Лекция №13
Тақырып: Эндокриндi жүйе.
2005 ж
Лекцияның жоспары:
І Кіріспе.
1. Тақырыптың маңызы
2. Ағзалардың жалпы сипаттамасы
ІІ Негізгі бөлім
14. Жүйе ағзаларының дамуы
15. Жіктелуі
16. Қызметтері
17. Құрылысы
18. Қан мен қамтамасыз етілуі
19. Нервпен қамтамасыз етілуі
ІІІ Қорытынды бөлімі
39. Жас ерекшеліктері
40. Регенерациясы (қайта қалпына келуі)
Организм функциялары нерв және эндокринді жүйе арқылы реттеліп тұрады. Эндокринді жүйе бұл реттеуші жүйенің эфференттік звеносы болып табылады және ішкі ортаны қалыпты жағдайда сақтайды. Бұл қызмет эндокринді жүйенің қанға бөлініп шығатын гормондары арқылы атқарылады. Бұл органдардың белсенділігінің өзгеруі олардың құрылысы өзгеруімен жүреді, сонымен қатар керісінше олардың құрылысының бұзылуы өндіретін гормондарының мөлшерін өзгертеді. Осы тақырыптан алынған білім студенттер үшін гормоналды реттеу бұзылуларын түсінуге қажет.
ЭНДОКРИНДІ БЕЗДЕР ЖҮЙЕСІ
Егер бездерді өндіріліетін секретті заттарды шығарушы ағындары болмаса, заттар тікелей қанға құйылса, мұндай құрылымдарды эндокринді жүйе деп атайды. Бұл жүйеге әртүрлі ағзалардағы жалқы (жеке) орналасқан хұжайралар да (безде болмайтын) жатады. Бездер мен жалқы хұжайраларда гормондар (hoчmon - әсер ету қоздыру) деп аталатын биологиялық активті заттар өндіріледі. Тоқыма және ағзалардағы әртүрлі хұжайралардың өмір кешуі, оларды қоршаған лимфа және қанмен келуші биологиялық активті зттар арқылы басқарылып, реттелді. Бұл құбылыс гумаралды жүйе арқылы басқарылу деп айтылады.
Нерв жүйесі арқылы организм ағзаларының басқарылуы, гуморалды басқарылуымен келісіп, бір-бірін толықтырады. Мыс., эндокринді бездердің жұмысын нерв жүйесі басқарады. Нерв жүйесі әртүрлі әсерлерді 2 (екі) жолмен: а) тікелей нерв импульстары арқылы немесе, б) эндокринді бездер арқылы басқаралды.
Эндокринді хұжайлар мен нерв жүйесі қызметтерінің байланыстылық себебін, мынадай етіп түсіндіруге болады. Гипоталамустағы секреторлық нейрондар нейроаминдері (нерв хұжайралары қызметі) және олигопептидті гормондары (эндокринді хұжайлар) өндіре алады. Сондай-ақ нерв жүйесінде эндокринді қызметке еге ағзалар (немесе ағза бөлімдері) құралады. Эндокринсіз(безі жоқ) ағзалар құрамында да (жеке) гормондар синтездеуші хұжайралар болады. Эндокринді гормондар табиғаты негізінен құрамындағы қосылыстарға байланысты: а) аминқышқылды (олигопептид, пептид, белок, т.б.) б) гликопротеидті; в) стероидты (холестеринді туындылары бар).
Гормондар әсері, олармен әрекеттесуші рецепторлар табиғатына байланысты. Мысалы, нерв және бұлшық ет тоқымаларында рецепторлармен әрекеттеуші адреналин гормоны эффекті кейбір ағзаларда бұлшық ет қысқаруына, ал екіншілерінде бұлшық ет тоқымасының босаңсуына соқтырады. Оның себебі, тері асты терминалды бөлігіндегі тегіс бұлшық ет хұжайраларының – рецепторлары адреналинмен әрекеттеседі (адамдарда осы әсер арқылы шошып кетіп бозару құбылысы өтеді). Өкпе бронхиолдары бұлшық етіндегі В – рецепторлардың адреналинмен әрекеттесуі арқылы бұлшық ет тоқымасы босаңсиды. Сондай-ақ адреналин табиғатына АМР – молекуласының қосылуы әсер етеді, соның үшін: гликогеннің глюкозаға өзгеруіне себепші болады. (Старленді). Кейбір гормондар, белок синтезіндегі гендер жүйесі активтілігіне де әсер етеді. Мысалы, қалқан безі гормондары (стероидты) липидтермен әрекеттескенде ериді, полазматикалық мембранадан өтеді. Цитоплазмада гормон, арнаулы белокты рецепторлармен байланысады, гормон-рецептор комплексі сатылы реакциялар арқылы ядроға енеді. (А. Хэм, Д. Корман).
Тироксин гормоны текке ғана қалқанша безде өндіріледі. Инсулин гормоны: ұйқы безінде, құлақ жаны безінде, бас мидың кейбір нейрондарында синтезделеді. Ағзаларда әрбір гормон өзіне сәйкес (арнаулы) рецепторларға еге болған хұжайраларға әсер етеді. Олар эффекторлы (мишенді-айқын) – хұжаралар деп аталады
Эндокринді жүйе төмендегіше жіктеледі:
І. Эндокринді жүйенің орталық ағзалалары: 1-Гипоталамус (нейросекреторлық ядро); 2- Гипофиз; 3 –Эпифиз.
ІІ. Эндокринді жүйенің перифириялық ағзалары: 1 – қалқанша безі; 2- қалқанша жаны безі; 3- бүйрек үсті безі: а) қыртысты зат бездері; б) милы зат бездері.
ІІІ. Эндокринді және эндокринсіз қызметтерін өтеуші ағзалар:1-ұйқы безі; 2-жыныс бездері; а) ұрық хұжайра өндіруші; б) жұмыртқа хұжайра өндіруші; 3- плацента (жолдас).
ІV. Жалқы (жеке) орналасқан эндокринді хұжайралар:
1-АРИД – жүйесінің эндокринді хұжайралары (нерв тоқымасы туындылары) – АБДЖС – аминқышқылдары бастамасын декарбоксилдеу және сіңіру 2- Жалқы (жеке) орналасқан, нерв тоқымасы туындысы болмаған хұжайралар.
Эндокринді жүйесінің орталық ағзалары.
Гипоталамус – эндокринді жүйенің ең жоғарғы орталығы. Ол организмнің барлық ішкі ағзаларының (висцералды) қызметін жинақтаушы және реттеуші, сондай-ақ нерв жүйесі мен эндокринді хұжайралар қызметтерін байланыстырушы болып саналады. Мұндай байланыстырушы материалдар гипоталамустағы нейросекреторлық хұжайралар болып сапалады.
Гипоталама – гипофизарлық жүйенің нейрогемалды ағзасы медиалды (аралық) төбешік – emino mediaJis саналады. Олар, эпендимиология хұжайраларынан құралған, бұл хұжайралардың кейбірі танициттерді (өсінділі) құрайды.
Гипоталмустың сұр заты бас миының 3-ші қарыншасы қуыстығының айналасында орналасады (цитоархитиктоникасы). Нерв хұжайралары сұр затта бөлек-бөлек топтар – гипотоламус ядроларын қүұрайды. Адам және сүт қоректілер гипоталамусында 32 ядро болады (құрамында нейросекреторлық хұжайралар бар). Әрбір нейросекторлық хұжайрада перикарион (денесі) және терминалды кеңістіктерді (нейросекрет ұштары) құраушы өсінділері болады (би және мультиполярлық хұжайралар). Оларда ірі холинергиялық (нептидті) нейросекреторлық хұжайралардан құралушы супраоптикалық ядролар болады (секретті гранула күйінде көрінеді). Гипоталмустың алдыңғы бөлімінде супраоптикалық ядролардан басқа паравентрулярлық ядрода орналасады. Екеуінде де аксондары гипоталамо-нейрогипофизді шоғырлар құрап, медиалды эминенсия (төбешік) пен гипофиз аяқшасы арқылы, гипофиздің соңғы бөліміне өтеді. Оларда өндірілетін нейрогормондар нейробазалды синапстар (терминалдың қалың бөлігі) арқылы қанға өтеді.
Супраоптикалық және паравентрикулярлық ядролардағы ірі нейросекторлық хұжайраларда белокты табиғатқа еге 2 (екі) түрлі нейрогормон: вазопрессии (немесе АДГ – антидиуретикалық гормон) және окситоцин синтезделеді. Адамда АДГ супраоптикалық ядрода, окситоцин паравентрикулярлық ядро хұжайраларында синтезделеді.
Паравентрикулярлық ядроның перифериялық (шеткі) бөлімдері ұсақ адренергиялық нейросекторлық хұжайралардан құралған, аксондары медиалды эминенцияға бағытталады.
Гипоталмустың орта бөлімінде (медиовазалды және тубералды) – ұсақ нейросекреторлық хұжайралар (пептидті адрененергиялық) – (аденогипофизотропты) нейрогормондар өндіреді, олардың қызметі арқылы гипоталамус аденогипофиздің гормон өндіру реакцияларын басқарады (реттейді).
Аденогипофизтропты нейрогормондар аз молекулалы олигопептидтер: а) либериндер – гипофиздің алдыңғы және орта бөлімі гормондарының өндірілуін күшейтеді; б) статиндер – аденогипофиз қызметін төмендетеді.
Гипоталамустың сұр заты төбешігіндегі – аркуатты немесе инфундибулярляқ ядролар, доға тәріздес гипофизді аяқшаны орайды.
Вентро – және дорсо –медиалды ядро нейрондары гипоталамустың латералды бөлімінің нерв хұжайралармен жанасып комиссуралды шоғырлар (қарама-қарсы бөлімінде орналасқан нерв хұжайраларымен жалғасушы) құрайды.
Либерин мен статиндер гипоталамустың аркуатты және вентромедиалды ядросында көп өндіріледі. Сондай-ақ: перивентрикулярлық ядроның хұжайралық бөлімінде ұсақ пептидті адренергиялық ядрода, перивентрикулярлық ядроның сұр затында, преоптикалық аймақта жане супрахиазмалық ядрода өндіріледі.
Гипоталамус ядроларының нейросекреторлық хұжайраларының, өсінділері туберинфундибулярлық шоғыр күйіндс медиалды эминенция (төбешік) ға бағытталады. Ол жерде алғашқы капиллярлар қорымен аксовазалды синапстар құрайды.
Көрсетілген ядроларда өндірілген нейросекторлық хұжайралар қанға өтеді және аденогипофиз қызметін басқарады (гуморалды). Гипофиздің арткы бөлімінде өндірілген гормондар гипоталамустың алдыңғы бөлімі ядролары хұжайраларының өнімі болып саналады.
Гипоталамустың артқы бөлімінде мамилярлық және премамилярлық ядролар болады. Адамда мамилярлық ядро жұп болып: латералды және медиалды бөлімдерден құралған. Гнпоталамустың орта және артқы бөлімдері арасында арқа гипоталамикалық ядро орналасады. олардың нейрондарының ірілері ядроға карай бағытталған шоғырға еге, бұл аймақ мамилоинфундибулярлык, ядро (аралық-ядро) деп аталады.
Гипоталамустың перифериялық эндокринді бездерге әсері —көрсетілген қызмет екі түрлі жолмен орындалады: 1. Гипоталамустың кейбір нейрогормондары гипофиз қызметін реттеу жолымен перифериялық эндокринді бездерге әсер етеді: а) либериндер қызметі арқылы гипофиз (алдынғы және орта бөлімі) хұжайраларының гормон өндіру кабілетін күшейтеді. Стимулданган (күшейген) хұжайралар гормон өндіреді, бұл гормондар перифериялық эндокринді бездер қызметін күшейтеді; б) статиндар— кызметі арқылы гипофиз хұжайраларының гормон өндіру қабілеті әлсірейді, олар өндірген гормондар перифериялық эндокринді бездер кызметін төмендетеді (әлсіретеді). Осындай әдіспен гипоталамустың гипофиз арқылы перифериялық эндокринді бездерге әсері-- трансаденогипофизарлық әсері (кызметі) деп аталады.
2. Гипоталамустың эфферентті импулстары симпатикалық және парасимпатикалық нервтер аркылы тікелей перифериялық бездерге әсер етеді (эффекторларына). Бұл қызметте гипофизге әсер етпейді, соның үшін бұл әдіс — парагипофизарлық деп аталады.
Перифериялық эндокринді бездер қызметі кезінде гормондар мөлшері қалыпты жағдайдан асьш кетсе, гипоталамус қызметіне әсері тиеді, нәтижеде гипоталамуста — либерин гормонын өндіру төмендейді, ал, оның керісінше, статинды өндіру күшейеді.
Гипоталамусқа бас миының жоғары дәрежедегі бөлімдері: лимфалық жүйе, миндалинді (бадамды) ядролар, гиппокамп және эпифиз әсер етеді. Мұндай әсерлер бас миындағы кейбір хұжайраларда өндіруші эндорфин және энкофолин гормондары арқылы орныдалады. Көрсетілген гормондар гипоталамустағы нейроаминдарға, серотанин, ацетолилхолин, катехоломин (дофамин және порадоеналин)дерге әсер етеді.
Гипофиз. Құрылысы, дамуы және қызметі. Гипофиз бас миы негізінің (табаны) астында орналаскан, олар гипофиздін аяқшалары аркылы жалғасқан. Гипофиз—«түрік егері»—сүйегінің үстінде орналасқандықтан жан-жақты мықты қорғанысқа еге (себебі, катты ми қабығымен коршалған).
Жас балаларда гипофиз саңлаулары: алдыңғы (төменгі және жоғарғы) және артқы (төменгі-жоғарғы) анық байқалады. Жас ұлғаюына байланысты саңлаулар орнын (жарыктар) фолликулалык қабаттар егелейді. Гипофиздің 4 (төрт) аймағы болады: 1. Басты аймақ— фолликуланыц алдыңғы жағында — гипофиздің алдыңғы бөлігі. 2. Осы аймактан шығушы —«төбешікті» бөлік - гнпофиздің алдыңғы және бүйір аякшаларын басып өтеді. 3. Аралық бөлім — фолликуланың артқы бөлімінде жіңішке көлемге еге. 4. Гнпофиздің қалган бөліктері - артқы бөлік деп аталады (нейрогипофил).
Дамуы. Ми негізінен (табаны) өсінді күйінде, гипофиздің арткы бөлімі дамиды, бездің қалған бөліктері эпителиалды және нейралды бөлімдерден бастама алады. Бас миы дамуының түтікше күйінде (эмбрионда) эктодермалды эпителийдің ауыз қуысымен жалғасатын жеріндегі бөртуден Ратка (гипофизарлық) калтасы құралады, одан соң эпителиалды қалташаға өзгереді (адиногипофизге - бастама құрайды). Бұл қалташаның бас миы бастаманың аралык көпіршігімен жанасуынан 3 ші қарынша түтігі құралады.
Гипофизарлық қалтаның алдыңғы қабырғасы кеңейіп, гипофиздің алдыңғы бөлігін құрайды, артқы кабырғасы аралық бөлігін құрайды. Алдыңғы және аралық бөлік ортасында жіңішке гипофизарлық қуыстық (қалта қалдығы) қалады. Адам эмбрионында алдыңғы және аралық бөлік қосылып кетеді (куыс жоқ). Түтікшенің (воронка) дисталды ұшының нейроглийлері — гипофиздің артқы бөлігін (нейрогипофизді) құрайды. Түтікшенің проксималды бөлігі жіңішкеріп, гипофизді гипоталамуспен жалғаушы гипофизарлык аяқшалар құрайды.
Гипофиздің алдыңғы бөлімі төмендегідей гормондарды өндіреді: 1) Өндіруге әсер етуші гормон — соматотропин гормоны (СТГ) деп аталады; 2) Лактогенді гормон (ЛТГ) немесе пролактинді (маммотропин) гормоны деп аталады; 3) тиреотропин гормоны (ТТГ); 4) Фолликулостимулдеуші - ФСГ (күшейтуші) іормоны; 5) лютениздеуші гормон—ЛГ, 6) Адреиокортикотропин гормоны АКТГ (кортнкотроп); 7) меланоцитстимулдеуші гормоны — МСГ
1. Өсуге әсер етуші — соматотропин гормоны (СТГ) — егер жас хайуанның гипофизін алып тастаса, оның өсуі тоқтайды, яғни қортық (карлик) күйінде калады. Мұндай жағдай ұзын сүйектердін эпифизді пластикаларының шеміршекті хұжайраларында анық байқалады. Қөрсетілген құбылыстарға гипофиздің алдыңғы бөлігі экстратысын (СТГ-сы бар) берсек, ол кезде организмнің өсуі байқалады, оның себебі: алғашқы да жас хұжайралар белінуі тоқтағандықтан жаңа хұжайралар пайда болмайтын еді. Тәжірибе арқылы гипофиздің алдыңғы бөлімі қосылуы кезінде СТГ хұжайралар бөлінуін калпына келтіріп, организмнің өсуіне ықпал етеді. Кейбір патологиялык жағдайларда (мыс. рак, т. б. науқастарда) (СТГ-ның мөлшері көп өндіріледі, соның үшін токымалар тез өсіп (хұжайра көп бөлінеді) ағзаларда ісік пайда болады. Қейбір жағдайларда СТГ гормоны мөлшері көп болуынан гигант организмдер дамиды, бұл құбылыс—гигантизм деп аталады. Кортық (карлик) организмдерде СТГ әсерінен, көбінесе қол-аяқ ұштары (саусақ-бармақ) өседі, олар акромегалды (ұштары ұлғаюы) құбылыс деп аталады. Организмнің өсуі үшін гипофизі алынған кезде, тәжірибеде СТГ косылып берілуі керек.
2. Лактогенді гормон (ЛТГ)—жас сәбидің өмірге келер шағында емшек сүтінің калыпты мөлшерде болуы үшін лактогенді (пролактинді гормоны гипофиздің алдыңғы бөлімінде (көп мөлшерде өндіріледі. жүктілік кезеңінде оның мөлшері аз болады (сүт безі ұлғаюына әсер етеді). ЛТГ — гормонын кристалдық күйінде Уайт —лабораториясында алынған. Зерттеулер нәтижесінде ЛТГ-ның аналық (кей кезде аталык — ер жыныстыларға да әсер етеді) жынысты организмге әсер етіп инстинкт құбылысын стимулдейтіні анықталған.
3. Тиреотропты гормон (ТТГ)—тропты гормондар тобына жатады (олар: АКТГ. ФСГ, ЛГ), олардың әрқайсысы қайсы безге әсер етуіне қарай олар үшін бездер мишенді (белгі—таңбалы болып саналады мьіс, қалқанша безі ТТГ — үшін миішенді (таңбалы), бүйрек үсті безі — ЛКТГ үтін, т. б. сол сияқты мишенді (таңбалы) бездер аталады.
Сондай-ақ бездерде өндірілген заттар мөлшеріне қарай гормондар күшін анықтауға болады, мысалы, қандағы Са - ионы мөлшерінің аз-көп болуы калқан жаны (қасы) безіне паратиреоидты гормондардың қандай концентрациясының әсер етуіне байланысты.
Соның үшін: иондар концентрациясы мөлшеріне қаарй, гормондар қызметін анықтау, кері қарай бағыттағы байланыс деп айтылады (олар оң және теріс мөлшерге еге болуы мүмкін), алғашқы түсініктегі гормон әсерінен бездер кызметі (мишенді болуы) анықталуы тура бағыттағы байланыс болып есептеледі.
Кері қарай бағыттағы байланыстың: он және теріс мөлшерде болуы гипоталамустың гипофиздің алдынғы бөлімін қандай жолмен әсер етуіне (стимулдеуші немесе ингибирлеуші күшіне) байланысты (Л. Хэм, Д. Кормак). Гипоталамустың нейросекторлық хұжайраларының (либибериндер мен статиндер) гипофиздің алдыңғы бөлімі қызметін стимулдесе (күшейтсе) он мөлшердегі кері карай бағыттағы байланыс — либириндер әсер етуі арқылы орындалады. Егер, гипофиздің алдыңғы бөлімі қызметі күшін төмендетсе — теріс мөлшердегі кері карай бағыттағы байланыс — статиндер әсср етуі арқылы орындалады. Меланоцитстимулдеуші гормон (МСГ) —меланин пигментінің өндірілуін стимулдейді.
Аденогипофиздің — алдыңғы бөлігі аралық бөлік және тубералды.
Алдыңғы бөлік — тармақталған эпителиалды тізбектер — тра-бекулалардан (таспа) құралған (қою тор тәрізді). Трабекулалар аралығы сирек талшықты дәнекер токымалардан және трабекулаларды қоршаушы синусоидты капиллярлармен толған. Әрбір трабекула (таспа) 2 (екі) түрлі тіпті безді хұжайралардан (аденоцит) кұралады: 1) хромофилді эндокриниттер—трабекула периферияларында орналасады, питоплазмасында секретті гранулалар (жақсы боялушы) болады; 2) хромофобты эндокриноциттер (аденоциттер) ----- трабекула ортасында орналасады тегаралары анык емес әлсіз боялады.
Хромофилді аденоциттер — базофилді және ацидофилді эндокриноциттерге бөлінеді. Азофильділердің секретті гранулалары негізді бояуларда реакцияласады және өздерінде гормондарды синтездеуге қатысатын гликопротеидті гранулалары болады. Базофильділер гипофиздің алдыңғы бөлігі аденоциттерінің 4-10% мөлшеріне тең, ірі хұжайралар, екі түрлі көріністе болады.: А) Гонадотропоциттер-гонатропты гормондар (ганадотропин) өндірілуі күшейгенде базасы шеткеріректе, орталығында сақиналы құрылысты молекула. (Гольджи комплексі қызметіне сәйкес) орналасқан. Гонатропиндер цитоплазмасында: ұсақ митохондриялары көп, ЭПТ-ры көпіршіктер күйінде. Кейбір хұжайралары – фолликулостимулдеуші гормон (фоллитропин) өндіреді, екінші түрлері – лютениздеуші гормон (лютропин) өндіреді.
Организмде жынысты гормондар мөлшері азайып кетсе фоллитропин гормоны мөлшері көбейді, жойылушы гонадотронациттер молекула жанында ірі вакуолдер құралады, цитоплазма сақина тәріздес жіңішкеріп, тығыздалған ядро шетте қалады- бұл құбылыс хұжайраның кастрациясы деп аталады.
Б) Базофилді хұжарайлардың екінші түрі – тиратропты эндокриноциттер – тиротропин гормонын өндіреді. Тиротропоциттер - пішінсіз (кейде бұрышты), ұсақ секретті гранулалары бар, альдегидті фуксинде күшті боялады, гликоротеин мөлшері аздау болады. Тиротропин гормоны қалқанша безге әсер етеді, мыс. иодотиропин гормонының мөлшері азайса, вакуольдері көп тироидэктомия тиротропоциттер құралады, олардың құрамында алдьдегидофуксинофильді гранулалар көбейеді (ірі вакуолдер), ЭПТ кеңейеді, цитоплазмасы ірі тор құрайды.
Хромофильді аденоциттердің 2-ші түрі ацедофильді эндокриноциттер - ірі, тығыз белокты түйіршіктері болады. Олар қышқылды бояуды қабылдайдыф Ацидофильділер гипофиздің алдыңғы бөліміндегі аденоциттердің 30-35% мөлшерін егелейді (өлшемдері кіші), пішіндері домалақ немесе сопақ болып келеді.Ядросы орталықты, митахондриясы аз, бірақ ірі болады түйіршікті ЭПТ күшті дамыған, онда белок синтезі жоғары активті жағдайда өтеді, ядроға жақын Гольджи комплексі орналасқан. Ацидофилділер сматотропоциттер және мамаммотропоциттер түрінде болады. Соматропты эндокриноциттер және маммотроциттер түрінде болады. Самотропты эндокриноциттер өсу гормоны – соматотропин гормонын, маммотропоциттер (пролактипоциттер) лактропты (пролактин) гормоны өндіреді. Соматроптылардың секретті түйіршіктері – шар пішіндес, дм-і 350-400 нм, ЭПТ әлсәз дамыған, Гольджи комплексі жанында қалыптасуыш секретті түйіршіктер орналасқан.
Маммотропоциттер (пролактиноциттер) - өндірілетін пролактин гормоны сүт иосинтезінде қаысады., әсіресе жас туған сәбилер қоректенуі кезеңінде көп мөлшерде синтезделеді. Олардың әсері нәтижесінде жұмыртқа хұжайрада-сарыуыз денесінің ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз етеді. Лактатропты гормондардың хұжайраларында секретті түйіршіктері ірі, дм-і 600-700 нм, домалақ немесе созылыңқы көріністе болады.
Хромофильді хұжайралардың тағы бір тобы – кортикотропоциттер болып саналады., олар белокты адренокортикотропты гормон – (АКТ)өндіреді. Хұжайралар пішінсіз, митохондриясы, ЭПГ жақсы дамыған (олар ацидофилділерге де, базофилділерге де жатпайды), олардағы көпіршікті секретті түйіршіктері белокты табиғатқа еге.
Хромофобты эндокриноциттердің секретті түйіршіктері бояулы заттарды нашар сіңіреді, соның үшін көмескі көрінеді. Олардың мөлшері (саны) көп болғанымен, аралас болып келеді: арнаулы секретті түйіршігі жоқ базофилділер, ацидофилділер. Арнаулы мамандалған хромофобтылардан жұлдызды (фоликулалық) – хұжайраларды атауға болады олардың тармақталған өсінділері болады. Кейбір өсінділер қасындағы аденоциттерден өтіп синусоидты капиллярларға дейін барады. Жұлдызшалы хұжайралар топтасып фолликулла құрайды, гликопротеидті секретті заттары болад, ацикалды беттерінде микроворсинкалар фолликулаларға қарай ойысқан болады.
Гипофиздің аралық бөліі – орта бөлік жіңішке эпителийді жолақтап құралған, олар белокты яки кілегейлі секретті зат өндіреді,бұл заттар хұжайралар аралығанда фолликулалық құрылым құрайды. Аралық бөлік және артқы бөлік аралығынан сирек дәнекер тоқымалардың жұқа қабаты өтеді.
Гипофиздің аралық бөлігінде – меланоцитропин және липотропин гормондары орналсақан болады. Қазіргі заман түйіршіктеріне сәйкес, көрсетілген гормондар және адренокортакотропты гормонда бас миындағы – пропроопиомеланокортино – церебралдық пептидті молекулаларының жеке-жеке фрагменттеріне ажыралуы орындалады. Фрагменттердің әрқайсысы аталған гормондарды құрайды.
Меланотропоциттер құрамында (цитоплазмасында) ұсақ секторлы түйіршіктері бар, олар меланин стимулдеуші гормондар. Липотропин гормондары – липидтер синтезін стимулдайды.
Аралық бөліктің нейрогипофизге шегералы аймағында көптеген нерв талшықтары болады, олардың соңғы ұштарында синапстар болады.
Гипоталамус және гипофиз аяқшаларымен жалғасатын базофилді гранулалары бар.
ГИПОФИЗДІҢ АРТҚЫ БӨЛІГІ – НЕЙРОГИПОФИЗ.
Нейрогипофиз – эпидима хұжайраларынан құралған олар өсінділі немесе ұршық тәріздес пішінде еге – цитунинттер деп аталады. Олардың жұқа өсінділері қан тамыры капиллярларының базалды мембранасына жанасады.
Нейрогенифизде антидиуретикалық гармон (вазпрессин) және окцитоцин жинақталған, олар гипоталамустың алдыңғы бөлігінде ірі пептидхолинергиялық нейросекреторлы хұжайраларда өндіріледі. Бұл хұжайралардың аксондары гипофиздің артқы бөлігіне енкапиллярлармен жанамып ірі терминалдар құрайды, олар Херр денешіктері (жинақтаушы денешік) деп аталады.
Нейрогипофиз гипофизарлық артериялардан келуші қан тамырларымен васкуляризацияланады.
Терминалды аксондар қан капиллярларымен жанасып аксозалды синапс құрайды.
Окцитоцин және вазопрессин гармондары тегіс бұлшық еттер қысқаруын қамтамасыз етеді. Окцитоцин әсері арқылы жатыр бұлшық еттері қысқарады және сүт безінен сүт ажыралуын қамтамасыз етеді. Вазопрессин қан тамырлары қабырғасына әсер етеді, қан қысымын реттейді және бүйректе реабсорбция құбылысын стимулдайды, диурезді төмедетеді, соның үшін антидиуретикалық гармон деп аталады. Вазопрессин мөлшері азайса қантсыз науқас диабеті пайда болады.
Эпифиз (төмпешікті без)
Эпифиз организмдегі ритмдік (циклдік) құбылыстарыд реттеуде қатысады, мысалы, овариалды менстуалдық циклді реттеу, тәулікте ритмдік тербеліс жиілігінің заңды қайталанып өзгеруі циркадты ритм деп аталады. Циркадты (бір тәуліктік) ритм – жарық сәулесі мен қараңғылықтың (күн мен түннің) заңды қайталанып өзгеруі және олардың эпифиз қызметіне байланыстылығына айтылады. Организмдердің жарық сәулесі күшіне тітіркенгіштік құрауында гормондар эпифизде өндіріледі.
Дамуы. Адам эмбронында 5-6-шы аптада түтікшелі кезең аралық ми бөртуінен эпифиз қалыптасады. Хайуанаттарда домалақ ауыздылар, парапинеалды бөртпелер (эпителиалды нервті құрылыс) және жұнсыз маңдай симпатикалық нервтер арқылы сәуле тітіркенгіштігі эпифизге келеді. Эпифиз қабырғасы эпиндимдерінің бөртуінен қосымша субкомиссуралды ағза құралады (эпифиз құрамында болады).
Құрылысы. Эпифиздің сыртқы жағын дәнекер тоқымалы капсула қоршаған, олардан без паренхимасына дәнекер тоқымалы тосқауылдар өтеді (құрамында қан тамырлары бар). Эпифизде 2 түрлі хұжайлар; пинелоциттер (паренхималы) және глиал хұжайлар бар.
Пинеалоциттер – паренхималы эпитиалды құрылымға еге хұжайрасы домалақ (яки пішінсіз), нәзік тармақталған өсінділері бар, олар қан тамырларын қоршаған дәнекер тоқымаға жанасады. Пинеалоциттер кейбірі электрондық көріністе: цитоплазмасындағы заттардың құрамына қарай қара-қошқыл ьүсте, ал, кейбірі солғын түсте (ашық) кездеседі. Бұл құбылыс, олардың функционалдық жағдайларына байланысты.
Пинеалоциттердің цитоплазмасында: еркін рибсома және полисомалар көп. Гольджи комплексі жақсы дамыған, ЭПТ, лизосомалары айқын көріністе, митохондриялары көп. Сондай-ақ цитоплазмасында: липид тамшылары бар, филаменттері аз, микротүтікшелері көп болады. Хұжайра өсінділері көптеген микротүтікшелер және пішінсіз түтікшелі элементтері бар. Пинеалоциттерден дендриттерге ұқсас ұзын өсінділер шығып, глиалды хұжайралар өсінділерімен шырматылады (оралады), бұл өсінділер түйреуіш пішінін құрайды, олар капиллярға келіп жанасады (байланыс құрайды). Түйреуіш тәріздес өсінділерге: осмиофолді түйіршіктер, вакуолдар және митохондриялар болады. Түйреуішті өсінділердің привлекулярлық аймақтағы ұшында везикулалар (көпіршікті түйіршектер) көп кездеседі.
Эпифиздік нейроглиялық хұжайралары – тірек немесе интерстициалдық хұжайралар – жұлдыз пішінді астроциттерден құралған, көмескі-мөлдір көріністе, эпифизде олардың мөлшері көп болады. Олардың құрамында фибриллярлық элементтердің көп болуы – глиалды хұжайраларға тән екендігін дәлелдейді (ультрақұрылымы бойынша). Нейроглиоциттер – ұзын цитоплазматиклық өсіндіге еге, олар пиеалоциттердің денесі мен өсінділерін және симпатикалық нервті, сондай-ақ нерв ұштарын орап жатады. Глиалды өсінділердің көпшілігі паренхима бөлігінің бетінде-базалды мембранада ақталады, мембранадағы өсінділер кең көлемді болады, оларда жіңішке филаменттердің тығыз торы құралады.
Нейроглиоциттерде: ЭПТ жақсы дамыған. Гольджи комплексі мөлшері үлкен, митохондриялары аз, рибосомалары бар, гликоген түйіршіктері цитоплазмаға бүтіндей жайылған. Микротүтікшелері аз, қалыңдығы 5-6 нм, олардың шоғыры фибриллдер құрайды, олар ядро жанында және өсінділерде орналасқан. Қан тамырлары мен капиллярлар дәнекер тоқымалы тосқауылдарда кездеседі. Паренхима капиллиярға бай, олардың эндотелийі жұқа, фанестерлері көп.
Эпифиздің жас шамасына қарай өтетін инволюциясы 7 (жеті) жастан басталады: оның көлемі кішірейеді және онда известі тұздар жинақталады. Жас ұлғайғанда, эпифиз қызметі әлсірейді (төмендейді).
Эпифиздің қызметі. Эпифиздің мөлшері кіші болғанымен, оның қызметі күрделі және жан-жақты орындалады. Оның күрделі қызметтерінің бірі жынысты жүие дамуына әсері, олардың ингибирлеуші әсері (тежеуші); 1) пинеалоциттер өте активті заттарды өндіреді – серотонин заты мелатонинге өзгереді, бұл нейраниндер гипоталамуста өндірілуші секрециялық зат гонадолиберинді тежейді (немесе өндірілу қарқыны төмендейді). Сондай-ақ гиповиздің алдыңғы бөлімдері гонадотропиндерге әсер етеді. 2) пинеалоцитті активті қызметке еге күрделі қосылыстарды – белокты гормондарды синтездейді, мысалы, антигонадотропин гармоны гиповиздің алдыңғы бөліміндегі секретті зат лютропин өндірілуіне тежеуші әсер етеді.
Пинеалоциттер минералды заттар метаболизмін реттеп, басқарушы белокты активті гармондар өндіреді, регуляторлық белокты заттар мөлшері 40-тан асады. Оларға агенип-вазотоцин, тиролиберин, люлиберин, теротропин, т.б. атауға болады. Аталған олигопепитді гармондар нейроаминдер (сиротонин және мелатонин) мен бірге АБДЖС (ПОДПА –АРИД) жүйесін құрайды, олар нейроэндокринді табиғатқа еге.
Иннервациясы. Мойын ганглийінен бастаушы эпифиздің наренхимасына (пинеалоциттер өндірілуші) келуші симпатикалық нерв талшықтарына импулстары эпивиздегі сиротониннің мелотонинге өзгеруін күшейтеді.
Жас шамасы өзгеруіне қарай мысалы, адамда 5-6 жаста эпифиз жақсы қалыптасады, оның қызметі жас ұлғаюына қарай (ерлерде 60 жас, әйелдерде 60-65 жас) инвалюцияға ұшырайды, яғни: стромасы ұлғаяды, фосфатты және карбонатты тұздар көбейеді, олар қатпар-қатпар түйіршік түрінде болады ми құмы (топырақ) түйіршігі деп аталады.
Эндокринді жүйенің перифериялық ағзалары.
Қалқанды бездер. Дамуы. Адам эмбрионында 3-4-ші аптада түтікшелі кезеңде жабралы қалтаның 1-ші және 2-ші жұбы аралығында өңеш қабырғасының бөртуінен қалқанды без бастамасы құралады. Бұл бастама (бөртпе-бүршік) эпителиалдық тұтам күйінде өңеш ішегін бойлай өседі (ұлғаяды), жабралық қаттаның III-IV-жұбында эпителиалды тұтам ұлғайып қалқанды бездің оң және сол бөліктерінің қалыптасуына бастама болады. Алғашқы эпителиалды тұтам шығарушы түтікке сәйкес келуші құрылым жойылып (атрофиялану) қалқанды бездің екі бөлігін жалғастырушы жіпше ретінде, сондай-ақ тіл түбірінде шұқыр күйіндегі проксималды бөлім болып сақталып қалады. Басқа сүт қоректілерде эпителиалды тұтамның дисталды ұшы да атрофиланады, сол үшін қалқанды бездің екі бөлігі тұтаспайды (жалғану байланысуы жоқ) бөлек-бөлек күйінде сақталады. Бөліктер бастамасы ұлғайып эпителиалды трабекуланың тармақталған сирек торын құрайды, олардың фолликулы дамиды, аралықтарына қан тамыры мен нервтері бар мезенхима орналасады (дамып өнеді). Сондай-ақ адам және сүт қоректілерде нейропастаттарданбастама алушы нейроэндрокринді нарафоллнулярлық хұжайралары болады.
Құрылысы. Қалқанды без дәнекер тоқыма кансуласымен қоршалған, капсула тармақтары безді көптеген бөліктерге тілімдейді, олар қалқанды бездің құрылымдық функционалдық бірлігі – фолликулалар (аденомерлері) болып есептеледі, созылыңқы шар тәріздес көпіршікті құрылым. Бездің функционалдық активтілігі күшейген кезде көптеген тармақты қатпарлар құрайды, фолликула жұлдызды пішінге өзгереді, фолликула кеңістігінде коллоидты – секреторларды эпителиалды хұжайралар жинақталады, олар фолликула қабырғасын қаптайды. Функционалдық қызметті орындауда өндірілетін коллоидтар – тироглобулиннан құралған кілегейлі – қоймалжың сұйықтық зат. Фолликулаларды, құрамында: қан тамыры мен лимфакапиллялары бар дәнекер тоқымалар талшықтары бөліктерге тілімдейді, қан тамыры мен лимфа капиллялары және нерв талшықтары фолликуланы орайды. Бұл қабаттарда тироиды эпителиалды хұжайралар шоғыры жинақталған болады, сондай-ақ фолликулалар аралық дәнекер тоқымалы қабаттарда: лимфоциттер, плазматикалық хұжайралар және тоқымалы базофилдері болады.
Фолликулярлық эндроноциттер (тироциттер) – безді хұжайралар – экстрафолликулярлық эпителийдің және фоллекуланың (көп бөлігін) негізін құрайды. Фолликулаларда – тироциттер, олардың қабырғасын қаптайды және базалды мембранада бір қабат құрайды, бұл қабат фолликуланы сыртқы ортадан қорғайды. Функционалдық кезеңде (қалқанды бездің қалыпты қызметінде) тироциттер – куб пішіндес, ядросы шар пішінді, олардың секретті коллидты заттары фолликула кеңістігін толтырып тұрады.
Тироциттердің фолликула кеңістігіне қараған аникалды бетінде микроворсинкалары болады, екі хұжайра фолликулалары, жақсы дамыған терминалды пластикалары арқылы десмосома жәрдемінде байланысқан. Сондай-ақ тироциттердің активтілігі артқан кезде, олардың бүйір беттерінен бармақты бөртпелер – интер дигитациялық байланыс құрайды (екі хұжайра бүйірі).
Тироциттерде белок синтезіне қатысушы органеллалар жақсы дамыған, олар фолликула кеңістігіне түседі: иодты тирозин және тиропиндар (күрделі құрылымды тироглобулин құрамына енуші аминоқышқылдар). Қалқанды бездің функционалдық активтілігі артқан кезде (гиперфункциясы) микроворсинкалардың саны және көлемі артады.
Қалқанды бездің функцноналдық қызметі фолликулаларда өндірілетін гормондарға байланысты екені анықталған, мысалы, без мөлшері кішкене болған немесе өте үлкен болған жағдайларда, әртүрлі науқастар: минседема (тері қалыңдап, организм семіреді, ой-өрісі төмен болады); кретинизм (қортық дене, ой-өрісі төмен болады); зоб (без мөлшері өте үлкен болады, көз мөлшері ұлғаяды, т. б.) пайда болады.
Экспериментті зерттеулер арқылы Кендалл, Харингтон, т. б қалқанша без гормондарын (тироксин), оның, құрылымы мен табиғатьн анықтап берді. Тироксин және трииодтиропин гормондарын қолдану арқылы жоғарыда көрсетілген организмдерде болатын науқастарды емдеуге болатыны дәлелденді.
3 (үш) иодты тиропии (ТТГ-ҮЙТГ) гормонын әсері еткенде жоғарыда керсетілген науқастарда төмендегідей өзгерісті байқауга болар екен: 1) фолликулоциттерде - иод жинақталу қабілеті артады; 2) гликоиротеидтир синтезі артады; 3) коллоид құрамында гликопротеидтердің, иодталу процесі жылдам өтеді; 4) тиреглобулин ыдырауы кезінде тиреоидты гормондар босауы өтеді.
Фолликулада өтетін секретті цикл — негізінен 2 (екі) фазадан құралған: 1) гормон өдірілуі фазасы; 2) гормонның фолликула кеңістігіне шығуы.
1. Гормон өндірілуі фазасы — болашак, секретті зат (гормон) — аминқышқылдары (мыс, тирозин), иод және әртүрлі иондар, иодты қосылыстар, көмірсулар, су молекуласы, т. б. қан арқылы қалқанша безге келеді (базалды бетінен сіңіріледі). ЭПТ-да тироглобулин молекуласы қалыптасады (полицептидті), Гольджи комплексінде, оларға углеводты құрылымдар қосылып везикулалар құралады (көпіршікті күрделі қосылыс). Везикулалар апикалды мембрана арқылы экзоцитоз жолымен фолликула кеңістігіне құйылады. Қаннан келген иод ионы (иодты қосылыстардан) пероксидаза ферменті әсерінен атомды иодқа өтіп тироглобулин молекуласьндағы тарозин молекуласымен қосылыс құрайды, (алғашқыда моноиодтирозин). Жаңа қосылыстар дииодтирозин, одан кейін тетрайодтиронинге (тироксин) өзгереді. Три (үш) иодты тиропиннің, активтілігі тироксиннен күшті болады.
Та º ырыпты тере» о º у ¹ а арнал ¹ ан ¸ дебиеттер:
1. Гистология оºулы¹ы. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина.
2. Гистология, цитология ж¸не эмбриологиядан лабороториялыº сабаºтар¹а арнал¹ан практикум. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина.
3. Гистология, цитология ж¸не эмбриология атласы. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н., Горячкина В.Л.
4. Гистология. Юрина Н.А., Радостина А.И. М.Медицина, 1995.
5. Гистология. М. Рысулы, Омаров.
6. Гистология, цитология ж¸не эмбриологиядан лабороториялыº сабаºтар¹а арнал¹ан практикум. М. Рысулы, Омаров.
7. Лекциялыº материал
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
ГИСТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КУРСЫ
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 3099 | Нарушение авторских прав
|