ТИМУС (АЙЫР БЕЗІ).
Тимус—лимфоцитопоэз және иммуногенездің орталық ағзасы. Онда иммуногенезде қатынасушы негізгі жасушалардан бірі болған Т—лимфоциттер дамиды, олардың алғашқы жасушалары сүйек кемігінен қан арқылы тимуске келеді, ол жерде антигенге байланыссыз. Т—лимфоциттерге дифференциланады. Тимустың екінші қызметі әртүрлі биологиялық активті заттарды өндіреді, олар тимустық гормондар деп аталады (тимозин, тимопоэтин, тимулин және тимустың гуморалды факторлары үлкен маңызға ие). Үшінші қызметі, иммуногенезде қатынасушы, организмнің өсуіне әсер етуші заттар өндіреді. Тимус қызыл сүйек кемігі мен иммунді жүйенің барлық перифериялық ағзалармен байланысқан. Тимусте жетілген Т—лимфоциттер, перифериялық ағзалардың арнаулы—Т-аймағында орналасады, ол жерде көбейіп, қорғаныс реакцияларында қатысады. Тимус қызметі бұзылса организмнің қорғаныс реакциялары әлсірейді, бұл жағдайда иммунитеттің жетіспеушілігі деп аталады. Егер, жаңа туылған хайуандардың тимусын алып тастаса, перифериялық қан жасалу ағзаларында: лимфоциттердің көбеюі мен қалыптасуы тез бұзылады, сонымен қатар Т-лимфоциттердің мөлшері азайып кетеді. Мұндай организм науқас тудырушы микробтар мен вирустар әсеріне шыдамайды.
ДАМУЫ. Тимус бүршігі шақалақты бастаманың 4-ші аптасында жұтқыншақ ішегі эпителийінің 3-4-ші жұп жабра қалталары ернеуінде (жиегі) пайда болады. Көп қабатты эпителий бүршіктері мезенхимаға батып енеді. 3-ші жұптың дисталды бөлігінің қалыңдауынан тимус денесі құралады, проксималды бөлімдері созылып, шығарушы түтікшеге ұқсас құрылым құрайды (экзокринді безге ұқсас дамиды). Бірақ, шығарушы түтікшелері жоғалып тимус денесі, жабра қалташаларынан ажыралып шығады. 7-ші аптаға дейін тимус эпителиалды бүршіктен дамиды, 8-ші аптадан бастап тимусқа: мезенхима мен бірге қан тамырлары енеді, мезенхимадан құралатын дәнекер тоқымалар тимусты бөліктерге бөледі. Осы кезеңде тимусқа қан тамырлары арқылы шақалақты бастаманың сарыуыз қабығынан, одан соң бауырдан қанның өзекті жасушалары келеді. Олардан 11-12-ші аптада Т-лимфоциттердің арнаулы рецепторларына еге болған лимфоциттер қалыптасады (лимфоциттердің барлық түрінің жиынтығын—тимоциттер деп атайды).
Сонымен қатар, өзекті жасушалардан тимустің микроортасын жаратушы макрофагтар мен интердигитациялаушы жасушалар дифференцияланады, эпителий жасушаларында да өзгеріс пайда болады, жұлдызды пішіндес, өзара цитоплазмалық өсінділер арқылы байланысады, ол жерде десмосомалар құралады, эпителиалдық негіз жұмсақ тор көрінісіне өтеді. Бұл көрініс—ретикулоэпителиалдық жасушалар торы деп аталады.
Олардың цитоплазмасында тимустық гормондарға не секреторлық көпіршіктер мен топофибриллдер құралады (орталық аймақта көп және қалың болады). Дамудың 4-ші айында тимустың милы зат стромасында қатпарлы эпителиалдық денешіктер (Гассалды денешіктер) эпителийден дамиды. Олардың құрамында жуан топофибриллдер мен кератинді түйіршіктер болады. Тимустың қалыптасуы 5-ші айда аяқталады, Т-лимфоциттер митотикалық бөліну арқылы лимфатикалық түйіндеріне (тимуске байланысты аймақ) және басқада перифериялық лимфоидтар ағзаларына жинақталады. Т-лимфоциттер функционалдық қызметтеріне қарай: киллер, хелнер және супрессор күйінде болады, олардың антигендер құрамы әртүрлі, плазмолеммадағы рецепторлары да өзгешілікке ие болады. Тимусқа Т-лимфоциттердің алғашқы жасушаларын қызыл сүйек миы қамтамасыз етеді.
ТИМУСТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Тимустың негізгі—эпителиалдық тоқымалардан құралған, базалды мембранаға ие базалды қабаты сыртқа қараған, олар дәнекер тоқымалармен жанасады, олардың капсуласымен қапталған, олардың талшықтары тимусты бөліктерге бөледі.
Әрбір бөліктің қыртысы және милы заты болады. Қыртысты затында Т-лимфоциттер РЭХ-торын толтырып тұрады. Капсула асты аймағында ірі лимфобласттар орналасады (қызыл сүйек миынан көшкен алғашқы Т-лимфоциттер), олар гормондар әсерінде Т-лимфоциттерге өзгереді (пролиферацияланады). Қыртыстағы Т-лимфоциттер, милы заттағы Т-лимфоциттерден өзгеше болады (бөлек рецепторларға ие). Олар қан ағынымен лимфоцитопоэздің перифериялықтағзаларына барады, ол жерде субкластар (антигенреактивті): киллер, хелпер және супрессорларды құрайды.
Бөтен антигендерге қарсы арнаулы циторецепторлары бар Т-лимфоциттер (“мамандалған”) циркуляторлық ағынға өтеді. Егер өзінің антигендеріне қарсы циторецепторларға еге Т-лимфоциттер қанға өтсе аутоиммундық науқастар пайда болады (“мамандалған”)—Т-лимфоциттер, оларды қыртысты аймақта макрофагтар фагоцитоздау жолымен жойып жібереді, тимус қызметі бұзылса, олар қанға өтіп аутоиммундық науқастар қоздырады).
Қыртыс және милы аймақ арасындағы шегара, кортико-медулярлық аймақ деп аталады, ол жерде: қан атмырлары, посткапилярлық венулалар, рекулоэпителиалдық жасушалар, интердигитациялаушы жасушалар және лизосомаларға бай макрофагтар болады, микроорта құрайды, олардың аралығында әртүрлі құрылыстағы тимоциттер орналасады.
Қыртысты аймақтағы тимоциттер, қан ағынынанкелуші бөтен антигендерден арнаулы гемато-тимус барьері (-“қан-тмиус тосқаулы”) арқылы бөлініп тұрады, бүл барьер құрамында кортико-медулярлық аймақтың көпшілік құрамдық заттары болады. Барьер (тосқауыл)—антигендерді ұстап қалу және таңдамалы өткеру қабілетіне ие. Қыртысты аймақты қоршаушы дәнекер тоқымалар иен тимус паренхимасы аралығында да шегаралаушы барьер бар.
Милы зат—тимоциттері аз және сирек кездеседі, соның үшін ақ түске ие. Ретикулоэпителиалдық жасушалары цитоплазмасында ірі көпіршіктері көп, олар кейде секторлық түтікшелер құрайды, ішкі қабырғаларында қысқа микроөсінділер кездеседі, топофибриллдері жуан бөліктер құрайды. Милы зат орталығында қатпарлы эпителиалдық денешіктер орналасқан. Олардың цитоплазмасында: ірі вакоулдері, кератин түйіршіктері мен дөрекі—өрескел фибрилдер шоғырлары бар. Милы заттың лимфоциттері Т-лимфоциттер үшін айналмалы өзек қызметін атқарады, олар посткапилярлық венулалар мен лимфа тамырлары арқылы қан тамырларынан шығып және кіріп тұра алады.
Бөлінуші (митотикалық) жасушалар саны қыртысты затқа қарағанда 15 есе аз болады.
Тимустың жоғарыда көрсетілген қызметтерінен басқа организмге биологиялық активті заттарды шығару факторларына еге (гормондардан басқа): инсулинді фактор қандағы қанттың мөлшерін азайтады; кальцийтонинді фактор қандағы кальций мөлшерін төмендетеді, сонымен қатар өсу факторы қызметінде орындайды.
Ас қорыту жолындағы лимфоидты түйіндер—олар ас қорыту мен тыныс алу жолы қуыстықтарындағы ағзалар қабырғасында локалді иммунды қорғаныс қызметін атқарады. Бұл жерде (фабрициус қалташа—бурса) сыртқы ортадан енген антигендерді тану үшін В-лимфоциттер сүйек кемігінен өнген рецепторларды қабылдайды. Осы жердегі Т-лимфоциттер иммунитет реакциясына қатысып, В-лимфоциттердің қызметін реттейді. В-лимфоциттер эпителиоциттер мен дәнекер тоқымаларда лимфоидты түйіндер құрайды. Түйіндер саны және олардағы герминативті орталықтар мөлшер! Иммунді реакциялар жағдайларына байланысты өзгеріп тұрады.
Антигендермен активтелген В-лимфоциттер бөлінуден соң, лимфоидты түйіннен шығады, кейбір бөлігі посткапилярлық венулалар қабырғасынан шығып қан ағынына өтеді. Лимфоидты түйіндерге оралып қайтқанда (кілегей қабыққа) плазмоциттерге дифференциланады, оларда антиденешіктің белокті құрамы—А типті иммуноглобулиндер өндіріледі. Олардың көмірсулы бөлімі эпителиоциттерде өндіріледі, бұл жерде иммуноглобулиндер бактериялар мен вирустарға қарсы қорғаныс қызметін орындайды.
ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ
Лимфа түйіндері перифериялық қан жаратушы және иммунді қорғаныс ағзаларының бірі. Олар организмде көп кездеседі (мөлшері 0,5-1 см). Олар лимфа тамырларын бойлай орналасады, төмендегідей қызмет орындайды:
1. Оларда Т-және В-лимфоциттердің көбеюі мен антигендерге сәйкес мамандалуы өтеді. Т-және В-лимфоциттер өзара ми қорорта жасушаларымен байланысып, антигендерге қарсы арнаулы антиденешіктер өндіреді.
2. Түйіндер: тоқыма сұйықтығы ағынындағы және лимфаны барлық бөтен антигендерден тазалайды (биологиялық фильтр қызметі).
3. Түйіндерде тоқыма сұйықтығы жинақталады (депо қызметі), сондай-ақ оларда қанмен келген моноциттердің: макрофагтар мен интердигитациялаушы жасушаларға өзгеруі өтеді (орындалады).
Лимфа түйінінің жайылған жерінде—қақпасында, оларға артерия мен нервтер кіреді, соның үшін тоқыма сұйықтығы ағынына фильтр қызметін атқарады, лимфа: бөтен денешіктерден, микроорганизмдерден тазарып, лимфоциттер мен антиденешіктерге бай болады.
ДАМУЫ. Ана құрсағындағы шақалақты бастаманың 2-3 айлық мерзімінде алғашқы лимфа түйіндері пайда болады. Олардың құралуы қан және лимфа тамырларының сыртындағы мезенхима жасушаларының бөлініп, одан соң топталуына байланысты. Құралуына сәйкес 2 топқа бөлуге болады: 1-шісі лимфа қаншалары негізінде дамушы; 2-шісі перифериялық лимфа тамырлары шоғырлары орнына дамушы лимфа түйіндері тобы болады.
Түйін бүршігінің айналасында орналасқан мезенхима жасушаларынан түйінді орап тұрушы капсула және оның бөгеттері—трабекула қалыптасады. Болашақ түйін аймақтарында ұлғайған лимфа саңылаулары бір-біріне құйылады, нәтижеде капсула асты синус құралады. Олардан ішке қарай бағытталған және трабекулалар аралығындағы өзара қосылушы көптеген анастомоздар қатысуымен түйін аралық және милы синус құралады. Түтігін бүршігінің мезенхима жасушалары ретикулярлыққа өзгереді, олар ретикулин талшықтарымен қосылып болашақ лимфа түйінінің торлы құрылысты негізін—строманы құрайды. Торлы строма қуыстықтары 4-ші айдан бастап лимфоциттермен тола бастайды, лимфатикалық түйін мен майлы шумақ пайда болады, ретикулярлық талшық та құралады. Болашақ милы заттарда В-лимфациттер пайда болады, одан соң, болашақ қыртысты зат құралады. Т-лимфоциттер қыртысты және милы зат аралықтарында (Т-аймақ) аралық аймақта қалыптасады. Осы кезеңде түйін бүршігінде микроорта жаратушы: макрофагтар, интердигитациялық және дендриттік жасушалар құралады. Дамудың 6-шы айында лимфа түйіндері қан жасаушы ағзалар белгі-сипатына өзгереді (қорғаныс-иммунді қызметті де орындайды).
ҚҰРЫЛЫСЫ. Лимфа түйіндері сыртынан дәнекер тоқыма капсулаларымен жабылған (қақпа маңайында жалпақ). Капсулада: коллагенді талшықтар көп, ал эластикалық аз болады. Капсулада тегіс миоциттер щоғырлары да бар, олар қақпа маңайында көп болады (түйіннің батыңқы беті қақпасы деп айтылады). Капсуладан түйіннің ішіне анастомоздар құраушы трабекулалар кіреді. Капсула мен трабекула түйіннің дәнекер тоқымасының негізін құрайды, лимфа түйінінің негізін ретикулярлық тоқыма құрайды. Олар өсінділі жұлдыз тәріздес жасушалардан және талшықтардан құралған, олардың торлы қуыстығында Т-, В-лимфоциттері және микроорта жасушалары болады. Түйін кесіндісінде: перифериялық, тығыз қыртысты затты (лимфа түйіні мен паракортикалды аймағы бар), сондай-ақ орталық милы затты (милы шумақ пен синустардан құралған) көруге болады. Кортикалды қабат пен милы шумақтың көп бөлігін В-лимфоциттер егелейді (В-аймақ). Паракортикалды және тимусқа тәуелді аймақты Т-лимфоциттер егелейді (Т-аймақ).
ҚЫРТЫСТЫ ЗАТ— негізгі бөлігін лимфоидты фолликулалар егелейді, яғни ретикулалық тоқыма оралымдарына кіретін: лимфоциттер, лимфобласттар, макрофагтар, т. б. жасушалар жицнтығынан құралады. Перифериялық бөлімдерде ұсақ және орташа лимфоциттер, ал орталық бөлімде ірілері орналасады. Орталық бөлім көбею орталығы (герминатив) деп аталады (оларда макрофагтар және дендритті жасушалар болады). Бұл аймақтың антигендер әсерінен өзгеруі реактивті орталық деп аталады. Көбею орталығында көрсетілген жасушалардан басқа, көбею қабілетіне ие жасушалар: лимфобласттар, пролимфобласттар және аз мөлшерде ұмақ лимфоциттер кездеседі.
Көрсетілген аймақта В-лимфоциттер мен олардың туындысы плазматикалық жасушалар болады (В-аймақ деп аталады). Организмге антигендер түскенде герминативтік (көбею) орталығы ұлғаяды, митоз жолымен көбеюші жасушалар жинақталады, бөліну жүрмеген кезде, оларда текке ғана: жалғыз өзі бөлінуші лимфобласттар және аздаған макрофагтар кездеседі. Макрофагтар антигендерді молекулярлық көрініске өзгертеді. Антигендер мен Т-хелпер қосылып В-лимфоциттердің қалыптасу реакциясында қатысады, бұл реакция нәтижесінде Т- және В- типті есте сақтау жасушалары мен иммунобласттар құралады. Антигенмен активтелген В-лимфоциттер көбею және ұлғаю жолымен В-аймақты құрайды, одан милы шумаққа өтеді, ол жерде плазмоциттарға өзгереді, антигенденешік құрайды. Есте сақтау жасушалары лмифа ағынымен немесе посткапилярлық вена арқылы қан айналымына түседі, антигендермен 2-ші рет кездесіп эффекторлы жасушалар құрайды. Макрофагтар өлген жасушаларды фагоцитоздайды, соның үшін, олардың цитоплазмасында хромофильді қалдық денешіктер құралады. Реактивті орталықтың дендритті жасушалары, макрофагтар туындысы, олар цитолемма рецепторларымен бірге иммуноглобулиндер синтезіне қатысады. Иммуноглобулиндер мен қосылып организмнің иммунді жауабына қатысушы антигендер өндірілу реакциясына қатысады.
Қыртысты және милы заттар шегарасындағы аралық аймақта паракортикалды тимусқа бағыныңқы аймақ орналасады, олардың негізгі заттары Т-лимфоциттер. Қыртыс алды аймақта Т-лимфоциттер үшін арнаулы микрорта жаратушы интердигитациялық жасушалар болады. Олар Т-лимфоциттердің көбеюіне және жұмысшы жасушаларға дифференциялануына жағдай жасайды. Паракортексте көптеген посткапилярлық венулалар бар, оларда биік, цилиндрлі эндотелий жасушалары болады. Олардың арасындағы қуыстық арқылы Т- және В-лимфоциттердің түйінге кіру және шығуы орындалады. Интердигитациялық жасуша ядросы пішінсіз, олардың шетінде хроматиндері орналасқан. Әлсіз базофилді цитоплазмасында: вевикулалар, Голбджи комплексі, тегіс ЭПТ бар, фагосомалары аз. Олар лимфоцитогенездің гуморалды факторына қатысушы гликопротендтер өндіріледі. Мембрана іші қабатының гликопротендтері цитоплазматикалық мембаранада: антигендерді сіңіреді және жинақтайды, Т-лимфоциттер қалыптасуына қатысады. Л-лимфоциттер эффекторлы жасушаларға өзгереді.
МИЛЫ ЗАТТАР. Лимфа түйінінен және паракортикалды аймақтан милы затқа өзара анастомозданушы ми таспа өтеді. Ми таспасы—ретикулярлық тоқыма оның торларындағы В-лимфоциттерден және макрофагтардан құралған. Плазматикалық жасушалар G-иммуноглобулиндерін өндіреді. Таспалардың ішкі жағындағы эндотелиоциттер саңылауларынан қан капилярлары өтеді, ал сыртқы жағынан жалпақ ретикулоциттер қоршайды.
Ми таспалары, оларды қоршаған трабекулалар және синустармен милы заттарды құрайды.
Қыртысты және милы заттар синустары арқылы лимфа ағады. Синустар, оған: түйіндерден, паракортикалды аймақтан және ми таспасынан түскен лимфоциттермен байытылады. Синустардағы еркін элементтердің түрі: лимфоциттер, плазмоциттер, еркін макрофагтар және дәнді лейкоциттер болады. Синустар қорғаныс қызметін атқарады, оның себебі: лимфатикалық түйіндерге түсуші антигендер фагоцитоздаушы жасушалар арқылы ұсталып, бөлщектерге бөлініп ыдырайды.
ҚАН АЙНАЛУЫ. Артерия түйін қақпасынан кіріп, екіге бұтақталады: 1-шісі капсула мен трабекулалар жағына, 2-шісі қыртыс пен милы заттарда капиллярлар торын құрайды. Бұл тордан посткапилярлық венулалар басталып, олар веналарға жинақталады және түйін қақпасынан вена көрінісінде шығып кетеді. Физиологиялық қалыпты жағдайда синустарға қан түспейді, бірақ патологиялық жағдайларда синустарда: эритроциттер мен гранулоциттер кездесуі мүмкін.
ГЕМОЛИМФАТИКАЛЫҚ ТҮЙІНДЕР.
Адамдарда аздаған мөлшерде гемолимфатикалық түйіндерде кездеседі, олардың синустарында қанның құрамдық элементтері: эритроциттер мен гранулоциттер болады.
Гемолимфа түйіндері ұсақ талақтармен салыстырғанда кейбір өзгешіліктерге еге болады:
а) Гемолимфа түйіндерінде қанды алып келуші тамырлары болады; б) қосымша талақтарда арнаулы құрылымдар: орталық артериялар, ірі венозды синустары болады, бірақ олар гемолимфа түіндерінде болмайды.
ИННЕРВАЦИЯСЫ. Лимфа түйіндерінде: рецепторлық және эффекторлы нерв ұштары болады. Түйінге қақпа жағынан милы және мисыз заттары рецепторлық нерв ұштарын құрайды. Эффекторлық нерв ұштары: адренэргикалық және холинэргикалық болады.
Организмнің жасына байланысты лимфа түйіндегі өзгерістер. Жас ұлғаюына байланысты герминативті орталықтар жойылады, бүл кезде: түйін капсуласы жуандайды, трабекулалар көп болады, макрофагтардың фагоцитоздау қабілеті төмендейді. Кейбір түйіндер жойылып, орнвна май тоқымалары қалыптасады.
ҚҰРЫЛЫСЫ. Олардың мөлшері лимфа түйіндерімен салыстырғанда ұсақ. Сыртқы жағын дәнекер тоқымалы капсулалар қоршаған. Қыртысты заты ұсақ милы таспасы жіңішке болады. Синустары кең.
Шақалақты бастаманың гемолимфоциттерінде: промиелоциттер, миелоциттер, метамиелоциттер эозинофилділерден—проэритроциттер, нормоциттер, т. б. болады.
Талақ—иммунді қорғаныс жүйесінің перифериялық ағзаларына жатады, көптеген маңызды қызметтерді орындайды.
1. Қан жаратушы және қорғаныс қызметтері—талақта Т- және В-лимфоциттердің көбеюі өтеді, олар микроорта жасушаларымен қосылып қызмет атқарады. Талақ жасушалық және гуморалды иммунитетте актив қатынасады. Талақта бөтен денешіктерді макрофагтар жойып жібереді. Шақалақты бастама дамуында гранулоциттер, эртироциттер және қан пластинкалары құралады. Шақалақ туылғанда олар жойылып кетеді.
2. Талақ өмір сүру кезеңін өтеген эртироциттер мен қан пластинкалары жойылып кетеді, өлген қалдықтарды макрофагтар ыдыратады. Трансферрин сүек кемігіне келіп, жаңадан құралатын эритроциттерде гемоглобин синтезі үшін жұмсалады. Талақта эритроциттердің ыдырауы өтетіндіктен—талақ эритроциттер үшін—“маломазар”—деп айтылады.
3. Талақта биологиялық активті заттар өндіріледі, олар қызыл сүйек кемігіндегі эритропоэз және тромбоцитопоэз кезеңдерін басқарады.
4. Талақта қан қоры сақталады, олар керек уақытта жұмсалады, сол үшін қан депосы деп аталады.
Организмнен талақты алып тастаса, қорғаныс қабілеті әлсірейді. Организм уланғанда және әртүрлі инфекциялық құбылыстарда бұзылған талақты, хайуан талақтарымен алмастырып, зиянды заттардан тазалануға қолдана бастады.
ДАМУЫ. Адамның талағы шақалақты бастаманың 5 апталық мерзімінде үстіңгі орналасқан шажырқай мезенхималарынан құралады. Топталған мезенхима жасушаларының арасынан қан тамырлары өтеді, ретикулярлық тоқыма құралады, онда өзекті жасушалары орналасады. 7-8 апталық талақта макрофагтар дамиды, 12-ші аптада алғашқы В-лимфоциттер құралады, оларда иммуноглобулинді рецепторлар болады. Адамның талағында миелопоэз жоғарғы сатыға шақалақты бастаманың 5-айлық мерзімінде жетеді. Сонан соң бала туғанға дейін миелопоэз әлсірейді, миелопоэз жоғарғы сатыға шақалақты бастаманың 5-айлық мерзімінде талақта лимфоцитопоэз күшейеді, 3-айлық шақалақты бастаманың талағында тамырлардың венозды синустары құралады, олар аралшық түрінде артерияларды қоршайды (Т-аймақ), 5-айлық мерзімде олардың сыртында лимфоциттер мен макрофагтар жиналады (В-аймақ). В-лимфоциттердің бөлінуі жылдам өтеді, Т-лимфоциттерде баяу өтеді. Лимфа түйіндері мен қызыл пульпа 6-айлық мерзімде құралады (өнеді).
ҚҰРЫЛЫСЫ. Адамның талағы дәнекер тоқыма капсуласымен қоршалған, талақ қақпасында капсула қалың, олардан қан және лимфа тамырлары өтеді. Капсула құрамында: фибробласттар, көптеген коллагенді және эластикалық талшықтар болады. Талшықтар аралығында тегіс миоциттер орналасады.
Капсула ішінен маңдайшалар—талақ трабекулалары тарайды, ағзаның терең бөлімінде өзара анастомоздалады. Адам талағында: капсула мен трабекулалар 5-7% мөлшерінде болады, олар тірек-қысқарушы аппарат құрайды. Трабекулада тегіс миоциттер көп емес, эластикалық талшықтар көбірек кездеседі.
Талақтың ақ пульпасы және талақтың қызыл пульпасы болады, олардың негізгі бөлігі—ретикулярлық тоқымалар болып есептеледі (строманы құрайды).
ТАЛАҚТЫҢ АҚ ПУЛЬПАСЫ— адвентациялық бөлімде түйінді көріністе орналасқан лимфоидты тоқымалар жиындысынан және лимфаның периартериалдық қынабынан құралған.
Талақтың лимфа түйіні (ТЛТ)—дм-і 0,3-0,5 мм, ретикулярлық тоқыма оралымдарында Т- және В-лимфоциттердің, плазмоциттер мен макрофагтардың жинақталуынан құралады, сыртынан тығыз ретикулярлық жасушалар капсуласымен қоршалған. ТЛТ-нен эксорталықты жағдайда артерия түйіндері өтеді, олардан радиалдық капиллярлар өтеді. ТЛТ-дері 4 көмескі білінетін аймаққа еге: периартериалды, көбею орталығы, мантийлы және шегаралық болып бөлінеді.
Периартериалды аймақ—артерия жанында, аз бөлікке еге, Т-лимфоциттерден құралған, олар лимфа түйіні артериясынан және интердигитациялық жасушалардан гемокапиллярлар арқылы келеді. Бұл жасушалардың субмикроскоптық өсінділер, оларды қошаушы лимфоциттерге дейін созылып барып, олармен жанасады. Осы жасушаларға қанмен келген антиденешіктерді сіңіреді, Т-лимфоциттарға микроорта жөнінде информация жеткереді. Сонымен қатар, Т-лимфоциттердің қалыптасуын күшейтеді, активтелген Т-лимфоциттерде бұл аймақта 2-3 тәулік ішінде көбейеді. Одан соң, гемокапиллярлар фрқылы периартериалдық аймақтан шегаралы аймақтың синустарына көшіріледі. В-лимфоциттер де осындай жолмен талаққа түседі. Периартериалды аймақ функционалдық қызметтері бойынша лимфа түйіндерінің паракортикалды тимусқа бағыныңқы аймағына ұқсас болады.
ТЛТ-нің көбею орталығы (герминативті)—ретикулярлық жасушалардан және антиденешік құраушы жасушалардан дифференциланушы В-лимфобласттардан тұрады. Олар митоздық бөліну кезеңдерін өткереді (бұл фолликулалар шетінде артерия орналасады).
ТЛТ-нің мантийлы аймағы—тығыз орналасқан кіші В-лимфоциттер мен аз мөлшерлі Т-лимфоциттерден және плазмоциттер мен макрофагтардан құралған. Бұл аймақ: периартериалды және көбею бөлімдерін қоршайды, олардың жасушалары қалың ретикулярлық талшықтары қыртыстарының оралымын құрайды.
ТЛТ-нің шеткі (жағалаулы-маргиналды) аймағы—ақ және қызыл пульпалар үшін өтпелі бөлігі, кеңдігі—100 мкм. Құрамында: Т- және В-лимфоциттер, бірен-саран макрофагтар болады, олар қабырғаларында тесікті қуыстығы бар синусоид тамырларымен қоршалған.
Периартериалды лимфа қынабы—пульпа артериялары жолында созылыңқы көріністе орналасады, құрамында: В-лимфоциттер шоғыры, плазматикалық жасушалар, ал қынап шетінде —кіші Т-лимфоциттер болады.
Талақтың қызыл пульпасы (ТКП)—ретикулярлық тоқымалардан (құрамында қанның жасушалық элементтері орналасқан, олар қызыл түс береді) және синусоид типті қан тамырларынан құралған. Синустар аралығындағы қызыл пульпа бөлігі—пульпалық (талақ шумағы) шумақ—таспа деп аталады. Оларда лимфа түйіндері ми шумағынан құрамындағы моноциттер тұрақтайды және макрофагтарға дифференциланады, эритроциттер де көп кездеседі.
ТАЛАҚТАҒЫ ҚАН АЙНАЛЫМЫ— талақ қақпасынан талақ артериясы кіреді, олар трабекулалар бойлап бұтақталады (трабекула артериясы деп аталады). Трабекула артериясы қызыл пульпаға өтеді (пульпа артериясы деп аталады). Пульпа артериясының сыртқы қабығында көп мөлшерде эластикалық талшықтар бар, олар тамырлардың созылуы мен қысқаруын қамтамасыз етеді. Трабекула жанындағы адвентацияда орналасқан пульпа артериясында: перитериалдық лимфа қаны мен түйіндері пайда болады.
Артерия түйіндеріндегі гемокапиллярлар түйіннен шыққанда бармақ тәріздес бұтақталады, бұл бармақты артериолалардың дисталды бөлімі жуандап гильзалы (эллипс тәріздес) артериолалар құрайды, олар ретикулярлық жасушалар мен талшықтар муфтасы (гильза) мен жабдықталған. Бұл муфталар вена синустарына қан құйылуында сфинктер міндетін атқарады. Капиллярдың веналарға өтуі: ашық және жабық қан айналу жолдары арқылы орындалады. Жабық қан айналуында қызыл пульпа капиллярлары венозды синусқа түседі, ал кейбіреуі, ретикулярлық тоқымаға ашылуы мүмкін (ашық қан айналуы).
Жабық қан айналуында—тоқымаларда тотығу және қан айналу тез өтеді, ашық қан айналуында—қан айналуы баяулау өтіп, қанның пішінді элементтерінің макрофагтармен жанасуына жағдай жасалады.
Синус—талақтағы веноз жүйесінің басталуы болып саналады, дм-і 12-40 мкм (қан толуына байланысты), синустардың кеңею мөлшерінің жиындысы—талақтың көп бөлігін егелейді. Синус эндотелиоциттері үзінділі базалды мембранада орналасады, синус қабырғалары бетіне сақина тәріздес ретикулярлық талшықтар кіреді, синуста перициттер болмайды. Синус қабырғаларында венаға өтетін жерінде бұлшықет сфинктеріне ұқсас құрылым бар. Ашық қан айналымының артериалды және венозды сфинктерінде қан синус және веналарға еркін кіреді, ал сфинктер жабық кезінде қан талақта жинақталады. Синустар созылғанда эндотелиоциттер қуыстық құрайды, олар арқылы қан ретикулярлық стромаға өтеді. Артериалды және венозды сфинктер босаңсуы және тегіс миоциттер капсуласы мен трабекуланың қысқаруы нәтижесінде синустан қан веноз ағынына түседі, венаның сыртқы қабығы трабекуланың дәнекер тоқымаларымен тығыз тұтасады, мұндай құрылым қан ағынын қамтамасыз етеді. Талақ капсуласында артерия мен вена аралығында анастомоздар кездеседі.
ИММУНДІ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ИММУНДІ РЕАКЦИЯЛАРДАҒЫ ЖАСУШАЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫ
Иммунитет—организмінің өзіне барлық генетикалық белгі-қасиетімен жатболған әртүрлі құрылымдар мен заттардан (антигендерден) қорғану қабілеті.
Антигендер—күрделі органикалық заттар, адам (немесе хайуан) организміне түскенді арнаулы иммунді жауап қайтарылады, оларға: бактериялар, вирустар, паразиттер, бөтен жасуша мен тоқымалар, мутациялық өзгерген дененің меншікті жасушалары (мысалы, рак жасушалары). Бөтен жасушалардың тіршілік құрамы: белоктар, поли сахаридтер, полипептидтер, сондай-ақ қолдан синтезделген жоғарғы полимерлі қосылыстар, т. б. жатады.
Антигендер организмге сырттан түссе—экзоантигендер немесе организмнің өзінде құралса—аутоантигендер деп айтылады.
Иммунді жүйені: иммуноциттер, әртүрлі тоқымалар, орталық және периферилық ағзаларды (иммунді және қан жаратылу) құрайды. Оларда арнаулы реакциялар жүреді, соның үшін генетикалық бөтен құрылымды тани алады.
Иммунді жүйенің орталық ағзаларына: сүйек кемігі мен тимус кіреді, перифериялыққа: лимфатикалық түйіндері, талақ, тамақ сіңіру, тыныс алу және зәр шығару жолдарындағы лимфоидты тоқымалардан (фолликулалар) құралған.
Иммунді жүйелерде иммунді-қорғаныс құбылыстары өтеді, оларға Т- және В-лимфоциттер қатысады. Бұл жасушалардың көбеюі, қалыптасуы және қызметі, микроорта құраушы: макрофагтар, интердигитациялық және дендритті жасушаларға байланысты. Тимустың стромасын құраушы ретикулоэпителиалдық жасушалар да осы топқа жатады.
Бұл көрсетілгендерден басқа организмдегі қорғаныс реакциялары үшін лейкоциттердің (нейтро, эозино және базофилділер), тоқыма базофилділерінің және фибробласттардың маңызы зор.
Антиденешіктер—күрделі белоктар, әртүрлі антигендер әсерінде плазматикалық жасушалар синтездейді (Адам және жылу қанды хайуандар қаны плазмасының иммуноглобулинді фракциясы құрамында болады). Олар арнаулы сәйкес келуші антигендермен қосылыс құрайды, мыс., организмге бактериялар түскенде, қандағы белоктың глобулинді фракциясында—иммуноглобулиндер құралады. Иммуноглобулиндер бірнеше класқа бөлінеді: G(1дG); М(1дМ); 1дА; 1дЕ; 1дД, т. б. Адам қаны плазмасындағы ең маңыздысы иммуноглобулин G (1дG)—организмнің вирустарға және бактерия токсиндеріне қарсы нейтрализациялау реакцияларында жақсы эффект береді. 1дМ—токсинді антигендерге қарсы жақсы эффектбереді. 1дА—әртүрлі секретті заттар, тыныс алу жолы мен ішек кеңістігіндегі муциндар құрамында болады: карбонсулар көп, протеолитикалық ферменттер әсеріне шыдамды. Олар кілегейлі қабықтың эпителиалды бетін қорғайды. 1дЕ-нің базофильді тоқымалары мен қосылыстарынан гистамин мен гепарин өндіріледі, олар аллергиялық реакцияларға қарсы күреседі. 1дД-шақалақты бастамаларда кездеседі, жаңа туған сәбидің лимфоциттері бетінде көп кездеседі (1дМ-менде қосылыс құрайды).
Комплемент белоктарынан биологиялық активті заттар өндіріледі, олардың бактериялармен құраған қосылысын нейтрофилдер оңай фагоцитоздайды. Әрбір антиген таңдамалы түрде белгілі бір лимфоциттер активтілігін күшейтеді.
Лимфоциттер антигендермен бірінші кездескенде күшейіп бласт пішінді өзгереді, олардан иммуноциттер дамиды. Лимфоциттер әртүрлі топтары генетикалық ұқсастыққа еге, олар бір немесе бірнеше антигенге жауап реакциясын қайтарады.
Соның үшін, әрбір антиген, лимфоциттің белгілі бір, сәйкес келуші клонына ғана әсер етіп, олардың көбеюі мен активтелуіне әсер етеді, оар бір-бірін-“тани”-алады. Иммунді жасушалардың екі түрі болады: эффекторлық және—“есте сақтау”—жасушалары. Эффекторлық жасушаларға: активтелген лимфоциттер мен плазматикалық жасушалар жатады.—“Есте сақтау”—жасушаларына: лимфоциттер, олар белгілі бір сәйкес келуші антигенмен кездесу жөнінде информация тасиды, бүл антигендер 2-ші рет ендірілгенде өте тез және күшті иммунді жауап қайтарады (2-ші ретті жауап деп аталады).
Иммунитеттердің антигендерді жою механизміне байланысты: гуморалды және жасушалық түрлері болады.
Гуморалды иммунитеттегі—эффекторлық жасушалар—плазматикалық жасушалар болып саналады, олар антиденешіктер өндіреді және оларды қанға шығарады.
Жасушалық иммунитеттегі—эффекторлық жасушалар—цитотоксикалық Т-лимфоциттер болып саналады, олар басқа ағзалардан енуші бөтен жасушаларды жою реакцияларына қатысады (литикалық—өлтіруші заттар өндіріледі).
Организмде трансплантация (тоқыма, ағза, т. б.) кезеңдегі бөтен жасушаларға қарсы (қарсы реакция өткенде), теріге бөтен химиялық заттар ендірілгенде (сепсибилизациялану) өте жоғары дәрежедегі сезу арқылы аталған реакциялар жүреді.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
ГИСТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КУРСЫ
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1563 | Нарушение авторских прав
|