АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Жедел пиелонефрит

Прочитайте:
  1. Б. жедел бронхитте
  2. В)пиелонефрит
  3. В. 64. Понятие инфекции мочевыводящей системы. Этиопатогенез, классификация, клиника пиелонефрита у детей. Принципы терапии.
  4. Д) созылмалы пиелонефрит
  5. Д)созылмалы пиелонефрит
  6. Диагностические субъективные и объективные признаки пиелонефрита.
  7. Жедел аппендицит
  8. Жедел аппендицит
  9. Жедел бауыр энцефалопатиясы
  10. Жедел крупозды пневмония. Емі .

5.Емі:Емнің мақсаты-зәршығару жолының санациясы,сұйықтыққа тіуелділігін дезинтоксикация мақсатында көтеру. Антимикробты терапия жартыла синтетикалық пенициллин+ингибитор в-лактомаз-амоксициллин және клавулан қышқылы:аугментин 25/кг/сут,ішке-10-14кун,амоксиклав 20-40 мг/кг/сут ишке10-14 кун. Цефалоспариндер 2 пок:цефотаксим,цефамандол 80-160 мг/кг/сут.в/в.в/м- 4 рет сут-7-10 кун. Аминогликозидтер:гентомицин-3-7.5 мг/кг/сут.в/в.в/м 3 рет сут 5-7 кун.

 

Билет №14

1. Күні жетіп туған нәресте. Транзиторлы жағдайы.

Күні жетіп туылған нәресте- жүктіліктің 37 мен 42 апталықтар арасында туылған нәресте. Жетілген ЖТН әдетте қатты эмоционалды айқай шығарады, онда айқын сору, жұту ж-е басқа да ЖТН шартсыз рефлекстері шақырылады, тыныс алуымен жүрек соғысы дұрыс ж-е тұрақты, ол құспайды, қимылы ширақ, белсенді, ашығуға, қарауға, тосын дыбысқа жарыққа эмоционалды анық жауап береді

Жаңа туған кезең: ерте-алғащқы 7-10 күн, кеш – келесі 3 апта болып бөлінеді. Ұзақтығы 7 күн болатын ерте бейімделу кезеңі, жетіліп туған, морфологиялық және функционалды жетілген, босануға тиімді жастағы, босанғанда ауатқу болмаған, дені сау ана жатырында дұрыс дамыған сәбилерге тән.

Бейімделудің ерте кезеңінің ұзақтығы 10 күн болуы қатерлі (жетілмей туған, туғандағы асфиксия, босанғандағы зақымдар, жатырдағы даму тежелуі) балаларға тән. Жаңа туған нәрестелердің жетілгендігінің тек неонатологияда ғана емес, педиатрияда да маңызы бар, өйткені физиологиялық жетілмегендік тек ерте жаста ғана емес, кейін ересек жастардағы патология себептерінің бірі болып табылады. Іштегі нәресте мен жаңа туған нәрестенің жетілгендігі туралы түсінік сәби байқалып отырған кезеңге байланысты. Іштегі нәрестенің даму кезеңі бір шама жетілмегендікпен сипатталады, ол босануға жақындаған сайын азаяды. Жетілген нәресте – бұл жатырдағы 38-40 аптада бар мүшелері мен жүйелері дұрыс және тиімді қалыптасқан нәресте, соныдқтан босану кезінде организм мен жүйелер ақауланбауына мүмкіндік береді. Жаңа туған нәресте жатырдан тыс өмір сүре алса, оны функционалды және морфологиялы жетілген дейді. Жетілгендік – жаңа туған нәрестенің бейімделу және тірі қалуына жауапты физиологиялық үйенің функционалды жеткіліктігінің дәрежесі. Жетілгендік туралы түсініктің негігізінде П.К.Анохинныің системогенез туралы ілімі жатыр. Ілімнің мәні – жаңа туған нәресте тек өмірлік қажет жүйелердің толықтығының айқын дәрежесінде ғана тірі қалады. Өйткені бұл жүйелер жатырдан тыс өмірге дайын болмаса, олардың қоршаған ортаға бейімделуі мүмкін емес. Жетілгендікті бағалау әдістерін пренатальды және постнатальды деп бөледі. Пренатальды әдіске амниотикалық сұйықты (АЖ) зерттеу жатады, оның құрамы жеке органдар мен организм жүйелерінің даму дәрежесін көрсетедеі. АЖ-дағы креатинин мен фосфолипид деңгейін анықтау, іштегі нәрестенің жетілу дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Жүктілік мерзімнің ұлғайған сайын АЖ-дағы креатинин мөлшері көтеріледі. Жаңа туған нәрестенің бейімделу механизмінде, 1-ші орында тұратын тыныс жүйесінің жетілгендігін анықтаудың практикалық маңызы зор. Тыныс жүйесінің жетілмеуі өкпе сурфактанты сапасының және мөлшерінің жетіспеуінен болады. Сурфактант компоненті болып, лицетин және сфингомиелин табылады. Қалыпты жағдайда олардың ара қатнасы 2 және одан да жоғары, тыныс жүйесі жетілмегенде ол 0,5 не одан төмен.одан басқа сурфактантты жүйенің жетілгендігін анықтау үшін көбікті не этанолды тест қолданылады (АЖ-ға этил спиртің қосып, 15 секунд бойына шайқайды, егер қоспа беиінде көпіршіктер пайда болып, 15 мин. Сақталса, онда сурфактант жеткілікті). Жаңа туған баланың транзиторлы жағдайлары: алғашқы дем алу ж-е транзиторлық гипервентиляция, физиологиялық эритема, токсикалық эритема, физиологиялық сарғаю, транзиторлық гипертермия, физиологиялық алғашқы салмақты жоғалту, бүйрек қызметінің транзиторлы ерекшеліктері, транзиторлы полицитемия, гормональды криз, физиологиялық диспепсия.

2.Асқазан және и 12-ішектің ойық жарасы. Клинико-диагностикалық критерийлері

Созылмалы рецидивті ауру, жергілікті қорғаныс факторлары мен агрессия арасындағы тепе теңдік жойылуынан болған асқазан шырышы мен 12 елі ішек шырышының тін мүкістігі.

Клинико – диагностикалық критерийлері

1. ОЖА – мен тұқымқуалауға бейімділік,

2. асқазанның қышқыл өндіру қабилетінің жоғарылауы, әсіресе базалдық

3. қан мен зәрде пепсиноген 1 – дің жоғары деңгейі

4. асқазан сөлі мен бикорбанаттар түзілмеуі.

Клиникалық критерийлері:

1. анамнез жинау

2. ауру синдромы

3. диспепсиялық бұзылыс

4. мерзімдік асқынуы

диагностикалық критерийлері

1. эндоскопия көмегімен жара анықталуы

2. секреторлық қабилетінің жоғарлауы

3. Hp табылуы

3.Жедел ревматикалыққызба. Диагностикасы, ажырату диагноз.

Ревматизм – жүрек және тамырлардың дәнекер тіндерін жүйелік зақымдауға бейім келетін инфекциялық аллергиялық ауру. Бул ауру барлық жаста кездеседі. Негізінен мектеп жастағы балаларда кездеседі.

Диагнозтикасы:

Негізгі:Үлкен критерийлер:

Кардит

Полиартрит

Хорея

Сакиналы эритема

Ревматикалык тері асты туйіндер

Кіші критерийлер:

Жүректің ревматикалық зақымдалу

Артралгия. Лихорадка

Шаршағыштық, іштің ауырсыну, мұрыннан қан кету

Лабороториялық:

СОЭ жоғ, СРБ оң

Лейкоцитоз

Сиал қышқылы жоғарлайды

Капилярлардың өткізгіштігіжоғарлайды

ЭКГ PQ жоғ.

Диф диагноз: Ревматизмді реактивти артрит пен жәнеревматоитты артрит пен ажырату керек.

Реактивтік артрит көбінесе өткінші инфекциялармеен байланысты болады. Оларың қосымша белгі ретінде де шығатыны, ал негізгі аурудың- иерсиноз, рейтер синдромы, солменнеллоз сияқты басқада белгілер болады.

Ал ревматизм көбінесе ангинадан соң пайда болады, көмекейден А тобының В гемолитикалық стрептококының табылу, ірі буындардың симметриялы турде ісініп, емсіз тез жойылып кетуі

Ревматоитты артрит буын үнемі ісініп оның деформациясы байқалады қимылы қиындайды,бірте бірте бурсит,тендовагиниттер дамиды, ірі буындар мен қатар ұсақ буындар ісінеді таң ертенгі уақытта буын қуырсынуы байқалады. Ревматизмде мұндай ісінулер болмайды.

 

 

4.Бронх демікпесі.

Бронхиалды демікпе (БД) – басты патогенетикалық механизмі қабынумен негізделген бронхтардың гипербелсенділігі, ал клиникалық көрінісі - бронхтық

спазм, гипербөлініс жəне бронхтың сілемейлі қабығының ісінуінен болған, тұншығу ұстамасы (экспираторлы сипаттағы) болатын бронх қабырғаларының созылмалы аллергиялық қабынуы.
Балалардағы БД - үнемі немесе жүйелі түрде пайда болатын жөтел мен көбінесі түнгі жəне таңертеңгілік уақыттағы ысқырық демді қиындаған тыныс алумен сипатталады. Тұқым қуалаушылық аурушылығы Демікпе - тыныс алу жолдарының созылмалы қабынулық жағдайы.Тыныс алу жолдары гиперсезімталды жəне аллергендердің кең спектріне жауап беру констрикциясына оңай беріледі. Бұл жөтелу, ысқырық демге, кеуденің қысылуына, тыныс алудың қысқаруына əкеледі. Жіктемесі: 1. Ауырлығы бойынша: интермитирлейтін, жеңіл персистирлейтін, орта ауырлықты персистирлейтін, ауыр персистирлейтін; 2. Ағым фазасы бойынша: өршу, бəсеңдеген өршу, оңалу.

Қауіп-қатерлі факторлар:

1. Атопияға тұқым қуалайтын бейімділік.

2. Пассивті шылым тарту бала жастағы демікпенің ауырлығын күшейтеді.

3. Жасөспірім шақта шылым тарту персистирлейтін демікпе қаупін ұлғайтады.

4. Үй шаңының кенелері.

5. Жануарлар жүні.

6. Тозаң мен зеңді саңырауқұлақтар.

7. Дəрі-дəрмектер.

АИВ.

АИВ -ұзақ уақыт лимфоциттерде,макрофагтарда,непв тіндерінде персистерлеуші қабілеті бар адам иммуножетіспеушілік вирусымен шақырылатын ауру. Тіндерде ұзақ уақыт сақталуы салдарынан организмнің нервті және иммундық жүйесін баяу зақымдайды, ол екіншілік инфекциялар, жеделдеу энцефалитпен ісіктер және басқа да өзгерістермен білінеді.

Спид (синдром приобретенного иммунного дефицита) (AIDS - Acguired Immunity Deficit Syndrome) – иммунды жүйе зақымдануымен жүретін,инфекция көзі вирус болып табылатын ауру.

Эпидемиологиясы.Антропонозды инфекция.Берілу жолдары-жыныстық қатынас,вертикальды берілу-анадан балага,қан арқылы,инъекциялар арқылы.

— Патогенезі.АИВ вирусы CD4+ клеткаларын зақымдайды (Т-лимфоциттердегі, моноцитті, макрофагтарды), CD4 молекуласы рецептор қызметін атқарады;

— ЖИТС тің патогенезіндегі орталық звеносы– иммуносупрессия;

— Т клеткалардың санынығ төмендеуінің негізгі себебі – вирус репликациясы әсерінен цитопатический эффекттің пайда болуы.Цитоплазмада интеграцияланбаған ДНК вирусы аккумуляциясы әсерінен АИВ репликациясын шакырып клеткалардың өлуіне алып келеді.

— Мембранада вирусты гликопротеиндер көбейеді.Зақымдалған Т клеткалар аутоиммунды процесстің дамуына пусковой механизм болып табылады.

— АИВ инфекциясы тимустағы,сүйек кемігіндегі нысана жасушаларды инфицирлейді,ол өз кезегінде тромбоцито- и лейкопенияға алып келеді;

— Гуморальды және клеткалық иммунитет дефектісі Т- хелперлерге әсер етеді.В-клеткалар АИВ инфекциясына төмен спецификалы антидене түзеді.

 

Патогенезі: табиғи жолмен жұққанда кіру есігі АҚТҚге саналады,тік ішек пен гениталий шырышты қабаттары,тік ішектің бір қабатты эпителийнен вирустың енуі өте жеңіл,қынаптық көп қабаттыэпителине қарағанда.Лимфа жүйесі арқылы АҚТҚ қанға өтеді де мүшелер мен тіндерге таралады. Ол тінге өткен сон ревертаза ферментінің көмегімен өзінің РНҚ үлгісіне салып ДНҚ түзеді. Ол ДНҚ сау тін ДНҚ ауыстыруы керек,сау тін ДНҚсының орнына кірген сон тінде провирус жағдайыда өмір сүреді. Т челперлердің санының төмендеу себебі тек қана цитопатиялық әсердің салдарынан бұзылуы ғана емес инфицирленген тіндердің инфицирленбеген тіндермен қосылуы салдарынан да болуы мүмкін.

Эпидемиологиясы:АҚТҚ екеуінің де берілу жолы бірдей, кез келген түрімен байланысты инфекция негізінен бірдей оппортунистік инфекциялардың дамуымен сипатталады және ЖҚТБмен аяқталуы мүмкін.

АҚТҚ берілу жолдары:

Вертикальды,горизантальды,қан дәрілерін құю кезінде,омырау сүтімен,микрожарақат тістеу арқылы,ритуальды дәстүрлерді жасау кезінде,тіс щеткасы,маникюр заттары,қайшы бритвалар арқылы,парентеральды,жыныстық қорғаныссыз қатынастар арқылы жұғады.

Туа пайда болған АҚТҚ инфекциясының клиникалық белгілері:мерзімінен ерте туылу,дистрофия,бер әлпетінің дисморфизмі, психомотролы артта қалуы,рецидивті диарея,көз шелінің көгілдір,серологиялық зерттеудің нәтижесінің оң болуы. Алты айдан кейін неврологиялық белгілерінің үдеуі байқалады:ақыл ойының кем болуы,жүріп тұруының өзгерулері,парездер. Әртүрлі неврологиялық бұзылыстар болады. Өте жиі энцефалопатиялар пайда болады.

Жиі кездесетін арулар: пневмоцисті пневмония,өңеш кандидозы,лимфоидты интерстициалды пневмония,теміреткі,капоши саркомасы.

Диагностикасы: ЖҚА,ЖЗА,БХ,эпидемиялогиялық,клиникалық,лабораториялық мәліметтерге сүйеніп.

ИФАмен арнайы антиденелерді анықтау.

ПТР әдісі.

Емі: анасы ауру болса жүктілік кезінде зидовудинмен емдеу керек. Анасы емделмесе онда нәресте өмірінің 8-24 сағатында осы препаратты қабылдау керек алты ай бойы. Арнайы ем жоқ сондықтан барлық ем аурудың ары қарай дамуын тежеуге және адам өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Ем принциптері: қорғау психомоторлы режиммен қамтамасыз ету,вирусқа қарсы емді өз уақыттында бастау,екіншілік ауруларды ерте анықтау және емдеу,симптоматикалық ем,иммунитетті көтеретін препараттар. Иммуномодуляторлар тек қана бастапқы немесе аралық кезеңде егер екіншілік аурулар болса тағайындалады. Себебі осы кезеңде ғана иммундық жүйені күшейтуге болады.

· Алдын алу.

· Арнайы алдын алу шарасы жок. Арнайы емес алдын алу шаралары ең алдымен эпидемиялық процесстің екінші звеносына, яғни берілу жолдарын үзуге бағытталған. Емдеу -диагностикалау мекемелерінде, қан құю станцияларында, қоздырғыштың берілу жолын үзуге бағытталған қатал эпидемиологиялық бақылау жүргізіледі. Бip рет колданылатын шприц қолдану мед құралдардың стерилділігін бақылау, барлық биологиялық материалдарды лабораториялық тексерістен өткізу міндетті болып саналады.

· Тұрмыстағы берілу жолын үзуге бағытталған шаралар кауіптілік топтары арасында санитарлық ағарту жұмысын жүргізу арқылы (жыныстық қатынастың қамтамасыз ету) жүзеге асады.Құлақ тесу, татуировка жасау, косметикалық қызмет сияқты тұрмыстағы терінің бүтіндігін бұзу арқылы жасалатын әрекеттер арқылы берілуді үзу.

· Құлақ тесуге, татуға, персингке, қырынуға стирилді емес саймандарды қолданбау керек

·. Кенеттік жыныстық қатынастан аулақ болу керек.

· Жыныстық қатынас кезінде сақтану шараларын (презерватив) қолданған жөн.

6.Балалар жасындағы ауруларды интегрирлі жүргізу. ЖІИ кезінде инвазивтік диареялармен науқастарды ДДҰ және ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша жүргізу.

Диареялық аурулармен күрес бойынша ДДҰ және UNICEF бағдарламасы

ЖIИ –ның µлiм және сырқаттылықтың жоғары деңгейi ДДҰ-ның ЖIИ-нан µлiмдi тµмендету үшiн ұсынған модель (бағдарлама), “Диарея” бағдарламасы бойынша жұмыс iстейтiн арнайы эксперттi топ құруға әсер еттi.

Бағдарламаның негiзiнде диареяның ауырлығын және типiн тез бағалап, емдеудi ерте бастау жатыр. Қазiргi кезде ЖIИ-ның этиологиялық жағдайларының барлығын, жауабын кеш алуына, сонымен қатар IИ патогенетикалық ерекшелiктерiн ескере отырып ДДҰ-ның эксперттiк комитетi диареялық ауруларды инвазивтi, секреторлы және тұрақты диарея деп бµлудi ұсынған.

Бағдарламада ұсынылған шараларды оқу мен қолдану ата-аналар мен барлық мед.қызметкерлерге арналған.

Басты назар баланың дұрыс тамақтануы мен оральдi регидратация жүргiзiлуiне бµлiну керек.

Бағдарлама сондай-ақ дәрiлiк заттарды, әсiресе, тек шигеллез, амебиаз, тырысқақ, инвазивтi эшерихиоз және қосарланған инфекциялар кезiнде ғана қолдануға тиiстi антибиотиктердiң пайдалануын шектейдi.

1. АЛДЫМЕН НАУҚАСТЫҢ ДЕГИДРАТАЦИЯ ДӘРЕЖЕСIН бағалау;

2. БАСҚА МӘСЕЛЕЛЕРДIҢ БОЛУын тексеру.

ЕГЕР НӘЖIСТЕ ҚАН БОЛСА:

- Сiздiң ауданда Shigella-ны емдеуге ұсынылған оральдi антибиотикпен 5 күн бойы емдеңiз.

- “А” емдеу жоспарында берiлген ұсыныстар бойынша баланы қалай тамақтандыру керектiгiн анасына үйрету.

- Баланы 2 күннен кейiн тексерiңiз егер:

- ол бiр жылға дейiнгi жаста;

- ол сусызданған;

- оның нәжiсiнде қан қоспасы бар;

- оның жағдайы жақсармайды.

- Егер 2 күннен кейiн нәжiсiнде қан сақталса, онда антибиотиктi басқа оральдiға ауыстырыңыз және 5 күн бойы емдеңiз.

ЕГЕР ДИАРЕЯ 14 КҮННЕН АРТЫҚ СОЗЫЛСА:

- Ауруханаға жатқызыңыз, егер:

- бала 6 айдан жас болса;

- бала сусызданған (алдымен регидратация жүргiзiп, кейiн госпитальдаңыз);

- Басқа жағдайларда “А” емдеу жоспарында берiлген ұсыныстар бойынша баланы қалай тамақтандыру керектiгiн анасына үйретiңiз, алайда:

- сүттiң әдеттегi кµлемiнiң тек жартысын берiңiз, немесе сүттi йогурт не айран сияқты ферменттелген сүт µнiмдерiне ауыстырыңыз;

- майлар, кµкµнiстер, ет, балықты қою ботқаларға қосып, күнiне 6 рет кем емес тағайындау арқылы энергетикалық толық құнды тамақпен қамтыңыз;

- Анасына баланы 5 күннен кейiн әкелуге кеңес берiңiз:

- егер диарея тиылмаса, науқасты госпитальдаңыз;

- егер диарея тиылса, анасына айтыңыз:

- әдеттегi диетаны бастау;

- бiр аптадан кейiн мал сүтiнiң әдеттегi кµлемiн берудi бастау;

- кем дегенде 1 ай бойы күнiне бiр рет қосымша тамақ беру.

ЕГЕР ДИАРЕЯ 14 КҮННЕН АРТЫҚ СОЗЫЛСА:

- Ауруханаға жатқызыңыз, егер:

- бала 6 айдан жас болса;

- бала сусызданған (алдымен регидратация жүргiзiп, кейiн госпитальдаңыз);

- Басқа жағдайларда “А” емдеу жоспарында берiлген ұсыныстар бойынша баланы қалай тамақтандыру керектiгiн анасына үйретiңiз, алайда:

- сүттiң әдеттегi кµлемiнiң тек жартысын берiңiз, немесе сүттi йогурт не айран сияқты ферменттелген сүт µнiмдерiне ауыстырыңыз;

- майлар, кµкµнiстер, ет, балықты қою ботқаларға қосып, күнiне 6 рет кем емес тағайындау арқылы энергетикалық толық құнды тамақпен қамтыңыз;

- Анасына баланы 5 күннен кейiн әкелуге кеңес берiңiз:

- егер диарея тиылмаса, науқасты госпитальдаңыз;

- егер диарея тиылса, анасына айтыңыз:

- әдеттегi диетаны бастау;

- бiр аптадан кейiн мал сүтiнiң әдеттегi кµлемiн берудi бастау;

- кем дегенде 1 ай бойы күнiне бiр рет қосымша тамақ беру.

ЕГЕР БАЛАДА ТАМАҚТАНУДЫҢ АУЫР БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ БЕЛГIЛЕРI БОЛСА:

- Регидратацияны жүргiзуге тырыспаңыз, науқасты госпитальдаңыз;

- Анасына ОРТ берiңiз және оны 5 мл/кг есебiнен, емдеу мекемесiне тасымалдау бойында, қалай беру керек екенiн кµрсетiңiз.

ЕГЕР БАЛА 2 АЙДАН КІШІ БОЛСА:

- ұсыныс бойынша регидратацияны жүргiзiңiз. Егер осыдан кейiн қызба сақталса (380С және жоғары), онда баланы стационарға жолдаңыз. Парацетамол немесе безгекке қарсы дәрiлер сияқты дәрiлердi тағайындамаңыз.

ЕГЕР БАЛА 2 АЙДА ЖӘНЕ ЖОFАРЫ БОЛСА:

- Егер температура 390С-тан жоғары болса, онда парацетамол сияқты дәрi берiңiз.

- Егер сiздiң ауданда безгек болса және баладағы қандайда бiр қызба (380С және жоғары) немесе қызба 5 күн бойы сақталса, онда безгекке қарсы ем тағайындаңыз (немесе сiздiң безгекпен күрес бағдарламаңыздың ұсынуына сай әрекет жасаңыз).

“А” ЕМДЕУ ЖОСПАРЫ. ДИАРЕЯЛАРДЫ ҮЙДЕ ЕМДЕУ. АНАСЫН ҮЙРЕТУ ҮШIН ОСЫ ЖОСПАРДЫ ҚОЛДАНЫҢЫЗ:

- Диареялардың нағыз эпизодын емдеудi үйде жалғастыру.

- Диареялардың болашақ эпизодын емдеудi ерте бастауға дайын болу.

ҮЙ ЖАFДАЙЫНДА ДИАРЕЯЛАРДЫ ЕМДЕУДIҢ ҮШ ЕРЕЖЕСIН ТҮСIНДIРIҢIЗ:

1. Балаңызға сусыздануды болдырмау үшiн сүйықтықты әдеттегiден кµп берiңiз.

2. Балаға жеткiлiктi кµлемде тамақ берiңiз:

3. Денсаулық қорғау қызметкерiне қаралыңыз, егер баланың жағдайы 3 күн iшiнде жақсармаса немесе сiздiң балаңызда келесi белгiлердiң бiрi пайда болса:

БАЛАЛАР ОРТ ЕРIТIНДIСIН ҮЙДЕ АЛУ КЕРЕК ЕГЕР:

- Олар “Б” немесе “В” емдеу жоспарына сәйкес ем алған.

- Олар денсаулық қорғау қызметкерлерiне қайтып келе алмайды, егер диарея нашарласа.

Диареяны емдеу үшiн денсаулық қорғау қызметкерiне қаралатын барлық балаларға ОРТ-ды беру, ұлттық бағдарлама шегiнде шешiм қабылданған.

Жергiлiктi ыдысты қолдана отырып, ОРТ-дың қажеттi кµлемiн кµрсетiңiз және түсiндiрiңiз.

 

Есеп

1. тексеру планы

Жалпы қан анализі

Жалпы зәр анализі

Биохимия анализі

Дьюк бойынша қан ағу уақыты

Борхгревин Ваалер не Айви синағы

Банка, қыл бурау синағы

Копрограмма

УДЗ

2.Лабараторлы зерттеулерді интерпретациялаңыз

Нормохромды анемия бірінші дәреже

Лейкоцитоз

Дьюке бойынша қан ағу уақыты жоғарлаған

Миелограммада: бласт жасушалар жоғарлаған, нейтрафилез, лимфацитоз,

мегокариоциттер –оң,

Зәр анализі қалыпты.


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 1460 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.021 сек.)