Фалло тетрадасы
Фалло тетрадасы – қарынша аралық перденің мембранозды бөлігінің ақауы, оң қарыншаның гипертрофиясы, аортаның декстропозициясы және өкпе артериясының тарылуымен комбинирленген туа біткен жүрек ақауы. Цианозбен өтетін, жүрек және қантамырдың комбинирленген ақауларының ішінде ең жиі кездесетін жүрек ақауы.
Гемодинамика: қарынша аралық перденің мембранозды бөлігінің ақауынан қанның сол қарыншадан оңға өтуінің әсерінен оң қарынша миокардының гипертрофиясы мен қуыстарының кеңеюі байқалады. Өкпе артериясының тарылуы себебінен кіші қан айналым шеңберіне қан аз мөлшерде түседі. Қолқаға (декстрапозиция әсерінен) 2 қарыншадан да қан араласып түседі. Ол қан оттегіге қанықпаған және тотыққан гемоглобиннің үлкен сандық құрамына бай болады. Шағымдар: Емшектегі балалар емшекпен тамақтандыру кезінде тез шаршайды және емуді тоқтатады, цианоз пайда болады, тері жамылғысы бозғылт, көгерген, ентігу, қысқа уақыттық естен тану, жүрек аймағында ауырсыну, жөтел, жоғары жастағы балаларда мәжбүрлік қалып;
Жалпы қарау: Балалардың өмірінің бірінші жылында физикалық күштеме кезінде жалпы цианоз пайда болады, ал жоғары жастағы балаларда саусақтарының, бармақтарының, табанның, мұрынның терісі және еріннің шырышты қабаты сұр-цианозды, күлгін түстес болады. Ентігу. Аяқ және қол саусақтарының дистальді фалангыларының «барабан таяқшасы» ретінде деформациясы және тырнақтарының «сағат айнасы» түріндегі деформациясы байқалады. Кеуде клеткасының деформациясы (жүрек бүкірі). Эпигастральді аймақтағы пульсация.
Пальпация: Жайылған жүрек түрткісі, қиын пальпацияланатын жүрек ұшы түрткісі, оң қарыншаның пульсациясы. 2-3 қабырға аралықта жүректің систолалық дірілі.
Аускультация: Тахикардия. Өкпе артериясында 2 тонның әлсіреуі. Төстің сол жағында 2 және 3-ші қабырға аралықта дөрекі үрлемелі, қырғыш систолалық шу.
Кеуде клеткасының рентгенограммасы: Жүректің оң қарынша ұлғаю есебінен үлкеюі. Жүрек етік пішінді, өкпе артериясының доғасы көрінбеу есебінен жүрек белі тегістелген. Сол қарынша артқа, солға, жоғары ығысқан
ЭКГ: Синусты тахикардия. Жүректің электр өсі солға ығысқан. Жайылмалы биік Р тісше. Гис шоғырының толық емес блокадасы.
Қолқа каортациясы.
Қолқа каортациясы – қолқа мойынының құм сағат тәрізді немесе белгілі аймағының тарылуы.
Гемодинамика: тарылған қолқадан қанның дұрыс өтпеуі әсерінен, жүректің сол бөлігінің гипертрофиясы мен дилятациясы, бас ми қантамырлары мен құрсақтың жоғарғы бөлігінде артериялық қысымның жоғарлауы, құрсақтың төменгі бөлігінде, аяқта артериялық қысымның төмендеуі және үлкен қан айналым шеңберінің жетіспеушілігі.
Шағымдары: Бас ауру, мұрыннан қан кету, бетінің гиперемиясы, жүргенде тез шаршағыштық, аяқтарының сууы, іштің ауырсынуы.
Жалпы қарау: Иық белдемесінің қалыптан тыс дамуы ұйқы, бұғана асты, қабырға аралық және мықан артерияларының кеңеюімен пульсациясы.
Жүрек аймағын қарау: Жүрек ұшы түрткісі амплитудасының күшеюі мен ауытқуы
Пальпация: Жүрек ұшы және жүрек түрткісінің күшеюі және 6-7 қабырға аралыққа жылжыған; төстің жоғарғы үштен бір бөлігіндегі систолалық діріл.
Аускультация: Жүрек тондары шапалақты. Қолқада систолалық шу. Жауырын аралықта, 2-3 кеуде омыртқалары деңгейінде систолалық шу естілуі мүмкін және шу митральді қақпақшаның салыстырмалы жеткіліксіздігінен болады.
Пульс: Қолдарда, ұйқы артериясында пульстің күшеюі, аяқтарда болмауы немесе әлсіреуі болады.
АҚ қолдарда және бас миының тамырларында жоғарылайды (геморрагиялық инсульттің жоғары қауіптілігімен) және қан айналымның сол қарыншалы типте бұзылуы. АҚ-ң аяқта төмендеуі
Кеуде клеткасының рентгенограммасы: Жүректің сол жақ бөлігінің ұлғаюы, аортаның өрлемелі бөлігінің және доғасының кеңеюі. Сол жақ қиғаш қалыпта аортаның әлсіз көрінетін пульсациясымен тарылуы көрінеді. Қабырғалардың төменгі шекарасындағы, кеңейген артериямен басылып қалған қабырғалардың қырында жарты ай тәрізді (узуралар) басылулар көрінеді
ЭКГ: Жүректің электр өсі солға ығысқан, сол қарыншаның гипертрофиясы
3 .Геморрагиялық васкулит. Диагностикасы, ажырату диагнозы.
Геморрагиялық васкулит ол ұсақ қантамырларды (капиллярларды,венулаларды,артериолаларды) зақымдайтын IgA иммундыкомплекстік васкулит. Диагностикасы оның классикалық көріністеріне негізделеді: симметриялы орналасатын сипағанда қолға білінетін пурпура;буындық синдром (полиартралгия,өтпелі полиартрит), абдоминальдік синдром (іштің ауыруы,қанмен құсу,іштің қанмен өтуі), лабораториялық мәліметтер (микрогематурия,протеинурия,ЭТЖ жоғарылауы,қанда IgA және ФВ Аг жоғары деңгейі,қанның тамыріші шашыранқы ұю синдромның белгілері болуы) Гем васкулитті анықтау үшін ең маңыздысы тері биопсиясын жасау. Биоптатты жана пайда болған геморрагиялық дақтардан алады. Ажыратпалы диагноз: Геморрагиялық синдром инфекциялық аурулар кезінде тромбоцитопениялық канкетумен жүреді. Фульминтантты пурпураға петехиальды бөртпенің және симметриялы экхимоздың болмауы тән. Телеангиэктаз кезінде геморрагия басққан уақытта бозарады. Ол бетте,ерінде,тіс жиегі,мұрынның шырышты қабығында,коньюктивада,тырнақ астына, алақан және табанға локализацияланады.
4. Созылмалы пиелонефрит. Емі.
Созылмалы пиелонефрит- ол буйректин каналшаларынын жане тиннин кабынуы асеринен тостаганша-тубекше жуйесинин деструктивти бузылысы жане буйректин бурисип калуы пайда болумен журетин ауру. Еми: Диетотерапия №5.Антибактериалды терапия 10-14 кун: Эмпирикалық антибактериалды терапиясы: Ауыр формасы кезінде: қорғаныш пенициллиндер (аугментин,амоксиклав), цефалоспориндер 2буыны (цефуроксим,цефомондол) 3буын (цефатоксим,цефоперизол,цефтадизин,цефтриаксон,цефепенин). Аминогликозинді (гентамицин,нетромицин,амикоцин). Сатылы терапия қабыну процесінің белсенділігі кезінде 3-5 күндей осы топтың бір препаратын парентеральды енгізу, әрі қарай пероральды енгізу арқылы. Инфузиялық ем 5% глюкоза, гемодез т.б
Антиоксиданттық ем: вит Е 1-2мг/кг салмағына, аскорбин қышқылы 3-5 мг/кг салмагына. Антиспастикалық ем:микроциркуляцияны жақсарту үшін эуфиллин.
Физиологиялық ем қысқа курсты УЗ.
5.Қоскөкжөтел. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Алдын алу.
Ұзақ жөтел беретін жедел жұқпалы ауру болып табылады. Үлкендер және мектепке барар жастағы балалар,олармен бірге көкжөтелге қарсы егілгендер және ауырып жазылғандар ауырады. Қоздырғышы-Bordetlella parapertussis (паракоклюш таяқшасы). Инфекцияның көзі паракоклюшпен ауырғандар,ауру басталғаннан бастап 6 апта жұқпа таратады. Берілу жолы ауа-тамшылы жол,науқастан 3метр қашықтықты тұрғандарға да жұғады. патогенезі: инфекцияның кіру қақапасы:жоғарыт тыныцс жолдары арқылы,ол жерде цилиндрлі эпителийдің клеткасында микробтың көбеюі жүреді.Қоздырғыш бронхогенді жол арқылы майда бронхпен,бронхиоламен,алвеоламен таралады.Қоздырғыш инвазивті қасиетімен сипатталады,сондықтан бактериемия болмайды.тыныс алу жолдарының шырышты қабатына әсер етіп,жөтел шақырады.токсин ұзақ уақыт әсер еткенде тыныс алу жолдарының нерв рецепторларын тітіркендіріп,бронх спазмына,бұлшық ет спазмына әкеледі.ол ұстама дамып,тыныс алу ритмінің бұзылуына әкеледі. Клиникасы: Жасырың кезен: 4-14 күн. Негізгі симптомы ұзаққа созылған құрғақ жөтел,кейде ұстамалы болуы мүмкін. Науқастың жалпы жағдайы өзгермейді. Асқынуы өте сирек. Қанда шамалы лейкоцитоз және лимфоцитоз анықталады.Диагноз: мұрын-жұтқыншақ жағындысынан бактериялық әдіспен қоздырғышты анықтайды. Емі: Симптомдық,спазмолитиктерді,жөтелге қарсы дәрілерді қолданады. Арнайы профилактикасы жоқ. Жасқа дейінгі балаларға ауру басталғаннан бастап 25 күнге,қарым-қатынас болған күннен бастап 14 кунге оңашалайды.
6. Балалардағы Токсикоз ж/е Эксикоз тусінігі.
Балаларда өте жиі пайда болатын жагдай. Токсикоз эксикоз- патологиялық жағдай. ішектік инфекция кезінде яғни, ротовирусты инфекция, эшерихиоз, солменелез, т.б инфекция озиниң токсинин боліп энтероциттерге асер етеді. Аденилатциклазаға асер етеді, ол ЦАМФ-ке асер етеді сөйтіп су мен электролиттердің тіннен ішекке өтуі жоғарылатады да эксикоз дамиды. Токсикоз ж/е эксикоз кезінде су электролиттер алмасуы гемодинамиканың қышқыл сілтілі тепе теңдік бұзылады. Сузызданудың 3 дәрежесі болады 1. 5% дене салмағының томендеуі журеді, тәулігіне 5 рет улкен дәретке отырады, 2. 5-10% дене салмағының томендеуі журеді, тәулігіне 10 рет улкен дәретке отырады, 3. 10% жогары дене салмағының томендеуі журеді, тәулігіне 15 рет н/е одан жогары улкен дәретке отырады.
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 4387 | Нарушение авторских прав
|