Диагностикасы
1. Полиурия (күніне 3 литрден кем емес).
2. Қалыпты гликемия (қант диабетін жоққа шығару)
3. Несептің салыстырмалы тығыздығының төмен болуы (1005 артық болғанда диагнозды жоққа шығаруға болады).
4. Несептің гипоосмолярлығы (<300 мОсм/кг)
5. Бүйрек патологиясының, гиперкальциемияның және гипокалиемияның болмауы.
6. Құрғақ тамақ сынағы: 8–12 сағат бойы сұйықтық қабылдамау; қантсыз диабетте- дене салмағы 5% көп төмендеуі, несептің салыстырмалы тығыздығы мен осмолярлығы жоғарыламайды (<300 мОсм/кг).
7. Гипофиз МРТ (гипофиз немесе гипоталамус ісігін жоққа шығару).
Салыстырмалы диагностикасы
· Психогенді полидипсия невроздық және психикалық бұзылыстар кезінде, бас миының органикалық патологиясында сұйықтықты тым артық қабылдаумен сипатталады. Психогенді полидипсия кезіндегі диурез қантсыз диабетте дамитын диурезбен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Салыстырмалы диагностикасы құрғақ тамақпен сынақты жүргізуге мүмкіндік береді.
· Қантсыз диабеттің бүйректік түрінде вазопрессин дәрісінің әсері болмайды (полиурия мен полидипсияны тоқтату).
· Қантсыз диабет себептерінің салыстырмалы диагностикасы. Ең алдымен гипоталамус-гипофиз аймағының біріншілік және метастаздық ісіктерін жоққа шығару қажет. Сонымен қатар, қантсыз диабеттің егде жаста да даму мүмкіндігін естен шығармаған жөн.
Емі
Вазопрессиннің синтетикалық туындысы — десмопрессин (адиуретин) екі түрде қолданылады: таблетка және мұрынға спрей ретінде. Таблетка түріндегі десмопрессин тәулігіне 3 рет 0,1–0,4 мг мөлшерде тағайындалады. Интраназальды спрей тәулігіне бірнеше рет беріледі. Нефрогенді қантсыз диабетінің ем жоспары жетілдірілмеген. Дегенмен, десмопрессин, тиазидті диуретиктер (парадоксальды антидиуретикалық әсер), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар, литий дәрілерін жоғары мөлшерде тағайындау әрекеттері орындалып жатыр.
Дата добавления: 2015-07-25 | Просмотры: 856 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 | 120 | 121 | 122 | 123 | 124 | 125 | 126 | 127 | 128 | 129 | 130 | 131 | 132 | 133 | 134 | 135 | 136 | 137 | 138 | 139 | 140 | 141 | 142 | 143 | 144 | 145 | 146 | 147 | 148 | 149 | 150 | 151 | 152 | 153 | 154 | 155 | 156 | 157 | 158 | 159 | 160 | 161 | 162 | 163 | 164 | 165 | 166 | 167 | 168 | 169 | 170 | 171 | 172 | 173 | 174 | 175 | 176 | 177 | 178 | 179 | 180 | 181 | 182 | 183 | 184 | 185 | 186 | 187 | 188 | 189 | 190 | 191 |
|