АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

ЕРКЕКТІК ГИПОГОНАДИЗМ

Прочитайте:
  1. Вторичный гиперпролактинемический гипогонадизм
  2. ГИПОГОНАДИЗМ
  3. Гипогонадизм
  4. Крипторхизм. Гипогонадизм
  5. Первичный врожденный гипогонадизм

Ер адамдардағы гипогонадизм — ағзадағы андрогендер мөлшерінің азаюынан немесе оларға деген сезімталдықтың төмендеуінен туындаған, нәтижесінде жыныс мүшелерінің жетілмеуіне, екіншілік жыныс белгілерінің дамымауы мен бедеулікке әкелетін патологиялық жағдай. Біріншілік гипогонадизм жыныс бездері қызметінің бұзылуынан, ал екіншілік гипогонадизм гонадотропиндер синтезінің төмендеуінен дамиды. Біріншілік гипогонадизм гонадотропты гормондардың гиперсекрециясымен сипатталады, сондықтан кейде гипергонадотропты гипогонадизм деп аталады. Екіншілік гипогонадизм кезінде гонадотропты гормондардың секрециясы төмендейді, сондықтан кейбір әдебиеттерде гипогонадотропты гипогонадизм деп те аталады (6.3 кесте). Сирек жағдайда гонадотропиндердің деңгейі қалыпты болса да, тестостерон өндірілуінің төмендеуімен сипатталатын нормогонадотропты гипогонадизм көрініс береді. Сонымен қатар, гипогонадизм туа біткен немесе жүре пайда болған деп ажыратылады.

 

Этиологиясы және патогенезі

Біріншілік те (6.4 кесте), екіншілік те (6.5 кесте) гипогонадизм түрлі себептер әсерінен дамиды, яғни генетикалық синдромдардан басталып, сыртқы орта түркілерімен аяқталады және осы себептер тестостерон немесе гонадотропиндер өндірілуінің бұзылыстарына әкеледі.

 

6.3 кесте. Еркектік гипогонадизм

 

Этиологиясы Біріншілік гипогонадизм: Клайнфелтер синдромы, крипторхизм, орхит, ісіктер химиотерапиясы, ауыр жүйелік аурулар және т.б. Екіншілік гипогонадизм: Калман синдромы, «фертильді евнухтар», гипофизарлы жеткіліксіздік (гипофиз ісіктері) және т.б.  
Патогенезі Тестостерон тапшылығы андроген тәуелді мүшелер мен тіндер қызметінің бұзылыстарымен (атрофия) және жетілмеуімен ұштасады
Эпидемиологиясы Клайнфелтер синдромының таралу жиілігі тірі туылған ер балаларға 1:500 қатынасындай. Жүре пайда болған гипогонадизмнің таралуы ересек ер адамдар арасында 20% жетеді  
Басты клиникалық көріністері Пубертаттың басталуына дейін дамыса: евнухоидты бойшаңдық, дауыс мутациясының болмауы, сақал мен мұрттың өспеуі, инфантильді сыртқы жыныс мүшесі (<5см), жұмсақ аталық бездер (<5мл), пигментацияланбаған қатпарсыз ұма, аспермия. Пубертаттан кейін немесе ересек ер адамдарда дамыса: сақал мен мұрт өсуінің баяулауы, либидоның төмендеуі, эректильді дисфункция, бедеулік, остеопороз, анемия, жұмсақ аталық бездер (< 15 мл), әйел типі бойынша семіздік
Диагностикасы Тестостерон ↓; ЛГ және ФСГ біріншілік гипогонадизмде жоғарылайды, ал екіншілік гипогонадизмде төмендейді
Салыстырмалы диагностикасы Гипогонадизмнің дамуына әкелетін түрлі сырқаттар арасындағы айырмашылыққа негізделеді
Емі Қарсы көрсеткіштерді ескере отырып тестостеронмен орынбасушы терапия
Болжамы Гипогонадизмнің дамуына әкелген сырқаттың ағымына тәуелді

 

Жасқа байланысты тестостерон өндірілуінің төмендеу мәселесі немесе LOH синдромы, (англ. Late Onset Hypogonadism) бұрын ADAM синдромы (англ. Androgen Deficiency in the Aging Male) бөлек қарастырылады.

 

6.4 кесте. Ер адамдарда біріншілік гипогонадизмнің даму себептері

Сырқат (синдром) Сипаттамасы
Клайнфелтер синдромы   Кариотип 47 ХХY немес мозаицизм 46ХУ/47ХХУ. Евнухоидизм, гинекомастия (көкірек безінің қатерлі ісігінің даму қаупі 20 есе артады), аталық без өлшемінің кішіреюі, азооспермия, интеллектің бұзылуы 40 %
Ер адамдардағы ХХ синдром   Клиникалық көрінісі Клайнфелтер синдромына ұқсас; таралу жиілігі 1:10000 жаңа туған балаларға; себептері — Х-У транслокациясы, яғни тек Х хромосомасында У бөлігінің болуы  
Крипторхизм   Постпубертатты крипторхизмнің таралу жиілігі— 0,5 % (жаңа туылған нәрестелердің 10 %-да аталық бездері ұмаға түспеген); екі жақты крипторхизм 15 % жағдайда дамиды; ер адамдардың 75%-да екі жақты крипторхизм кезінде бедеулік көрініс береді; интраабдоминальды крипторхизмде аталық бездің қатерлі ісігінің даму қаупі 10%-ға жоғарылайды; емі — орхидопексия (ең дұрысы өмірінің 18 айына дейін, 5 жасқа дейін-міндетті)  
Орхит   Паротитпен сырқаттанған ер адамдардың 25%-да дамиды, олардың 25–50 %-да біріншілік гипогонадизм көрініс береді. Аутоиммунды орхит басқа аутоиммунды сырқаттармен бірге ұштасып дамуы мүмкін
Химиорадиотерапия   Аталық бездерге цитотоксикалық алкилирлеуші агенттер уытты әсер етеді; гипогонадизм қатерлі ісіктің дамуына байланысты химиотерапиямен ем қабылдаған ер адамдардың 50 %-да көрініс береді. Химиотерапия тағайындау алдында сперманы криоконсервілеген жөн
Дәрілік заттар   Сульфасалазин, колхицин, созылмалы алкоголизм  
Ауыр жүйелік аурулар Бауыр циррозы, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, созылмалы анемия, целиакия, Крон ауруы, ЖҚТБ, ревматоидты артрит, СОӨА, кистозды фиброз, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

 

Кесте 6.5. Ер адамдарда екіншілік гипогонадизмнің даму себептері

Сырқат (синдром) Сипаттамасы
Калман синдромы ЛГ, ФСГ, тестостерон тапшылығы, 75% жағдайда аносмия. Себебі – гипоталамусқа ГРГ-өндіруші нейрондардың миграциясының бұзылысы нәтижесінде дамитын гонадотропин-рилизинг гормонының (ГРГ) тапшылығы. Жиі Хр22.3. хромосомасында KAL генінің мутациясы анықталады. Таралу жиілігі ер балалар арасында 1:10000 қатынасындай (ерлер: әйелдер— 4:1).ГРГ ағзаға енгізу көрінісінде гонадотропин және тестостерон деңгейі қайта қалыптасады
«Фертильді евнух» (Паскуалини) синдромы   ГРГ-нің жартылай тапшылығы, бұл сперматогенездің болуына жеткілікті, бірақ қалыпты вирилизацияға жеткіліксіз болып табылады. Евнухоидты фенотип тән, кей жағдайда бедеулік дамиды
Прадер-Вилли синдромы   Айқын семіздік, психикалық ретардация. Әкесінен тұқым қуаланған 15q хромосомасының делециясымен сипатталады
Дәрілік заттарды созылмалы түрде ұзақ қабылдау Гиперпролактинемияға әкелетін глюкокортикоидтар, анаболикалық стероидтар, кокаин және наркотикалық дәрілерді қабылдау (нейролептиктер, метоклопрамид, антидепрессантты дәрілік заттар қатары, зидовудин және т.б.)
Ауыр жүйелік аурулар Миокард инфаркті, сепсис, ауыр бас ми жарақаты, ауыр стресс, анаболикалық стероидтар
Гипофизарлы жеткіліксіздік Гипоталамус-гипофизарлы аймақта дамитын деструктивті үрдістерде (2.6 бөлімді қараңыз) ең бірінші гонадотропты функция бұзылады. Жас балаларда– краниофарингиома, ересек адамдарда — пролактинома  

 


Дата добавления: 2015-07-25 | Просмотры: 1387 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 | 120 | 121 | 122 | 123 | 124 | 125 | 126 | 127 | 128 | 129 | 130 | 131 | 132 | 133 | 134 | 135 | 136 | 137 | 138 | 139 | 140 | 141 | 142 | 143 | 144 | 145 | 146 | 147 | 148 | 149 | 150 | 151 | 152 | 153 | 154 | 155 | 156 | 157 | 158 | 159 | 160 | 161 | 162 | 163 | 164 | 165 | 166 | 167 | 168 | 169 | 170 | 171 | 172 | 173 | 174 | 175 | 176 | 177 | 178 | 179 | 180 | 181 | 182 | 183 | 184 | 185 | 186 | 187 | 188 | 189 | 190 | 191 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)