АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Минералды заттар. 20 страница
· оқу жүктемесін нормалау, яғни балалар ағзасының жасына және жеке басының мүмкіншіліктеріне сәйкес жүктемелердің шегін орнату
· ғылыми негізделген жолмен оқу үрдісін ұйымдастыру
· балалардың мектепте болуы және оқуы кезінде оптималды жағдайлар жасау болып табылады.
Оқу жүктемесін нормалау деп оқу аптасының, сабақтарының, үзілістерінің, демалыс күндерінің ұзақтығын, күнделікті және апталық сабақтар сандарының нормалануын және сабақты, оқу күнін, аптасын және оқу жылының басқа кезеңдерін дұрыс ұйымдастырылуын түсінеді. Жалпы білім беретін ұжымдардың барлық түрлерінде (мектептерде, гимназияларда, лицейлерде және т.б.) аптадағы сағат саны 9.8-кестеде берілген нормативтік жүктемеден аспауы керек.
А
а б в
I II III
9.1.- сурет. Оқушылардың күндік және апталық жұмысқа қабілеттілігінің динамикасы. (В.Р. Кучма бойынша келтіріледі, 2001).
А–жұмысқа қабілеттілік; I– жұмысқа төселу кезеңі; II–жоғары және тұрақты жұмысқа қабілеттілік кезеңі; III-жұмысқа қабілеттіліктің төмендеу кезеңі; а-толық емес компенсация аймағы; б- соңғы қарқын аймағы; в-үдемелі төмендеу аймағы.
Кесте
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу жүктемелерінің нормалары.
Апталық сағатпен берілген жүктеме
| Мек-теп алдындағы
| Сыныптар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Өзгертілмейтін (инвариантты) оқу жүктемесі
| 20,5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Өз таңдауы бойынша сабақтар, факультатив-тер, курстар (жоғары сыныптардағы салалық пәндер, қолданбалы курстар)
| 1,5
| -
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Жеке балаға және топқа кеңес беру
| -
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Максималды оқу жүктемесі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Максималды оқу жүктемесі минималды міндетті түрдегі, өзгертуге жатпайтын сағаттар жүктемесінен, сонымен бірге, оқушылар өздері таңдап алған сабақтарға, факультативтерге, курстарға, жоғары сыныптарда – салалық пәндерге, қолданбалы курстарға берілетін сағаттардан және жеке балаға, балалар топтарына кеңес беру мен белсенді–қимыл сипатындағы сабақтарға бөлінетін сағаттардан тұрады. Максималды оқу жүктемесі бірінші сынып пен он бірінші сынып аралығында 24 сағаттан 39 сағатқа дейін көбейеді. 10–11 сыныптарда, ол негізінен оқушылар өздері таңдап алған сабақтар, факультативтер, салалық пәндер және қолданбалы курстар сабақтарына бөлінген сағаттардың едәуір көбеюі есебінен өседі. Факультативтерді таңдау, балалардың бейімділігі мен қалауы бойынша, екінші сыныптын өзінен басталады. Бастауыш сыныптарда оларға 1 сағат, 5–9 сыныптарда – 3 сағатқа дейін, 10–11 сыныптарда–14 сағат бөлінеді. Факультативтік сабақтар міндетті түрдегі сабақтардың саны ең аз күндерінде жүргізілуі керек.
Оқу аптасы 5 күндік және 6 күндік болуы мүмкін. 6 күндік аптаға қарағанда, оқу жоспарын орындау қысқа мерзімге жоспарланатындықтан, 5 күндік апта көбірек қажытады. Сонымен қатар, сабақтар санының артуының алдын алу мақсатында, дене шынықтыру тәрбиесі мен эстетикалық тәрбие беру пәндерінің сағаттары қысқартылады, нәтижесінде қиын пәндер сабақтары арасындағы тиесілі демалыс қамтамасыз етілмей, балаларға түсетін жүктемені күрт көбейтеді. Оқу апталары арасындағы екі күндік үзіліс, сондай–ақ, балалардағы динамикалық стереотиптің бұзылуына және келесі аптаның басындағы жұмысқа төселу кезеңінің едәуір созылуына әкеледі. Сондықтан, жеке пәндер тереңдетіліп оқытылатын жалпы білім беру ұжымдарында 5 күндік аптаға рұқсат етілмейді. Сондай–ақ, оны бастауыш мектепте де қолдану орынды емес.
Мектептерде оқу сабақтары таңертеңгі сағат 8–ден ерте, ал 6 жастан барған оқушыларда 9-дан ерте басталмауы керек. Сабақтың одан ерте басталуы ағзаның биоырғағына сәйкес келмей, оқу үрдісінің тиімділігіне кедергі келтіреді және тез қажу дамуына әкеледі. Бірнеше ауысыммен жұмыс істейтін, жалпы білім беру мекемелерінде бастауыш мектеп сыныптары, бесінші, бітіруші және орта және жоғарғы сыныптардағы оқушылар үшін– 45 минут. Бірінші сыныптағы оқушылар үшін сабақтың мұндай ұзақтығы, отырған кездегі шамада артық статикалық жүктеме нәтижесінде, қажытады. Сондай–ақ белсенді көңіл бөлу қабілеті тек 30–35 минут ғана сақталады, содан кейін жұмысқа қабілеттілігі күрт төмендейді.
Соған байланысты бірінші сыныпта, оқу жүктемесі біртіндеп көбейтілетін, оқу сабақтарының сатылы режимі қолданылуы керек. Қыркүйекте, күніне ұзақтығы 35 минуттан үш сабақ, екінші тоқсаннан бастап – әр қайсысы 35 минуттан 4 сабақ; екінші жарты жылдықтан бастап сабақтар 45 минуттан болады. Еңбекке баулу сабақтарынан басқа, жұпталған сабақтарға рұқсат етілмейді. Бірінші сынып оқушыларына жыл ішінде қосымша апталық демалыс күндері беріледі.
5 күндік те, 6 күндік те оқу апталарында сабақтардың саны күніне бастауыш мектепте – 5, ал негізгі мектепте – 6 сабақтан аспауы керек. Мектепте күн тәртібін құрастыруда, оқу күні мен аптасы бойындағы оқушылардың жұмысқа қабілеттілігінің динамикасы ескерілуі қажет. Жұмыс қабілеттілігі төмен күндер дүйсенбі мен жұма болып табылады: дүйсенбіде оқуды игеруді бастау ғана, ал жұмада аптаның өткен күндерінде пайда болған қажу айқын біліне бастайды. Сенбіде, әдетте, алдағы демалысқа дәмелену сезімімен, жұмысқа қабілеттіліктің аздап жоғарылауы («соңғы қарқын») байқалады. Жұмысқа ең қабілетті күндер - сейсенбі мен сәрсенбі, ал бейсенбіде қажудың алғашқы белгілері пайда болады. Жоғары нәтижелі күндерге, басқа күндерге қарағанда, қиын және қажытатын пәндер қойылуы тиіс, ал дүйсенбі мен жұмада олардан оңай пәндер оқытылуы қажет. Бұл күндері бақылау жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар, өте күрделі және кең ауқымды сабақ тапсырмасын беруге болмайды. Пәндер қиындығы баллмен берілетін, арнайы шкалалар (В.И.Агарков,1986 және И.Г. Сивков, 1975, 9.9-, 9.10- кестелер) бойынша анықталады.
9.9.- кесте
Бастауыш сынып оқушыларына арналған пәндер қиындығының шкаласы. (Агарков В.И.,1986)
| | 9.10.- кесте
Жоғары сынып оқушыларына арналған пәндер қиындығының шкаласы (Сивков И.Г., 1975)
| Пәндер
| Балл
|
| Пәндер
| Балл
| Математика
|
|
| Математика, орыс тілі (ұлттық мектеп)
|
| Орыс тілі (ұлттық тілдер)
|
|
| Шет тілі
|
| Табиғаттану
|
|
| Физика, химия
|
| Орыс әдебиеті (ұлттық әдебиеті)
|
|
| Тарих
|
| Тарих
|
|
| Жаратылыстану, география
|
| Сурет пен ән
|
|
| Дене шынықтыру тәрбиесі
|
| Еңбек
|
|
| Еңбек
|
| Дене шынықтыру тәрбиесі
|
|
| Сызу
|
|
|
|
| Сурет
|
|
|
|
| Ән-күй
|
|
Әдетте, қиын пәндерге жоғары сыныптар үшін – математика, тілдер, физика, химия, кіші сыныптар үшін – математика, тілдер, табиғаттану, әдебиет жатады. Бірақ та, бұл пәндерге қарағанда, оқушыларға жаңа меңгере бастаған пәндердің де қажытатын әсерінің айқындылығы аз емес екені көрсетілген. Мысалы, бастауыш мектепте бұл - әдебиет, тарих, табиғаттану, ортанғы сыныптарда – информатика, география, тарих, жоғары сыныптарда - әдебиет, география, салалық пәндер.
Егер аптаның әр күніндегі пәндер бойынша балл жиынтығының қисығын сызса (график), онда дұрыс құрастырылған сабақ кестесінде, қисық сызықта екі өсу нүктесі байқалады – сәрсенбі мен жұмада немесе бір өсу нүктесі - сәрсенбіде немесе бейсенбіде (9.2.- сурет).
Оқу жүктемесі апта күндері бойынша біркелкі бөлінсе немесе дүйсенбі мен сенбі күндерінде, басқа күндерге қарағанда, жоғары болса, бұндай сабақ кестесі ұтымсыз деп саналады. Қажуды аптаның ішінде ғана емес, аптаның әрбір күнінде оқу жүктемелерін және қиын пәндерді тиімді бөлу арқылы да алдын алу керек. Ең қиын пәндерді тұрақты жұмыс қабілеттілігінің жоғарғы кезеңінде – екінші немесе үшінші сабақтарда, ал орташа қиындықтағы немесе екінші дабылдар жүйесі күшімен оқытылатын пәндерді (орыс тілі, әдебиет, география және т.б.) – оқу күнінің басында береді.
9.2 сурет. Пәндердің апталық қиындығының ең жақсы динамикасы.
Дене шынықтыру тәрбиесі, еңбек, ән-күй, сурет сабақтарын, қажудың алғашқы белгілері пайда болған кезде, 3-4- сағаттарға қою ұсынылады. Қимыл белсенділігі қажеттілігін жүзеге асыру және ой еңбегінен дене еңбегіне өту, осы сабақтарда оқушылардың белсенді демалуына мүмкіндік береді.
Қосарланған сабақтар және екі немесе үш қиын пәндердің қатарынан койылуы оқушылардың жұмысқа қабілеттілігіне теріс әсерін тигізеді.
Қосарланған сабақты бастауыш мектептерде жүргізуге рұқсат етілмейді. 5–9 сыныптар оқушыларына зертханалық, бақылау жұмыстарын, еңбек және нысаналы мақсаттағы дене шынықтыру тәрбиесі (шаңғы, жүзу) сабақтарын жүргізу кезінде, қосарланған сабақтар рұқсат етіледі.Негізгі және салалық пәндер бойынша қосарланған сабақтарды 5–9 сынып оқушыларына дене шынықтыру тәрбиесі сабағынан кейін немесе ұзақтығы 30 минуттан кем емес, динамикалық үзілістен кейін ғана жүргізуге рұқсат етіледі. Ал 10–11 сыныптарда қосарланған сабақтарды негізгі және салалық пәндер бойынша жүргізуге болады.
Сабақ, оқу аптасы мен оқу күні сияқты, жұмысқа қабілеттілік қисығына сәйкес құрылуы қажет: максималды жүктемені сабақтың ортасына береді, сабақтың соңына қарай төмендетеді.
Оқу үрдісінде жұмысқа қабілеттілігі мен пәнге қызығушылығын арттыру, жаңа ақпаратты жақсы меңгеру және сабақтың бірсарындылығын төмендету мақсатында техникалық оқу құралдарын (ТОҚ): видео–, кинофильмдер, дыбысты жазбалар, компьютерлік технологияларды белсенді түрде қолданады. Бірақ, сабақта ТОҚ көп қолданбау керек, себебі олар орталық жүйке жүйесіне, көру және есту анализаторларына түсетін жүктемені арттырады. Сондықтан, апта бойында, ТОҚ қолданумен жүретін сабақтар саны кіші сыныптар оқушыларында – 3–4, жоғары сыныптарда – 4–6 сабақтан аспауы қажет. Оқу сабақтарында дыбысты техникалық заттарды көрнекті дыбыс құралы ретінде ғана қолдануға болады.
Компьютерлік технологияларды сабақ оқытуда 2-ші сыныптан бастап қолдануға рұқсат етіледі. Компьютерде жұмыс істеу ұзақтығы жазу сабақтарында екінші сыныпта – 20 минуттан, үшінші сыныпта – 26 минуттан, математика сабақтарында екінші сыныпта – 15 минуттан, үшінші сыныпта – 20 минуттан аспауы керек.
Оқу күні құрылымындағы, зорлануды жоятын және белсенді демалу арқылы қажудың алдын алатын, міндетті құрамдас бөлігі - үзілістер. Үзілістер әрбір сабақтан кейін болуы керек. Олардың ұзақтығы 10 минуттан кем болмауы керек, ал екінші сабақтан кейін әдетте болатын үлкен үзілістің ұзақтығы 30 минут болуы тиіс. Бір 30 минуттық үзілістің орнына екі 20 минуттық үлкен үзіліс жасауға да болады. Таза ауада, қимылды ойындармен жүргізілетін үзілістер оқушының ағзасына ең тиімді әсер етеді.
Мектепке дейінгі балалардың күн тәртібіне қарағанда, оқушылардың күн тәртібінде жаңа құрамдас бөлік – үй тапсырмасы пайда болады, олардың ұзақтығы кіші сыныптарда 1–2 сағат болып, жоғары сыныптарда 4 және одан да көп сағаттарға дейін жетеді. Өздігінен орындауға берілетін тапсырманың үлкен көлемі мен күрделілігі, жұмысты ұтымды ұйымдастыра алмау, тақырыпты түсінудегі қиыншылықтар, үй тапсырмасын орындауға жұмсалатын уақыт шығынының едәуір көбеюіне әкеледі.
Бұл жағдай балалардың таза ауада болу уақытының шұғыл қысқаруына және соның нәтижесінде белсенді қимыл әрекетінің және ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне себеп болады. Үй тапсырмаларының шамадан артық жүктемелерінен болатын теріс құбылыстарды болдырмау үшін, олардың рұқсат етілген ұзақтығын сақтау (9.7 кесте) және тапсырма орындаудың белгілі бір стереотипін қалыптастыру қажет. Сабаққа дайындалуға мектептен келгеннен және тамақ қабылдағаннан кейін бірден кірісуге болмайды. Сабақ оқуға дейін, 1,5–2 сағат алдымен қимылды ойындарға, содан кейін, демалыстың соңына қарай таза ауада тыныш серуендеуге жұмсау керек. Сабаққа дайындалуды үнемі бір уақытта бастау және әрбір 40–45 минуттан кейін қысқа үзілістер жасау керек. Егер тапсырма орындауы 2–3 және одан көп сағаттарға созылса, таза ауада ұзағырақ үзіліс жасаған дұрыс болып табылады.
Таза ауада болу – күшті сауықтыру, дамыту және шынықтыру әсері бар, оқушылардың күн тәртібінің қажетті құрамдас бөліктерінің бірі. Оның ұзақтығы кіші сыныптағы оқушыларда 3–3,5 сағаттан, жоғары сыныптағы оқушыларда 2–2,5 сағаттан кем болмауы керек.
Сабақтан бос уақытта, өз қалауы бойынша демалу ағзаға қолайлы әсер етеді. Сабақтан тыс іс–әрекеті әр-алуан: үйірмелерге қатынасу, музыкамен айналысу, жабыстыру ісімен, хореографиямен, спортпен шұғылдану, кітап оқу, теледидар көру, компьютерде ойнау, концерттерге бару, қоғамдық пайдалы жұмыс, үйге көмек беру және т.б түрінде болады. Мәжбүрлеу элементі жоқ, демалудың бұл түрінде, жағымды сезімдер қалыптасады, орындалған жұмысына қанағаттану сезімі пайда болады, өзіне деген сенімділік, балалардың икемділігі дамиды және т.б. Бірақ, өз қалауы бойынша шұғылдану уақыты және жүктеме дәрежесі бойынша шектеусіз бола алмайды. Рұқсат етілген деңгейлерден артық болуы, әдетте айқын қажу белгілерінің дамуына және жиі көніл аударуды қажет ететін патологияға әкеп соғады. Әсіресе бұл теледидардың алдында көп сағат отыруына және компьютерге құмарту белгілері пайда болған компьютермен жаһандық әуестенуіне байланысты.
Өз қалауы бойынша айналысатын жұмыстар белсенді демалуы мен ұйқы уақытын қысқарту есебінен жүргізілмеу тиіс. Түнгі ұйқының ұзақтығы кіші сыныптардағы оқушыларда – 10 сағаттан, орта сыныптардағы оқушыларда – 9 сағаттан, ал жоғары сыныптардағы оқушыларда – 8–8,5 сағаттан кем болмауы керек. Сонымен бірге, 6 жасар оқушыларда 1 сағаттық күндізгі ұйқы міндетті түрде болуы керек. Күндізгі ұйқы 7 жасар балаларға да және оқу жүктемелері көбейген кезеңдерде әр түрлі жастағы балаларға да ұсынылады.
7. Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру тәрбиесі.
7.1. Дене шынықтыру тәрбиесінің гигиеналық негізі ретіндегі қимыл белсенділігі. Дене шынықтыру тәрбиесінің қағидалары.
Дене шынықтыру тәрбиесі – бұл, балаларда қимыл белсенділігінің қажеттілігі қанағаттандырылуын қамтамасыз ететін және оның дамуына, дене шынықтырудың, спорттың, ойындардың, табиғи факторлардың әр түрлі әдістері мен түрлерінің әсері арқылы мүмкіндік беретін, үрдіс. Дене шынықтыру тәрбиесінің мақсаты балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайту және олардың оңтайлы дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қимыл белсенділігі деп белгілі бір уақыт – сағат, тәулік аралығындағы адамның қимылдарының жиынтық мөлшерін айтады. Қимыл белсенділігі балалар дамуының маңызды факторларының бірі болып табылады. Ол тек қимыл анализаторының және оған тиісті қимыл үйлесімділігі, күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік сияқты қасиеттердің дамуына ғана емес, сонымен қатар, басқа мүшелер мен жүйелердің дамуына және іс–әрекетін белсенді етуге, сондай–ақ ағзаның қарсы тұру қабілетін жоғарылатуға да бағытталған.
Мысалы, дене еңбегі жүктемелері қанның оттегімен қанығуын және зат алмасу үрдістерінің қарқындылығын арттырады, жүрек–қан тамырлар, тыныс алу, эндокриндік және басқа да жүйелердің қызметін ынталандырады және жаттықтырады. Соның арқасында ағзаның өсу мен даму үрдістері оңтайланады, оң сезімдер пайда болуын және психикалық саулыққа қолайлы әсер қамтамасыз етіліп, ми қыртысының тонусы жоғарылайды, жеке мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайы қалыпты күйіне келеді, дене дамуындағы туа және жүре пайда болған көптеген бұзылыстары түзеледі. Қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз факторларының: температура факторының, инфекция агенттерінің, улы әсер ететін және т.б. факторлардың әсеріне ағзаның спецификалық емес резистенттілігін жоғарылатуда дене шынықтыру тәрбиесінің маңызы айырықша, бұл жылу реттеушілік механизмдердің жетілуімен де, спецификалық емес қорғаныштық факторлардың ынталандырылуымен де түсіндіріледі.
Қазіргі кезеңде дене шынықтыру тәрбиесі бұрынғыдан да маңызды, себебі балаға табиғи биологиялық қимылдың қажеттілігі (кинезофилия), мектептегі және үйдегі оқу жүктемесінің жоғары болуы, әлеуметтік ортада немесе тұрмыста дене қимылын істен шығаратын немесе оның көлемін шектейтін, қолайлы жағдай жасаудың салдарынан, толық мөлшерде қанағаттандырылмайды. Қимыл тапшылығының (гипокинезия) дамуында, маңыздылығы барған сайын өсіп келе жатқан, маңызды факторлардың бірі, компьютерлермен және теледидар көрумен әуестену болып табылады. Сонымен қатар, белсенді дене қимылы қолайсыз климаттық жағдайлармен, балалар денсаулығының нашар болуымен және т.б. де шектелуі мүмкін. Қазіргі қимыл режимінде мектепке дейінгі жастағы балаларда қимыл қажеттілігінің 50–60 %, ал мектеп оқушыларында небәрі 15–20 % ғана қамтамасыз етілетіні анықталды.
Гипокинезия балалардың денсаулық жағдайына қолайсыз әсер етеді. Ол ағзаның резистенттілігінің төмендеуіне, дене дамуының баяулауына, май басуына, бұлшық ет пен тірек–қимыл аппаратының, қимыл дағдыларының дамуы артта қалуына, жүрек–қан тамырлар, орталық және вегетативтік жүйке жүйесі жағынан функционалдық бұзылыстарға және едуір дене жұмысы жүктемелеріне төтек беру қабілетсіздігіне әкеп соғады. Гипокинезияның алдын алу дене шынықтыру тәрбиесінің барлық түрлері арқылы күн тәртібіндегі динамикалық дене жүктемелерін арттырудан тұрады.
Бірақ шексіз жоғары қимыл белсенділігі әрқашанда да дұрыс бола бермейді. Спортпен ерте және қысқа уақыт ішінде үлкен жүктемемен шұғылдануы салдарынан балаларда шамадан артық қимыл белсенділігі (гиперкинезия) пайда болуы мүмкін.Ол, жоғары қимыл белсенділігінің ағзаға үнемі күш түсіретін әсерінен және эмоционалдық зорланудан, бейімделу үрдістерінің гормондармен реттелу механизмдерінің бұзылыстарына, миокардиодистрофия дамуына, артериялық қан қысымның жоғарлауына, ағзаның резистенттілігінің төмендеуіне, жалпы аурушаңдықтың өсуіне әкеледі..
Сондықтан қимыл белсенділігінің деңгейін нормалау керек. Қимыл белсенділігінің нормалары сағатпен есептелген динамикалық құрамдас бөлігінің жалпы ұзақтығымен беріледі. Олар, сондай–ақ, тәулік ішіндегі локомоциялар (қадам) санымен де берілуі мүмкін. Қимыл белсенділігінің төменгі, минималды да және жоғарғы, максималды да рұқсат етілген деңгейілері нормаланады. Олар әр жастағы балалар үшін әр түрлі болады. Бала неғұрлым кіші болса, соғұрлым оның қимыл белсенділігінің ұзақтығы көп болуы керек. 3–4 жасар балаларда ол – 5,5–6 сағат, 5–6 жаста –5–5,5 сағат, 7–10 жаста – 4–5 сағат, 11–14 жаста–3,5–4,5 сағат, 15–17 жаста–3–4 сағат болуы керек. Үлкен жастағы балаларда қимыл бөлігінің ұзақтық нормасының төмендеуі жүктеменің шектелуіне емес, локомоциялар санының және оның қарқындылығының артуына байланысты. Мысалы, 10 жасар ұлдарда локомоциялар саны тәулігіне 17–21 мың қадам болса, 17 жасар бозбалаларда – 25–29 мыңға жетеді. Жасөспірімдер мен бозбалаларда локомоциялардың жиынтық саны кәсіпке баулу үрдістерінде, спортпен шұғылдану, еңбек қызметінде жасалған қимылдармен толықтырылады.
Дата добавления: 2014-12-11 | Просмотры: 1340 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 |
|