АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Лекция №10

Прочитайте:
  1. Вводная лекция.
  2. Лекция 1 :Произвольные движения.
  3. ЛЕКЦИЯ 10. СОЕДИНЕНИЯ ДЕТАЛЕЙ И УЗЛОВ МАШИН
  4. ЛЕКЦИЯ 11. КОРПУСНЫЕ ДЕТАЛИ
  5. Лекция 14. Принципы нормирования параметров окружающей среды
  6. Лекция 2. Раздел 1. Механические передачи
  7. Лекция 2: Непроизвольные движения
  8. Лекция 4: Строение, функции и симптомы поражения черепных нервов(ЧН)
  9. Лекция 5. Зубчатые передачи
  10. Лекция 5: Высшие корковые свойства и их расстройства

Тақырып:Сезім органдары.

 

 

 

 

 

 

2005 ж

 

Лекцияның жоспары:

І Кіріспе.

1. Тақырыптың маңызы

2. Ағзалардың жалпы сипаттамасы

ІІ Негізгі бөлім

1. Жүйе ағзаларының дамуы

2.Жіктелуі

3.Қызметтері

4.Құрылысы

5.Қан мен қамтамасыз етілуі

6.Нервпен қамтамасыз етілуі

ІІІ Қорытынды бөлімі

1. Жас ерекшеліктері

2.Регенерациясы (қайта қалпына келуі)

Сезім ағзалары- сыртқы және ішікі арнаулы әсерлерді қабылдап, оларды нерв импулсына өзгертеді. Құрылымдық қызметімен орналасуына сәйкес сезім ағзаларын бөлуге болады. Олар қозуды, тітіркенуді алғашқы нерв клеткалары сезеді және сезім ағзалары сезеді. (Көру және иіс сезу ағзалары.). Қозуды арнайы клеткалар қабылдайды (Есіту ағзалары, тепе-теңдік және дәм сезу ағзалары). Олардан қозу бірінші афференттік нейронға беріледі.

Сезім ағзаларының құрлысы мен гистофизиологиасын білу организмнің қалыпты жағдаида және науқас кезінде бұл ағзаларды зерттеуге, дұрыс диагноз қою және алдын алуға негіз болады.

Сезім ағзалары.

Жалпы сипаттамасы және жіктелуі.

Сезім ағзалары акад. И.Паловтың сипаттауынша анализаторлардың перифериялық бөлімдері болып саналады. Анализаторлар күрделі құрылымдық – функционалдық жүйе, орталық нерв жүйесін: сыртқы және ішкі ортамен байланыстырады.

Анализаторлар 3 бөлімнен: а) перифериялық әсерлерде қабылдайды б) аралық өткізуші жолдар (қыртыс асты құрылымы) – импульстарды тасымалдайды в) орталық бас ми қыртысы - әсерлерді қабылдап, түпкілікті талдау өткереді және оларды синтездейді.

Сезім ағзалары арнаулы әсерлерді қабылдап, нерв импульсына өзгертеді, анализаторлардың аралық бөлімдері арқылы нерв импульстарында кодталған информацияларды орталық бөлімге жеткереді.

Құрылымдық қызметі мен орналасуына сәйкес 3 типке бөлінеді: 1 – көру және иіс сезу ағзалары – олар ерекше сезім қабылдайтын рецепторлық нерв хұжайраларынан құралған. Бұл нейросенсорлық хұжайралардың арнаулы перифериялық өсінділері – дендриттер жарық сәулесі толқынын немесе заттардың иісін сезіп, қабылдай алады. Олар, алғашқы (1-ші реттегі) сезуші рецепторлар деп аталады, эмбриогенез кезеңінде нерв пластикасынан дамиды. Нейросенсорлық хұжайралардың (1-ші реттегі сезуші рецепторлар) орталық өсіндісі – нейтритті қозуды импульсқа өзгертіп, анализаторлардың аралық бөлімдеріне жеткереді.

2 – ші типке дәм сезу, тепе – теңдік және есту ағзалары жатады. Олар эмбриогенез кезеңінде эктодерманың қалыңдаған жері плакодадан дамиды. 2 – ші типтегі сезім ағзаларында әсерлерді сезуші арнаулы сенсоэпителиялдық хұжайралар болады, олар арқылы өңделген тітіркену нерв хұжайраларына беріледі, сол үшін 2-ші реттегі сезуші рецепторлар деп аталады. Сенсоэпителиялдық хұжайраларда пайда болған қозуды (яғни, оларға әсер еткен: дәмге ие заттар, ауа немесе сұйық орта толқындары тербелісі) аралық анализаторларға: дәм сезу, есту және вестибулярлық нервтерге беріледі.

3 – ші типтегілер рецепторлық инкапсулалық және инкапсулсыз нерв ұштарынан құралған, мысалы, пластинкалық нерв ұштары, пиязшық тәріздес денешіктер, кейбер жасушалар (қысым, температура,т.б. анализаторларға сәйкес келуші перифериялық бөлім жасушалары).

Барлық сезім қабылдаушы жасушалар арнаулы құрылымдарға: тітіркенгіштерді қабылдаушы, базалдық денешіктермен байланысқан кірпікшелер (киноцилий) және микроворсинкаларға (стереоцилий) ие. Плазмолеммаларында ерекше: фото -, хемо – және механорецепторлық белоктар болады, олар өңделген энергияны кодталу жүйесі арқылы жасушалардың арнаулы информациясына өзгертеді.

Көру ағзасының дамуы

Көз дамуы бастамалары әр түрлі көрініске ие: тор мен көз нерві – көз сабақшалары жәрдемде эмбриондық мимен байланыста болатын, нерв түтікшесіндегі көз көпіршіктерінің бөртуі кезеңдерінде дамиды. Көпіршіктің алдыңғы жағынан көз кесесі қаптаса да, көз кесесі тесігіне қарама – қарсы бөлімнен (эктодерманның) хрустальды денешік құралады (алғашқыда эпителиялды көпіршік күйінде эпителий хұжайралары созылып хрустальды талшыққа өзгереді, бұл талшықтар көпіршік қуыстығын толтырады). Көз кесесінің ішкі қбырғасынан тор құралады, сыртқы қабырғасынан тордың пигментті қабаты қалыптасады. Көз кесесін ішкі қабырғасының нейроогластарынан колба және таяқша тасушы фото рецепторлық элементтер мен тор нейрондары дамиды. Көз кесесін қоршаған мезенхимадан тамырлы қабық пен склера құралады, склера көп қабатты жалпақ эпителий мен қапталған мөлдір қасаң қабықтан өтеді. Тамыры және мезенхиманың эмбрионалды тормен қосылуынан әйнек тәрізді денешік пен радужка құралады. Көз кесесінің ішкі және сыртқы жапырақтарынан көз қарашығын ұлғайтушы және кішірейтуші бұлшықет дамиды.

Көру ағзасы

Көз көру анализаторларының перифериялық бөлімі болып саналады. Оның құрамында: көз алмасы (құрамында фоторецепторлық хұжайралар), көру нерві арқылы бас мимен байланысқан және қосымша аппараттан (құрамында: қас –қабақ, көз жасы аппараты және көлденең жолақты қозғаушы бұлшықет болады) құралған.

Көз алмасының 3 қабығы бар: 1) фиброзды (склеромен қасаң қабақты қоршайтын) қабық 2) тамырлы және ішкі (сенсорлық) олардың туындылары (радужкамен кірпікшелі дене) 3) хрустальды және әйнекті денешіктер, көздің алдыңғы және артқы бөлімшелерінің сұйықтығынан құралады.

Көз алмасында функционалдық аппараттарында 3 түрлі: а) диоптрикалық: қасаң қабықтан, көздің алдыңғы және артқы бөлімшелерінің сұйықтығынан хрустальды және әйнекті денешіктерден құралушы аппарат (сәулені сындырушы аппарат) б) аккомадациялық (радужкадан,кірпікшелі белбеуге ие кірпікшелі денешіктен құралады)және в) рецепторлық аппарат.

 

Көз алмасы жөніндегі ұғым.

Көз алмасындағы әрбір көз кіші мөлшердегі 6 бұлшық ет жәрдемінде орналасады, көздің жазықтықтағы қимыл - әрекеттеріне жағдай жасайды.

Көздің алдыңғы мөлдір бөлімі (рогавица) және хрустальдық (көз жанары) жарық сәуле үшін линза эквивалентін құрайды.

Сәуле реттеуші (сыну фокусы): ауа мен мөлдір бөлімі (рогавица) шекарасында сәуле көзге түседі. Сәуленің қалған 1/3 бөлігін хрусталик реттейді әр түрлі арақашықтықтағы сәуле сынуын реттейді (фокусталу), кілегей эластикалық хрусталик: жақын объектерге сәуле өткеруге дөңестенеді, ұзақтағы объектер үшін жалпақ пішінге өтеді.

Бұл өзгерістер радиалды бұлшықеттер (цилиярлық) әсерінде болады, қалған екі бұлшықет түрі көз қарашығы диаметрін өзгертіп,сәуле мөлшерін реттейді (көзге түсуші). Радиялды талшықтар көз қарашығын кеңейтеді сақиналы талшықтар таратады. Мөлдір бөлімінде нервтер көп, өте әлсіз әсерлердің өзін қас – қабақ рецепторлары оңай сезеді, қимылдайды, сол үшін көз жасы безінен сұйықтық бөлінеді.

Көз алмасының құрылысы

Фиброзді қабық – көздің сыртқы бөлімін құрайды және склера деп аталды, олар қасаң қабық жанында орналасқан, коллагенді талшықтары бар дәнекерге тоқымалы пластикадан қалыптасады (коллагенді талшықтар аралығында: фиброластар мен кейбір эластикалық талшықтар орналасады). Коллагенді талшық шоғырлары қасаң қабықтық меншікті затына жалғасады, лимфа аймағында мөлдір түсті қасаң қабық күңгірт түсті склераға өтеді. Осы жерде склера тоқымасында тармақталған қуыстықтар қосылып, склераның веноз синусын құрайды (канал шлемдері). Склераның ішкі беті радужкамен жанасып, бұрыш құрайды, ол ескекті байланыс деп аталады. Осы аймақ арқылы көздің алдыңғы бөлмесінен веноз синусынан сұйықтық өтеді.

Тамырлы қабық – меншікті тамырлы қабық кірпікшелі дене радужкадан құралған. Меншікті тамырлы қабық – торды қоректендіреді. Оның пластинкалары: тамыр – үсті, тамырлы, тамырлы каплиялық және базальды комплекс түрінде болады.

Тамырлы каплиялық пластинка -әр түрлі мөлшерлі гемокапилярдан құралған, оның кейбір бөлігі синусоидты капилярлар гемокапилиялар аралығында фибробластар тығыз орналасады.

Базальды комплекс -өте жұқа жолақ (1-4 мкм), көз торының пигментті қабаты мен тамырлы қабық аралығында орналасқан 3 түрлі қабаты бар: а) сыртқы (эластикалық)- жұқа эластикалық талшықтан құралған (тамырлы капилярлық пластинка талшығы жалғасы болып есептеледі); б) ішкі қабаты – кең фиброзды талшық қабатынан құралады; в) үшінші қабат – базальды мембрана қабаты.

Көздің диоптрикалық аппаратты.

Диоптриклық (сәуле сындырушы) аппарат – мөлдір құрылымдар жүйесі, мөлдір орта (қоймалжың сұйықтық – сәуле сындырушы) жиынтығынан (комплексінен) құралған.

(Мүйізді) қабық (роговица) – ортлығында қалыңдығы 0,8-0,9 мм шеткері жағында 1,1 мм иректелу радиусы – 7,8 мм сәуле сындыру көрсеткіші – 1,37 мүйізді қабық 5 қабаттан құралған: алдыңғы эпителий, алдыңғы шекара пластинкасы, мүйізді қабықтың меншікті заты қабаты, артқы шекара пластинкасы артқы эпителий.

Алдыңғы эпителий – көп қабатты, жалпақ, мүйізденбейтін қабат, 5-6 қабаттан құралған, жалп алыңдығы 50 мкм.
Эпителийде еркін нерв ұштары орналасқан, эпителийден әр түрлі сұйық және газ қосылыстары өте алады.Осы қасиет дәрілік заттарды енгізу үшін қолданылады. Алдыңғы эпителийдің базльды мембранасы көп қабаттан құралған.

Алдыңғы шекара пластинкасы – базльды мембрана астында орналасқан фибриялдық құрылысқа ие, пластинка қлыңдығы 6-9 мкм шамасында болады.

Қасаң қабықтың меншіктік зат қабаты -өзара бұрыш құрай айқасушы жұқа дәнекер тоқымалы пластинкалардан құралады,әрбір пластинка параллельді коллагенді талшық шоғырларынан жинақталған. Пластинкаларда және оларды рлықтарында өсінділі жалпақ хұжайралар орналасады (фибробласты түрлері). Пластинка және хұжайралар глюкозаминогликандарға (кератинсульфаты көп) бай, аморфтық заттарға енген (батырылған), қасаң қабықтың меншікті затының мөлдірлігін қамтамассыз етеді.

Тамырүсті пластинка – тамырлы қабықтың ең сыртқы қабатты склера шекарасынан жанасады, сирек талшықты дәнекер тоқымалардан құралған, құрамында: эластикалық талшықтар фибропластар және пигментті хұжайралар болады. Артерия мен артерия және веналардың оралымдрынан құралған тегіс миоциттер шоғырларында кездеседі.

Артқы шекаралық пластинка -қалыңдығы 5-10 мкм-дей коллагенді талшықтардан құралған (олар аморфтық заттарға енген болады).

Артқы эпителий – жалпақ полигоналды хұжайралардан құралған ядроларының пішіні әр түрлі болады.

Мүйізді қабық лимфаның қан тамырлары мен көздің алдыңғы бөлмесіндегі заттардың диффузиялысы арқылы қоректенеді. Мүйізді қабықтың лимфатикалық жүйесі кірпікшелі венозды оралымдарымен байланысушы жіңішке лимфатиклық саңылаулардан құралған.

Аязданғанда (суық әсерінде), вирустар мен микробтар әсерінде қан каплиялры және олардағы хұжайралар (лейкоциттер макрофактер т.б) лимфадан мүйізді қабықтан меншікті затқа өтеді, сол үшін көру мүмкіндігі бұзылып, мүйіздену (ақ түсу) тұмандану құбылысы өтеді. Хрустальиктің гистофизиологиясын және құрылысын жақсы үйрену әдістері жәрдемінде қолдан клиникада хрусталик жасалынады, олар науқас хрусталигіне алмастырылады, нәтижесінде тұмандану жойылады.

Хрусталик- екі жақты дөңес мөлдір дене, аккомодация кезеңінде ұзақтығы және жақындығы объекттерді көруде пішіні өзгеріп тұрады. Хрусталик, мүйізді қабық және әйнек тәріздес дене қосылып, көзде сәулені сындырушы жүйе құрайды. Хрусталиктің қисық сызықты радиусы 6-10 мм-дей сәуле сындыру көрсеткіші 1,42. Хрустлик мөлдір капсулмен қоршалған қалыңдығы 11-18 мкм – дей оның алдыңғы қабырғасы капсулада жатады, бір қабатты жалпақ эпителиийден құралған.

Эпитолиоциттер экваторға жақындасқан сайын биік пішінді болады, хрусталиктің өсу аймағын құрайды,бұл аймақ хрусталиктің алдыңғы және артқы бетіне жаңа хұжайралар өндіріп беріп тұрады, жаңа эпителиоциттер хрусталиктің талшықтарына өзгереді (олар мөлдір түсті 6 қырлы бұрышты призма пішіндес). Талшықтар цитоплазмасында мөлдір белок – кристалин болады, талшықтар өзара қосылғанда (жабысқанда), орталықтар ядросы жойылады, олар қысқарып, бір-біріне қабаттасып хрусталик ядросын құрайды.

Көзде хрусталик, кірпікшелі белбеу - талшықтары арқылы орнығады (созылмайтын тлшықтар шоғырларының радиялды орналасуынан кірпікшелі белбеу құралады). Кірпікшелі белбеу бір жағынан цилиарлық денеге жалғасқан, екінші жағынан хрусталик капсуласынан жалғасқан, сол үшін цилиарлық дененің бұлшықеті қысқарғанда, хрусталиктің қозуы артады.

Әйнек тәріздес дене – мөлдір, қоймалжың зат, хрусталик пен тор арасындағы қуыстықты толтырады. Мөлдір дененің препаратын зерттегенде – олардың торлы құрылысты екендігі анықталған, шеткі заттар тығыз, бұл дене арқылы канал өтеді (торемізіктерінен хрусталиктің артық бетіне дейін барушы). Әйнек тәріздес денеде витреин белогы мен гналурон қышқылы болады, сәуле сындыру көрсеткіші – 1,33.

 

Көздің аккомадациялық аппараты.

Көздің аккомадциялық аппараты хрусталиктің сәуле сындыру күйін және пішінінің өзгеруін қамтамассыз етеді, көз торында суреттің анық болуын және көздің жарық сәулесіне көнігуін реттейді.

Радушка - нұрлы бейне – диск тәріздес орталығында көлемі өзгеріп тұрушы тесікке ие, ол көздің торлы қабығының туындысы болып есептеледі. Нұрлы дененің артқы жағынан тор қабығын пигментті эпителий қоршаған. Нұрлы дене көздің алдыңғы және артқы дене шекарасында, қасаң қабық пен хрусталиктің арасында орналасқан. Оның цилиарлық денешікпен байланысқан шетті, цилиарлық жағалау деп аталады. Нұрлы дененің стромасы сигментті хұжайраланған бай сирек талшықты дәнекер тоқымаларында құралған, оларда орнласқан тегіс миоциттер көз қарашығын кеңейтіп және тартып тұрады.

Нұрлы дене 5 қабаттан құралған: алдыңғы эпителий, сыртқы шекарлы қабат, тамырлы қабат, ішкі шекаралы қабат және пигментті эпителий.

Алдыңғы эпителий – жалпақ полигоналды хұжайралардан құралған. Олар радушканың алдыңғы бетін және мүйізді қабықтың артқы бетін қаптайды.

Сыртқы шекаралы қабат – фибробластар мен пигментті хұжайралардан құралған, мелонидтер көз түсін қамтамасыз етеді. Альбиносты науқастарда пигмент болмайды (радушка қызыл түске ие) сол үшін көз түсі мөлдір көрініске ие.

Тамырлы қабат – құрамында көптеген тамырлары бар, олардың аралығындағы қуыстық пигментті хұжайраларға ие,сирек талшықты дәнекер тоқымаларымен толған.

Ішкі шекаралы қабат – сыртқы шекаралы қабатқа ұқсас құрамдық бөліктерге ие.

Артқы пигментті эпителий – көз торының екі қабаты эпителидің жалғасы болып саналады, цилиарлық денемен өсінділері қаптайды.

Радушка көз диафрагамасы қызметін атқарады – оның құрамындағы бұлшық еттер көз қарашығын кеңейтеді және таратады.

Көз қарашығын кеңейтуші бұлшықет жоғарғы мойын түйіннің постганглионарлық парасимпатикалық талшығы арқылы қамтамассыз етіледі.

Кірпікшелі дене – тамырлы және торлықабық туындысы болып саналады, хрусталиктің қисық сызығын өзгертеді,көздің аккомодациялық құбылысына қатысады.

Цилиарлық өсіндіге – кірпікшелі белбеудің талшығы орналасады, цилиарлық дене кірпікшелі бұлшықеттен құралады, көз аккомадациясы қызметін атқрады. Цилиарлық бұлшықеттің қысқаруы кезеңінде кірпікшелі белбеудің талшығын босансытады, сол үшін хрусталик дөңестенеді, сәулені сындыру үшін ұлғаяды.

Цилиарлық дене мен өсінді көз торын цилиарлық бөлігімен қапталады, бұл жерде сыртқы жапырақтан құралған, цилиарлық бұлшықетте орналасады. Ішкі жапырақ пигментсіз бір қабатты цилиарлық хұжайралардан құралған, оның көз орталығынан таралған беті әйнек тәріздес цилиарлық мембранамен қоршалған.

Цилиарлық дене мен өсінділерді қаптаушы эпителиоциттер көздің алдыңғы және артқы бөлмелерін толтырушы сұйықтық (ылғал) құралуында қатысады.

 

Көз торы және рецепторлық аппарат

Көз торы – жарық сәулесін нерв информациясына (белгі - сигнал) өзгертеді, нәтижесінде көз объекттерді көру қабілетіне ие болады.

Көз торы – дамудың алғашқы кезеңдерінде бас мидың ажыралған бөлімі, көру нерві талшықтары арқылы байланысын сақтап қалған. Пластинка пішініне ие, нерв хұжайралары денесінің 3 қабатынан құрлған: ганглиоздық хұжайра – биполярлық хұжайра (бұл қабатта амокриндік хұжайрада болады) және горизонталдық хұжайралар болады, олар синапстардың екі қабты арқылы ажыралып тұрады.

Аталған хұжайралардың артқы жағында сәуле сезуші рецепторлар: таяқшалы және колбочкалы пішінде болады. Таяқшалар мөлшері көп, әлсіз сәулелерді қабылдай алады (қараңғыда). Колбочкалылар орталық шұқырлықта көп орналасқан болады.

Рецепторлар сыртында меланин пигменті бар хұжайралар қабаты болады, базалдық мембрнада орналасқан, меланин сәулені өзіне сіңіреді, кері қарай жібермейді. Сондай – ақ, сәуле сезуші көру пигменттерініңхимиялық жолмен қалпына келуі реакциясына меланин қатысады. Пигменттер саны 4 - млн шамасында болады. Бір пигментоцит таяқшалы сенсорлық хұжайралардың 30 – 45 сегментімен байланысады. Бір колбочкалы нейросенсорлық хұжайраларды пигментоциттердің 30 – 40 өсіндісі қоршайды.

Көз торы үш түрлі нейроннан: сыртқы фоторецепторлық, орталық – ассоцативті, ішкі ганглионарлық, оған қосымша горизонталдық және амокриндік нейрондар көз торы құрамында болады. Нейрондар тізбегі аралығында радиалдық глиоциттер орналасқан, хұжайралар жинағы бірнеше тор қабаттарын құрайды: сыртқы ядролық қабат; сыртқы және ішкі тор қабаты; ішкі ядролық қабат; ганглиоздық қабат және нерв талшықтары қабаты. Ядролық және ганглиоздық қабаттар нейрондардың денесіне сәйкес келеді, торлы қабаттар олардың жанасуларына (контакттер) сәйкес келеді.

Жарық сәулесі: роговица, хрусталик, әйнекті дене және торларға өтеді. Тордың сыртынан пигментті эпителий қабаты жанасады. Сәулені таяқша және колбочкалық хұжайралар қабылдайды. Фоторецепторлық хұжайралардың ядролық бөлімі тордың сыртқы ядролық қабаты деп аталады, олардың орталық өсінділері сыртқы торлы қабат құруда қатысады.

Прифериалық өсінділер - таяқшлы нейросенсорлық хұжайраларының дендриттері, тордың пигменті эпителий өсінділерінің аралығында орналасады. Әрбір өсінді 2 бөліктен: сыртқы және ішкі сегменттерден құралып, кірпікшелер арқылы байланысады. Сыртқы сегмент базалдық денешіктен басталады, таяқша пішіндес, 1000-ға жақын қабатталған менбранадан құралған, дисклер қабатындағы 140нм ені 2 мкм, мембранада көру пигменті - родопсин болады: белок опсин + витамин – А (ретиналді альдегиді). Ядросы бар таяқшал нейросенсорлық хұжайраларының орталық өсіндісінен – нейрит шығып,сыртқы торлы қабатта биполярлық хұжайра синапсында аяқталады, таяқшалы хұжайралар торда (адамда) 130 млн – ға дейін болады.

Колбочкалы нейросенсорлық хұжайралар – мөлщері үлкен сыртқы жағынан жартылай дискілер орналасады, ішкі сегменттерде эллипсоидтері (май тамшылары мен митохондрияға ие) болады. Колбочкалар ұзындығы – 75 мкм, қалыңдығы 1 – 1,5 мкм. Ядролық бөлік тордың сыртқы қабатында орналасады, ядролары ірі, домалақ. Бұл бөліктен орталық өсінді – аксон басталады, олар биополярлық нейрон дендритімен бірге синапс құрайды. Колбочкалы хұжайралар торда (адамда) 6 – 7 млн – ға жетеді, күндізгі сәуле рецепторлары деп аталады, ал таяқшалылар – қараңғылық рецепторлары болып саналады.

Колбочкалы хұжайралардың сыртқы сегменттері дискілерінің мембраналарында көруші пигмент – иодопсин болады (спектрдің: көк, жасыл, қызыл түстерін сезеді), бұл пигменттер сәуле әсерінде белок пен ретиналға бөлінеді.

Сегментті дискілерде Липид тамшылары және колбочкалы хұжайралардың кейбір типтерінің болмауы дальтонизмге (көрмеушілікке) ұшыратады. Көру пигменттерінің ресинтезі қараңғылыққа бейімделу (адаптация) арқылы өтеді.

Нейросенсорлық хұжайралары ішкі сегменттерінде ферменттер жүйесі болады, олар энергетиклық зат алмасуда және заттардың биосинтезінде қатысады.

Тордың ішкі ядролық қабатындағы ассоциятивтік нейрондарының 3 типі: гаризонтальдық, биополярлық және амокриндік нерві хұжайраларынан құралған.

Ганглиоздық хұжайралар – тордың ірі хұжайралары, цитоплазмасында хроматофилдік заттары бар. Дендриттері ішкі торлы қабатта, биополярлық хұжайра нейриттерімен жанасады. Ганглиоздықт хұжайралар денелері жиынтығы - ганглионарлық қабат деп аталады. Ганглионарлық хұжайра нейриттері тордың ең ішкі қабатын – нерв талшықтары қабатын құрайды.

Нейроглия -глиоциттерден құралған, олардың ядролық бөлігі ішкі ядро қабатында, ал ішкі өсіндісі – ішкі шекаралық қабат құрайды, таяқша мен колбочкалы қабат аралығында – сыртқы шекаралық қабат құрайды. Нейроглияда тор нейрондары орнласады.

Тордың ішкі бетінде домалақ (яки эллипс тәріздес) сары дақ орналасқан, дм 2 мм, ортасы – орталық шұқыр деп айтылады, олар көру қозуын жақсы қабылдайды.

Ганглиозды хұжайраның рецептивті майданы

Бір немесе бірнеше синапстар арқылы белгілі бір нейронға информация (белгі - сигнал) беруші рецепторлар жиынтығының орналасуы – рецептивті майдан деп аталады.олардың белгілі бір аймағына стимул (әсер ету) арқылы хұжайра реакциясы өтеді.Отардың жиынтығы мөлшері картаға түсіріледі, хұжайра жағдайы белгіленеді.Ганглиозды хұжайралар 2 түрлі: Он(+) орталығы және On

(-) – орталығы. Оң (+) орталықта импульстар жиілігі жоғары болады, олар Оң реакция деп атайды.Оң (-) – орталықта импульстар күшінің әлсіреу.Оң (-)- риакция деп атайды.

Орталық шұқырдан ұзақтаған сайын рецепторлар саны артады, екі жақын ганглиозды хұжайра бір-бірін қаптаушы екі топ рецепторлардан тура жолымен импульсты қабылдайды.

Таяқша тәріздес рецепторлар ұзын және қысқа, орталық шұқырлықта болмайды, әлсіз сәулелерді қабылдай алады.

Колбочкалы рецепторлар қысқа және конус тәріздес, күшті сәулелерді қабылдай алады. Екі түрлі рецепторларда сәуле сезуші пигмент болады, олар белоктан құралған (вит А-ға жақын затпен байланысқан), жақын сәулелі квантын қабылдайды, нәтижеде объекттерге жақын түседі.

Кейбір тәжірбиелерде колбочкалы рецепторлар мембранасында қараңғылықта потенциалдар мөлшері төмен, жарықта потенциал мөлшері артады. Демек, қараңғылықта фоторецепторлар поляризацияланады аксон ұштарынан медияторлар ажыралып шығады (қалыпты жағдайда рецепторлар стимулдену кезінде осындай болады). Жарық сәулелі рецептор хұжайралары мембранасында потенциал мөлшерін көтереді, медиаторлардың ажыралу мөлшері төмендейді. Стимулдау кезеңінде рецепторлар тежелгендей болады, бұл тәжірибелерге негізделіп омыртқалы хайуанаттарда көру нерві талшықтарының қараңғыда активті болуын түсінуге болады: рецепторлар хұжайраларға (биполярлық және ганглиоздық) спонтанды (кеңейткен үздіксіз) активта импульстарды жеткереді.

Сәуле әсерінде гиперполяризациялану иондар ағыны тесігін жабылуы арқылы пайда болады, қараңғылықта рецепторлық мембрнаның кейбір бөлігі Na + - ионы үшін қолайлы жағдай тудырады, осы бөлімде K + - ионы хұжайраларынан шығады. Бұл құбылыс Na + -K + - насосы (олардың активті тсмалдану) немесе қараңғылықтағы ион ағыны деп аталады. Бұл құбылыс тыныштықтағы рецепторларды деполяризациалайды, осы кезде көру пигментін бір молекуласы ғана сәулесізденеді, Na + - ионы үшін тесік жабылады, қараңғылықтағы ион ағыны мөлшері азаяды, мембрананың деполяризация көрсеткіші төмендейді, яғни хұжайра гиперполяризацияланады. Олардың медиаторларының ажырауы арқылы төмендейді, активтілігі әлсірейді.

Горизонтальды және биополярлық хұжйралар

Рецепторлар горизонтальды хұжайраларға информацияны қозушы синапстар арқылы өтеді. Бұл информация кері қарай рецепторларға берілуі мүмкін, ал кейбір хайуанаттарда биополярлық хұжайра дендриттермен синпс құрайды, оларға информация жеткізеді.

Горизонтальдық нерв хұжайралары бір немесе екі қатардан тұрады, олардың дендриттері фоторецепторлық хұжайраларының аксондарымен жанасады, олардан қозу өтеді.

Биополярлық нерв хұжайрлары – таяқшалы және колбочкалы хұжайраларды тордың ганглиоздық хұжайралармен байланыстырады: таяқшалардың бірнешеуі бір биополярлықпен, ал колбочкалылар 1:1 қатысуы нәтижесінде көру процесі қамтамассыз етеді.

Биополярлық нейроциттердің ядролы бөлігі центрофугалдық биополярлық хұжайралар деп аталады, олар қозуды кері бағытқа қарай ганглизондық хұжайралардан көру рецепторлары өтеді.

Рецепторларға горизонтальдық хұжайраларға ұқсас биополярлық хұжайраларды импульстарды құрайды.

Амокринді хұжайралар – пішіндері әр түрлі болады, көптеген нейромедиаторлары бар. Олардың денесі тордың орта қабатында, осы қабат және ганглиозды хұжайралар аралығындағы синапстың аймақта өсінділері орналасады. Амокринді хұжайраларда акксон болмайды, бірақ олардың дендриттері басқа хұжайраларда персинапстың нерв ұшын құрайды. Бұл хұжайралардың қызметі қозғаушы объектердегіарнаулы реакцияларға қатысады.

Иіс сезу ағзалары

Иіс сезу ағзсының бүршіктері нерв пластинкасының алдыңғы шетінде бір жұп иіске ие шұқыршалар күйінде болады, бұл бүршіктер жоғарғы және орта мұрын шығанақтарына қарай жылжыйды. Иіске ие шұқыршалардың элементтері эмбрион дамуының 4-ші айында нейрониялды немесе нейросенсорлық хұжайраларына өзгереді.

Әрбір мұрын қуысында бір иіс сезу аймағы болады, оларды қаптаушы кілегейлі қабық иіс сезу ағзасын құрайды.

Кілегейлі қабық эпителиіндегі нейрон денесіндегі әр түрлі иіс әсерінде қозады, олар инфекция және т.б. әсерлер нәтижесінде жеңіл бұзылады. Олардан терең орналасқан афферентті талшықтардағы импульстар жақсы қозғалыстарға ие.

Иіс сезу ағзасының құрылысы.

Иіс сезу ағзасының кілегейлі қабығы биік көп қатарлы эпителиден және қалың меншікті пластинкадан құралған, құрамында 3 түрлі хұжайралар бар: 1) иіс сезу рецепторлары; 2)қолдаушы (тірек); 3) базальды болады.

Кілегейлі қабықтың екі бөлімі болады: иіс сезу – бір жағынан орта және жоғрғы қалқан аралығы кеңістігі, екінші жағынан мұрын тосқауылы қоршайды: екінші бөлімі тыныс алу, мұрын қуысының қалған бөліктерін қамтиды, олар сүйек үсті немесе шеміршек үсті бөлімімен қапталады.

Тірек хұжайралары – цилинді тәріздес эпителий хұжайрларынан құралған, иіс сезу бөлімінде көп қатарлы эпителиялдық пластинка көрінісінде орналасады, иіс сезу хұжайраларын бір – бірінен бөліп тұрады.

Сезуші иіс иіскеуші хұжайралары -шын нерв элементтері болып олардың пеоифериялық ұштары рецепторлық аппаратына өзгерген. Бұл хұжайралар тірек хұжайраларының арасына орналасып, эллипс көрінісінде ядросы домалақ пішінді.

Перифериалық өсінділердің -цитоплазмасы мөлдір мембранамен қоршалған, түйреуштің ішінде кішкене түйіршіктер микроқұбырлары және митохондриялар болады. Цитоплазмасындағы активті иіс сезу заттарының әсерінен иіс сезу хұжайраларының перифериялық өсінділері қысқаруы мүмкін.

Орталық өсінді немесе аксон иіс сезу хұжайраларының базальдық бөлімінен басталыпбазальдық мембранаға бағытталады, метохондрияларға ие.

Бездердің соңғы бөлімдері екі түрлі хұжайралардан құралған сырттан жалпақ миоэпителиалдық екінші ішкі меро типтегі секрет өндіруші хұжайралар.

Иіс сезу хұжайраларының нервті өсінділері, нерв талшықтарының қысқа- ұсақ бөлшегі, мидың қатты пердесімен қоршалған, олар иіс сезі нервін құрайды, иіс сезу бөлімінде аяқталады. Иіс сезу бөлімі үлкен орталықтар сипатында құралып, элементтері күрделі, 5 түрлі қатпарға ие: 1) сыртқы талшықты; 2) домалақ; 3) молекулярлық; 4) нитралды; 5)түйіршікті.

Иіс сезу ағзасының бір түрі - хеморецепторлар. Иіс сезу заттарының молекулалары ауамен бірге мұрын қуыстығына өтіп, ішкі иіс сезу пердесінің бетіне жанасады, ол жерде бездердің секретті заттары әсерінен ериді.

Иіс сезу заттарының молекулалары иіс сезу бөліктеріне, олардың түтікшелеріне әсер етуші зат есебінде қызмет атқарады.

Иіс сезу қызметі. Иіс сезу анализаторы химиялық қасиетті сезу қабілетіне ие, иіс шығарушы заттар молекулалары тітіркенгіштік қабілетіне ие, иісті сезу үшін мұрын қуыстығында ауа өтуі керек. Иіс сезу табиғатын 3 түрге бөліп қарауға болады: химиялық, физикалық және физикалық – химиялық.

1. Иіс сезудің химиялық табиғаты – түсінігі бойынша иіс шығарушы заттар молекулалары иіс сезу хұжайрларының кірпікшелі батып тұрушы сұйықтығына сіңіріледі липоидті қосылыстарында ериді.

2. Иіс сезудің физикалық табиғаты – түсінігі бойынша иіс шығарушы заттар - өте жоғары жиілікте толқын тарқатады, олар иіс сезу анализаторларына жетеді, иіс сезу хұжайраларында қозу әсерінен импульстер құралады.

3. Иіс сезудің физикалық – химиялық - түсінігі бойынша иіс шығарушы заттардағы электро химиялық энергия әсерінен иіс сезу рецепторында қозу пайда болады.

Дәм сезу ағзалары. Есту және тепе-теңдікті сақтау ағзалары.

Дәм сезу ағзалары -адам тілінің көп қабатты эпителиіндегі жіпшелі, желбезекті, саңырауқұлақты, т.б. емізікшілердің жиынтығынан құралған. Дәм сезу бүршіктері болып саналады, балаларда кейде ересектерде дәм сезу бүршіктері ерінде, дауыс байланыстарында, кеңірдек үсті бөлімінің сыртқы және ішкі бөлімінде кездеседі.

Дамуы – дәм сезу бүршіктері түбірінің хұжайраларының даму көзі эмбрионның тіл емізікшілеріндегі көп қабатты эпителийлері болып саналады. Оған – тіл, тіл – жұтқыншақ және қосушы нерв ұштарынан әсері үлкен маңызға ие, себебі олардың әсері арқылы эпителиден дәм сезу бүршіктері хұжайралары қалыптасады.

Дәм сезу бүршіктері түбірі хұжайраларының дамуы, олардың нервпен қамтамасыз етілуімен қаабаттасып орналасады.Әрбір емізікше дәм сезу түбірлерінен құралған, құрамында дәм сезу рецепторлары бар, оларда нерв ұштары орналасқан. Нерв ұштары қоректік заттарымен жанасқанда нерв инпульстары құрлады, сол үшін дәм сезу сезіледі.

Дәм сезуші қосылыстар ертіндіде орналасуы керек, сондай-ақ, дәм сезу саңлауы арқылы, дәм сезу түбірлеріне жанасуы керек. Олар хеморецепторларды қоздырып импульсты құрайды, афферентті нерв талшықтары арқылы тарқалады.

Дәм сезудің 4 негізгі түрі бар: тәтті, қышқылды, тұзды және ащы күйінде сезіледі.

Дәм сезу,олардың арнаулы рецепторларының өзара әсерлі қызметі арқылы орындалады.

Құрылысы. Әрбір дәм сезу бүршіктері эллипсті пішінге ие, олар, емізікшелердің көп қабатты эпителийі пластында орналасады. Бүршіктер құрамында, бір-бірімен тығыз орналасқан 40-60-қа дейінгі дәм сезу хұжайралары болады, олар 3 түрлі типке ие: рецепторлық, қолдаушы және базалдық хұжайралары болып саналады. Дәм сезу бүршіктері, дәнекер тоқымалардан базалдық мембрана арқылы тіл ұшымен жалғасады. Дәм сезу саңлаулары, дәм сезуші сенсорлық хұжайралардан апикалдық беті үстіндегі дәм сезуші шұқырларға жалғасады.

Дәм сезуші сенсорлық эпителиоциттер. Олар өзара эпителиоциттер жәрдемінде ажыралып тұрады, ядролары созылыңқы, хұжайра табанына жақын орналасады. Эпителиоциттердің цитоплазмасының апикалды бөлімі тегіс ЭПТ мен митохондрияларға бай, микроворвсинкалары бар, олар, хұжайра мембранасының бет көлемін ұлғайтады.Дәм сезу шұқырында, микроворсинкалар аралығында:жоғары активтілікке еге фосфатаздар, белоктар мен муко-протейдтер болады, олар тіл ұшына түскен дәмді заттардың адсорбенттелуіне себебші болады (арнаулы рецепторлық белоктар қызметі).

Тілдің алдыңғы бөліміндегі дәм сезуші бүршіктерде – тәтті дәмді сезуші рецепторлық белоктар, артқы бөлімі бүршіктерде ащы дәмді сезуші хұжайраның өзі бірнеше дәм сезу тітіркенгіштігін қабылдай алады, әсер етуші молекулалар, рецепторлық белоктар құрылысын өзгертеді, соның үшін дәм сезуші сенсорлық эпитолиоциттер мембранасының өткізгіштігіне әсер етеді. Бұл құбылыстар холинергиялық синапстар қызметіне ұқсас болады, бірақ, бұл жерде басқа медиаторларда қатысады. Әрбір дәм сезуші бүршікке 50-дей афферентті нерв талшықтары кіреді және тамақталады, олакр рецепторлық хұжайралардың базалды бөлімдерімен синапс құрайды.

Дәм сезуші бүршіктерден қозу синапстар арқылы нерв ұштарына беріледі, одан әрі қарай дәм сезу анализаторларының орталық бөлігіне өтеді, ол жерде дәм сезу синапсы қалыптасады.

Қолдаушы эпителиоциттер- ядросы ірі түйіршікті тегіс ЭПТ, Гольжи комплексі, тонофибрил шоғырлары болады. Қолдаушы эпителиоциттер дәм сезуші бүршіктерінің базалды бөліміндегі нерв талшықтары мен дәм сезуші хұжайраларды қоршайды, сонымен қатар гликопротеидтер синтезінде қатысады.

Базалдық эпителиоциттер -базалды мембранада орналасқан эпителиалді қабатқа жанаспайды, аз мамандалған. Олардан қолдаушы және сенсорлық эпителиоциттер дамуы мүмкін деген көзқарас бар.

Регенерациасы- сенсорлық және қолдаушы эпителиоциттер әрдайым толықтырылып тұрады, өмір сүру мерзімі 10 күндей олардың күйреуі кезеңдерінде синапстары үзіледі, бірақ жаңа өнген хұжайраларда синапстар жалғасып, өз қалпына келеді. Адам жасының ұлғаюына қарай дәм сезіуші бүршіктер саны азаяды, дәмді сезу қабілеттері де әлсірейді.

Есіту және тепе-тендік ағзасы.

Бұл ағзаға: сыртқы, орта және ішкі құлақ кіреді, ал олардың өзара байланыстылығы арқылы: дыбыс, гравитация және вибрациялық стимулдар, сызықты және бұрышты жылдамдықтар әсері қабылданады.

1. Сыртқы құлақ: құлақ қалқаны, сыртқы есту жолы, дабыл жарғағы кіреді.

Құлақ қалқаны- эластикалық шеміршектің жұқа пластикасына құралып, майлы бездермен және аздаған жұқа қылшығы бар терімен қапталған.Тері бездері аз болады.

Сыртқы есту жолы- шеміршектен құралған, қалқанын эластикалық шеміршегін жалғасы, есту жолы жұқа терімен қапталған, терінің қылшықтары май безімен жалғасқан.

Дабыл жарғағы - эллипс тәрізді бірнеше есту сүйегіне ие, оның бір – балғаша-сабы арқылы дабыл жарғағының ішкі бетімен қарай.

2. Орта құлақ: дабыл қуысы, есту сүйектері және есту түтігінен құралған.

Дабыл қуыстығы- тығыз кеністік-жалпақ бір қабатты эпителиймен қапталған.Домалақ терезе дабыл қуыстығын ұлудың дабыл баспалдағынан ажыратып тұрады.

Есту сүйектері – балғаша, үзеңгі, ауыздық рычак жүйесіндегіідей толқынды сыртқы құлақтың дабыл жарғағынан сопақ терезеге жеткереді, ол жерден ішкі құлақтың вестибулярлық баспалдағы басталады.

Есіту түтікшесі- дабыл қуыстығы жұтқыншақ мұрын бөлігімен жалғасытырады, дм.1,2 мм.

Есіту түтікшесі арқылы орта құлақтағы дабыл қуыстығында ауа қысымы реттеледі.

Ішкі құлақ - сүйек ұлуы және онда орналасқан дабыл лабиринтінен құралған: а) есіту рецептор хұжайралары- ұлудың спиралдық ағзаларында; б) тепе-теңдік рецептор хұжайралары- эллипстік және сферикалық қалташа мен жартылай шарлы каналдардың ампуляр ескектерінде орналасқан.

Жоғарғы лабиринтті ұлу каналдары- ұлу тәріздес шекараларын құрайды.

Вестибулярлық мембрана каналдың жоғарғы медиалдық қабырғасында құралған. Жұқа фибрилді дәнекер тоқымадан құралған, эндолимфа жағы бір қабатты жалпақ эпителиймен, перилимфа жағы эндотелиймен қапталған.

Сыртқы қабырғасы- тамырлы жолақтан құрылған, ол спиралдық байланыста орналасқан, көп қатарлы эпителий- жалпақ базилярлық мөлдір хұжайралар мен биік өсінділі призмалық күңгірт хұжайралардан құралған.

Төменгі, базилярлық пластинкада күрделі спиралды ағза орналасқан, олар ішкі жағынан спи ралды сүйек пластинкасына жалғасқан.

Спиралдық ағзаның құрылысы- екі түрлі хұжайралардан сенсорлық және қолдаушыдан құралған, олар ішкі және сыртқы болады, шегаралары тунельдегі болып есептеледі.

Ішкі сенсорлық қылшықты- эпителиоциттер күзе тәріздес, табаны кең, бір қатарда орналасады.

Сыртқы сенсорлық қылшықты эпителиоциттер - шеңберлі сыртқы эпителийлік негізге ие. Сыртқы сенсорлық эпителиоциттердің цитоплазмасында: тотығу ферменттері РНК, гликоген көп.

Афферентті информация – естіу нерві арқылы – естіу анализаторларының орталық бөлігіне барады. Спиралды ағзаның қолдаушы эпителиоциттері -негізгі жағымен базилярлық мембранаға орналасқан цитоплазмасында - тонофибриллдері болады.

Базалды мембранада қара мен сыртқы фалангалы хұжайраларда орналасады, сыртқы бағаналы хұжайра жнында 3-4 қатар құрайды, призма пішіндес бзальді жағында ядросы тонофибрилдермен қоршалған. Спиралді ағзада көрсетілген хұжайралардан басқа: а) сыртқы шекаралы эпителиоциттер. б) сыртқы қолдаушы эпителиоциттер болады.

Сыртқы шекаралы эпителиоциттер -сыртқы фалангалы эпителиоциттермен бірге базалдық мембрандада орташа эпителиалдық хұжайралар құрайды.

Сыртқы қолдаушы эпителиоциттер -куб тәріздес эпителиоциттер, тамырлы жолақты қаптайды.

Макула -дақ базилярлық мембранада орналасқан және тірек хұжайраларынан құралған, эпителиймен қапталған.

Қылшықты сенсорлық хұжайралар- жоғарғы қылшықтары арқылы лабиринтті кеңістігіне шығады, хұжайралары афферентті және эфферентті нерв ұштарымен байланысады. Қылшықты хұжайралар: а) алмұрт тәрізді - шеңбері кең негізге ие, олар рецепторлық хұжайраларымен синапсты құрайды; б) бағаналы- нүктелі афферентті және эфферентті нерв ұштарына түйіседі, өздеріне сәйкес- синапс құрайды.

Қолдаушы хұжайралар- сенсор хұжайралар аралығында, күңгірт эллипс тәрізді ядролары бар, митохондрия көп, жоғарғы ұштарында жұқа микроворсинкалары бар.

Ампуляр ескек- жартылай шеңберлі каналдың ампуляр кеңістігінде- ампуляр ескектер кездеседі.Олардың қозуы, дене құрылысын реттейді және көз қозғалысына әсер етуші бұлшық еттерде рефлекторлық жауабы ретінде орындалды.

 

Та º ырыпты тере» о º у ¹ а арнал ¹ ан ¸ дебиеттер:

1. Гистология оºулы¹ы. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина.

2. Гистология, цитология ж¸не эмбриологиядан лабороториялыº сабаºтар¹а арнал¹ан практикум. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина.

3. Гистология, цитология ж¸не эмбриология атласы. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н., Горячкина В.Л.

4. Гистология. Юрина Н.А., Радостина А.И. М.Медицина, 1995.

5. Гистология. М. Рысулы, Омаров.

6. Гистология, цитология ж¸не эмбриологиядан лабороториялыº сабаºтар¹а арнал¹ан практикум. М. Рысулы, Омаров.

7. Лекциялыº материал.

 

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

 

ГИСТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КУРСЫ

 


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 3299 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.038 сек.)