АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Лекция №18
Тақырып: Жыныс жүйесi
Ж
Лекцияның жоспары:
І Кіріспе.
1. Тақырыптың маңызы
2. Ағзалардың жалпы сипаттамасы
ІІ Негізгі бөлім
1. Жүйе ағзаларының дамуы
2. Жіктелуі
3. Қызметтері
4.Құрылысы
5.Қан мен қамтамасыз етілуі
6.Нервпен қамтамасыз етілуі
ІІІ Қорытынды бөлімі
1. Жас ерекшеліктері
2. Регенерациясы (қайта қалпына келуі)
Жыныс органдары генеретивтік қызметі арқылы биологиялық түрдің сақталуын қамтамасыз етуге қатысады. Сонымен қатар жыныс органдары эндокриндік қызметті атқарады. Бұл қызмет генеративтік қызметтің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, екіншілік жыныс белгілерін және жыныстық мінезді белгілейді. Жыныс даму механизмдері және огның бұзылулары дәрігерлер үшін үлкен маңызға ие.
Жыныс жүйелері.
Аталық және аналық жыныс жүйелеріне: жынысты бездерден және жыныс жолдарындағы қосымша ағзалардан құралады. Аталық жыныс жүйесіне ұрық шығару жолы, ұрық көпіршігі, прстата безі және жыныс мүшесі жатады. Аналық жыныс жүйесіне жұмыртқа, жатыр, қынап және сыртқы жыныс мүшесі жатады.
Аталық жыныс жүйесі.
Жыныс клеткаларының дамуы. Алғашқы жыныс клеткалары ұрық дамуының бастапқы кезеңінде пайда болады. Бұл кезде оларда жыныстық, айырмашылық байқалмайды. Ұрықтың басқа клеткалардан, зат алмасуының кейбір ерекшеліктері жағынан, өзгешеліктері көріне бастайтын ірі клеткалар. Бұлар ұрықтың денесінде емес (құс пен сүткоректілерде), алғашқы қан тамырлары түзілетін уақытша органдарда (сарыуыз қапшығының эктодермасында) пайда болады.
Алғашқы жыныс клеткалары кейін қанның ағысымен немесе тамырлардың бойымен өз бетінше қозғалып, жыныс безінің ұрығына жиналады. Содан кейін оларды гаметалардың одан әрі дамуын қамтамасыз ететін жыныс бездерінің ерекше клеткалары – фолликулалық клеткалар қоршайды.
Гаметагенездің кейінгі кезендері ұрықтың жынысына байланысты түрліше жүреді. Гаметагенез смерматогенез және овогенезге бөлінеді.
Еркек жыныс жүйесі, жыныс клеткалары жетілгеннен бастап, қартаю кезеңіне дейін қызмет етеді.
Аталық гаметалардың даму циклін сперматогенез дейді.
Сперматогенез аталық жыныс безінің ирек каналшықтарында жүреді және төрт дәуірге бөлінеді:
1) көбею
2) өсу
3) пісіп-жетілу
4) қалыптасу немесе спермиогенез.
Көбеюші аталық жыныс клеткаларын сперматогонийлер деп айтады. Көбею дәуірінде сперматогонийлер митоздық тәсілімен жедел бөлінеді. Осының нәтижесінде олардың саны көбейеді. Сперматогонийлердің бөліну саны түрлі жануарларда түрліше болады. Бірнеше рет бөлінгеннен кейін өсу дәуірі басталады. Өсу дәуіріндегі аталық жыныс клеткалары алғашқы сперматоциттер немесе І ретті сперматоциттер деп аталады. Өсу дәуіріндегі сперматогонийлер өсіп, үлкендігі орташа есеппен төрт есе үлкейеді. Олардың ядросыңда күрделі өзгерістер байқалады. Пісіп-жетілу дәуірін жыныс клеткаларының диплоидтық күйінен гаплоидтық күйіне ауысу деп қарастыру орынды. Бұл өзгеріс интерфазаға ауыспастан клетканың екі рет бөлінуі арқылы жұреді. Сондықтан бұл кезде ДНҚ молекулалары екі еселенеді. Пісіп-жетілудің бірінші бөлінуін редукциялық бөліну немесе мейоз дейді, ал пайда болған жас клеткаларды ІІ ретті сперматоциттер деп атайды. Екінші бөлінуі эквациялық бөліну, оның нәтижесінде пайда болған клеткаларды сперматидалар дейді. Мейоз кезінде хромосомалардың саны екі есе кемиді: Пісіп-жетлу дәуірінен кейін дамудың соңғы кезеңі қалыптасу дәуірі (спермиогенез) басталады, осы кезде спермотидалар сперматозоидтарға айналады.
Спермитидалар ядросының құрылымы айқын байқала бастаған, цитоплазмасында органоидтардың, бәрі де бар кішкене жұмыр клеткалар. Сперматозоидтарға қарағанда цитоплазмасы көп болады. Сперматозоидтың қалыптасуы сперматида ядросының, клетканың болашақ бас бөліміне қарап орын ауыстырып плазмалемманың, астына барып орналасуынан басталады. Гольджи аппараты орналасады. Ядро бірте-бірте тығызданып, сперматозоидтың басына тән пішінге ие бола бастайды. Гольджи аппараты ядро мембранасы мен плазмалемманың, аралығында жататың акросоманың қарастыруға болады. Екі центриольдар өздерінің орындарың тастап, акросомаға қарама-қарсы ядроның полюсіне орналасады.
Центриольдардың арасындағы цитоплазманың учаскесі сперматозоидтың мойынын құрайды.
Дистальдык центриольдан құйрықтың орталық (осьтік) жіпшесі өсе бастайды. Проксимальдық центриоль ұрықтану кезінде зиготаға түсіп, оның бөлінудіне қатысады. Сперматозоид талшығының орта бөліміне митохондриялар жиналып митохондриялық спираль құрайды. Осы өзгерістердің нәтижесінде сперматозоид қалыптасады.
Жануарлардың әр бір жеке түрінде сперматозоидтардың белгілі пішіні тән, бірақ олардың негізгі функциясына ұрықтандыру қабілетіне байланысты кейбір жалпы морфологиялық белгілері болады. Сперматозоидтың басын, мойынын, аралық немесе байланыстырушы бөлімін және құйрығын ажыратады. Электрондық – микроскопиялық зерттеулер сперматозоидтың басы акросома мен ядродан түратының анықтады. Акросома спермотидтің Гольджи аппаратынан пайда болады. Акросомада қөптеген ферменттер болады, олардың ішіндегілері, негізгілері – жұмыртқа клеткасын ұрықтандыруға маңызды роль атқаратын протезалар мен галуроиидаза. Мойын бөлімінің цитоплазмасында тіректік фибрилиалар мен екі центриоль бөлігі цитоплазмамен қоршалған талшықтың микротүтікшелерінен немесе орталық жіптен тұрады.
Орталық жіппен плазмалемманың арасындағы цитоплазмада митохондриялар, көп мөлшерде гликоген және АТФ болады. АТФ пен митохондриялардың аралық бөлімінде көп болуы оның сперматозоидты энергия мен қамтамассыз ететіндігінің дәлелі. Құйрықтың басталар бөлімі цитоплазмамен қоршалған талшықтың микротүтікшелері мен тіректік фибриллалардан тұрады. Құйрықтың ұшы плазмолеммадан ғана тұрады. Сперматозоидтардың (құрылысы) негізгі қасиеттерінің бірі қозғалғыштығы, біршама тез козғалады, бірақ әр түрлі жануарлардың сперматозоидтардың қозғалу жылдамдығы әр түрлі болады. Қозғалу бағытын реотаксис (ағыс бағытына қарсы қозғалу қабілеті) анықтайды.
Сперматозоидтардың эякуляциядан кейінгі өмірінің үзақтығы түрліше. Адам сперматозоидтары өзінің ұрықтану қабілетін 1-2 тәулікке дейін жоймайды.
Жарқанаттар мен насекомдарда сперматозоидтарының активтігі көп уақытқа дейін сақталады. Мысалы, жарқанаттардың шағылысуы күзде жүреді де, ұрықтану көктемде болады. Насекомдардың көпшілігінің ұрғашыларында шәует қабылдағыштар болады. Онда сперматозоидтар ұзақ сақталады, бірнеше жылға дейін. Қалыпты жағдайда адамның эякулятының көлемі 3-млн-ге жуық, онда орта есеппен 35млн-нан спериотозоид болады. Ұрықтандыруды қамтамасыз ету үшін сперматозоидтардың жалпы саны 180млн-кем болмауы тиіс. Сперматозоидтардың үлкендіктері де түрліше. Мысалы: бүканікі - 65мкм, тритондікі – 5000мкм, адамдікі – 53-70мкм, торғайдікі – 200мкм. Аталық жыныс жүйенің жалпы құрылымдық бөліктері мен қызметі. Аталық жыныс ағзалары:1) екі жынысты бездер, 2) копулятивті ағза – аталық жыныс мүшесі, 3) жұп, ұзын және күрделі түтікшелі ұрық шығарушы жол, 4) арнаулы қосымша аталық жынысты безі (предстательді безі). Жыныс безі қарын қуысындағы индиферентті эмбриональды гонадтардан дамиды, туылу кезеңінде без қабына түседі. Без қабы – терілі қалта, жамбастыңалдыңғы медиалды беттері аралығында асылып тұрады. Без қабының жұқа қабырғасы: теріден, тегіс бұлшықет қабаттарынан тұрады. Жынысты безі екі түрлі қызмет атқарады: сперматозойдтар құралады және гормондар өндіріледі. Әрбір жыныс безі екі басты функционалды құрылымға ие: оның бірі – ұрық каналшалары, ал екіншісі интерстициалды. Жынысты безді дәнекер тоқымалар бөліктерге ажыралады, олар 250-дей әрбір бөлікте 4-ке дейін ирелеңді ұрық каналшасы болады. Каналша диаметрі 150-200 мкм, ұзындығы 20-70 см-дей. Олар без қалдығы өсіндісінде ұрық торы каналшалармен байланысады. Ұрық тасып шығарушы каналшалар қабырғасын меншікті қабық құрайды. Меншікті қабық құрамында: базальді қабат, миоидты және талшықты қабаттар болады, олардың ішкі жағы эпителимен төселген. Екі базальді мембрана аралығында орналасқан базальді қабат коллагенді талшықтардан тұрады. Миоидты қабат – актинді филаменттері бар, арнаулы миоидты хұжайралардан құралған, олар каналшалар қабырғасының ритмді қысқаруын қамтамассыз етеді. Талшықты қабат – 2 бөлімнен: ішкі (хұжайрасыз) және сыртқы қабаттан құралған. Ішкі хұжайрасыз қабат – миоидты хұжаайралардың базалді мембранасы мен коллагенді талшықтардан, ал сыртқы қабат – фибробласт тәріздес хұжайралардан құралған. Ұрық тасып шығарушы жол аралығындағы құрылымдар- гематотестикулярлық тосқауыл құрайды. Ұрық тасып шығарушы жол- ұрық аппараты каналшалары және оның қалдықтары жүйесінен құралған, олар арқылы сперма несен шығару каналына жылжиды. Ұрық аппаратының түзу каналшалары ұрық безі торына ашылады, бұл тордан 12-15 иректелген ұрықты тасып шығарушы каналшалар тарайды. Бұл каналшалар ұрық безі қалдығының бас бөлімінде қалдық ағынымен байланысады. Ағындар көп рет иректеліп, без қалдығы денесін құрайды. Қалдықтың құйрық жағында түзу ұрықты тасып шығарушы ағынға өтеді. Ағындар қуықтан жоғары көтеріліп предстат безіне жетеді, одан несеп шығарушы каналға түседі. Ұрықты тасып шығарушы жолдар құрылысы ұқсас, құрамында: кілегейлі- бұлшықеті және адвентицийлер без қасиетіне еге, эпителиоциттер пішіні: призмалы, кубты және жалпақ болып келеді. Эпителийде – кірпікшелі және безді хұжайралар тобы кезектесіп алмасып орналасады.Ұрық безі қалдығында ағын эпителиі 2 қатар құрайды,, оның құрамында: биік призмалы хұжайралардың апикальді ұшында стрероцилий, базальді бөлік аралығында қондырғылы хұжайралар бар. Тегіс миоциттердің циркулярлы қабатынан құралған Б. Е –ті қабығының қысқаруы арқылы ұрықты тасып шығарушы жолда сперманың жылжуына жағдай жасалынады. Предстателді (қалдық) без – простата безі – Б.Е.-ті безді ағза, несеп шығарушы каналдың жоғарғы жағында орналасқан. Без урогенитальді синус бүршігінен дамиды. Простата безі: без бөлімі, секретті бөлімі және түтікшелер жүйесінен құралған. Бездің көпшілік бөлігі әр жаққа бағытталған тегіс миоциттер тізбектерінен құралған, эластинді талшықтарға бай дәнекер тоқымасы бар. Бездің соңғы секркторлық бөлімдері куб тәріздес эпмтелиймен қапталған, цитоплазма өндіруші секретті заттарына қарай түйіршікті немесе торлы болады. Шығару түтіктерінің дисталды бөлімі призмалы эпителиймен қапталған, қатпарлы кеңістік құрайды. Ірі шығару жолдарында өзгеруші эпителий болады. Васкуляризациясы және иннервациясы. Ұрық безі қан тамырларынан қоректенеді. Ұрық арқаны құрамындағы ішкі артерия бұтақтары, ұрық безінде капилярлар құрайды. Лимфа капилярлары ұрық безі каналшалары аралығында тор құрайды, одан соң алып кетуші тамырлар құрайды.Ұрық безіне: симпатикалық және парасимпатикалық нерв талшықтары қан тамырларымен бірге енеді.Ұрық безі паренхимасында көптеген сезуші нерв ұштары генеративті және эндокринді қызметтерге әсер етеді.
Аналық жыныс жүйесі.
Әйел жыныс безінің генеративті қызметінде өзіне тән кебір ерекшеліктері болады. Бірінші сатысы – оогонийлердің көбею кезені, шақалақты бастаманың ішкі түтікшелі дамуы кезеңінде, ал кейбір сүт қоректілерде постнатальды өмірдің бірінші айларында (оогоний бөлінуімен алғашқы фоликулалар қалыптасуы кезеңінде) орналасады. Екінші сатысы - өсу кезені қалыптасқан қызмет орындаушы жыныс безінде: алғашқы фоликуланың 1-ші дәрежелі овоциттерінің, жетілген фоликулардың 1-ші дәрежелі овоциттеріне өтуі болып саналады. Өсуші овоцит ядросында хромосомалар коньюгациялып тетрадалар құрайды. Цитоплазмасында жұмыртқа сарысы қосындылары жиналады. Үшінші сатысы – жетілу кезені – 2-ші дәрежелі овоциттің құрылуы өтеді (2-ші бөліну интеркенезге ұшырамастан) бірінші бөліну аяқталысымен басталады (олар хромосома саны екі есе азаяды редукцияланады), хромосомалар жиынтығы Гаплоидты болады.
3-ші сатысы – жетілудегі 1-ші бөлінуіде, 2-ші дәрежелі овоцит бөлінуі нәтижесінде 2-ші дәрежелі овоцит және ұсақ мөлшерлі гедукционды денешік құралады. 2-ші дәрежелі овоцит жинақталған жұмыртқа сатысының 95% - тейін қамтиды. Санның үшінші көлемі үлкен (1-ші дәрежелі овоцит мөлшеріндей). Редукционды денешік ұсақ хужайра, 1-ші дәрежелі овоциттің (ядросынан) әрбір тетрадасынан бір диадалық хромосома алады. Жетілудегі бөлінуі нәтижесінде деңгейлік құралады. Кейбір кездерде 1-ші редукционды денешік бөлініп 2 (екі) ұсақ, ұсақ хужайралар құрайды.Соның үшін, осы құбылыстар кезінде: бір жұмыртқа хұжайра 3 редукционды денешік құралады.
Жыныс бездері гонадаларының оогониға жынысты дифференциялануына алғашқы эктодермадан тасмалданған (енвғанаққа сары зат қабы эндодермасы арулы) гоноциттерден құрылады. Оогонилердің көбеюі сатысында, митоз жолымен бірнеше рет бөлінуден сан жыныс хұжайраларының дифференциялануы өтеді: 1-ші дәрежелі ооцитта ата мен ананың гомологты хромосомалардың коньюгациясы және кросинговер (хромосомалардың кейбір бөлімдерінің алмасуы-қимылсуы) құбылысы өтеді. Бұл өзгерістер мейоздың 1-ші бөлінуінің профазасына орындалады, олардың спермотогенезден айырмашылығы антенатальды кезінде өтеді (көпшілік сүт коректілер және адамда).
Соматикалық хұжайраларға ұқсас: гоноциттер оогониялар мен 1-ші дәрежелі ооциттердің мейоз 1 профазасында хромосомалар жиынтығы диплоидты болады. Оогониялардың қөбею кезеңі аяқталып, кіші өсу дәуіріне өткенде 1-ші дәрежелі ооциттерге өзгереді. Диплотена кезеңінде ооциттер спематоциттерге қарағанда фоликула қалыптасуына қатысады (алғашқы фоликулада). Бұл ооциттер жынысты хұжайра өзегін құрайды, олардың белгілі бір бөлігі үлкен өсу дәуірі процесіне қатысады. Ооциттерде рРНҚ мен иРНҚ және белок активті синтезделеді, олар ооциттің өсуіне жұмсалып қалмастан бөлінуші эмбрионның, алғашқы дамуында қатысады. Олардың кейбіреуі преовуляторлық көлемге ие болып, жетіледі, және жетілудің 2-ші бөлінуіндегі метафазаға қатысады, одан соң ұрықтануға қатысуы мүмкін. Өсуші және жетілуші фоликулаларда ооциттердің көпшілігі, өсу дәуірлерінде әртүрлі дағдарыстарға кездеседі, атрезияға ұшырайды. Ооцит пен фоликуланың үлкен өсу дәуіріндегі сатыларының аяқталуы кезіндегі жетілу құбылысы және овуляция айналымды өтеді, олар жыныс ағзасындағы гипофиз- гипоталамус жүйесі қызметтерінің цикліне байланысты болады.
Фоликулалық хужайралар – үлкен өсу басталуы кезеніңде тығыз қалын, бір қатарға орналасқан хужайралар призмалық пішінге өтіп, митоз жолымен бөлінеді, нәтижесінде фоликуалық эпители көп қабаттыға өзгереді – дінді аймақ деп аталады. Әйел жыныс хужайралары микроқоршаудан – гематофолликулярлық тосқауыл арқылы ажыралып тұрады, бұл овциттер метаболизмінің қалыпты жағдайда өтуіне мүмкүндік жасайды. Гематофолликулярық тосқауыл құрамында: дәнекер тоқымалар, микроциркуляторлық ағыннан, базалды мембранадан, фолликулярлық эпители және мөлдір қабық болады.
Әйел жыныс мүшелері сыртқы және ішкіболып 2-ге бөлінеді. Сыртқы жыныс мүшелеріне: шат аралығы, үлкен және жыныс еріндері, қыздық пердесі, қынап сағасы және сағыннның үлкен бездері, ал ішкі жыныс мүшелеріне: қынап, жатыр, жатыр түтікшелері, аналық бездер жатады.
Сыртқы жыныс мүшелері: шат аралығы – құрсақтың төменгі
жағына, арасына орналасқан. Жыныстық жасы толған кезде оның үстін түк басатын өте көп терасты май шелдерінен тұратын томпақтау, табаны жоғары қараған үш бұрышты аймақ. Үлкен жыныс еріндері тері және май бездеріне бай, екі қатарлы теріден тұрады. Олар бір-бірінен алдыңғы және артқы жақтарынан түйісе қосарланып, алдыңғы және артқы жабысқан жерлерінен қосылады. Үлкен жыныс еріндерінің төменгі қатпарларында қынап сағасының үлкен бартолинді бездері орналасқан, олар жыныс қатынасы кезінде сұйық зат шығарады. Бұл- жынысты және жыныс еріндерінің арасын ылғалдандырып, шәует сұйығын сұйылтып қатынасын жеңілдетеді.
Кіші жыныс еріндері – улкен жыныс еріндері тәрізді соның ішкі жағына орналасқан, екі тері қатпарынан тұрады. Бірақ өте жұқа нәзік қызғылт түсті терімен жабылған. Қалыпты жағдайда үлкен және кіші жыныс еріндерінің ішкі беттері өзара жымдасып, жыныс саңылауын құрайды. Ол үлкен жыныс еріндерімен қынаптың құрғап қалуынан, ішкі жұқпалы ауру тудыратын микробтардың енуінен сақтайды. Шүрті-конус тәрізді ерлер жыныс мүшесіне ұқсайтын, жыныс саңлауынан алдыңғы бұрышында орналасқан жыныс сезім мүшелеріне жатады.Ол екі үңгір денеден, қан тамырлары мен көптеген жүйке өрімдерінен тұрады.
Қынап сағасы дегеніміз –алдыңғы жағы жүртімен, артқы жағы түйсе қосарланатын жәнә екі бүйірі кілей жыныс еріндерінің ішкі жағымен қоршалған кеңістік. Қынап сағасына үлкен бездер мен несіп жолы ашылады. Қыздың перде дегеніміз- сыртқы және ішкі жыныс мүшелерін бөліп тұратын жұқа дәнекер тіннен, тұратын тасалау жер болып табылады.
Ішкі жыныс мүшелері: Қынап дегеніміз – ересек әйелдерде ұзындығы орта есеппен 8-10 см болатын бұлшық және дәнекер талшықтардан тұратын түтік. Ол кіші жамбас қуысында орналасқан, алдыңғы жағынан несеп ағар жолымен, ал артқы жағынан тік ішекпен түйіседі. Қынаптың қабырғалары бір-бірімен түйісіп жатады, ал жоғарғы жағында жатыр мойнының қынап күмбез тәрізді ойық келеді. Осы ойықтау бөлікті қынап күмбезі деп атайды. Қынап күмбезінің алдыңғы артқы жақтары және екі бүйірінен тұратын төрт бөлігі бар. Қынап қабырғасы, шырыш қабығынан, бұлшықет қабатынан және айнала қоршап жатуынан шелден тұрады. Шырыш қабығы көп қабаттық эпителий клеткасынан тұратын түсі қызғылттау келіп, өте көп қатпарланып, сәл өзгерген теріден тұрады. Бұл қатпарлар әйелдер босанған кезде, қынап бұлшықеттерінің жиырылып созылуын қамтамассыз етеді. Шырыш қабығы қартайған шақта жұқарып, қатпарлары жойылып кетеді. Қынаптың шырыш қабығында бездер жоқ. Біраз қан, лимфа тамырларынан ісініп сыртқа шығатын сұйықтарының жатыр-мойынша бездерінің бөлетін сұйық заттардың нәтижесінде қынап үнемі дымқылданып тұрады. Сонымен қатар қынап түсетін клеткалары, ақ қан түйіршіктері, микробтар болады. Дені сау әйелдерде бұл сұйық зат сүтке ұқсас, ақшыл түсті өзіндік йісі бар, реакциясы қышқыл болады. Осындай орта қынаптағы Дедевлейн таяқшасының тіршілік әрекеті кезінде бөлініп тұратын ақ сүт қышқылына байланысты. Бұл таяқша дені сау әйелдердің қынабында болатын микробтар. Дидевлейн таяқшасы қынаптың шырышты қабығындағы гликогенді ақ сүт қышқылына дейін ыдырап, ол қышқыл реакциясын туғызады. Ақ сүт қышқылы қынаптың ішінде ауру тудыратын микробтарды жояды да, қынаптың өздігінен тазаланып тұруына себеб тигізеді. Лейкофлора түрлеріне қарай қынаптың тазалығы 4 дәрежеге бөлінеді. 1-ші дәрежелі тазалықта қынап ішіндегі заттарда реакциясы қышқыл таяқша – микроб пен эпителилік клеткалар болады. 2-ші дәрежелі тазалықта қынап ішіндегі таяқша микробтар азая бастайды, әртүрлі бактериялар, лейкоциттер пайда болады, реакция қышқыл күйінде қалады. Жатыр-бұлшықетті ағза, эмбрионның түтікше ішінде дамуын қамтамассыз етеді. Жатыр мен қын эмбрионалды бастаманың дисталды бөлімінің парамезонефралды ағындарының құйылушы жерінде құралады. Жатыр қабырғасы 3 қабықтан тұрады: кілегейлі (эндометрий), бұлшықетті (миометрий), сіре (периметрий). Эндометрий 2 қабат – базалды және функционалды болады. Жатырдың кілегейлі қабығы бір қабатты эпителиймен қапталған. Миометрий 3 қабаттан (тегіс миоциттер): ішкі-кілегей асты негізі, орташа- тамырлы, миоциттері қиғаш орналасқан және сыртқы, тамыр асты қабат, миоциттері қиғаш орналасқан. Периметрий – жатырдың көп бөлігін қаптап жатады, жатырдың қын жағындағы мойнының алдыңғы және бүйір беттерін ғана қаптамайды. Жатырдың мойын беттерінде май тоқымалары жинақталады, оларды-параметрий деп атайды. Васкуляризациясы және иннервациясы. Жатырда қан жүйесі жақсы дамыған: миометрий мен эндометрияға қан тасушы артериялар миометридің циркулярлы қабатында спиральді оралымданады. Мұндай құрылым жатыр қысқаруы кезеңінде автоматты қысқару қабілетіне жағдай жасайды. Бұл құбылыс шақалақ туылу кезеңінде, плацента ажыралуы т.б. үлкен маңызға еге. Эндометрияға енгенде артериялар екі түрлі бұтақтар құрайды: оның бірі түзу, базалды қабат шегарасынан өтіп кетпейді. 2-шісі спиралды функционалды қабатты қанмен қамтамассыз етеді. Жатыр негізінен бас сүйегі асты байламдарының симпатикалық нерв талшықтарымен қамтамассыз етілген. Бұл талшықтар жатыр бетінде периметрияда жақсы дамыған жатыр байламдарын құрайды.
Та º ырыпты тере» о º у ¹ а арнал ¹ ан ¸ дебиеттер:
1. Гистология оºулы¹ы. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина.
2. Гистология, цитология ж¸не эмбриологиядан лабороториялыº сабаºтар¹а арнал¹ан практикум. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина.
3. Гистология, цитология ж¸не эмбриология атласы. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н., Горячкина В.Л.
4. Гистология. Юрина Н.А., Радостина А.И. М.Медицина, 1995.
5. Гистология. М. Рысулы, Омаров.
6. Гистология, цитология ж¸не эмбриологиядан лабороториялыº сабаºтар¹а арнал¹ан практикум. М. Рысулы, Омаров.
7. Лекциялыº материал
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
ГИСТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КУРСЫ
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 3637 | Нарушение авторских прав
|