АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Сурет. Септик 1 страница

Прочитайте:
  1. A. дисфагия 1 страница
  2. A. дисфагия 1 страница
  3. A. дисфагия 2 страница
  4. A. дисфагия 2 страница
  5. A. дисфагия 3 страница
  6. A. дисфагия 3 страница
  7. A. дисфагия 4 страница
  8. A. дисфагия 4 страница
  9. A. дисфагия 5 страница
  10. A. дисфагия 5 страница

1 – жуынды шұңқыры; 2- шұңқырдың бетон қабырғалары; 3 - иленген саз балшық; 4 - шұңқыр аузының екі қабатты қақпағы; 5- шұңқырдың темір-бетонды жабындысы; 6- су ағатын құбыр; 7 - санитарлық құралдар; 8 - ас үйден шығатын ауа сорып әкететін каналдар; 9 – жуынды шұңқырдан шығатын желдету каналы; 10- дефлектор.

 

Септик арқылы өткен суды биологиялық тазарту үшін көбінесе жер астында сүзетін алаңдарын пайдаланады, ол үшін жерге, 0,5-1,8 м тереңдікке суландыратын құбырлар салынады, солар арқылы топыраққа септикте тазартылған ағынды су келіп түседі.

Екі ярусты тұндырғыштарда (5.4 -сурет) ағынды сұйық, науамен тұндырғыштың жоғарғы ярусы болып табылатын, тұнба отыратын науаларға түседі. Олардың түбінде бүкіл ұзына бойына саңылаулары бар, олар арқылы тұнбаға түскен ағынды суға араласқан бөлшектер екінші, төменгі – лай жиналатын (септикалық камера) ярусқа түседі, бұл жерде тұнбаның ашу үрдісі жүреді. Тұнба отыратын науадағы саңылаулардың төменгі жиектері бір-бірін 15 см-ге жауып тұрады, осыған байланысты су ағызатын науадағы мөлдірленген судың төменгі камерада түзілетін шіру өнімдерімен ластануының алдын алалды. Тұндыру үрдісін ыдырау үрдісінен бөлудің арқасында, ашу кезінде түзілген газдар септиктегі сияқты ағынды сұйықтықты ластамай, тұндырғыштың қабырғасын бойлай отырып, атмосфералық ауаға бөлінеді. Шіріген тұнба, құбыр арқылы сыртқа шығарылады.

 

5.4-сурет. Екі ярусты тұндырғыш.

А – кесіндісі; Б – жоспары; 1 – су асты науасынан қалдық судың түсуі; 2-су асты науасы; 3-тұндыру астауы; 4- жартылай батырылған немесе жүзіп жүретін қалқа; 5- ағынды суға арналған жапқыш; 6-тұнбаны (лайды) шығару құбыры; 7 – тұнбаға арналған жапқыш; 8- тұнбаны түсіру; 9-ағынды суды шығаруға арналған науасы.

 

Тұндырғыштар арқылы өткен ағынды сұйықтың құрамында еріген органикалық заттар болады, олардың шіруі мүмкін. Сондықтан, механикалық тазартудан кейінгі келесі сатысы - суды биологиялық тазарту болып табылады. Оны табиғи (топырақтық, биологиялық тоғандарда) немесе жасанды әдістермен жүзеге асырады.

Топырақтық әдістермен залалсыздандыру - суландыру және сүзу алаңдары деп аталатын жерлерде жүргізеді. Сүзу алаңдары тек ағынды суларды тазарту үшін, ал суландыру алаңдары – тазарту және ауылшаруашылық өнімдерін өсіру үшін қолданылады. Суландыру алаңдарында, өнім егілген жүйектердің арасынан тереңдігі 0,5 м етіп, ұзын арықтар қазылады (5.5-сурет).

 

 

5.5.-сурет. Суландыру алаңдарының кесіндісі.

1- жол; 2- су әкелетін канал; 3- сұйықтықты картаға шығаруды реттейтін шиберлер; 4- суландырғыш-каналдар; 5- ашық дренаж каналдары; 6- қоршау белестері; 7- жүйектер арасындағы арықтар

 

Ағынды сулар осы арықтарға жіберіледі, олар топырақ арқылы сүзіліп, дренаж құбырлары немесе каналдар арқылы суаттарға ағызылады. Олар топырақ арқылы өткен кезде патогенді микроорганизмдер, гельминттердің жұмыртқалары топырақта қалып қояды, ал еріген органикалық заттар топырақтағы микрофлорның тіршілік үрдістерінің нәтижесінде минералданады. Қалдық сулардың құрамында көп мөлшерде қоректік субстрат болады, бұл топырақ микроорганизмдерінің қарқынды көбеюіне жағдай жасайды, соның нәтижесінде топырақ бөлшектері, сіңіретін қасиеті күшті және биохимиялық белсенділігі жоғары, белсенді биологиялық пленкамен түгелдей жабылады. Сүзу алаңдарының суландыру алаңдарынан айырмашылығы, оларға ағынды суды жаппай жаяды. Оларға, суландыру алаңдарына қарағанда, ағынды суларды едәуір көп мөлшерде жіберуге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, ағынды суларды топырақ арқылы залалсыздандырудың тағы бір әдісі – ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге тиесілі егін егетін жерлерді суландыруға пайдалану болып табылады. Бұл алаңдарға түсетін жүктеме, коммуналдық суландыру алаңдарымен салыстырғанда, 5-15 есе аз болады. Оларда бақша немесе мал азықтық өсімдіктерді, егілген шөптерді өсіреді, суды жүйектер арасындағы арықтарға жибереді. Пайдалану ережелерін сақтамаған жағдайда, коммуналдық және егіншілік суландыру алаңдары адамдар мен жануарларға гелминттердің, әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жұқтыратын көздер болуы мүмкін.

Топырақтық әдістер, ағынды суларды тазартудың тиімділігі жоғары әдістері болып табылады, бірақ, ірі елді мекендерде олардың қолданылуы шектеулі, себебі, қазіргі тұрғындардың тығыздығы мен су тұтыну нормалары кезінде, суландыру алаңдарының ауданы өте үлкен болуы керек.

Биологиялық тоғандар – терең емес, су сүзілуі жүрмейтін немесе баяу жүретін топырақтағы жасанды түрде жасалған суаттар. Ағынды суларды тұндырғаннан кейін, тоғанға жіберу алдында 2-5 есе өзен суымен араластырып, баяу, 2-3 тәулік ішінде тоған арқылы өткізеді. Тазаруы аэробты немесе анаэробты жағдайларда жүруі мүмкін. Залалсыздандыру үрдістерін жеделдету және аэрацияны күшейту үшін биологиялық тоғандардың тереңдігін аз ғана (1 м дейін) етіп, жоғары сатыдағы су өсімдіктерін (қамыс, иіртамыр, қоға, т.б.) және балдырлар егеді, жасанды аэрация жасайды. Балдырлар фотосинтез нәтижесінде суды оттегімен байытады, ал жоғары сатыдағы су өсімдіктері, бұдан басқа, судан уытты және органикалық заттарды сіңіріп алып, оны энтеробактериялардан тазартады, антибиотиктік заттарды бөліп шығарады.

Биологиялық тазартудың жасанды әдістері әр түрлі типтегі биототықтырғыштарда жүргізіледі, оларда залалсыздандыру, топырақтағы немесе судағы табиғи жағдайлардағыға ұқсас болып өтеді.

Мұндай биототықтырғыштарға биофильтрлер, аэротенктер, циркуляциялық-тотықтырғыш каналдар және т.б. жатады. Биофильтрлерде залалсыздандыру топырақта жүретін минералдану үрдісін қайталау болып табылады. Биофильтрлер – түбінде табақшалардан жасалған дренажы бар, оған биіктігі екі метр етіп ірі түйіршікті материалдар – шлак, ұсақ тастар толтыра салынған, кірпіштен немесе темір-бетоннан жасалған резервуарлар болып табылады (5.6.-сурет).

5.6.-сурет. Биологиялық фильтр.

1- мөлшерді реттейтін бак; 2- сифон; 3- шашыратуға арналған арнайы құрал; 4- магистральды құбыр; 5- тарату құбырлары; 6- плиталардан жасалған дренаж; 7 – дренажға ауа жіберетін арналар; 8- шлактан жасалған фильтрді енгізу; 9- тазартылған суды шығару арнасы.

Ағынды сулардың өтуі барысында, шлактың жоғарғы қабатында қарқынды көбейетін және судағы еріген органикалық заттарды сіңіріп, ыдырататын аэробты микрофлорасы бар шырышты биологиялық пленка түзіледі. Биофильтрге ауа жіберу микроорганизмдердің тіршілік әрекеттеріне және органикалық заттардың минералдануына бұрынғыдан да жақсы жағдай жасайды. Мұндай фильтрлер аэрофильтрлер деп аталады. Олардың тотықтыру қуаты, кәдімгі биофильтрлерге қарағанда, 3-4 есе жоғары.

Биототықтырғыштардың басқа типі – аэротенктерде органикалық заттардың биологиялық тотығу үрдісі, жер бетіндегі сулардың өздігінен тазару сияқты, бірақ едәуір қарқынды жүреді. Аэротенк – ұзындығы бірнеше ондаған метрге созылған, тереңдігі 5 м – ге дейін жететін тік бұрышты резервуар - арқылы, ағынды сұйық пен, құрамында өте белсенді микроорганизмдердің көп мөлшері бар, лайдың қоспасын, баяу өткізеді. Микробиоценоздың беттік ауданын салыстыратын болсақ, онда жер бетіндегі сулардың 1 м3 -де оның шамасы 5 м2 болады, ал аэротенкілерде бұл көрсеткіш – 1800-2400 м2 дейін жетеді. Аэротенкінің түбіне салынған тесіктері бар құбырлар арқылы ағынды су мен лайдың қоспасына компрессорлар арқылы ауа жіберіледі. Оттегімен байыту және органикалық заттарды өзгеріске ұшырататын микрофлораның қарқынды дамуы, суда еріген ластаушы заттардың минералдануын жылдамдатып, 6-10 сағат ішінде аяқталуына жағдай жасайды. Биофильтрлер мен аэротенктерден кейін тазартылған су, екінші реттік тұндырғыштарға жіберіледі (5.7.-сурет), ал содан кейін, суаттарға жіберілер алдында, зарарсыздандырылады, өйткені тіпті биототықтырудан өткен соң да, онда патогенді мироорганизмдер өздерінің тіршілік қабілетін сақтап қалуы мүмкін. Зарарсыздандыру, әдетте, хлорлау арқылы жүргізіледі. Алайда, хлорлау үрдісі кезінде уытты және канцерогендік хлорорганикалық қосылыстар түзілу қаупі сақталатындықтан, қазіргі кезде зарарсыздандырудың реагентсіз әдістерін -

5.7.- сурет. Алматы қаласының аэрация станциясындағы ластанған суларды тазарту сызбасы

ультракүлгін сәулелерін қолдану, электримпульстік өңдеу неғұрлым ұтымды болып отыр. Ағынды суларды гидрокавитациялық зарарсыздандыру ұсынылды, және оның қазірдің өзінде-ақ келешегі бар екені дәлелдеді.

Тұрмыстық ағынды суларды тазартудың дәстүрлі әдістері әрқашанда тиімді бола бермейді, өйткені тіпті заласыздандырылған судың өзінде биологиялық ыдырауға ұшырамайтын биогенді элементтердің – фосфор, калий, азот, сондай-ақ синтетикалық органикалық заттардың көп мөлшері болады. Тазарту үрдісінде органикалық қосылыстардың тек 90%, органикалық және минералдық азоттың 50%, фосфордың 20-дан 40% дейіні және суда еритін қосылыстардың (нитраттар, фосфаттар, көптеген пестицидтердің) 5% ғана бөліп шығарылады. Сондықтан да, қалалардың ағынды суларын тазарту үшін, әдетте, қосымша тазарту немесе үшінші рет тазарту қажет болады. Үшінші рет тазарту үшін әр түрлі табиғи және жасанды әдістер (коагуляция, белсенді етілген көмірді және басқа да сорбенттерді, тотықтырғыштарды және т.б. қолдану арқылы сорбциялық тазарту) қолданылады.

Өнеркәсіптік ағынды суларды залалсыздандыру ерекшеліктері. Әр түрлі өнеркәсіптік ағынды сулардың құрамы мен қасиеттерінің шектен тыс ерекшеліктерін, улылығы мен қауіптілігі өте әртүрлә болуына байланысты, әрбір кәсіпорындың өзіне ағынды суларды канализациямен шығаруды ұйымдастыруы мен өңдеудің жобалары дайындалады. Өнеркәсіптік ағынды суларды тазартудың физикалық, механикалық, химиялық және биологиялық әдістерінің негізінде, тұрмыстық қалдық суларды тазарту кезінде қолданылатын үрдістер жатыр, бірақ, олардың өндірістің сипатына байланысты, өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, су тұндырғыштарда сүға араласқан бөлшектерді тұндырып қана қоймай, сонымен қатар жеңіл фракцияларды (қатты және сұйық майлар, мұнай өнімдері және т.б.) кетіру де жүргізіледі.

Химиялық және физикалық-химиялық әдістердің көмегімен, уытты қосылыстарды уытты еместерге, суда еритін қосылыстарды ерімейтін қосылыстарға айналдыра отырып, түзілген заттарды тұнбаға түсіреді және өндірісте қайтадан пайдалануға болатын өнімдерді олардан бөліп алады.

Биологиялық тазарту үшін ағынды суларды алдын ала дайындайды (сұйылту немесе шаруашылық-фекльды сулармен араластыру, тазарту жағдайлары мен параметрлерін белгілеу), өйткені, өнеркәсіптік ағынды сулардың рН деңгейі қолайсыз болып, олардың құрамында оттекті сіңіріп алатын және микроорганизмдердің тіршілігіне теріс әсер ететін өте көп органикалық қосылыстар болуы мүмкін. Қосымша шаралардың ішінде өнеркәсіп орнының цехтары мен әр түрлі технологиялық учаскелерінің ағынды суларын жеке-жеке каналдармен ағызужәне оларды біріктіріп ағызғанға дейін жергілікті тазарту қолданылады. Бұндай шара түрлі ластаушы заттармен ластанған өнеркәсіптік суларды тазартуды жеңілдетіп, суға тазартылмаған немесе қатты ластанған сулардың түсуіне жол бермейді.

Өте сирек, ерекше жағдайларда қолданылатын шара өнеркәсіптік қалдық суларды топырақтың терең геологиялық қабаттарына айдау болып табылады. Топырақтың терең қабаттарына, минералдану дәрежесі жоғары, улылығы жоғары емес, ағынды суларды жіберуге рұқсат етіледі. Өнеркәсіптік қалдық суларды залалсыздандыруға бағытталған іс-шаралардың комплексін жүзеге асыру, оларды су көздері суының сапасы мен гидробионттар тіршілігін нашарлатпай, су көздеріне ағызуға мүмкіндік береді.

 

VI -Тарау. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АБАТТАНДЫРУ МЕН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. Урбанизацияның гигиеналық маңызы.

XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың басы қалалардағы тұрғындар санының артуымен (урбанизациялануымен) сипатталады. Урбанизациялану үрдісі көптеген себептерге байланысты. Ауыл тұрғындарының қалаларға ауысуы бұрын да, қазіргі кезде де, қалыптасқан жағдайларға байланысты тұрғындардың жұмыс табу үшін, білім деңгейін көтеру, өмір сүру жағдайларын жақсарту, жоғары кәсіби медициналық көмек алу, мәдени өмірін байыту, тұрмыстың көптеген жақтарын жеңілдету, ауылдағы ауыр жұмыстарды қаладағы жеңілдеу түрлеріне ауыстыру т.б. мақсаттарына байланысты болды. Осы үрдіс қалалар мен ауылдардың терең индустриалдық қайта құрылулары, өндірістердің дамуы, тұрғын үй құрылыстарының кеңейуі, транспорттар санының көбеюі және байланыс түрлерінің жеңілденуі нәтижесінде қарқынды жүреді. Тұрғындардың тек қана материалдық емес, сонымен бірге ірі мәдени орталықтарында өз қажеттіліктерін қанағаттандыру нәтижесінде рухани деңгейлері де өсті.

Қала тұрғындарының саны қарқынды өсуде. Егер, XIX ғасырда қалаларда тұрғындардың бірнеше пайызы ғана тұрған болса, 1950 ж. ол 30% дейін, 1970 ж - 50% дейін, ал жекелеген экономикалық дамыған елдерде - 75-85% дейін асты. 2025 жылы қала тұрғындары барлық халықтың 60,1% болады деген болжам бар. Қалалар өзара бірігіп, агломерацияларды түзеді. 1 млн астам тұрғыны бар қалалардың саны 400 жетті. Каир, Карачи, Нью-Йорк, Манил, Шанхай, т.б. сияқты қалаларда халықтың саны 10 млн асты.

Индустрияландыру және ғылыми-техникалық прогресс біздің елімізде де урбанизацияланудың қарқынды жүруіне жағдай туғызады. Егер, Қазақстан Республикасының аумағында 1913 жылы 5 млн 596800 адам, оның ішінде, қалаларда - 540800 адам, немесе бар болғаны 10% ғана тұратын болса, 1999 жылы тұрғындардың саны 14 млн 953126 адамға дейін, олардың ішінде, қалада тұратындардың саны – 8377303, яғни 56% дейін жетті.

Урбанизацияланудың оң, сол сияқты теріс те жақтары бар. Ірі қалалар тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ететін өндіріс орындарының орталығы болып табылады. Мәдени, ғылыми және білім беру орталықтарында қоғамның экономикалық және мәдени потенциалы жинақталады. Қалалық орта тұрғындардың өмір сүруі мен мәдени тұрғыдан дамуы үшін, қолайлы жағдайлар қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, урбанизацияланудың барған сайын ұлғаятын теріс жақтары да байқалып отыр. Қала қоршаған ортаның барлық нысандарының өндірістік пен тұрмыстық ластаушы көзі болып табылады. Ластануға тек қала мен оған жақын жатқан аймақтар ғана емес, сонымен қатар, бүкіл биосфера да ұшырайды. Ауа ортасының көптеп ластануы, әсіресе, ірі қалаларда байқалады. Өндіріс орындарының, автокөліктің, жылу энергетикасы мекемелерінің шығарындыларымен ауаға әр түрлі ластаушы заттар бөлінеді, олардың ішінде халықтың денсаулығына зиянды әсер ететін, өте уытты және қауіпті заттар бар (ΙΙΙ- тарау). Атмосфераның ластануы, ауаның тұнықтығын төмендетіп, жарықтың түсуін азайтып, сонымен қатар, смог, қышқылды жауындар, озон тесіктері сияқты құбылыстардың пайда болуына себеп болып, адамның өмір сүру жағдайын нашарлатады. Көптеген ірі қалалардың төбесін ластанған ауаның күңгірт - қою «қалпақтары» жауып тұрады, олар күн радиациясының едәуір мөлшерін сіңіреді де, бұлыңғыр және тұманды күндердің санының жиілеуіне әкеп соғады.

Айтарлықтай ластануға су нысандары мен топырақ та ұшырайды. Суаттарға өнеркәсіптік және тұрмыстық ағынды сулар ағызылады, атмосфераға бөлінетін және суаттарды әр түрлі мақсатта пайдалану нәтижесінде пайда болатын ластаушы заттар түседі. Топырақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен көп ластанады, құрылыс салу үшін алынады, сұйық қалдықтарды тазарту үшін қолданылады, тыңайтқыштар және пестицидтермен ластанады (ΙV–V тараулар). Қалаларда күнделікті жиналатын қалдықтардың көлемі өте үлкен. Осындай жағдайларда қалалардың маңызды гигиеналық мәселелерінің бірі, қалдықтарды пайдаға асыру және тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету болып табылады.

Ауаның, судың, топырақтың ластануы жасыл желек өсімдіктерге жойғыш әсер етеді, ал олардың біраз бөлігінің құрып кетуінен, ауаны тазартатын табиғи сүзгі жойылады, сонымен қатар, қаланың өзінде де микроклимат жағдайлары өзгереді. Жасыл желектер отырғызылған жерлердің ауданы құрылыс қажеттілігіне алынуынан да қысқарады. Қала ластаушы заттардың темір-бетоннан жасалған қамалына айналады.

Қалалардың микроклиматы едәуір өзгереді. Оның бір ерекшелігі - «жылу аралдары» деп аталатын, аймақтардың пайда болуы. Бұл аралдарда, қала сыртындағы жермен салыстырғанда, ауа температурасы жоғары болады.Температуралардың ең үлкен айырмашылығы түнде байқалады, бұл кезде жылу аралдарындағы температура қала сыртындағы температурадан 6-8ºС жоғары болуы мүмкін. Ірі қалалардың орталықтарында «жылу аралы» 100-150 м биіктікке көтеріледі. Олардың түзілуі, ғимараттар, асфальт және басқа да жабындылар күндіз күннің әсерінен қызып, түнде салқындауы нәтижесінде күндіз алған жылуды атмосфераға беруімен байланысты. Температураның жоғарылауы, сонымен қатар, құрылыс нысандары көп салынған аймақтарда су булануының азаюына байланысты, ал қаланың сыртында орналасқан аудандарда, жаңбыр сулары топырақ бетінен буланып, жылуды өздеріне сіңіріп алу нәтижесінде ауаның температурасын төмендетеді. Жасыл желектер мен ашық су беттерінің пайызы төмендеуінің және қаладағы құрылыстың жоғары тығыздығы нәтижесінде желдің жылдамдығы едәуір азаюының маңызы да үлкен.

Қаланың өзіндік туындайтын ерекше факторларына көбінесе темірбетоннан жасалған, биік, металлдық конструкциялары көп құрылыстар, халықтың тығыздығы, көліктің көптігі, тіршілік қарқынының жоғарылығы, шамадан тыс жүйке-психикалық жүктемелер, шу деңгейінің жоғары болуы, қарқынды электромагниттік ластану,сонымен қатар, жабық бөлмелердегі геомагниттік әсерінің күрт төмендеуі және тұрғындардың денсаулығына зиянды әсер ететін басқа да көптеген факторлар жатады. Бұл жағдайларда қолайсыз эффектілер дамуының алдын алу үшін елді мекендердің орналасуын дұрыс таңдау және тиімді түрде жоспарлау шешуші роль атқарады.

2. Қала құрылысы мен қалаларды сауықтырудың гигиеналық қағидалары. Елді мекендерді орналастыруға жер таңдау.

Қала құрылысының негізгі гигиеналық қағидалары:

1. Елді мекендердің құрылысы немесе қайта құруы кезінде тұрғындардың материалдық, рухани және гигиеналық қажеттіліктерін қанағатттандыру үшін барлық мүмкіндіктерді жасау қажет.

2. Қала мен ауыл арасындағы үлкен айырмашылықтарды жою мақсатында шаралар қолданылуы қажет.

3. Жеке қалалардың, ауылдардың және поселкелердің ғана емес, сонымен бірге бүтіндей экономикалық аудандардың да жобалары жасалуы қажет, яғни табиғи факторларды (суаттарды, жер асты су көздерін, жасыл желектерді және т.б.) ең тиімді пайдалануға және елді мекендер мен өндіріс нысандарын дұрыс орналастыруға мүмкіндік беретін аудандық жоспарлау жұмыстары жүргізілуі қажет.

4. Өте үлкен және үлкен қалалардың өсуін, олардың жанынан 80000-100000 тұрғындары бар, серіктес қалалар салу арқылы шектеуі тиіс.

5. Қаланы кеңейту немесе жаңа құрылыс салу үшін, ол жерде тұруға салауатты өмір сүру жағдайларын барынша қамтамасыз ететін аймақтарды таңдап алу керек, сонымен бірге, бұл аймақтың функционалдық зоналарға бөлінуі жүргізілуі керек.

6. Тұрғын аймақта құрылыс салуда, оның ең қолайлы түріне – микроаудандарға ерекше назар аударылуы қажет.

7. Селитебті аймақта тұрғындарға қызмет көрсететін тұрмыстық, мәдени, медициналық және дене шынықтыруға бағытталған мекемелердің дамыған жүйесі мен жасыл желектер отырғызу қарастырылуы керек.

8. Санитарлық абаттандырудың барлық түрлері, яғни су құбыры, канализация, қатты қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандырудың бас сызбасы мен тиісті жабдықтар, орталық жылыту, газ және электрмен жабдықтау қарастырылуы қажет.

9. Көлік қозғалысы түрлерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыруда көліктердің қоғамдық түрлеріне, олардың ішінде көбінесе шуды аз шығарып, ауаны ластамайтын және қауіпсіз түрлеріне берілуі керек.

10. Елді мекендердің жобаларын жасау кезінде, атмосфералық ауа, суаттар мен топырақты санитарлық қорғау жөніндегі шаралар, сонымен қатар, шудың, сілкіністердің, радиожиіліктер диапазонындағы электромагниттік өрістердің және бірқатар басқа да факторлардың зиянды әсерлерінің алдын алуға бағытталған шаралар қарастырылуы қажет.


Дата добавления: 2014-12-11 | Просмотры: 1780 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.01 сек.)