АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Сурет. Септик 7 страница
Спектрінің әр түрлілігі бұл шамдардың гигигиеналық жағынан артықшылықтарының бірі болып табылады. Люминесценттік шамдардың жарық беруі қызу шамдарына қарағанда 3-4 есе жоғары болады (1 Вт 30-80 лм береді), сондықтан олар үнемділеу болып саналады. Люминесценттік шамдардың жарықтық дәрежесі 4000-8000 кд/ м2, яғни, рұқсат етілгенінен жоғары болғандықтан, оларды қорғайтын арматураларымен бірге қолданады. Өндірісте, мектептерде; аудиторияларда қызу шамдарымен салыстырып жүргізілген көптеген сынаулар кезіндегі жүйке жүйесінің жағдайын, көздің қажуын, жұмысқа қабілеттілігін сипаттайтын объективті көрсеткіштер барлық үақытта дерлік люминесценттік шамдардың гигиеналық жағынан артықшылығын дәлелдеді. Бірақ, бұл үшін оларды орнымен қолдану қажет. Бөлменің пайдалану мақсатына қарай шамдарды спектрі бойынша дұрыс таңдау қажет. Көру сезімталдығы, қызу шамдарының жарығына қарағанда, күндізгі жарыққа сияқты, люминесценттік шамдардың жарығына да төмен болуы себебінен, люминесценттік шамдар үшін жарық деңгейлерінің нормалары қызу шамдарынан 2-3 есе жоғары бекітіледі (7.7 - кесте).
Егер, люминесценттік шамдармен жарықтандыру кезінде жарық деңгейі 75-150 лк төмен болса, онда «ақшамдық эффект» байқалады, яғни ірі бөлшектерді қараудын өзінде де, жарық деңгейі жеткіліксіз сияқты сезіледі. Сондықтан, люминесценттік шамдардың жарығы 75-150 лк төмен болмау керек.
Кесте
Табиғи және жасанды жарықпен жарықтандыру кезіндегі тұрғын және қоғамдық үйлердегі жарық деңгейінің нормативтері
Бөлме
| Жасанды жарықтандыру кезіндегі жарық деңгейі, лк
| ТЖК%
| Жоғарыдан және аралас жарықтан-дыру
| Бүйірінен жарық түсіру
| Өлшеу беті
| Адамдар тұратын бөлме
|
| -
| 0,5
| Еден
| Ас үй
|
| -
| 0,5
| Шартты түрдегі жұмыс атқарылатын заттың беті
| Оқу залдары
|
|
| 1,0
| Жоғарыдағы сияқты-
| Аудиториялар, зертханалар
|
|
| 1,5
| Жоғарыдағы сияқты -
|
Дроссельдер бұзылған жағдайда люминесценттік шамдар тамырдың соғуы тәрізді жарық береді немесе шу шығарады.
Бұдан басқа, люминесценттік жарық түскен кезде қозғалыстағы немесе айналып тұрған затты қарағанда, «стробоскоиялық эффект» пайда болуы мүмкін, бұл кезде қаралатын заттың көптеген контурлары, яғни пішіндері пайда болады. Стробоскопиялық эффектіні жою үшін люминесцентті шамдарды әр түрлі фазаларға қосады немесе фазаларында өзгерістері бар арнайы сызбалар қолданады. Қазіргі кездегі люминесцентті шамдардың кемшіліктері жоқ деуге болады және олар көптеген қоғамдық ғимараттарды жасанды жарықпен қамтамасыз ету үшін кеңінен қолданылады.
VIII- ТАРАУ. ТАМАҚТАНУ ГИГИЕНАСЫ
Тамақтану адамның денсаулығын, оның өмірінің ұзақтығын және сапасын, дүниеге дені сау ұрпақ келтіруін анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Тағамның энергетикалық, пластикалық, био- және иммунореттеушілік, реттеушілік-бейімдеушілік, т.б. қызметтерінің арқасында ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы, өсуі, дамуы және әр түрлі тіндердің, мүшелер мен жүйелердің қызметі қамтамасыз етіледі. Жұқпалы емес аурулардың даму қаупі төмендейді. Ағзаның бейімделушілік және қорғаныштық қасиеттері жоғарылайды. Аурудың салдарынан бұзылған ағзаның гомеостазы және әр түрлі жүйелерінің жұмысы қалпына келеді.
Тамақтану және денсаулық, тамақтану және кеселдер мәселелері бір-бірімен тығыз байланысты және алиментарлық жолмен әр түрлі кеселдердің біріншілік және екіншілік алдын алудың негізінде жатыр. Жеткіліксіз немесе артық экзогенді тамақтану, алиментарлық деп аталатын аурудың дамуына себеп болады. Олардың алдын алу, адамға энергия мен тамақтық заттардың физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келетін рационалды тамақтану арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, тамақтану ерекшеліктері атеросклероз, ишемия және гипертония аурулары, қатерлі ісіктер, сусамыр, несеп және өт тасы аурулары сияқты, этиологиясы көп факторлы, т.б. көп тараған және қауіпті аурулардың қауіп-қатер факторларының ролін атқаруы мүмкін.
Белгілі бір жағдайларда тағам, жұқпалы және паразиттік аурулардың берілу себебі және факторы, сондай-ақ қоршаған ортадан ағзаға бөгде химиялық заттардың (ксенобиотиктердің) түсетін негізгі жолы болуы мүмкін.
Сонымен, тамақтанудың адам денсаулығына әсерімен байланысты негізгі мәселелерді білу, адамның денсаулығын сақтау, көптеген аурулардың алдын алу мен тиімді емдеу үшін қажетті жағдай болып табылады.
1. Рационалды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалары.
Тамақтану адамға негізгі биологиялық қажеттілік болып табылады, себебі, оның өмірі тұрақты түрде тін элементтерінің шығынымен, жаңа жасушалардың және тіндердің, гормондардың, ферменттердің, антиденелердің, секреттердің, т.б. синтезімен байланысты. Егер осы шығындары тағам арқылы өтеліп отырмаса, өмірлік үрдістер тоқтап қалған болар еді.
Сонымен, тамақтану өмірлік маңызды қызметтерді қамтамасыз етеді:
а) пластикалық қызметті, осының арқасында ағзаның дамуы және жасушалар мен тіндердің үзіліссіз жаңаруы іске асады;
б) ағзадағы барлық тіршілік үрдістері үшін қажет энергетикалық қызметті;
в) ағзаны, реттеуші-каталитикалық роль атқаратын, кейбір биологиялық белсенді заттармен қамтамасыз етуді;
Дегенмен, кез-келген тамақтану түрі, ағзаны оптималды физиологиялық жағдайда ұстап тұра алмайды, денсаулығының және жоғары жұмыс қабілеттілігінің сақталуын, қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті емес.
Қазіргі ғылыми көзқарастар бойынша, мұндай талаптарға рационалды (ұтымды) деп аталатын тамақтану ғана жауап бере алады.
Рационалды (латынша ratіonalіs - саналы) тамақтану - ағзаға тағамның саны мен сапа жағынан қажеттілігін толық қамтамасыз етуге қабілетті, сөйтіп барлық қуат шығынының өтелуін, бүкіл физиологиялық қызметтерінің оңтайлы өтуін, ағзаның дұрыс өсуі мен дамуын, жұмысқа қабілеттілігін, қоршаған ортаның зиянды факторларына қарсылық күшін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге, сондай-ақ, кәрілікті кешеуілдетуге және өмірін ұзартуға қабілетті ғылыми тұрғыдан негізделген тамақтану.
Рационалды тамақтанудың негізгі қағидалары:
· Тамақтану мөлшері жағынан адекватты, яғни, рационның энергетикалық құндылығы ағзаның энергия шығынын толық өтеп отыруы қажет.
· Тамақтану сапасы жағынан құнды, яғни құрамында барлық ағзаға қажетті тамақтық (қоректік) заттар: белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттар, бәрінен бұрын, алмастырылмайтын құрам бөліктері қолайлы мөлшерде болуы тиіс.
· Тамақтану балансталған болуы қажет, яғни құрамы, тамақтық заттардың химиялық құрам бөліктерінің мөлшері мен арақатынастары, олардың пайдаға асуын қамтамасыз ететін ағзаның ферменттік жүйелері үшін қолайлы болуы қажет. Тамақтанудың балансталғандық қағидасы - рационалды тамақтанудың негізгі қағидасы болып табылады, ол тек негізгі тамақтық заттардың - белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттардың және дәрумендердің арасындағы балансталғандықты ғана емес, сонымен қатар белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттар мен дәрумендердің өздерінің құрамына кіретін заттардың да балансталғандығы туралы түсінік береді.
· Тағамның әр түрлі болуы, яғни, құрамында жануар текті және өсімдік текті азықтар және жеткілікті мөлшерде тағамдық талшықтар да болуы тиіс.
· Тағам залалсыз, яғни тағамда жұқпалы немесе паразиттік аурулардың қоздырғыштары болмауы, ал микробтық және микробтық емес токсиндердің концентрациясы гигиеналық регламенттерден аспайтын болуы тиіс.
· Жақсы органолептикалық көрсеткіштері қамтамасыз етілуі, тәбет тартатын, аз көлемде тоқтық сезімін беретін, жақсы қорытылатын және жеңіл сіңетін болуы керек.
· Режиммен тамақтану.
2. Халықтың әр түрлі топтарына арналған тамақтық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормалары.
Халықтың әр түрлі топтарына арналған тағамдық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормаларын тағамтану ҒЗИ немесе медициналық жоғары оқу орындарының және дәрігерлердің білімін жетілдіру институттарының тиісті кафедралары әзірлейді және ол мемлекеттік нормативтік құжат болып табылады.
Олар іс жүзіндегі тамақтануды бағалаудың критерийлері, тағамдық азықтарды өндіруді және тұтынуды жоспарлау кезінде және азық-түлік қорларын бағалау кезінде ғылыми негіздері болып саналады, ұйымдасқан ұжымдардың рациондарын есептеу үшін де қолданылады. Тамақтану нормасы, сондай-ақ, дәрігерлік практикада жеке адамдардың тамақтануын бағалау үшін және оны түзету жөніндегі ұсыныстарды негіздеу үшін де қолданылады.
Негізгі тағамдық заттар мен энергияның қажеттілігін анықтау кезінде, ұсынылған энергия тұтыну деңгейінің дәлдігі шешуші роль атқарады. Ол тағам арқылы ағзаға түсетін энергия мен оның шығынының арасындағы диспропорцияны болдырмауы қажет. Дені сау адамдарға энергия қажеттілігі: дене жұмысына белсенділігіне (қуат шығынына), жынысына, жасына, дене массасына, ағзаның жағдайына, климат жағдайына және басқа да қоршаған ортаның факторларына байланысты анықталады.
Тәуліктік энергия шығыны, адамның еркімен реттелмейтін және реттелетін түрлерінен тұрады. Реттелмейтін энергия шығынына, негізгі алмасуға және тағамның спецификалық - динамикалық әсеріне кететін энергия шығындары жатады. Реттелетініне - барлық жұмыс түрін орындауға кететін энергия шығыны жатады.
Негізгі алмасу - тыныштық жағдайында ағзаның негізгі өмір үшін маңызды қызметтерін сақтауға: тыныс алуға, жүректің, бүйректің, т.б. жұмысына кететін энергия шығыны. Негізгі алмасу мөлшері көп факторларға байланысты: жынысына, жасына, массасына, климат жағдайына, т.б. тәулігіне 1000-нан 2000 ккалл дейінгі аралықта ауытқиды. Негізгі алмасу әйелдерге қарағанда, ер адамдарда жоғары, ол ер адамдардың массасы мен денесінің беті үлкен болуымен, бұлшық еттерінің көбірек нығаюымен, зат алмасу үрдістерінің қарқынды жүруімен байланысты. Негізгі алмасу, орта есеппен ер адамдарда -1700 ккал, әйел адамдарда - 1400 ккал.
Негізгі алмасу мөлшері балалар мен жасөспірімдерде, үлкен адамдарға қарағанда, 1,5-2 есе жоғары. Ол 2-3 жастағы балаларда - 55 ккал/кг массасына, 6-7 жаста - 42 ккал/кг, 16-17 жаста - 34 ккал/кг, ал үлкен адамдарда орта есеппен 24 ккал/кг, немесе 1 кг массасына 1 сағатта орта есеппен 1 ккал. Бұл, балаларда өсу және даму үрдістерінің қарқындылығымен, сондай-ақ дене бетінің дене массасына қатынасы, үлкендерге қарағанда, артық болуына байланысты, қоршаған ортаға жылу берілуінің көп болуымен түсінідіріледі.
Негізгі алмасу ауаның температурасы төмен болған кезде, стресс жағдайларында, дене қызуы көтеріліп ауырған кезде, қалқанша бездің гиперфункциясы кезінде және басқа да көптеген факторлардың әсері кезінде жоғарылайды. Негізгі алмасудың төмендеуі аз тамақтанған кезде, эндокринді бездердің гипофункциясы, гиподинамия кездерінде және басқа да жағдайларда байқалады.
Тағамның спецификалық-динамикалық әсері (ТСДӘ) - тағамның әр түрлі құрам бөліктерінің - белоктардың, майлардың, көмірсулардың әсерінен энергия шығынының бірдей емес өсуі. Негізгі алмасудың ең көп өсуі - 30-40 % дейін белоктарды қабылдаған кезде байқалады, майлар мен көмірсуларды қабылдаған кезде азырақ көбейеді: 14 % дейін - майларды, 4-7 % дейін - көмірсуларды қабылдаған кезде. Белок, май, көмірсулары аралас тағамдарды қабылдаған кезде, энергия шығыны тәулігіне, орта есеппен 15 % артады. Тағамның спецификалық-динамикалық әсерін ағзада тағамдық заттардың айналымы (алмасуы) үшін қажетті, тотығу үрдістерінің күшеюімен байланыстырады. Реттелінетін энергия шығыны балалар мен жасөспірімдерде, үлкен адамдарға қарағанда, негізгі алмасу сияқты, жоғарылау. Егер, үлкен адамдарда энергия шығыны орта есеппен 45 ккал/кг болса, ол 1-5 жастағы балаларда 80-100 ккал, 13-16 жастағы жасөспірімдерде - 50-60 ккал құрайды. Мұндай едәуір энергия шығыны зат алмасу үрдістерінің қарқындылығы жоғары, жылу берілуі және балалардың қимылдарының көбірек болуымен, ал ересек жаста, айтылғандарға қосымша жұмыс жүктемелерімен, спортпен, дене шынықтырумен шұғылдануларымен байланысты.
Энергиялық баланс, ағзаның энергия шығыны мен тағам рационының энергиялық құндылығын салыстыру арқылы анықталады. Егер, рационның энергиялық құндылығы тәуліктік энергия шығынын жаппайтын болса, теріс энергиялық баланс пайда болады, егер, энергиялық құндылығы энергия шығынынан едәуір асатын болса, онда оң энергиялық баланс байқалады. Оң да, теріс те, энергиялық баланс адамның денсаулығына зиян. Ол зат алмасуының бұзылуына, әр түрлі жүйелер мен мүшелерде функционалдық және морфологиялық өзгерістердің пайда болуына әкеп соғады.
Халықтың нақты топтары үшін немесе жеке алынған адам үшін, қажетті энергия мөлшерін (санын) анықтаудың физиологиялық критерийі ретінде дене жұмысына белсенділік коэффициенті алынған.
Дене жұмысына белсенділік коэффициенті – бұл, жалпы энергия шығынының негізгі алмасу мөлшеріне қатынасы.
Бір мамандық түрінде жұмыс істейтін адамдардың бәрінің энергия шығыны бірдей бола бермейді, себебі, энергия шығыны орындалатын жұмыс операцияларының ауырлығына және кәсібіне қатысы жоқ, іс-әрекет жағдайына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін, яғни энергия шығыны бірдей адамдар тобына кәсібі әр түрлі адамдарды жатқызуы мүмкін. Сондықтан, қазіргі «Нормаларда», (1991) БДДҰ (ВОЗ) ұсынысы бойынша, энергия мен тағамдық заттардың қажеттілігін анықтауға арналған критерийі ретінде дене жұмысына белсенділік коэффициенті алынған.
Осы қағиданы ескеріп, жасы 18-ден 60 жасқа дейінгі жұмысқа қабілетті адамдар дене жұмысына белсенділік коэффициентіне байланысты, ер адамдар бес топқа және әйел адамдар төрт топқа бөлінген. Әрбір топтағы адамдар тағы да үш жас санаттарына бөлінген: 18-29, 30-39 және 40-59 (8.2, 8.3 - кестелер). 60 жастан асқан халықты 2 жас топтарына бөлген: 60-74 жастағы және 75 жастан асқан адамдар тобына. Балалар мен жасөспірімдер 11 жас санаттарына бөлінген: 1-3 ай, 4-6 ай, 7-10 ай, 1-3 жастағылар, 4-5 жастағылар, 6 жастағылар (оқушылар), 7-10 жастағылар, 11-13 жастағылар, ұл балалар және қыз балалар жеке санаттарға, 14-17 жастағы ұл балалар және қыз балалар жеке санаттарға бөлінген (8.3- кесте).
Кесте
Жұмысқа қабілетті халықты (ер адамдарды) дене жұмысына белсенділік коэффицентіне байланысты топтарға бөлу
Топ
| ДЖАК
| Кәсіп түрлері.
| 1. Негізінен, ой жұмысымен айналысатын адамдар, дене жұмысы белсенділігі өте жеңіл.
| 1,4
| Ғылыми қызметкерлер, гуманитарлық мамандықтардың студенттері, ЭЕМ (ЭВМ) операторлары, бақылаушылар оқытушылар, диспетчерлер, басқару пульттарында жұмыс істеушілер т.б.
| 2. Жеңіл жұмыс түрімен айналысатын адамдар, дене жұмысы белсенділігі жеңіл.
| 1,6
| Трамвай, троллейбус жүргізушілері, конвейрлерде жұмыс істейтін адамдар, таразышылар, қораптаушылар, тігіншілер, агрономдар, мейірбикелер, санитаркалар, байланыс, қызмет көрсету қызметкерлері, өнеркәсіп тауарларын сатушылар т.б.
| 3. Ауырлығы орташа жұмыс істейтін адамдар, дене жұмысы белсенділігі орташа.
| 1,9
| Слесарь, қондырғы орнататындар, станокта жұмыс істейтіндер, бұрғылаушылар, экскаваторлардың, буьдозерлердің, автобустардың жүргізушілері, дәрігер-хирургтер, тоқымашылар, етікшілер, теміржолшылар, көмір комбайндарын жүргізушілер, азық-түлік сатушылар, сушылар, металлургтер, доменщиктер, химиялық зауыттарда жұмыс істеушілер т.б.
| 4. Ауыр дене жұмысын орындайтын адамдар, дене жұмысы белсенділігі жоғары.
| 2,2
| Құрылыс жұмысшылары, бұрғышылардың көмекшілері, проходчиктер, мақта терушілер, ауылшаруашылық жұмысшылары мен механизаторлардың негізгі бөліктері, сауыншылар, егіншілер, ағаш өңдеушілер, металлургтер мен құюшылар және басқалар.
| 5. Өте ауыр жұмыс істейтін адамдар, дене жұмысы белсенділігі өте жоғары.
| 2,5
| Егін егетін және егін жинайтын кезеңдердегі механизаторлар мен ауыл шаруашылық жұмысшылары, тау-кен жұмысшылары, ағаш шабатындар, бетонщиктер, тас қалағыштар, жер қазушылар, жұмысы механикаланды-рылмаған жүк тасушылар, бұғы өсірушілер т.б.
| 8.1. - кестеде көрсетілген топтарға бөлу ер адамдарды қамтиды. Әйел адамдарды топтарға бөлу осыған ұқсас, бірақ 5-ші тобы жоқ, себебі, әйел адамдар бұл топтағы кәсіп түрлерінде жұмыс істемейді. Мұндай топтарға бөлу, тағамдық заттар мен энергия қажеттілігі бірдей еместігіне байланысты:
- әйел адамдарға тағамдық заттар мен энергия қажеттілігі, ер адамдарға қарағанда, 15 % төмен, бұл дене массасының аздау және зат алмасу үрдістерінің қарқындылығы төмендеу болуымен байланысты;
- жас адамдарға (18-29 жастағы) қажеттілік, басқа жас санаттарымен салыстырғанда, жоғарылау, себебі, олардың өсу, даму үрдістері аяқталмаған, зат алмасу үрдістері қарқындылау (ассимиляция үрдістері диссимиляция үрдісінен басым);
- балалар мен жасөспірімдерге тамақтық заттар мен энергия қажеттілігінде, әр түрлі жас кезеңдерінде өсу, даму үрдістерінің қарқындылығы әр түрлі болуымен байланысты, айырмашылықтары бар;
- қарт адамдарда зат алмасу үрдістерінің қарқындылығы, дене жұмысына белсенділігі едәуір төмендеуімен және диссимиляция үрдістерінің ассимиляция үрдістерінен басым болуына байланысты, тамақтық заттар мен энергия қажеттілігі төмендейді.
“Тамақтану нормаларында” (8.2, 8.3 - кестелер) тамақтық заттар мен энергия қажеттілігінің абсолюттік мөлшері идеалды массасы (идеалды масса - берілген жасында, жынысында, бойының ұзындығында қалыпты болуы қажет массасы) 70 кг ер адамдарға, 60 кг әйелдерге арналып келтірілген. Энергия мен тағамдық заттардың қажеттілігі, сондай-ақ, 1 кг идеалды массасына да, есептелуі мүмкін.
Тамақтану нормасы, тағам рационының тек сандық және сапалық адекваттылығын қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар, балансталғандығын, яғни, тамақтық заттардың, биологиялық белсенді қосылыстардың оңтайлы ара қатынастарын да қамтамасыз етеді. Рационды тұтас алғандағы (сандық) балансталғандығы және ақуыздары, майлары, көмірсулары, минералды заттары бойынша (сапалық) балансталғандығы деп бөледі. Рационды тұтас алғандағы балансталғандығы, оның құрамындағы ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың ара қатынастарымен анықталады. Рационның ақуыздары бойынша балансталғандығы, рациондағы жануар текті ақуыздардың үлесімен, амин қышқылдарының ара қатынастарымен, ақуыздарымен қамтамасыз етілетін рационның энергиялық құндылығымен сипатталады. Рационның майлары бойынша балансталғандығы, жануар текті және өсімдік майларының ара қатынастарымен, құрамындағы қөпқанықпаған, моноқанықпаған және қаныққан май қышқылдарымен және майлар арқылы қамтамасыз етілетін энергиялық құндылығымен анықталады. Рационның көмірсулары бойынша балансталғандығы, құрамындағы жай қанттардың, полисахаридтердің, пектин заттары мен жасұнықтың ара қатынастарымен, сондай-ақ, көмірсулардың есебінен қамтамасыз етілетін рационның энергиялық құндылығымен сипатталады. Минералды элементтерінің балансталғандығы, әзірге, негізінен кальцийдің, фосфордың және магнийдің ара қатынастары бойынша анықталады, себебі, басқа элементтер жөніндегі зерттеулер әлі жеткіліксіз. ДЖАК өскен сайын, энергия мен тағамдық заттардың қажеттілігі өсетіні және ең жоғарысы дене жұмысы өте ауыр жұмысшыларда екені кестелерден көрініп тұр.
Мысалы, 1 - топтағы ер адамдар үшін, тәуліктік энергия қажеттілігі 2100-2450 ккал, келесі топтарда ол біртіндеп өсе береді де, 5 - топта 3750-4200 ккал құрайды. Әйел адамдардың тәуліктік рационының энергиялық құндылығы 1 - тобында 1800-2000 ккал да, 4 – тобында - 2800-3050 ккал. Әйел адамдарға энергия мен тамақтық заттардың қажеттілігі, жүкті және емізулі кезінде өседі (8.2.-кесте).
Нормаларда климат жағдайы да ескеріледі: солтүстік аудандарда энергия қажеттілігі, 8.2.,8.3.,8.4. - кестелердегі мәндермен салыстырғанда, 10-15 % көбейеді (басымырақ майлардың есебінен), оңтүстік аудандарда 5 % кемиді.
Энергия ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың тотығуы кезінде пайда болатыны белгілі, олардың 1 г әрқайсысына сәйкес 4,1; 9,3 және 4,1 ккал (калориялық коэффициенті) береді. Сонда негізгі энергия беретіндері - майлар мен көмірсулар, ақуыздарға көбінесе, пластикалық функция беріледі. Сондықтан да, тәуліктік рационның энергиялық құндылығының 56-57% көмірсулардың есебінен, 30 % майлардың есебінен және 11-12 % ақуыздардың есебінен қамтамасыз етілуі қажет. Егер, ағзаға түсетін ақуыздың санын 1 деп алсақ, онда балансталған тамақтану кезіндегі әр түрлі рациондардағы тағаммен ағзаға түсетін ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың салмақтық арақатынастары, орта есеппен 1,0:1,2:5,0 болуы қажет. Ой еңбегі кезінде құрамындағы майлары біраз азаяды - 1,0:1,1:4,96, ауыр дене жұмысы кезінде ол, керісінше, көбейеді - 1,0:1,3:5,0 құрайды. Ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың балансталғандығы энергиялық құндылығының көрсеткіштерімен өзара байланыста орнатылуы қажет. Сондықтан, ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың ара қатынастары тек саны бойынша емес, энергиялық құндылығы бойынша да балансталғандық формуласы қолданылады. Ақуыздардың энергиялық құндылығын 1 деп алсақ, ара қатынастары 1,0:2,7:5,0 болады, яғни әрбір ақуыз калориясына 2,7 майлардың және 5,0 көмірсулардың калориясы келеді. Осы формуланы қолданып және тағам рационының калориясын біліп, негізгі тағамдық заттардың қажеттілік мөлшерін оңай есептеуге болады.
Дата добавления: 2014-12-11 | Просмотры: 2131 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 |
|