Лекция №12
Тақырып: Қан түзу және иммунды қорғаныс органдары.
2005 ж
Лекцияның жоспары:
І Кіріспе.
1. Тақырыптың маңызы
2. Ағзалардың жалпы сипаттамасы
ІІ Негізгі бөлім
8. Жүйе ағзаларының дамуы
9. Жіктелуі
10. Қызметтері
11. Құрылысы
12. Қан мен қамтамасыз етілуі
13. Нервпен қамтамасыз етілуі
ІІІ Қорытынды бөлімі
37. Жас ерекшеліктері
38. Регенерациясы (қайта қалпына келуі)
Қан, лимфа және оларды жасайтын органдар қанның жасушалары қан жүйесін құрайды. Бұл жүйе ағзаның ішкі ортасының қалыпты тепе-теңдігін үнемі ұстайды. Кезкелген патологиялық жағдайлар осы қан жүйесіне өзінің белгілерін білдіреді, бұл медицинада ауруларды диагностикалауда маңызы зор.
ҚАН ЖАРАТЫЛУ ЖӘНЕ ИММУНДІ — ҚОРҒАНЫС АҒЗАЛАРЫ
Олардың негізгі қызметі: біріншіден қанның пішіні элементтерін жаратады; екіншіден, организмді сыртқы және ішкі антигендерден қорғайды, яғни иммунитетті қамтамасыз етеді. Көрсетілген қызметтеріне сәйкес қан жаратылу және иммунді — қорғаныс ағзалары деп аталады. Бұл жүйедегі ағзалар: орталық және перифериялық болып бөлінеді.
1. Орталық ағзалар: сүйектің қызыл кемігі мен бұқақ безінен (тимустен) құралады, одан басқа фабрация қалтасы (ішектің қабырғасындағы лимфа түйіндері, т. б.) жатады. Сүйектің қызыл кемігінде өзекті жасушалардан қанның пішінді элементтері (Т—лимфоциттерден басқа) дамиды. Демек, сүйектің қызыл кемігінде В—лимфоциттер құралады және дифференцияланады. Тимуста Т—лимфоциттер жетіледі.
2. Перифериялық (шеткі) қан жасалу ағзаларына: лимфа түйіндері, талақ, гемолимфатикалық түйіндері жатады, (асқорыту жүйесіндегі жеке орналасқан лимфоидты фолликулалар, олардың топтары. Пейер денешіктері, он екі бармақ өсіндісі—аппендикс, тыныс алу және зәр шығару жолдарындағы лимфоидты фолликулалар да жатады). Оларға келген Т—және В—лимфоциттер көбейіп, антигендермен байланысып мамандалады, яғни олар гуморалдық және иммундік кезеңдерде эффекторлық жасушаларға өзгереді.
Қан жасаушы ағзалардың қызметі бір-бірімен байланысты, оларда қанның пішінді элементтері және иммунді қорғаныс ағзаларының организмдегі гомеостазы сақталады. Қан жаратушы ағзалардың байланыстылық қызметі: гуморалды, нейралды және микроқоршаулы әсерлер арқылы орындалады.
Құрылыстары жағынан тимус стромасы—эпителиалды тоқымадан құралады, басқа ағзалар стромасын дәнекерлеуші тоқыманың арнаулы түрі ретикулярлық тоқыма құрайды. Стромалар—микроортаны қамтамасыз етуші жасушалардан (типті ретикулярлық, интердигитациялық және дендритті жасушалар, макрофагтар, ал, тимусте ретикулоэпителиалды жасушалар болады).
Сүйек кемігі қан жасайтын орталық ағза, оларда өздігінен сақталатын өзекті (бағаналы) жасушаларынан қанның миелоидты және лимфоидты жасушалары қатары өнеді.
ДАМУЫ. Адам эмбрионының 2-айлық мерзімінде сүйек кемігі ең алдымен бұғана сүйегінде, 3-айда жауырын, тегіс сүйектерде, қабырғада, төсте, омытқаларда, 4-айда аяқ пен қолдың жілік сүйектерінде даимды. 11 апта ішінде остеобласттардан дамыған сүйек кемігінде өзекті (бағаналы) жасушалары жиналады, мезенхима тоқымасынан микроорта құралады. 12-14 апталық мерзімде қан тамырлары дамып, олардың сыртындағы микроортада гемопоэтикалық жасушалары дамиды, 20-28 аптада адамның шақалақты батамасының сүйек тоқымасында остеокласттар сүйектің пластинка қоршауларын бұзып, жіліктің сүйек кемігі каналы құралады, одан эпифизге қарай сүйек кемігі өсе бастайды, көбінесе эритроциттер.
36 апталық шақалақта жіліктің диафизіндегі сүйек кемігінде май жасушалары кездеседі, эпифиздерде қан жасалатын орындар құралады.
ҚҰРЫЛЫСЫ. Ересек адамда сүйектің қызыл және сары түсті кемігі болады.
Сүйектің қызыл түсті кемігі сүйектің қан жасалатын бөлігі, ол жалпақ сүйектер кемігі мен жіліктердің эпифизіндегі кеміктерде орналасады, дененің жалпы салмағының 4-5% құрайды. Сүйектің қызыл түсті кемігі—қоймалжың, күңгірт-қызыл түсті зат, одан жұқа жағын дайындауға болады.
Сүйек тоқымасының ретикулды тоқымасында өте көп микроқоршаулы қан тамырлары өтеді, олардың арасында гемопоэтикалық жасушалар: өзекті (бағаналы), жартылай өзекті бласттар (алғашқы жасушалары), проэритробласттар, промиэлоциттер, пролимфоциттер, промоноциттер, мегакариоциттер және қанның жетілген жасушалары орналасады.
Жіліктің сүйек кемігі қуысының қабырғасындағы эндоста өзекті (бағаналы) жасушалар жиыны көп.
Гемопоэтикалық жасушалар аралшық түрінде топ-тобымен орналасады. Мысалы, дамыған эритробласттар макрофагтарды қоршайды, оларда жиналған темір қосындылары эритробласттарға өтіп гемоглобиннің гемді бөлігін құрайды. Жетілген эритроциттерді гликопротендтер қоршаған, олардың мөлшері келе-келе азаяды, дамыған эритроциттер артериолалар мен қан капиллярларына, синусты венулаларға өтеді. Синусоидты тамырлардың қабырғасы қасында эндотелиоциттердің саңылау түтіктері арқылы қан жасушалары мен плазмасы өтеді. Эндотелиоциттердің ішінде орналасқан макрофагтар кездеседі.
Гранулоцитопоэтикалық жасушалар аралшықтар құрайды, жетілмеген гранулоциттер қатарлары (топтары) протеогликандар мен қоршалған. Синусоидттарға жақын мегакариобласттар мен мегакариоциттер жатады, олардың цитоплазмасындағы өсінділер тамырдың қабырғасына, эндотелийдің тесігіне енеді, олардан үзіліп шыққан тромбоциттер қанға өтеді.
Қан жасушаларының аралшықтарының арасында миелоидты жасушалар қатары кездеседі—қан тамырларын лимфоциттер мен лимфоциттер тобы қоршайды.
Физиологиялық қалыпты жағдайда синусоидты тамырлар арқылы жетілген қан жасушалары өтеді. Қанға миелоциттер мен эритробласттар патологиялық жағдайда өтеді, оның себебі, әлі анықталмаған. Қанға өткен қан жасушалары микроқоршаулы жүйелерде (эритроциттер, тромбоциттер), өз қызметін атқара бастайды, ал лейкоциттер, қоршаған дәнекер тоқымада лимфоциттер шеткі лимфоидты ағзаларды білдіреді. Дәл айтсақ, В—лимфоциттер талақ пен лимфа түйінің тимус пен байланыс аймағына жылжып, мұнда иммунді заттар тасымалдайтын жасушаларға айналады немесе плазмоциттерге өтіп антителалар құрайды.
Сүйектің сары түсті кемігі ересек адамның жілік диафизінің қуысында жатады. Оның құрамында өте көп май жасушалары (адипоциттер) болады. Адипоциттерде пигмент—липохром жиналғандықтан сүйек диафизінің кемігі сары түсті, сондықтан сары түсті кемік деп аталады. Жай кезде сүйектің сары түсті кемігінің қызметі сезілмейді.
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 2022 | Нарушение авторских прав
|