АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Эпидемиологиясы. ДНЕ-нің ҚД екі түрінде де таралу жиілігі шамамен 30%-ды құрайды

Прочитайте:
  1. Нейросифилис. Жіктелуі, этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі.
  2. Серозды менингиттер. Жіктелуі, этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі.
  3. Эпидемиологиясы
  4. Эпидемиологиясы
  5. Эпидемиологиясы
  6. Эпидемиологиясы
  7. Эпидемиологиясы
  8. Эпидемиологиясы
  9. Эпидемиологиясы

ДНЕ-нің ҚД екі түрінде де таралу жиілігі шамамен 30%-ды құрайды. ҚД-1 кезінде сырқат басталғаннан 5 жылдан кейін науқастардың 10% көрініс бере бастайды. ҚД-2 кезінде ДНЕ жаңа жағдайлары жылына науқастардың шамамен 6%-да байқалады. Жиі анықталатын түрі симметриялық сенсомоторлы ДНЕ болып табылады.

 

Клиникалық көрінісі

Сенсомоторлы ДНЕ қозғалыстың және сезімталдықтың бұзылу кешенімен көрінеді. ДНЕ-нің дистальды түрінің жиі симптомы ұюмен және жыбырлаған сезіммен сипатталатын парестезия болып табылады. Науқастар қолмен ұстағанда жылы болуына қарамастан, аяқтың жиі тоңуына шағымданады, бұл белгі полинейропатияны ишемиялық өзгерістерден ажыратуға мүмкіндік береді, себебі екіншісінде қолмен ұстағанда аяқ салқын болады. Сенсорлы нейропатияның ерте көрінісі вибрациялық сезімталдықтың бұзылуы болып табылады. Оған «мазасыз аяқ» синдромы тән, бұл түнде дамитын парестезиямен, сезімталдықтың жоғарылауымен көрінеді. Аяқтағы ауыру сезімі науқасты түнде мазалайды, кейде науқас тіпті жамылғының аяққа тиюін де көтере алмайды. Типті жағдайларда облитерациялық артерия ауруларында ауыру сезімі жүрген кезде басылады. Жылдар өте ауыру сезімі жүйке талшықтарының жойылуына байланысты тоқтауы мүмкін. Гипоэстезия сезімталдықтың «шұлық» және «қолғап» типі бойынша түсіп қалуымен сипатталады. Терең, проприоцептивті сезімталдықтың бұзылуы координацияның бұзылуы мен қозғалыстың қиындауына (сенсорлы атаксия) әкеледі. Науқас «өзге аяқ» белгісіне, «мақта үстінде тұру» сезіміне шағымданады. Трофикалық иннервацияның бұзылуы терінің, сүйектің және сіңірдің дегенеративті өзгерістеріне әкеледі. Ауыру сезімінің бұзылуы жиі науқастың өзі байқамай инфицирленетін табан микрожарақаттарына әкеледі. Координация мен жүрістің бұзылуы табан буындарына физилогиялық емес жүктеменің түсуіне әкеледі. Нәтижесінде аяқтың тірек-қимыл аппаратында анатомиялық арақатынас бұзылады. Тобық байланымдары деформацияланады, ісінеді, фрактуралар, созылмалы іріңді үрдістер дамиды (7.8.5 бөлімді қараңыз).

Автономды ДНЕ-нің бірнеше формаларын ажыратуға болады. Кардиоваскулярлы түрінің себебі— ірі қантамырлар мен жүрек-өкпе кешені иннервациясының бұзылысы. Кезбе жүйкесі анағұрлым ұзын болады, сондықтан ол басқалармен салыстырғанда ерте зақымданады. Симпатикалық әсерлердің басым болуы нәтижесінде тыныштық кезде тахикардия дамиды. Ортостазға адекватты емес реакция ортостатикалық гипотензия мен синкопальды жағдаймен көрінеді. Өкпе-жүрек кешенінің вегетативті денервациясы жүрек ырғағы вариабельділігінің болмауына әкеледі. Автономды нейропатиямен ҚД-мен сырқаттанған науқастардың арасында ауырсынусыз өтетін миокард инфаркті кең таралады.

ДНЕ-нің гастроинтестинальды түрінің симптомдары асқазанның тез немесе баяу босауымен сипатталатын гастропарез болып табылады, бұл инсулиндік терапияны таңдауда аса қиындықтар тудырады, себебі көмірсулардың сіңірілу уақыты мен көлемі ауытқып отырады; өңеш атониясы, рефлюкс-эзофагит, дисфагия; сулы диарея. ДНЕ-нің урогенитальды түрінде несепағар мен қуық атониясы дамып, несеп инфекцияларының дамуына, эректильды дисфункция (шамамен науқастардың 50%); ретроградты эякуляцияға әкеледі.

ДНЕ-нің басқа вегетативті көріністері — гипогликемияны анықтау қабілетінің бұзылуы, көз қарашығы қызметінің бұзылуы, тер бездері қызметінің нашарлауы (ангидроз), диабеттік амиотрофия.

 


Дата добавления: 2015-07-25 | Просмотры: 628 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 | 120 | 121 | 122 | 123 | 124 | 125 | 126 | 127 | 128 | 129 | 130 | 131 | 132 | 133 | 134 | 135 | 136 | 137 | 138 | 139 | 140 | 141 | 142 | 143 | 144 | 145 | 146 | 147 | 148 | 149 | 150 | 151 | 152 | 153 | 154 | 155 | 156 | 157 | 158 | 159 | 160 | 161 | 162 | 163 | 164 | 165 | 166 | 167 | 168 | 169 | 170 | 171 | 172 | 173 | 174 | 175 | 176 | 177 | 178 | 179 | 180 | 181 | 182 | 183 | 184 | 185 | 186 | 187 | 188 | 189 | 190 | 191 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)