АДАМ ЭМБРИОЛОГИЯСЫ НЕГIЗДЕРI -АЭН
АЭН- мына мәселелердi зерттейдi:эмбриогенез (ұрықтану,бөлшектену,гаструляция ағзалар және ұлпалар дамуы) кезеңiн және планцетарлық тосқауылдың: құрылымдық,метаболикалық және функционалды ерекшелiктерiн; шақалақтың майып болып туылуын, сондай-ақ эмбриогенез механизмiнiң реттелуiн, т.б. зерттеу, үйрену болып саналады.
Аталған проблемалар:хайуанаттарға эксперимент өткеру, жүктiлiктiң қалыпты жағдайын және патологиясын клиникаларда зерттеу шешiледi.
Эмбриология пәнi - эмбрионды (шақалақты) бастаманың құралуы, құрылысы және даму заңдылықтарын зерттейдi. Жеке адамның (хайуанаттарға особьтың) бүткiл өмiрiн-онтогенез қамтиды, оның эмбрионды даму кезеңi эмбриогенез деп аталады. Жыныс жасушаларының дамуы және жетiлуi – прогенез кезеңiн қамтиды. Шақалақ туылғаннан жынысты жетiлгенге дейiнгi кезең-постэмброналды даму деп аталады (себебi ағза мен ұлпалардың қалыптасуы өтедi).
Адам эмбриогенезiн зерттеу үшiн:сүт қоректiлердiң, төмен дамыған хайуанаттардың, т.б.-дың эмбриогенездi басқыштарын және заңдылықтарын (тарихи даму кезеңi-филогенездi) жақсы үйрену керек.
Белгiлi бiр тiршiлiк етушi: осбьтар, топтар,типтер,т.б.үшiн ерекше сипатқа еге онтогенезi болады, олардың әрқайсысы жеке эмбриологияда зерттеледi. Адам эмбрионы зерттелуi – адам эмдионының жеке эмбриологиясы деп аталады.
Адам эмбриологиясын зерттеу үшiн хайуанат дүниесi түрлерiнiң (особьтар,топтар,типтер,т.б.) тарихи дамуы (эволюция) басқыштарын филогенездi жақсы бiлу керек. Әсiресе өте төмен дамыған (қияқ, құстар,т.б.-да) хайуанаттар эмбрионы дамуы сатыларына (онтогенездiң – эмбрионогенезi бөлiмiне) өте жақын болады.
ХIХ-ХХ- ғ.ғ.-да тәжiрибелер нәтижесiнде онтогенез және филогенез ортасындағы байланыстар жөнiнде көптеген терең ойлы пiкiрлер туылады.
Ч.Дарвин өзiнiң көп жылдық тәжiрбелерiне сүйенiп, хайуанаттар эмбриондарының адам эмбрионына, т.б. ағзаларға ұқсастығына сүйенiп эволюция iлiмiн жараттты,яғни филогенезде алғашқы бастама арқылы эволюциялық даму болғандығын түсiндiредi.
А.Н.Северцов биогенетикалық заңды жалғастырып, эмбриондағы өзгерiстер жинағы тарихи дамудың- эволюцияның негiзi деген iлiм жаратты(филоэмбриогенз заңы). Бұл заң әр бiр түр(осбь) жасаған ортаға бейiмделiп, өзгерiп (филоэмбриогенез заңы): өзiнiң құрамдық бөлiктерiн, сипаттарын, ерекшелiктерiн өзгертiп тұрады деп түсiндiредi.
Бұл заңдылық, осы кезеңдегi адам және хайуандарға өтетiн кейбiр құбылыстарды түсiндiрiп бердi.
Эмбриологиядағы актуалды проблемалар: жынысты жасушалар құрылысы мен дамуына микроқоршаудағы эндо және экзогендi факторлар әсерiн үйрену; ағзалар,ұлпалар жүйелерiнiң өзара қатынасы және дамуын зерттеу: адам және сүт қоректiлер эмбрионың гомеостазын қамтамасыз етушi және репродуктивтi қызметтi реттеушi механизмдердi зерттеу; эмбрион дамуы кезеңдерiнiң дағдарысқа ұшырау кезеңдерiн үйрену, т.б-лар. Сондай-ақ жұмыртқа жасуша, эмбрионды бастамаларды егу (экспериментте жасау), жүктiлiк патологиясының цитодагностикасын жасау,т.б. болып саналады.
Адам эмбриогенезiнiң өтуi жөнiндегi түсiнiктер.
Адам эмбриогенезiнiң өтуi үшiн: әйел жынысты жасушасында жұмыртқа жасуша жетiлуi (овогенез) және еркектер жыныс безiеде спермотозойд жетiлуi (спермотогенез) керек.Ұрықтану ұрық жолының бастапқы бөлiмiнде өтедi, эмбрионалды бастама бөлшектенуге кiрiседi. Бөлшектену толық асинхронды (бiр тегiс емес) өтедi. Алғашқы бөлшектенуде 2 (екi) түрлi iрi қошқыл түстi бластомерлердi қоршап, бiр қабат құрайды (трофбластомер), олар эмбрионды қоректендiру қызметiн атқарады. Iшкi жағындағы iрi қошқыл түстi бластомерлер тобы - эмбриобласттар эмбрионды бастама құралуында және провизорлы ағзалар дамуында қатысады.
Бөлшектену кезеңi жай өтедi,ұрықтанудан соң алғашқы 4 (төрт) күннiң әрбiрiнде бiр-бiреуден бөлшектену өтедi, төртiншi күннiң соңында жүктiлiкте 8-12 бластомерлер болады.
Эмбрионды бастама ұрық жолының өзiнде сұйықтықты сорады. Бастама (эмбрионды көпiршiгiнде) – бластоцистаға өзгередi, оның айналасын бiр қабатты трофобласттар қоршап алады. Iшкi қуыстығы сұйқтықпен толған, бұл көпiршiктердiң бiр құтбына эмбриобласттар (жасуша тобы) немесе эмбрионды бастама түйiншесi жалғасқан болады.
Дамушы 4-5 күндiк эмбрионды бастама өзiнiң құрылысымен басқа жатыр жолдасы бар сүт қоректi хайуанаттардың бластоцистасын еске түсiредi. Бiрiншi аптаның соңында эмбрионды бастама ұрық жолындағы сұйықтық ағыны, ұрық жолы Б.Е.-нiң iлгерi-кейiндi (перисталтикалық) қысқару және эпителиоциттер кiрпiкшелерiнiң желпушi қимылы арқылы жатырға қарай жылжиды, адгезия деп аталады, кiлегейлi қабат iшiне өсiп кiредi (инвазия) - имплантация құбылысы өтедi. Трофобластардың құрамдық бөлiктерiнiң әсерi арқылы кiлегейлi қабаттың эпителиоциттерi күйрейдi (ыдырайды), эмбрионды көпiршiк айналасында жартылай сұйықтықты орта (ерiтiндi) құралады. Олар эмбрионды бастамаға қоректiк қызмет атқарады – гистиотрофты қоректену кезеңi деп аталады, көпiршiк тез ұлғаяды. Одан соң кiлегейлi қабат қабырғасында, трофобласттар мен эмбриобласттарда бiр мезгiлде өзгерiстер өтедi, эмбрионды бастама дамуы қарқынды болады. Кiлегейлi қабаттың екi қабаты анық көрiнедi: 1-шi тығыз қабаты-децидуалды жасушалардан және жатыр безiнiң шығарушы ағындарынан құралған; 2-шi кеуек қабаты – iрi жатыр бездерiнен құралған.
Кiлегейлi қабат күйрейдi, алғашқыда қабырғаларында өзгерiс өтедi, одан соң әртүрлi бөлiмдерде өзгерiс байқалады. Трофобласттарда өтетiн өзгерiстер: жасушалар көбейiп кетедi, олар қабырғалар қалыңдауына себепшi болады. Трофобласттың сыртқы бетiнде жасушалар шоғырынан құралған өсiндiлер – трофобласт сорғыштары (ворсинкалар) құралады. Алғашқы ворсинкалар жатырдың кiлегейлi қабатына тереңiрек енедi, ол жерде жартылай сұйық ерiтiндi құралуына қатысады жатыр безi мен қан тамыры қабырғасы еридi.
Сорғыштар ұлғаюы кезеңiнде эмброналды түйiн (эмбриобласттар) өзгере бастайды, бұл құбылыс гаструляция мен провизорлы ағзалардың пайда болуы кезеңiнде өтедi. Трофобласттар эмбрионды бастаманы ана организмi ұлпалары күйреуiнде құралған сұйықтықтар және қоректi заттар, сондай-ақ оттегiнi сiңiру жолымен қоректендiредi.
Эмбриобласттардағы немесе эмбрионды бастама көпiршiгiнде өтетiн өзгерiстер: негiзiнен iшкi эмбрионалды жапырақтың пайда болуымен сипатталады.
Бұл сатыда эмбрионды бастамадан тыс (провизорлық) ағзалар дамиды және қанмен қоректену (гематрофты типi) басталады.
Имплантация (эмбрионды бастаманың жатырға енуi) кезеңiнде, бластоцистер ұрықтану қабығымен қоршалады, лизосомада ферменттер көбейедi, жатыр ұлпаларын күйретедi (лизис құрылысы). Эмбрионды бастаманың жатырдың кiлегейлi қабығына енiп (инвация), оған жабысуына (адгезия) жағдай жасалады. Трофобласттар өсiндiлерi ұрықтану қабығын жарады, эмбриобласттар-эмбрионалды қалқанға өзгередi. Содан, гаструляцияның 1-шi фазасы өтуiне жағдай жасалады (деламинация фазасы), оларда: сыртқы жапырақ-эпибласт және iшкiсi – гипобласт құралады.
Имплантация - ұрықтанудан соң 7-шi аптада басталады (40 сағ. созылады), эмбрионды бастама жатырдың кiлегейлi қабығына толық батырылады. Бiрiншi жабысу (адгезия) сатысында – цито, симпласто – (плазмодио) трофобласт қабаттары құралады. Екiншi ену (инвация) сатысында симпластотрофобласт протеолитикалық ферменттер өндiредi, жатырдың кiлегейлi қабығын ерiтедi. Трофобласт сорғышы пайда болады, олар жатырға енiп, оның эпителийiн ыдырата бастайды, дәнекер ұлпалар мен тамыр қабырғалары күйрейдi. Трофобласт ананың қан тамырларымен тiкелей байланыс құрайды, имплантациялық шұқыр пайда болады (эмбрионалды бастама айналасындағы қан ағу бөлiмдерi).
Трофобласт жатыр ұлпалары күйреуi арқылы қоректене бастайды (гистиотрофты қоректену), одан соң ананың қан тамырларынан қоректенедi (гематрофты қоректену), бұл кезеңде тыныс алу үшiн оттегiн де алады.
Имплантация құбылысы эмбрионды бастама дамуындағы алғашқы дағдарыс кезеңi деп аталады.
Гаструляция фазалары – бiрiншi имплантация (1-7) тәулiкте өтедi; екiншiсi – гематотрофты қоректенуге байланысты провизорлық ағзалардың құралуы фазасы. Бiрiншi фаза – деламинация жолымен өтедi, эмбриобласт жасушалары ыдырап 2 (екi) түрлi жапырақ: эпибласт – (эктодерма, нерв пластинкасы, мезодерма және хорда) – трофобластқа жақын орналасады; iшкiсi – гипобласт (өзектi және провизорлы ағзалар) бластоцит кеңiстiгiне жақын орналасады. 7-шi аптада эмбрионды бастама қалақанынан жасушалар бластоцит кеңiстiгiне көшiрiледi-провизорлы мезодерма (мезенхима) құрайды.
Он бiрiншi тәулiкте мезенхима бластоцит кеңiстiгiн толтырады, трофобластқа дейiн ұлғаяды және оған енiп орналасады-хорион эмбрионалды бастаманың соғышты қабығы құралады, олардың алғашқы хориалды сорғышы бар.
Провизорлы мезодерма амниотикалық бастама (эктодермамен бiрге) және сарыуыз (энтодермамен бiрге) көпiршiгi қалыптасады. Эпибласт шеттерi мезодермалды бастамаға дейiн өседi, амниотикалық көпiршiк құрайды, оның түбi энтодермаға қараған болады. Энтодерманың көбеюшi жасушалары 13-14 тәулiкте сарыуыз көпiршiгiн құрайды. Адамда сарыуыз қабында сарыуыз заты болмайды, қан қуыстағы сiре сұйықтығымен толған болады.
Осы кезеңде трофобласт (эмбрионды бастама), өзiн қаптаған провизорлы мезодермамен бiрге хорион құрайды. Жатыр қабырғасы тереңiнде: амниотикалық және сарыуыз көпiршiктерi бiр-бiрiне жанасып араласады. Эмбрионды бастаманың бұл бөлiмi хорионға амниотикалық аяқша (провизорлы мезодермадан құралған) арқылы жыбысқан болады. Бiр-бiрiне жанасушы амниотикалық көпiршiк түбi және сарыуыз көпiршiгi қақпағы эмбрионды бастама қалқанын құрайды. Амниотикалық көпiршiктiң қалыңдаған түбi-эпибласт, қабырғасының басқа бөлiктерi – провизорлы эктодерма болып есептеледi. Сарыуыз көпiршiгiнiң қабығы- гипобласт құрайды, қалқан сыртқы қабырғасы-провизорлы энтодерма болып есептеледi.
Қорыта келгенде, адамда эмбриогенез алғашқы кезеңiнде провизорлы ағзалар жақсы дамыған болады: хорион, амниотикалық және сарыуыз қабы анық байқалады.
Гаструляцияның 2- шi кезеңi 14- 15- шi тәулiктен басталып 17- шi тәулiктерде жақсы дамиды. Эпибластта жасушалар қарқынды бөлiнiп, орталыққа және тереңге бағытталып эмбрионалды жапырақтың (сыртқы және iшкi) аралығына орналасады. Жасушалық материалдың иммигрциясы арқылы алғашқы жолақ (бластопораның бүйiр ернiне сәйкес келiушi) және алғашқы түйiн (дорсалды ерiнге сәйкес келушi) құралады. Түйiннiң жоғарғы ұшында орналасқан шұқыр тереңдеп эктодермадан өтiп, қияқтың нейроiшектi каналы гомолгына өзгередi. Эпибластың жасушалық материалы (алғашқы түйiн алдында орналасқан) дорсалды ерiн арқылы амниотикалық көпiршiк және сарыуыз қақпағы арасындағы кеңiстiк арқылы ығысып хордалды өсiндi құрайды. Сондай-ақ алғашқы жолақты жасушалық материал – мезодермалды қанат сияқты жағдайда орналасқан болады.
Эмбрионалды бастама үш қабатты құрылымға еге болады, олар эмбриогенездiң осы сатысындағы құстардың эмбрионалды бастамасы болады,15-шi тәулiктен бастап iшек түтiкшесi соңғы бөлiмiнiң амниотикалық аяқшасына бармақ тәрiздес өсiндi – аллантойс бөртiп шығады. Сонымен, гаструляцияның 2-шi фазасы соңында жапырақтар бастамасы және провизорлы ағзалар құралады.
17-шi тәулiкте өзектi ағзалар бастамасы құралуы құбылысы одан әрi жалғасады,3 (үш) күн жапырақ (эмбрионды бастаманың) анық қалыптасады. Эктодерма құрамындағы жасушалық элементтер бiрнеше қабатта орналасады, басжағы аралығына орналасып хорда бастамасын құрайды. Амниотикалық көпiршiк және сарыуыз қабы ұзаққа созылған 2 (екi) қабат құрайды, сарыуыз қабы қабырғасында қан аралшалары және алғашқы қан тамырлары құралады.
Эмбрион денесi және хорион ортасындағы байланыс, аллантойс қабығы қасындағы және хорион сорғыштарындағы қан тамырлары арқылы орындалды. Эмбрион денесi бас жағының сыртқы эмбрионалды жапырағы бiр қабатты жасушалардан құралған, медиалды құтбы жағында биiктеу болады. Амниотикалық көпiршiктiң эктодермасы өткенде жасушалар қатары қалыңдайды, алдыңғы краниалды бөлiмде: алғашқы жолақ және алғашқы түйiн көрiнедi. Эмбрионалды көпiршiк кеңiстiгi жақсы дамыған мезодерманың сыртқы жапырағымен (соматоплевра) қапталған, олар хордиалды сорғыш негiзiн құрайды. Сарыуыз қабы-энтодермалды, амниотикалық көпiршiктер – эктодермалды дамиды.
Эмбрионның тыныс алуы және қоректенуi аллантохорин арқылы орындалады, алғашқы сорғыштар ана қанымен жуылып кетедi.
20-21-шi тәулiкте эмбрион денесi провизорлы ағзалардан оқшауланады, өзектi ағзалар бастамасы қалыптасады. Алғашқыда мезодерма дифференцияланып,сомиттер құралады – сомиттi даму деп аталады (оған дейiн өзектi бастаманың пресомиттi даму кезеңi өтедi). Эмбрион денесiнде дене қатпарлары құралады, олар өзектi бастамаларды провизорлық ағзалардан бөледi. Эмбрионды бастама сарыуыз қабынан ажыралады, олар iшек түтiкшесi қалыптасқанда пайда болатын тамырша арқылы байланысады.
АДАМДАРДА ПРОВИЗОРЛЫ АҒЗАЛАР ҚАЛЫПТАСУЫ.
Хорион – трофобласттың сорғышты өсуi (хорион) 2 (екi) құрылымдық қосылыстан: эпителий және провизорлымезенхимадан құралған.
Шақалақты бөлiм: тармақты хорион және оған жанасып өсушi амниотикалық қабықтан құралған; аналық бөлiм – эндометрийдiң негiзгi түсiп қалушы қабығы өзгерген базалды бөлiмнен құралған.
Ұрықтанған жұмыртқа жасуша 4 (төрт) тәулiктiк бөлшектенуден соң тұт жемiсiне ұқсас жасушадан тұратын – морула құрайды. Осыдан соң тығыз масса жайылып, жасушалар арасында кеңiстiк құралады – бластоциста деп аталады. Бласстоциста жатыр қуысында 2-3 тәулiк еркiн орналасады, одан соң жатыр қабырғасында имлантация етiледi (ұрықтанудан 1 апта өткен соң). Осы кезеңде эндометрийге прогрестерын әсер етедi, соның үшiн ұрықтанған жасуша қабылдауға дайын тұрады (соңғы қабырғаның жоғарғы бетiнде бұл қабiлет өте жоғары болады).
Бластоциста қабырғасы жұқа бiр қабатты жасушалардан – трофоблабласттардан (трофейн – қорек, бластос – эмбрионды бастама) құралған. Бластоцистаның қуыстық жағындағы жасушалар жиынтығы – iшкi жасушалық масса деп аталады, одан эмбрионды бастама дамиды.
Эндометридiң соңғы қабырғасының жоғарғы бетiнде трофобласт жабысады, жанасу бөлiмiнде трофобласт көбейедi, көп қабат құрайды. Трофобласттың (цитотрофобласт) және оның туындыларының (синцититрофобласт) протеолитиклық ферменттерi әсерiнiң күшейуi арқылы жатырдың кiлегейлi қабығы күйрейдi, гистотрофты қоректену гематотрофты қоректенуге өзгередi. Блатоциста эндометрийге батырылады. Эндометрийге ақаулық пайда болса, фибрионды тығын және жасуша массасы (жиынтығы) мен жабылады, эндометрий эпителийi бластоцист үстiнде – “ұлғайып” – жатыр жапқышын (қабығын) қалпына келтiредi, соның үшiн, бластоцист эндометрийдiң жоғарғы бетiне өтедi, строма жаушаларымен қоршалған болады. Ұрықтаудан соң 2-шi тәулiкте трофобласт 2 (екi) қабат құрайды: iшкi қабат анық көрiнедi, бұл қабат – цитотрофобласт деп аталады (бөлек-бөлек жасушалардан құралған).Сыртқы қабат-ядролы цитоплазма жиынтығынан құралған синцитийлар деп аталады (бұл қабат жасушалары бiр-бiрiне құйылған).
Соның үшiн; бұл қабат синцитиотрофлобласт деп аталады, осы кезеңде синцитийда аралық кеңiстiк лакундары болады. 15-шi тәулiкте лакундар ұлғайып бiр-бiрiне құйылады (жатыр венасы қаны және трофобласт күйреуiндегi венозды синус қандары). Трофобласттың тола күйреуi кезеңiнде спиралды артериялардағы қан лакунға құйылады. Лакундар ұлғайған кезде аралығында трофобласттардан құралған, сыртынан синцитиотрофобласттардың тегiс емес қабатымен қоршалған. Сорғыштар бласто цистаны орай өтiп эндометриймен жанасады
(эндометрийге бластоциста батырылған болады). Сорғыш жасушалары эндометрийге жанасып, эндрометрий қуыстығының төсенiшiн құрайды (ол жерде бластоциста орналасқан). Сорғыштар бластоцистаға перифериялы орналасқандықтан—перифериялы (шеткерiдегi) синцитийлар деп аталады. Осы кезеңнiң бастап трофобласттар; бластоциста жабыны мен қуыстық төсенiш құрайды. Бұл қабатар аралығында жасушалар тiзбегi және сорғыштар орналасады, олар ана қанымен толған лакундар аралықтарын кейбiр бөлiмiн бөлiктерге ажыратады. Сорғышты құрылым ұшында цитотрофобласттың құрамдық бөлiктерi тез көбейедi, соның үшiн сорғыштар құрамында синцитиотрофобласттармен қапталған цитотрофобласттар болады. Цитотрофобласттарға митоз жақсы өтедi, синцитиотрофобласттарда митоз сирек байқалады, сорғаш құрлысы өзгеруi кезеңiнде (15-шi тәулiкте) эмбрионалды жапырақтар және мезодерма трофобластқа ұлғайып шығады (бластоцистаны ораушы).
Трофобластқа ұлғайып шыққан мезодерма құрылымын – хорион (трофобластпен бiрге) деп атайды (хорион – мембрана,қабық). Мезодерма версинкаға (сорғышқа) енедi, мезодермалды өзек құрайды, бұл құрылым екiншi реттегi соңғы сорғыштар деп аталады.
Олар өсiп, ұлғаяды,шақалақтың қан тамырлары дамиды, бұл өзгерiстер бластоциста айналасын бойлай пайда болады. Одан соңғы өзгерiстер бластоциста перифериялары бөлiмдерiнде әртүрлi өтедi.
Бластоциста мен миометрий арасында орналасқан эндометрий базалды пластинка деп аталады,олар бластоцистаның хорионнан плацента құралатын болады. Өзегi бар сорғыштар (мезодермадағы) өседi,тармақталады,сонын үшiн эндометрий күйрейдi. Эндометрийдiң өзгерген жоғарғы бетi, сорғыш ұшындағы цитотрофобласт жасушалары арқылы өсiп, ұлғаяды. Лакундар сорғыштар аралығында ана қанымен толған, сорғыш капиллярларында шақалақ қаны болады, олардың аралығында қанда ерiген заттар диффузия жолымен өтедi.
Децидуалды (түсiп қалушы) қабақ. Эндометрийдiң ең терең қабатынан басқасы түсiп қалады (жапырақ түскенге ұқсас), сонын үшiн бұл қабаттары децидуалды деп аталады. Эмбрионның имплантация етiлген орнына байланысты децидуалды қабық бөлiктерi әр түрлi аталады. Қабырғада имплантация орындалса – париеталды аталады, олар жатырдың барлық қуыстығын қаптайды (планцента орны қапталмайды). Эндометрийдiң дамушы эмбрионы қапталса (үстiнгi – жағынан капсула құраса) – капсула деп аталады. Эмбрион өсiп ұлғайған сайын, капсула кеңейiп көп көлемдi қаптайды, бiрақ жұқарып қалады 12-шi аптада хорионда орналасқан эмбрион көлемi ұлғаяды: капсула мен париеталды қабық жатырдың қарама-қарсы жақтарында ғана жанасады, жатыр қуыстығы жойылады. Аталған екi қабық бiр – бiрiне қосылып кетедi, бiр қабат құрайды.
12-16-шы аптада хорионның барлық жүзi (бетiн) сорғышпен қапталған болады, 16-шы аптада сорғыштар түсiп қалады, хорион бетi жалтырап тұрады. Хорионның дицидуалды негiзге жанасушы жағында сорғыштары болады, бұл аймақ ұлғайып тармақталады, плацентаның шақалақты бөлiмi деп аталады.
ПЛАЦЕНТАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӨНIНДЕГI ТҮСIНIКТЕР.
Плацентаның негiзгi құрылымдық бiрлiгi – хорион сорғышы болып есептеледi, олар хорионмен жанасып тарамдаланады. Сорғыштың жоғарғы ұшы децидуалды қабықпен байланысқан. Ворсинканың кейбiр бос ұштары өзара құйылып кеуектi ұлпа құрайды. Тола қалыптасқан адам плацентасында 8-15 үлкен сорғыштары болып, олардың әрқайсысы көптеген өсiндi (тармақталып) құрайды, әрбiр бөлiк котиледон деп аталады. Сорғыштар аралығында ана қаны болады, соның үшiн плаценталық тосқауылды құраушы ұлпалар қабатына көңiл бөлу керек, олар шақалақты, ана қанынан бөлiп тұрады.
Плацентарлық тосқауылда - әрбiр сорғыштан шақалақтың қан капиллярлары өтедi, олар эндотелиймен қапталған.
Капиллярлар сирек талшықты дәнекер ұлпаларға сорғыштар ортасында орналасқан, ол жерде бiрен – саран тегiс Б.Е. талшықтары және домалақ ядролы iрi жасушалар (Хофбауер) бар (олар фагоциттер). Әрбiр сорғышты қаптаушы трофобласттар 2 (екi) анық қабаттан: цито және синцитотрофобласттардан құралған. 10- шы аптада цитотрофобласт (Ланганс қабаты), ядросы iрiлеу, iрi көмескi жасушалардан құралған, анық көрiнушi базал мембранада – орналасқан.
Цитоплазмасында гликоген, вакуолдер бар, май қосындылары жоқ. Электронды микроскопта: гликоген, митохондрия, рибосомалар жақсы байқалады.
Синцитиотрофобласт – қошқыл қабат, қалыңдығы әртүрлi, көптеген ядролары бар, жүктiлiктiң даму кезеңiнде қабат жұқарады. Сыртқы бетiнiң жағалауында (шетi) тегiс емес өсiндiлер көп, микроворсинкалары электронды микроскопта жақсы көрiнедi. Цитоплазмада: митохондрия, жақсы дамыған түйiршiгi ЭПТ, Гольджи аппараты қалталары және липид тамшылары бар. Жүктiлiктiң алғашқы кезеңдерiнде липид тамшылары iрi болады, кейiн ұсақ күйге өзгередi, гликогенi өте аз (болмауы мүмкiн). Цитотрофобласт күйреген соң,синцитиотрофобласттар ретикулярлы құрамында тығыз болып орналасады.
Шақалақ туылу кезеңiнде плацентарлық тосқауылды құраушы қабаттар жұқарады, өте жұқарған синцитиотрофобласттарда аз мөлшердегi митохондрия және май тамшылары сақталады (цитотрофобласттар жойылады). Осы кезеңге сәйкес келушi плацентарлық тосқауылда 5 (бес) қабат болады: 1) ана қанымен байланыс жасаушы, бетiнде микроворсинкалары бар синцитиотрофобласттардың жұқа қабаты; 2) оның астында мықты базалды мембрна бар; 3) тереңiректе, нәзiк ретикулярлы талшыққа еге сирек талшықты дәнекер қабаты; 4) шақалақты қоршаған қан капиллярлары, оның базалды мембранасы; және 5) шақалақ қанымен жанасушы, шақалақ капиллярының эндотелийi.
Синцитиотрофобласттардың сорғыштары көп ядролы цитоплазма өсiндiсiн құрап тұрады, олар синцитиалды түйiндер деп аталады.
Түйiндер (өсiндiлер) – бөлiктерге үзiледi, олар сорғышаралық кеңiстiкке түседi, олар арқылы ананың қан ағынына және бөлiктерге үзiледi, олар сорғышаралық кеңiстiкке түседi, олар арқылы ананың қан ағынына және өкпеге түсуi мүмкiн. Осы аймақтағы ферменттер әсерiнде бөлiктер ыдырайды.
Плацентаның құралуы кезеңiнде эозинофилдi – фибринойдтар пайда болады, шақалақ туылуы кезеңiнде оларды көзбен көру мүмкiн.
ПЛАЦЕНТАНЫҢ АНАЛЫҚ БӨЛIМI.
Трофобласттың эндометриймен жанасатын жерi – құрамдық аймақ (байланысушы орын) – пенетрация аймағы деп аталады. Трофобласт сорғыштары оларды тесiп өтедi (некроздегенерация өтедi). Бұл аймақта; децедиуалды жасушалар және цитотрофобласттар бар. Децедуалдылар коллогендi және ретикулярлы талшықтармен қоршалған, олар iрi, көп бұрышты. Цитоплазмасында гликоген және липид тамшылары бар.
Эндометрий безiн құраушы эпителиециттерде жүктiлк кезеңдерiнде гликоген мен май тамшылары көп болады. Сондай-ақ бұл аймақта эндометрий бездерi, фибринойд және трофобласттар шоғыры болады.Синцитиотрофобласттар ана эндометрийiнен өтiп, миометриге жетедi. Базалды пластинкада гигант жасушалар орналасқан (синцитио – трофобласттардан дамушы), бұл аймақтан спиралды артериялар өтiп, сорғыштар аралық кеңiстiкке ашылады, эндотелиймен қапталған.
Децидуалды жасушалар негiзгi (басты) сорғыштар қарама – қарсысында күштi күйрейдi, сорғыштар аралығында децедуалды ұлпа өсiндiлерi пайда болады, базалды пластинкадан хорионға дейiн созылып жатады.
Бұл өсiндiлердi плаценталық жүйе деп атайды,олар плацентаны бөлiктерге (котиледонға) бөледi.13-14- шi апталарда құрамында: кеңейген және иректелген жатыр бездерiнiң венозды оралымдарымен шоғыр құраған болады. Без қабырғалары өте жұқа, жүктiлiктiң соңына дейiн секреторлы активтiлiгi сақталады. Сорғыш аралық кеңiстiктер мөлшерi тез ұлғайып iрi қан синусын құрайды: оның бiр жағы хорионмен, 2- шi ұшымен жанасады. Құралған кеңiстiк – лабиринт көрiнiсiнде, себебi: сорғыштар бiр-бiрiмен қабаттасып кетедi. Лабиринт эмбрион жаққа жақын ұлғаяды, ол жерде сорғыштың негiзгi өзектерi болады, бұл құбылыс қан үшiн кеңiстiктiң ұлғаюына жағдай жасайды. Бұл ернеулi (шеттегi) синус плацента жағалауындағы қан (шеткi) аймағы болып есптеледi.
Децидуалды кесiп өтушi артерия қан тамырлары сорғышты кеңiстiкке ана артерия қанын тасиды, мұндай қан тамырлары әрбiр плаценталы бөлiкте көп болады. Ана қанында қысым күштi, сонын үшiн, артерия қаны хорион пластинкасына көтерiледi.Базалды пластинканың жоғарғы бетiнде аморфты құрылым (Рора фибринойды) бар, олар хориалды сорғыш жағында орналасқан. Бұл фибринойдтар трофобласттармен бiрге ана – шақалақ жүйесiнiң иммунологиялық гомеостазын қамтамасыз етедi. Ана шақалық жүйесiндегi қанды бөлiп тұрушы гемохориалдық тосқауыл, шақалақ тамыры эндотелийiнен құралған, оның құрамында тамырды құраушы дәнекер ұлпалар, хориалды сорғыш эпителийi (трофобласттар), сондай-ақ сорғыштарды сыртынан қорғаушы фибринойдтар бар. 12- шi апталарда плацента толық қалыптасады.
Сарыуыз қабы – провизорлы энтодерма мен мезодермадан құралады, эмбрионның қоректенуiне қатысады (адам эмбрионы тыныс алуында аз уақыт қатысады). Эмбрион денесiнiң қатпарлары құралғанда сарыуыз өзекшелерi (сабақшалары) арқылы байланысады. Сарыуыз қабының өзi хорион мезенхимасы және амниотикалық қабық аралығына ығысады. Негiзгi қан жаратылуда қатысады (7-8 –шi аптаға дейiн). Сондай-ақ сарыуыз қабы қабырғасында алғашқы жыныс жасушалары – гонобласттар қалыптасады,олар қан арқылы жынысты без бастамаларына барады.
Амионда – 7- шi аптада дәнекер ұлпасы тез өсiп хорионның дәнекер ұлпасымен жанасады, оның эпителийi амниотикалық аяқшаға өзгередi, олардан кiндiк арқаны құралады. Кiндiк сақинасы маңайында эмбрион терiсiнiң эктодермалды жабынымен байланысады.
Амниотикалық қабық шақалақ орны (резевуарының) қабырғасын құрайды, оның негiзгi қызметi шақалақ жаны сұйықтығын өндiру. Бұл ертiндi шақалақ жасайтын орта құрайды және механикалық қорғаныс қызметiн атқарады. Амнион эпителийiнiң кеңiстiкке қараған жағы шақалақ жаны ертiндiсiн құрауға және олардың 21- шi рет сiңiрiлуiне қатысады (тұз құрамы реттелуiне қатысады). Сондай-ақ, шақалаққа зиянды (улы) қосылыстар өтуiне қарсы күреседi.Амнион эпителийi бiр қабатты, жалпақ көп бұрышты,жасушалары тығыз орналасады,митозбен көбейедi. 12- шi айда призмалы плаценталы дискi эпителийiнiң кейбiр бөлiктерi көпқатарлы,оның бетiнде (жүзi) микроворсинкалары бар. Цитоплазмасында: липид тамшылары, гликоген дәнi және глюкозаминогликандар болады.
Жасушаның апикалды жағында әртүрлi көлемдегi вакуолдер, өзiнiң заттарын амнион эпителийi куб тәрiздес, оларда шақалақ жаны сұйықтығы көп резорбцияланады.
Амниотикалық қабық стромасында: базалды мембрана,тығыз және сирек талшықты дәнекер ұлпалар (амнионды хорионмен байланысады) бар тығыз дәнекер ұлпалар қабатында: жасушасыз және жасушалы бөлiгi болады. Жасушасыз бөлiгi бiрнеше фибробласттар қатарынан құралған,олардың аралығында бiр – бiрiне тығыз жатқан жұқа коллагендi шоғырлар мен ретикулярлық талшықтардың қою торы орналасқан. Сирек-кеуектi – (<<кiлегейлi>>) дәнекер ұлпаларда бiрен – саран коллагендi талшық шоғырлары амнионды хорионмен жалғайды, бұл байланыстар әлсiз, соның үшiн 2 (екi) қабық оңай ажыралады. Дәнекекр ұлпаларда глюкозоаминогликандар көп.
Аллантойс – амниотикалық аяқшада бүршiктенетiн энтодерманың бармақты өсiндiсi (ұсақтау), адамда көп дамымайды.
Адам эмбрионының қоректенуi мен тыныс алуында аллантойстың маңызы зор, себебi: одан хорионға қарай тамырлар өсiп, сорғыш стромасында тармақталады. 8- шi апталарда аллантойс редуцияланады.
Кiндiк арқаны – амнион аяқшасы мен сарыуыз сабақшасындағы мезенхимадан дамиды оның құралуына аллантоис және онда өсетiн тамырлар да қатысады. Аталған құрылымдардың сыртынан амниотикалық қабық орайды. Сарыуыз тамыршасы мен аллантоис қысқа уақытта редуциланады, шақалақ туылғанда кiндiк арқанында, олардың қалдығы бiлiнедi.
Қалыптасқан кiндiк арқаны, серпiмдi дәнекер ұлпалы құрылым, олардың екi кiндiк артериясы және кiндiк венасы өтедi. Кiндiк арқаны желiм тәрiздес (кiлегейлi) дәнекер ұлпадан құралған, құрамында гиалурон қышқыл көп. Вартонды кiлегейлi заты (желiм тәрiздес) арқанға серпiмдiлiк және зиянды (сулы) қосылыстардың плацентадан эмбрионға өтуiне жол бермейдi, қорғаныс қызметiн атқарады.
АНА МЕН ШАҚАЛАҚ ЖҮЙЕСI.
Бұл жүйе жүктiлiк кезеңiнде құралады, 2 (екi) жүйеше: ана организмi және шақалақ организмi, сондай-ақ оларды байланыстырушы бөлiк плацентадан құралады.
Ана организмi мен шақалақ организмi ортасындаға өзара қатынасы нейрогумаралды механизмдер арқылы қамтамасыз етiледi. Бұл жүйешелерде төмендегiдей механизмдер: рецепторлық (информацияларды қабылдаушы), регуляторлы (өндеудi орындау) және қызметтердi орпындаушы болып ажыралады.
Ана организмiнiң рецепторлық механизмi – жатырда сезушi нерв ұштары күйiнде орналасқан, олар дамушы шақалақтың жағдайы жөнiнде алғашқы информация қабылдайды. Эндометрийде хемо, механо және термо – рецепторлар, қан тамырларында барро – рецепторлар болады. Жатыр веналары қабырғасында және децедиуалды қабыққа плацента жалғасатын бөлiгiнде рецепторлық нерв ұштарының бос (еркiн) түрлерi көп болады. Жатыр рецпторларының тiтiркенуi арқылы ана организмiндегi тыныс алуды және қан қысымы деңгейiнiң өзгеруiне соқтырады, бұл құбылыстар дамушы шақалақтың қалыпты жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ана организмiнiң регуляторлық механизмi – құрамында: орталық нерв жүйесi бөлiмдерi (мидың самай бөлiмi, гипаталамус, ретикулярлық формацияның мезэнцефалды бөлiмi) және гипоталамоэндокридi жүйе құрайды. Мына гормондар: жынысты, тироксин,кортикостеройдтар,инсулин, т.б. – лар маңызды регуляторлық қызмет атқарады. Мысалы, жүктiлiк кезеңiнде ананың бүйрек үстi безi қыртысының активтiлiгi күшейедi, кортикостеройдтар мөлшерi артады (олар шақалақ метаболизмiнiң реттелуiнде қатысады.
Ана организмiндегi регуляторлы нейроэндокридi аппараттар жүктiлiк жағдайын: жүрек қызметi деңгейiн, тамырлар, қан жасалу ағзалары, бауыр қазметi,зат алмасудың қалыпты деңгейiн және шақалаққа қажеттi газ мөлшерiн қамтамасыз етедi.
Шақалақ организмiнiң рецепторлық механизмi – ана организмiндегi немесе шақалақ органимiндегi гоместаздың өзгерiсi жөнiндегi информацияны қабылдайды. Олар кiндiк артериясы мен венада, бауыр бөлшектерi венасы жайылымында, шақалақтың iшегi мен терiсiнде көп болады. Бұл рецепторлардың тiтiркенуi арқылы шақалақ жүрегi соғуы жиiлiгi, қан ағу жылдамдығы өзгередi,сондай-ақ қанда қант қосылыстарының мөлшерi өзгеруiне соқтырады.
Та º ырыпты тере» о º у ¹ а арнал ¹ ан ¸ дебиеттер:
1. Гистология оºулы¹ы. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина.
2. Гистология, цитология ж¸не эмбриологиядан лабороториялыº сабаºтар¹а арнал¹ан практикум. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина.
3. Гистология, цитология ж¸не эмбриология атласы. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н., Горячкина В.Л.
4. Гистология. Юрина Н.А., Радостина А.И. М.Медицина, 1995.
5. Гистология. М. Рысулы, Омаров.
6. Гистология, цитология ж¸не эмбриологиядан лабороториялыº сабаºтар¹а арнал¹ан практикум. М. Рысулы, Омаров.
7. Лекциялыº материал
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 2479 | Нарушение авторских прав
|