АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Патогенезі. ДР патогенезінің басты тармақтарына жатады:
ДР патогенезінің басты тармақтарына жатады:
• гипоперфузияның дамуына әкелетін қантамыр саңылауын тарылтатын торлы қабық қантамырларының микроангиопатиясы;
• микроаневризманың түзілуімен сипатталатын қантамырлардың дегенерациясы;
• қантамырлар пролиферациясын үстемелейтін және майлы дистрофия мен торлы қабықта кальций тұздарының жөгуіне септігін тигізетін үдемелі гипоксия;
7.17 кесте. Диабеттік ретинопатия
Этиологиясы мен патогенезі
| Созылмалы гипергликемия, торлы қабық қантамырларының микроангиопатиясы, торлы қабықтың ишемиясы мен неоваскуляризациясы, артериовенозды шунттардың түзілуі, витреоретинальді тракциялар, торлы қабықтың сыдырылуы және ишемиялық дегенерациясы
| Эпидемиологиясы
| Еңбекке жарамды халық арасында соқырлыққа әкелетін басты себеп. ҚД-1 түрінде 5 жылдан кейін — науқастардың 8%-да, 30 жылдан кейін — 98%-да анықталады. ҚД-2 диагностикалау барысынла науқастардың 20–40%-да, ал 15 жылдан кейін — 85%-да көрініс береді. ҚД-1 кезінде салыстырмалы түрде жиі пролиферативті ретинопатия, ал ҚД-2 — макулопатия (75 % макулопатия жағдайларында) анықталады
| Басты клиникалық көрінісі
| Пролиферативті емес, препролиферативті, пролиферативті ретинопатия
| Диагностикасы
| Офтальмологиялық тексеру ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың барлығына дерлік сырқаттың манифестациясынан 3–5 жылдан кейін, ал ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарға анықталғаннан бастап тағайындалады. Мұндай зерттеуді жыл сайын қайталап отыру қажет
| Салыстырмалы диагностикасы
| ҚД-мен сырқаттанған науқастарда дамитын басқа да көз аурулары
| Емі
| ҚД компенсациясы, лазерлі фотокоагуляция
| Болжамы
| ҚД-мен сырқаттанған науқастардың 2%-да соқырлық дамиды. ДР байланысты соқырлықтың жаңа жағдайлар жиілігі жылына 100000 халыққа 3,3 жағдайды құрайды. ҚД-1 кезінде HbA1c дейгейінің 7,0% түсуі ДР даму қаупін 75%-ға және оның үдемелі даму қаупін 60%-ға төмендетеді. ҚД-2 кезінде НbA1c деңгейінің 1%-ға төмендеуі ДР даму қаупін 20%-ға азайтады
|
• жұмсақ «мақталы дақтардың» дамуына әкелетін экссудациямен микроинфаркттар;
• тығыз экссудаттардың түзілуімен липидтердің жиналуы;
• торлы қабық гипоперфузиясының өршуіне және көктамырлардың дилатациясына әкелетін, шунттар мен аневризманы дамытатын қантамырлар пролиферациясының торлы қабықта артуы;
• инфильтраттар мен тыртықтардың дамуына әкелетін, ишемизацияны әрі қарай үдететін ұрлау феномені;
• ишемиялық дезинтеграция нәтиежесінде торлы қабықтың сыдырылуы және витреоретинальді тракциялардың түзілуі;
• геморрагиялық инфаркт, массивті қантамырлық инвазия және аневризманың жыртылуы нәтижесінде шыны тәрізді денеге қан құйылу;
• екіншілік глаукоманың дамуына әкелетін нұрлы қабық қантамырларының пролиферациясы (диабеттік рубеоз);
• торлы қабықтың ісінуімен макулопатия.
Дата добавления: 2015-07-25 | Просмотры: 662 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 | 120 | 121 | 122 | 123 | 124 | 125 | 126 | 127 | 128 | 129 | 130 | 131 | 132 | 133 | 134 | 135 | 136 | 137 | 138 | 139 | 140 | 141 | 142 | 143 | 144 | 145 | 146 | 147 | 148 | 149 | 150 | 151 | 152 | 153 | 154 | 155 | 156 | 157 | 158 | 159 | 160 | 161 | 162 | 163 | 164 | 165 | 166 | 167 | 168 | 169 | 170 | 171 | 172 | 173 | 174 | 175 | 176 | 177 | 178 | 179 | 180 | 181 | 182 | 183 | 184 | 185 | 186 | 187 | 188 | 189 | 190 | 191 |
|