Лекция №11
Тақырып: Жүрек тамыр жүйесi
2005 ж
Лекцияның жоспары:
І Кіріспе.
1. Тақырыптың маңызы
2. Ағзалардың жалпы сипаттамасы
ІІ Негізгі бөлім
2. Жүйе ағзаларының дамуы
3. Жіктелуі
4. Қызметтері
5. Құрылысы
6. Қан мен қамтамасыз етілуі
7. Нервпен қамтамасыз етілуі
ІІІ Қорытынды бөлімі
35. Жас ерекшеліктері
36. Регенерациясы (қайта қалпына келуі)
Жүрек қан тамыр жүйесі ағзада мынадай маңызды функциялар атқарады: мүшелерге қанды өткізу, бөлу, ұлпалармен қан арасындағы зат алмасу т.с.с. Жүрек қан тамыр жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің құрылысымен функциясы бұзылған жағдайда әртүрлі ауыр патологияларға соқтырады: жүрек ақауы, инфаркт миокардасы, атеросклероз, гипертониялық ауру және т.б. Осының барлығы кезкелген болашақ дәрігерлік мамандарға жүрек қан тамыр жүйесін нақты оқуды қажет етеді.
Жүрек- тамыр жүйелері.
Жүрек- тамыр жүйелерінің құрамына: жүрек, қан тамырлары мен лимфатикалық тамырлар кіреді. Олар организмде: қанның, қоректік заттардың, биологиялық активті заттар, газдар, метаболизмге қатысушы заттардың оралымын қамтамасыз етеді.
Қан тамырлары
Қан тамырлары әртүрлі мөлшердегі жабық түтікшілер жүйесі, олар әртүрлі қосылыстарды, заттарды тасушы қызмет атқарады,ағзалардың қанмен қамтамасыз етілу қызметін, қан мен оны қоршаған орта аралығындағы зат алмасуды қамтамасыз етеді.
Дамуы. Қан тамырлары эмбриогенездің 2-ші- және 3-ші аптасында сарыуыз қабы қабырғаларынан, мезенхимадан дамиды. Мезенхима жасушалардың кейбіреуі алғашқы қан тамырларының эндотелиалдық жасушаларына өзгереді. Мезенхима аралшалары жасушалардың орталық бөлігіндегі жасушалар дифференцияланып қан жасушаларына өзгереді.
Тамырды қоршаған мезенхима жасушалары бірте-бірте дифференцияланып: тегіс бұлшық еттеріне, перициттерге және тамырлардың адвентациалдық жасушаларына, фибробласттарға, синтезделуші жасушаларлық заттарға өзгереді.
Қан тамырларының жалпы сипаттамасы және квассификациясы.
Қан тамырлары жүйесі құрамында: артерия, артериолдар, гемокапиллярлар, вена, венулалар және артериоловенулярлық анастомоздар болады. Артерия мен веналар арасындағы байланыс микроциркуляторлық ағыны тамырлары жүйесі арқылы орындалады, олардың құрамында капиллярлардан басқа, өте ұсақ артерия, вена және артериоловенулярлық анастомоздар болады.
Артерия арқылы қан жүректен ағзаларға тарқалады, оттегіне бай (өкпе артериясында веноз қаны болады).
Вена арқылы қан жүрекке түседі,оттегі аз болады,(өкпе венасында артериялық қан болады).
Артериялар -құрылысына қарай: үш типке ие: эластикалық, бұлшық етті және аралас (бұлшық етті- эластикалық) болып бөлінеді. Артерия қабырғалары үш қабықтан, құралған: ішкі, орта және сыртқы.
Эластикалық артериялар – тамырлары ірі: аорта және өкпе артериясы, оларда қан ағу жоғары қысымда (120-130мм. сынап бағ.) және жылдамдықта (0,5-1,3м/с) өтеді.
Олардың негізгі қызметі әртүрлі қосылыстарды, заттарды тасымалдау болып есептеледі. Аорта құрылысын қарап өтеміз, құрамында үш қабық болады: ішкі,орта және сыртқы деп аталады. Құрамындағы эластикалық элементтерге байланысты жүректің систола кезегінде созылады, дистолада қалпына келеді. Оларға қан жүректен тікелей немесе жақын орналасқан аорта доғасынан келеді.
Аортаның ішкі қабығы- эндотелий асты қабаты және эластикалық талшық түйінінен (орамына) құралады. Аортаның ішкі қабаты (жасушаның) эндотелий қабаты базалды мембранада орналасқан,бір яғни бірнеше ядроға ие: ЭПТ әлсіз дамыған,рибосомалар көп емес, митохондриялар өте көп (200-700), микрофиламенттер де көп кездеседі.Эндотелиалдық жасушалар ұзындығы 50 мкм, кеңдігі 150 мкм, көбінесе бір ядролы,көп ядролылары да кездеседі.
Эндотелий асты қабат-сирек жұқа фибривлярлық дәнекер ұлпаларынан құралған,жұлдызшалы (лангерганс),аз мамандалған жасушаларға бай,қалыңдығы аортаның 15-20%-не тең.Оларда тегіс миоциттер кездеседі, жасушалар заттарында: гликозамингликандер мен фосфолипидтер кездеседі. Негізгі аморфты затарынан тамыр қабырғалары қоректенеді. Эндотелий асты қабаты түбінде эластикалық талшық оралымдары жатады. Олардың жүректен шығатын жерінде қалталы топса «жарты ай қақпақтары-клапандары» орналасады.
Аортаның орта қабығы- құрамында 40- 50- дей эластикалық мембраналардан құралған, олар эластикалық талшықтармен және басқа қабықтардың эластикалық элементтерімен байланысып біртұтас эластикалық каркас құрайды. Мембраналар аралығында тегіс бұлшық етті жасушалар және фибробласттар орналасады.
Аортаның сыртқы қабығы- сирек талшықты дәнекер ұлпалардан құралған, ұзына бойына орналасқан қалың эластикалық және коллагенді талшықтарға ие. Орта және сыртқы қабықтар арқылы қоректенуші тамырлар және нерв өзекшелері өтеді. Сыртқы қабық тамырларды созылудан және үзілуден қорғайды.
Аралас типтегі (бұлшық етті- эластикалық) артериялар- оларға аортадан басталушы ірі тамырлар (мыс ұйқы және омырау асты артериялары) кіреді, олардың ішкі қабығы базавдық мембранада орналасқан: эндотелийден, эндотелий асты қабаты және ішкі эластикалық мембранадан құралған.
Орта қабықта- тегіс бұлшық етті жасушалары мен эластикалық талшықтар оралымдық бағытқа ие, олардың арасында аз мөлшерде фибробласттар мен коллагенді талшықтар кездеседі.
Сыртқы қабықта: кейбір тегіс бұлшық етті жасушаларға ие. Ішкі коллагенді және эластикалық талшықтардан құралған сыртқы қабатқа ие. Сыртқы қабықта тамырлардың тамыры мен нерцв талшықтары орналасқан.
Бұлшық етті типтегі артериялар. Оларға орта және ұсақ калибрлі артериялар жатады: дене, аяқ пен қол, ішкі ағза артериялары, т.б.
Бұлшық етті типті артериялар қабырғасында тегіс бұлшық етті жасушалар көп, қысқарғанда қан ағынына қосымша күш береді және ағзаларға қан келуіне реттейді. Эндотелийжасушалары базалдық мембранада орналасқан. Эндотелий асты қабаты: коллагенді және эластикалық талшықты, аз мамандалған жасушалардан құралған. Олар орта және ірі колибрлі артерияларда жақсы дамыған, құрамында гликозааминогликандар көп, өте ұсақ артериололарда сыртқы адвентициалдық қабатқа қосылып кеткен. Ішкі эластикалық мембрана жақсы дамыған, электрон микроскоптан мөлдір пластинкалардан құралғандығы анық көрінеді.
Бұлшық етті артериялардың орта қабаты спиралды орналасқан тегіс бұлшық етті жасушалардан құралған, олардың арасында аздаған фибробласттар мен коллагенді және эластикалық талшықтар орналасқан. Ірірек артериялардың орта қабаты эластикалық мембраналарды құрайды, оларға, ішкі және сыртқы қабат эластикалық талшықтар қосылып, біртұтас эластикалық каркас құрайды. Бұл каркас: тамырды керіп тұрады, бүрісіп қалмайды және қан тоқтамай ағады. Тегіс бұлшық етті жасушалардың қысқаруы нәтижесінде қан қысымы тұрақты болады және ағзалардың микроциркуляциялық жүйесіне қан келуін басқарады. Орта және сыртқы қабаттар арасында сыртқы эластикалық мембрана орналасады, олар жұқа болады.
Бұлшық етті артериялардың сыртқы қабаты сирек дәнекер ұлпалардан құралған, оларда нервтер мен артериялардың қабырғасын қоректендіруші ұсақ қан тамырлары кездеседі. Олардың эндотелий асты қабаты мен ішкі эластикалық мембранасы өте нәзік, жұқа. Орта қабаттағы бұлшық етті жасушалары мен эластикалық талшықтары бірте- бірте азайып барады. Сыртқы қабатта да эластикалық талшықтар азаяды, сыртқы эластикалық мембрана жоғалып кетеді.
Микроциркуляторлық ағындар жүйесі (МАЖ).
Микроциркуляторлық ағындарға- ұсақ тамырлар: артериолалар, венулалар, гемокапиллярлар және артериоловенулярлық анастомоздар жатады.
МАЖ- лимфатикалық капиллярлары және лимфатикалық тамырларымен қоршалған, оларды да орайтын дәнекер ұлпалармен бірге ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуін реттейді. Қан және капиллярлармен қосылып зат алмасуда қатысады, сондай- ақ МАЖ дренажды қызметті атқарады, қан депосы болып та таналады. МАЖ: прекапиллярлық, капиллярлық және посткапиллярлық тамырлардың қалың торыран құралған. Бұл жүйедегі тамырлар қан ағынына қарап өзгеріп тұрады, мысалы, олар кеңейіп, өздеріне қанның пішінді элементтерін жинайды, ал тарайған кезінде, текке ғана қан плазмасын өткеріп, ұлпаның жасушаралық сұйықтығы құрамын өзгертуі мүмкін.
Артериололар- олар, артерялардың тармақталуынан құралады. Артериололар, ең ұсақ бұлшық ет типіндегі тамырлар, дм-і 50-100 мкм-ден аспайды, олардың бір жағы артериялармен байланысқан болады, екінші жағы капиллярларға өтеді. Артериололар қабырғасы 3 қабықтан тұрады (олар, әлсіз дамыған): ішкі қабықта эндотелий мен эндотелий асты қабаты орналасқан, эластикалық мембрана жақсы дамыған. Орталық қабық 1-2 қабатты орналасқан тегіс бұлшық ет жасушаларынан құралған, олардың аралығында эластикалық талшықтар да кездеседі. Сыртқы қабық адвентициалды жасушалардан және ретикулин талшықтарынан құралған болады.
Артериололар қабырғасындағы бұлшық еттердің қысқаруы арқылы ағзаларға қан реттеледі. Прекапиллярлық артериоланың капиллярларға бұтақталатын жерінде шеңберліорналасқан бұлшық ет жасушаларының қысқаруы нәтижесінде тамыр қабырғасы тарайып, прекапиллярлар сфинктер қызметін атқарады.
Капиллярлар - мөлшері көп кездеседі, өте жіңішке, дм- і 4,5-7 мкм (көлденең- жолақты бұлшық ет, нервтерде, өкпеде); орташа, дм- і 7-11 мкм (теріде, кілегей қабықта) болады. Қан жаратылу ағзаларында, эндокринді бездерде және бауырда ірі капиллярлар, дм- і 20-30 мкм- дей, оларды синусойыдты капиллярлар деп атайды. Жынысты ағзалардың арнаулы қан жинақтаушы капиллярлық қуыстықтары- лакундар деп аталады.
Капиллярлар көбінесе тор құрайды, сондай-ақ: тері емізікшесінде, буындардың синовиалды бүршіктерінде түйінде, бүйректе-оралымдар құрайды. Түйіндердің артериалды және венозды бөлімдері болады. Артериалды бөлім мөлшері – эритроциттердегідей, венозділер- ірілеу мөлшерге ие. Бұлшық еттерде капиллярлар саны 1400-2000 (1 мм2), осы көлемдегі теріде капиллярлар 40-қа жақын болады. Жұмыс жағдайында болмайтын- «жабық»- капиллярларға қанның пішінді элементтері сыймайды, бірақ, олардан қан плазмасының айналымы өте береді.
Капиллярлар қабырғасындада 3(үш) жұқа қабат болады: ішкі қабат - эндотелий жасушаларынан; орта қабат- базалды мембрана мен перицит жасушаларынан, сыртқы қабат – адвентициалды жасушалар мен өте жұқа коллагенді талшықтардан құралған.
Эндотелиалды қабат- капиллярдың ұзынабойына созылыңқы орналасқан, ирелеңдеген жиекті, жалпақ жасушалардан құралған. Жасушалардың ұзындығы 25-30 мкм, ені 8-10 мкм, ядро орналасқан жердегі қалыңдығы 3-5 мкм, шет бөлімі өте жұқа 0,1 мкм-ге дейін болады. Капиллярлық қуыстыққа қараған жағында, ұзындығы 0,1- 0,7 мкм болған псевдоподийлар мен цитоплазматикалық өсінділер құрайды, олар, венозды бөлімде көп болады. Эндотелиалды жасушаларда органеллалар аз, микрофиламенттері бар, олар цитосулде құрайды, органеллалардың жылжу қозғалуына жағдай жасайды (орындайды). Эндотелиоциттердің ішкі және сыртқы беттерін бойлай пиноцитозды көпіршіктер мен вакуолдер орналасады, олар заттар алмасуында қатысады.
Базалды мембрана- талшықты құрылысқа ие, мембрана қалыңдығы 20- 50 нм, талшықтар қалыңдығы 2- 3 нм- дей, өзара шырмалып орналасады, аралықтарында аморф заттар болады. Эндотелиоциттер мен перициттер аралығында базалды мембрана ұштары жіңішкеріп, үзіледі, цитолеммалары (жасушалардың) өзара тығыз байланысып, күрделі құрылым құрайды(эндотелиоперицитарлық жанасулар). Бұл аймақ, бір жасушадан екінші жасушаға қозуды өткеру қызметін атқаруы мүмкін.
Базалды мембранада (мыс., бас миы, бүйрек үсті бездері, т. б.) АТФ- аза табылған, бұл жағдай мембранада заттар алмасуы өтуін көрсетеді.
Перициттер- дәнекер тоқымалы жасушалардан құралған, өсінділі пішінге ие, қан капиллярларын тор қалташа тәріздес қоршайды. Кейбір капиллярлардың перициттерінде эфферентті нерв ұштары болады, олар капиллярлар қуыстығының өзгерістерін реттуде қатысады. Перициттерді базалды мембрана қоршайды, соның үшін, базалды мембрананың құрамдық бөігі деп айтылады. Перициттер өсінділерінде жіңішке фибриллдері болады.
Адвентациалды жасушалар- аз мамандалған, перициттердің сыртында орналасқан, оларды дәнекер тоқымалардың аморф заттары қоршайды (құрамында жұқа коллагенді талшықтар бар).
Капиллярлардың классификациясы.
Капиллярлардың ультрамикроскоптық құрылысына қарай, төмендегідей түрлері болады:
1- ші типті- тұтас эндотелий мен базалды мембранадан құралған капиллярлар;
2- ші типті- қабырға құрамында фенестрлері (кішкене тесік) бар эндотелий мен базалды мембранадан құралған капиллярлар;
3- ші типті- қуысты тесігі бар эндотелилерге ие және базалды мембранадан құралған капилляр.
1- ші типті капиллярлар- теріде, бұлшық етте және нерв жүйесінде кездеседі; 2- ші типтілер- бүйрек түйіндерінде, эндокринді бездерде, ішек емізікшелерінде, т. б.- да; 3- ші типтілер-талақта, бауырда кездеседі.
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 2054 | Нарушение авторских прав
|