Лекция №
Тақырып:Дәнекер ұлпасы.
2006 ж
Лекцияның жоспары:
І Кіріспе.
1. Тақырыптың маңызы
2. Ағзалардың жалпы сипаттамасы
ІІ Негізгі бөлім
3. Жүйе ағзаларының дамуы
4. Жіктелуі
5. Қызметтері
6. Құрылысы
7. Қан мен қамтамасыз етілуі
8. Нервпен қамтамасыз етілуі
ІІІ Қорытынды бөлімі
9. Жас ерекшеліктері
10. Регенерациясы (қайта қалпына келуі)
Дәнекер ұлпаларының тобын құрушылар: меншікті дәнекер ұлпасы, арнаулы қасиетке ие дәнекер ұлпасы, сүлде ұлпалары (сүйек және шеміршек). Дәнекер ұлпалары көптеген жасушалардан, құрамында талшықталдар мен негізгі аморф заты бар жақсы дамыған жасушааралық заттан тұрады. Келесі функцияларды орындайды:
механикалық, тірек, сыртқы пішінді құрау, капсуланың және көптеген органдардың құрамына кіреді. Дәнекер ұлпалары көптеген органдардың құрамына кіреді. Дәнекер ұлпасының әр түрінің морфофункциональді ерекшеліктерін білу келешек дәрігердің организмнің әртүрлі органдарының тіршілігін дұрыс түсіну үшін қажет.
ДӘНЕКЕР ҰЛПАЛАРЫ
Дәнекер ұлпаларының тобын құрушылар: меншікті дәнекер ұлпасы, арнаулы қасиетке ие дәнекер ұлпасы, сүлде ұлпалары (сүйек және шеміршек). Дәнекер ұлпалары көптеген жасушалардан, құрамында талшықталдар мен негізгі аморф заты бар жақсы дамыған жасушааралық заттан тұрады.
ҚЫЗМЕТТЕРІ:механикалық, тірек, сыртқы пішінді құрау, капсуланың және көптеген органдардың құрамына кіреді. Қорғаныс қызметі – механикалық қорғау жолымен орындалады. (фракцияларда, сүйек және шеміршек ұлпаларында), фагоцитоз және иммундық денешіктер түзу арқылы.
Пластикалық қызметі - өмір сүру жағдайларға байланысты адаптация (бейімделу) процесіне белсенді түрде қатысу, регинирация, жарақаттанған жердің жазылуына.
Трофикалық арнайы аймақтың құрылыстары қоректендіру, осылармен бірге зат алмасуына қатысу және ішкі ортаның гомеостазын бірқалыпты ұстап тұру.
МЕНШІКТІ ДӘНЕКЕР ҰЛПАСЫ
ЖІКТЕЛУІ:Меншікті дәнекер ұлпасы жасуша және жасушааралық заттарының құрылымдары мен дәнекер талшықтарының реттеліп орналасуына байланысты жіктелінеді.
Меншікті дәнекер ұлпалары бөлінеді: талшықты дәнекер ұлпасы және арнаулы қасиетке ие дәнекер ұлпасы деп.
Талшықты дәнекер ұлпасы екі түрге бөлінеді: борпылдақ және тығыз деп, ал тығыз талшықты дәнекер ұлпасы – қалыптасқан және қалыптаспаған деп бөлінеді.
ТАЛШЫҚТЫ ДӘНЕКЕР ҰЛПАЛАРЫ
БОРПЫЛДАҚ ТАЛШЫҚТЫ ДӘНЕКЕР ҰЛПАСЫ
Бұл ұлпа барлық органдарда кездеседі, себебі қан және лимфа тамырларын күзетіп жатады және көптеген органдардың стромасын құрайды. Борпылдақ дәнекер ұлпасы жасуша және жасушааралық заттан тұрады.
ЖАСУШАЛАРЫ: фибробласттар, макрофагтар, плазмоциттер, ұлпалық базофилдер (лаброцитер), адипоциттер, пигментоциттер, адвентициялді жасушалар, қан тамырларының перициттері және қан ағынынан өткен лейкоциттер. Дәнекер ұлпасының жасушалары даму барысы бойынша гетерогенді.
ФИБРОБЛАСТТАР. Дифференцияланған дәрежелері бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар көптеген жасушалар тобы. Ең басты қызметтері фибриллярлы белоктарды синтездеу (коллаген, эластин) және гликозаминогли –кандарды (сульфатталынған, сульфатталынбаған) жасушааралық затқа бөліп шығару. Эмбриогенез кезеңінде – мезенхимадан, ал туыгған соң бағаналы жасушадан дамиды.
Дифференциялану процессінде бірнеше жасушалар қатары пайда болады (дифферон): бағаналы жасушалар жартылай бағаналы жасушалар, аз мамандан-ған, жетіліп маманданған, фибробласттар, фиброциттер, миофибробласттар және фиброкластар:
ҚЫЗМЕТТЕРІ: негізгі зат пен талшықтарды түзу, жарақаттанған жерлерді жазу, инородты денешіктердің аймағында дәнекер ұлпалы капсулаларды құрау.
Аз маманданған фибробластар – аз өсінділі жасуша, домалақ немесе сопақ ядросында орташа ядрошығы бар. Цитоплазмасы базофилді, РНК – ға бай. Эмбриогенезде мезенхимадан дамиды. Жасушалардың көлемі 20-25 мкм ге тең. Цитоплазмаларында еркін рибосомалар өте көп, эндоплазмалық тор мен митохондриялар нашар дамыған. Гольджи комплексі қысқа түтікшелер немесе көпіршіктер жиынтығы сияқты болып орналасқан. Бұл сатыда фибробластардың белокты синтездеу және секреттеу қабілеттері өте төмен.
Аз маманданған фибробластар митоз жолымен де көбейе алады және жартылай бағаналы жасушалардан да дами алады. Фибробласттардың ішінде жартылары бірнеше апта өмір сүреді, қалғандары бірнеше айға дейін өмір сүреді.
Жетіліп маманданған фибробласттар – көлемдері бойынша ірі жасушалар болып табылады. Ядролар сопақ, ашық түсті, ішінде 1-2 ядрошығы бар. Цитоплазмалары нашар – базофилді, түйіршікті эндоплазмалық тор мен Гольджи комплексі жақсы дамыған. Митохондриялар мен мизосомалар баяу дамыған. Цитоплазмаларының шеткі аймақтарында микрофиламенттер орналасқан, құрамына кіретін және миозин белоктары жылжу қабілетін белсендетеді.
Жетіліп маманданған фибробласттар негізгі зат пен талшықтардың қалыптасуына РНҚ – ны, коллаген, эластин белоктарын, гликозамино – гликандар мен протеогликандарды синтездейді.
Қалыпты жағдайда фибробласттардың жылжу және фагоцитоздау қабілеттері төмен. Фибробласттар гликопротеин арқылы дәнекер ұлпасының талшықтарымен және фибринімен байланысып жылдамдықтарын жоғарылата-ды. Фибробласттар мен басқа жасушалар гликопротеин затын түзіп шығарады, бұл зат жасушаларды және жасушасыз құрылыстарды жабыстырып тұрады.
ФИБРОЦИТТЕР. Ұршық тәрізді және қанат сияқты өсінділері бар жасушалар. Құрамында органеллалар. Вакуольдер, липеттер және гликогендер аз мөлшерде дамыған.
Фибробласттар миофибробласттарға айнала алады. Миоефибробласттар-да эндоплазмалық тор жақсы дамыған. Бұл жасушалар жарақаттанған ұлпаларда, жүкті кезде жатырда пайда болады. Нәресте туылған соң жатырдың кері даму кезінде фиброкласт жасушалары пайда болады, құрамында лизосомалар өте көп, сондықтан жасушааралық заттың ыдырауына қатысады. Фибробласттардың фагоцитарлық қабілеттері өте жоғары.
МАКРОФАГТАР. Белсенді фагоцитоздаушы жасушалар. Жұтылған бөтен заттарды, антигендерді корпускулярлық пішінінен молекулярлыққа айналдырады. Макрофагтар иммунундық компонетті жасушалар мен байланысып (лимфоциттермен) антигендік хабарды жеткізеді, бұл антиденелер-ді түзуіне өте қажетті жағдай.
Макрофагтар бағаналы қан жасушалардан дамиды. Макрофагтар қан – тамырларының маңайында көп кездеседі. Қабыну процессі кезінде макрофаг-тардың саны тез көбейеді.
Макрофогтар түрлі пішінге ие: домалақ немесе дұрыс емес пішінді. Цитолеммалары шұңқыр қатпарлар мен ұзын микроөсінділер құрайды, бұлар арқылы бөтен заттарды ұстайды.
Макрофагтардың плазмолеммаларының сыртқы бетінде ісік жасуша-ларына, эритроциттерге, «Т» және «В» лимфоциттерге, антигендерге, иммуно –глобулиндерге рецепторлары болады.
Макрофагтар иммундық реакцияларға қатысады. Макрофагтардың бірақ ядролары болады, бірақ кейде көп ядролы – остеокласт жасушалары да кездесе-ді, бұлар бірнеше макрофагтардың қосылуынан пайда болады. Макрофагтардың ядролары домалақ, сопақ немесе лобия пішінді болады, құрамдарында хроматині ірі аймақтары кездеседі. Цитоплазмалары базофильді, лизосомаларға, фагосомалар мен пиноцитозды көпіршіктерге бай, митохондриялар, түйіршікті эндоплазмалық тор, Гольджи комплексі, гликоген қосындылары және липидтері баяу дамыған. Макрофагтар жасуша аралық затқа биологиялық активті заттар мен ферменттер секреттейді (Интерферон, лизоцим, пирогендер, протеазалар, қышқыл гидролазалар) осылар арқылы түрлі қорғаныс қызметтері жүзеге асады.
Борпылдақ дәнекер ұлпаларында – гистиоцит деп аталады.
ПЛАЗМОЦИТТЕР - гуморальдық иммунитетпен қамтамасыз етеді. Бұлар антиденешіктерді түзіп, антигендерді жоюшы жасушалар болып табыла-ды. Плазмоцит жасушалары көбінесе мына органдардың борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының кілегей қабығының меншікті қабатында кездеседі: Ішек, шарбы, түрлі бездердің (сүт, сілекей), лимфо түйіндерінде, көк бауырда, қызыл сүйек кемігінде.
Плазмоциттер В – лимфоциттерден дамиды, көлемдері 7-10 мкм аралығында, пішіндері домалақ немесе сопақ. Ядролары кішілеу болады, домалақ немесе сопақ және бір шетіне ығысып орналасады.
Цитоплазмаларында айқын абзофильді, түйіршікті эндоплазмалықтор жақсы дамыған, бұлар антиденешіктерді синтездейді: Ядро маңайының жұқа аймағы ашық түске ие, центриолилер мен Гольджи комплексі байқалады.
ҰЛПАЛЫҚ БАЗОФИЛДЕР (ЛАБРОЦИТТЕР)
Лаброциттердің цитоплазмаларында арнайы түйіршектер бар. Лаброцит-тер дәнекер ұлпаларындағы жергілікті гемеотозды реттейді, қанның ұюын төмендетеді, қабыну процестерін, иммуногенезге қатысады. Адамдарда ұлпалық базофильдер дәнекер ұлпаларын орналасқан барлық жерлерінде кез-деседі. Көбінесе мына органдарда байқалады: ас қорыту органдарының қабырғаларында, жатырда, сүт бездерінде, тимусте, қалқанша және бадамша бездерінде. Одан басқа микроқанайналым тамырларының аймағына топ құрып орналасады (Капиллярлар, артериялар, венулалар және ұсақ лимфа – тамыр-ларының қасында). Ұлпалық базофилдер әртүрлі пішінге ие, домалақ,сопақ, дұрыс емес пішінді, қысқа және енді өсінділері болады, осы арқылы амеба сияқты жылжиды. Ұлпалық базофилдің ені 4-14 мкм, ұзындығы 22 мкм – ға жуық. Ядролары домалақ немесе сопақ, хроматині тығыз орналасқан. Цитоплазмаларындағы түйіршіктерінің көлемі мен саны әр түрлі. Түйір-шіктердің құрамы мен тығыздығы әртүрлі болады, диаметрлері 0,3-1,1 мкм жуық.
Түйіршіктердің аздау бір бөлігіне ортохроматинді боялу тән, себебі бұл азурофильді лизосомалардың бар болуына байланысты. Түйіршіктернің көбісіне метехромазия тән, себебі құрамында гепарин, хондроитин – сульфат қышқылы
(«А» және «С» түрлері), гиалурон қышқылы, гистамин, кейбіреулерінде серотонин болады. Түйіршіктері тор сияқты, пластинка, кристалдар немесе аралас пішінді құрылысқа ие. Органеллалар (митохондриялар, Гольджи комплексі, эндоплазмалық торлары) нашар дамыған, цитоплазмаларында түрлі ферметтер кездеседі (линаза, қышқыл және сілтілі фосфатаза, пероксидаза, цитохромоксидаза, АТФ – аза). Бірақ маркерлі фермент болып гистидиндекарбоксилаза саналады, бұл арқылы гистидин гистаминге айналады.
Дегрануляция процессінде гепарин қанның ұюын төмендетеді. Ал гистамин жасуша қабығы мен түйіршіктердің қабырғасын бұздырмай бөлініп шығып – антогонист ретінде қызмет атқарады, (мысалы гипарин жасушааралық затының өткізгіш қабілетін төмендетсе немесе қанның ұюын төмендетсе және қабыну процесін бәсеңдетсе, гистамин жоғарылатады).
Организмнің физиологиялық жағдайына айланысты ұлпалық базафиль-дердің саны өзгереді. Әйелдердің жүкті кезінде жатырда және сүт безінде ұлпалық базофильдердің саны көбейеді. Ал ас қорыту кезінде – асқазанда, ішекте және баырда көбейеді.
Ұлпалық базофильдерді қызыл сүйек кемігінің бағаналы жасушаларына дамиды деп есептейді.
Митоз жолымен көбейетіндігі өте сирек кездеседі.
АДИПОЦИТТЕР (МАЙ ЖАСУШАЛАРЫ)
Адипоциттер дөңгелек пішінді жасушалар, ядролары бір шетіне ығысқан, цитоплазмасында үлкен май тамшысы бар, орнаоидтары нашар дамыған және жасушаның шетінде көптеген пиноцитозды көпіршіктер кездеседі. Адипоциттер топ құрап қан тамырларының маңайына орналасады.
Өте көп жиналған май жасушаларынан, май ұлпасы құралады.
Адипоциттер май жинаушы қор болып табылады. Цитоплазмаларында үш глицерид майы тағы да басқа липиттер, холестирин, фосфолипид, еркін май қышқылдары жиналған.
Осы майлар лиолитикалық гормондар (адреналин, инсулин) және ұлпалық липолитикалық фермент (липаза) арқылы ыдыратылады, нәтижесінде үш глицерид-глицерин мен майлы қышқылдарға бөлінеді және жылу мен су бөлініп шығады. Бөлінген қоректік заттар қандағы альбуминдермен байланысып ұлпаларға тасымалданады.
ПИГМЕНТОЦИТТЕР. Бұл жасушалардың цитоплазмаларында мела-нин цигменті бар. Пигментоциттердің (меланоциттер)қысқа тұрақсыз пішінді өсінділері болады. Бұлар нерв жотасынан дамиды.
АДВЕНТИЦИАЛЬДЫ ЖАСУШАЛАР.Қан тамырларын күзетіп орналасатын аз маманданған жасушалар. Пішіндері сопақтау немесе ұршық тәрізді болады, цитоплазмаларында ядролары сопақ, органеллалары нашар дамыған және әлсізбазофильді боялған. Дифференциялану сатысында бұл жасушалар фибробластарға, минофибробластарға және адипоциттерге айнала алады. Көптеген авторлар адвентициальды жасушаларды фиброблас қатарының аз маманданған жасушалары деп санайды.
ПЕРИЦИТТЕР. Қан капиллярларының ортаңғы бөлімінде кездеседі. Қызметі – капиллярлардың қуысын жиырып тарылту.
ЖАСУШААРАЛЫҚ ЗАТ
Дәнекер ұлпасының жасушааралық заты коллаген, эластин, ретикулярлы талшықтардан және негізгі заттан тұрады. Ересек адамдар мен ұрықтың жасушааралық заты, бір жағынан дәнекер ұлпасының жасушаларының секрет түзіп шығуынан, екінші жағынан жасушааралық кеңестікке қан плазмасының өтуінен пайда болады. Жасушааралық зат өмір бойы жаңаланып тұрады.
КОЛЛАГЕН ТАЛШЫҚТАРЫ. Түрлі дәнекер ұлпаларының құрамына кіріп олардың беріктік-мықтылығын көрсетеді. Болбыр қалыптаспаған талшықты дәнекер ұлпасында коллаген талшықтары әр түрлі бағытта орналасқан.
Коллаген талшығының ішкі құрылымы фибриллярлы белокколлагенннен тұрады, оны фибробласт жаушаларындағы түйіршікті эндоплазмалық тор – рибосомалары синтездейді.
Коллагендерді 12 түрі анықталған, айырмашылықтары молекулярлық, деңгейі мен органдық және ұлпалық жатқызылуына байланысты. І типтегі коллаген кездеседі – терінің дәнекер ұлпасында, сүйекте, көздің қасан қабығында, көздің белокты қабығында (скелера), артериялардың қабырғасын-да.
ІІ типтегі коллаген кездеседі – гиалинді және фиброзды шеміршекте, көздің шыны тәрізді денесінде.
ІІІ типтегі коллаген кездеседі – ұрық денесінде, ірі қан тамырлар қабыр-ғасында, ретикулярлы талшықтарда.
IV типтегі коллаген – базальді мембраналарда, көз бұршағының капсула-сында.
V типтегі коллаген – фибробласт жасушаларының аймағында және эндо –телиальді жасушалар мен жазық миоциттердің маңайында экзоцитоскелет сияқты орналасады.
Коллагендердің 6-12 типтері толық зерттелмеген.
Коллаген молекулаларының ұзындығы – 280 нм, ені – 1,4 нм. Бұлар үш полипептидті проколлаген тізбегін құрайды (d- тізбектері) немесе триплет деп аталады.
Әрбір проколлаген тізбегі үш түрлі амин қышқылдарынан түзілген.
Біріншісі – кез- келген амин қышқылы болады, екіншісі – пролин немесе лизин, үшіншісі – глицин тізбектеледі.
Бірнеше минуттың ішінде пролин мен лизин тотығып гидрооксипролин мен гидрооксилизинге айналады да жетілген коллагеннің маркерлі аминқыш-қылы болып есептелінеді. Ал проколлаген жасушааралық затқа секреттелінеді.
Бұл коллаген талшығының қалыптасуын – бірінші молекулярлық деңгей деп санайды.
Екінші, жоғары молекулярлық немесе жасушасыз деңгейінің қалыпта-суында, біркелкі коллаген молекулаларының ұзындықтары сутегімен көлденең байланысып протофибрильдер түзеді, ал 5-6 протофибрильдер бүйір жақтары-мен байланысып, қалыңдығы – 10 нм жуық микрофибриллаларды құрайды.
Үшінші – фибриллалардың қалыптасу деңгейі, фибробласттар гликозаминогликандар мен гликопротеиндерді секреттеп фибриллалар шоғыр-ларын түзеді.
Бұл құрылыстардың қалыңдығы 50-100 нм, көлденең жолақты сызығы бар (ашық және күңгірт түсті).
Бұл жолақшалар әрбір – 64 нм тең аралықтан кейін ретті түрде қайталанып тұрады.
Төртінші – талшықтардың қалыптасу деңгейі. Қалыңдығы 1-10 мкм тең коллаген талшығының құрамына бірнеше фибриллалардан – бірнеше ондаған фибриллалар кіреді.
Талшықтар жинақталып қалыңдықтары – 150 мкм жуық шоғырлар құрайды. Коллаген талшықтарына аз созылу мен беріктік қасиеттері тән.
РЕТИКУЛЯРЛЫ ТАЛШЫҚТАР. Коллаген талшықтарына жатады, себебі құрамында ІІІ типтегі коллаген белогі болады және көптеген көмір сулары бар.
Қан жасаушы органдардың ретикулярлы жасушалары буларды синтез-деп, ретикулярлық торды құрады.
ЭЛАСТИКАЛЫҚ ТАЛШЫҚТАР
Эластин талшықтарына созылғыш және бұрынғы қалпына қайта келу қасиеттеріне тән.Қалыңдығы бойынша коллаген талшықтарынан жіңішке.
Бірінші – молекулярлық қалыптасу деңгейінде, фибробласттарэластин белогын синтездейді. Коллагенмен салыстырғанда, эластин белогінде гидроокси – лизин мен гидрооксипролин аз мөлшерде, ал пролин мен глицин көп мөлшерде кездеседі және эластинде цистин болмайды, бірақ амин қыщқылының екі туындысы бар десмозин және изодеемозин эластинге созылу және қайта қалпына оралу қасиетін береді.
Екінші – жоғары молекулярлық деңгейде. Эластин молекулаларының диаметрлері – 2,8 нм, жасушадан тыс орналасып тізбектерге байланысады, сөйтіп қалыңдығы 3-3,5 нм тең эластин протофибриллалары тізбегін құрайды.
Үшінші фибриллярлы деңгейде.
Эластиндық филаменттер гликопротеинмен қоршалып – микрофибриллалар құрайды, бұлардың қалыңдықтары – 8-10 нм.
Төртінші талшықты деңгейде.
Аморф затының көптігіне байланысты эластин талшықтарын жетілген деп санайды.
Эластин талшықтарында көлденең жолақты сызықтар болмайды.
Жетілген эластин талшықтарынан басқа элаулин және окситалан талшық – тары кездеседі.
Элаунин талшықтарында микрофибрильдер мен аморф компоненттері тең мөлшерде, ал окситалан талшықтары микрофибрильдерден ғана құралған. Электрондық микроскоптың зерттеуі бойынша, эластин талшықтарының ортасында – аморфты компонент орналасқан, ал шеткі аймағында – микрофибриллалар.
ЖАСУШААРАЛЫҚ ЗАТЫНЫҢ АМОРФТЫ КОМПОНЕНТІ
Дәнекер ұлпасының жасушалары мен талшықтары аморфьы компонент-те немесе негізгі заттың құрамына кіріп орналасады.
Негізгі заттың қалыптасуында фибробласттар басты қызмет атқарады. Негізгі зат көптеген қызметтердің орындалуына қатысады: қан мен жасушылардың арасындағы метаболиттерді тасымалдауға, механикалық, тіректік және қорғаныс.
Негізгі заттың құрамына кіреді: сульфатталған гликозаминогликандар, хондроитинсульфаттар, дерматансульфат, кератинсульфат, гепаринсульфат, т.б. булар белоктармен байланысып протеогликандар мен гиалурон қышқылын түзеді. Негізгі заттың құрамына аталынып кеткен компонеттерден басқа да заттар кіреді: липидтер, қандағы альбуминдер мен глобулиндер, минеральдық заттар (нарий, кальций, кальций тұздары).
Жасушаааралық затының аморфты компонетті қатысады: су мета-болизміне, жасушалардың жабысуына, жасушалармен талшықтардың байла-нысуына, иондардың құрамын реттеуге.
Дәнекер ұлпасының қызметі жасушааралық затының құрамына бай-ланысты. Егер жасушааралық заты тығыз болса, механикалық және трек қыз-меттері жақсы орындалады.
Аморф компонетінің құрамындағы протеогликандар арқылы, жасуша-аралық зат қоймалжың түрде трофикалық қызметін жақсы атқарады (қан тамырларын қоршап жататын интерстициальды дәнекер ұлпасы).
Жасушааралық затының аморфты компонентінің өткізгіш қабілетінің жоғарылауына эндогендік және экзогендік гистамин мен гиалуронидазаның әсері қажет.
Егер гликозамонгликандардың деңгейі жоғарыласа, ал гиалуронидазаның белсенділігі төмендесе, онда жасушааралық затының өткізу қабілеттері төмендейді.
ТЫҒЫЗ ТАЛШЫҚТЫ ДӘНЕКЕР ҰЛПАСЫ
Тығыз талшықты дәнекер ұлпасы тығыз орналасқан талшықтарға бай, ал жасушалар мен жасушааралық заты аз дамыған.
Талшықтарының орналасуына байланысты екі түрге бөлінеді: тығыз қалыптасқан және тығыз қалыптаспаған.
Тығыс қалыптаспаған талшықты дәнекер ұлпасында, талшықтары әртүрлі бағытталып тәртіпсіз түрде орналасқан.
Тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер ұлпасында, талшықтары біркелкі қатарласып тәртіпті түрде орналасқан. Қалыптасқан талшықты дәнекер ұлпасы кездеседі: сіңірде, жалғауларда, фиброзды мембраналарда. Сіңір – құрамына қалың, тығыз орналасқан коллаген талшықтарының шоғырлары кіреді, бұл шоғырлардың арасына фиброциттер, аздаған фибробласттар мен негізгі аморфты зат орналасады.
Фиброциттердің өсінділері талшық шоғырларының арасына кіріп тығыз жанасады. Сіңір шоғырларындағы фиброциттерді – сіңір жасушалары (фендиноцит) деп атайды. Әрбір коллаген талшықтарының шоғырларын, фиброциттер қабаты арқылы көрші шоғырдан ажыралып тұруын – бірінші дәрежедегі шоғыр деп атайды.
Бірінші дәрежедегі шоғырлар жұқа дәнекер ұлпалы қабықпен қоршалынып – екінші дәрежедегі шоғырларды құрайды.
Мұндағы жұқа дәнекер ұлпалы қабықты – эндотенонии деп атайды. Екінші дәрежедегі шоғырлар қосылып ушінші дәрежедегі шоғырларды құрайды, бұларды қоршаушы қалың дәнекер ұлпалы қабықты – перитенонии дейді.
Кейбір кездерде сіңірдің өзі үшінші дәрежедегі шоғыр болып табылады. Эндотенонии мен перитенонийде қан тамырлары өтеді, және нерв ұштары аяқтайды, бұлар орталық нерв жүйесіне сіңірдің созылу қабілетінің шамасы мен серпімділігін жеткізіп тұрады. Тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер ұлпасына жалғауларда жатады. Эластин талшықтарынан құралған шоғырлар бір – бірінен толық ажыралынбайды.
Фиброзды мембраналар. Тығыз талшықтыдәнекер ұлпасының бұл түріне жатады: фасциялар, апонеброздар, диафрагманың сіңірлері, кейбір органдардың капсулалары, ми қабығы, шеміршек үсті қабығы, сүйек үсті қабы-ғы, көздің белокты қабығы және аналық безімен аталық бездеріндегі белокты қабықтар.
Фиброзды мембраналар әзер созылатын өте қатты құрылыс болып келеді, себебі коллаген талшықтарынан құралған шоғырлар және араларында орналасқан фибробласт, фиброцит жасушалары біркелкі орналасып бірнеше қабат құрайды. Әрбір қабаттағы коллагенді талшықтар шоғырлары бір – біріне параллельді түрде және бір бағытта орналасып басқа қабаттың шоғырларымен және бағытымен сай келмейді. Талшықтардың бөліктенген шоғырлары ғана бір қабаттан екінші қабатқа өтіп, бір-бірімен байланыстыра алады. Фиброзды мембраналарда коллагенді талшықтар шоғырларынан басқа эластинді талшықтарда бар.
АРНАУЛЫ ҚАСИЕТКЕ ИЕ ДӘНЕКЕР ҰЛПАЛАРЫ
Бұл ұлпаларға жатады: ретикулярля, май, кілегейлі және пигментті дәнекер ұлпалары.
Бұл ұлпалардың осылай аталулары, құрамында арнаулы жасушасының басымды болуына байланысты.
РЕТИКУЛЯРЛЫ ҰЛПА
Торлы құрылысқа ие, ретикулярлы жасушалар мен ретикулярлы талшықтардан құралған дәнекер ұлпасының бір түрі.
Ретикулярлы ұлпа қан жасаушы органдардың стромасын құрайды және қан жасушаларының дамуына микроорта болып табылады.
Құрамында түрлі жасушалар кездеседі; ретикулярлық фибробласттар сияқты жасушалар, моноциттан дамыған фагоцитоздаушы жасушалар және аз маманданған жасушалар.
Ретикулярлы талшықтар, ретикулярлы жасушалардың туындылары болып келеді. Күміс тұздарына көктегенде, анық көрініске ие болады, сондықтан аргирофильді деп аталады. Ретикулярлы талшықтар химиялық құрамы бойынша коллаген талшықтарына жақын, бірақ айырмашылықтары да бар, жіңішкелеу, өте тармақталған және аностомоздар құрайды. Аргирофильді талшықтар тобы екі түрлі талшықтардан құралған:
1. Меншікті ретикулярлы талшықтар, жетіліп дамыған, құрамына ІІІ типті коллаген кіреді.
2. Преколлаген талшықтары – эмбриогенез бен регенерация кездеріндегі коллаген талшықтарының даму барысындағы алғашқы бастамасы болып табылады.
Коллаген талшықтарымен салыстырғанда ретикулярлы талшықтарда күкірт, көмірсулар және липидтер өте көп.
Ретикулярлы талшықтар созылу қабілеттеріне байланысты, коллаген және эластин талшықтарының арасында аралық орынға ие.
МАЙ ҰЛПАСЫ
Май ұлпасы көптеген органдарда кездеседі, әрі май жасушаларының жиынтығынан құралады. Май ұлпасы –ақ май және қоңыр май деп бөлінеді.
Ақ май адам организмінде көп таралған, ал қоңыр май нәрестелерде ғана кездеседі.
Ақ май ұлпасы адамдарда тері астында орналасады және құйрықта, сандарда, құрсақтың ішкі пердесінде, шажырқайда, шарбыда. Болбыр талшықты дәнекер ұлпаларының жұқа қабықтар май ұлпасын түрлі бөлшектерге бөледі.
Бөлік ішіндегі май жасушалары бір-біріне тығыз орналасады. Бұлардың араларындағы жіңішке кеңістіктерде фиброобласттар, лимфоидты элементтер, ұлпалық базофильдер орналасады. Май жасушаларының араларынан түрлі бағытта жіңішке коллаген талшықтары өтеді.
Болбыр талшықты дәнекер ұлпасының дәнекер ұлпасының жұқа қабығында қан және лимфа-капиллярлары орналасып май жасушаларының топтарын немесе май ұлпаларының бөлшегін қоршап алады. Май ұлпаларында майлы қышқылдар мен көмірсулардың алмасу процесі белсенді түрде өтеді.
Майлар ыдыраған кезінде су мен жылу бөлінеді. Аштыққа ұшыраған кезде тері астындағы мен бүйрек маңындағы май ұлпалары, шарбы мен шажырқай май жиынтықтарын тез жоғалтады. Жасушалардың ішіндегі май тамшылары майдаланып, май жасушалары жұлдызша немесе ұршық тәрізді пішінге айналады.
Кейбір ұлпалар ұзақ уақыт аштыққа ұшыраса да, майларын жоғалтпайды (мысалы: көз орбитасының аймағы, алақан және табан).
Қоңыр май ұлпасы. Адамдарда – нәрестелерде ғана кездеседі, және кейбір жануарлардың мойнында, төс сүйегінің астында жауырын мен омыртқаның маңында, тері астында және бұлшық еттер арасында.
Май жасушаларын қан капиллярлы толық орап алған. Бұл жасушалар жылыны түзу процесіне қатысады.
Қоңыр май ұлпаларындағы адипоциттерінің цитоплазмаларында көптеген ұсақ май қосындылары болады.
Ақ май жасушаларымен салыстырғанда, қоңыр май жасушаларында митохондриялар өте көп мөлшерде орналасқан.
Митохондриялардың – цитохром деген пигменттері май жасушаларына қоңыр түсті береді.
Аштыққа ұшыраған кезде қоңыр май ұлпасы ақ майға қарағанда аз өзгереді.
КІЛЕГЕЙЛІ ҰЛПА
Кілегейлі дәнекер ұлпа ұрықта ғана кездеседі. Негізгі зерттеу объектісі болып, адам баласының кіндік бауы табылады.
Жасушалық элементі болып мукоцит табылады, ол фибробласт сияқты жасуша. Жасушалар арасында гиалурон қышқылы көп мөлшерде кездеседі. Ұрықтың соңғы даму сатысында сирек орналасқан коллагенді фибриллилалар пайда болады, бұлардың саны ұрықтың жетілуіне байланысты көбейіп жатады.
ПИГМЕНТТІ ҰЛПА
Пигментті дәнекер ұлпа көптеген пигментті жасушалардан меланоциттерден құралған.
СҮЛДЕ ҰЛПАЛАРЫ
Сүлде ұлпаларына шеміршек және сүйек ұлпалары жатады, бұлар механикалық, тірек, қорғаныс қызметтерін орындайды және су мен тұздың алмасуына қатысады.
Та º ырыпты тере» о º у ¹ а арнал ¹ ан ¸ дебиеттер:
1. Гистология оºулы¹ы. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина.
2. Гистология, цитология ж¸не эмбриологиядан лабороториялыº сабаºтар¹а арнал¹ан практикум. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина.
3. Гистология, цитология ж¸не эмбриология атласы. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н., Горячкина В.Л.
4. Гистология. Юрина Н.А., Радостина А.И. М.Медицина, 1995.
5. Гистология. М. Рысулы, Омаров.
6. Гистология, цитология ж¸не эмбриологиядан лабороториялыº сабаºтар¹а арнал¹ан практикум. М. Рысулы, Омаров.
7. Лекциялыº материал.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
ГИСТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КУРСЫ
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 3802 | Нарушение авторских прав
|