СОЦИАЛЬНАЯ ГЕРОНТОЛОГИЯ 4 страница
Әдіс жасушалардың хемоаттрактанттардың қатысуымен аса белсенді миграциялану қабілетіне негізделеді.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ
Иммунологиялық зертханада диагностикалау процесі төменде көрсетілген кезеңдерден тұрады:
1. Сараптау алды (зертхана алды және зертханалық).
2. Сараптау (зертханалық).
3. Сараптаудан кейін (зертханалық және зертханадын тыс).
Зертханалық тексеру әдістерінің сенімділігі негізгі үш көрсеткіштерді қамтиды: сараптау, медициналық және техникалық-экономикалық.
Сараптау көрсеткіштеріне зерттеу әдістерінің спецификалығы, туралығы, өнімділігі және сезімталдығы жатады.
Медициналық көрсеткіш биоматериалды алуды, сақтауды және зертханаға жеткізу мерзімдерін, сынамаларды алу жағдайлары мен технологиясын (плазманы, сары суды, жасуша суспензияларын және т.б.), үлгілердің сапасын (фибрин қоспаларының, гемолиздің, эритроциттердің, Ig агрегаттарының, микроорганизмдермен контаменацияланудың болмауы) зерттеу әдістерінің сапасын бақылауды қамтиды.
Техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сараптау уақыты, реактивтердің бағасы, олардың зерттеушілердің денсаулығына әсері, өлшеу аспаптарының болуы және әдістердің анализаторларға бейімделу мүмкіндігі, орындаушылардың кәсібилігі жатады.
5 кестеде диагностикалық сараптаманың кейбір кезеңдеріне сипаттама берілген.
5 кесте
Диагностикалық сараптаманың кейбір кезеңдеріне сипаттама
Кезеңдері
| Кезеңдердің аталуы
| Негізгі процедураладың аталуы
| I
| Зертханаға дейінгі
| Маманның зерттеудің көлемі мен сипатын дұрыс анықтауы
Науқасты зерттеуге дұрыс дайындау
Биоматериал алу технологиясы мен ережелерінің туралығы
Антикоагулянтты дұрыс пайдалану
Биоматериалды дұрыс белгілеу және жолдама құжатты дұрыс құрастыру
Биоматериалды зертханаға уақытында жеткізу
| II
| Зертханалық
Сараптама алды
| Биоматериалды сақтау және зертханаға жеткізу ережелерін сақтау
Келіп түскен биоматериалдың сапасын бағалау
Жолдама құжаттың дұрыс толтырылғанын бағалау
Келіп түскен биоматериалдан сынама алу ережелері мен технологиясын сақтау
Зертхана ыдыстарының және қосалқы аспаптардың тазалығы
Сынаманы дұрыс сақтау
Өлшегіш аспаптардың техникалық және технологиялық талаптарға сәйкестігі
|
| Сараптамалық
(оперативті бақылау)
| Калибрлеудің дұрыстығын қадағалау
Калибрлеу өлшемінің нәтижелерін қадағалау. Белгіленген көрсеткішпен (БК) салыстыру
Қадағалау карталары (X, S, CV) бойынша статистикалық жұмыс. Шухарт картасын құрастыру
Бақылау материалдарының өлшемін бағалау (БК-мен салыстыру)
Вестгард көрсеткіштері бойынша бағалау
Интерференциялық әсерді жою (заттардың реакция барысына әсері, мысалы фармакологиялық және техникалық интерференция)
| III
| Сараптамадан кейін
Зертханалық
(ретроспективті қадағалау)
Зертханадан тыс
| Нәтижелерді интерпретациялау
Нәтижелерді дұрыс тіркеу
Шухарт картасы бойынша қателерді сараптау
Нәтижелерді уақытында маманға жеткізу
Зертханадан алынған нәтижелердің дұрыс тіркелуі
Маманның нәтижелермен жұмыс жасауы (клиникалық маңызын бағалау)
Зертхана ақпаратын қолдану әдістерінің барабарлығы
|
Солай етіп, зертханалық иммунологиялық зерттеу әдістерінің сапасын қадағалау – бұл зертханалық процестің барлық кезеңдерінен тұратын іс-шаралар жиынтығы: 1) қателерді табу; 2) бақылау кезеңдерінде болуы мүмкін қателердің алдын алу; 3) қателерді өз уақытында (оперативті) жою.
Зерттеу әдістерінің сапасын бақылау мыналарды қамтиды: 1) зертхана қызметкерлерінің барлық сараптау әдістерінің сапасын жүйелі түрде бақылауы (зертхана ішілік қадағалау); 2) сапаны тәуелсіз мекемелердің жүйелі түрде сыртқы бақылауы. Сапаны сыртқы бақылаудың міндеті – бақылау мекемелерінен келген бақылау үлгілерінің зертханалық тексеру нәтижелерін объективті бағалау. Сапаны сыртқы бақылаудың мақсаты – әртүрлі зертханалардан алынған нәтижерлерді салыстыруды қамтамасыз ету.
II-бөлім
ИММУНОЛОГИЯДАН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
Тәжірибелік сабақ 1
ТАҚЫРЫП: Көп салалы емдік-профилактикалық мекеменің иммунологиялық зертханасы. Мақсаттары. Құрылымы. Зертханада жұмыс жасау ережелері. Зертханалық иммунологиялық зерттеу кезеңдері.
Сабақтың жоспары:
1. Иммунологиялық зертхананың құрылымы. Міндеттері. Техникалық жабдықталуы.
2. Қауіпсіздік техникасының негіздері. Санэпидрежим. Дезинфекциялаушы ерітінділер және олармен жұмыс істеу ережелері.
3. Зертханалық иммунологиялық зерттеулердің кезеңдері: сараптамадан алдын, сараптама және сараптамадан кейін. Кезеңдердің міндеттері, болуы мүмкін қателіктердің сипаттары.
4. Зерттелетін биоматериалдардың түрлері. Сынамаларды зарарсыздандыру, алу техникасы, сақтау ережелері.
Тәжірибелік дағдылар:
· биоматериалдарды қабылдау, биоматериалдың сапасын және құжаттарын бағалау, белгілеу, тіркеу, сынамаларды сараптауға дайындау;
· центрифугамен жұмыс жасауды игеру;
· микроскоппен жұмыс жасауды игеру;
· ионометрде жұмыс жасауды игеру;
· термостатпен жұмыс жасауды игеру;
· зертхана ыдыстарын зарарсыздандыру техникасы, ыдыстарды жұмысқа дайындау, биоматериалды пайдалану (утилизациялау) ережелері.
· санэпидрежим негіздері;
· құжаттарды дайындау және сараптау нәтижелері.
Сабақты өтуге арналған нұсқау.
Иммунологиялық зертханада инфицирленген биоматериалдар (қан, жасушалар суспензиясы, сары су, плазма, секреттер, зәр және т.б.) зерттеледі.
Иммунологиялық зертханада жұмыс жасау ережесі:
· биоматериалмен жұмыс жасағанда халат, қалпақ, қолғап кию керек;
· жұмыс орнында жұмысқа қатысы жоқ заттар болмауы тиіс. Жұмыс үстелінде дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс және шүберек болуы қажет;
· жұмыс орны жұмыстан кейін дезинфекцияланады;
· биоматериал арнайы киімге немесе жұмыс орнына түссе дезинфекцияланады, киім арнайы дезинфекциялаушы ерітіндіс бар ыдысқа салынады;
· биоматериалмен жанасқан бір реттік қосалқы материал, қолданылған пробиркалар, аспаптар және басқа заттар дезинфекциялық ерітіндісі бар белгіленген ыдыстарда дезинфекцияланады;
· жұмыстың соңында жұмыс орны жиналады, қолғаптар дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салынады, қолдарды жуу керек.
Аспаптармен жұмыс жасауды игеру:
· центрифугамен (араластырылған сілекейді центрифугирлеу);
· ионометрмен (дайын буферлік ерітіндінің рН өлшеу);
· микроскоппен (қан жағындысындағы жасушаларды санау).
Бұл тапсырманы орындап болғасын қолданылған жабдықтарды зарарсыздандыру қажет: центрифуганы және ионометрді (беттерін) дезинфекциялаушы ерітінді сіңірілген шүберекпен сүрту; иммерсиондық микроспоктың объективін таза құрғақ шүберекпен окулярын 70° спиртпен сүрту. Объективтерді жұмыссыз қалыпқа қою керек.
Зертханалық иммунологиялық зерттеулердің кезеңдерін талдау
Биоматериалды алу, зарарсыздандыру, сараптау үшін сынамаларды алу техникасын, сынамаларды сақтау ережелерін игеру:
1. қаннан сары су алу (сары су хилезді, гемолизденген және онда эритроциттер болмау керек);
2. секреторлық иммуноглобулиндерді зерттеу үшін аралас сілекей сынамасын алу;
3. иммунологиялық зерттеудің сараптау алды кезеңін жүргізу (белгілеу, тіркеу, сынымаларды жіктеу, сынамаларды сақтау).
Ыдыстарды зарарсыздандыру және биоматериалды пайдалану техникасын игеру:
1. биоматериалды пайдалану: а) қанның қоюын арнайы белгіленген ыдысқа тасталып, құрғақ хлорлы әкпен көміледі (қанның қоюының 5 бөлігіне құрғақ хлорлы әктің 1 бөлігі есеппен); б) сілкейдің қалдықтары осы тәсілмен зарарсыздандырылады; в) сары судың қалдықтары белгіленген ыдысқа алынып, үстіне 1:5 ара қатыста дезинфекциялаушы ерітінді құйылады;
2. зертхана ыдыстарын зарарсыздандыру:
а) шыны пробиркалар биоматериалдан босағаннан кейін белгіленген ыдысқа салынып, үстіне дезинфекциялаушы ерітінді құйылады және 1 сағат инкубацияланғаннан кейін пробиркалар зарарсыздандырудың стерилизациядан алдын және стерилизациялау кезеңдерін өтеді;
б) пластикті бір реттік ыдыс дезинфекциялаушы ерітіндімен зарарсыздандырылғаннан кейін арнайы пакетке салынады;
в) пластикті көп реттік ыдыс дезерітіндімен зарарсыздандырылғаннан кейін ағын судың, одан кейін дистиллирленген судың астында жуылып, кептіліріледі,; г) жасушалармен жұмыс істеуге арналған ыдыстарды силикондау (силикондау үшін арналған ерітінді: силиконның 1 бөлігі + эфирдің 10-16 бөлігі).
Сараптама жүргізу:
· сараптаманың алдында барлық реактивтер бөлме температурасында 30 минут ұсталу керек;
· әрбір сараптама кезінде зертхана ішілік сапаны бақылау жүргізу қажет;
· сараптама аяқталған соң тіркеу, жұмыс журналдарын, сараптаманың нәтижелері жазылатын қағаздарды дұрыс толтыру керек. Нәтижелерді өз уақытында дәрігер-клиницистерге өткізіп тұру қажет.
Тәжірибелік сабақ 2
ТАҚЫРЫП: Зертханалық иммунологиялық зерттеулердің талдау алдын кезеңі.
Сабақтың жоспары:
1. Зертханалық иммунологияда қолданылатын негізгі аспаптарда жұмыс істеу техникасы. Электр және өрт қауіпсіздіктері негіздері.
2. Иммунологиялық зерттеулер жүргізу үшін реактивтерді дайындау техникасы.
Тәжірибелік дағдылар:
Жұмыс істей білу керек:
1. вертикалді фотометрде;
2. хемилюминометрде;
3. пипеткалық дозаторлармен;
4. сараптама таразыларында.
5. реактивтерді дайындай және олардың көлемін өлшей білу керек.
Сабақты өтуге арналған нұсқау.
Химиялық реактивтерді оқытушы немесе аға лаборант таратады. Аспаптармен жұмыс істеу оқытушымен қадағаланады.
Реактивтер мен жабдықтар:
1. вертикалді фотометр (мультискан) зерттелетін үлгінің оптикалық тығыздығын ИФА-әдісте анықтау үшін арналған;
2. хемилюминометр 1251 кинетикалық режимде нейтрофилдерді хемилюминесценциялау реакциясын жүргізу үшін арналған;
3. ауыспалы ұштықтары бар пипеткалық дозаторлар сұйықтықтардың мөлшерін дәл өлшеу үшін арналған;
4. физерітінді, ЭДТА, гепарин, глюкоза, лимон қышқылы.
Анализаторларда жұмыс істеуді игеру:
1. «Антиденелерді анықтаудың сапалы әдісі» (микросомалық фракцияларға қарсы антиденелерді анықтау) және «антиденелерді анықтаудың сандық әдісі» (тиреоглобулинге қарсы антиденелерді анықтау) бағдарламасы бойынша мультисканда жұмыс істеуді игеру;
2. 1251 хемилюминиметрде нейтрофилдердің хемилюминесцен-циялануын анықтау бағдарламасын игеру: үлгілердің санын енгізу, спонтандық ХЛ жүргізу уақыты, стимуляторды енгізу уақыты және индуцирлі ХЛ жүргізу уақыты. Үлгіні белгілеу;
3. әртүрлі көлемде бір және көп арналы дозатормен ерітіндіні дозалау.
Тапсырманы орындап болған соң аспаптарды сөндіріп, барлық аспаптардың беттерін және дозаторларды дезерітінділермен зарарсыздандыру қажет.
Қолданылған ыдыстар, ұштықтар, жасуша суспензияларының қалдықтары, сары сулар санэпидрежим талаптарына сәйкес зарарсыздандырылады.
Реактивтерді дайындау принциптерін игеру (реактивтерді дайындаудың кейбір мысалдары келтірілген). Белгілі әдістемелерге реактивтерді дайындау сәйкес тәжірибелік сабақтарда көрсетіледі.
Ф и з е р і т і н д і л е р д і д а й ы н д а у (NaCl изотониялық ерітінді):
· 0,9% физиологиялық ерітінді рн 7,0-7,2: сараптау таразысына 9 г химиялық таза натрий хлоридін (NaClхт) тартылады, азғана дистиллирленген суда ерітіп, дистиллирленген сумен 1 л-ге дейін жеткізу керек;
· алынған ерітіндінің рН ионометрде өлшенеді. HCL немесе NaCl бірмолярлық ерітіндісімен рН қажетті көрсеткішке дейін жеткізіледі.
Физерітінді бөлме температурасында сақталады.
А н т и к о а г у л я н т т а р д ы д а й ы н д а у. 200 Ед\мл концентрациялы гепарин ерітіндісін дайындау: құрамында 5000 Ед/мл гепарин бар 1 мл бастапқы гепарин ерітіндісіне (коммерциялық) 24 мл стерилді физиологиялық ерітінді рН 7,2 қосылады. t= +4ºС сақталады.
Қан бар қоспаның соңғы концентрациясы 20 Ед/мл (10 мл қан + 200 Ед/мл 1 мл гепарин немесе 0,1 мл гепарин + 1 мл қан)
2,7 және 6% ЭДТА ерітінділерін дайындау (трилон Б1 немесе хелатон) – этилендиаминтетрауксус қышқылының екі натрий тұзы – Na2 ЭДТА:
· 2,7 г және 6 г ЭДТА таразыға тартылады;
· әрбірін 100 мл стерилді физерітіндіде рН 7,2 ерітіледі.
t=+4ºС сақталады. ЭДТА СД4 экспрессиялануын төмендетуіне, ал гепарин фагоцитозды тежеуіне байланысты зертханалық иммунологияда гепарин мен ЭДТА қоспасы қолданылады.
Гепарин мен ЭДТА қоспасын –антикоагулянтты дайындау:
· 200 Ед/мл гепариннің 1 бөлігі мен 6% ЭДТА 2 көлемі араластырылады.
t=+4ºС сақталады. 1:10 қатынаста қанмен (1 мл антикоагулянт + 10 мл қан) қолданылады.
Цитраттық гемостабилизаторды дайындау (тромбоциттердің агрегациялануының алдын алу үшін):
· 13,2 г үш натрий-цитратты), 4,8 г лимон қышқылын, 25 г глюкозаны тарту керек;
· дистиллирленген сумен 1 л дейін жеткізіледі. Оптималды көрсеткіші рН 6,5.
t=+4ºС сақталады. 1:7 ара қатыста лейкоциттік қорытпалармен бірге пайдаланылады.
Тәжірибелік сабақ 3
ТАҚЫРЫП: Сары сулық иммуноглобулиндер. Әдістер. Радиалды иммунодиффузия.
Сабақтың жоспары:
1. Радиалды иммунодиффузия (РИД) әдісінің принципі.
2. Ig-сары суларды сандық анықтау үшін реактивтерді дайындау.
3. Жабдықтар мен қосымша материалдарды дайындау.
4. Анализді жүргізу техникасы.
5. Анализдің нәтижелерін есепке алу.
6. Әдістің сапасын бақылау.
Тәжірибелік дағдылар:
· су моншасымен жұмыс істеуді игеру;
· қарсы сары суы бар агар қоспасын горизонталді бетке құю техникасын игеру;
· үлгіні ойыққа дұрыс енгізе білу;
· бақылау сары суын араластыру техникасын игеру;
· әртүрлі концентрациядағы Ig-мен бақылау сынамаларын алу;
· МБС-9 бинокулярлы лупамен жұмыс істеу техникасын игеру;
· калибрлік қисықты түзу техникасын игеру;
· РИД әдісінің сапасын қадағалауды жүргізе білу.
Сабақты өтуге арналған нұсқау.
Организмде иммуноглобулиндер иммунитет процестеріне қатысады. Иммуноглобулиндердің қорғаныс қызметі осы фракцияда антигендермен байланыса алатын антиденелердің болуымен ерекшеленеді. Сары сулық иммуноглоублиндерді анықтау ИЖ гуморалдық тізбегінің жағдайын бағалау үшін қажет. Иммуноглобулиндер жүйесі біріншілік және екіншілік иммунтапшылықтарда, гаммапатияларды, аутоиммундық, лимфопролиферативтік, қабыну ауруларын диагностикалауда өте маңызды.
Әдістің принципі.
Манчини бойынша РИД. Зерттелетін үлгіні қарсы сары суы бар агарға қосқанда Ад+Аг комплексі түзіледі, бұл кезде заряд өзгереді, иммундық комплекс ерімейтін күйге айналып, преципитат түрінде тұнады.
Реактивтер мен жабдықтар:
· дайын коммерциялық «Диагностикумдар» немесе зертханада дайындалған құрамында IgG, IgA, IgM қарсы моноспецификалық қарсы сары сумен агарлы гел қоспасы болатын иммунодиффузиялық планшеттер;
· стандартты сары су (дайын);
· құрамында белгілі мөлшерде Ig болатын бақылау сары суы (дайын, коммерциялық);
· преципитаттың диаметрін өлшеуге арналған бинокулярлық лупа (МБС-9,10);
· агардағы ойықтарды оюға арналған ойғыш;
· горизонталды стол;
· су моншасы;
· калибрлік қиысқты сызуға арналған полулогарифмдік қағаз.
РИД жүргізу техникасы (дайын иммунодиффузиялық планшеттерді қолданғанда):
· дайын иммунодиффузиялық планшеттер бөлме температурасында 30 мин ұсталады;
· зерттелетін үлгілер дистиллирленген сумен немесе физерітіндімен араластырылады: IgG анықтау үшін 32 рет; IgA анықтау үшін 8 рет, IgM анықтау үшін 2 рет;
· дайын иммунодиффузиялық планшеттердегі агарда ойғышпен диаметрі 2 мм ойықтар жасалады;
· бірінші қатардағы ойықтарға пипеткалық дозатормен 5-10 мл құрамында Ig бар бақылау сары суы және бірнеше араласпадағы стандарттар енгізіледі: араласпаған, 1:2, 1:4, 1:8 қатынаста араластырылған. Мысалы, араласпаған стандарттық сары су 4 г/л, ½ араласқан – 2 г/л, ¼ араласқан – 1 г/л, ⅛ араласқан – 0,5 г/л. Қалған ойықтарға 5-10 мкл зерттелетін үлгілер енгізіледі. Бұл процедура әрбір үш планшетте (IgG, IgA, IgM) жасалады;
· планшеттер бөлме температурасында инкубацияланады: IgG және IgA үшін 24 сағат, IgM үшін 48 сағат;
· преципитаттардың диаметрі сызғышпен және микроскоппен өлшенеді;
· IgG, IgA, IgM концентрациясы жиынтыққа қосымша тіркелген кесте бойынша анықталады;
· толық пайдаланылмаған дайын (коммерциялық) планшет ашылғаннан кейін 2-8ºС-та 2 апта бойы сақталуы мүмкін.
Зертханада иммунодиффузиялық планшеттерді дайындау қажет болса, 2% Дифко агары дайындалады:
· 2 г агар таразыға тартылады;
· веронал-мединалды буфер: 1,28 г мединал, 0,23 г веронал, 125 мл дистиллирленген су (рН 8,36±0,04);
· 100 мл веронал-мединал буферіне агар енгізіледі;
· қоспа t=80-100ºС су моншасында ерітіледі;
· бөлме температурасына дейін суыту керек;
· 1 мл 1% мертиолят ерітіндісі қосылады (консервациялау үшін);
· агар ыстық күйінде 4 мл-ден шыны пробиркаларға құйылады. Пробиркаларды жауып (құрғап кетпеуі үшін), қолданғанға дейін t=+4ºС тоңазытқышта сақтау керек;
· зерттеу жүргізілетін күні лиофилизделген моноспецификалық IgG, IgA, IgM қарсы сары сулар 1 мл физерітіндісінде араластырылады;
· су моншасында 4 мл 2% агарды ерітіп, 48-59ºС-қа дейін суыту керек, осы моншада моноспецификалық сары сулар да осындай температураға дейін қыздырылады;
· жұмыс қоспасын дайындау: 1 мл қарсы сары суды 4 мл 2% агарға қосу керек (t=48-59ºС-та);
· пробирканы аударып, қоспа жаймен араластырылады;
· деңгей-үстел дайындалады және оған шыныны қойып, үш шыныға дайындалған жұмыс қоспасын құю керек. Агар қабатының қалыңдығы 1-2 мм;
· агарды суытып болғасын жұмыс дайын планшеттермен жасалған жұмыс сияқты жалғасады.
Анализ нәтижелерін есепке алу:
· белгіленген уақыттан кейін (IgG және IgA үшін 24 сағат, IgM үшін 48 сағат) пайда болған преципитаттың диаметрі бинокулярлық лупамен өлшенеді. Дайын планшеттерді қолданғанда иммуноглобулиндердің концентрациясының көрсеткіштері қосымша берілген кесте бойынша анықталады. Зертханада дайындалған планшеталарды қолданғанда иммуноглобулиндердің санын калибрлік қисық бойынша анықтау керек. Бұл үшін абсцисстердің осіне стандартты сары су преципитаттарының диаметрлері, ал ординаттардың осіне иммуноглобулиндердің концентрациясы қойылады (г/л); калибрлік қисыққа белгіленген нүктелер байланыстырылады. Үлгілердегі иммуноглобулиндердің концентрациясын бағалағанда абсцисс осі бойынша преципитаттың диаметрі қойылып, калибрлік қисықпен қиылысқанша перпендикуляр сызылады. Қиылысу нүктесі ординаттың осіне белгіленіп, иммуноглобулиндердің концентрациясы анықталады. Солай етіп, әрбір иммуноглобулиндерге график түзіледі.
Сапаны бақылау.
Алдын ала түзілген Шухарт картасына бақылау материалдарының көрсеткіштері белгіленеді. РИД жүргізгенде мүмкін болатын қателер және оларды жою шаралары 6 кестеде көрсетілген.
6 кесте
ИДР жүргізгенде болатын қателердің жиі кездесетін себептеріне сипаттама
Қателердің сипаттамасы
| Әдіс
| Себептері
| Қателерді азайту шаралары
| Нәтижелердің төмендеуі
| ИДР
| · Аналиттің физикалық-химиялық қасиетінің өзгеруі (полимериза-ция)
· Қарсы сары судың аз мөлшерде араластырылуы
· Калибрлеу тігінің бұрышы-ның төмен болуы
· Стандарт пен үлгі құрылыстары-ның ұқсаспауы
· Инкубацияның аяқталмауы
| · Зерттеуге келген үлгілерді дұрыс сақталуын қадағалау
· Қарсы сары суды алдын ала таңдау және стандартты араластыру
· Стандарттық материалдардың дұрыс қадағалануы және басқа әдіспен қосымша зерттеу
· Инкубациялану уақытын қадағалау (электрофорез және т.б.)
| Нәтижелердің жоғарылауы
| ИДР
| 1. Мономерлік иммуноглобу-линдер
2. Калибрлеу еңкеюінің бұрышының жоғары болуы
3. Стандарттық үлгілердің көрсет-кіштерінің төмен болуы
4. Ұзақ уақыт инкубациялану
5. Жоғары температурада инкуба-циялану
6. Үлгілерді дұрыс араластырмау
| 1. Парапротеинді анықтау үшін басқа әдіспен үлгіні қадағалау
2. Үлгілерді зерттелгенге дейін дұрыс сақтау
3. Стандарт пен үлгілердің концентрация-ларының сәйкес болуы
4. Инкубациялау температурасы мен уақытын стандарттау
5. Араласпаларды қадағалау, калибр-ленген пипеткаларды, бір реттік ұштықтарды қолдану
|
Иммуноглобулиндерді анықтаудың басқа әдістері бар (турбодимет-риялық, ИФТ).
Тәжірибелік сабақ 4
ТАҚЫРЫП: Жергілікті иммунитет. Секреторлық иммуноглобулиндер. Анықтау әдістері. РИД.
Сабақтың жоспары:
1. Жергілікті иммунитет. Секреторлық иммуноглобулиндер.
2. Аралас сілекейдің үлгісін алу және зарарсыздандыру.
3. Секреторлық иммуноглобулиндерді зерттеуде РИД.
4. Секреторлық иммуноглобулиндердің санын анықтау үшін реактивтерді дайындау.
5. Жабдықтар мен қосымша материалдарды дайындау.
6. Анализді жүргізу техникасы.
7. Анализдің нәтижелерін есепке алу.
8. РИД әдісінің сапасын бақылау.
Тәжірибелік дағдылар:
· компоненттерді араластыру, реактивтер мен жұмыс қоспаларын дайындай білу (моноспецификалық сары су және агар);
· жұмыс қоспасын горизонталді бетке құйып білу;
· центрифуганы қажетті айналымға қойып білу;
· бинокулярлық лупамен жұмыс істей білу;
· таразымен жұмыс істей білу;
· ионометрде (рН өлшеу) жұмыс істей білу;
· калибрлік қисықты түзу.
Сабақты өтуге арналған нұсқау.
Сабақты өткізу үшін алдыңғы сабақтардың теориялық материалдары мен тәжірибелік дағдылардын білу қажет. IgA организмнің секреттеріндегі негізгі иммуноглобулин болып табылады. Бактериялық токсиндерді нейтрализациялауда және вирустарды бекітуде негізгі роль атқарады, олардың организмге енуінің алдын алады. sIgA анықтау ауыз қуысының, өкпенің шырышты қабықтарының (бронх демікпесі) бейспецификалық қабыну процестерін диагностикалауда маңызды.
Дата добавления: 2014-12-12 | Просмотры: 793 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 |
|