АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Минералды заттар. 50 страница

Прочитайте:
  1. A. дисфагия 1 страница
  2. A. дисфагия 1 страница
  3. A. дисфагия 2 страница
  4. A. дисфагия 2 страница
  5. A. дисфагия 3 страница
  6. A. дисфагия 3 страница
  7. A. дисфагия 4 страница
  8. A. дисфагия 4 страница
  9. A. дисфагия 5 страница
  10. A. дисфагия 5 страница

радионуклидтің өкпеден қанға өту жылдамдығына байланысты үш түрге бөлінеді:

«Б» түрі (баяу еритін қосылыстар): бұл туріне жататын заттар өкпеде еріген кезінде, радионуклидтің негізгі белсенділігі қанға 0,0001 тәул.1 жылдамдықпен түседі;

«А» түрі (аралық жылдамдықта еритін қосылыстар): бұл түріне жататын заттар өкпеде еріген кезінде, радионуклидтің негізгі белсенділігі қанға 0,005 тәул.1 жылдамдықпен түседі;

«Т» (тез еритін қосылыстар): бұл түріне жататын заттар өкпеде еріген кезінде, радионуклидтің негізгі белсенділігі қанға 100 тәул.1 жылдамдықпен түседі;

Радиоактивті газ түрінде тыныс мүшелері арқылы радионуклидтердің ағзаға түсуін нормалау мақсатында кейбір элементтердің қосылыстарының газдары мен буларының «Г» (Бу-Газ) түрлері бөліп көрсетілген.

Радионуклидтердің тыныс жолдары арқылы түсуін бағалау кезінде стандартты параметрлердің келесі мәндерін пайдаланады: Vқызм. = 2,4 х 103 м3/жыл; tқызм. = 1700 сағ/жыл. «Халық» санатына арналған көрсеткіштері «қызметкер» санатына арналған көрсеткіштеріне ұқсас, бірақ «халық» санаты үшін, сондай-ақ келесілер көрсетіледі (12.10-кесте):

а) радионуклидтердің тыныс алатын ауамен түсуі жағдайында – сындарлы (критическая) жас тобы, сонымен қатар осы жас тобына және қосылыстардың түрлері үшін ЖТШхалық және дозалық коэффициенттінің мәндері;

б) тамақ және су арқылы радионуклидтердің түсу шарты үшін – сындарлы жас топтары (1 жасқа дейінгі балаларда радионуклидтердің тамақпен түсуі қарастырылмайды, себебі басым жағдайда емшек сүтімен қоректенеді), осы топтар үшін дозалық коэффицент жылдық түсу шегі (ЖТШтұрғ.) маңызды, бұнда ЖТШтұрғ. аз мөлшерде, сонымен қатар ауыз суда АДтұрғ. орташа жылдық меншікті белсенділігі бойынша орналасу деңгейінің маңызы. Тағамдық азықтарда АД келтірілмейді және халықтың ішкі және сыртқы сәулеленуге шалдығуының жергілікті ерекшеліктерін ескере отырып арнайы әдістемелік нұсқаулар бойынша анықталуы қажет.

Халық үшін стандартты параметрлердің келесі мәндері белгіленген:

tхал.. = 8800 сағат/жыл; Мхал.. = 730 кг/жыл үлкен адамдар үшін.

«Халық» санаты үшін тыныс алатын ауаның жылдық көлемі жасына байланысты белгіленген (12.11- кесте).

 

Кесте

Халықтың әр түрлі жас топтары үшін тыныс алатын ауаның жылдық көлемі

Жасы (жыл) 1-ге дейін 1-2 2-7 7-12 12-17 Үлкен адамдар >17
V (мың.м3/жылына)   1,0   1,9   3,2   5,2   7,3   8,1

Ашық белсенді заттармен істелетін жұмыс оларды қоршаған ортаға түсірмеуі тиіс. Бұған жұмыс бөлмелерін ұтымды жоспарлау мен жабдықтау, сұйық, қатты және газ түріндегі белсенді қалдықтарды шығаратын және дезактивациялайтын санитарлық-техникалық қондырғылар, орындалатын жұмыстарды максималды механикаландыру және автоматтандыру арқылы қол жеткізуге болады. Қызметкердің қолының терісін, бетін, сондай-ақ заттардың жұмыс беттерін белсенді заттармен ластандырмау қажет.

Медицина мекемелерінде диагнозды анықтау және емдеу мақсатында таңбалы атомдарды кеңінен қолданады. Қазіргі кезде радиодиагностикалық зерттеулерде қысқа өмір сүретін радионуклидтердің генераторларын жиі қолданады. Арнайы ерітінді (элюат) дайындайды, ол сүзгіден өткізілгеннен кейін шприцке алынып, ауруға енгізіледі. Бұл зерттеу түрі қан айналымның бұзылуларын анықтау және жүрек қуыстарын көру үшін қолданылады.

Коллоидты қосылыстар (таңбалы желатин, альбумин, теміраскорбин кешені) ішкі мүшелер мен ми ауруларының диагнозын анықтау үшін қолданылады. Генераторларды пайдалану кезіндегі дәрігерлердің сәулеленуге шалдығудан алатын дозасы, орта есеппен 1 мЗв/ай, ал медбикелердің алатын дозасы айына 2,5 мЗв дейін құрайды. Диагноз анықтау мақсатында ерітінді немесе коллоидты қоймалжың түріндегі йод-131, алтын-198, фосфор-32 жиі колданылады

Радиоактивті заттардың ашық көздерімен істелетін жұмыс бірнеше кезеңдерде өтеді:

o ішінде белсенді заты бар тасымалдайтын контейнерді көліктен түсіру;

o белсенді затты сақтайтын жерге апару;

· тасымалдайтын контейнерді ашу;

· белсенді зат алғаш салынған ыдысты жұмыс контейнеріне ауыстырып салу;

· жұмыс контейнерін сақтайтын жерден бөлшектеп өлшейтін және арнайы ыдысқа салатын бөлмеге жеткізу;

· препаратты қолдануға дайындау (бөлшектеп өлшеу, ыдысқа салу, стерильдеу);

· дайындалған препаратты бөлшектеп өлшейтін және арнайы ыдысқа салатын бөлмеден процедура бөлмесіне жеткізу;

· препаратты ауруға енгізу.

Препаратты ауруға енгізгенен кейін, ауруды палатаға алып келеді. Палатада ауруға қызмет көрсетеді, радиобелсенді биологиялық қалдықтарды шығарады, іш киімдері мен төсек орындарын ауыстырады (іш киім мен төсек орындарды радионуклидттің жартылау ыдырау кезеңіне сәйкес келетін белгілі бір уақытқа дейін ұстауға арналған арнайы бөлмеге жеткізеді, содан кейін кір жуатын орынға жібереді). Қызметкер, сондай-ақ қатты белсенді қалдықтарды жинайды, аспаптарды және жұмыс орнындағы жиһаздар мен жабдықтарды дезактивациялайды.

Бір онкологиялық ауруға енгізілетін радионуклидтердің мөлшері едәуір болуы мүмкін. Әр түрлі бөлімдердегі (онкология, эндокринология, гематология) медицина қызметкерінің сәулеленуге шалдығу деңгейлері айтарлықтай ауытқиды, бұл тек радионуклидтің мөлшерімен ғана емес, сонымен қатар онымен жүргізілетін жұмыс операцияларының түрлерімен де анықталады. Дәрігерлердің бүкіл денесінің сәулеленуге ұшыраудан алатын дозалары, ашық радионуклидтер бөлімдерінде айына 0,3-1,5 мЗв құрайды. Қол ұшы сәулеленуге ұшырауының локальды дозалары, айына 14 мЗв дейін, ал көздері үшін, белсенді алтынмен жұмыс істеу кезінде бета-сәулеленуі есебінен, айына 1,0 мЗв дейін құрауы мүмкін.

Кызметкер жұмысты қорғануға қажетті барлық шараларды және дозиметрлік бақылауды қолданып жүргізеді.

Жалпы алғанда, иондағыш сәулеленулердің ашық көздерін қолданған кезде негізгі қорғану қағидалары өзгеріссіз қалады.

Оларға жататындар:

- сәулеленудің жабық көздерімен жұмыс істеу кезінде қолданылатын қорғану қағидаларын пайдалану;

- белсенді заттардың сыртқы ортаға түсетін көздері болуы мүмкін үрдістерді оқшаулау мақсатында өндіріс құрал-жабдықтарын саңылаусыз етіп бекіту (герметизация);

- жоспарлау сипатындағы шаралар;

- радиацияның ашық көздерімен жұмыс істеу кезінде санитарлық-техникалық құрылғылар мен жабдықтарды қолдану;

- арнайы қорғайтын материалдарды пайдалану;

- жеке басты қорғайтын заттарды қолдану және қызметкерді санитарлық тазартудан өткізу;

- жеке бас гигиенасы ережелерін орындау;

- әр түрлі заттардың ластанған беттерін дезактивациялау (құрылыс құрылымдарының, аппаратураның, жеке басты қорғайтын заттардың, қызметкердің қолдарын және басқаларды).

Жоспарлау шараларына маңызды орын беріледі. Мысалы, I класқа жататың жұмыстарды орындауға арналған нысандарды жоспарлау негізіне, бөлмелердің болатын белсенді ластануы дәрежесі бойынша, оларды 3 зонаға бөлу қағидасы қойылған.

Бірінші зона – белсенді ластанудың негізгі көздері болып табылатын жабдықтар, камералар, бокстар, коммуникациялар және басқалар орналасқан зона.

Екінші зона - адамдар кезең-кезеңмен жұмыс істейтін жөндеу - тасымалдау бөлмелері орналасқан зона. Бұл зонаның бөлмелерінде жабдықтарды жөндеу және технологиялық жабдықтарды ашумен, белсенді материалдарды тиеу және түсірумен байланысты немесе осы сияқты басқа да жұмыстар және қалдықтарды уақытша сақтау және алып кету жүргізіледі.

Үшінші зона – қызметкердің тұрақты болатын бөлмелері (операторлық, басқару пульттары орналасқан, т.б.).

Үш зонаға бөліп жоспарлау, бірінші зонада міндетті түрде болатын едәуір белсенді ластануларды, екінші зонада заттардың беттері және ауа ортасының ластануы рұқсат етілген деңгейлерден әлсін-әлсін артық болатынын және үшінші зонада – ШРЕД мөлшерлерінен аспайтынын болжамдайды.

I класқа жататын жұмыстар жүргізілетін зертханалар мен мекемелердің бөлмелерінде жергілікті енбелі-сормалы және жалпы ауа алмастыратын желдету жүйесін орнату ұйғарылады. Жергілікті енбелі-сормалы желдету жүйесімен “ыстық” камералар мен бокстар жабдықталады және оларға екі қысқа құбыр орнатылады (ауа енгізетінінде енетін ауаның көлемін реттеу үшін, кері клапаны және дросселі болады).

Радиоактивті ластанудың бірінші зонадан үшінші зонаға ауа арқылы таралу мүмкіншілігінің алдын алу мақсатында, енетін ауаның көлемін сорып әкететін ауаның көлемінен басым етіп жасайды. Осылайша, бірінші класс жұмыстарын орындау үшін арналған зертхана үйлерінде, жұмыс істеушілерге потенциалды қауіптілік дәрежесінің өсуіне қарай ауаның зонадан зонаға (үшіншіден біріншісіне) ығысуы қажет.

Ашық көздерімен II және III кластарға жататын жұмыстар жүргізілетін радиациялық нысандардың жоспарлауына соншалықты қатаң талаптар қойылмайды. Изотоптармен жүргізілетін операциялардың сипатына байланысты, бұл мекемелердің (зертханалардың) құрамында белсенді заттарды сақтайтын қоймалар, бөлшектеп өлшеуге арналған бөлме, белсенді препараттармен жұмыс істеуге арналған бөлмелер болуы мүмкін.

Көрсетілген кластарға жататын жұмыстарға арналып, қазіргі кезге әзірленген жоспарлау шешімдерінің варианттары зертханалардың ауасының және заттарының беттері ластануының қауіптілік дәрежесі бірдей емес учаскелерін (зоналарын) айыруды ұйғарады. Мысалы, бөлмесін шыны қалқалармен үш зонаға бөлген, зертханаларды үш зоналық етіп жоспарлаудың ең қарапайым жағдайы қолданылуы мүмкін. Бұл ең қауіпті жұмыс операцияларын (боксты ашу және жабдықтарды жөндеу) барлық бөлмелерден оқшаулап жүргізуге мүмкіндік береді. «Типтік зертханалық ұяшық» деп аталатын бөлмелер кешені оң санитарлық-гигиеналық баға алды. ¶Үшінші класқа жататын жұмыстар, потенциалды ластану мүмкіншілігі бірдей емес зоналарға шартты түрде бөлінетін бір бөлмелі зертханаларда да орындалуы мүмкін. Зертханалардың әдеттегі жоспарлануы жағдайында (II және III класс жұмыстар) камералар мен бокстарды орналастыру кезінде әлсін-әлсін ашылатын форкамералар ойықтарында ауаның қозғалу жылдамдығы 1 м/с-тен кем болмауы қамтамасыз етілуі қажет. Ауаны сорып әкететін шкафтардың жұмыс тесіктерінде ауаның қозғалу жылдамдығы 1,5 м/сек кем болмауы тиіс. Ауа алмасуы II класқа жататын жұмыстарды орындауға арналған бөлмелерде - 5 есе, III класс үшін - 3 есе болуы қажет.

I, II және III класқа жататын жұмыстарға арналған бөлмелер ыстық сумен жабдықталады. Шұңғылшаға (раковина) берілетін суға арналған крандардың араластырғыштары болуы қажет және олар аяқпен басатын педальмен немесе шынтақпен итеретін құрылғылар арқылы ашылуы қажет. I және II класқа жататын жұмыстарды жүргізетін жағдайларда канализацияның екі жүйесі қарастырылады: шаруашылық фекальдық және арнайы түрлері.

Күніне көлемі 200 л артық және меншікті активтілігі рұқсат етілген концентрациясынан 10 есе және одан да асатын сұйық белсенді қалдықтар пайда болатын мекемелерде арнайы канализация орнатылады. Егер, тәулік сайынғы сұйық белсенді қалдықтардың көлемі 200 л аспаса, онда ол қалдықтарды кейін орталықтандырып, көметін жерге жіберу үшін пайда болған жерінде арнайы ыдыстарға жинайды.

Радиоактивті заттармен жұмыс істеуге арналған бөлмелердің ішін өңдеу үшін арнайы материалдарды, жабатын (қаптайтын) заттарды қолдану қажеттілігі бірқатар жағдайларға байланысты. Заттардың бетінің белсенді заттармен қарқынды ластануы қызметкердің қосымша сыртқы және ішкі сәулеленуге шалдығуына себепші болуы мүмкін. Сондықтан, егер, заттардың беті, ластануы рұқсат етілген мөлшерден асатын болса, изотоптарды кетіру жөнінде шаралар жүргізу қажет. Оны табысты жүргізу бірінші кезекте изотоптардың заттың бетінде бекітіліп ұсталу (фиксация) дәрежесіне байланысты. Радиоактивті заттардың заттың бетіне жабысуы, әдетте, заттың бетінің қуысты, кедір-бұдыр, тегіс емес болуымен байланысты бөлшектердің механикалық ұсталынуы, сондай ақ, затпен физико-химиялық (адсорбция) және химиялық әсерлесу, беттердің ішіне диффузиялануы нәтижесінде жүреді. Көпшілік құрылыс материалдары, мысалы, кірпіш, ағаш, бетон, асфальт, т.б. қуысының көп болуына байланысты, белсенді заттарды өзіне жақсы жабыстырады және олардын тазартылуы қиынға соғады. Линолеумдердің әр түрлі маркаларының және метлах табақшаларының сорбциялайтын қасиеттері жоғары болуымен байланысты олардың қолданылуы шектеулі, себебі, олар белсенді ластанудан жеткілікті дәрежеде жақсы тазартылмайды. Ең жақсы материалдар -тот баспайтын болат және шыны болып табылады, бірақ қымбат болғандықтан, ол тек бокстарда, камераларда, т.б. жұмыс беттерін жасау үшін қолданылады, ал шыны, сынғыштығына байланысты, жарамдылығы нашар материал.

Қазіргі кезде бірқатар полимерлік материалдардың (поливинилхлорид, полиэтилен) негізінде санитарлық-гигиеналық талаптарға және өндіріс технологиясының талаптарына сай келетін беттерді жабатын заттардың жаңа түрлері жасалды. Оларға рецептурасы 57-48 поливинилхлоридті пластикат, полиэтилен пленкалар, т.б.жатады.

Радиоактивті заттармен жұмыс істейтін зертханалардың жабдықтары үшін бетін жабатын (қаптау) материалдарды таңдау кезінде алдағы атқарылатын жұмыс класын ескеру қажет. I және II класқа жататын жұмыстарды атқаруға арналған бөлмелердің едені және қабырғалары, ал жөндеу зонасындағы және жабдықтар орналастырылатын бөлмелердің төбелері де арнайы, жуатын заттарға төзімді, аз сорбциялаушы материалдармен қапталуы қажет. III класқа жататын жұмыстарға арналған бөлмелердің қабырғалары 2 м кем емес биіктікке дейін майлы сырлармен сырланады. Қабырғаларының қалған бөлігі мен төбесі желім сырлармен сырланады. Бұл бөлмелердің едені линолеуммен немесе пластикпен жабылады. I және II класс жұмыстары үшін арналған бөлмелер үшін едені және қабырғалары, ал жөндеу аймақтарында және жабдықтар орналасатын бөлмелерде төбесі де, жуғыш заттарға төзімді, арнайы аз сіңіретін материалдармен қапталуы қажет.

I және II класс жұмыстарына арналған бөлмелерде, жуып алуға ыңғайлы болуы үшін, бұрыштарын дөңгелек етіп жасау қажет. Еденге жабылған заттардың шеті көтеріліп, қабырғаға жалғасып жабылады. Арнайы канализациясы бар кезде, еденде шамалы еңістік және трап болуы тиіс. Терезелердің профилі қарапайым болуы қажет, терезенің табанша тақтайы қия түскен немесе тіпті болмауы қажет. Есіктің беті тегіс, қалқан құрылысты болуы керек.

Ашық белсенді заттармен жұмыс істейтін бөлмелердегі жабдықтар мен жұмыс жиһаздарының беті және құрылысы, оларды жуатын заттармен жеңіл өңдеуге мүмкіндік беретіндей, тегіс болуы қажет. Сыртқы беттері нитроэмальдармен немесе майлы сырмен сырлануы тиіс. Радиациялық қауіпсіздік жағдайын жасау жөніндегі қорғану шараларының кешенінде тыныс мүшелерін және теріні қорғауға арналған жеке басты қорғайтын заттар маңызды орын алады. Тек жеке жағдайларда, b-сәулелендіргіштермен және жұмсақ рентген сәулеленуін шығаратын көздермен жұмыс істеген кезде, органикалық шыныдан жасалған қалқандар және қорғасын араластырылған резеңкеден жасалған алжапқыштар мен қолғаптар қолданылады. Жүргізілетін жұмыс сипатына байланысты, жеке басты қорғайтын заттардың бәрін шартты түрде күнделікті қолдануға арналған және қысқа мерзімді қолдануға арналған заттар деп бөледі. Күнделікті қолдануға арналған заттарға халаттар, комбинезондар, костюмдер, арнайы аяқ киім, шаңға қарсы респираторлар, ал қысқа мерзімді қолдануға арналған заттарға оқшаулаушы шлангалық және автономды костюмдер, пневмокостюмдер, противогаздар, т.б. жатады

6.2. Дозиметрлік және радиометрлік бақылау

Өндіріс жағдайында иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде және рентген сәулелерін немесе басқа радиация көздерін қолданумен байланысты медициналық зерттеулерде адам сыртқы сәулеленуге ұшырауы мүмкін. Бір қатар жағдайларда халықтың фондық сәулеленуге шалдығуын анықтау көңіл аударарлық жағдай. Ең маңыздысы, рентген және γ-сәулелену, нейтрондардың және β-бөлшектердің ағыны есебінен алған дозаларды анықтау болып табылады.

Дозиметрлік аспаптардың көпшілігі арнайы қолданылады, ол жеке сәулелену түрлерін тіркеу тиімділігімен, сәулеленудің қарқындылығың өлшеу диапазонымен және “қаттылықпен жүру” (ходом с жесткостью), яғни аспаптың көрсетуі сәулелену энергиясына байланыстылығымен анықталады.

Әр түрлі сәулелену түрлерін тіркеу тиімділігі аспаптың детекторына байланысты. Кванттық сәулеленуді өлшеу үшін ең жарамдысы – ауасы ионданатын камераның қағидасына негізделген аспаптар. β – ағындарын өлшеу үшін газды разрядтайтын немесе сцинтилляциялық есептеуіштер түріндегі аспаптар қолданылады. Нейтрондарды тіркеу үшін бордан немесе кадмийден жасалған сүзгінің ішінде орналасқан сцинтилляциялық детекторлар пайдаланылады

Топтық радиациялық бақылауды жүргізу кезінде келесі негізгі жағдайларды ескеру қажет:

- топтық бақылау мақсатында қолданылатын аппаратура радиациялық –технологиялық үрдістің міндеттеріне және нақты жағдайларына қатал сәйкес келуі қажет;

- жұмыс орындарын және көршілес бөлмелерді радиациядан қорғау тиімділігін тексеру кезінде радиациялық техниканы пайдалану режимі, олардың іс-жүзіндегі шынайы қолдану жағдайына сәйкес болуы қажет;

- нысандағы радиация жағдайы туралы сенімді мәлімет алу үшін қанша өлшеу жүргізу қажет болса, сонша жүргізу керек.

Дұрыс ұйымдастырылған және жүйелі түрде жүргізіліп отыратын топтық бақылау, иондағыш сәулеленуді пайдалану кезіндегі жұмыс жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Осыған байланысты, иондағыш сәулеленумен жұмыс істеудің қауіпсіздігін регламенттейтін нормативтік құжаттардың барлығы дерлік радиациялық қауіпті нысандарда, жұмыс орындарындағы сәулелену деңгейлерін және қызметкердің жеке басының сәулеленуге ұшыраудан алған дозаларын міндетті түрде өлшеп, дозиметрлік және радиометрлік зерттеулерді дәл жүргізу қажеттілігіне ерекше көңіл аударады.

Аспаптарды таңдау кезінде, олардың көрсеткішінің өлшейтін сәуле энергиясына байланыстылығына (яғни «қаттылықпен жүруге») үлкен мән береді.

Қазіргі кезде шығарылып жатқан дозиметрлік және радиометрлік аспаптардың көпшілігі әмбебап емес және салыстырмалы түрде үлкен емес энергия диапазонында қолданылады, сондықтан санитарлық дозиметрлік бақылау жүргізу үшін аспаптарды таңдау кезінде келесілерді ескеру қажет:

- өлшенетін сәулеленудің түрі мен энергиясын;

- аспаптың сезімталдық диапазонын;

- төл құжаттық мәліметтеріне толық сәйкес келетін аспаптың өлшеу қателіктерін және басқа да параметрлерін ескеру қажет.

Аспаптарды таңдау кезінде, олардың көрсетулері өлшенетін сәулеленудің энергиясына байланысты болатынына (яғни, “қаттылықпен жүруге ”-берілген аспаппен өлшенетін сәулелену энергиясының диапазонына) үлкен мән беріледі.

Кейбір жағдайларда «қаттылықпен жүруіне» байланысты өлшеу қателігі 400 % жетеді. «Қаттылықпен жүруінің» ең аз көрсеткіштері ауаға эквивалентті материалдардан жасалған аспаптарда болады.

Қолданылуына байланысты барлық аспаптар шартты түрде келесі топтарға бөлінуі мүмкін:

1. Рентгенометрлер – иондағыш сәулеленудің экспозициялық доза қуатын өлшейтін аспап;

2. Радиометрлер – иондағыш сәулеленулердің ағын тығыздығын (β- бөлшектердің, нейтрондардың, т.б. сыртқы ағыны қарқындылығын) өлшейтін аспап;

3. Жеке адамдық дозиметрлер – иондағыш сәулеленулердің экспозициялық немесе сіңірілген дозасын өлшейтін аспаптар.

Бұдан басқа радиациялық бақылау жүргізетін барлық аспаптарды стационарлық және тасымалданатын аспаптар деп бөледі.

Стационарлық радиометрлер экспозициялық дозалардың қуатын, ауадағы және ағынды сулардағы белсенді заттардың концентрациясын үзіліссіз бақылауға мүмкіндік береді. Бұл топтағы аспаптар көбінесе, радиациялық қауіпсіздік жүйесінің сенімділік дәрежесін жоғарылатуға мүмкіндік туғызатын технологиялық үрдістердің элементтік құрамы ретінде қолданылады. Әдетте, бұл аспаптардың өлшеу диапазоны кең болып келеді. Тасымалданатын аспаптар қорғаныс құрылғыларының тиімділігін және жұмыс орындарындағы, тұрғын үй бөлмелеріндегі және жергілікті жерлердегі радиациялық қауіпсіздік жағдайын бақылау және бағалау үшін қолданылады.

Қазіргі жағдайларда «ПРОГРЕСС» спектрометрлік кешені кеңінен қолданылады, ол α, β және γ – сәулелелерін шығаратын нуклидтердің белсенділігін есептеу үшін дайындалған үлгілерін спектрометрлік әдіспен өлшеуге арналған. Бұл кешен арнайы қолданылатын құрылғы ретінде зертханалық жағдайларда қолданылады және қоршаған ортаның әр түрлі нысандарындағы радионуклидтердің белсенділігін өлшеуге арналған құрал болып табылады.

«ПРОГРЕСС» кешені компьютерден басқарылатын спектрометрлік трактардың жиынтығы болып табылады. Әрбір тракт, аналогтық-сандық айналдырғыш базасындағы амплитудалық талдағышқа және компьютерге қосылған, спектрометрлік детектордан, жоғары және төмен вольтты қоректік блоктардан және күшейткіштен тұрады.


Дата добавления: 2014-12-11 | Просмотры: 913 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.012 сек.)