АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Нейрондар
Нейрондар немесе нейроциттер, нерв жүйесінің түрлі бөлімдеріндегі атқаратын қызметтері мен морфологиялық қасиеттеріне байланысты бір–бірінен ажыратылады. Атқаратын қызметтеріне байланысты нейрондар мына түрлерге бөлінеді: рецепторлық (сезімтал немесе афференттік), ассоциативтік және эффекторлық (эфференттік). Сезімтал нерв жасушалары түрлі ішкі және сыртқы ортадан келген әсерлерді қабылдап, нерв импульсын түзеді. Ассоциативтік (қондырмалы) нерв жасушалары түрлі нейрондарды байланыстырады. Эффекторлық нейрондар жұмысшы органдардың тіндеріне қоздыру импульсін жеткізіп олардың қызметтерін орындатқызады. Нейроциттердің мөлшерлері әркелкі болып келеді, мысалы мишықтың дәнді қабатындағы жасушаларының мөлшері 4-6 мкм–ге жуық, ал мидың үлкен ми сыңар шарының қыртысты затының пирамида тәрізді жасушаларының мөлшері 130 мкм дейін жетеді. Нерв жүйесінің әр бөлімінде нейроциттердің денесі әртүрлі (дөңгелек, сопақша, алмұрт сияқты, пирамида тәрізді). Бірақ барлықтарына өсінділерінің бар болуы тән. Бұл өсінділер арқылы адам денесін бір бөлігінен екінші бөлігіне нерв импульстері өткізіледі, сондықтан ұзындықтары бірнеше мкм–ден 1 – 1,5 метрге дейін жетеді. Нейрондардың өсінділері атқаратын қызметтеріне байланысты екі түрге бөлінеді: бірінші түрдегі өсінділер нерв импульсін нейрон денесінен алып барады, сондықтан аксон немесе нейрит деп аталады. Нейриттің соңғы үші басқа нейронға немесе жұмысшы органдардың тіндерінде аяқтайды (бұлшық еттерде, бездерде). Өсінділердің екінші түрін дендриттер деп атайды, бұлар ағаштың бұтағы секілді тармақталады. Дендриттердің саны, ұзындығы, тармақталуы нейроциттердің арнайы түрлеріне байланысты. Жұлындағы қозғаушы нейрондардың дендриттері қысқа және аз тармақталған. Мишықтың қыртысты затындағы алмұрт тәрізді жасушаларының дендриттері көп тармақталған, сондықтан тал бұтақтары сияқты көрініске ие. Бас миының қыртысты затындағы пирамида жасушаларының апикальді ұшынан және бүйір жандарынан шыққан дендриттері арнайы көрініске ие. Мишықтың қыртысты затындағы дән сияқты жасушаларының дендриттері өте қысқа және соңғы ұштары бірнеше қысқа тармақтармен аяқталады. Дендриттер соңғы нерв импульсін нейрон денесіне өткізеді. Нейрондар өсінділерінің санына байланысты 3- топқа бөлінеді; униполярлы бір өсіндісі бар жасушалар, биполярлы екі өсіндісі бар жасушалар, мультиполярлы үшеу немесе көп өсінділері бар жасушалар. Мультиполярлы жасушалар адам мен жануарларда көп таралған. Нейронның өсінділерінің біреуі нейрит, ал қалғандары дендриттер болады. Биполярлы жасушалар екі өсіндіден тұрады, нейрит және дендрит. Шын биполярлы жасушалар адам денесінде өте сирек кездеседі. Бұларға жатады: көздің торлы қабығының сезімтал жасушалары, ішкі құлақтағы спиральді ганглиінің жасушалары және т.б. Бірақ құрылыстары бойынша биполярлы жасушаларға афференттік үлкен топ құрайтын краниальді және спинальді нерв түйіндерінің псевдоуниполярлы нейрондарын жатқызады. Псевдоуниполярлы немесе жалған упиполярлы деп аталуына нейрондардың нейриті мен дендриті денесінен шыққан жалпы өсіндіден басталып Т секілді екі тармаққа бөлінеді, мұның бірі шеткі органға ал екіншісі орталыққа бағытталған. Мұндай жасушалардың алғашқы даму кезінде екі өсінді қалыптасып шығады, кейіннен олар бірігіп өсіп шығады. Шын униполярлы жасушаларда нейрит деген өсінді ғана бар және адам денесінде кездеспейді. Униполярлық пішін тек нейробласттарға ғана тән.
Нейрон ядросы. Көбінше адам нейрондарында бір ғана ядро болады, ол ортада кейде шеткеректе орналасады. Екі ядролы немесе көп ядролы нейрондар өте сирек кездеседі. Оларға вегетативтік нерв жүйесінің кейбір ганглийлерінің нейрондары жатады, мысалы, қуық асты безі, жатыр мойнындағы нейрондардың құрамында 15- ке жуық ядролары болады. Нейрон ядросының пішіні домалақ, ядросының ішінде бір немесе 2-3 ядрошығы болады.
Нейрон цитоплазмасы. Нейрондардың белсенді түрде қызмет атқарылуына байланысты, нейриттері арнайы плазмолеммаға ие, ал цитоплазмалары органелларға толған. Нейроциттердің цитоплазмаларында белгілі барлық органоидтармен (эндоплазмалық тор, рибосомалар, митохондриялар, Гольджи комплексі, жасуша орталығы лизосомалар) бірге, арнаулы органиодтары (нейтротубула мен нейрофиламенттер) болады. Нейрондардың плазмолеммалары түрлі жасуша аралық цитолеммасына тән қызметтерден басқа қозу импульсін өткізілетін қабілетке ие. Нерв тінін анилин бояуларымен бояғанда (тионин, толуидин көгімен, крезил күлгі н т.б.) нейрондардың цитоплазмаларында базофильді таңба сияқты немесе түрлі пішіндердегі және мөлшердегі түйіршіктер анықталған, мұны хроматофильді зат деп атаған. Базофильді таңбалар нейрондардың перикарион мен дендриттерінде ғана орналасады. Базофильді таңба рибонуклеопротеидтерге бай. Электронды микроскоппен қарағанда, бұл жерге цитоплазмадағы түйіршікті эндоплазмалық тордың бір-біріне параллельді орналасқан жиынтығы сәйкес келеді екендігі анықталған. Бірақ цистерналардың бағытталуы түрлі нейтрондарда біркелкі емес, олар жұлын нерв жасушаларында реттеліп орналасқан. Жалпы айтқанда нерв жасушаларының қызметіне байланысты эндоплазмалық тор жылжымалы құрылыс болып келеді, мысалы жұлынның моторлы жасушаларындағы хромотофильді заттары дұрыс емес бұрышты пішініне ие, ядро маңайына тығыз орналасқан. Жасуша денесінің шеті мен дендриттерінде олар көбінесе ұсақтау біраз созылыңқы және сирек жатады. Спиналдық ганглийлерінің сезімтал нейрондарныда хроматофильді зат шаң сияқты ұсақ түйіршіктер көрінісіне ие. Вегетативтік нерв жүйесінің көптеген түйіндерінде хроматофильді заттары ұсақ дәндер сияқты цитоплазмаларында біркелкі орналаспай тор құрап жатады (жоғары мойын түйіні). Басқа түйіндерде хроматофильді зат дөрекі таңбалардан құрылып бүкіл жасушаның денесі мен дендриттерін толтырып жатады. Нейрондарда түйіршікті эндоплазмалық тордың көптігі белок синтезінің өте қарқынды жүретінінің куәсі, бұл перикариондармен өсінділеріне өте қажетті. Аксондарда белок синтездейтін органеллалар болмайды, сондықтан тәулігіне 1–3 нм жылдамдықпен цитоплазма сұйықтығы перикарионнан терминалдарына қарай ағады. Бұл жай ағын кезінде белоктар, көбінесе ферменттер тасымалданады, олар аксон ұштарындағы медиаторлардың синтезіне қажетті заттар. Бұдан басқа жылдам ағын бар екенін, ол сағатына 5–10 нм жылдамдықпен синапс қызметін атқаруға қажетті компаненттерді тасымалдайды. Осылардан басқа белоктар ағыны кездеседі, мысалы ацетилхолинэстераза ферменті ацетилхолин медиаторын бұзып, дендрит ұштарына бағытталған. Бұл дендириттік тасымалдау сағатына 3 мм жылдамдықпен өтеді. Осы жасуша денесінен аксон және дендриттердің соңғы ұштарына заттардың тасымалдайтын ағындардан басқа кері қарай ағатын ағын байқалады, бұл ағын арқылы цитоплазманың бірқатар компоненттері жасушаның соңғы ұштарынан денесіне қарай қайтып оралады. Нейроциттердің өсінділеріне заттардың тасымалдануына эндоплазмалық тор мембраналары көпіршіктер мен түйіршіктер, микротүтікшелер мен жасуша қаңқасының актино-миозин жүйесі қатысады. Жарық микроскоппен қарағанда Гольджи комплексі нерв жасушаларында түрлі пішіндегі сақиналар ретінде, ирелеңдеген жіпшелер, дәндер сияқты көрінеді. Гольджи комплексінің ультрақұрылысы кәдімгідей, көбінше жасуша орталығы аксон жақтан орналасады. Митохондриялар нейрон денесінде қалай орналасса барлық өсінділерінде сондай орналасады. Синапс аймағындағы нейроциттердің соңғы ұштарының цитоплазмалары митохондрияларға өте бай. Нейроциттердің митохондрияларының кристалары нашар дамыған, сондықтан ұзына бойы бағытталынады.
Нейрофибрильдер. Күміс тұзы сіңген нерв тіні нейроциттерінің цитоплазмасында нейрофибрильдер табылған, олар жасуша денесінде тығыз тор құрап жатады және дендриттер мен нейриттердің құрамында, тіпті соңғы ұштарындағы тармақтарына дейін параллельді бағытталып кіреді. Электронды микроскоп арқылы зерттегенде, нейрофибрильдерге диаметрі 6-10 нм тең нейрофиламенттер шоғырлары мен диаметрі 20-30 нм тең нейротубулалар (нейротүтікшелер) сәйкес келеді, олар жасуша денесімен дендриттеріндегі хроматофильді заттардың арасында аксонға параллельді бағытталып орналасады.
Секреттеуші нейрондар. Барлық нейроциттер биологиялық активті заттарды, медиаторларды синтездеп секреттеу қабілетіне ие. Бірақ осы қызметті орындауға арнайы маманданған нейроциттер бар екен, оларды секреттеуші нейрондар деп атайды, мысалы бас миының гипоталамус аймағындағы нейросекреттеуші ядролардың жасушалары. Секреттеуші нейтрондар мөлшерлері бойынша ірі болып келеді және бір қатар арнайы қасиеттер тән, көбінесе хроматофильді заттары жасуша денесінің шетінде орналасқан. Нейрондардың цитоплазмасы мен аксондарындағы нейросекреттерде түрлі көлемдегі түйіршіктер болады, олардың құрамына белок, кейбір липидтер пен полиқанттар кіреді. Нейросекреттің түйіршіктері қанға немесе ми сұйықтығына құйылады. Көптеген секреттеуші нейтрондардың ядролары дұрыс емес пішінге ие, бұл олардың белсенді қызмет атқаратынын дәлелдейді. Нейросекреттер нерв және гуморалдық жүйелерінің байланысына қатысып, реттеу қызметін атқарады.
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 6306 | Нарушение авторских прав
|