негізгі газ алмасу қызметі мен қатар,респираторлық емес қызметті де атқарады. Тыныс алу ағзаларының қызметінің өзгеруі және бағытталған терапияда қолдануда дәрігер үшін осы ағзалардың құрылысын, гистофизиологиясын білу маңызды.

Тыныс алу ағзаларының ауруларын диагностикалау (бронхоскопия, рентгеноскопия, тыныс алу жолдарынан бөлінетін сұйықтықтарды лабораториялық зерттеу) және зерттеу әдістерін істеп шығару, қолдану осы деректерге негізделген.

Тері организмнің сыртқы жабындысын құрайды. Ол көптеген өмірлік маңызды қызметтерді атқарады. Терінің сыртқы түрі, түсі, температурасы, ылғалдылығы және басқа белгілері, жасты, жынысты гормоналдық статусты витаминдердің дефицитін анықтайды және кейбір аурулардың даму сатысын белгілейді.

Тері және оның туындыларының құрлысын білу дәрігерлердің қалыпты және патологиялық жағдайда терінің қызметін дұрыс түсіну қажет.

ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ.

Тыныс алу жүйесі газ алмасу процесінен басқа да бір қатар қызметтер атқарады. Тыныс алу жүйесі – түрлі ағзалардағы ауа өтетін жолдармен: газ алмасу мен тыныс алу қызметін атқарады. Мұндай ағзаларға: мұрын қуысы мұрын-жұтқыншақты, көмей, кеңірдек, өкпеден тыс бронхтар және өкпе жатады.Тыныс алудың сыртқы түріне, сыртқы ортадан жұтылған ауаның құрамындағы оттегін қанға өткізуі, сондай-ақ, организм ішіндегі реакцияларда ажыралған оттегін қанға өткізу қызметі және организмде жиналған көмір қышқыл газын сыртқы ортаға шығару болып саналады. Газ алмасу процесі өкпеде өтеді. Сондай-ақ, тыныс алу ағзалары организимге қажет маңызды қызметтер орындайды: термореттеуші қызметі, тыныс жолдарын үнемі дымқыл күйде ұстау, жұтылған ауаны микроорганизимнен, шаң-тозаңнан тазарту, өте көп бұтақталған қан тамырларында қанның жиналу қызметін, тромбопластин мен оның антогонисті-гепарин заттарын шығарып, қанның ұюыуна қатысу қызметтерін орындайды. Зат алмасу құбылысында-гормондардың синтезінде, су мен тұздардың, майлы заттардың метаболизмінде, иммунологиялық қорғаныс қызметтерінде, дыбыс құралуы мен иіс сезу құбылысына қатысады.

Дамуы: көмей, кеңірдек және өкпе – алдыңғы ішектің вентралды қабырғасындағы төменгі эпителийден бөртіп, 3-4 апталлық эмбрионда дамиды. 3 апта ішінде көмей, кеңірдек өнеді (жеке қапшық сияқты), оның төменгі бөлігі ортасынан екіге бөлініп, оң және сол өкпе құралады. Бұл кеңіген қапшықтар ұшы бұтақталып, көптеген жаңа бөртпелер құрайды. Олардың сыртын мезенхима қоршайды, 8-ші аптада бронхтар-қысқа тегіс түтікшелер тәрізді қалыптасады, 10-12-ші аптада қабырғасы қатпарланып, цилиндірлі пішінді эпителиймен қапталады. Мезенхимадан бронхтардың бұтақтары дамиды, олардан: тегіс бұлшық ет ұлпасы, альвеолалардың: эластикалық, колагенді элементтері және өкпе бөліктері аралығындағы бөртіп шығатын дәнекер ұлпа қабаттары дамиды. 4 айлық эмбрионда өкпенің бронхиолалары қалыптасады, куб тәрізді эпителиймен қапталады. Одан-соңғы мерзімдерде альвеола және альвеолалардың ағын жолдары өнеді, олар қабысқан түрде, қабырғасы қалың цилиндірлі көпіршікті эпителийден құралған. Сондай-ақ, мезенхимадан қан тамырлары дамиды, оларға нерв талшықтары қатарласып орналасады. Спланхнотоманың висцералдық және париеталдық жапырақтарынан плевраның сондай жапырақтары құралады.

Жаңа туған нәрестенің тыныс қимылдары нәтижесінде өкпе альвеолярлы ауамен керіледі (толады), қуысы кеңейеді қабырғасы жұқарады. Сүйтіп, альвеолалардағы ауа мен оны қоршаған капиллярлардағы қан арасында: оттегі мен көмір қышқыл газдарының зат алмасу орындалады.

Ауа өтетін жолдарға: мұрын қуысы, мұрын-жұтқыншақты, көмей, кеңірдек және бронхтар жатады, олардан өткен ауа тазарады, дымқылданады, жылу алмасу арқылы енген ауа мөлшері дененің темературасымен шамаласады (жақын болады).

Көрсетілген ағзалар: газды, температуралық, механикалық әсерлерді қабылдап, тітіркенгіштікті құрайды, сондай-ақ, жұтылған ауаның көлемін реттейді, көмейдегі дыбыс шығу құбылысына қатысады.

Мұрын қуысы -- мұрын шеміршектерінің астында жатқан қуыс. Оның кіре берісі (босағасы) бөлігі және меншікті мұрын қуысы бөлігі болады.

Кіре беріс бөлігі – мұрын шеміршегінің астында орналасады, көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған, эпителийдің астында дәнекер ұлпалы қабатта: майлы бездер, түтікті қылшықтар түбірі болады. Қылшықтар жұтылған ауаның құрамындағы шаң-тозандарды ұстап тазартады. Меншікті мұрын қуысының тынысты бөлігі кілегей қабықпен қапталған, оның құрамында: көп қатарлы призматикалық кірпікшелі эпителий және дәнекер ұлпалы меншікті пластинка болады. Базалды мембранада орналақан эпителийдің жасушалар типін ажыратуға болады: кірпікшелі микросорғышты жасушалар, базалды және бокалды жасушалар жатады. Базалды жасушалар дамып жетілмеген, бокал тәріздес жасушалар секіретті зат өндіреді, олардан шыққан кілегейлі секретті заттар, кірпікшелі эпителийдің бетін ертіндісімен дымқылдайды, олардың бетіне жабысқан микроргонизмдер, шаң-тозаңдар, зиянды бөлшектер детоксикацияланады.

Васкулиризациясы (қан айналымы). Мұрын қуысының кілегейлі қабығынан өте көп қан тамырларының тарамдары өтеді. Олар дәнекер ұлпада бұтақталып эпителийге жақындайды ол жерде суық ауа жылиды. Бұл аймақта: артерия, артериола, веналарда-орта қабық жақсы дамыған, лимфатикалық тамырлар: күрделі орта қабық жақсы дамыған, лимфатикалық тамырлар: күрделі бұтақталып тор құрайды, олар ірі сілекей бездерінің лимфа тамырларымен байланысады. Лимфа тамырлары бас миының әртүрлі бөлігінде периваскулярлық қандар және субарахноидалды кеңістігімен байланысқан болады.

Иннервациясы: мұрын қуысының кілегей қабығында өте көп еркін күйдегі бұтақталған және инкапсулданған нерв ұштары аяқталады.

Көмекей – ауа өткізетін ағза болумен қатар, дыбыстың құралуына және қалыптасуына қатысады. Көмейдің құрамында 3 (үш) қабық болады: кілегейлі, шеміршекті – фиброзды және адвентициалды.

Кілегейлі қабық -- көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен (дыбыс байламдары жіпшелерін есепке алмағанда) қапталған.

Кілегейлі қабықтың негізгі (меншікті) пластинкасы - сирек талшықты дәнкер ұлпадан құралған, эластинді талшықтары өте көп. Кілегейлі қабықтың терең қабаттарында эластинді талшықтар, шеміршек асты бөлімге, одан соң, көмейдің орта бөлігіндегі дыбыс байламдарының көлденең – жолақты Б.Е.-нің аралығына өтеді. Негізгі пластинкада аралас бөлікті-кілегейлі бездер бөбешік айналасында көп болады. Бұл аймақта лимфоидты түйіндер орналасады, оны көмейдің миндалинасы дейді.

Көмейдің орта бөлігіндегі кілегей қабықтың меншікті және жалған дыбысты қатпарлы байламдары болады, беті көп қатарлы жалпақ эпителиймен қапталған. Дыбысты қатпарлы байламдардағы Б.Е.-тер қысқарғанда, олардың аралығындағы кеңістік дыбыс тембрін (мөлшерін) өзгертіп тұрады. Шеміршекті-фиброзды қабық гиалинді, эластинді шеміршек ұлпаларынан құралған, сыртқы қабығы тығыз талшықты дәнекер ұлпаларымен қоршалған, қорғаныс және тірек-қызметін атқарады.

Адвентициялық қабық-коллагенді талшықты дәнекер ұлпадан құралған.

Кеңірдектің-ішкі беті-кілегейлі қабықтан, оның астыңғы негізгі қатары адвентициялық қабықтардан құралған, іші қуыс ағза.. Кеңірдек құрамында: кілегейлі, кілегей асты негізгі, талшықты-шеміршекті және адвентициалды қабықтары болады.

Кілегей қабықтың астыңғы жұқа кілегейлі қатары фиброзды қабықпен байланысқан, сондықтан, кілегей қабық тегіс, қыртыстары болмайды, көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен қапталған, құрамында: кірпікшелі, бокалды, эндокринді және базалды жасушалар болады.

Кірпекшелі жасушалар - призма тәрізді, үстіңгі бос бетінде, 250-дей кірпікше болады, олар серпімді, енген ауа атынан қарама-қарсы жиырылады.

Бокалды жасушалар - бір қатарлы эндоэпителиады без жасушалар-эпителий таспасында орналасқан, кілегейлі секрет шығарады, оның құрамында гиалурон қышқылы, сиал қышқылы болады. Секрет эпителийдің бетіне бөлінеді, оларға ауаның шаң-тозаңы жабысып, жөтелген кезде сыртқа шығарлады. Кілегейлі қабықтағы призматикалық жасушалар иммуноглабиндер өндіреді, олар ауамен енген әртүрлі вирус, микроорганизмдерді өлтіреді.

Эндокринді жасушалар - пирамида пішінді, ядросы домалақ цитоплазмасында секретті гранулалар жиналады. Олар-биогенді аминдер мен гормондарды: норадреналин, серотонин, дофамин өндіреді, ауа өту жолдары ағзалары миоциттерінің жиырлуын реттейді.

Базалды жасушалар сопақша (яки үш бұрышты) пішінді, цитоплазмасында тонофибрилдер мен гликоген жиналады, органеллалар көп кездеседі.

Базалды мембрананың астында орналасқан негізгі (меншікті) пластинка - сирек талшықты дәнекер ұлпадан құралған, көмеймен салыстырғанда эластин талшықтары ұзына бойы орналасады. Негізгі пластинкада лимфоидты түйіндер және оралымды орналасқан тегіс миоциттер шоғыры бар.

Кілегей асты негізгі қабығы - сирек талшықты дәнекер ұлпадан құралған, кейінгі сатыларда қалыптасқан тығыз дәнекер ұлпаға өзгереді (ашық сақиналы шеміршек үсті бөлімінің дәнекер ұлпасы). Оларда аралас белокты - кілегейлі бездер болады, түтікшенің шығару ағындары кілегей қабықтың-бетіне ашылады, әсіресе кеңірдек қабырғасының бүйірлі және соңғы бөлігінде көп кездеседі.

Талшықты-шеміршек қабық гиалинді шемішектің (16-20-дай) тұтаспаған сақиналарынан құралған, шеміршектің екі бос ұшы миоциттер тобымен жалғасқан, олар перихоондрийға жанасады. Көрсетілген құрылысқа сәйкес кеңірдек жұмсақ серпімді келеді, бұл қасиетінің жұту кезінде мәні зор. Жұтқан тамақ қосылыстары кеңірдектен соң орналасқан өңештен бөгелмей өтуіне мүмкіндік тудырады.

Адвентициялық қабық – сирек талшықты дәнекер ұлпадан құралған, кеңірдекті-кеуде қуысының ортасындағы қабықпен жалғастырады.

Кеңірдектің қан тамырлары – кеңірдектің кілегей қабығында қатар өтетін байламдар құрайды, эпителий астында капиллярлық тор болады.

Иннервациясы - жұлын түйіні мен вегативті нерв талшықтары кеңірдекте тарамдалып екі нерв байламдарын құрайды, олардың нерв ұштары кілегей қабықта аяқалады. Кеңірдектің артқы қабырғасындағы бұлшық ет ұлпасының иннервациялануы вегатативті ганглий арқылы қамтамасыз етеді.

ӨКПЕ -- көкірек қуысының көп бөлігін алып жатады, тыныс алу фазаларын байланысты үнемі пішінін өзгертіп тұрады. Өкпенің беті қабықпен (вицералдық плеврамен) қапталған.

ҚҰРЫЛЫСЫ. Өкпе-ауа өту жолдарынан: бронхтардан (бронх бұтақтары) және альвеолалардан (альвеола көпіршіктерінен) құралған, олар тыныс алу жүйесінің респираторлық бөлігін құрайды.

Өкпенің бронхиалды бұтақтары: басты (негізгі) бронхтар (оң және сол), оның өзі өкпеден тыс бөлік бронхтарына бөлінеді (бірінші сатылы-ірі бронхтар), олардан ірі аймақты өкпеден тыс бронхтарға тармақталады. Әрбір өкпеде 4-аймақтан болады (оң және сол), 2-ші сатылы бронхтар – деп аталады. Өкпенің ішкі сегменті бронхтары, әрбір өкпеде (оң және сол) 10 (он) сегментен болады, олар 3-ші, 4-ші, 5-ші сатылы субсегментті бронхтар деп аталады.

Орта бронхтар (дм-і 5-2 мм)- ұсақ бронхтарға (дм-і 2 мм), одан соң соңғы брохиолдарға бұтақталады.

Олардан соң өкпенің респираторлық бөлімі басталады, оларда газ алмасу қызметі орындалады. Өкпе бронхтарының бұтақталуы күрделі болғанмен, олар жалпы ұқсастыққа еге. Ішкі кілегейлі қабығы кірпікшелі эпителиймен қапталған, қалыңдығы бірте-бірте өзгеріп тұрады.

Эпителий жасушаларының ішінде: кірпікшелі, базалды, эндокринді, бокалды жасушаларымен қатар, секреторлы, үстіңгі бет жиекті (өрнелулі) және кірпікшесі жоқ (кірпікшесіз) жасушалар болады.

Секреторлық жасушалар пішіні-күмбез сияқты, ядросы домалақ, цитоплазмасында ЭПТ бар, Гольжи комплексі жақсы дамыған, секретті гранулалары көп. Олар (жасуша) респираторлық бөлімді қаптаушы-сурфактанттарды ыдыратушы фермент өндіреді.

Кірпекшелері жоқ жасушалар бронхиоларда кездеседі, призматикалық пішінді, апикалды жағы кірпікшелі жасушалардан биік болады. Цитоплазмасында: гликоген гранулалары көп, митохондрий бар және секретті затқа ұқсас гранулалары болады, қызметтері белгісіз.

Жиекті (ернеулі) жасушалар – сопақша пішінді, апикалды бетінде микробүрлері бар (сирек кездеседі), хеморцепторлық қызмет орындайды.

Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы ұзына бойына бағытталған эластикалық талшықтарға бай. Олар тыныс алу және шығаруда бронхты – керілуін қамтамасыз етеді. Бронхтың кілегейлі қабығында – ұзына бойы орналасқан қатпарлары болады, оларда лимфатикалық тамырлар болады.

Кілегей асты дәнекер ұлпалы негізде аралас белокты – кілегейлі бездердің соңғы бөлігі орналасқан. Олар шеміршектің жоқ жерінде топ болып орналасады, шығару түтікшелері, кілегейлі қабыққа кіріп, эпителийдің жоғарғы қабатына ашылады. Кілегейлі сұйықтық заттары қабықты ылғалдайды, шаң-тозаңдарды жабыстырып сыртқы ортаға шғаруға қатысады. Вирус, микроорганизмдерге қарсы күресте қатысады. Ұсақ калибрлі бронхиолдарда бездер болмайды.

Фиброзды-шеміршекті қабық – бронх калибрінің кішірейуіне байлансты тұтаспаған шеміршек сақиналары (негізгі бронхтарда) шеміршек пластинкаларына (бөлікті аймақта, сегменті, субсегментті бронхтар) және шеміршек ұлпасы аралшаларына (орта калибрлі бронхтарда) өзгере бастайды. Сондай-ақ, орта калибрлі бронхтарда гиалинді шеміршек тұлпасы орнына эластинді шеміршек ұлпасы қалыптасады. Кіші калибрлі бронхтарда фиброзды-шеміршекті қабық болмайды.

Сыртқы адвентициалды қабық-талшықты дәнекер ұлпалардан құралған, олар өкпе паренхимасының бөліктер және бөлікшелер аралық дәнекр ұлпасына өзгереді.

Дәнекер ұлпалы жасушалар арасында – ұлпа базофилдері болады, олар жергілікті гомеостазды және қан ұюын реттеуде қатысады.

Ірі калибрлі бронхтар (дм-і 15-5 мм) қатпарлы кілегейлі қабыққа еге, көп қатарлы кірпекшелі эпителиймен толған Фиброзды – шеміршекті қабығында ірі шеміршекті пластинкасы бар, бездері болады, тегіс Б.Е. ұлпа қысқару қабілетіне еге.

Орта калибрлі бронхтар – кілегейлі қабығы қалындығы орташа болады, эпителиалды пластар биіктігі төмендейді, бездері бар, шеміршек аралшалары мөлшері кішірейді.

Ұсақ калибрлі бронхтар – 2 (екі) қатарлы эпителий, одан соң 1 (бір) қатарлы болып орналасады. Шеміршек пен бездер болмайды. Кілегейлі қабықтың Б.Е. пластикалары, қабырғаларымен салыстырғанда мықты болып есептеледі. Патологиялық жағдайларда Б.Е. шоғырларының қысқаруы ұзақ уақытқа созылса (көп уақытқа) – ұсақ бронхтар кеңістігі кішірейіп кетеді, дем алу қиындайды (бронхиалды астмада). Демек, ұсақ калибрлі бронхтар өкпенің респираторлы бөлімдеріне текке ғана ауа жеткеріп қоймастан, оларға ауаның түсуін де реттейді екен.

Соңғы (терминалды) брохиолдар (дм – і 0,5 мм-дей), олардың кілегйлі қабығы бір қабатты куб тәріздес кірпікшелі эпителиймен қапталған (төсеуші).

Кілегейлі қабықта: ернеулі, секреторлы және ернеусіз жасушалары бар. Меншікті пластинкада – бронхиолдар ұзына бойы жатқан эластинді талшықтарда орналасқан, олардың аралығында тегіс миоциттердің бірен-саран шоғырлары болады, олар бронхиолдардың созылуына (дем алғанда) және керілуіне (дәм шығарған) жағдай жасайды.

РЕСПИРАТОРЛЫҚ БӨЛІМІ - өкпенің респираторлық бөлімінің құрылымдық – функционалдық бірлігі-ацинус болып есептеледі.

Ацинус – респираторлық брохиолдар қабырғасында орналасқан альвеолалар жүйесінен: альвео жолдары және қалташалардан құралған. Қан және альвеолалар көпіршігі ортасында газ алмасу қызметін орындайды. Ацинус – 4-ші дәрежедегі респираторлы бронхиолалардан басталады, олар бөліну (дихотомды) жолымен 2-ші және 3-ші дәрежедегі (реттегі) бронхиолдар құрайды. Бронхиолдар кеңістігіне альвеололар ашылады. 3-ші дәрежедегі әрбір респираторлық бронхиола альвеолалық жолдарға тармалады.

Әрбір альвеолалық жол екі альвеола қалташамен аяқталады. Альвеолалық жолдағы альвеола құйылымында тегіс миоциттердің аздаған шоғырлары болады (кесіндіде қалың болып көрінеді). Ацинустар өзара жұқа дәнекер ұлпалар қабаттарымен бөлінген, әрбір бөлікте 12-18 ацинус бар.

Респираторлы бронхиолдар бір қабатты куб тәріздес эпителиймен қапталған (төселу мағынасында), кірпікшелі жасушалары аз болады.

Бұлшық етті пластинка жұқарып (жіңішкеріп) циркулярлы бағытталған тегіс миоциттер шоғырын құрайды. Дәнекер ұлпалы сыртқы адвентициалды қабық интерстициалды дәнекер ұлпаға өзгереді.

Альвеолалық жол және қалташалар қабырғасында бірнеше ондаған альвеолалар бар, ересек адамда 300-400 млн-дай (жалпы саны). Альвеолдар жүзі (беті) күшті дем алғанда 100 м-қа дейін жетеді, ауа шыққанда көлемі 2,5 есеге азаяды.

Альвеолдар жұқа дәнекер ұлпалар тосқауылымен бөлінген, ол жерден қан капиллярлары өтеді, альвеолдар аралығында дм-рі 10-15 мкм-дей тесікшелі – альвеолалық саңлау бар, соның үшін, олар өзара байланысқан.

Альвеолалар – ашық көпіршік пішін құрайды, ішкі беті 2 (екі) түрлі негізгі жасушаларымен қапталған (төселген): респираторлы эпителиоциттер (1-ші типті жасушалар) және ірі эпиттелиоциттер (2-ші типті жасушалар). Хайуанаттарда 3-ші типті ернеулі альвеолдар болады.

Респираторлық эпителиоцитер – қисық созылыңқы пішінді, ядорлы жердегі қалыңдығы 5-6 мкм, басқа жерлерінде 0,2-0,3 мкм-дей болады. Цитоплазманың бос бетінде қысқа өсінділері бар, олар алвеолдар кеңістігіне қараған, сол үшін, эпителиоцит бетінің ауамен жанасу көлемі ұлғайады.

Олардың цитоплазмасында: ұсақ митохондриялар және пиноцитоздық көпіршіктер болады. Қан капилярлары эндотелийінің базалды мембрасының эпителийі базалды мембранасына жақындасқан жерінде: қан мен ауа арасындағы тосқауыл өте жұқа (альвеола мен капиллярлар қабырғасы арасында 0,5 мкм-дей) болады. Кейбір жерлерде сирек талшықты дәнекер ұлпалардың жұқа қабаттары болғандықтан тосқауыл бөлігі қалыңдайды. Аэрогематикалық барьердің (тосқаулдың) маңызды құрылымдарының бірі сурфактантты альвеолалық комплекс болып саналады, оның маңызды қызметтерінің бірі-дем шығарғанда альвеолдардың түсіп кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, дем алғанда енген ауамен микроорганизмдердің қосылып кетуіне кедергі жасайды (альвеолдар аралық сұйықтықтың, альвеолдарға өтуіне де жол бермейді-транссудация құбылысына қарсы тұрады).

Сурфактант 2 (екі) фазадан: мембраналы және сұйық (гипофаза) болып ерекшеленеді. Тәжірбиелер нәтижесінде сурфактанттың құрамында: фосфолипидтер, белоктар және гликепротеидтер болатындығын анықтаған.

Фосфолипидтер және белоктар мембраналық құрылымдар құрайды, олар элементарлық биологиялық мембраналарға ұқсас болады. Гликопротеидтер тереңіректе орналасады, гипофазаны (сұйық фазаны) құрайды.

Сурфактант мембранасын құраушы фосфолипидтер синтезі 2-ші типті эпителиоциттерде өтеді (ірі эпителиоциттер) –

Цитоплазмасында: ірі митохондриялар, Гольжи комплексі, осмиофилді денешіктер және ЭПТ болады. Альвеолдар құрамында макрофагтар да бар, сурфактанттан ығысқан, бөтен денешіктерді қоршап алады. Макрофагтар цитоплазмасында лизосомалар және май тотығуы кезеңінде энергия бөлінеді (кейбір жылу күйінде), соның үшін, жұтылған ауа жылиды. Макрофагтар альвеолдар аралық тосқауыл (барьер) арқылы енеді (сүйек миынан дамиды).

Альвеолдардың базалды мембранасы жағында қан капиллярлары (альвеолдар аралық дәнекер ұлпалы тосқауылдан өтуші) жатады және альвеолдарды ораған эластинді талшық торы бар. Колагенді талшықтар кездеседі. Альвеолалар бір-біріне тығыз орналасқан, оларды қоршаған капиллярлардан бірі альвеоламен шегаралас болса, 2-ші капилляр басқа альвеоламен шегараласады. Бұл жағдайлар: капиллярлардан ағушы қан мен альвеолдар кеңістігін толтырған ауа ортасында газ алмасуды қамтамасыз етеді.

ПЛЕВРА - Өкпе сыртқы жағынан өкпе плеврасымен (висцерларды плевра) қапталған. Вицерларды плевра өкпемен тығыз тұтасып кетеді, оның: эластинді және колагенді талшықтары интерстициалды ұлпаға өтіп кетеді, соның үшін, плевра мен өкпе біртұтас (олар текке ғана кесу арқылы ажыратылады). Вицсералды плеврада тегіс миоциттер бар. Плевралды кеңістіктің сыртқы қабырғасында төселуші париеталды плеврада, эластинді элементтері аз, тегіс миоциттер бірен-саран кездеседі. Эмбриогенезде мезотелий (эпителий) – бір қабатты жалпақ эпителий күйінде мезодермадан, плевраның дәнекер ұлпалы негізі мезенхимадан дамиды.

 

Өкпенің қанмен қамтамасыз етілуі. Бұл қызмет 2 (екі) жүйелі қан тамырлары арқылы орындалады: 1-ші жүйеде өкпе – артериялар (өкпенің) арқылы артерия қаны келеді, оны кіші қан айналымы арқылы деп атаймыз. Өкпе артериясының бұтақтары бронхиалды негізді (түбірді) жағалай альвеолдар табанына дейін барып, альвеолдардың жіңішке байламды капиллярлық торын құрайды. Альвеолалық капиллярларда (дм-і 7-5 мкм) эритроциттер 1 (бір) қатар болып орналасады, бұл құбылыс эритроцит гемоглабині мен альвеолалық ауа ортасында газ алмасу жүруіне оптималды жағдай жасайды. Альвеолалық капиллярлар посткапиллярлық венулдарға жинақталады да өкпе венасы жүйесін құрайды.

Бронхиалды артериялар – аортадан тікелей басталады, олар бронхтарды және өкпе паренхимасын артериалды қанмен қамтиды. Бронхтар қабырғасында артериялар тарамданып: кілегейлі қабық және кілегей асты негізінде артериялық байламдар құрайды. Бронхтардың кілегейлі қабығында үлкен және кіші қан айналымы тамырлары: бронхиалды тармақтар мен өкпе артериясының анастомыздануы арқылы байланысады. Альвеолдар мен бронхтарға тараушы посткапилярлық венулдар қосылып ұсақ веналар құрайды, олардан: алдыңғы және артқы бронхиалды веналар құралады. Ұсақ бронхтар деңгейінде, бронхиалды және өкпенің артериалды жүйесінің аралығында көптеген артериоловенулалық анастомоздар орналасады.

Лимфа жүйесі – жоғарғы бет және тереңде орналасқан лимфа каиллярлары торы мен тамырларынан құралған. Тереңдегі тор өкпе бөлігінің ішінде, бөлікшелері аралық тосқауылда қан тамырлары мен өкпе бронхтары айналасында жатады. Бронхтардың өзінде лимфа тамырлары 2 (екі) анастомоздаушы байлам (оралым) құрайды; оның бірі кілегейлі қабықта, 2-шісі кілегей асты негізінде болады.

Плеврада қан мен лимфа тамырлары және нерв ұштары бар. Париеталды плеврада тамырлар 3 (үш) байламды қабат құрайды.

Иннервациялануы – симпатикалық, парасимпатикалық және жұлын-миы нервтері арқылы орындалады. Симпатикалық нервтер: бронхтардың кеңеюі және қан тамырларының тарылуы үшін импулстар жеткереді, парасимпатикалық нервтерде, оның керісінше: бронхтардың тарылуы және қан тамырларының кеңейуі үшін импулстар жеткереді.

Аталған нервтердің бұтақталуы, өкпенің дәнекер ұлпалы қабаттарында нерв байламдарының құралуын қамтамассыз етеді.

Бронхтардың тегіс миоциттері, өкпенің нервті байламдарындағы ірі және ұсақ ганглийлері иннервацияланады. Өкпе плеврасында 2 (екі) түрлі нервті байламдар (оралымдар): мезотелий астында ұсақ байламдар және плевра тереңінде орналасқан ірі байламдар болады.

Тыныс жүйесі ағзаларының жасқа қарап өзгеруі. Тыныс жүйесі ағзалары постнаталды кезеңде (шақалақ кіндігі байлануынан бастап) газ алмасу және басқа қызметтердің басталуына байланысты бірнеше өзгерістерді өткереді. Сәбилік және балалық шақта өкпенің тыныс алу жүзі (беті) ұлғаяды, ағза стромасында эластинді талшық мөлшері көбейеді (әсіресе дене шынықтыруға байланысты). Бұл кезеңде өкпе альвеолдарының саны 10 есеге дейін көбейеді. Альвеолдар мен тыныс алу жүзінің көлеміне қарағанда респираторлық бөлім жүзі көлемі, жас ұлғаюына байланысты төмендейді (кішірейеді). Үлкен жастағыларда (60-одан жоғары) өкпенің дәнекер ұлпалы стромасы ұлғаяды (мөлшері), бронхтар қабырғасында тұздар жиналады. Бұл құбылыстар тыныс алу ағзаларында газ алмасу қызметінің төмендеуіне алып келеді.

РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ. Кілегейлі қабық маңайында аз мамандалған жасушалар қызметіне байланысты ағзалардың физиологиялық регенерациясы қарқынды өтеді. Тыныс алу жолдары ағзаларының азғана (кейбір) бөлігін алып тастаған соң, ол жердегі ұлпа қалпына келмейді. Экспериментте пульмоноэктомиядан соң, ағзаның қалған бөліктерінде (жалпы өкпеде) альвеолалық тосқауылдың структуралық құрамдарының көбеюі арқылы альвеолдар көлемі 3-4 есе артады. Бұл кезеңде өкпенің тыныс алуын және қоректенуінің қамтамассыз етуші микроциркуляторлық ағын тамырлары кеңейеді.

ТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ. ЖҮЙЕСІ.

Организмде ең үлкен көлемді егелейді, өзара мықты байланысқа, даму жолдары әртүрлі екі қабаттан құралған. Сыртқы қабат- көп қабатты жалпақ мүйізденуші эпителиден құралған, эктодермадан дамиды, оларда қан тамырлары жоқ, қоректі заттарды тереңіректе орналасқан 2 – ші қабаттан алады. Бұл қабат – мезенхималы дамушы ұқалыптаспаған дәнекер ұлпалардан (қан тамырлары бар) құралған. Тері – («дерма») екі қабатты да қосып айту мағынасында қолданылады: сыртқы қабат – эпителиалды қабаты – эпидермис деп аталады. (эпи – «үсті»)2 – ші терең қабат меншікті тері – «дерма» - қабаты деп аталады (derma). (теріден эпидермисті бөліп алуға болады)

Терінің өте терең бөлігі тірі эпителиалды жасушалардан құралған, олар бүтін өмірінде бөлініп тұрады, соның үшін, эпителиалды жасушалар «дермадан» жоғары қарай жылжып тұрады, олар өлген кезде «мүйізді» зат – кератинге өзгереді. Эпидермис: қалың және жұқа қабатты болып келеді (организмдерге байланысты) – қалың тері алақанда, өкшеде, олардың эпидермисі қалың, сыртқы бетінде кератинді қабат күшті дамыған (кейбір бөлімде, мысалы арқа бөлікте дерма қалың болады).

Дененің басқа бөліктерінде эпидермис жұқалау, оның мүйізді қабаты да жұқа болады.

Терінің екі қабаты тұтысып кеткен, біртұтас қабат құрайды (қалыңдығы дене бөліктеріне байланысты 0,5 – 3,5 мм – дей), жоғарғы бет фасциясы (тері асты дәнекер ұлпасы) үстінде орналасқан – гиподерма үстінде біртұтас қабат болып жатады. Гиподерма дәнекер ұлпалы немесе май ұлпаларынан құралады.(тері асты клетчаткасы деп те аталады)

ДАМУЫ. Эпителиалды жабын тері эктодермасынан, 2 – ші тереңіректегі қабат дерматомдардан (сомиттер туындысы) дамиды. Эпителий алғашқыда жалпақ бір қабаттан құралады(эмбриогенздің 1 –ші он күндігінде), жасушалар биіктеп өседі, оның астынан 2 – ші қабат (8-ші аптада), 12-ші аптада көп қабатты эпителий құралады. Эмбриогенездің одан соңғы дамуында тері туындылары (шаш қылшалар, без және тырнақтар) қалыптасады. Тері астындағы дәнекер ұлпалы негізде қан тамырлары пайда болады, одан әрі даму кезеңінде қан элементтерінің орнына май ұлпалары қалыптасады.

Тері және оның туындылары төмендегідей қызметтерді орынджайды: 1) су тұздары зат алмасуы және сыртқы ортамен жылу алмасу; 2) теріде ультра күлгін сәулелер әсерінде витамин Д синтезделеді; 3) теріде қан тамыры торлары және артериоловенулярлық құрылымдар көп, олар қан депосы қызметінде атқарады.

Тері жабынында нерв ұштары өте көп, олар рецепторлық майдан құрайды (иіс сезу, Т0-ра өзгерісін байқау, әртүрлі ауыр әсерлерді сезу рецепторлары көп). Мысалы бас бөлімінде және алақан саусақта 1 см2 - бетінде 300-дей сезуші нүктелер болады.

Эпидермис. Қалыңдығы 0,03-1,5 мм, көп қабатты жалпақ мүйізденген эпителийден құралған, қалың және жұқа қабатты болады. Организмнің терісінде эпидермистіңең қалың бөлігі алақан мен табанда болады. Эпидермис бірнеше жасушалар қатарынан: базалды, аралық, дәнді, жылтыр және мүйізденген, т.б. құралады.

Базалды мембрананың бетнде жасушалардың базалды қатары орналасады, ол эпителиоциттер мен меланоциттерден тұрады, олардың проценттік қатынасы 10: 1. базалды эпителиоцит цилиндрлі немесе сопақ болады, хроматин көп, ядросы сопақша пішінді, цитоплазмасы базофильді, жалпы органеллалар мен тонофиломенттер кездеседі кейбір жасушаларда күңгірт-қоңыр, немесе қара түсті пигмент мелонин жиналады. Жасушалар десмосома құрайды. Базофилді эпителиоциттердің ішінде бағана пішіндес жасушалар болады, олар бөлініп, жаңа өңген жасушалар мамандандырылып, жоғары өсіп, эпидермистің жоғарғы қатарларын құрайды.

Бір бағаналы жасушасынан дамыған эпидермис қатарындағы жасушаларды дифферон деп атайды.

Сонымен, базалды қабат эпидермисте бастапқы өсіп, дамитын қатар.Бұл жасушалардың көбеюінен адамның денесіндегі теріде эпидермис 10-30 күннің ішінде үнемі жаңарып, қайта дамып отырады.

Гематоксилин-эозинмен боялған препараттарда меланоциттер ақшыл түсті, азот қышқылды күміспен өңделгенде, оларда ұзын бұтақталған өсінділер білінеді, меланоциттер бос жатады. Демасомалары болмайды. Цитоплазмасында меланин пигментінің шоғыры жиналады. Тонофибриллдері болмайды, органеллалар кездеседі.

Базалды қатардың үстінде 5-10 қабат болып ірі, пішіні құбылмалы аралық (өсінділі) жасушалар қатары орналасқан, цитоплазмасындағы өсінділер (-«көпірше») қысқа демасомалар көмегімен өзара жалғасқан. Демасомаларға жасуша тонофибриллдері жалғасады. Эпителиоциттердің арасында макрофагтар мен Т-лимфациттер болады олар жылжып, дерма қабатынан өтіп, эпидермисте орнықты иммунды қорғаныс қызметін атқарады.

Дәндә қабат – 3-4 қабатты жалпақ жасушалардан тұрады. Цитоплазмасында рибосома, митохондрия, лизосома, сондай-ақ, кератогиалиннің - өзгерген түрлері (қабатты денешіктер) және тонофибриллдер болады, кератогиалин гранулалары болады, құрамы: полисахариттерден, липиттер, белоктардан тұрады. Оларда аминқышқылдары гистидин, пролин, аргимин жәнекүкіртті цистин көп мөлшерде болады.

Дәнді қабатта кератогиалинмен тонофибриллдердің болуы жасушалардың мүйіздену белгісін көрсетеді. Кератогиалин, мүйізді зат серотониннің алғашқы дамитын бір түрі деп қаралады.

Жылтыр қабат – 3-4 қабатты жасушалар қатарынан құралған. Ядросы кариорексиске ұшырайды. Цитоплазмасы белок – эллейдин мен толады, бояу қабылдамайды, жарық сәулесін жақсы өткізеді. Сондықтан жасушалардың шегі бөлінбейді, кератогиалин, тонофибрилдер белоктары эллейдин мен кератиннен құралған.

Мүйізденген қабат көп қатарлы мүйізденген жасушалар қабыршықтарынан тұрады. Қабыршықты зат – «жұмсақ» кератин және ауа көпіршіктерінен құралған. Кератинді белок құрамында 5%-тей күкірт болады, сілтілер мен қышқылдарға т.б. тұрақты. Мүйізденген қабыршықтар, ашық түсті ұяшықтар сияқты, қабырғасы қалың мүйізді қабықпен қоршалған, жасушаның өліп, жойылған ядроның орны кератин фибрилдерімен кейде тонофибрилдермен толған. Үстіңгі мүйізденген қабыршықтар үнемі сыпырылып, түсіп тұрады, орнына жаңа мүйізденген жасушалар жылжиды. Жасушаның тегістеніп түсуінде, олардан шыққан кератино- сульфаттар әсер етеді, жасуша аралық десмосомалар еріп, қабыршықталған жасушалар бір-бірінен бөлінеді. Мүйізді қабықтың мәні-ол, өте серпімді, жылулықты нашар өткізеді.

Сонымен, эпидермистің мүйізденген қабыршақтары құралуында жасушаның бір қатар құрылымдары: тонофибрилдер, кератогиалин, керотиносома, десмосомалар қатысады. Алақан мен табан терісінен басқа бөліктерінде, ол жұқа, бас терісінде эпидермистің қалыңдығы 170 мкм-ден аспайды. Жылтыр қабат болмайды, мүйізді қабат өте жұқа, 2-3 қабыршақ қатарынан тұрады. Эпидермистің мүйіздену циклі қысқарып, тезірек өтеді.

Сонымен, дененің бөлігіндегі терінің эпидермисі, жасушалардың негізгі үш қабатынан: базалды өсіп дамитын, дәнді және мүйізді қабаттардан тұрады.

Бір қатар: сыртқы және ішкі жағдайлардың әсерінен эпидермисте күрделі өзгерістер болады. Мысалы: А-витаминозды ауруында, гидрокортизонның әсерінен, эпидермистің мүйізденуі, өте көп жоғарылайды.

Терінің меншікті қабаты – derma қалыңдығы жоғары болады. Дерманың өзі бір-бірінен тұтасып орналасқан екі қабатты – үрпікті яки емізікшелі және торлы қабаттан тұрады.

Емізікшелі қабат эпидермистің астында орналасқан, борпылдақ, дәнекер ұлпадан құралған, өте көп үрпі яки емізікше пішінді өсінділер болады, трофикалық қызмет атқарады, биіктігі кейде 0,2 мм-ге дейін жетеді. Алақанда үрпілер жақсы, бет терісінде әлсіз дамыған, жас шамасы ұлғаюына қарай тері үрпілері тіпті жойылады. Үрпі қабат терінің бетіндегі жасушалардың орналасу құрылысын, сурет пішінін анықтауға мүмкіндік береді. Тері бөлігінің әр жерінде бұл сурет –пішінінің ерекшеліктері болады. Мысалы, түрлі заттарда қалған саусақтың басқан сурет – пішініне қарап, ол қандай адамға тән екенін білуге болады.

Торлы қабат – тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпа-коллагенді талшықтарының күшті шоғырлары және эластикалық екі жақты бағытта өтеді: терінің бетіне параллелді және қиғаш созылған. Дәнекер ұлпасы талшықтары тобы бірігіп, айқасып топ құрайды, оның құрылысы тері бөліктерінің қызметімен байланысты. Күшті қимылдың әсерінен табанның, саусақтардың, шынтақтың т.б. ағзалардың терісіндегі дерманың коллагенді талшықтары тобының торлы байламдары ірі, өрескел келеді. Терінің өте жиырылғыш, созылғыш орындарында торлы қабаттың коллагенді баулары жіңішке торлы: мұнда эластинді талшықтар тобы көбірек кездеседі. Олар терінің созылуына себепші болады. Дерманың торлы қабатында шаштың түбірі, май, тер бездері жатады. Торлы қабаттан шыққан коллагенді талшықтар терінің клетчаткалы қабатына өтеді.

Тері асты – клетчаткасы қабаты сыртқы ортаның механикалық әсерлерін бәсендетеді, сондықтан, клетчатка терінің созылғыш бөліктерінде, саусақ пен өкшеде т.б. бөліктерде дамыған. Адам өте ашыққан кезде, терінің бұл бөліктерінде клетчатка сақталады.

Тері пигменті адам терісінің барлық бөліктеріндегі эпидермис пен дерма құрамында болады, хайуандарда немесе адамда пигмент жетіспесе, оларды альбиностар дейді.

Тері пигменті меланин –жаиады. Тері ферменттері тирозиназа және Дофа-оксидазаның әсерінен амин қышқылы тирозин мен тотығып, меланин – пигментін құрайды (альбинос – aL – ақшыл түсті; меланин – binos – қара түсті мағынасын көрсетеді). Терідегі меланин ультрокөк сәулесін өзіне сіңіреді, организмді радиация әсерінен қорғайды.

Васкуляризация және иннервация.

Теріде қан тамыры оралымдар құрайды, олардың тереңдігі әртүрлі, артериялық оралымдар: а) терең және б)жоғарғы бетті; веналық: а) 2 жоғарғы бетте орналасқан б) 1 тереңде орналасқан венозды оралымдар болады.

Бұлшық етті фасция және тері асты клетчаткасы аралығындағы кең тамырлы тордан артерия бастама алады. Олар тері асты май ұлпасынан өтіп, дерма шегарасында бұтақталып, тері тереңінде артериалды тор құрайды. Олардың тармақтары: май бөліктері, тер және шаш бездеріне барады. Тереңдегі артериалды тордан басталушы артерия, дерманың торлы қабатынан өтіп, емізікшелі қабатың табаныңда артериолдарға бөлшектенеді, емізікше асты артериалды тор құрайды (ЕААТ).

Теріде, әсіресе: қол-аяқ, саусақ (бармақтарында) тары, тырнақ мамықшаларында көптеген артериоло-венулярлық анастомоздары бар, олар термо – (жылу) реттеу құбылысында қатысады.

Иннервациясы. Тері вегетативті нерв жүйесі мен церебралды нерв бұтағы арқылы иннервацияланады. Церебралды нерв жүйесіне, теріде көптеген сезуші нерв оралымдарын құраушы-сезуші нервтер жатады. Терідегі: қан тамырларын, тегіс миоциттерді және тер бездерін вегетативті нерв жүйесі иннервациялайды. Май бездері қызметі гормондар әсерінде реттеледі.

Тері асты клетчаткасында нерв оралымдарынан: шаш түбірінде, тер бездерінде, май бөліктерінде жіне дерманың емізікшелі қабатында жаңа оралымдар құралады. Миелинді және миелинсіз нерв талшықтары эпидермистің дәнекер ұлпаларында көптеген сезуші нерв ұштарын құрайды.

Еркін (бос) және байланысқан нерв ұштарына: пластинкалық нерв денешіктері, соңғы (ақырғы ұшы) колбалары, иіс сезу денешіктері мен дискілері жатады.

Иіс сезу денешіктері – дерманың емізікшелі қабатында, дискілер – эпидермистің өсу қабатында болады, сондай-ақ, эпидермисте иіс сезу дискілерімен жанасушы тактилді жасушалары бар. Тері тереңіндегі пластикалық нерв денешіктері қысымды (P) сезеді, жынысты бездің сыртқы ағзаларындағы терідегі соңғы (ақырғы ұшты) колбалар механорецепторлық қызмет атқарады.

ТЕРІ БЕЗДЕРІ – адамда тері безінің 3 түрі: сүт, тер және май бездері болады.

Тер және май бездерінің беті көлемі эпидермис беті көлемінен 600 есе үлкен. Аталған 2 без организмде жылу реттеуде (Т0 – тер безі арқылы) қатысады, сондай-ақ, теріні қорғау үшін (ыстықтан құрғатпау үшін т.б.) және метаболизмнің қалдық заттарын организмнен шығарып тастауда (мочевина, оның қышқылы, аммиак, т.б.) қатысады.

Тер бездері – тері жабынының барлық бөлігінде болады – 2,5 млн-дай, әсіресе: саусақ мамықтары, алақан, өкше, қолтық және шат қаптарлары, т.б. көп болады (1 см2-қа 300 без ағыны ашылады, басқа бөліктерде 120-200-ге дейін болады). Тер бездері шығаратын тер сұйықтағы құрамында 98% су және 2% тығыз қалдық, тәулігінде 500-600 мл сұйықтық тер бөлініп шығады.

Тер бездері: мерокринді (эккринді) және апокринді болады. Апокринді бездер бұлшық асты ойысында, анус айналасында, маңдай терісінде және жыныс қынабы ернінде болады; қас бездері мен құлақтың күкіртті заттары тер бездерінің туындысы болып саналады.

Секреттізаттар құрамында негізгі фозфатаза болады, секретті жасушалар: мөлдір және қара-қошқыл түсті болып келеді. Мөлдір түсті жасушалар су және металды иондарды бөліп шығарады. Қара қошқылдардан органикалық макромолекулалар бөлінеді. Соңғы бөлімдердің базалды мембранасында миоэпителиоциттер орналасады, олар жиырылғанда секретті заттар бөлінеді, бұл бөлімдер дм-і 150-200 мкм. Әйелдердің екі қабаттылық кезеңінде және менстуралдық сатыларда апокринді бездерде секреция бөлінуі күшейеді.

Май бездері – дерманың емізікшелі және торлы қабатында орналасады, шаштармен байланысқан, шаш талшығы жоқ жерде еркін жатады. Шаштың 1 түбірі жанында 3 дейін май бездері болады, олар тармақталған соңғы бөлімдері жай альвеолалық құрылысқа еге. Секретті заттар өндіру голокринді типті өтеді. Май бездері: бас, бет және арқа жотасының бөлімінде көп.

Май бездері жынысты ағзалардың қалыптасуы кезеңінде жақсы дамиды. Май бездерінің секретті заты эпидермис және шаштың құрғап кетпеуіне жағдай жасайды, тәулігіне 20 г шамасында тері майы өндіріледі.

Шаш – тері бетін қаптайды: бас бөлімінде, - 100 мыңдай, қалыңдығы-0,005-0,6 мм. Шаштың 3 түрі: ұзын (бастың шашы, иек (сақал), мұрт, бұлшықет асты ойысы): қолтық пен шаш бөлімінде, қуықта болады; 2-шісі түкті (өсінділі) – қас, кірпік және құлақтың сыртқы есіту жолындағы, мұрын қуысы босағасындағы түкті қылшықтар; 3-шісі – жұмсақ шашақты түктер терінің көпшілік бөлігін қаптайды.

ДАМУЫ. Эмбриогенездің 12-ші аптасынан бастап: эпидермисте базалды жасушалар көбейіп, эпителий тізбектер құрап мезенхимаға кіреді, олардың соңғы бөлігі жуандап, болашақтағы шаш түбірінің негізін құрайды. Оның астыңғы жағынан мезенхимадан шаштың сорғышы дамиды, эпителиалды тізбектердің ішкі жасушалары мүйізденіп ыдырайды, орталық канал құрайды. Шаш түбірінің ұшынан өсіп шыққан шаш конусы-каналға қарай бағытталып тері сыртына тесіп шығады.

ҚҰРЫЛЫСЫ – 2 бөлімнен: шаш өзегі және теріде орналасқан шаш тамырынан құралған. Өзек шаш ворсинкасынан шығып, тері үстіне өтеді (ворсинкаға май бездері өнімі түседі). Шаш тамыры дерманың терең қабатында тері асты май клетчаткасы шегарасына дейін созылады. Жақсы дамыған шаш тамырында: кутикула, қыртысты және милы бөлімдері болады. Кутикула тамырдың төменгі және жоғарғы бөлігінде әртүрлі құрылысқа еге, шаш түбірі жағалауы кутикуласы биік, цилиндрлі жасушалардан құралған. Олар жоғары көтеріліп қисаяды, мүйізденеді, бұл жасушалар жұқаланып, бір-бірінің үстіне орналасады.

Қыртысты заты – шашты бойлай орналасқан, көп қатарлы мүйізденген жасушалардан құралған. Шаш түбірі айналасында, қыртысты зат жасушалары цитоплазмасында тонофибрилдер бар, сондай-ақ шашқа түс беруші пигмент-меланин түйіршіктері болады. Мүйізденген қабатта: қатты кератин, ядро қалдықтары, пигментті дәндер және газ көпіршіктері бар. Қатты кератиндер-су, қышқыл және негіздерде жаман ериді, құрамында цистин амино-қышқылы көп (кератогиалин және элейдин жиналмайды) қыртысты зат жақсы дамыған болса, шаш әрі эластикалық қасиетке гег болады.

Шаштың милы заты - ұзан және қатты шаштарда бірнеше қатар ірі, полигоналды жасушалардан құралған (-«теңгелер қабатынан бағана»-құрайды). Цитоплазмасында: ацидофилді трихогиаллин заты, ұсақ ауа көпіршіктері, аз мөлшерде пигментті түйіршіктер болады. Шаш тамырының төмеңгі бөлігінде милы зат жасушасы ядросы тығыз орналасады, жасушаның белгілі бір мөлшері мүйізденген болады, жоғарғы жағы бөлігінің бәрі мүйізденген.

Шаш тамыры тері бетіне қисық бағытталып түбір құрайды, оған батыңқы енген шаш сорғышы – сирек талшықты қалыптаспаған дәнекер ұлпалардан құралған, олар қан тамырлары мен нерв ұштарына бай, сорғыш арқылы шаш қоректенеді.

Ішкі эпителиалды қынның 3 қабаты: 1) кутикула – бір қабатты мүйізденген эпителийден құралған: 2) Гексли қабаты – 2-3 қатарлы, белгілі мөлшерде мүйізденген жасушалардан құралған; 3) Генле қабаты – бір қатарлы мүйізденген, ядросыз жасушалардан құралған. Шаш тамырының орта және жоғарғы бөліктерінде аталған қабаттар қосылып кетеді, соның үшін, жұмсақ кератинді бүтіндей мүйізденген жасушалар құрайды.

Шаш тамырының сыртқы эпителиалды қыны-эпидермис Мальпиги қабатының жалғасы, шаш түбіріне дейін барады, түбірге жақындаған сайын ішкі және сыртқы қындар жұқарып, текке ғана базалда қабат қалады. Шаштың меншікті бұлшықеті (шашты көтеріп тұрушы) болады: сақалда, шашта (қолтық асты қылшықта, оның бұлшықеті болмайды немесе әлсіз дамыған болады).

Шаш бұлшықетінің бір ұшы: сорғыш қабатпен, 2-ші ұшы шаш қалтасымен байланысқан, жиырылу арқылы шаш қозғалады, тамыры тері бетіне перпендикулярлы орналасады, түктер тік болып, шаш өзегі теріден көтеріледі (-«қаз терісі көрінісі»-), бұл көрініс ауа өте суық болғанда, организмдегі қорғаныс қызметінің орындалуын көрсетеді. Қан тамырлары да тараяды (бұлшықет жиырылғанда), соның үшін, жылу мөлшері артады, «жиырылу»-май бездеріне де әсер етеді, олар қысылады, секрет заттары бөлініп шашты майлайды.

Шаштағы өтетің өзгерістер - егер шаш алынбай өсе берсе, оның өмірі 2-4 жылға дейін созылады (кейбір кезде айлар). Шаш түбірлері көбею қабілетін жоғалтып, негізгі бөліктері мүйізденеді, колба тәріздес болады, шаш өсуі тоқтайды. Шаш колбасы сорғыштан ажыралады, сыртқы тамырлы қыннан құралған қапшамен жоғары көтеріледі (шашты көтеруші бұлшықетке дейін). Эпителиалды қапшаның босап қалған орны жасушалар таспасына өзгереді, оның ұшында шаш сорғышы қалыптасып, сақталып қалған камбиалды жасушалармен қоршалады. Жаңа шаш түбірі пайда болады, олардан жаңа шаш өнеді, эпителиалды таспаны бойлай өседі, таспа сыртқы эпителиалды қынды құрайды. Жаңа шаш, ескі шаштың түбінен шығады, ескі шаш түсіп қалады, егер шаш қалтасына қан бармай қалса, ескі шаш орнына жаңа шаш шықпайды (тақыр болып қалады).

ТЫРНАҚ – эпидермис туындысы, қатты мүйізденген пластинкалардан құралған, эмбриогенездің 12-ші аптасында дами бастайды. Аяқ-қол саусақ-бармақтары ұшынан сыртқы бетін қаптаған эпителийі қалыңдап, өзінің астында орналасқан дәнекер ұлпаға батып кереді, олардан тырнақ қалыптасады (жай өседі, эмбриондық кезең соңында қалыптасады).

Тырнақта: дене, тамыр, екі бүйір және еркін бөлімдері болады. Тырнақ денесінің бүйір жағы, тері қатпарларының астына кіріп тұрады, тырнақ тамыры саңлауға кіріп тұрған табаны болып есептеледі. Тырнақ тамырының, тырнақтың өсуін қамтамасыз етуші дифференциланбаған жасушалары тырнақ матрицасын құрайды, олар бөлініп, мүйізденіп тұрады. Мүйізденген эпителий теңгелері, тырнақ пластикасына жылжып кіреді, нәтижеде тырнақ өседі (күніне 0,12 мм-ге дейін).

Тырнақ орны: эпителийі және дермадан құралған, эпителийі үстінде орналасқан. Тырнақ пластинкасы бір-біріне тығыз жанасқан жалпақ полигоналды мүйіз теңгелерден құралған. Тырнақ орны дермасы саусақ-бармақ сүйектерімен жабысып тұрады, дерма жағалауында сорғыштар болмайды, ол жерде қан тамырлары мен нерв ұштары көп. Бұл жерде дерма талшықтары, сүйек үсті қабығы талшықтарымен қосылып кетеді. Бұл құбылыс практикалық медицинада маңызға еге (тырнақта жарақаттан ірін-ісік пайда болуы, сүйекке өтуі мүмкін).

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

 

ГИСТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КУРСЫ

 


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1699 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.032 сек.)