АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
СОЦИАЛЬНАЯ ГЕРОНТОЛОГИЯ 1 страница
Т.Д.Ұқбаева
Оқу құралы
УДК 615.851 6: 616.079
ББК 74.2138: 52.5
ГОО
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
С.А. Абиев - Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, биология және биотехнология кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор
И.А.Ишигов. - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, медицина ғылымдарының докторы, профессор
С.А. Ерманова - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты
ГОО Бабаева К.С., Ұқбаева Т.Д. Зертханалық иммунология бойынша тәжірибелік сабақтар. - Оқу құралы. – Түркістан. – 2009. – 115 б.
ISBN
«Зертханалық иммунология бойынша тәжірибелік сабақтар» оқу құралы иммунологиялық зертханада жұмыс жасау ережелерін, зертханалық иммунологияда көп қолданылатын әдістерді қамтиды.
Сонымен қатар, иммундық жүйенің қабілеттілігін зерттеу, иммунологиялық зерттеулердің сапасын бақылау, иммундық жүйенің гуморалдық және жасушалық тізбектерін бағалау әдістері туралы ақпараттар берілген. Иммунологиялық әдістерді автоматтау және зерттеу әдістерінің сапасын бақылау сұрақтары қаралған. Құралда бастапқы білім деңгейін тексеру үшін тест сұрақтары қосымша берілген.
Оқу құрал биология, медицина факультеттерінің студенттеріне, сондай-ақ, зертханалық иммунологияның мәселелерімен айналысатын диагностикалық зертханалардың мамандарына, ғылыми қызметкерлерге, микробиологтарға, вирусологтарға және биотехнологтарға арналған.
ББК 74.2138: 52.5
ҚР медициналық жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестігі жұмыс комиссия мүшелерінің шешімімен бекітілді және басылымға рұқсат берілді.
№____ Хаттама «___»_______200 ж.
© Бабаева К.С., Ұқбаева Т.Д., 2009 ж.
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
Аг – антиген
Ад – антидене
АР – агглютинациялау реакциясы
АИК – айналымдағы иммундық комплекстер
ББЗ – беткей биологиялық заттар
БТИР – бозарған трепонемаларды иммобилизациялау реакциясы
БДЖС – баяу дамитын жоғары сезімталдық
ВР – Вассерман реакциясы
ВМБ – веронал-мединалды буфер
ЕГАР – енжар гемагглютинациялану реакциясы
ИЖ – иммундық жүйе
ИФӘ - иммундық ферментті әдіс
ИФТ – иммундық ферментті талдау
ИТЖ – иммундық тапшылық жағдай
КБР – комплементті байланыстыру реакциясы
ЛБТР – лимфоциттердің бластты трансформациялану реакциясы
ЛМТР – лимфоциттердің миграциялануын тежеу реакциясы
ОТ – оптикалық тығыздық
ПТР – полимераздық тізбектік реакция
ПР – преципитациялану реакциясы
ПМЯЛ – полиморфты ядролық лейкоциттер
ПЭГ – полиэтиленгликоль
РИС – радиоиммундық сараптау
РИД – радиоиммундық диффузиялау
ТГАР – тікелей емес гемагглюинациялану реакциясы
ТНК – тетразолий нитрокөгі
ФМА - форболмиристатацетат
ФТБ – фосфатты-тұзды буфер
ФГА – фитогемагглютинин
ЦТС – цитотоксикалық сынама
ХЛ – хемилюминесценция
I-бөлім
ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА.
ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ.
ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ
Иммунологиялық зертхана жұмысының ұйымдастырылуы
Зертханалық иммунологияның негізгі міндеті – адам ағзаның бейімдесу мүмкіншіліктерінің биологиялық көрсеткіші ретінде иммундық беделін өз уақытында және аса сенімді бағалау. Зертханалық иммунологияның айқын міндеттері емдік мекемелердің таңдаған бағыттарына байланысты. Оларды келесі түрде жалпы сипаттауға болады:
1. Әртүрлі ауруларға иммундық сырқатты жағдайларды диагностикалау.
2. Иммундық тапшылықтары бар науқастарды өз уақытында анықтау.
3. Иммундық жүйе ақауларының деңгейін анықтау.
4. Иммундық жүйенің әртүрлі көрсеткіштерінің биологиялық өзгеру қалыптарын өңдеу.
5. Емдік мекеменің бағыттарын ескере отырып, адамның диагностикалық шегаралық жағдайларының зертханалық алгоритмін белгілеу.
6. Иммундық жүйенің жұқпалы ауруларын диагностикалауда жоғары технологиялық әдістерді енгізу.
7. Иммундық жүйені бағалау үшін біріңғай сандық әдістерді айқындау және енгізу.
8. Иммунологиялық зерттеу әдістерінің сапасын бақылауды басқару бағдарламасын және сапаны бақылау өлшемдерін анықтау.
9. Вакциналардың сапасын, вакцинопрофилактиканың схемасын және арнайы иммунотерапияны жетілдіру.
Иммунологиялық зертхана ірі диагностикалық клиникалық орталық құрылымының жеке бөлімі болып табылады. Иммунологиялық зертхананың қызметкерлері қазіргі заманғы келесідей әдістерді игеру қажет:
1. иммундық тапшылық жағдайларды диагностикалау;
2. әртүрлі клиникалық бөлімшелерде науқастардың жедел және созылмалы аурулары кезінде иммундық жағдайын бағалау;
3. зерттеу әдістерінің сапасын жүйелі түрде зертханаішілік бақылау;
4. зертханалық кемшіліктерді сараптау және оларды жою.
Алғашқы материалдың, әдістемелік ерекшеліктердің әралуандығы, иммунологиялық әдістердің жаңа түрлері мен аралық амалдардың көптігі, зертханалық иммунологиялық процесс технологияларының әртүрлі деңгейі зертханалық клиникалық иммунология құрылымының ерекшеліктеріне әсер етеді. Иммунологиялық зертхана құрамына белгілі әдістемелік тәсілдермен мамандандырылған және зерттеу нәтижелеріне жауапты (гуморалдық тізбектерті, жергілікті иммунитетті бағалау, фагоциттік тізбекті және иммундық жүйе жасушаларының иммундық фенотиптелуін бағалау, жұқпалы ауруларға қарсы иммунитетті бағалау, сондай-ақ, аллергодиагностиканың әдістерін бағалау) қызметкерлер кіреді.
Иммунологиялық зертхана бас дәрігер бекіткен ереже және жоспар бойынша жұмыс істейді; басқару құжаттарына сәйкес есеп-анықтамалық құжаттарды жүргізеді. Иммундық зерттеуге жолдайтын құжаттар зертханада жасалатын иммунологиялық көрсеткіштерге сәйкес түзіледі. Иммунологиялық зертхананың құрылымдық ерекшеліктеріне сәйкес мекеме басқармасы зерттеу биоматериалының түрлерін, алу технологиясын, сынама алу үшін үлгіні тазалау ережелерін, зерттеуге дейінгі тасымалдау және сақтау ережелерін, сараптама жасау мерзімдерін және маманның зерттеу нәтижелерін алу тәртібін бекітеді. Зертхана әртүрлі температуралық режимі бар мұздатқыштармен, центрифугалармен, шейкерлермен, термостаттармен, сараптамалық таразылармен, йонометрлермен жабдықталуы тиіс. Иммунологиялық зерттеулер келесі биоматериалдарға жасалады: қан сары суы, плазма, жасушалар суспензиясы (жасушалардың популяциялары және субпопуляциялары), секреттер, трансудаттар, гистологиялық кесінділер, несеп, сперма және т.б.
Иммунологиялық зертханаға келіп түскен әрбір биоматериал жұқпалы ауруларға тексеріледі. Биоматериалдарды зарарсыздандыру ережелері, оларды жою (утилизациялау) қазіргі кезде жұқпалы аурулар санының өсуіне байланысты негізгі мәселе болып отыр. Бұл күнде зертхана ішінде бұл мәселе шешілген: дезинфекциялаушы заттарды, биоматериалдарды сақтау және тасымалдау үшін контейнерлер, дезинфекцияланған биоматериалды жинауға және пайдалануға арналған бір рет пайдаланатын қаптармен, бір реттік қолғаптармен, қорғаныс көзілдіріктермен (қажет болса), арнайы жұмыс киімдермен жұмыс істеу қамсыздандырылған.
Дезинфекциялаушы (des – «жою») заттарға патогендік микробтарды жоятын әртүрлі химиялық қоспалар жатады. Әрбір дезинфекциялаушы заттың құрамында компоненттерге, олардың концентрациясына және қолдану ережелеріне байланысты микробтарға қарсы әсерінің спектрі болады. Белсенді компонент ретінде патогендерге қарсы әсері әртүрлі химиялық қоспалар пайдаланылады (1 кесте).
Қазіргі кезде галлоид құрамды, оттегі құрамды беткей белсенді заттар (ББЗ), гуанидин, альдегидтер, спирт сияқты химиялық қоспаларға жататын дезинфекциялаушы заттар кеңінен қолданылады.
Галлоид құрамды заттардан хлор құрамды дезинфекциялаушы заттар (гипохлоридтер, хлораминдер, анолиттер) кең қолданылады.
Оттегі құрамды заттар тек қана дезинфекциялау үшін емес, сонымен қатар патогендерге қарсы жоғары белсенді болғандықтан стерилизациялау үшін де пайдаланылады. Көп жағдайларда олар қолдануға қауіпсіз, жанама әсері жоқ. ББЗ еденді, жиһазды, қабырғаларды тазалау үшін күнделікті қолдануға ұсынылады. ББЗ басқа компоненттермен бірге қосылса, әсер ету спектрі кеңейеді. Олардан «Аламинол» көп қолданылады.
1 кесте
Негізгі дезинфицирлеуші заттар және олардың сипаттамалары
Аталуы
| Әсер етуші зат
| Қолданылуы
| Антипатогендік әсері
| Жағымсыз әсері
| 1. Галлоид құрамды заттар
| Кальций гипохлориді
| Белсенді хлор
| Дезинфекциялау
| Бактериялар, микобактериялар, вирустар, споралар
| Коррозиялық белсенділік, тыныс алу жолдарын тітіркендіретін иіс
| Анолит
| -/-
| Дезинфекциялау, стерилизациядан алдынғы өңдеу, стерилизациялау
| -/-
| Жоғары коррозиялық белсенділік
| Хлорлы әк
| -/-
| Дезинфекциялау
| -/-
| Коррозиялық белсенділік, тыныс алу жолдарын тітіркендіретін иіс
| Б, ХБ, Д хлораминдері
| -/-
| -/-
| Бактериялар, микобактериялар, вирустар
| Жоғары коррозиялық белсенділік
| 2. Асқын тотық қоспалары
| Асқын тотығы
|
| Дезинфекциялау, жуу ерітіндісінің компоненті, сетрилизациядан алдынғы өңдеу, стерилизациялау
| Бактериялар, микобактериялар, вирустар, споралар
| Теріге тітіркендіруші әсер етеді
| Виркон (Словения, Польша)
|
| Дезинфекциялау
| Бактериялар, микобактериядан басқа, вирустар
| Анықталмаған
| 3. Беткей белсенді заттар (ББЗ)
| Аламинол
| Төрттік аммоний қоспалары
| Дезинфекциялау
| Бактериялар, микобактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар
| Анықталмаған
| Септодор (Израиль)
|
| Дезинфекциялау, стерилизациядан алдынғы өңдеу, стерилизациялау
| Бактериялар, микобактериядан басқа, ЖРВИ вирустар, саңырауқұлақтар
| Анықталмаған
| 4. Гуанидтер
| Хлоргексидин
|
| Дезинфекциялау
| Су ерітінділері: бактериялар, микобактериядан басқа.
Спирттік ерітінділері: Бактериялар, микобактериядан басқа, вирустар
| Анықталмаған
| 5. Альдегид құрамды заттар
| Глутарлы альдегид
| Глутар-альдегид
| Дезинфекциялау, стерилизациялау
| Бактериялар, микобактериялар, вирустар, споралар, саңырауқұлақтар
| Коррозиялық әсері жоқ
| 6. Спирттер
| Этил спирті синтетикалық
| Спирт
| Дезинфекциялау, тері антисептигі
| Бактериялар, микобактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар
| Анықталмаған
| Құрамында гуанидин болатын заттардың микробтарға қарсы әсері төмен болады; олар негізінен бактерицидті әсер етеді. Дегенмен, ББЗ-мен және спиртпен бірге олардың белсенділігі жоғарылайды. «Демос», «Катасепт» патогендерге қарсы аса белсенді болып есептеледі.
Альдегидтер тобынан «Сайдекс», «Глутарал» дезинфекциялаушы және коррозиялық әсері жоқ стерилизациялаушы зат ретінде кең қолданылады. Глутарал альдегид негізінде ББЗ-мен, фенол қоспаларымен, этанолмен біріктіріп белсенді біріккен әсері (дезинфекциялау және стерилизациялау) бар заттар дайындалған.
Спирттер (этилді, изопропилді) жеке немесе басқа химиялық қоспалармен бірге антисептикалық және дезинфекциялаушы заттар ретінде, әсіресе, гигиеналық дезинфекция үшін кең пайдаланылады.
Дезинфекциялаушы заттар зертханада күнделікті, соның ішінде жалпы тазалау үшін де қолданылады.
Олармен жұмыс жасағанда кез-келген адам үшін улы екенін ескеру керек. Осыған байланысты қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет: жұмыс ерітінділерін тартқыш шкафта сақталуы, ыдыстар және басқа құралдардың қолғап киіп тазалануы, дезинфекциялаушы заттар теріге және шырышты қабықтарға түспеуі тиіс. Дезинфекциялаушы заттары бар ыдыстар тығыз жабылып, белгіленуі қажет.
Зертхананың ауасы бактерицидті сәулелендіргіштермен (ОБН-150, 200, 300, 350 және т.б.) тазаланады. Ауаны және заттарды зарарсыздандыруға арналған қабырғаға, төбеге орналасқан, жылжымалы жарықтар болады. Жарықтардың бетіндегі шаң зарарсыздадыру нәтижесін 50%-ға төмендетеді.
Иммунологиялық зертханада ыдыстарды тазалау, жуу және жұмысқа дайындау істеріне көп көңіл бөлінуі тиіс. Ыдыстар мен қосалқы материалдар белгіленіп, топтарына және зерттеу әдістеріне қарай бөлінеді, химиялық таза, қажет болса стерилді болады. Мысалы, иммундық ферментті талдауда «субстратты қоспаға арналған», «Конъюгатқа арналған», «Стоп-реагенке арналған», «Араластырғыш ерітінді», «Жуатын ерітінді» және т.б. белгіленген ыдыстарды қолданған жөн.
ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАБІЛЕТІН ЗЕРТХАНАЛЫҚ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Жалпы мәліметтер. Зертханалық әдістердің принциптері
Диагноз қою үшін қажетті ақпараттың 70%-ы зертханалық зерттеулердің нәтижелерінен алынады.
Иммунологиялық зертханалық диагностиканың негізгі мақсаты иммундық жүйенің (ИЖ) белгілі тізбегіндегі ақауды табу. Иммунологиялық диагностиканың негізгі принципі иммунологиялық патологияны (аллергиялық, аутоиммундық) дәлелдеу және ИЖ жетіспеушілігін анықтау. Иммунологиялық реактивтілікті бағалау сау ағзада ИЖ қалыпты қызметін сипаттау үшін жүргізіледі.
Иммунологиялық әдістерді патологиялық жағдайды диагностикалауда қолдану үшін негізгі көрсеткіштерге ИЖ кез-келген деңгейіндегі бұзылыстарды дәлелдейтін клиникалық белгілер жатады (2 кесте).
2 кесте
ИЖ қызметі жетіспеушіліктерінің клиникалық белгілері
Зақымдану деңгейі
| Клиникалық көрінісі
| Жұқпалы зақымданулар (қайталамалы және созылмалы)
| Тері және тері асты клетчаткасы;
Конъюнктивиттер;
Мұрынның қойнаулары, ортаңғы құлақ.
| Тері кандидозы, пиодермия, фурункулез, абсцесс;
Жаралы, вирусты, бактериялық конъюнктивит;
Іріңді синусит, отит, мастоидит.
| Бронхтар, өкпе, плевра.
| Эндобронхит, пневмония, плевро-пневмония, плеврит, бронхоэктаздар, кандидоз, пневмоцистоз, фиброз.
| Лимфа түйіндері
| Іріңді лимфаденит
| Ауыз қуысының шырышты қабаттары
| Кандидоз, стоматит (жаралы және т.б.)
| Асқазан ішек жолдары
| Энтерит, энтероколит, жаралы колит
| Сүйектер, буындар
| Деформациялану, ауырсыну, синовииттер, бурситтер
| Иммундық жүйенің жұқпалы аурулары
| АИВ-инфекциясы, жұқпалы мононуклеоз
| Жұқпалы зақымданулар
| Аллергиялық аурулар
| Бронх демікпесі, поллиноз, атопиялық дерматит, Квике ісігі және т.б.
| Аутоиммундық аурулар
| Ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі, созылмалы белсенді гепатит, антифосфолипидті синдром және т.б.
| Қатерлі ісіктер:
лимфа түйіндері;
бадамша безі;
тимус
| Лимфома, лимфосаркома, лимфолейкоз, лимфогранулематоз
гипоплазия
гипоплазия
гипоплазия
| Сонымен, көптеген бұзылыстарда ИЖ зертханалық бағалау қажет.
Зертханалық зерттеу әдістерінің ақпараттылығы негізгі екі көрсеткіштермен сипатталады: диагностикалық сезімталдық және диагностикалық спецификалық (3 кесте).
3 кесте
Иммунологиялық зерттеу әдістерінің вариациялану коэффициентерінің сипаттамасы
Көрсеткіш
| Серия аралық CV, %
| 1. IgA, РИД, қолмен жүргізілетін
РИД, дайын иммунодиффузиялық планшеттер
Турбидиметрия, Қ
П
| 10,9
5,3
3,75
3,06
| 2. IgМ, РИД, қолмен жүргізілетін
РИД, дайын иммунодиффузиялық планшеттер
Турбидиметрия, Қ
П
| 8,6
7,1
4,15
3,06
| 3. IgG, РИД, қолмен жүргізілетін
РИД, дайын иммунодиффузиялық планшеттер
Турбидиметрия, Қ
П
| 11,3
2,67
0,79
| 4. IgG
| 2,7-3,8
| 5. АИК
IgA, РИД, қолмен жүргізілетін
IgМ, РИД, қолмен жүргізілетін
IgG, РИД, қолмен жүргізілетін
|
7,0
6,8
5,3
| 6. С3, РИД, дайын иммунодиффузиялық планшеттер
Турбидиметрия
| 9,2
1,15
| 7. С4, РИД, дайын иммунодиффузиялық планшеттер
Турбидиметрия
| 6,3
2,39
| 8. АТТг, ИФТ
| 6,6
| 9. Ат ДНҚн, ИФТ
| 3,8
| 10. РФ IgМ, ИФТ
Турбидиметрия
| 4,6
2,37
| 11. РФ IgА, ИФТ
| 8,6
| 12. CD4 абс.саны л/мкл
| 5,2
| 13. CD8 абс.саны л/мкл
| 3,6
| Ескерту: Қ- Ig құрамы қалыпты бақылау сары суы
П - Ig құрамы ауытқыған бақылау сары суы
Әдістің диагностикалық сезімталдығы (ДС): науқастар арасында ізделіп отырған көрсеткіштің оң нәтижелерінің жиілігі пайызбен есептеледі: ДС = (оң нәтижелердің саны/белгілі аурумен ауыратын және белгілі әдіспен тексерілген барлық науқастардың саны) х 100% (әдетте 80%-дан төмен болмау керек).
Әдістің диагностикалық спецификалығы (ДС): белгілі әдіспен тексерілген сау адамдарда теріс нәтижелердің жиілігі пайызбен есептеледі: ДС = (сау адамдарды тексергенде теріс нәтижелердің саны/тексерілген барлық сау адамдар саны) х 100% (әдетте 80%-дан төмен болмау керек).
Зертханалық иммунологияда диагностикалық тест-жүйелерді өңдеу үшін поликлондық та, моноклондық та антиденелер қолданылады.
Антидене мен антиген арасындағы реакция барлық иммунологиялық әдістердің негізгі принципі болып табылады. «Аг+Ад» комплексінде in vitro антидене де, антиген де анықталуы мүмкін. Антиденені анықтағанда биоматериалдың құрамында байланыстырғыш антиген, ал антигенді анықтағанда – байланыстырғыш антидене болуы керек. Түзілген «антиген-антидене» комплексі визуалды анықталады немесе аспапта өлшенеді. Өлшеу әдісі антиген мен антидененің қасиетіне байланысты болады.
Комплексі қандай ортада және жағдайда анықталуына қарай зерттеу әдістері гомогенді, гетерогенді және диффуздық болып бөлінеді.
Гомогенді әдіс. Гомогенді әдісте реагенттер мен зерттелетін үлгі араластырылады және «Аг+Ад» байланысу реакциясынан алынған сигнал техникалық аспаппен есептеледі. Гомогендік әдістерге қатты фазалар кірмейді, тез нәтиже береді, сондықтан реакция кезеңдерін (агглютинация реакциясы, комплементті байланыстыру реакциясы және т.б) бөлуді қажет етпейді. Әдістер реакция компоненттерінің «тасымалдаушыларын» (эритроциттер, латекс және т.б.) енгізу арқылы күшейтіледі.
Гетерогенді әдіс. Бұл әдісте бір реагент – антидене немесе антиген – қатты фазада (полистирол, латексті, парамагнитті бөлшектер және т.б.) бекітіледі. «Аг+Ад» реакциясын визуализациялау және есептеу үшін қоспаға Ад-мен немесе Аг-мен байланысты белгі енгізіледі. Реакция байланыспаған реагенттерден қоспаларды ажырату кезеңдерін қамтиды. Бұл әдіс компоненттердің төмен концентрациясын анықтауда қолданылады. Әдістің бәсекелесті және бәсекелесті емес түрлері болады.
Диффузиялық әдіс (электрофорез, иммуноэлектрофорез, радиалды иммунодиффузия әдістері және т.б.). Реакция гелде жүргізіледі. Иммунодиффузияда ерігіш антигендер және ерігіш антиденелер байланысып, преципитат түзеді. Реакция жүргізгенде антиген және антидене арасындағы қатынастың маңызы жоғары. Реакция компоненттерінің енжар диффузиясы әртүрлі электрофрездік процедураларды қолдану арқылы күшейтіледі.
Зертханалық иммунологияның әрбір әдістеріне түсініктеме беруден алдын «Аг+Ад» реакциясын автоматты есептеу үшін қолданылатын аспаптардың негізіндегі негізі физикалық құбылыстарды еске саламыз.
Фотометрия (грек. рhos - жарық) «Аг+Ад» комплексінің жарықты сіңіруін есептеуге негізделген. Жарықтың абсорбциясы фотометр аспабымен өлшенеді.
Турбидиметрия/нефелометрия (ағыл. turbidy – бұлдыр, грек. nephele - бұлт) – фотометрияның бір түрі. Әдіс құрамында «Аг+Ад» комплексі бар ерітінді арқылы өтетін жарықтың таралуын есептеуге негізделеді. Таралу бұрышы мен дәрежесі «Аг+Ад» комплексінің концентрациясына (тығыздығына) байланысты болады.
Бұл принцип нефелометрде, автоматталған биохимиялық және иммунологиялық анализаторларда (Хитачи, ADVIA және т.б.) қолданылады.
Флюоресценция (жарығы алғашқы рет анықталған флюорит минералының атына сәйкес, лат. escentia - әлсіз әсер ету) – жарық түсіргеннен кейін заттың әлсіз сәулеленуі. Флюоресценция кезінде бағытталған жарық толқынының ұзындығы «сәулеленуден кейінгі» эмиссияның толқынынынан қысқа. Фотондардың саны фотометрмен есептеледі және сынамадағы зерттелетін заттың концентрациясына байланысты болады. Бұл принцип көптеген жоғары сезімтал аспаптардың – иммунофлюориметрдің жұмысына енгізілген.
Хемилюминесценция (хеми – химиялық, лат. lumen – жарық, яғни химиялық реакцияларда пайда болатын сәулелену). «Аг+Ад» комплексі түзілгенде химиялық реакцияларда сәуле пайда болады, жарық кванттары бөлінеді. Реакция сәулеленуді күшейтетін қосымша құрылғылары бар хемилюминометрлердің көмегімен есептеледі. Зертханалық иммунологияда жоғары дәрежелі сезімтал және спецификалы иммунохемилюминометрлер (Кентавр, Аксим, фагоцитозды бағалау үшін 1251 хемилюминометрі және т.б.) көп қолданылады.
Радиобелсенділік. Радиобелсенді изотоптар (НЗ тимидин, 125I, 131I және т.б.) белгі ретінде кең пайдаланылады. Изотоптар қуатты β- немесе γ- нұрлар түрінде сәулелендіреді. Заттардың концентрациясы («Аг+Ад») β- немесе γ- нұрлардың сәулелену қарқындылығына қарай анықталады (мысалы, бластты трансформация реакциясында лимфоциттер β-санауышпен НЗ-тимиденмен белгіленеді).
Соңғы кездері персестирлеуші вирустық-бактериялық инфекциялар туралы ақпарат алу үшін, микроорганизмдердің патогенділік факторларын, вируленттілігін тестілеу үшін, апоптозды қолдану үшін және т.б. кездері ДНҚ-диагностика әдісі қолданылады. ДНҚ-диагностика негізгі екі принциптен тұрады: ДНҚ-гибридизация және полимеразадық тізбектік реакция (ПТР).
Әдістердің принципі: ДНҚ-ың гибридомдық тізбегін құру, ДНҚ-полимераза ферментінің көмегімен ДНҚ фрагментін бірнеше рет көшіру. Көптеген көшірмелер пайда болады. Бұл реакцияны есептеу үшін кішкене алғашқы материалдан жеткілікті мөлшерде көшірмелер алуға мүмкіндік береді.
Дата добавления: 2014-12-12 | Просмотры: 977 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 |
|