АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Венулалар.

Микроциркулция тамырларының қанды алып кетуші бөлімі посткапиллярлық және жинаушы венулалардан құралған. Посткапиллярлықтардың дм. 8- 30 мкм, капиллярлардан дм- і үлкен, қабырғасында перицит жасушалары көп.

Жинаушы венулалар, дм. 30- 150 мкм, қабырғаларында бөлек- бөлек орналасқан тегіс бұлшық ет жасушалары болып, сыртқы қабығы өте анық көрінеді.

Венулалар, лимфатикалық капиллярлармен бірге дренаж қызметін орындайды, қан мен ұлпа сұйықтығы ортасындағы гемолимфатикалық теңдікті басқарады, ұлпаларды зат алмасуда құралған шығынды қалдықтарды тасиды. Венулалар қабырғасынан лейкоциттерге өтуі мүмкін, венулалар қабырғасының созылғыштығы, оларда қанның жинақталуы (депо) үшін қолайлы жағдай жасайды.

Артериол- венулярлық анастомоздар (АВА)

Олардан ағатын артериялық қан капиллярларға өтпестен, тура веналарға құйылады. АВА- ды барлық ағзаларда ұшырату мүмкін, дм- і 30- 500 мкм- дей, ұзындығы 4 мм-ге дейін жетуі мүмкін. АВА- ларды 2 (екі) түрлі топқа бөлу мүмкін: 1) Нағыз (шын) АВА (шунттар); 2) типі белгісіз (атипик) АВА- лар (жартылай шунттар)

Шын АВА- дарда венаға таза артериолдық қан құйылады: а) арнаулы жасырушы құрылымға еге емес; б) арнаулы жасырушы (сақтаушы) құрылымға еге шын АВА- дар.

Жасырушы құрылысы жоқ АВА- дарда бір тамырдың екіншісіне өту шекарасы болып, артериола орта қабатының таусылған жері боп есептеледі. Қан ағымы артериола қабырғасының орта қабатының тегіс бұлшық еттер жәрдемінде реттеледі.

Арнаулы жасырушы құрылымға еге шын АВА- дардың да екі түрі бар:а) жалғасушы артерия типіндегі АВА қабырғасының ішкі қабығында ұзына бойы орналасқан бұлшық ет жасушалары жақсы дамыған болып, тамыр қуыстығына шығушы ждастықшалар немесе бүрмелер құрайды. Бұлшық ет жасушаларының қысқаруы арқылы жастықшалар тамыр қуыстығын жасырып қояды.

Бұл анастомоздардың екінші түрі эпителиоид типіндегі АВА-дар болып,оларда жай және күрделі болуы мүмкін, олардың жай АВА-дарында тегіс бұлшық ет жасушалары веноз бөлімінде қысқарып, эллипс тәріздес болады, олар эпителийлі жасушалар деп аталады. Күрделі эпителиойд типіндегі АВА- дарда қан плып келуші артеиола 2- 4 бұтаққа бөлінеді, одан соң веноз сегментіне өтеді, бұтақтардың бәрі дәнекердің ұлпа капсуласымен оралған (мыс саусақ терілерінде). Анастомоздар қабырғасындағы эпителийлі жасушалар су молекуласын өзіне сіңіреді, нәтижеде іседі(көлемі ұлғаяды), соның ішін, тамыр қуыстығы тарайып немесе көрінбей (жасырынып) қалады. Демек, анастомоздар арқылы қанат ағыны реттеледі.

Атипикалық АВА- дар (жартылай шунттар) да артериола мен венула өзара қысқа капилляр типіндегі тамыр арқылы байланысады, бұл тамыр қабырғасында зат және газ алмасу өтеді, соның үшін венулаға аралыс қанның белгілі бір мөлшері құйылады.

Ағзаларда қанның ағыны және қысымы АВА- дар арқылы реттеледі, яғни ағзаларда веналарға АВА- дар арқылы қан құйылады (бұл капиллярсыз қан құйылу, бұл жүрек жұмысын жеңілдетеді). Веналарға құйылған артериолдық қан көбеюі арқылы қан оттегімен байытылады. Сонымен қатар, организмде қан оралымы бұзылғанда, әртүрлі патологиялық жағдайларға АВА- дардың маңызы зор.


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1350 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)