АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Салыстырмалы диагностикасы. ҚД-мен сырқаттанған науқастарда естен танудың дамуына әкелетін басқа да себептер ескерілу керек

Прочитайте:
  1. Диагностикасы
  2. Диагностикасы
  3. Диагностикасы
  4. Диагностикасы
  5. Диагностикасы
  6. Диагностикасы
  7. Диагностикасы
  8. Диагностикасы
  9. Диагностикасы
  10. Диагностикасы

ҚД-мен сырқаттанған науқастарда естен танудың дамуына әкелетін басқа да себептер ескерілу керек. Гиперосмолярлы комамен салыстырмалы диагностика қиындықтар тудырмайды (ҚД-2-мен сырқаттанған егде жастағы науқастарда дамиды). ҚД-мен сырқаттанған науқастарда естен тану себебін жылдам анықтай алмағанда глюкоза енгізеді, себебі гипогликемиялық кома жиі дамиды, ал енгізілген глюкоза көрінісінде жылдам оң динамиканың дамуы естен танудың себебін анықтауға мүмкіндік береді.

 

Емі

ДКА емі регидратация, гипергликемия коррекциясы, электролитті бұзылыстарды реттеуге және диабет декомпенсациясын шақырған ауруларды емдеуге бағытталады. Емді арнайы емдеу мекемесінің реанимация бөлімінде жүргізген оңтайлы. Қосымша ауыр жүрек аурулары жоқ ересек науқастарда госпитализацияға дейінгі сатыда регидратация мақсатында сағатына бір литр жылдамдықпен (шамамен 15–20 мл сағатына бір кг дене массасына) изотониялық ерітіндіні (0,9 % NaCl) енгізу тағайындалады. ДКА кезінде дамитын сұйықтық тапшылығы бірінші тәулікте-ақ бір кг дене массасына 100–200 мл-ден толықтыру қажет. Жас балалар үшін регидратация мақсатында тағайындалатын изотониялық ерітінді көлемі сағатына бір кг дене массасына 10–20 мл болу қажет, бірақ алғашқы 4 сағатта оның көлемі бір кг дене массасына 50 мл-ден аспауы керек. Қатар жүргізілген инсулиндік терапиядан кейін гликемия деңгейі шамамен 14 ммоль/л дейін төмендегенде, кейін регидратация 10% глюкоза ерітіндісімен жалғастырады.

Қазіргі таңда ДКА кезінде «аз мөлшерде» инсулинді тағайындау концепциясы қолданылады. Тек қысқа әсерлі инсулин қолданылады. Инсулинді көктамыр ішілік енгізу оңтайлы болып табылады. Инсулинді бұлшықетке енгізудің әсері әлсіздеу, ол тек орташа ауырлықтағы ДКА кезінде, тұрақты гемодинамика және көк тамырлық терапия жүргізу мүмкін болмағанда тағайындалады. Соңғы жағдайда егу іштің тік бұлшықетіне жасалынады, бұл кезде инсулин шприцінің үстіне бұлшықетке инъекция жасауға арналған ине кигізіледі (бұлшықетке жақсы енуі үшін) және сол инемен инсулин флаконнан шприцке алынады.

Инсулинді көктамырішіне енгізудің бірнеше жолдары бар. Біріншіден, инсулинді инфузиялы «резеңкенің» ішіне енгізуге болады, бұл кезде қажетті инсулин мөлшері инсулин шприціне алынып, одан кейін 1 мл изотоникалық ерітінді қосып алынады. Гликемия деңгейі 14 ммоль/л жеткенге дейін сағат сайын науқасқа қысқа әсерлі 6–10 Бр инсулиннен енгізіп отырады; кейін сағат сайын анықталатын гликемия көрсеткіштеріне қарай инсулин мөлшері сағатына 4–8 Бр дейін төмендетіледі (параллель түрде регидратациялы ерітінді изотониялықтан 10% глюкозаға ауыстырылады). Гликемия деңгейінің төмендеу жылдамдығы сағатына 5ммоль/л-ден аспауы тиіс. Перфузорға ерітіндіні дайындау барысында арақатынас мынадай болуы тиіс: 50 Бр қысқа әсерлі инсулиннен кейін 2 мл 20 % адам альбумині ерітіндісі қосылады, одан кейін 50 мл 0,9% изотоялық ерітінді енгізіледі. Егер инсулин бұлшықет ішіне енгізілетін болса, алдымен қысқа әсерлі 20 Бр инсулин енгізіледі, кейін сағат сайын инсулин мөлшері 6 Бірлікке, ал гликемия деңгейі 14 ммоль/л жеткеннен кейін, сағат сайын инсулин мөлшері 4 Бр төмендетіледі. Гемодинамика толық тұрақтанған соң және қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің компенсациясы орнағаннан кейін науқас инсулиннің тері астына енгізу түріне ауыстырылады.

Жоғарыда көрсетілгендей, ағзада калийдің айқын тапшылығына қарамастан (жалпы жоғалту 3–6 ммоль/кг), ДКА кезінде инсулиндік терапияны бастамастан бұрын оның мөлшері жоғары болады. Соған қарамастан, егер қан сарысуындағы калий мөлшері 5,5 ммоль/л төмен болса, калий хлориді ерітіндісін құюды, инсулинотерапиямен қатар басталуы тиіс. Калий мөлшерінің сәтті коррекциясына тек рН қалыпты көрінісінде ғана қол жеткізуге болады. рН төмен болған жағдайда жасуша ішіне калийдің енуі төмен болады, осыған орай ағзаға құйылатын калий хлориді деңгейін нақты рН көрсеткішіне лайықтау қажет екені сөзсіз (7.13 кесте).

 

7.13 кесте. Калий тапшылығын коррекциялау сызбасы

Қан сарысуындағы калий ммоль/л Калий хлориді ерітіндісін енгізу жылдамдығы, грамм/сағ*.
рН < 7,1 pH > 7,1 рН мониторингі жүргізілмегенде
< 3   1,8  
3-4 1,8 1,2  
4-5 1,2 1,0 1,5
5-6   0,5  
>6 Калий дәрілері енгізілмейді

 

* есептеу үшін төмендегі мәліметтер қолданылады:

г KCl = 13,4 ммоль; 1 ммоль KCl = 0,075 г. 4% KСl ерітіндісі: 100 мл — 4 г KСl, 25 мл — 1 г KСl, 10 мл 0,4 г KСl.

 

Диабеттің декомпенсациясына әкелетін жиі себептердің бірі инфекциялық аурулар (пиелонефрит, диабеттік табан синдромы кезіндегі инфицирленген ойық жара, синуситтер және т.б.). ДКА кезінде субфебрилитет немесе қызба көрініс берген барлық науқастарға көзге көрінетін инфекция ошағының анықталмауына қарамастан антибиотиктермен емдеу тағайындалуы тиіс деген ереже бар, ДКА-нің өзіне дене қызуының жоғарылауы тән емес.

 


Дата добавления: 2015-07-25 | Просмотры: 657 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 | 120 | 121 | 122 | 123 | 124 | 125 | 126 | 127 | 128 | 129 | 130 | 131 | 132 | 133 | 134 | 135 | 136 | 137 | 138 | 139 | 140 | 141 | 142 | 143 | 144 | 145 | 146 | 147 | 148 | 149 | 150 | 151 | 152 | 153 | 154 | 155 | 156 | 157 | 158 | 159 | 160 | 161 | 162 | 163 | 164 | 165 | 166 | 167 | 168 | 169 | 170 | 171 | 172 | 173 | 174 | 175 | 176 | 177 | 178 | 179 | 180 | 181 | 182 | 183 | 184 | 185 | 186 | 187 | 188 | 189 | 190 | 191 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)